Экология ғылымы, оның міндеттері, бөлімдері, зерттеу әдістері


Экология ғылымы, оның міндеттері, бөлімдері, зерттеу әдістері

Білімнің барлық салалары сияқты экология да бірқалыпты емес, бірақ

үздіксіз дамыды. Экология (грекше: olkos - үй, тұрақ, мекен, logos - ғылым)

«мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш

1866 жылы «экология» терминін неміс биологі Э. Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген.

Экология - тірі ағзалардың бір - бірімен қарым - қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Экологияның міндеттері жеке ағзалардың және олардың бірлестіктерінің арасындағы өзара әсерді, оларға тіршілік орта факторларының ықпалын оқытып үйретеді. Ағзаның құрлысы мен тіршілік әрекетіне, оның мінез-қылығына қоршаған ортаның әсерін зерттейді. Белгілі аумақта әр алуан ағзалар бірлестіктері арасылдағы зандылықтарды анықтайды.

Қазіргі кезде экология кең, әрі толық бітпеген іргелі және қолданбалы пәндер комплексіне айналып отыр. Экология ғылымының негізгі мақсаты -барлық тіршілік атаулының табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру. Қазіргі таңда халық шаруашылығының кез-келген салаларын дамыту үшін экологиялық білімнің қажеттілігі арта түсуде. Әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуда, өнеркәсіпті өркендетуте, табиғат байлықтарын пайдалану мен табиғатты көркейту шараларының бәрінде де экология ғылымының көрсетер көмегі орасан зор.

Экология ғылымының қазіргі кездегі құрылымы өте күрделі. 1-сызбанұсқада оның қарапайым құрылымы ұсынылып отыр.

1-сызбанұсқа. Экология ғылымының құрылымы

Экология
Биоэкология
Геоэкология

Адам

экологиясы

Қолданбалы

экология

Биоэкология:

Жалпы экология Микроағзалар экологиясы Өсімдіктер экологиясы Жануарлар экологиясы

Геоэкология:

Құрлық экологиясы

Мұхит экологиясы

Тұшы сулар экологиясы

Адамэкологиясы:

Қала экологиясы

Ауыл экологиясы

Археология т. б.

Қолданбалыэкология:

өндіріс экологиясы

ауыл шаруашылғы экологиясы

медицина экологиясы т. б.

Экологияда зерттелетін тірі ағзалардың дене құрлысының деңгейіне сәйкес мынадай бөлімдерге бөлінеді: аутаэкология, синэкология, демоэкология.

Аутаэкология (ағзалар экологиясы, грекше «autos» - өзім) - жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтардың, жеке даралардың өзара және мекен орындарымен қарым-қатынастарын зерттейді. Аутэкология терминін 1896 жылы К. Шретер енгізген.

Синэкология (грекше - «syn»- бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер мен жануарлар, микроағзалардың қалыптасу жолдарын, қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейді. Жеке ғылыми бағыт ретінде 1910 жылы бөлініп шықты. Синэкология терминін ғылымға енгізген ғалым К. Шретер болды.

Демоэкологш (грекше «demos»- халық ) - популяциялар экологиясы, популяцияның ортамен және популяцияның ішкі үдерістерімен тура және кері байланыстарын зерттейтін экология бөлімі. Популяция дегеніміз бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және белгілі бір территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.

Сондай-ақ экология ғылымының мынадай зерттеу әдістері бар:

1. Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістері.

2. Биологиялық индикация әдісі.

3. Ағзаның сандық көрсеткіштері бойынша есепке алу және өсімдіктер мен жануарлардың биомассасы мен өнімділігін бағалау әдістері.

Экологиялық факторлар туралы түсінік

Тірі ағзалардың таралуы негізінен экологиялық жағдайларға тікелей тәуелді болады. Әрбір орта жағдайы түрлі ағзаларға түрліше әсер етеді. Сонымен қатар, тірі ағзалардың бір-біріне әсері және орта жағдайлары мен ағзаларға адамның іс-әрекетінің эсері де экологиялық жағдайларға жатады. Сондықтан да ағзаларға, популяцияларға, бірлестіктерге, экологиялық жүйелерге және биосфераға ықпалын тигізетін, табиғи ортаның әрбір жеке құрамды бөліктерінің жиынтығын экологиялық факторлар деп атайды. Қоршаған ортаның орасан зор әсер ықпалдар жиынтығы, яғни экологиялық факторлар 3 түрге бөлінеді (6 - сызбанұсқа) .

Абиотикалық факторлар (грекше: а- кері, теріс + bioticos - тірі-тірі емес, өлі) - жаратылыстың бейорганикалық бөлігін құраушы компонештерінің комплекстік жағдайлары немесе өлі табиғат құрамының қоршаған ортаға тигізетін әсер ықпалдар жиынтығы. Мысалы, климаттық жағдайлардың сыртқы ортаға тигізетін әсерлері - жауын-шашын, ауаның ылғалдылығы, ауа қысымы, температура, жел, атмосфераның газдық құрамы -негізінен оттегі, көмірқышқыл газының құрам мөлшері, күннеи түсетін ультракүлгін, инфрақызыл және көзге көрінетін жарық сәулелерінің әсері; топырақ жағдайлары- эдафикалық факторлар, олардың механикалық, физикалық және химиялық құрамдарының әсерлері; гидрологиялық факторлар - судың мөлдірлілігі, тұздылығы, ащылығы, жарықтың су терендігіне байланысты ондағы қысымның өзгеруі т. б. орографиялық факторлар - жер бедерінің орналасуы (қыратты, ойпатты, төбелі, жайдақ жерлер) және тау сілемдерінің географиялық орналасу ерекшеліктері. Абиотикалық факторлар -бұл өлі табиғаттың тірі ағзаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық қасиеттері болып, оларға - физикалық, химиялық және ғ арыштық факторлар жатады.

Өлі табшаттың физикалық факторлары - ғарыштық, климаттық, топырақтық, орографиялық, геологиялық.

Өлі табиғаттың химиялық факторларына - ауаның, судың құрамдас бөліктері, қышқылдық және өнеркәсіптік басқа да қоспалар жатады.

Өлі табиғаттың ғарыштық факторларына - ғарыш тозаңы, метеориттік заттар, астероидтар, галактика кеңістігінің зардаптары мен толқындары, күн белсенділігінің циклдық өзгерістері жатады. Күн белсенділігі - бұл Күннің үстіңгі қабатынан плазманың алынып тасталуы, қысқа толқынды және радиосәулеленудің күшеюі болып табылады. Күн белсенділігінің жердегі тіршілік үрдістеріне әсерін - гелиобиология зерттейді. Бұл ғылымның негізін қалаушы орыс ғалымы А. Л. Чижевский (1897-1964) болып табылады.

6- сызбанұсқа. Экологиялық факторлардың жіктелуі

Биотикалық фактор - тірі ағзалардың өзара тікелей немесе жанама түрінде бір-біріне тигізетін әсер ықпалдары. Оған ағзалардың өзара селбесу арқылы тіршілік етуі, арамтамақтық тіршілікке көшуі, жыртқыш пен жемтігі т. б. жатады. Мысалы, бір ағза түрі екіншісіне қорек көзі ретінде саналса, бір ағза денесі екіншісі үшін тіршілік ортасы болып табылады немесе бір ағзаның екінші ағзаның есебінен көбеюі (бал арасының өсімдіктер гүлін тозаңдандыруы т. б. ) . Жалпы биотикалық факторлардың құрамына әсер-ықпалдардың төрт түрі жатады:

1. Фитогендік факторлар - мекен ортасы ортақ өсімдіктердің тікелей әсерлері (механикалық жанасу, симбиоз немесе мутализм) .

2. Паразиттік факторлар - эпифиттердің басқа өсімдіктерге қоныстануы және жанама әсерлері, ағзалардың тіршілік ортасындағы фитогеңдік өзгерістері.

3. Зоогендік факторлар - жануарлардың әсер - ықпалдары (өсімдік тұқымдарының жануарлар арқылы таралуы, өсімдіктердің жәндіктер арқылы тозаңдануы, шөп қоректі жануарлардың өсімдіктермен қоректенуі, механикалық әсер етуі, мекен орындарына әсері т. с. с) .

4. Микробогендік факторлар - микроағзалардың, саңырауқұлақтардың қоршаған ортаға тигізетін әсер - ықпалдары.

Антропогендік факторлар (грекше: аntropos - адам + genesis - тегі) -адамзаттың тіршілігіне байланысты қоршаған ортаның, биосфераның органикалық, бейорганикалық дүниесінде орасан зор өзгерістер туғызып жатқан әсер-ықпалдар тобы. Мысалы, адамзаттың өндірістік қызметіне байланысты табиғи ортаға тигізетін әсері орасан зор, нәтижесінде жер бедері бұзылады, физикалық-химиялық құрамы өзгереді, ауыз судың сапасы мен ауаның құрамы өзгереді. Жер бетіндегі климат өзгеріске ұшырап табиғи биоценоздар, экожүйелер жойылады. Сондай - ақ, Арал теңізінің тартылуы, Семей ядролық полигоны, Байқоңыр космодромы, өндіріс көздерінен шығып жатқан қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсері, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбырлар, климаттың глобалдық жылуы, құнарлы жерлердің қысқарып шөлге айналуы т. с. с. Адамзат тарихының барысында алдымен аң аулаудың, садан кейін ауыл шаруашылығының, өндірістің, көліктің дамуы біздің ғаламшарымыздың табиғатына шұғыл өзгерістер әкелді. Жердің бүкіл тіршіліктер әлемінде антропогенді әсер ету күрт өсіп келеді. Адам тірі табиғатқа абиотикалық факторлар мен түрлердің биотикалық байланыстарын өзгерту арқылы әсер етсе де, ғаламшардағы адамдардың әрекеттілігін жіктестіру аясына сыймайтын ерекше күшке бөлген жөн. Қазіргі кезде Жердің тіршілік қабатының және ағзалардың барлық түрлерінің тағдыры адамзат қоғамының қолында, табиғатқа антропогенді әсер етуге байланысты болып тұр. Ортаның экологиялық факторлары тірі ағзаларға түрліше әсер етеді, яғни физиологиялық және биохимиялық қызметтердің икемделу өзгерістерін тудыратын тітіркенушілер, берілген жағдайларға тіршілік ету мүмкін еместігін себептеген шектеушілер, ағзалардың анатомиялық және морфологиялық өзгерістерін тудыратын модификаторлар жэне ортаның басқа факторларының өзгерісі туралы мәлімет беретін белгілер сияқты әсер ете алады.

Экологиялық кризис - Озон мәселесі

Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне қатысты өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігівндегі концентрациясының артуы.

Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда 18-32 км биіктікте орналасқан. Ондағы озонның концентрациясы 0, 01-0, 06 мг/м 3 . Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 3-5 мм құрайды. Озонның мөлшері сантиметрмен (0, 3-0, 5) немесе Допсон бірлігімен (100 есе үлкейтілген миллиметр - 300 - 500 бірлік) есептеледі. Озон толқыны ұзындығы 200-320 мм болатын сәулелерді сіңіреді. Олардың бір бөлігі, ұзын толқындармен қатар Жер бетіне дейін жетеді. Ұзындығы 200-400 мм сәулелер биологиялық белсенді ультракүлгін сәулелер категориясына жатады.

Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының (О 2 ) ультракүлгін сәулелер әсерінің ыдырауы нәтажесінде, бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан түзіледі. Бір уақытта озон молекулаларының ыдырап, оттегіне айналу процесі жүреді. Реакция жүруінің шарты ультракүлгін сәулелерінің болуы және олардың инфрақызыл жылулық сәулелерге айналуы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология даму тарихы
Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экологияның қалыптасуы және даму тарихы
Аналитикалық химия және экология.
Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
Экологиялық дүниетаным
Экология түрлері
Экология ғылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz