ЖЕКЕ ТҰЛҒА, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ
КІРІСПЕ
I. ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒА, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ
1.1 Тұлға туралы жалпы түсінік
1.2 Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері
1.3 Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат
II . ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ . ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ
2.1 Тұлға және қарым . қатынас
2.2 Топ туралы ұғым
2.3 Қарым . қатынас мәдениеті
Қортынды

Жаңа туған нәресте « адам » деп аталғанымен, « тұлға » деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңын мен солын, өзінің «менің » басқа « мендерден », яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетіншеәрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс - әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман – жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде « Он үште отау иесі » ( қыз балалар үшін ), « Он бесте отау иесі » ( ұл балалар үшін ) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар – ожданы, кісілік, кескін – келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.

4. Жарықбаев Қ.
Жантану негіздері жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының, пединституттарының педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық. Алматы, 2002
5. Жалпы психология. (Педагогика институттары студенттеріне арналған оқу құралы ). В.В.Богословскийдің және басқалардың редакциясымен, қайта қаралып, толықтырылған 2- басылымнан аударылды. Алматы, «Мектеп», 1979.
6. Қабанова - Миллер Е.Н. Оқушыларда білім және дағдыларды қалыптастыру психологиясы. М. РСФСР АПН баспасы, 1962.

Жоспары
КІРІСПЕ
I- ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒА, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ
1. Тұлға туралы жалпы түсінік
2. Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері
3. Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат
II – ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС
ПСИХОЛОГИЯСЫ
1. Тұлға және қарым – қатынас
2. Топ туралы ұғым
3. Қарым – қатынас мәдениеті
Қортынды
I – тарау. Жеке тұлға, оның құрылымы және бағыттылығы.
1.1 Тұлға туралы жалпы түсінік.
Жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен, тұлға деген
атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету
үшін бала оңын мен солын, өзінің менің басқа мендерден ,
яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте,
сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз
бетіншеәрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз.
Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір
тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен
талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады.
Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс -
әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман – жақсы қылықтары
үшін жауап бере алатын адамды да кісі не тұлға дейміз. Тұлғаның
түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен
қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері
болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны
қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін
кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде
Он үште отау иесі ( қыз балалар үшін ), Он бесте отау
иесі ( ұл балалар үшін ) дейтін аталы сөз бар екені де хақ.
Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір
талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен туындайтын құбылыс.
Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен
адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде
біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар – ожданы, кісілік, кескін
– келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Жеке тұлға – қоғамдық - тарихи котегория. Оның қоғамдық мәні
мен әлеуметтік функциясы жеке тұлға сипаттамасының ең басты
көрсеткіштері болып табылады. Жеке тұлға- тек қана қоғамдық
ғылымдардың: тарих, философия, социология, этика, эстетика,
психология, педагогика т.б. зерттеу объектісі.
Жеке тұлға қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі
бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз – жеке
тұлғаның атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата – ананың ролі -
балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі – мұғалімдер колективін
басқару және оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру.
Жеке тұлғаның позициясы дегеніміз – оның қатынастарының
жүйесі. Жеке тұлға мәнді қатынастарына: өмірдің материялдық
жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне, өзі мойынына алған
міндеттерге, қоғамдық, еңбек міндеттеріне, деген т.б. қатынастар
жатады. Бұл қатынастар жеке тұлғаның адамгершілік бейнесін, оның
әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап
қана айырмайды, сондай – ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да
ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген
деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз – ұнату мен жек
көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз – принциптік қатынастар, олар
ситуация талаптарымен емес, жеке адамның қалыптасқан мұратымен, ішкі
сенімімен, парыз бен міндеттерді сезінумен анықталады.
1.2Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге
талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда
мотив ( себеп ) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін
білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша
тоқтата алатынын және оның мінез – құлқының мән – жайын толық
түсіну қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология
әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оның түркілері де,
мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі.
Түрткінің өзгеруі іс - әрекеттің бағыт – бағдарына нәтижесіне әсер
етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс - әрекет нәтижесіне
ерекше әсер етеді.
Жеке адамды қандай болмасын әректке итермелейтін негізгі
қозғаушы мотив - оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге
мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету
процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның
өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық
қажеттер ( тамақ, баспана, киім, еңбек құраладары т.б. ) болады.
Адам баласының тарихи дамуы жағдайында туған еңбек әрекеті
еңбек құраладарымен пайдалану секілді негізгі материалдық
қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын - рухани
қажеттерді ( білім, көркемөнер т.б. ) туғызады. Рухани қажеттердің
дамуы - материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты.
Адам қажеттерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар
адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын
негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар
мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс - әрекет
істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде
біртіндеп өтеліп отырады. Адам өзінің қажетін өтеу жолында
сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің
өтелу, өтелмеуі адам психологиясына, оның, күйініш -сүйінішіне
әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану,
не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін
туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды
іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық
сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет –
адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып
табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне
байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса,
адамдардың қажеттері – іс - әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның
психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет – (
әсіресе, табиғи қажеттер ) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы.
Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар
болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі
үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай
қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл
оның сана – сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда
да бар. Бірақ бұл - биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың
қажеттері – олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы
байқалады. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит
қожасын көргенде тілін салақтатып, аузынан сілекйін шұбыртады.
Сөйтіп, аң біткенің бәрі өз қажетін өтеу үшін әрекеттенеді.
Мұндай қажет аңдарға туа бітеді, олар шартсыз рефлекстік сипатта
болады.
1.3 Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат.
Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен
танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің
бір көрінісі. Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап,
соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі
қызығудың объектісі болып табылады.
Қызығулар да бейімдіктер тәрізді балалардың кішкентай
кездерінде ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар кішкентайында
автомобилге, тракторға жалпы – техника атаулыға әуесқой келеді.
Мұндай балалардың есі – дерті машина болып, уақытының көбін соның
айналасында өткізеді, олардың маркасын жақсы айыра алатын болады.
Кейін осы бала мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі
сияқтыпәндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен сол
балалардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында
нәтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді. Қызығу
құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі
жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан –
жақты болып келеді де, екінші біреудікі керсінше өте тар болады.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың
ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуыболады. Мұндай қызығулар,
әсіресе, оқу әрекетіне аса қажэет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті,
тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең
алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу
мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Адамда қызығудың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз
етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі
кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты
ерекшеліктерінің бірі. Мұнысыз адамның рухани өмірі дамымайды.
К.Маркс бір сөзінде: Адамға лайықтың бәрі де маған жат емес
деген екен. Бұл қызығуы жан – жақты дамыған адамның ғана айтатын
сөзі. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс - әрекеттен
жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.
Кейбір адамдар кез – келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде,
оның бірі де біреуіне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай көрсе қызар
әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға
сіңіп кеткен болса, бұл – үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған
адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды.
Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер
болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтере білуге
жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материялдық,
қоғамдық, саяси кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық,танымдық, т.б.
болып келеді.
Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан
қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу
айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, білімге,
еңбекке, спорттық ойындарға қызығуларды жатқызуға болады. Жанама
қызығу – бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуға іс
- әрекет қызмет бабына және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге
ие болуға, ғылыми атаққа немесе еңбектің материалдықнәтижелеріне
деген қызығулар жатады.
Жеке адамның психологиясының неге бағытталғандығын
көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дүниетанымы мен
сенімі. Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы
білімдерінің жүйесі. Нағыз дүниетаным мистика мен идеализмге жат,
дәйекті ғылыми материалисттік дүниетаным. Бірден – бір ақиқат –
дүниенің. Даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген
дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Адамның
алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен
байланыстылығы берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік
сенім нақты іс- әрекеті мен тәжірибесіне байланысты бекімеген
дүниетаным берік болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе
ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос
қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім
жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез – құлық та
болмайды.
Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен
имандылықтың ұлы қозғаушы күші – сенім. Сенім жоғалған жердегі
тіршіліктің мәні де шамалы.
Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бір
түрі – мұрат. Бұл – адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді
ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат – адамның алдына қойған ең ардақты,
ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгенінің барлығын
пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш – жігерін соған
сарп етеді.
Жеке адамның психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттердің
бірі – талғам. Бұл – адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік
позициясына, бағыт пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысып
жатады.
Қызығу, сенім, мұрат, талап адамды әр кезде іс - әрекетке
итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер болып табылады.
Бұлар адамның басында айқын да анық сәулеленіп отырады. Бірақ,
мотивтердің кез – келгені осындай пәрменді болып келе бермейді. Мән
– мәнісі адамға онша айқын емес , көмескі күңгірт болып көрінетін
мотивтер де аз емес. Осы топтағы мотивтердің қатарына бағдар,
фрустрация, елігу, стериотриотриптерді жатқызуға болады.
II – тарау. Жеке тұлғалардың арасындағы қарым – қатынас психологиясы.
2.1. Тұлға және қарым – қатынас.
Адам қоғамнан тыс өқмір сүре алмайды. Өйткені оның
психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасағанда ғана
қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие
болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан
тыс адам өмірі болуы мүмкін емес.
Кез – келген адам өмірге келісімен екінші бір адаммен
қарым – қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен нәрестенің анасымен
тілдесу қажетін қанағаттандырмау - біртіндеп оның қасаң сезімді,
мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімнің
азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым –
қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім – кешек,
баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен
араласып, дұрыс қарым – қатынас жасай білу де сондай қажет.
Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең
ауыр түрі екеніне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым –
қатынас жасау - бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген
сөз. Адам қарым – қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет
алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап
шығарған құндылықтарды меңгереді. Әрине қарым – қатынас ақпарат алмен
ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.
Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та,
дос – жарандармен сөйлессек те - осының бәрі – қарым – қатынастың
сан алуан түрлері. Өмірдегі сан алуан тыныс - тіршілікте адамдар бір
– бірімен тікелей, бетпе – бет не жанама ( хат жүзінде, радио,
теледидар арқылы ), не біреу арқылы қарым – қатынасқа түседі. Мәселен,
мұның тікелей бетпе – бет, телефон арқылы сияқты түрлерінде
қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңші!
Осындай қарым – қатынастың мән – мағынасы, олардың түрлі
көріністері жеке адамдар мен топтық ұйымдардан жақсы байқалып
отырады.
2. Топ туралы ұғым.
Қарым – қатынас топ, ұжым деген ұғымдармен тікелей
байланысып жатады. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсатына
жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік
етуі тиіс дедік. Мұндайда адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні
белгілі. Ал, топтың түрлері сан алуан. Мәселен мұның бірі – нақты
топтар. Бұл – ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт
ішінде, бір – бірімен қоян – қолтық араласып, іс - әрекетке
түсетіндер. Топтар үлкен ( макро), шағын ( микро), ресми, бейресми,
формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи,
референттік болып бірнешеге бөлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір –
бірімен тікелей қарым – қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа
ұмтылатын адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Осындай
топтың барлық мүшесінің күш – жігері бір мақсатқа ( оқу, еңбек
т.б. ) бағытталады. Мұндағылар бірін – бірі жақсы біледі, топ алдында
тұрған ортақ міндетті орындау кезінде өзара қоян – қолтық қатынаста
болады. Шағын топ мүшелерінің саны екі – үш адамнан құралып, әрісі
30-40 адамнан аспауы тиіс.
Отбасы , өндірістік бригада, поляр станциясын қыстаушылар,
мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Шағын
топтардың өзі ресми және бейресми болып екіге бөлінеді.
Ресми топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына
сәйкес әр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай
қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми
орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді.
Бейресми топ - бұл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану
сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ
ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен бірлесіп
балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу т.б. Бұл топтарда
бірін – бірі ұнату, біріне – бірі бауыр басу ерекше байқалады.
Әртүрлі деңгейлі топтардың ішінде референттік топтың мәні
ерекше. Бұл - әр адамның жекелеген топтардың (кісі шамамен 10 – нан
астам топқа қатарынан енуі мүмкін ) ішінен біреуіне ғана ерекше
тәнті болып, соны ғана қастерлеп, қадір тұтып, жүрек қалауымен
таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап –
тілектерді, белгілі принциптерді қолдап қана қоймай, оны қызғыштай
қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дейін барады.
Нақты топтардың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан түрі – ұжым
(коллектив ) деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылығының арқасында
олардың мүдделерінің бір – бірімен ұштасып, бір жеңнен қол, бір
жағадан бас шығаратындай халге жетуі, топтың психологиялық
ахуалының орнауы, дамудың биік деңгейге көтерілуі – ұжымның басты
белгісі.
2.3Қарым – қатынас мәдениеті.
Мәселен, сенің көңіл – күйің бүгін нашарлап тұр делік,
оның да белгілі себебі болатыны түсінікті. Сөйтсе де басқалар
сенімен әңгімелескісі, бір нәрсені сұрап білгісі келеді екен. Сен
ондайда өзіңді қалай ұстауың керек. Әрине, қолайсыздықты сезінетінің
анық. Сені әңгімеге тартып, үсті – үстіне сауал қойып отырғандар
көбіне көңіл – күйіңді түсіне қоймайды. Өйткені оларда эмпатикалық
қасиет жөнді қалыптаспаған. Сондықтан да эмпатикалық қасиетті
өздеріңде үнемі дамытып отыруларың қажет.
Біздің қай – қайсымыз болсын, тіршілікте кейбір адамдардың
үйірсек келетінін байқаймыз. Бұл басқалармен тез тіл табысып
кететін жандар. Ал өзара пікірлесіп, өзіне адамды тартпақ түгіл
оның қитығына тиетіндер де кездеседі. Мәселен табиғатынан тұйық
адамдар әңгімені өзіне аударғысы келмейді, артық сөзқге бармайды,
тек әңгімелесушінің сөзін жай, ықылассыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz