Сапа туралы түсінік


Сапа туралы түсінік
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарының мақсаты - өнімнің, процестің және көрсетілетін қызметтің сапасын қамтамасыз ету.
Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402) . Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.
Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және басқалар. Оқулық та сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері - өнімге (тауарға), процеске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.
Өнім - процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі.
Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.
Тауар - ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу - сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат.
Сапаның екінші элементі - қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік . Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. Доктор Э. Демингтің (сапаны жан-жақты басқарудың теориясы мен әдістемелері саласындағы ірі ғалым, «Жапон ғажайыбының» авторы) сөзімен айтқанда, «тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек».
Сапаның үшінші элементі - көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және сандық болып екіге бөлінеді. Сапалық көрсеткіштер - материалдың түсі, бұйымның түрі, т. б. Сандық көрсеткіштер (параметрлер) тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады. Сапа көрсеткіші - тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен сипаттайды. Көрсеткіштер әр түрлі өлшемдермен келтіріледі немесе өлшемсіз болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен мәні анықталады.
Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы
Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар: қолдану жағдайы, қауіпсіздігі, экологиялылығы, сенімділігі, эргономикалылығы, ресурстарды үнемдеу мүмкіндігі, технологиялылығы, эстетикалылығы. Қолдану жағдайына байланысты талаптар: өнімнің орындалуға тиісті (өнімділік, дәлдік, калориялық, қызметтің орындалу жылдамдығы) негізгі функцияларын анықтайтын қасиеті, яғни функционалдық жарамдылығы, шикізат пен материалдардың құрамы мен құрылымы, сыйысымдылығы және өзара алмасымдылығы. Эргономикалық талаптар - қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін бұйым конструкциясын адам организмінің ерекшеліктерімен келістіру. Ресурстарды үнемдеу талабы - шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану. Қауіпсіздік талаптары - зиян келтіруі мүмкін қауіп- қатерді болдырмау. Сенімділік талаптары - белгіленген функцияларды берілген режимде және қолдану жағдайында, техника- лық қызмет көрсетуде, сақтауда және тасымалдауда орындай алу қабілетін сипаттайтын барлық параметрлерге белгіленген шек аралығын әр уақытта сақтау. Экологиялық талаптар - өнімді өндіру, пайдалану және көдеге жарату кездерінде оның қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау. Технологиялылыққа қатысты талаптар - енімге сапа көрсеткіштері белгіленіп қойған жағдайда оны дайындауды, қолдануды, жөндеуді аз шығынмен жүргізуге бейімділігі. Эстетикаға қатысты талаптар - өнім мен қызмет көрсетудің көркемдік бейнені өрнектей алуына, адамның сезім мүшелері арқылы қалыптасатын форма белгілері негізінде (түсі, көлемдік конфигурациясы, бұйымды әрлеу сапасы) әлеуметтік-мәдениеттік құндылығын көрсете алуына қойылатын талаптар. Міндетті талаптардың құрамын анықтағанда мына жағдайларды ескеру қажет:
Заңдарға және стандарттарға сәйкес міндетті талаптардың тізімі кеңейіп отыруы мүмкін. Мысалы, функционалдық жарамдылық есебінен.
Кейбір тауарлар түрлерінде сенімділік талабы қауіпсіздік талабымен үйлеседі (тамақ өнімдерінің сақталуы, жол көлігінің толассыз жұмыс істеуі) . Орындалуға тиісті талаптарды қамтитын стандарттардың ережелері нормалар деп аталады. Егер норманың сандық сипаттамасы болса, оны норматив деп атайды.
Сапаны бағалау
Сапаны бағалау - объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402) . Егер тексеру кезінде талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда оны жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді. Кез келген тексеру екі элементтен тұрады:
объектінің нақтылы жағдайы жөнінде ақпараттар алу (өнім үшін оның сапалық және сандық сипаттамалары) ;
алынған ақпаратты бұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру, яғни екінші түрде ақпарат алу. Өнім сапасын тексеру - өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаны тексеру жұмыстарына өлшеу, талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.
Өлшеу дербес жұмыс түрі ретінде метрологияның объектісі болып табылады. Өнімді талдау - материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық әдістермен (химиялық талдау, микробиологиялық талдау, т. б. ) жүргізіледі. Сынау - сынау объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар - сынау құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар - қажетті реактивтер, материалдар, т. б. Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу санын, зақымдалған өнімдердің санын және т. б. ) органолептикалық (сипаттамаларды адамның сезім мүшелерінің көмегімен анықтау) . Өткізу орнына байланысты сынаулар зертханалық, полигондық, табиғи болып бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі түрі - зертханалық сынау. Сынау жүргізудің сапа көрсеткіші - дәлдік және нөтижелердің қайталануы. Бұл талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты. Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін зертханалар тіркеуден өтуі керек. Зертханаларды тіркеу - сынау зертханаларын орган ретінде белгілі салада жұмыстарды жүзеге асыруға мекеменің құқықтылығын өкілетті мемлекеттік органның ресми мойындауы (ҚР СТ. 7. 0. 99) . Қазақстан Республикасында сынау зертханаларын тіркеуден өткізу жүйесі құрылды. Елімізде сертификаттауды жүргізу ережелері бойынша нақтылы өнімді сынау жұмыстарын жүргізу құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау зертханаларына беріледі.
Сапа жүйесі
Сапаны жақсарту мәселесін кесіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйелері көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді. Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі - сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту. Өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір циклі маркетингтен басталады. Маркетинг деңгейінде - өнімге тапсырма берушілер және олардың талаптары анықталады. Жобалау деңгейінде тұтынушының барлық талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады. Өндіру кезінде жобада белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде қалыптасқан сапа тасымалдау, сақтау, сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек. Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға тұтынушы кірістіріледі. Тұтынушының өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану мерзімі де артады. Қолданыстан шығару деңгейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға зиянды әсерін болдырмау керек. Кәсіпорынның іс-қимылы өнімді қолданыстан шығарумен бітпейді. Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік анықталады және маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айналым басталады. Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдістемесі, ресурстар мен процестер. Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару шеңберінде құрылады да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады. Әдістеме - іс-қимылдарды жүргізудің белгіленген тәсілдері (ИСО 8402) . Ресурстар - қызмет көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, технология. Процесс (ИСО 8402) - қолданылатын элементтерді (өнімге қатысты - шикізаттар, материалдар) дайын өнімге айналдыратын өзара байланыстағы ресурстар мен іс-қимылдар. Сапа жүйесінің бар екендігін және оның қойылған талаптарға сөйкестігін осының барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана дәлелдеуге болады. Құжаттар сапа жүйесін жасаушыларға, қолданушыларға және тексеру органдарына көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, сапа жүйесі - сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.
Денсаулық сақтау саласы
Денсаулық сақтау саласында 2006-2007 жылдары денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің біршама жақсарғанын, тұрғындарға көрсетілген медициналық қызмет сапасының артқанын және медициналық ұйымдарды материальдық - техникалық жағынан жарақтандырудың оңды үрдісі сақталғаны белгіленді.
2006 жылы денсаулық сақтаудың 15 құрылыс объектісі салынып пайдалануға берілді. Іске қосылған объектілер арасында 3 туберкулез ауруханаларының әрқайсысы 60 төсектік Мұғалжар, Темір және Шалқар аудандарында және 110 төсектік қалалық балалар ауруханасы бар.
Енгізілген барлық объектілер сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін осы заманғы медициналық құрал - жабдықтармен жабдықталған.
2006 жылы жалпы сомасы 425, 0 млн. теңгеге облыстың 43 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жасалып, оның 27 нысаны ауылдық денсаулық сақтауды қамтиды.
2007 жылдың басында тұрғындар саны медициналық ұйымдарды ашуға мүмкіндік беретін облыстың барлық елді мекенінде медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылды.
Медициналық ұйымдарды материалдық - техникалық жарақтандыруға бюджеттен 850 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде әрбір аудандық аурухана 40-50 млн. теңгенің осы заманғы озық медициналық құрал - жабдықтарын алды.
Алынған құрал - жабдықтардың ішінде бұрын қол жетпей жүрген компьютерлі және магнитті резонанс томографы бар. Денсаулық сақтаудың ауылдық ұйымдары және қалалық жедел көмек бекеті қосымша 30 автокөлікпен жарақтандырылды.
Тұрғындардың арасында жоспарлы иммундық алдын алу іс-шаралары көп тараған жұқпалы аурулар көрсеткішін де төмендетуге мүмкіндік берді.
Әсіресе, залалы мен зардабы басым жұқпалы ауруларға, оның ішінде тұмауға қарсы күрес күшейтілді. Соның нәтижесінде соңғы жылдары тұмауға шалдығу көрсеткіші шекті межеден асқан жоқ.
2007 жыл денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші кезегін аяқтаған жыл болды.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жылдары (2005-2007 жылдар) денсаулық сақтау бюджеті 1, 7 есеге ұлғайды. Егер денсаулық сақтау бюджеті 2006 жылы 7, 2 млрд. теңгені құраса, 2007 жылы 11, 3 млрд. теңге көлемінде бекітілді.
2007 жылы сомасы 1, 3 млрд. теңгеден астам денсаулық сақтаудың 17 объектісі пайдалануға берілді. Оның ішінде 200 қабылдауды жүзеге асыратын емханасымен 60 төсектік Байғанин аудандық орталық ауруханасы және 250 қабылдауды жүзеге асыратын Шалқар аудандық орталық емханасы, 7 дәрігерлік амбулатория және 5 медициналық пункт бар.
Жалпы сомасы 572, 3 млн. теңгеге денсаулық сақтаудың 57 объектісі күрделі жөнделді.
Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру үшін 1372, 8 млн. . теңгеден астам қаражат бөлінді. Нәтижесінде ядролық-магнитті резонансты томограф пайдалануға берілді, пациенттер үшін қан препараттарының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, облыстық қан орталығы үшін жоғарғы технологиялық жабдық сатып алынды.
Мемлекеттік Батыс-Қазақстан медициналық академиясы базасында кардиохирургиялық Орталығы ашылды. Бөлім халықаралық сапа стандарттарына сәйкес медициналық техника мен аппаратурамен жабдықталды, шығыстардың жалпы сомасы 235, 0 млн. теңгені құрады.
Облыстың медициналық ұйымдарының санитарлық машина паркі 41 автокөлікпен толықтырылды, соның ішінде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қазіргі заманғы жабдықпен жарақтандырылған 2 реанимобиль бар.
Ақысыз және жеңілдікті негізде тұрғындарды амбулаториялық жағдайларда медициналық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1, 0 млрд. теңге бағытталды.
Облыс экономикасының қарқынды дамуының себебінен денсаулық сақтау саласындағы оңды өзгерістердің ықпалымен демографиялық ахуал көрсеткіштері жақсарып, тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар науқастарға шалдығуы біршама азайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz