Оқушылардың сабақтағы іс - әрекеттерінің белсенділігі дидактикалық ойындардың рөлі


- 1 -
Оқушылардың сабақтағы іс - әрекеттерінің белсенділігі дидактикалық ойындардың рөлі.
Математиканы оқытуда басшылыққа алынатын негізгі дидактикалық принциптердің әрқайсысына қысқаша тоқталайық.
1. Ғылымилық принципі.
Білімнің ғылымилығының мынадай үш белгіні қанағаттандыруы, оның, саналық көрсеткіші болып табылады:
а) білімнің мазмұны қазіргі ғылымның деңгейіне сәйкес келуі;
ә) танымның жалпы әдісінің дұрыс екеніне оқушылар сенімін қамтамасыз ету;
б) таным үрдісінің маңызды заңдылықтарын көрсету;
Егер мектепте оқылатын математика пәні материалдарының теориялық дәрежесі жоғары болып: ұғымдардың анықталуы мен сөйлемдердің тұжырымдалуы олардың мазмұны дәл, толық және дұрыс ашып беретіндей болса, ал дәлелдеу жүйелі жүргізілсе, сонда ғана ғылымилық принцип орындалады.
2. Математиканы оқытудағы көрнекілік принципі.
Ол оқушылардың оқу материалдарын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды.
Математиканы оқыту проктикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы құрал - жабдықтар жасауды қажет етеді (геметриалық фигуралардың модельдері, кестелер, диафильмдер, кинофильмдер, теледидар, микрокалькулятор) .
3. Математиканы оқытудағы саналылық және белсенділік принципі.
Бұл принцип қазіргі қоғамның белсенді де салалы азаматтарын оқыту үрдісінің өз ерешеліктерінен туындайды.
4. Математиканы оқытудағы білімнің берік болу принципі.
Математиканы үйретуде оқушылардың алған білімі, дағдылары берік болуы үшін мұғалім: а) өткен материалды қайталауды білікті түрде үйымдастыра білуі қажет.
ә) оқушылардың білім, дағдыларына дер кезінде бақылау жасап отыруға және мұнда орын алған оқылықтарды алдын ала біліп, түзетіп отыруға тиіс.
5. Математиканы оқытудағы жүйелілік жіне реттілік принципі.
Математиканы үйретудегі жүйелік деректерді оқып - зерттегенде белгілі бір тәртіпті сақтауды және мектеп математика курсындағы негізгі ұғымдар мен қағидаларды біртіндеп меңгеруді көздейді. Математиканы үйретудегі реттілік принципі бойынша оқыту: а) қарапайымнан күрделіге;
ә) елестен ұғымға; б) белгіліден белгісізге; в) білімнен білікке; одан дағдыға көшу бағытында жүруге тиіс.
6. Математиканы оқытудағы түсініктілік принципі.
Математикадағы түсініктілікті білім алуды барынша жеңілдету деп үғынуға болмайды.
Түсініктіліктің дидактикалық мәні шәкірттің жас ерекшелігіне қарай үйретілгенін, берілетін білім тым қиын да аса жеңіл де болмау қажет.
Дидактикалық принциптер өзара бір-бірімен тығыз байланысып біртұтас жүйе құрады. Мысалы, көрнекілік құралдарын шебер пайдалана білу оқытудың түсініктілігін арттырады, Әр мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру.
Мұғалім математика сабағына оқушылардың қызығушылығын тудырту үшін ойындар ұйымдастыруына болады. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыры белсенді жұмыс істеуін, тез ойлану қабілетін арттыруға дидактикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындары, логикалық ойлауға бағыттайтын ойындар орны ерекше. Ойындар ұйымдастыруда оқушыларды қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу - мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Ойын - шығармашылық, ойын - еңбек. Ойнау барысында оқушы дербес ойлау мүмкіндігі, көңіл қоя білу қабілеті дамиды. Математиканың сан алуан сырын сандар әлемінің қызық құбылысын, ойын элементтерімен өрнектеген сабақ қызықты әрі ұтымды. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады.
Бүгінгі таңда оқушы біліміне қойылатын талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама бойынша тиісті білімді беріп қойып қарап отыру жеткіліксіз. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін, ерекшелуде, білімдерін нығайтуда математикалық-дидактикалық ойындардың атқарар рөлі өте зор. Бұл ойындар қазіргі теледидарда беріліп жүрген ойындармен сәйкестендіріліп жасалады. Мысалы, “XXI - ғасыр көшбасшысы”, “Алтын қақпа”, “Алтын сақа”, “Милион кімге бұйырады”, жарыс, сайыстар т. б
Қазіргі кездегі, ғылым мен техниканың даму деңгейі өскен заманда, сабақта жаңа технология элементтерін паидаланудың да маңызы зор.
Мұғалім оқушының қызығушылығын туғызуда басты роль атқарады. Сонымен қатар мектепте, оқушыларды оқылықпен шектемей, стандарт емес есептерді, қызықты есептерді, логикалық есептерді, сөзжұмбақ ребустарды шешуге үйрету қажет.
“Математика ақыл-ойдың гилигастикасы” деген сөз бекер айтылмаған. Ойлану іздену оқушының ой-өрісін дамытады. Дүние танымын молайтады. Жаңа ізденістерге жетелейді. Тіпті математика пәнін барша ілімнің атасы деуге болады. Мектепте математика пәнінен жақсы оқитын оқушы басқа пәндерден еш қиналмайды деген сөз. Қортындылай келгенде, білімді де білікті жеке тұлғаны қалыптастыруда математикалық - дидактикалық ойындардың рөлі өте зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz