Педагогикалық озат тәжірибе жөніндегі түсінік


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ

Педагогикалық озат тәжірибе жөніндегі түсінік

Тәжірибелерді жинақтаудың әдістерінің ерекшелік

Мұғалiмнiң және оның педагогикалық процестi ұйымдастырудағы рөлі

Қортынды

Пайдаланылған әдебеттер тізімі

Мұғалiмнiң қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебi, мұғалiмнiң еңбегi өте жауапты, әрi күрделi. Өйткенi ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры үшiн өзiн жауапты сезiнедi, оның тәртiбi, бiлiмi, қоғамнан алатын орны, адамгершiлiгi, белсендiлiгi, iскерлiгi үшiн күресетiн, оның жүрегiне жол тауып, оның жан дүниесiнiң таза, қоғам үшiн жан тәнiмен еңбек етуге құштарлығын оятатын, бiлiмге деген iшкi қажеттiгiн талаптандыратын мұғалiм. Оны осы қасиетi үшiн адам жанының инженерi деп атайды. Қоғам мұғалiмге балаларды сенiп тапсырып, оларға ықпал жасап тәрбиелеудi дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды сенiп тапсыфрады. Мұндай зор сенiмге мұғалiмдерге қоғам алдында ұлы жауапкершiлiк жүктейдi.

Мұғалiм мамандығы - өте жауапты және игiлiктi мамандықтың бiрi. . Әрине, ол материалдық игiлiктердi өндiретiн өндiрiс орындарында iстемейдi, технологиялық процестi жетiлдiру iсiне де тiкелей қатынаспайды. Бiрақ мұғалiм өндiргiш күштердiң дамуына және халықтың материалдық игiлiгiнiң дамылсыз өсуiне әсер етедi. Ол қоғамның ең бесты өндiргiш күштерiн - жеке адамды оқытып тәрбиелеп дамытатын және қалыптастыратын басты тұлға.

Сонымен бiрге мұғалiмге кәсiптiк педагогикалық талаптар да қойылады. Ең алдымен мұғалiм - терең бiлiмдi, өз Отанын шексiз сүйетiн, оның дүние жүзi алдындағы беделiн жете түсiнетiн, соған үлес қосатын бiлiмдар адам.

Мұғалiм қызметiнiң табысты болуы оның өз қызметiнiң мәнiн жете түсiнуде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты бiлiм бередi, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, өмiрге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейдi.

Мұғалiмнiң кәсiби мамандығына қойылатын негiзгi талаптар:

  • Қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;
  • Жан-жақты бiлiмдарлық, өмiрдiң әртүрлi саласынан хабардар болуы;
  • Педагогикамен байланысты пәндерден - психологияны, ЖПП, анатомия, мектеп гигиенасын, мектептану пәнiн жақсы бiлу керек;
  • Оқытатын пәнiн, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетiстiктерiн, ағымын жақсы бiлу керек;
  • Оқыту, тәрбиелеу методикасын бiлу;
  • Жұмысына шығармашылық көзқарас;
  • Баланы жете бiлу, олардың жан-дүниесiн түсiну педагогикалық сенiм;

Педагогикалық мамандықтың ерекшелiктерi деп әсiресе педагогтың iзденiмпаздығын, талмай оқитындығын, бiлуге деген құмарлығын, артық бiлуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерiнен мұғалiмнiң айырмашылығы ең алджымен оның өз жұмысында бiлiмiн ұлғайтып, тереңдетудегi айрықша педагогикалық бағыттаушылық қабiлетi болып табылады. Ғылыми материалмен жұмыс iстей отырып, мұғалiм әрдайым оны педагогикалық ой елегiнен өткiзуге тырысады, бұл арада ол оқушылардың өз пәнәне деген ынта-ықыласын дәл қалай туғызып, тереңдету жағыфн ойлайды.

Нағыз мұғалiм деп тәрбиеленушiлердiң ойы мен жүрегiне жол тапқан ұстазды айтады.

Мұғалiм қызметiнiң табысты болуы, оның оқу мен тәрбие жұмыстарының мақсаттары мен мiндеттерiн жете түсiнуiне байланысты. Мұғалiм оқушылардың жылдан-жылға өсiп отырыатын талаптарын, қанағаттандырып отырут үшiн емес, өмiрде болып жатқан түрлi құбылыстарға, жаңалықтарға, өзгерiстерге құлақ асып, өмiрмен бiрге аяғын алып жүретiн адам болуға тиiс.

Мұғалiмнiң /профессионалдық/ мамандық қасиеттерi

Психологиялық-педагогикалық зерттеу мәлiметтерiне қарағанда педагогикалық қабiлеттiң бiрнеше түрi кездеседi.

1. Дидактикалық қабiлет - мұғалiмнiң оқушыға оқу материалын с асқарпжеткiзу қабiлетi, оқушының бiлiм дәрежесiн, iскерлiгiн, дағдысын дұрыс анықтай бiлу, өз пәнiне қызығушылығын арттыру, таным белсендiлiгi мен ойын дамыту., ұжымды д

2. Академиялық қабiлет - мұғалiм қабiлетiнiң пән саласына /математика, физика, химия, биология, тарих т. б. / сәйкестiгi. Ондай мұғалiм өз пәнiн ғылым дамуына сай бiледi, өз бетiмен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргiзедi.

  1. Перцептивтi қабiлет - оқушының iшкi дүниесiн тани бiлу. Қабiлеттi мұғалiм оқушылардың сабақ үстiндегi психикалық жағдайын /ренiшiн, сабаққа қаншалықты әзiр, әзiр емес екенiн т. б. / бiрден байқайды.
  2. Сөйлеу /экспрессивтi/ қабiлетi - тiл арқылы өз ойын, iшкi сезiмiн нақты, түсiнiктi етiп жеткiзе бiлуi тиiс. Бұл мұғалiм үшiн өте маңызды қабiлет ерекшелiгi.
  3. Ұйымдастырушылық қабiлетi - сабақты тыңдауға, бiлiмдi қабылдауға оқушыларды әзiрлей бiлу ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра бiлуi, оқу мен тәрбиенi дұрыс ұштастыру мiндеттерiн де оқушыларға бағыт берiп, рухтандыру iсiне басшылық беру, ата-аналармен жұмысiстей бiлу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыру, мұғалiм өз жұмысын ұйымдастыра бiлу.
  4. Коммуникативтi қабiлет - оқушылармен қалыпты, дұрыс қарым-қатынас жасай бiлу, педагогикалық әдептiлiк жетiлдiру.
  5. Конструктивтi қабiлет - оқу және тәрбие мiндеттерiн шешудiң тиiмдi жолдарын iздестiру, оқу мен тәрбие жұмысының түрлерi мен әдiстердiң мазмұнын анықтау, өз iсiне саналық, жауапкершiлiкпен ойлылықпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.
  6. Қолданбалы қабiлет - мұғалiм өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, оймен келетiн - шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, көркемөнер, бейнелеу өнер туындыларын бiлетiндiгiмен оқушыларды қызықтырып, оларға қатынасуы арқылы өз дегенiне жетуге баланы жан-жақты дамыту iсiне үлесiн қосуы тиiс.

Бүгiнгi талапқа байланысты мұғалiм өз елiнiң белсендi ихдеялық сенiмдi жақтаушысы, өз мемлекетiнiң аяғынан тiк тұрып кетуiне, оның саяси және экономикалық бостандығына, өз Отанын сүйе бiлетiн жастарды тәрбиелеу қолынан келетiн мамандарды айтады.

Жақсы мұғалiм әрдайым бағдарлама бойынша оқушыларға терең бiлiм беруге болатынын бiледi, оның негiздерiн өзi оқытатын ғылымның күрделi мәселелерiн еркiн ажыратады. Сонымен бiрге ол өзiнiң ғылыми бiлiмдерiн педагогикалық ой елегiнен өткiзiп, оқулық пен бағдарлама материалын әлгi бiлiмдермен толықтырып отыруға да ұмтылады.

Осының бәрi ең алдымен сабақ өткiзу өнерiн меңгеру, сабақтың мазмұнын байыту керек.

Оқушылар бiлiмпаз мұғалiмдi, өз iсiнiң маманын, өз пәнiн бiлетiн оны әр тереңдiкте зерттей жүретiн мұғалiмдi әрдайым өте жоғары бағалайды. Мұғалiмнiң ой-өрiсiнiң кең болуының ерекше мәнi бар.

Педагогикалық еңбектi ғылыми ұйымдастыру

Еңбектi ғылыми ұйымдастырудың жалпы идеясы педагогикалық еңбектiң ерекшелiгiне сәйкес өзгередi, жаңартылады. Педагогикалық еңбек - бұл еңбек түрлерiнiң бiрi, мұндай еңбекте мұғалiм мен оқушылар бiрлесiп әрекет жасайды. Сондықтан материалдық өндiрiс орындарында қолданылатын еңбектi ғылыми ұйымдастырудан педагогикашлық еңбектi ғылыми ұйымдастырудың айырмашылығы - бұл бiрлесiп iстейтiн жұмыстары нәтижелi болу үшiн жағдай жасау, екiншiсi - оқушы.

Педагогикалық еңбектi ғылыми ұйымдастыру - бұл ынтымақтастық педагогикасы негiзiнде мұғалiм мен оқушылардың бiрлесiп iстейтiн жұмыстары нәтижелi болу үшiн жағдай жасау. Ал еңбек нақты мақсатқа сәйкестi адамның iс-әрекетi. Iс-әрекетiнiң бастысы дене, ақыл - ой еңбегi, материалдық және рухани еңбек, ойын, оқу т. б. Еңбек өндiрiлетiн материалдық және рухани

құндылықпен байланысты.

Педагогикалық еңбектi ғылыми ұйымдастыру - бұл қазiргi ғылым мен озат практика жетiстiктерiнiң нәтижесiнде негiзделген еңбектi ұйымдастырудың жетiлдiру процесi.

Мектептерде педагогикалық еңбектi ұйымдастыру мәселелерiне ерекше көңiл бөлiп, құнды үлес қосқан ғалымдардың бiрi - Н. К. Крупская. Ол өзiнiң еңбектерiнде әрбiр мұғалiм еңбектi ғылыми ұйымдастырудың принциптерiн ұқыпты зерттеуi және олардың өз жұмысында шебер қолдана бiлуi қажет дедi. Мiне, сонда ғана мұғалiм оқушыларды ұтымды iскерлiкке үйрете бiледi деп қорытындылайды.

Н. К. Крупская мұғалiм уақытын қалай сақтай бiлуi керек, жұмыс iскерлiгiн қалай жетiлдiруi керек деген сұрақтарға жауап берiп, өте құнды пiкiрлер айтты:

  1. Жұмысты iстей бiлу - бұл өзiне нақты мақсат қойып, оны жете түсiну, қойған мақсатты орындауда өте тиiмдi құралдарды таңдап ала бiлу.
  2. Өз уақытыңды бөле бiл, яғни жұмысты өнiмдi етiп iстеуге, өзiңнiң жұмыс қабiлеттiлiгiңдi көтеруге үйрету.
  3. Жұмысты iстей бiлу - бұл өз күшiңдi және басқалардың күшiн, барлық жұмыс жағдайын есепке алу, iстiң нәтижесiн қорытындылау.
  4. Оқылатын материалды және сабақты ұйымдастырудың ең өнiмдi әдiстерiн таңдап алу.

Оқыту мен тәрбие процесiн дұрыс ұйымдастыру және жетiлдiру, еңбек iс-әрекетiнде уақытты, күштердi, әдiстер мен құралдарды барлық қатысушылардың толық және тиiмдi пайдалануы - педагогикалық ұжымның тiкелей мiндетi. Бұл мәселелердi еңбек процесiнде iске асыру интенсификациялау, iзгiлендiру мен гуманитарландырудың диалектикалық ұштасуы жағдайында ғана мүмкiншiлiк алады. Демек, педагогикалық еңбектi ғылыми ұйымдастыру - бұл интенсификациялау, iзгiлендiру мен гуманитарландыру бiрлiгi.

Қазiргi кезеңде қоғам өмiрiнiң бүкiл саласы қайта құру жағдайында педагогикалық еңбектi ғылыми ұйымдастыру мәселесiне ерекше назар аударылуда. Солардың iшiнде басты мәселелердiң бiрi - мұғалiм шығармашылығын дамыту дәрежесi.

Педагогикалық шығармашылық - бұл ғылыми iзденудiң нәтижесiнде озат тәжiрбиенi жасау, тұтас педагогикалық процесс проблемаларын шеберлiкпен шешу, оларды педагогикалық жұртшылықтың игiлiгiне айналдыру. Ал педагогикалық шеберлiк дегенiмiз оқыту мен тәрбие процесiн шығармашылықпен iске асыру.

Көптеген мектептерде шығармашылық топтар ұйымдастырылып, олардың жұмысы кең өрiс алуда. Педагогикалық еңбектiң сапасын және өнiмдiлiгiн арттыру мақсатымен шығармашылық топтар кейбiр көкейкестi проблемаларды iздестiрiп, зерттейдi. Мысалы: а) оқу уақытын дұрыс пайдалануды зерттеу және талдау; ә) мұғалiм уақытының бюджетi; б) педагогикалық жолдары мен тәсiлдерi; в) мұғалiмдер мен оқушылар арасындағы жылы қамқорлық, қарым-қатынас, ынтымақтастық, шығармашылық, iзденушiлiк т. б.

Халыққа бiлiм беру жүйесiндегi озат оқу тәрбие мекемелерiнiң iс-тәжiрбиесi еңбектi ғылыми ұйымдастырудың мынадай негiзгi бағыттарын анықтап жүзеге асыруда:

1. Мектептiң және басқада оқу орындарының жоспарлау және есепке алу жұмыстарын жетiлдiру

2. Мектеп басшыларының мiндеттерiн дұрыс бөлу. Мысалы, мектеп директорының мiндетiне педагогикалық ұжымға басшылық ету, кадрларды iрiктеп алу, дұрыс орналастыру және тәрбиелеу, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды бақылауды iске асыру, озат педагогикалық тәжiрбие, кәсiптiк бағдар беру жұмысы, оқушылардың өзiн-өзi басқаруы, ата-аналармен, жұртшылықпен жұмысiстеу жатады. Сонымен бiрге iшкi тәртiп ережесiн, қауiпсiздiк техникасын қорғау мәселелерiн де қамтамасыз етедi. Бұл жұмыстарды демократиялық және жариялылық принципi негiзiнде басқарады.

Мектептiң оқу iсiн меңгерушiлерi мамандықтарына сәйкес бастауыш және жоғары сыныптар бойынша өзара мiндеттерiн бөлiседi. Бұлардың мiндеттерiнде оқу жұмысы, әр түрлi пәндер бойынша әдiстемелiк бiрлестiктерiнiң, проблемалық топтардың, пәндiк үйiрме жұмыстары жатады. Оқу iсiн меңгерушiлер тәрбие жұмыстарына да қатысады.

Тәрбие iсiн ұйымдастырушы мектепiшiлiк және сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмыстарының барлығына басшылық жасайды. Әсiресе сынып жетекшiлерiмен бiрлесiп ата-аналары мөлтекаудандарда тұратын оқушылармен бiрге әртүрлi тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға басшылық етедi, нәтижесiн есепке алып отырады.

3. Жиналыстардың, мәслихаттардың, басқа да көпшiлiк шаралардың санын және ұзақтығын қатаң белгiлеу. Мектепте тәрбие жұмысының түрлерi ұжым мүшелерiне белгiлi нақты кестемен өткiзiлуi қажет.

4. Педагог кадрлардың ғылыми-теориялық бiлiмiн көтеру.

  1. Озат педагогикалық тәжiрбиенi зерттеу, жинақтау, тарату және қазiргi ғылым мен практиканың жетiстiктерiн оқу-тәрбие процесiне енгiзу.
  2. Педагог кадрлардың демалыс және еңбек жағдайын барынша жақсарту.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық озат тәжірибе
Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Озат педагогика ғалымдары
Озат педагогикалық тәжірибе. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс-әрекет
Ғылыми- педагогикалық зерттеу туралы ақпарат
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Ғылыми педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың әдістемесі мен әдіснамасы пәні бойынша дәрістер
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz