Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе. . .: 1. Экономикалық дағдарыс ұғымының теориялық аспектілері
3:
Кіріспе. . .: 1. 1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні . . .
3: 6
Кіріспе. . .: 1. 2 Экономикалық дағдарыстың пайда болуы және әлеуметтік салдары . . .
3: 16
Кіріспе. . .: 1. 3 Әлемдік қаржы дағдарысының басталу себептері және оның экономикаға әсері . . .
3: 25
Кіріспе. . .: 2. Қазіргі кездегі жаһандық экономикалық дағдарыс және оған қарсы шаралар
3:
Кіріспе. . .: 2. 1 Қазақстандағы экономикалық дағдарыстар: себептері және одан шығу жолдары . . .
3: 32
Кіріспе. . .: 2. 2 Дағдарыстан шығу жолдары және оны жетілдірудегі шетелдік тәжірибе . . .
3: 40
Кіріспе. . .: 2. 3 Әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы тұрақтандыру шараларының нәтижелері . . .
3: 44
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 58
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 60


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. "Қазақстан-2030" Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады.

Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т. б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.

Мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Жолдауында коммуналдық желілерді - сумен, жылумен қамту, энергетика желілерін қайта жаңғыртуға және жаңарту, автокөлік жолдарын реконструкциялау мен жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру міндеті, сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру, қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясы үкімет назарында болатынын қадап айтты. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында әлемдік қаржылық дағдарыстан қиналмай шығудың айқын міндеттері белгіленген.

Әлемдік дағдарыс бүкіл ғаламшар халқын оның салдарын еңсеруге жұмылдырып отыр. Барлық елдерде дағдарысқа қарсы бағдарламалар жасалып, оның салдарларын барынша азайту үшін ауқымды шаралар қабылдануда.

Әлем елдері өздерінің саяси, экономикалық және зияткерлік күштерін жаһандық дағдарысты еңсеруге жұмылдырып отыр. Дағдарыс өлшемдері әзірге қаржы және экономикалық салаларда көрінуде, дегенмен оның саяси көрсеткіштер мен әлеуметтік мәселелерге де әсерін назарға алмауға болмайды. АҚШ, Ресей, Германия, Франция сияқты жетекші елдер мен Еуропалық Одақ сияқты халықаралық ұйымдар және G-20 елдері ұлттық проблемалардың шешімі жаһандық кедергілерді еңсеру арқылы реттелетін дағдарыстан шығудың түрлі жолдарын талқылап отыр.

Тарихта қазіргідей осыншалықты қомақты ақшаның мемлекеттен жеке банктерге, корпорациялар мен өнеркәсіптік салаларға ағылған кезеңі бұрын-соңды болған емес.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары оның еуразияшылдық доктринасы Қазақстанды гүлденген, орталықазиялық өңірдегі экономикалық және саяси көшбасшыға айналдыру туралы талпынысқа қазақстандық қоғамды жұмылдырған болатын. Биылғы Жолдауы - осыдан екі жыл бұрын, әлемдік қаржы нарығындағы дағдарыстың басында әзірленген дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді жүйесінің жүзеге асырылуы туралы өзіндік аралық есеп болып табылады.

Диплом жұмыстың мақсаты жаһандық экономикалық дағдарысты жан-жақты зерттей отырып, ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну.

Белгіленген мақсатқа жету үшін зертеу жұмысының келесі міндеттері анықталды:

- дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні;

- экономикалық дағдарыстың пайда болуының әлеуметтік салдары;

- Қазақстандағы экономикалық дағдарыстар себептері және одан шығу жолдары;

- қазіргі кездегі жаһандық экономикалық дағдарыс және оған қарсы шаралардың нәтижелерін бағалау;

- дағдарыспен күресудің мемлекеттік шараларын зерттеу;

- дағдарыс кезіндегі ұлттық экономиканы талдау;

- дағдарыспен күресу бойынша ұсыныстар беру.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазақстанның қазіргі қаржылық дағдарыс жағдайында экономиканы басқарудың теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: К. Маркс, И. А. Шумпетер, Е. Б. Жатқанбаев, М. С. Тулегенова, Ғ. С. Сейітқасымов, О. Б. Баймұратов, Ш. Р. Әбділманова, К. Ш. Дүйсенбаев, А. Б. Зейнелғабдин, Ұ. М. Искаков, Р. Е. Елемесов, С. Ж. Интыкбаева, Н. Н. Хамитов, Ә. Д. Шелекбай, С. Б. Мақыш және т. б. еңбектерінде кездеседі.

Диплом жұмысының нысаны. Жаһандық экономикалық дағдарыс.

Диплом жұмысының пәні. Жаһандық және отандық экономиканың дағдарысқа қарсы арналған шараларды жүзеге асыру барысында пайда болатын қарым-қатынас жиынтығын айтамыз.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне экономикалық және қаржылық дағдарыс тақырыбын зерттеген зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері жатады. Зерттеу әдістерінің негізі ретінде қолданылған әдістер: құрылымдық-жүйелік, факторлы және салыстырмалы талдаулар.

Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде банк қызметіне реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, ҚҰБ-нің Баскармасының қаулысымен бекітілген ережелері, нұскаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, акпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, ҚР ҚҚА-нің нормативтік құжаттары мен есептік деректері, ҚР-ғы ЕДБ-дің есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ әлемдік қаржы дағдарысы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Диплом жұмыстың ғылыми жаңалығы нақты ұсыныстардан тұрады, яғни, әлемдік қаржылық дағдарыс зардаптарын жою шеңберінде маңызды негіздемелер жасалады және әдістемелік өңдеулер жүргізіледі.

Диплом жұмыстың құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, нысанына және пәніне анықтама берілген. Бірінші тарауда дағдарыстың орын алу себептері, әлеуметтік салдары және оның экономикалық мәселелері теориялық тұрғыдан жүйелі түрде зерделенді. Екінші тарауда қаржы дағдарысының пайда болуы қарастырылған. Дағдарыстан шығу жолдары және оны жетілдірудегі шетелдік тәжірибе туралы баяндалған. Қорытындыда совет үкіметі кезіндегі дағдарыс пен қазіргі кездегі дағдарысты салыстыру туралы мәліметтер айтылды. Және де зерттеу барысында айкындалған тұжырымдар, түйіндер мен ұсыныстар баяндалды.

1. Экономикалық дағдарыс ұғымының теориялық аспектілері

1. 1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән құбылыс және социалистік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бұрьндары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды [1] .

Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бұндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.

Мұндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын құрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес. Сонда, дағдарыстың болуы заңды қүбылыс екенін ескерсек, стратегияның қаншалыкты нақты болатынын көріңізші?

"Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алыптастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі. Дағдарыс мәселесіне басқа көзқараспен қарауға болады [2] .

Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе

тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті ұйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі [5] .

Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.

Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: ұйымның жаңаруы немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар. Ол белгілі бір саяси себептермен түсіндіріледі. Негізгі дағдарыс салдары тығыз екі факторға байланысты:

Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ ұзақ және жүйелі шығу. Және ұйым дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу [6] .

Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бұл дағдарыстарды бөлудің масштабты корінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.

Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады. Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән. Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды [8] .

Сурет 1. Дағдарыстың себептері [34, 156 ]

Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек алып қарауға болады. Ол фирмадағы қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бұл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай көрінісі.

Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы немесе қайшылықтардың өршуінен туындайды: жұмыскерлер мен жұмысберушілер, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар, персонал және менеджерлер және т. б. Көбінесе әлеуметтік дағдарыс, экономикалық дағдарысты толықтырушы немесе жалғастырушы болып табылады, кей жағдайда өздері де туындайды, мысалы басқару стилінде, еңбек талаптарымен келіспеген жағдайда, экологиялық мәселелер қатынасында, патриоттық сезімде.

Дағдарыс құбылыстарының пайда болу мәні мен себептеріне, әр түрлі теориялық мектеп өкілдерінің көзқарастарын талдай отырып, әр түрлі түсініктерді шығаруға болады - таза субъективтіден, яғни сұраныс пен ұсыныстың психологиялық концепциясының өзгеруімен, өндірушілер мен тұтынушылардың пессимистік немесе оптимистік көңіл-күйде болуынан, қатаң, барлық экономикалық дағдарыстардың ішінен ең бірішні себеп-капиталистік өндіріс жүйесіндегі таптық келіспес қайшылықтар мүддесіне дейін. Жеке тәуелсіз зерттеушілердің теориялық жағынан айырмашылығы, өздерін ешқандай экономикалық мектепке қатысы жоқтығын айта отырып, кең ауқымды ғылыми позицияның барын айтуда.

Енді, экономикалык дағдарыстардың заңдылықтарын, мәнін және пайда болу себептерін теориялық тұрғыдан қарастырсақ:

Бірінші себеп, яғни экономикалық дағдарыстардың пайда болуы, өндіріс пен түтыну арасындағы үзілу немесе ажырау болып табылады. Натуралды шаруашылық шеңберінде өндіріс пен тұтыну арасында тікелей байланыс болды да, экономикалық дағдарыстардың пайда болуына мүмкіндік болмады. Олардың пайда болуы мен кең етек жаюына, тауар өндірісі мен айналысының дамуы себеп болды. Еңбек бөлінісі, маманданудың және кооперацияның дамуы, өндіріс пен тұтыну арасындағы үзілісті едәуір алшақтатты. Бірақ та жай тауар өндірісінде дағдарыс ықтималдығының қажеттілігі болмады. Онда тауарлар негізінен жергілікті нарықтарда сатылып, оларды өткізу қиындығы локальды мінезде болып, қоғамдағы өткізу процестерінің бұзылуы байқалмады.

Капиталистікке дейінгі өндіріс әдісінде, материалдық игіліктер жеткіліксіз өндірілді. Капитализм кезінде ғана бірінші рет артық өндіріс туындады. Неліктен бұлай болды? Экономиканың дамуы, өндірістің қоғамдық мінезде екендігін, ал иемдену формасы еңбек нәтижесі негізінде жекеменшіктің сақталуына әкелді. Бұл қоғамдық мінездегі өндіріс пен иемденудің меншік формасы арасындағы шиеленістің өршуіне әкелді. Мұндай шиеленістердің әр елде әр түрлі тарихи кезеңдерде болуы, өзіндік спецификаны көрсетеді, ол дағдарыстар мінезіне де едәуір әсер етеді. Экономикалық дағдарыстың мәні, тауарды артық өндірудің төлемқабілетті сұраныс жиынтығы қатынасындағы, үдайы өндіріс жағдайындағы қоғамдық капитал процесінің бұзылуынан, фирмалардың жаппай тоқырауынан, жұмыссыздықтың өсуі және басқада әлеуметтік-экономикалық күйзелісте көрініс табады [9] . Экономикалық циклдарды оқу кезінде, артық өндіріс дамуындағы, өндірістің құлдырауы және көтерілуін сипаттайтын заңдылықтар көрініс табады. Бұл мәселені К. Маркс терең және тыңғылықты зерттеген. Ол дағдарыс себептерінің стихия және анархиялық өндіріс кезінде болмай қоймайтындығын дәлелдеп ашқан [5] . Белгілі экономист В. Леонтьевтің айтуынша: «Іскерлік цикл теориясы Маркстік саясиэкономия алдында айқын қарыздар» [10] .

Дағдарыс және жұмыссыздық проблемаларын шешудің бірден-бір құралы ретінде Кейнс тиімді сұраныс жиынтығын ынталандыру мақсатында экономикаға мемлекеттің араласу идеясын ұсыныды [15] . Циклдық факторын зерттеудегі еңбегінің бірі мултипликатор теориясының жасалуы және кейіннен бұл теорияны циклдық себептерін талдау кезінде кеңінен қолданыс тапты.

Классикалық қоғамдық ұдайы өндіріс циклы төрт фазадан тұрады [16] .

Сурет 2. Экономикалық цикл [34, 341]

2-ші суретте экономикалық цикл көрсетілген. а, в және с нүктелері орналасқан толқын тектес қисық өндіріс көлемінің өрлеу және құлдырау кезіндегі динамикасын сипаттайды.

Бірінші фаза - дағдарыс (құлдырау) . Бұл кезде өндіріс көлемі және іскерлік белсенділік қысқарады, бағаның түсуі байқалады, тауардың қалуы, жұмыссыздар саны және тоқырау саны күрт өседі. Бұл жағдайда экономи-каның дағдарыстардың жекелей салаларға жағымсыз әсер дәрежесінің айыр-машылығын айта кеткен жөн. Күнделікті қолданыстағы заттарды жеткізуші са-лаларда өндіріс көлемі салыстырмалы масштабта аз қысқарады. Бұл уақытта тұтынушыларда бұндай жағымсыз экономикалық жағдайда құрал- жабдықпен тұрмыстық техниканы сатып алуды мүлдем тоқтатып жақсы күндерді күтеді. Сәйкесінше металлургия, ауыр машина жасау салаларында, тоңазытқыш, ав-томобиль және тағы басқа өндірістің төмендеуі, жеңіл және тамақ өндірісіне қарағанда көбірек болады. Экономиканың монополияланған және монополи-яланбаған секторындағы іс -әрекеттің де айырмашылықтары бар. Егер де жоғары монополияланған салаларда дағдарыс кезеңінде өндіріс көлемінің күрт қысқаруы кезінде баға төмендейді, ал капиталдың аз шоғырланған са-лаларында өнім көлемі аздап төмендегенде баға да түседі. Қарапайым түсіндіргенде, монополия өзінің экономикалық билігіне сүйеніп, дағдарысты аз шығынмен өткізеді.

Екінші - депрессия (стагнация) . Бұл фаза (үзақтылығы - жарты жылдан үш айға дейін) шаруашылық өмірдегі жаңа жағдайлар мен сұранымдарға бейімделу, жаңа тепе-теңдік алу фазасы. Бұл фазадағы тән қасиеттер сенімсіздік, ретсіз іс-әрекеттер. Кәсіпкерлердің конъюнктураға деген сенімділігі еңбекпен қалпына келеді, шаруашылық жағдайдағы баға тұрақтылығына қарамастан, олар бизнеске едәуір көлемде қаржы салуды байыппен қарап, тәуекелділікке бармайды. Бұл фаза көп жағдайда пайыз нормасының түсуімен сипатталады [17] .

Үшінші - жандану. Бұл қалыпқа келу фазасы. Капитал салымдары баста-лып, баға өсіп, өндіріс және пайыздық мөлшер өседі. Жандану ең алдымен өндіріс құралдарын жеткізуші салаларды қамтиды. Басқалардың жетістіктерінен жаңа өндірістер құралады. Былайша айтқанда, жандану дағдарыс алдындағы макроэкономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетумен аяқталады. Бұдан кейін жаңа, жоғары көтерулер басталады [18] .

Төртінші - көтерілу (бум) . Бұл жаңа тауарлар және жаңа өндірістердің пайда болуы, капитал салымдарының едәуір өсуі, акциялар курсы және басқада бағалы қағаздар пайыздық мөлшерінің өсуі, баға және еңбек ақының өсуі сияқты бірқатар жаңа енгізулердің арқасынада экономикалық дамуды жылдамдататын фаза. Және дәл осы уақытта банктің баланс қуаты дамып, тауар қоры молаяды. Экономиканың ілгері дамуын жаңа деңгейге шығарған көтерілу кезекті жаңа дағдарысқа база дайындайды.

Жаңа кезекті дағдарыстың алғашқы «серпілісі» (себебі) жиынтық сұраныстың қысқаруы болып табылады. Қайтадан өндіріс төмендейді, табыс- тың азаюы, шығындар мен сұраныс қысқарады. Алғашқы жиынтық сұраныстың қысқаруын тудыратын факторлар әрқилы болуы мүмкін: тозған құралдарды ауыстыру, жекелей өнімдерге сұраныс түседі, салық және не-сие пайыздары өседі, ақша айналым заңдарының бұзылуы, әртүрлі саяси жағдайлардың туындауы, көрінбеген жағдайлар және тағы басқалар. Бұның бәрі қалыптасқан нарық теңдігін бұзып, кезекті экономикалық дағдарысқа серпін беруі мүмкін. Ұдайы өндіріс циклдылыгы мен дәстүрлі фазалардың жиі бұзылу себептерінің көптігін ескере отырып, әртүрлі бағыттағы ғалымдар циклдылықтың төмендегідей әртүрлігін ұсынады:

Әлемдік экономиканың даму тәжірибесі көрсеткендей Кондратьевтің «ұзын толқындары» қоғамдық ұдайы өндірістің дамуын дәл болжаған. Сон-дықтан да оның теориясы әлемнің көптеген елдерінде көрініс тапты, және шет елдік әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, үлкен циклдар құрметтеліп орын берілді. Бұл теорияға 80-90 жылдары бірқатар халықаралық конференциялар арналған, нәтижесінде мынадай қорытындыға келген, әлемде табиғи және қоғамдық процестер дамуының бірегейі ретінде циклдылық заңы бар, сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық мінездегі заңдылықтарды, табиғи-экологиялық циклдар олардың сәйкестілігі және өзара әрекеті, әсерін есептемей түсіну мүмкін емес.

Сурет 3. Экономикалық цикл сатылары [28, 349]

Кондратьев идеясын, ғылымның дамуымен сәйкес көптеген ғалымдармен зерттелген. Бұл бағытта табысты еңбек еткен Австрия экономисі Й. Шумпетер болды [20] . Ол өзінің «Іскерлік циклдар» (1939 ж. ) еңбегінде капиталистік экономиканың ұзақ мерзімді тербелісінің басты қозғаушы күші болып, техникалық және технологиялық жаңа еңгізулердің толқын тәріздес динамикасы екенін дәлелдеді. Қазіргі күнгі жағдайда «ұзақ толқындар» дәстүрлі циклына да біршама әсері бар. Егер дағдарыс үлкен циклдың төмендеуші толқынында кенет пайда болса, онда оның біршама терең және ұзақтау мінезде екенін анықтауға болады, ал үлкен циклдың жоғарлаушы толқынында, дағдарысты жеңуде жағымды (позитивті) әсерде болуы мүмкін.

Кейнстен кейін батыстың экономикалық ойлары, қоғамдық ұдайы өндірістің циклдылығын мойындап қана қоймай, циклдылық себептерін және кұрылымын зерттеу формаларын терендетті, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына циклдылықтың жағымсыз әсері салда-рынан нейтрализациялау әдістері мен жолдарын іздестірді. Әртүрлі жақтастардың циклдылыққа деген көзқарас позициялары жақындасты.

Бірақта, басқа да көзқарас бар: циклдар және дағдарыстар - әр елдің ішкі дамуының ерекшелігінің нәтижесі [21] .

Дағдарыстар жүйелі түрде (циклды), немесе кезеңді, яғни белгілі бір заңдылықтарымен қайталанатын және жүйесіз. Ұдайы өндірістің жүйелі дағдарысы және циклдың басталуын көрсетеді, сол кезде экономика бірінен кейін бірі болып төрт фаза өсіп және келесі дағдарысқа база дайындалады. Олар, экономиканың барлық саласын қамтуымен сипатталып, үлкен терең және ұзақтылығын көрсетеді. Экономикалық дағдарыстың жүйесіз түріне, аралық, жартылай, салалық және құрылымдық. Аралық дағдарыс жаңа циклдық басталуына жол бермей көтерілу немесе жандану фазасын уақытша тоқтатады. Ол кезектілікпен салыстырғанда терең емес және өте ұзақ емес, және локальды мінезде. Бұл дағдарыстар 1924 және 1927 жылдары капиталистік елдерде белең алған болатын. Ал 1953 -1954 ж. ж. және 1960-1961 ж. ж. бұндай дағдарыстар АҚШ пен Канаданы қамтыды.

Жартылай дағдарыстың аралылықтан айырмашылығы, ол барлық экономиканы қамтымай, тек қоғамдық ұдайы өндірістің бірін ғана қамтиды. Бұған мысал ретінде 1932 жылы Германиядағы банк дағдарысын келтіруге болады.

Салалық дағдарыс халық шаруашылығының бір саласын ғана қамтиды. Бұған әртүрлі себептер түрткі болуы мүмкін. Олардың ішінде: сала дамуының үйлеспеуі, кұрылымдық қайта құрылулар артық өндіріс. Бұндай дағдарыстар ұлттық және халықаралық болады. Соңғысына 1958-1962 ж. ж. әлемдік кеме қатынасы дағдарысы және 1977 тоқыма өнеркәсібіндегі дағдарыс [22] .

Құрылымдық дағдарыс қоғамдық өндірістің пропорционалды заңының бұзылуы болып табылады. Бұл сала аралық диспропорцияда көрініс табады, біржағынан және айрықша түрдегі натуралды түрде дамуды реттеуге бағытталған өнімді шығару. 1977 жылдары батыс экономикасын энергетика-лық, шикізат және азық-түлік дағдарыстары жансыздандырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында шағын және орта бизнесті несиелеу
Нарықтық экономика жағдайында шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етудің мемлекеттік саясаты
ҚР индустриалдық - иновациалық саясаты
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұнын сипаттау арқылы тиімді мемлекеттік реттеу механизмдерін ұсыну
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу себептері
Қазақстанның банктік жүйесіне дүниежүзлік қаржылық дағдарыстың әсерін теориялық қарастыру және мемлекеттің банк жүйесін әрі қарай дамытуға және жетілдіруге бағытталған ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау
Экономика пәнінен дәрістер
Дағдарысқа қарсы басқару
Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz