Құзыреттілік – білім мен мүмкіндіктің бірігуі



1 Психологиялық.педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулері
2 Құзырлық тәсіл идеясы
3 Бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайы
4 Тұжырымдар жасау
Қазақстан Республикасында 2010-2015 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына, өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандардың қажет етілуіне байланысты жоғары мектеп алдына білім сапасын арттыруда.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері».
«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен)–қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген.
Орыс тілінің сөздігінде «құзыреттілік» термині «әлдекімнің жақсы хабардар болуы мәселесі төңірегінде» берілген.
Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге асыру керек.
1. С.Е. Шәкілікова, Ш.Ш. Кәрібаев, т.б. Білім берудегі компоненттік тәсіл// Қазақстан мектебі, №4, 2004.
2. С.Аманжолов, Құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негіздері // Өскемен: 2007. – Б.135-140.
3. С.Аманжолов , Қазақстан Республикасының жастарға бағытталған саясаты туралы // Өскемен: 2005. – Б.129-135.
4. Базарғалиева Б., Құзыреттілік. // Қазақстан мектебі,№4,2009.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТІҢ БІРІГУІ

Кучукова Гүлнар Адамовна

Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебі,

тарих пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасында 2010-2015 жылдарға арналған білім беруді
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық
және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек
сапасына талаптың жоғарылауына, өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол
мамандардың қажет етілуіне байланысты жоғары мектеп алдына білім сапасын
арттыруда.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне
қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым:
құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі,
С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты,
қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік, ал екіншісі,
қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді
шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері.
Құзыреттілік термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус
иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі,
білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде
шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
Методикалық терминдер сөздігінде Құзыреттілік (латынның
competentis-бейім сөзінен)–қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде
қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да
бір қызметті орындай алу қабілеттілігі, – делінген.
Орыс тілінің сөздігінде құзыреттілік термині әлдекімнің жақсы
хабардар болуы мәселесі төңірегінде берілген.
Латынның compete деген термині білу, жасай алу, дегеніне
жету деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін
анықтайды. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр
түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді
жүзеге асыру керек.
Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға
бағдарлы үлгі балаларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік
жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және
пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына,
қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу
және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге,
өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді.

Қазіргі өзгермелі уақытта білім берудің жай – күйі дүние жүзінде де
күрделі және қарама – қайшылықтарға толы. Қоғамның дамуы білім беру
саласынан үнемі алда болды, тіпті бұл алшақтық кейбір кездерде ондаған
жылдармен өлшенеді. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал
оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан
білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті
қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының
дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік
шығармашылығын дамытуды педагог – мамандардың біліктілігін жетілдіру
жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзырлылығы негізінде жүзеге
асыру қажеттілігі туындайды.
Құзырлық тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім
қажет және ол қоғамның қандай қажетін өте алады. Оқушының құзырлығын
қалыптастыру бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі.
Құзырлық тәсілді, жоғарыдағы айтқанымыздай, білім сапасын арттыруды
дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы
қарама – қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығарудың бір жолы
деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын
береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана
білуімен маңызды. Сонда мұғалімнің кәсіби құзырлық деңгейі қандай
болмақ? Педагогика зерттеулерге жасалған шолу бұл мәселенің тарихи
тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми -
теориялық тұрғыда аз зерттелуі, мұғалімге құзыреттілігін нығайтуға
мүмкіндік берілмеуі біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде мұғалімнің
әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан дамытудың теориялық негізін
жасау міндетін қойды.
Білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасын дайындау
барысында туындаған құзырлық тәсіл тақырыбы бүгінде барлық ғылыми
педагогикалық ортада талқылануда.
Қазақстандық ғылымдар да ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім
кеңестігіне кіріктіру және қоғамыдқ сұраныстарға жауап беру мақсаттарына
сәйкес білім берудегі құзырлық үлесіне зерттеулер жүргізіп, оны мектеп
тұрмысына енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда.
Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру педагогикалық білім беру мен білікті
жетілдіру мазмұнын жаңарту құралы ғана емес, оны қазіргі талапқа сай
ұйымдастырудың қажетті механизм ретінде де қарастыруға болады. Құзырлық
тұрғысынан ұйымдастыру білім беру мен білікті жетілдіру жұмысына
айтарлықтай өзгеріс ендіріп, оған тәжірибиелік – шығармашылық бағыт
береді.
Сонымен қатар қазір негізгі мәселе Баланы қалай оқыту керек?,
Ойлауға қалай үйрету керек?, Қалай өз өмірінің менеджері болуға
үйрету керек? дегенге бағытталып отыр. 12 жылдық білім беруге көшуде
мектеп алдына негізгі үш бағыт басшылыққа алынады: оқушының жеке
қабілетін, әлеуеттік мүмкіндіктерін, ішкі қажеттіліктерді есепке ала
отырып, жеке-даралық бағытта оқыту. Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін
мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық
компонент–мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен
мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін
меңгеру; профильдік компонент–профильдік оқу стандарты талаптарының
мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңдігін, оқылатын пәндердің
өзара байланыстылығын меңгеру; тұлғалық компонент–оқушылардың өзіндік
зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты арнайы таңдау
курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
Төменгі деңгей (бейімделу)-құзыреттілік туралы түсініктері таяз,
кәсібилікке талпынысы жеткіліксіз, өз бетімен ізденуге, білімін көтеруге
ықтиярсыз, дидактикалық біліктілігі, өз қызметінің нәтижелерін саралау,
баға беру деңгейі төмен, адамдармен тіл табысуға, білім, білік,
дағдыларды игеруге құлықты емес.
Орта деңгей (репродуктивтік)-кәсіби құзыреттілік жайлы білімдері,
қызығушылықтары бар, бірақ тұрақты емес, кәсіби құзыретті мұғалім
болудың қажеттілігін сезінеді.
Жеткілікті деңгей (эвристикалық)-кәсіби құзыреттілікке деген
көзқарасы жақсы, дидактикалық біліктілігі біршама қалыптасқан, оқытудың
әдіс-тәсілдерін, технологияларын қолдануға, шығармашылықпен жұмыс
істеуге қабілеті бар, бірақ тұрақты қолдануға машықтанбаған, жұмысында
жоғары нәтижеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары туралы
Компьютерлік бағдарламалардың рөлі мен орны және олардың шет тілі сабақтарында қолдану
Танымдық құзыреттілік сипаттамасы
Б.Cоқпақбаев шығармалары
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесін қолдану
Тақырыптың мақсат - міндеттері
Оқушылардың креативтік құзыреттіліктерін сыныптан тыс дамыту
Құзыреттілік теориясы
Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу
Президенттің Интеллектуалды ұлт - 2020 бағдарламасы және оның маңызы Қазіргі білім беру моделі
Пәндер