Иосиф Сталин


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

1. Иосиф Сталиннің өмір жолы . . . 3

2. Сталиннің қайтып оралуы . . . 5

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 13

Кіріспе

Кешегі Кеңестер Одағын түрмелер мен лагерлер еліне айналдырған И. В. Сталин туралы біз естіп жүрген әңгімелер сан қырлы. Саясаткерлер мен тарихшылардың біразы бір ауыз сөзбен оны «жауыздықтың» символы десе, соғыс көрген аға буын таланты қолбасшы ретінде танығысы келеді. Қалай болғанда да, Сталин қайтыс болғанда КСРО халқы көздеріне түгел жас алды. Барлық зауыттар мен фабрикалар да жұмысын бір сәтке тоқтатты… Расында да Сталин кім? Ол осынау сый-құрметке лайық тұлға ма? Дегенмен, «ол билік тізгіні өз қолында тұрған шақта адамдарды жанды қуыршаққа айналдырғысы келді. Осыны жүзеге асыру үшін түрлі әрекеттерге барып, күн-түн демей тынымсыз жұмыс істеді. Адамзат санасынан «Алла, Құдай, Жаратушы, Тәңір» іспетті ұғымдарды сылып тастап, орнына «Күн көсем», «Иосфи Сталин», «Ең қатал патша» деген атауларды күштеп болса да енгізбек болды» деп пікір айтушылардың қарасы көбірек секілді. Қалай болғанда да, өмір басқа адамдар тәрізді Сталиннің де «пенде» екендігін бүгінде бүкіл әлемге паш етті…

«Иосиф Сталиннің өмір жолы…»

Иосиф Сталин. Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның отбасында дүниеге келген. Кеңестер Одағының батыры, генералиссимус. Лениннің үміт артқан үзеңгілестерінің бірі. 1922 жылы түрлі амалмен Партияның Орталық комитетіне бас хатшы болып сайланып, осы қызметте 31 жыл отырды. Қарамағында болған елдер оның қанды шеңгелінің зардабын әлі ұмыта қойған жоқ. Сталин билік құрған тұста жарты миллионнан астам адам лагерьлерге тоғытылып, 26 миллион 600 мың 40 адам итжеккенге айдалған.
Сталин жендеттерінің лаңы біздің елде 1937-38 жылдар шырқау шегіне жетті. Қазақтың дербес мемлекет болғанын былай қойғанда кедей табынан шығып, большевиктерге адал қызмет еткен азаматтар қамауға алынды. Тіпті, Мирзоян, Нұрпейісовтар бастаған Орталық комитет бюросының мүшелері де, Кеңестік халық комиссары Ораз Исаев та "жау"- деп танылды. Көзі ашық азаматтарымыз тек жау деп танылып сотталып қоймай, міндетті түрде ату жазасына кесілді. Сталин есігін айқара ашып кіретін батылдығы болған Тұрар Рысқұлов, өзге саясатының өңін байқап қалған Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров . . . Ұлтымыздың тарихына Сталин мен оның Ежов, Берия сынды жендеттері қосып кеткен қаралы тізім осылай жалғаса береді, жалғаса береді . . . Құтырған иттей асқынған қызылдар Ұлы Отан соғысы тұсында да ойранын доғарған жоқ. Аштық пен қуғын-сүргін салдарынан қалжыраған қазақ халқы осы майданға миллионнан астам боздағын аттандырыпты. Бірақ, менсінбейтін көз мұндай жанкештілікті байқамайды. Егін алқабында қалған масақты балаларыма қуырып берейін деген адамдар жау атанып айдалып жатты. Бұл аздай аштық салдарынан халқы ат төбеліндей болып қалған Қазақстанға жан-жақтан кірмелер тоғытылды. Берияның тікелей тапсырмасы бойынша Қап тауынан қоныс аударылған ұлттардың барлығы қазақ даласына орнықты. Неміс, кәрістердің де келетіні осы кезең. Өзі азғантай қалған халқымызға өзгелермен сапырылысып, жойылып кету қаупі төнді. Бірақ, талай азаптың сорын таңдайы татып көрген қазақ бұған да төтеп, сақталып қалды. Бұл кезеңде Сталиннің басты жендеті - уысынан қан сорғалаған Лаврентий Берия еді.

Мәселен, Сталинді алайық. Әміршіл жүйе оның өміріне қатысты бірде-бір жағымсыз деректі қалдырмауға тырысқан ғой. Бірақ қазір Сталин өмірінің әрбір айы, күні, сағатына дейін анықталып жатқан жоқ па?

Сталин Кеңес Одағының батыстағы шекарасын, батысқа қарай, Польша жеріне жылжытты, ал Польшаның батыстағы шекарасы батысқа қарай, ғасырлар бойы немістер тұрып келген немістер жеріне жылжытты. Сөйтіп, мемлекеттер арасындағы бұрыннан бар шекара мызғымас қасиетті және оны еш өзгертуге болмайды деген ұстанымды екінші дүние жүзілік соғыс емес, XX-ыншы ғасырда жаңа мемлекеттердің пайда болуының екінші кезеңі халық аралық деңгейге көтерді. Жаңа мемлекеттер пайда болудың екінші бұл кезеңінде бірінші дүние жүзілік соғыстың аяқталғанына отыз жал өткен кез болатын. Азиядағы, Африкадағы және Кариб теңізі аймағындағы Батыс Европа империялары да күйреп біткен еді. Империялардың бұл екінші күйреуі егемен мемлекеттердің санын бірден көбейтіп жіберді. БҰҰ құрылған 1945-інші жылы оның мүшелігінде 50 егемен мемлекет болса, 1999-ыншы жылы оның саны 185-ке жетті.

Сталиннің қайтып оралуы

Атақты ХХ съезден кейін Сталиннің алып ескерткіштері жаппай қиратылғаны тарихтан белгілі. КСРО-дағы жез мұрт көсемнің ең алып ескерткіші - бес мәрте сталиндік сыйлықтың иегері атанған кезіндегі нөмірі бірінші мүсінші Евгений Викторович Вучетичтің Волга-Дон каналының бойына 1951 жылы 33 тонна жез жұмсап тұрғызған ескерткіші болған көрінеді. Алдымен құлатылғанның бірі осы атақты мүсін болыпты. Дегенмен 42 миллион адамның өліміне себепкер болған «қанды қол қылмыскер» деген ат таңылса да, Сталинге деген әсіресе қарт кісілердің ықыласы әлі күнге сөнбей келеді. Уақыт өткен сайын бұл үрдіс тіпті кейінгі буын арасында да жаңғырыға түскендей. Тирандардың тылсым құдыреті да осында жатқан сияқты. Қай бір жылы грузиндер жарты ғасыр бойына сары майдай сақтаған Сталиннің ескерткішін Кутаиси қаласына қайтадан тұрғызды. Жез мұрт көсемнің тағы бір асқақтаған ескерткіші Махачкалада бой көтерді. Ұлы Қазан төңкерісінің 85 жылдығына орай Бішкектің орталық алаңына қолын көкке созған күн көсем - зәулім Ленин ескерткішін орнатқан қырғыздар арасында да Сталиннің ескерткішін тұрғызуға деген талпыныс байқалған. Бұдан бір-екі жыл бұрын «халықтар әкесінің» туған күні - 21 желтоқсанда Грузияның Хашури мен Боржоми қалаларындағы коммунистер тұрғызған Сталиннің ескерткіштерін «капиталистер» трактормен зорға сүйреп құлатқан. Ал Ресейдегі коммунистер көсемі Геннадий Зюганов Сталиннің ескерткішін Мәскеудің қақ төріне орнатпақ болып әрекеттеніп жүр. Әл-әзір бұл қам-қаракетінен ештеңе шыға қойған жоқ. 1945 жылы өткізілген Ялта конференциясының 60 жылдығына орай Қырымда тұрғызылмақ болған тарихқа белгілі үштік - Рузвельт, Черчилл және Сталиннің ескерткішінің де әлі дау-дамайдан басы арылар емес. Ресейдің мәдениет министрі Михаил Швыдкой: «Сталинді болмаған сияқты көру - ақымақтық. Ал оның бағасын беру - тарихшылардың міндеті. Менің ұстанымым - Сталиннің ескерткіші оның моласы мен туған жерінде тұру керек. Ал басқа жерге қою - бұл үлкен сұрақ . . . » дейді.

Ал енді осы Сталин ескерткішінің қазақ даласының алыс түкпірлерінде әлі күнге сақталып қалғанын білеміз бе?

Махамбет ауданындағы Сталиннің ескерткіші 42 жылдан кейін барып орнынан алынған Қазақ даласының батыс түкпіріндегі жез мұрт көсемнің ескерткіші әлі күнге қасқайып тұра берер ме еді, егер 1989 жылы Мәскеуден шығатын «Известия» газетінде сол кездегі Гурьев облысының Махамбет ауданындағы Сорочинск поселкесінде тұрған Сталиннің ескерткіші жарқ етіп шыға келмегенде. Газеттегі суретте барақ типтес Үгітпункт үйінің қабырғасына Жоғарғы Кеңеске сайлауға шақырған плакаттар ілініпті. Ал Үгітпункт үйінің жанында - Сталиннің ескерткіші. Қолын кеудесіне қойған Иосиф Виссариновичтің сұсты тұлғасы. Қазақстандағы «халықтар көсемінің» ескерткіш суреті бейнеленген осы хабар Одақтың бас басылымында жарық көрген соң, екі аптадан кейін тағы да сол «Известияға» Гурьев облыстық партия комитетінің хатшысы В. Бегинаның аталған мәселеге орай ақталып жазған хаты шығады. Онда ол: «Ескерткіш қазір бар-жоғы 25 үй тұратын Сорочинск поселкесіндегі кезінде мүгедектер мен қарттар үйі саналған ғимараттың қасына 1947 жылы тұрғызылған. КПСС ХХ съезінен кейін ескерткішті алып тастауға бірнеше рет талпыныс жасалғанмен, аталған үйде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектері мен қатысушыларының қарсылығына байланысты ол әрекеттен нәтиже шықпаған. Кейіннен мүгедектер мен қарттар басқа жаққа көшіріліп, ғимарат-жай ауылдық клубқа берілген. Ал ол кез Сталиннің есімі кинофильмдер мен көркем әдебиеттерде, қоғамдық пікірлерде қалпына келтіріліп жатқан уақыт болатын.

Жергілікті партия, кеңес қызметкерлері 1985 жылғы сәуір пленумынан кейінгі елімізде болып жатқан Сталиннің жеке тұлғасын қайта бағалауға байланысты жайтты дер кезінде бағамдай алмаған және аталған ескерткішті естерінен тарс шығарып алған. Газеттегі жарияланымнан соң ескерткіш дереу орнынан алынды. Осыған орай немқұрайлылық көрсетіп, дер кезінде елгезектік танытпаған коммунистердің партиялық жауапкершілік мәселесі облыстық партия комитетінің бюросында қаралатын болады», - деп жазады.
Бұл оқиға көп ұзамай республикалық актив жиналысында Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Геннадий Колбиннің аузымен айтылады.

Міне, бұдан 17 жыл бұрын алыс түкпірдегі балықшылар жатағында орналасқан ауылдық клуб жанындағы Сталиннің ескерткіші орнынан осылайша алыныпты.

Сталиннің ескерткіші Иқан ауылында әлі күнге міз бақпай тұр
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында Иқан деген ауыл бар. Бұл ауылдың аты өзбектің атақты халық ақыны Міртемірдің (Тұрсынов) туған жері болуымен және . . . Сталиннің ескерткішімен шыққан. Алыс түкпірдегі шағын ауылға жез мұрт көсемнің тастұғырын орнату жөніндегі идея Екінші дүниежүзілік соғыстан бұрын туған көрінеді. Көне көз қарттардың айтуынша, мүсінді орнату үшін ауылдағы әр отбасы мүмкіндігіне қарай өз еріктерімен ақша жинаған. Сөйтіп, Мәскеуде тұратын бір мүсіншіге (аты-жөні ұмытылған) тапсырыс беріпті. Басында ауылда ескерткішті соғуға қажетті материалдар табылмай, барынан үзіп-жұлып құраған болыпты. Көп ұзамай соғыс басталып кетеді де, ескерткіш жайына қалады. Соғыс кезінде «Иқан» ауылдық кеңесіне қарасты «Ынтымақ» артелінің колхозшылары бұрынғысынан он есе артық астық жинап, ауыл аты Одаққа дүркірейді. Соғыстан кейін әрең есін жиған ел баяғы ескерткішті 1952 жылы ғана естеріне алады. Оның себебі 1936 жылы ескерткіштің жайымен Мәскеуге барған колхозшылардың ешқайсысы майданнан тірі қайтпапты. Ары қарай іс жөнімен жалғасын тапқан. Сөйтіп, басына әскери фуражке киген, үстіндегі сүйретілген сұр шинеліне бір қолын сұғып тұрған халықтар көсемінің екі метрлік тұлғасы Иқан ауылында елуінші жылдардан бері міз бақпай тұр. Сталиннің жеке басына табынушылыққа қарсы үгіт кампаниясының күресі басталған тұста, ауылдағы «халықтар көсемін» құлатуға қаншама рет талпыныс жасалғанмен, Хрущевтің қаһарынан қаймықпаған иқандықтар көсемнің ескерткішін кеудесімен қорғап қалған. Ел егемендігін алған 90-жылдардың басында да мұртты көсемнің ескерткішін құлатуға бірқатар талпыныс жасалғанмен, тағы да шалдар сақалын төсеп, етпеттеп жатып алған. Сесі қатты коммунистер көсемі ХХІ ғасырға аман-есен жетіп, жарқын капиталистік болашаққа бет алған қазақ жеріне «қайда барасың?» дегендей сұстана қарап, әлі тұр. Кезінде өзі өлердей қарсы шыққан Түркістан Республикасының топырағында ескерткіші міз бақпай тұратынын жез мұрт көсем қайдан білсін.

Сталиннің бюсті жарты ғасырдан астам уақыттан бері соғыс ардагерінің ауласында Сталинді пір тұтатындар аз емес. 80-жылдары мұртты көсемнің суретін машинаның терезесіне ілудің модаға айналғаны бар. Стекеңнің суреті атақты Баукең-Бауыржан Момышұлының да төрінде ілулі тұрыпты. Ал енді оңтүстікқазақстандық соғыс ардагері әрі мүгедегі Ахмет Садулаевтың үйінің ауласында 50 жылдан астам уақыттан бері кеңестік көсем Иосиф Сталиннің кеуде мүсіні сақталып келеді. Бұл кеуде мүсінді Ахмет ака елуінші жылдардың ортасында Шымкент аэропортының жанындағы күл-қоқыстың арасынан кездейсоқ тауып алыпты. Сөйтіп, ауылдас біреудің жәрдемімен Сайрам ауданының Коммунизм ауылындағы үйіне көтеріп әкеледі. Осы оқиғаны еске алған сайын, майдангердің көзінен жас парлайтынын ауылдастары жыр ғып айтады. Көсемнің түсіп қалған бір құлағының орнына өзі қолдан құлақ жапсырып, кеуде мүсінді бетоннан жасалған тұғырға орнатқан ақсақал көктем келген сайын, оны сырлап-майлап, айналасын ерекше күтіп-баптайтын көрінеді.

Кенді Алтайда көсемнің қолы ұзақ уақыт шошайып жатқан Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңа Бұқтырма поселкесіне жақын тау ішіндегі асу жол жағасында жер астынан шығып жатқан үлкен тас қол кезінде талай жолаушылардың үрейін ұшырып, зәре-құтын алған көрінеді. Сөйтсе, оның тарихы былай екен: Кезінде Ертістің жағасында Бұқтырма гидроэлектростансасын салған кезде, осы табиғатты бағындырған кезекті жеңістің құрметіне кеншілер аймақтағы ең биік тұсқа Сталиннің алып ескерткішін тұрғызбақ болады. Сөйтіп, армандарына жеткен. Кейін көсемнің көзі жұмылған соң, басталған жеке басқа табынушылыққа қарсы саяси науқан кенді Алтайға да жетіп, жергілікті белсенділер алып монументті таудан құлатады да, оңай жолмен құтылмақ болып, сол құлаған жеріне көме салады. Кейін «моланы» таудың нөсер жауыны шайып, лениншіл-большевиктің қолын жер тұтқынынан босатып алады. Жұртты қорқытып жүрген сол екен. Сөйтіп, бұл жер көлікпен әрі-бері ағылған жұрттың тоқтап, қызықтап, ақыры демалатын жеріне айналады. Жұрттың зәре-құтын қашырған тас қол кейіннен қазып алынып, біржола көзі жойылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сталинград шайқасы туралы
Сталин
И.В.Сталин, Ф.Рузвельт, У.Черчиль-саяси тарихи тұлғалар туралы ақпарат
И.В.Сталин-саяси тарихи тұлға
Кеңестік социализмнің мәні мен мазмұны
Сталиннын саяси портреты
Қираған берлин қабырғасы
Гитлер ғұмырнамасы
Қазақстанда неміс тілін коммуникация құралы ретінде сақтау мәселелері
Ашаршылықтың ащы шындығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz