Қала экологиялық жүйесін модельдеуде жүйелік тәсілді қолдануды зерттеу


МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР, СИМВОЛДАР,

БІРЛІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Хром және оның қосылыстарының физико-

химиялық қасиеттері

1. 2 Хромның өсімдіктерге, жануарларға және адамға

әсер етуін экологиялық бағалау

  1. МОДЕЛЬДІҢ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ҚОРЫН ЖИНАҚТАУ

2. 1 Зерттелетін ауданның физико-географиялық және климаттық

сипаттамасы

2. 2 Қала ауасының ластану деңгейін анықтайтын метеорологиялық

мәліметтер

2. 3 Өнеркәсіп орындарының орналасу аудандары мен өндірістік

қызметіне сипаттама

2. 4 Хромның адам, жануарлар және өсімдіктер ағзасында

жинақталуының динамикасы

2. 5 Хромның Ақтөбе қаласының ауа, су бассейніндегі

концентрациясы және оның топырақ пен қар қабатында жинақталуы

  1. ЗЕРТТЕУ МӘЛІМЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

3. 1Экологиялық процестерді модельдеуде математикалық әдістерді

қолдану

3. 2 Ақтөбе қаласы халқының 1989 - 1998 жылдар аралығында ауру

құрамы мен динамикасы

3. 3 Математикалық модельдеуді негізге ала отырып Ақтөбе

облысының экологиялық жағдайын болжау

НӘТИЖЕЛЕР

ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР

КІРІСПЕ

Проблеманың өзектілігі

Қазақстан Республикасының территориясында тиімсіз шаруашылық қызметінің нәтижесінде антропогенді әсер етулер арқылы бірқатар экологиялық қолайсыз тарихи региондар қалыптасты. Бұл жерлердің тұрғындары қоршаған табиғи ортаның өзгеріске ұшыраған жағдайында өмір сүріп жатыр. Осындай экологиялық проблемасы күрделі регионға Ақтөбе облысы да жатады. Бұл проблемалар табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған тез шешімдер қабылдауды және ең бастысы, қоршаған орта мен табиғаттың жағдайын, оның үздіксіз өзгерістерін және өзгеру тенденцияларын бақылайтын жақсы ұйымдастырылған жүйе құруды қажет етеді.

Адам денсаулығына негативті әсер етуші себептердің жиынтығы жекелеген региондардың әрқайсысында өзіне тән болады, себебі экологиялық жағдай аймақ дамуының экономикалық жағдайларына, шаруашылық қызметінің негізгі бағыттарына және өнеркәсіптің өктем профиліне байланысты қалыптасады. Бұлардың барлығы қоршаған ортаға әсер етудің өзіндік сипатын анықтайды. Дей тұрғанмен, адам баласының табиғатқа әсер ету тәсілдері мен жалпы заңдылықтарын бөліп көрсетуге болады, бұл - зиянды заттардың, атмосфераға бөлініп шоғырлануы, өндірістің қатты қалдықтарының үйінділерге жинақталуы, жер үсті және жер асты суларында, топырақта зиянды заттардың шоғырлануы осының әсерінен жанама ластанушылардың - өсімдіктер, микроағзалар, балықтар, жануарлар және ең ақырында - адамның көретін зардабы.

Экологиялық ситуацияны зерттеген кезде ластаушы заттардың химиялық құрамы мен мөлшеріне ғана мән беріп қоймай, әр ингридиенттің әсер ету күші мен басқа да параметрлеріне зер салу керек. Мысалы, климаттық ерекшеліктерге байланысты ластаушылардың таралуын зерттеу де бірден-бір қажет зат.

Өндіріс орнының әсер ету ареалы оның орналасу ауданымен ғана шектеліп қоймай, жақын жатқан территориялар мен біртұтас регионға да ықпал етеді.

Адам денсаулығына өндірістік ластаушылардың әсер ету проблемасына хром мен оның қосылыстары кіреді де, өзекті мәселе болып саналады. Хром интоксикациясының патогенезі күрделі және ол жан-жақты жеткілікті мөлшерде зерттелмеген. Үш және алтывалентті хромның қосылыстары өте улы болып табылады. Олардың ерекшеліктері тотығу процестеріне қатысып, метаболизмге әсер ету; ферментативті өзгерушіліктердің жүрісін өзгерту, клетканың биоэнергетикасын, оның структурасы мен функциясын бұзумен білінеді. Бұл өзгерістер өмір сүрудің маңызды органдары мен жүйелерінде пайда болып, ол хромның жалпыулылық (политроптық) әсерімен бақыланады / 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 /.

Математикалық модель қоршаған ортаны білу және шешімдер қабылдау мониторингінде негізгі құрал болып табылады. Адам өзінің күнделікті және ғылыми қызметінде қоршаған дүниенің образдарын (модельдерін) пайдалануға дағдыланған. Ойша құрылған модельдер шынайылықты тек жақындатып қана бере алады. Оның үстіне адам қарапайым өзара әрекеттестіктердің анализін жасауға қабілетті болса да, ондаған және жүздеген факторлардың қосындысынан тұратын жүйелердің өзгеру динамикасын бағалауға бейімделмеген. Осы кезде мәліметтердің көп жиынтығымен жұмыс істей алатын ЭВМ көмекке келеді / 10 /.

Мәліметтер мен білімдер түрінде сақталып, әртүрлі информацияны интеграциялауға арналып, информациялық - модельдеушілер деп аталатын автоматтандырылған жүйелер региондық экологиялық проблемаларды шешу және қоршаған орта сапасын жақсартудың перспективті құралы ретінде қаралады / 11/.

Жұмыстың негізгі міндеттері мен мақсаттары

Қала экологиялық жүйесін модельдеуде жүйелік тәсілді қолдану қажет, бұл кезде ақырғы информация көрсеткіштердің жиынтығымен жинақталады. Ол барлық жүйені құрумен қатар, жекелеген жүйеліктермен бірге зерттелетін объектіні 4 элемент көмегімен сипаттауды қарастырады, олар: өндіріс, қоршаған орта - халық денсаулығы - реттеу құралдары.

Қойылған міндеттер :

  • ластау көздерін анықтау;
  • ластау деңгейіне климаттық факторлардың әсерін зерттеу;
  • ауа бассейніндегі, су ортасындағы, топырақтағы алтывалентті хромның жинақталу динамикасын зерттеу;
  • хромның әртүрлі ағзаларда аккуммуляциялануын корреляциялық байланыс арқылы көрсету;
  • модельдің мәліметтер қорын жабдықтау үшін қала халқының денсаулығына сараптама жасау;
  • жинақталған параметрлер жәрдемімен халық денсаулығына болжау жасау;

Ғылыми жаңашылдығы

  • табиғи ортаның ластануына байланысты барлық экожүйелердегі хромның шоғырлану концентрациясы зерттелді;
  • бірінші рет Ақтөбе облысы бойынша топырақ пен көкөніс, өсімдік пен мал өнімдері арасында хром мөлшерінің жинақталуы бойынша корреляциялық байланыс есептеліп жасалды;
  • халық денсаулығының соңғы 10 жылдықтағы жағдайына табиғи ортаның әсеріне байланысты салыстырмалы сараптама жасалды;
  • математикалық модельдеуді қолдана отырып бірінші рет Ақтөбе қаласының халқының денсаулығына болжау жасалды.

Практикалық маңыздылығы

  • информациялық жабдықтау мақсатында қоршаған ортаны басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасау мүмкіндігі;
  • халықты және атқару органдарын қаланың табиғи ортасының жағдайы туралы шынайы мәліметтермен уақытында танысуды қамтамасыз ету;
  • қоршаған орта жағдайы мен табиғат қорғау технологиялары туралы мәліметтер банкін құру және жүргізу;
  • жүйеде айналып тұрған информация ағымдарын тәртіпке келтіру және алғашқы мәліметтер мен жүйенің әртүрлі деңгейлеріндегі қорытындыланған информацияны пайдалану эффектілігін көтеру;

Қорғауға шығарылатын жағдайлар

  • өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы заттар - хром және т. б. адам денсаулығына қауіпті экологиялық фактор болып табылады;
  • ұзақ уақыт бойы өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы заттардың табиғи ортада - атмосферада, суда, топырақта, жинақталуы - өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде де корреляциялық байланыс береді;
  • урбандалған территорияларда халық денсаулығын бағалау үшін объективті информациялар жинау арқылы ауру түрлерінің приоритеттілері бағаланады;
  • медико - экологиялық ситуацияны модельдеу мен болжау үшін халық денсаулығының экологиялық мониторинг жүйесі мүмкіндік береді.

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Хром және оның қосылыстарының физико-химиялық

қасиеттері

Хром қосындыларының өнеркәсіптің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылуы және оның әрі қарай дамуы адамдардың осы заттармен тікелей қарым-қатынасының мүмкіндігін көбейтеді. Бұл әсіресе өндіріс орындарындағы адамдарға байланысты болып келеді де, әдебиетте жүзден аса сала мен хром және оның қосындыларымен тікелей байланыста болатын 50 мамандық көрсетіледі. / 12, 13, 14, 15 /.

Хром қосындыларының қорлары бойынша Қазақстан Оңтүстік Араб мемлекеті /3100 млн. т. / және Зимбабведен /1000 млн. т. / соң ең алғашқы орындардың бірін алады. Кеннің балансты қорының негізгі бөлігі Қазақстанның Ақтөбе облысының территориясының Оңтүстік-Кемпірсай кен орындарының тобында шоғырланған.

Хром кендерін өнд ірудің негізгі көлемін Дөң тау кен-байыту комбинаты атқарады. Дөң кен байыту комбинатының кен қорлары ауқымды болып есептеледі.

Хром табиғатта бос күйінде кездеспейді, оның негізгі табиғи формасы хром тотығы болып табылады / 16 /. Хром өзінің қосылыстарында негізінен төмендегідей валенттілік көрсетеді: Cr 2+ , Cr 3+ , Cr 6+ Бұлардың ішіндегі ең тұрақтысы болып Cr 3+ табылады. Хромның тотықтану деңгейі артқан сайын оның қышқылдық қасиеттері өседі. Осылайша, Сr 2+ туындылары - өте күшті тотықсыздандырушы болса, Cr 3+ қосындылары тотықтырушы да, тотықсыздандырушы да болып табылады. Өнеркәсіпте металл хромы, хром тотығы / ІІІ /, хромның үш тотығы / VI /, натрий және калий хроматтары, натрий және калий бихроматтары, хлорлы хром / III / қолданылады.

Металл хромын пайдалану - оның ыстыққа төзімділігі, қаттылығы және коррозияға төзімділігіне негізделген. Болаттың беріктігін арттыру үшін хром ең көп мөлшерде пайдаланылады. Хром даттанбайтын, ыстыққа шыдамды және қышқылға төзімді болаттар құрамына кіре отырып, олардың коррозияға және жоғары температурада тотығуына төзімділігін, сонымен қатар олардың қаттылығы мен ұнтақталу мүмкіндігін арттырады. Алюмо және силикотермдік алынған хромды нихром, нимоника және басқа да никельқорытпаларын қорыту үшін пайдаланады.

Хромның біршама бөлігі декорациялы коррозияға беріктік беріп қаптау - хромдау үшін қолданылады, Ұнтақ хром металды керамикалық заттар мен пісіргіш электродтар үшін материалдар жасауға пайдаланылады.

Лағыл тастағы қоспа - Cr 3+ ионы түріндегі хром, қымбат асыл тас және лазер материалы ретінде пайдаланылады.

Хром тотығы - хром, хром карбиді, тегістеуші паста мен әйнек және керамика бояуларын алуға қажетті шикізат - хром катализаторлары құрамына кіреді. Хорм тотығы негізінде жасалған темір қоспалары бар бояулар жарықтың, оттың, ауадағы оттегінің әсеріне төзімді болады. Құрамында хром тотығы бар катализаторлар ароматты көмірсутектерін дегидрогенездеу, ароматты көмірсутектерін парафиндеу, крекинг және гидрациялау процестеріне, мұнай газдарының конверсиясына және т. б. пайдаланылады.

Хромның үш тотығы электролизді хромдау жолымен хром тотығын алу үшін шикізат болып табылады.

Натрий және калий хроматтары химиялық реактивтер, хром тотығының шикізаты, мақта-мата өнеркәсібінде қолданылатын бояу, тері өнеркәсібінде тері өңдейтін ерітінділер құрамына кіретін малма /иге кіретін зат/ ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, ол ағаш консерванттары, тұқым улайтын дәрілер жасау үшін де пайдаланылады.

Натрий мен калий бихроматтары металл өңдеуші, тері, мата, химиялық және бояу-лак, фармацевтика, керамика, сіріңке жасау, пиротехника, фотография, ауыл шаруашылығында және т. б. кеңінен қолданылады.

Хлорлы хром хромдау процестерінде және хром алу үшін пайдаланылады

/ 17, 18, 19, 14, 16, 19, 20 /.

Хром қосындыларының шектеулі концентрация шегі төмендегідей мөлшерде беріледі:

  • жұмыс зонасының ауасында - металл хромы - 2мг/м3, хромның үш

тотығы - 0, 01 мг/м 3 , хлорлы хром /хром тотығына шаққанда/ - 0, 01 мг/м 3 хроматтар - 0, 01мг/м 3 , хромды - аммонийлі ашудастар /хромның үш тотығына шаққанда/- 0, 02 мг/ м 3 ;

  • елді мекендердің атмосфералық ауасында - хромның үш тотығы /максимум мөлшерде, бір реттік/ - 0, 0015 мг/м3; орташа тәуліктік - 0, 0015 мг/м3;
  • алтывалентті хром қосындылары /хромныңүш тотығына шаққанда/ - максимум бір мәртелік - 0, 0015 мг/м3;
  • шаруашылық - ауызсу және мәдени - тұрмыстық мақсатта пайдаланатын су қоймаларында алтывалентті хромның қоспалары - 0, 1 мг/л;
  • ағын суларда - үшвалентті хромның қосындылары-6мг/л, алтывалентті хромның қосындылары - 0, 1 мг/л ;
  • тағам өнімдерінде: сүтте - 0, 1 мг/кг, етте - 0, 2 мг/кг, балықта - 0, 3 мг/кг, жеміс-жидектерде - 0, 1 мг/кг, көкөністерде - 0, 2 мг/кг, ұн мен жармаларда - 0, 4 мг/кг, балалар азығында - 0, 1 мг/кг, басқа тамақ өнімдерінде - 0, 5 мг/кг, сусындарда - 0, 05 мг/кг.

Хромның қоршаған ортаға келіп түсуі хром кенінен хром қосындыларынан алып, оны әрі қарай өңдеу кезіде атмосфераның аэрозольдермен ластануы және хромқұрамды минералдардың желмен ұшуы арқылы жүреді. Ауадан келіп түсетін хром қоспалары топырақ пен су қоймаларын ластайды. Су қоймаларын негізгі ластаушылар өнеркәсіптік ағын сулар мен құрамында хромы бар топырақ шайындылары болып табылады / 21, 22, 23, 24, 25 /.

Жерасты сулары мен ашық су қоймалары құрамында ерігіш хром тұздары бар атмосфералық жауын-шашын арқылы да ластанады. Хром атмосфераға хром тотығы, хроматтар, бихроматтар, хлорлы хромил түрінде келіп түседі. Хром кендерін өндіретін және өңдейтін, хром қоспаларын алатын және пайдаланатын /тау-кен, машина шығаратын, металл өңдейтін, тоқыма және т. б. / өнеркәсіп орындары қоршаған ортаның ластаушы көздері болып табылады. Хромды ферроқорытпалар өнеркәсібінде жұмыс жасау зонасының ауа ортасына ол хром кенінің дезинтеграциясының аэрозольдары түрінде, пештер мен сұйық қорыту және шлактың ашық бетінен бөлінетін үш және алты валентті хромның конденсациясының аэрозольдары түрінде келіп түседі / 26, 19, 22, 27, 28, 25/.

Ауаның үш және алты валентті хроммен ластануы өндірістің бастапқы және соңғы кезеңдерінде ондаған, тіпті жүздеген мг/м 3 құрайды. Балқыту бөлімдерінде алтывалентті хром концентрациясы біршама төмен болады. Хром тотығының ең көп мөлшері рафинделген феррохромды балқыту кезінде бөлінеді. Шаңдағы хром темір, маргенц және басқа да ауыр металдармен қосылыстар түрінде болады / 29, 30, 31/.

Өнеркәсіп орындарының айналасындағы, топырақта, өсімдік пен жануар тектес тағамдарда, құрамында артық мөлшерде хром жинақталған биогеохимиялық провинциялар пайда болуы мүмкін / 17, 32, 16, 33/.

Батыс Қазақстанның Ақтөбе облысында хром кендерінің шоғырланған жерлерінде топырақтағы және топырақасты қабаттарындағы деңгейі 0, 2-1, 0% құрамды хромы бар биогеохимиялық провинция бар. Ол кларкты құрамнан 30-50 есе көп. Ақтөбе облысының жекелеген аудандарында хром концентрациясы топырақта төмендеу болғанмен, оның кларкты құрамы екі я одан да көп есе құрайды / 22, 16, 34/.

1. 2 Хромның жануарларға және өсімдіктерге әсер етуін экологиялық бағалау

Қазіргі уақытта клиникалық-экспериментальды зерттеулер арқылы хромның әртүрлі валентті қосындыларының адам мен жануарлар ағзасына әсері бір типті емес және ол оның физико-химиялық қасиетеріне тәуелді екені дәлелденген. Өте улы және тұрақты болып табылатыны - хромның алтывалентті қосылыстары / 12, 35, 36, 37, 38, 28, 39/.

Хромның жер қабықшасындағы геохимиясы - бұл негізінен оның үшвалентті ионының геохимиясы. Ауада, топырақта және суда алтывалентті хромның болуы - антропогенді әсер етуге байланысты. Адамдардың әртүрлі өндірістік іс-әрекеті хромның улы иондарының қоршаған ортада жинақталуына әкеліп соқтырады, ал ол өз кезегінде хром қоспаларының адам ағзасына тек өндіріс жағдайларында ғана емес, өндірістен тыс жерлерде де шектеулі рұқсат етілген шегінен артық мөлшерде келіп түсуіне ықпал етеді.

Қоршаған ортаның хроммен ластануы кезінде ол ағзаға өте көп мөлшерде тамақ өнімдерімен, ингаляциялы және терінің қабатынан резорбция жолымен келіп түседі / 40, 41, 42 /. Хромның ағзаға таралуы және жеке органдарға жинақталуы қоспаның химиялық табиғаты мен дозасына байланысты. Интактілі қояндарға екі ай бойы калий бихроматын ингаляциялы және пероральды /тамақпен/ енгізгенде хромның құрамы /бақылаудағыларға қарағанда/ барлық зерттелген органдарда өсіп отырды. Бұл кезде ингаляциялы жолмен асқазанға жібергеннен көрі көбірек келіп түсті. Ингаляция кезінде хромның максимум концентрациясы бауырда табылған (органның шикі салмағынан 72⋅10 -5 %), ал минимум мөлшері - мида (3, 5⋅10 -5 %) . Асқазанға жібергенде хромның жоғары концентрациясы трахеяда (18-10 -5 %) және бауырда (16-10 -5 %) мөлшерінде анықталған

/ 43, 44, 45, 46, 47/.

Эксперименттегі жануарларға (қояндарға) калий бихроматын ішетін су арқылы 60 күн бойы 5мг/кг дозасында беріп отырғанда минимум деңгейі бауырынан (0, 16мг%) табылған. Бүйректегі, өкпедегі және жүрек бұлшық етіндегі құрамы үш есе аз (0, 05-0, 06мг%) болған. Натрий бихроматының ыстық ерітіндісімен 850г/л концентрациясында қояндардың арқасындағы жарақаттанған терісіне аппликация жасағанда оның шапшаң сорылып, бауыр мен бүйрекке жинақталғанын көрсетті /48, 49/. Егеуқұйрықтың аталықтарын ұзақ уақыт 30мкг/м 3 концентрациясындағы алтывалентті хроммен улаған кезде (90 күн бойы тәулігіне 20 сағат), оның өкпедегі мөлшері 1% жетті (ұлпаның құрғақ қалдығына шаққанда), бұл бақылаудағы деңгейден 30 есе көп. Хромның мөлшері бүйректің құрғақ қалдығында (0, 1%), бауырда (0, 045%), талақта (0, 08%), бастың миында(0, 04%) болды / 50, 28 /.

Органдардағы хромның химиялық анализі ағзадағы таңбаланған хромның таралуын зерттеу нәтижелерімен қиысады. Үшвалентті хромның радиоактивті изотопын (Cr 51 ) ақ егеуқұйрықтың аталықтарына хлорлы тұз ретінде 5мккюри (улы емес доза) мөлшерінде бір мәрте қарын ішіне, асқазан ішіне, тері астына және интратрахеялы енгізілген. Қарын ішілік және тері астылық енгізу кезінде егеуқұйрық қанында 5 минуттан соң 10% және 3% мөлшерінде енгізілген хром, бір сағаттан 6 сағатқа дейінгі интервалда қандағы хромның құрамы максимум шамаға жетті яғни біріншісінде 28%, екіншісінде 11% болды. Хромның ең көп мөлшері плазмадан табылған. Бір тәуліктен соң қандағы хромның концентрациясы азайған, бірақ мөлшері жоғары деңгейде қалғандықтан, қанды индикатор орта ретінде есептеуге мүмкіндік берді / 42 /.

Парентеральды тәсілдермен енгізгенде хром ағзада әжептәуір ұзақ уақыт кідіреді де, 30 күннен кейінгі қалдық деңгейі енгізілген мөлшерден 15-31% құрайды, әрі хром-50% алғашқы мөлшерде екі тәулік ішінде шығарылса, қалған бөлігі енгізілген бөлікте (екінші депо) қалып қояды. Бұл кезде енгізген жер хромнан тез босайды да, ал қалған 30-тәуліктегі хром мөлшері (31%) ішкі органдарда болады. Трахеяға хромды енгізгеннен кейін 30 тәуліктен соң оның құрамы өкпе мен тері асты клетчаткаларында осыларға сәйкес алғашқы мөлшерінің 15% және 28% құрайды. Таңбаланған хромды енгізгеннен кейін 30 тәуліктен соң оның құрамы (% енгізілген доза мөлшерінен берілгенде) :

Қарын мен бауырда - 2, 5; бүйректерде - 1, 2; талақта - 4, 2; өкпеде - 0, 4; қуыс сүйекте - 1, 0% құрады. Тері астына енгізгенде бауырда - 2, 2; бүйректе - 0, 5; өкпеде - 20, 0; қуыс сүйекте - 1, 0% . Демек, аталған енгізу тәсілдерінің барлығында да хром көбінесе бауырда, бүйректе, қуыс сүйектерде, ал трахеяға енгізгенде - өкпеде жинақталады. Енгізу әдісінің түріне байланыссыз хром ұзақ мерзімге бауырда және ретикулды-эндетелиальды жүйеде жиналады / 42, 51, 52, 53/.

Хромның таңбаланған изотоптары сонымен қатар, оның үш және алты валентті қоспаларының таралуын салыстыру үшін де пайдаланылды. Егеуқұйрық тышқандарының құрамында 5мккюри 100г дене массасындай Cr 51 бар натрий хроматын (Cr +6 ) және хлорлы хромды Cr +3 енгізгенде, сол ендірілген қосылыстарға байланысты ішкі органдар мен қанда хромның жинақталу динамикасының біршама айырмашылықтары анықталды.

Хромды хлордың өкпедегі максимумы енгізген соң 10 минуттен кейін өкпеде біртіндеп жиналып, 6 сағатта (17, 5%) жете отырып, 6 сағаттан соң күрт азайса, хромат максимумге жетіп, 17 тәуліктен соң азая бастайды

/ 54, 55, 42, 28 /.

Адамда хромның ең көп мөлшері бауырда, ішкі секреция бездерінде және ішекте табылған /29, 56, 24, 57/. Жаңа туған сәбилердің ұлпаларында ересектерге қарағанда хром көбірек табылады. Хромның жүректегі, өкпедегі қарта мен талақтағы құрамы өмір сүрудің алғашқы 10 жылында тез төмендей бастайды да, бауыр мен бүйректе оның деңгейі екінші он жылдыққа дейін сақталады. Өкпе - организмнің қартаюына байланысты хромның құрамы өзгеретін бірден-бір орган /42/. Хромның таза қандағы 4, 6 мкг% құрамы қалыпты мөлшер деп алынады /58/. Хромның сау адамдар плазмасындағы концентрациясы 0, 009-0, 055 мкг/л, эритроциттерде 0, 055-0, 054 мкг/л аралығында болады. Адамның қалыпты қан сарысуында хромның концентрациясы 0, 14 мкг/л көлемде болады /59/. Өндірісте хроммен тікелей қарым-қатынаста болатын адамдарда оның шаштағы, тырнақтағы, қандағы, аймақтық лимфабуындардағы мөлшері басқа органдар мен ұлпаларына қарағанда көп болды /60, 52/. Өндірісте хромның аз концентрациясымен (шектеулі концентрация шегінен төмен) ұзақ уақыт жұмыс жасаған 400 жұмысшыға тексеру жасағанда қандағы хром деңгейі 0, 066-0, 011 мкг/л екенін көрсетті / 60 /.

Ағзаға келіп түскен хром бүйрек, тоқ ішек, өт арқылы, ал емшекте балалары бар әйелдердің сүті арқылы бөлінеді /42/. Егеуқұйрықтарға үш және алтывалентті хромның қоспаларын парентеральды енгізген уақытта бүйрек ұлпасына алтывалентті хромның анағұрлым интенсивті енгенін көруге болады. Бүйрек ұлпаларындағы радиоактивтіліктің өзгерулері қандағы өзгерістермен сәйкес келгендігі, оның бүйректегі бөлу функциялары мен қандағы концентрациясының өзара байланысын көрсетеді. Радиоактивті заттың зәрмен шығуы (47% дейін натрий хроматы және 20% ке дейін хром хлориді 17 тәулікте) олардың бүйрек жолымен бөлінуін дәлелдейді. Хроматтың бөлінуінің негізгі органдары - бүйрек, ал хром хлоридынікі - бүйрек пен ішек деп есептелінеді.

Бихроматтармен тікелей жұмыс істейтін адамдардың қанында хром 0, 005тен 0, 25%, асқазан құрамында-0, 002 ден 0, 15 мг%, өтте-0, 005 тен 0, 12 мг%, зәрде 0, 04 тен 0, 3 мг%, нәжісінде - 0, 002 ден 0, 7 мг%, сүтте - 0, 42 мг% ке дейін болып тұрған.

Хром қосындыларының, әсіресе алтывалентті хром қосындыларының улы әсерлері туралы деректер қазіргі заманғы әдебиетте бірқатар ірі жұмыстармен берілген / 12, 13, 61, 19, 62, 16, 27, 63, 64, 65, 66 /.

Улылық деңгейіне байланысты хром қоспалары 3 топқа бөлінеді.

Ең улы қосындыларына алты валентті хром, оның ішінде бихроматтар хроматтарға қарағанда анағұрлым улы, ал үшвалентті хромның қосындыларының улылығы аздау. Металды хром мен оның қос валентті қосылыстарының улылығы аз деп есептелінеді / 16, 34 /.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есептердің математикалық моделін құру
Ақпараттық модельдеу
Модель және компьютерлік модельдеу негіздері
Жүйе күйінің функциясы
Математикалық модельдеудің негізгі кезеңдері
ANGULAR ПЛАТФОРМАСЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПОРТАЛЫН ӘЗІРЛЕУ
Компьютерлік модельдеу түсінігі
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Мектеп информатикасында ақпараттық модельдеу тәсілдерін өткізу әдістері
Модель және компьютерлік модельдеу пәнінен дәрістер кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz