Рента жəне өмiр бойы асырауда ұстау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

3 тақырып : РЕНТА ЖƏНЕ ӨМIР БОЙЫ АСЫРАУДА ҰСТАУ.

Жалпы ережелер.

Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi рента алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттелген.

Рента шарты мүлiктi иелiктен шығаруға арналған шарттардың бiрi. Мүлiк рента төлеушi меншiгiне өтедi жəне бiр уақтылы мүлiктiң кездейсоқ жойылуы немесе бүлiнуi қауiпi оны күтiп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады.

Рента шартының ерекшелiгi: мүлiк төлемақы төленiп, не болмаса төленбей берiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 519-бабы бойынша осыған қарап сатып алу- сату шарты немесе сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады.

Тараптары: ренталық мiндеттемелер бойынша коммерциялық ұйым рента алушы бола алмайды. Жеке кəсiпкер ретiнде əрекет ететiн азамат та ренталық мiндеттеменiң тарапы бола алмайды.

Рента шарты реалды өйткені тараптардың құқықтары мен мiндеттері пайда болуы үшiн мүлiк рента төлеушiге берiлуi керек.

Рента шарты бiр жақты шарт болып табылады. Мүлiк берiлгеннен кейiн жалпы тəртiп бойынша рента алушыға ешқандай мiндеттеме жүктелмейдi. Рента шарты жазбаша нысанда нотариалдық куәләндірілуге тиіс. Рента төлеу үшiн қозғалмайтын мүлiк иелiктен шығарылса шарт мемлекеттiк тiркеуден өтуi тиiс.

Рента төленуi үшiн жылжымайтын мүлiк берiлетiн болса, заң мiндеттеме орындалуды қамтамасыз ету түрiн тiкелей анықтамайды. Бiрақ, рентаға берiлетiн немесе өзге мүлiктiң кепiлi қарастырылған. Ренталық мiндеттеменi орындамаған үшiн жауапкершiлiк ҚР АК 522 бабында қарастырылған және оған азаматтық құқықтағы жауапкершiлiк (шарттық мiндеттемелердi орындамаған үшiн) туралы жалпы ережелер қолданылады.

Рента шартының түрлерi :

1) тұрақты рента шарты;

2) ғұмырлық рента шарты;

3) өмiр бойы асырауда ұстау шарты.

Жалпы нормалар шарттың аталған үш түрiне де бiрдей қатысты болып табылады.


1) тұрақты рента шарты:

Тараптары : рента алушы жəне рента төлеушi табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар жəне коммерциялық емес ұйымдар келедi. Тұрақты рента алушы болып мемлекеттiк мекемелер бола алмайды, себебi олар мемлекеттiк бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылуы мүмкiн емес.

Тұрақты рентаны төлеушiлерi болып азаматтар (жеке тұлғалар) жəне тиым салынбаған жағдайда (заңмен немесе құрылтай құжаттармен) коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар болуы мүмкiн.

Нысанасы болып бiр жағынан рента төленуi үшiн иелiктен шығармайтын мүлiк, екiншi жағынан ренталық төлемдер табылады.

Бағасы : тұрақты рента шартына қатысты рента төлеушiнiң меншiгiне берiлетiн мүлiктiң бағасы , ренталық төлемдердiң мөлшерi жəне тұрақты рентаны сатып алу бағасы туралы айтуға болады.

Ұзаққа созылатын төлемдер болғасын рента индекстеуге жатады. Шартпен өзгеше белгіленбесе, төленетiн рентаның мөлшерi заңмен бекiтілген айлық есепттік көрсеткiштiң өзгеруiне байланысты бара-бар өзгередi.

Мерзiм: т ұрақты рента мерзiмсiз төленедi, яғни оны төлеу мiндетi өз бетiмен тоқтатылуы мүмкiн емес. Төлемдердiң мерзiмдiлiгi шарттың өзiнде анықталмаса, тұрақты рента əрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталуымен төленуi керек.

Мазмұны : рента төлеушiнiң негiзгi мiндетi шартпен қарастырылған ренталық төлемдердi тиiстi мерзiмдерде төлеп тұруда болып келедi. Рентаны төлеушi рентаны сатып алу арқылы оны төлеуден бас тарта алады.

Рентаны алушыда тек құқықтар болады: ол ренталық асыраудың дер уақтылы жəне тиiстi төленуiн талап ете алады. Кейбiр жағдайларда рента алушының рента төлеушiден оның рентаны сатып алғанын талап етуге құқығы пайда болады. Оған негіздемелер:

1) рента төлеушiнiң рента төлеу мерзiмiн бiр жылдан астам уақытқа өткiзiп алуы (өзге мерзiмдер шартпен қарастырыла алады) ;

2) рента төлеушiнiң ренталық мiндеттеменi қамтамасыз ету (мүлiктi кепiлге беру ж. б. ) бойынша, рента алушы алдындағы өзiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру бойынша мiндеттерiн бұзуы;

3) рента төлеушiнi төлемге қабiлетсiз деп тану, немесе рента шартта қарастырылған мөлшерде жəне мерзiмдерде төленбей-тiнiн дəлелдейтiн (көрсететiн) өзге жағдайлардың пайда болуы;

4) рента төленуi үшiн берiлген жылжымайтын мүлiк ортақ мен-шiкке айналуы немесе бiрнеше тұлғалар арасында бөлiнуi;

5) шартпен көзделген өзге жағдайлар.

Рента төлеушi рента төлеудi тоқтатуы немесе оны төлеу жағдайларынөзгертудi талап ете алады.

2) Ғұмырлық рента шарты

Тараптары: ғұмырлық рента алушы ретiнде бiрнеше субъектiлер бола алады. Егер шартта өзгеше көзделмесе олар бiрдей тең құқылы болады .

Рента төлеушiлерi болып қандай да болсын тұлғалар келе алады.

Нысанасы болып əрбiр қозғалатын жəне қозғалмайтын мүлiктер жатады . Екiншi құрама бұл ренталық төлемдер пəнi тек ақшалай төленедi. Ғұмырлық рента шартта қарастырылатын, рента алушысына оның өмiрi бойы мерзiмдi (мезгiл мезгiлiмен) төленiп тұратын ақшалай сома ретiнде анықталады. Ол ең төмен жалақының мөлшерiнен кем болмауы керек.

Ғұмырлық рента ай сайынғы төлемдер түрiнде əрбiр кезектi ай аяқталғасын төленiп тұрады. Шартпен ғұмырлық рентаны төлеудiң өзге мерзiмдерi қарастырылуы мүмкiн.

Мазмұны : рента төлеушi рента төлемдерiн уақтылы мерзiмде төлеуге мiндеттi. Рента алушы рента төлеушi рента төлемдерiн жасаудың шартта көзделген жағдайларын бұзса рентаны сатып алуды талап ете алады. Егер ғұмырлық рента төлеу үшiн мүлiк тегiн берiлсе, ол мүлiк қозғалатын қозғалмайтын болғанына байланыссыз рента алушы рентаны төлеушi шартты бұзса мүлiк қайтарылуын талап ете алады.

3) Өмiр бойы асырауда ұстау шарты :

Өмiр бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы - азамат өзiне тиесiлi қозғалмайтын мүлiктi сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға мiндеттенген рента төлеушiнiң меншiгiне бередi.

Өмiр бойы асырауда ұстау қатынастарын реттеу ғұмырлық рента шартын реттейтiн нормаларға негiзделген (ҚР АК 535-бабы 2-тармағы) және ҚР АК 28 тарауының 4-ші бөлігінде қарастырылған. Тараптары: өмiр бойы асыраумен қамтамасыз етiлетiндер (асыраудағылар) болып азаматтар ғана саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмір бойы асырауда ұстау шартының құқықтық реттелуінің мәселелері: теория және тәжірибелік мәселелері
Рента шартының ерекшелігі
РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Тұрақты рента шарты
Рента шарты туралы ұғым
Рента шартының түрлері
Рента шартының басқа шарттардан айырмашылығы
Рента шартының жалпы ұғымы мен нысаны
Өмірбойы асырауда ұстау шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz