Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы

XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық өзгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үмітгерің Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында A. Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының "делегаттар съезі" щақырылды. Онда кадет партиясының бѳлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірак кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық жәгіе т. б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың ѳзін-ѳзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі A. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа "Алаш" партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.

Бірінші бүкіл қазақтық съезд Орынборда 1917 ж. шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.

1917 жылы 21 қазанда "Қазақ" газетінде "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда тендік, жеке адамның дербес құкылығы, сез, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең, қазактардың езіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халыктың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оку орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.

1917 жылы желтоксан айынын. бас кезінде Орынборда екінші жалпы қазақтын съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып A. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, "Алаш" партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.

"Алаш" партиясы жѳнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бұрынғы коммунистік идеологиянын тұрғысынан оны "буржуазиялык-ұлтшыл" партия ретінде карайды. Екіншілері (M. Қозыбаев, M. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялық партия деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализма құру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойган жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдық емес, жалпы демократиялык мақсатқа жатады.

"Алаш" теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда "Үш жүз" деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар үстап, "Алаш" партиясының басты оппоненті болды.

1918 жылы 1 каңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес ѳкіметі кезінде, кѳпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СOKП болды.

Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, ешпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдердің барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып "орталықтың" отаршыл саясаты мен әкімшіл-әміршіл жүйесіне ашық қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шықты. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды. 1987 жылы шілдеде СОКП Орталық Комитетінің қазақ халқын ұлтшыл деп кінәлаған қаулысы жағдайды одан әрі асқындырып жіберді. Қазақтың ұлттық санасын дамыту, өзінің шыққан тегіне бет бұру, тілін, дінін, ұлттық мәдениетін дамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген "Желтоқсан" қозғалысы дүниеге келді, кейін (1990 ж. мамырда) соның негізінде осы аттас партия құрылды.

Республиканың саяси өмірінде "Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы" заңы айтарлықтай рөл атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар мен бірлестіктер занды жұмыс істеуіне мәртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.

Республикадағы алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы және т. б. қойылды.

Егер Республика аумағында белді рөл атқарған (кобі әлі де атқарып жүрген) бірнеше партиялардың бағыт-бағдарламаларына, іс-әрекеттеріне тоқталсақ, олар мыналар.

Ұлттық-демократиялық "Желтоқсан'' партиясы. Жоғарына айтылғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан окиғалары болды. Ұйымдасуы жағынан бұл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде калыптасты. 1990 ж. мамырда "Әділет", "Азамат", "Жерұйық", "Кәусар бұлақ", "Форум" сияқты қоғамдық ұйымдардың бастамасымен құрылтай съезі шақырылды. Сонда "Желтоқсан" қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы декларация қабылдаңды. Партияның бағдарламасында республиканың саяси және экономикалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан окяғалары құрбандарын орынсыз тағылған кінәдан толық ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандықтармен тығыз байланыс ұйымдастыру, ислам дінінің қайта өркендеуі жолында күрес жүргізу көрсетілген.

Қазақстанның республикалық "Азат" партиясы. Ол езінің тарихын 1990 ж. шілдеде болган Қазақстанның азаматтық " Азат" қозғалысының құрылтай конференциясынан бастайды. 1991 ж. 4 қыркүйекте "Азат" қозғалысының құрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Қазақстанның республикалық "Азат" партиясының пайда болғаны туралы шешім қабылдан-ды. Ол бағдарламасында Қазақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтамасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т. б. мақсат етіп қояды.

Жалпы алғанда ұлттық-демократиялық "Желтоқсан" партиясы, Қазақстанның республикалық "Азат" партиясы, "Алаш" ұлт-бостаңдық партиялары ұлттық және ұлттық-демократиялық түрде қалыптасып, незігінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты кѳп кѳрген қазақ халқына басымдыктар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепаратисте пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп түратын. Бүл партиялардың ондай іс-әрекеттеріне қаймықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айткан жон.

Қазақстанвың социал-демократиялық партиясы. 1990 ж. 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында батыс елдеріндегі осы аттас партиялардай бостандық, ынтымақтастық, әділеттілік идеяларын ту етеді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру және т. б. мақсаттарды көздейді.

Қазақстанның социалистік партиясы. 1991 ж. 7 қыркүйекте құрылды. Онда Қазакстан Коммунистік партиясының кезектен тыс (тѳтенше) съезі етіп, оның мүшелері ѳзін-ѳзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып, соның негізінде Қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасында мынадай стратегиялық мақсаттарды қояды: саяси, салада шынайы демократияны, құқыктық мемлекетті, биліктің

болінуін, саяси алуан түрлілікті, ұлттардың тендігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында - катаң каржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік салада - халықтың осал жігін - аналар мең балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғұрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттык, шеңберден тыс құрылымдар құруға қарсы еместігін білдіреді. Өздерін коммунистік партияның мирас қорымыз деп санайды.

"Қазақстанның Халық Конгресс" партиясы 1991 ж. 5 қазанда өткен құрылтай съезінде құрылды. Өзін центрисггік либералдык-демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құкыктық қоғам орнатуды қалайды, Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп Президенттік рес-публиканы жөне 2 Палаталық Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін нарықтық экономиканы құруды дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық түсінушілікті қамтамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиялы қауым мен кәсіпкерлік топтарға бағдар ұстайды.

"Қазақстанның Халық бірлігі" одағы 1993 ж. 6 акпанында өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияны қарсыластары "номенклатуралық партия", "үкімет партиясы" деп атады. Бұл партия Президент H. Ә. Назарбаевтың көзқарасын жақтайды. Ол ѳзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды. 1995 жылдың қаңтарында болған съезінде одақты партия деп атауға шешім қабылданган. 1999 жылы наурыз айында бұл партия "Отан" партиясының құрамына кірді.

Бұдан баска "Қазакстанның Дәуірлеу партиясы", "Халықтық-кооперативтік партия", "Қазақстанның Қайта өркендеу партиясы", "Азаматтық партия", "Қазақстанның Республикалық Халыктык партиясы", "Азамат", "Отан" және т. б. партиялар бар.

Кәзіргі кездегі негізгі мәселе - республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқыктық мемлекет құру. Оған еліміздегі ешқандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен құралдарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде ақырын, бірте-бірте ме немесе тағы басқа ма?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
Көппартиялық жүйе – демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі
Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы туралы
Қазақстанда көппартиялы жүйенің қалыптасуы және олардың тәуелсіздікке қосқан үлесі
Қазақстан Республикасының саяси және қоғамдық партиялары
Саяси партиялар туралы ақпарат
1991-2002 жж аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар
Партиялар мен қозғалыстар
Қазақстанның саяси партиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz