Жыртқыш құстар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАР (Fаlсоnіfоrmеs) - құстардың бір отряды. Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында тараған. Қазақстанда 2 тұқымдасы (сұңқар, қыран), 14 туысы, 38 түрі бар, 29 түрі ұялайды. Ең кішкене жыртқыш құстардың (ергежейлі сұңқар) салмағы 50 г, ең ірісінікі (калифорния құмайы) 12 кг болады. Калифорния құмайының жайған қанаты 3 м-ге дейін жетеді. Шәулісі, әдетте, ұябасарынан ірілеу болады. Бұлардың арасындағы жыныстық айырмашылық кейбір жыртқыш құстарда (күйкентай, құладын) айқын көрінеді. Жыртқыш құстардың қыстап қалатын және қайтып кететін түрлері бар. Олар жерден тез көтеріліп, мәнерлеп, көпшілік түрлері қалықтап ұшады. Негізінен, моногамды (басыбайлы жұп құрады) құстар, ұясын қатарынан бірнеше жыл пайдаланады. Ұясын ағаш басына, жартас қуысына, құрақарасына салады. Ірі түрлері (қыран, құмай) 1-3-тен, ұсақтары (бөктергі, тұйғын) 4-7-ден жұмыртқа салады. Оны шәулісі мен ұябасары кезектесіп басады, балапандарын да екеулеп асырайды. Қорегін іздеуі, жемінің құрамы жыртқыш құстардың әр түрінде әр түрлі болады. Көпшілігі етпен қоректенеді. Негізінен, зиянды кемірушілермен, кейбір түрлері өлексемен қоректеніп, қоршаған ортаны тазартып, пайда келтіреді. Жыртқыш құстардың біраз түрі (ителгі, лашын, бүркіт, жылан жегіш қыран, ақ сұңқар, аққұйрықты субүркіт, т. б. ) қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Сұңқартәрізділер ( Falconiformes ) - құстардың бір отряды.

Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында тараған. Қазақстанда 2 тұқымдасы (сұңқар, қыран), 14 туысы, 38 түрі бар, 29 түрі ұялайды. Ең кішкене сұңқартәрізділердің (ергежейлі сұңқар) салмағы 50 г, ең ірісі (калифорния құмайы) 12 кг болады. Калифорния құмайының жайған қанаты 3 м-ге дейін жетеді. Шәулісі ұябасарынан ірілеу болады. Бұлардың арасындағы жыныстық айырмашылық кейбір Жыртқыш құстарда (күйкентай, құладын) айқын көрінеді. Сұңқартәрізділердің қыстап қалатын және қайтып кететін түрлері бар. Олар жерден тез көтеріліп, мәнерлеп, көпшілік түрлері қалықтап ұшады. Негізінен моногамды (басыбайлы жұп құрады) құстар, ұясын қатарынан бірнеше жыл пайдаланады. Ұясын ағаш басына, жартас қуысына, құрақ арасына салады. Ірі түрлері (қыран, құмай) 1 - 3-тен, ұсақтары (бөктергі, тұйғын) 4 - 7-ден жұмыртқа салады. Оны шәулісі мен ұябасары кезектесіп басады, балапандарын да бірігіп асырайды. Қорегін іздеуі, жемінің құрамы Жыртқыш құстардың әр түрінде әр түрлі болады. Көпшілігі етпен қоректенеді. Негізінен зиянды кемірушілермен, кейбір түрлері өлексемен қоректеніп, қоршаған ортаны тазартып, пайда келтіреді. Жыртқыш құстардың біраз түрі (ителгі, лашын, бүркіт, жылан жегіш қыран, ақ сұңқар, аққұйрықты субүркіт, т. б. ) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Сұңқартәрізділер

Ителгі (лат. Falco cherrug ) - сұңқартәрізділер отрядына жататын ірі жыртқыш құс. Қазақстанда биік таулар мен ормансыз жазықтардан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Әсіресе, Маңғыстау мен Сарыарқаның аласа таулы өңірлерінде көп ұшырасады. Баянауланың, Ерейментаудың, Қызыларайдың, Қарқаралының, Көкшетаудың қия тасты, қалың қарағайлы таулары ителгінің негізгі мекені болып табылады. Шәулісінің қанатының ұызндығы 34 - 39 см, салмағы 730 - 800 г, ұябасарының қанаты 37 - 41 см, салмағы 1000 - 1300 г. Қазақстанда ителгінің 5 түр тармағы кездеседі. Олардың реңі таралған аймағына қарай әр түрлі болып келеді. Бәріне ортақ белгі - сырт жоны қоңырқай сұрғылт, бауыры - сарғылт теңбілді болады. Ителгі қанаттарын жиі қағып, ауыр ұшады. Өте биіктеп, ұзақ қалықтайды. Негізінен, наурыздың аяғы - мамырдың басында құз-жартас кемеріне, биік қарағайдың басына ұя салады. Ұядағы 3 - 5 жұмыртқаны ұябасары бір айдан аса шайқайды. Балапандары 40 - 45 күннен соң ұядан ұшады. Бір жұптан орта есеппен алғанда жылына 2 балапан ғана қанаттанады. Негізгі қорегі - құмтышқан, сарышұнақ, майда құстар (торғай, кептер, түркептер, кекілік), сондай-ақ бауырымен жорғалаушыларды, ірі қоңыздарды, тіпті көкқасқа шегірткелерді де жей береді. Жемтігін бір орнында ұзақ отырып, тасадан күтеді, оны көре салысымен өте шапшаң ұшып, қуып жетіп ұстайды. Кейде құсты жоғарыдан шүйлігіп, қағып түсіреді. Тамыз - қыркүйекте жылы жаққа ұша бастайды. Жергілікті құстар республиканың оңт-нде, ал көпшілігі Таяу және Орта Шығыс Азияда қыстайды. Қырандардың ішінде баптауға ең көндіккіші осы - ителгі Арқа құсбегілері ителгіге қоян, үйрек алдырса, Сыр бойының құсбегілері қырғауыл, құр, шіл, кекілік алдыратын болған. Ал араб елінің құсбегілері ителгіні көбіне жорға дуадаққа салады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстанда 2 - 3 мың бас ителгінің ұялағаны белгілі. Бірақ 1992 жылдан бастап, бұл құсты шет елге (әсіресе, араб елдеріне) сату науқанының кең етек алуына байланысты, И. бей-берекетсіз ауланып, саны күрт төмендеді. Соңғы санақ бойынша Қазақстанда 100 - 150 жұп қана ұялаған (2001) . Алматыдағы “Сұңқар” біріккен кәсіпорнының құспитомнигі мен Алматы хайуанаттар саябағында қолда өсіріліп, 100-ден аса ителгі табиғатқа жіберілді (1990 - 1995) . Қазақстанда ителгі Ақсу - Жабағылы, Наурызым, Үстірт қорықтары мен “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағында қорғалады. ителгілердің жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996) .

Ителгі

Лашын (лат. Falco peregrinus ) - сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс- Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 - 50 см, қанаттары жайылғанда 90 - 110 см. Шәулісі ұябасарынан кішірек. Шәулісінің салм. 500 - 800 г, ал ұябасарынікі - 540 - 1090 г. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір. [3] Сағатына 300 км жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы қуысқа, қияда өскен ағаш басына ұя салады. Кейде өзге құстардың ұясын да иемденеді. Ұясына 2 - 4 (көбінесе 3) жұмыртқа (секпілді, қызғыш) салады. Оны ұябасары 28 - 32 күндей басады. Балапандар бір жарым айда ұядан ұшады. Негізгі қорегін (торғай, қарға, кептер, шіл, кекілік, үйрек, т. б. ) ұшып жүріп аулайды. Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996)

Лашын

Бүркіт - (лат. Aquila chrysaetos ) - сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1-2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі.

Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы (30-35 см) ұшқан кезде "ұшып бара жатқан қанатқа" ұқсайды. Ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Латынша "алтын қыран" деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі ретінде 200 жыл бұрын берілген. Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең түсті, төменгі жақтары ақшылдау болады. Ұясын ағаштарға, құзжартастардың басына, ал далалы жерде - жерге салады. Өте жақсы ұшырады, жерде жақсы жүреді, жүгіре алады. Жемтігін ұстаған кезде, жартылай ашылған қанатымен ұстайды. Ұсақ және орташа сүтқоректілердіжәне құстарды ұстайды. Қазақстанда ормансыз және шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі, бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді.

Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек. Санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бүркітті қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.

Бүркіт - сұңқартәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын ірі жыртқыш құс. Латынша аты (Aquіla chrysaetos) «алтын қыран» деген ұғымды білдіреді. Түркі халықтарының көпшілігі «бүркіт» (жемтігін бүріп ұстау тәсіліне сәйкес) деп атайды. Бүркіт Солтүстік Американы, Еуразияны, Солтүстік-Батыс Африканы, Жапония аралдарын мекендейді. Қазақстандаоның алты түр тармағы Маңғыстау, Үстірт, Мұғалжар, Сыр бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Сарыарқа, Тянь-Шань, Тарбағатай, Алтайөңірлеріндегі жазық жерлерде, тау бөктерінде кездеседі. Бүркіт - қырандар ішіндегі ең ірі әрі күшті, дене бітімі мығым, жылдам ұшатын құс. Саусақтары салалы, ірі әрі бедерлі (мүйіз қабыршақты) . Қауырсындары бір түсті қара қоңыр. Желкесі мен мойнының сырты сарғыш-жирен түсті. Жас бүркіттің құйрығы ақ, оның ұшында жалпақ қара жолағы, қанатының астында ірі ақ қауырсындары болады. Бүркіттің қанатының шеткі қауырсындарын шалғысы деп, ал құйрығының ортасындағы екі қабат әлді қауырсынын көбесі, қалғандарын жебесі деп атайды. Ұябасарының бір қанатының ұзындығы (топшысынан шалғысының ұшына дейінгі аралығы) 65 - 74 см , шәулісінікі - 59 - 66 см . Ұябасарының салмағы 3, 8 - 6, 3 кг , шәулісінікі 2, 8 - 4, 1 кг . Бүркіттің құйрық қанатының ұзындығы 33 - 36 см . Тұмсығының үстіңгі жағы төмен қарай иіліп келген, ұшы үшкір болады. Жұптасып тіршілік етеді. Бүркіт суыр, қоян, түлкі, борсықты, кейде тышқан мен саршұнақты, тасбақаны, тұяқты жануарлардың (ақ бөкен, елік, қарақұйрық) төлдерін жейді. Бүркіт аңды тырнағымен емес, табанындағы бүртіктері - бездерімен буындырып өлтіреді. Үлкен ұясын (диаметрі 1, 5 - 2 м) қурап қалған ағаш бұтақтарынан құздың, жартастың басына бірнеше жыл қатарынан салады. Наурыз - сәуірде бір - үштен жұмыртқалайды, оны әдетте ұябасары қырық - қырық бес күн шайқайды. Балапандарын алғашқы күндері шәулісі асырайды. Олар екі жарым айлығында ұядан ұшады, бірақ ұябасары мен шәулісі ұзақ уақыт бойы баулып, қарауылдап жүреді. Табиғи жағдайда бүркіт жүз жылдай тіршілік етеді. Қазақ құсбегілері бүркітті жасына қарай ажыратып, атай білген. Мысалы: бір жастағысын - балапан, екідегісін - қантүбіт, үштегісін - тірнек, төрттегісін - тас түлек, бестегісін - мұзбалақ, алтыдағысын - көк түбіт, жетідегісін - қана, сегіздегісін - жаңа, тоғыздағысын - майтүбіт, ондағысын - барқын, он бірдегісін - баршын, ал он екі жастағысын - шөгел деп атаған. Халық ұғымында бүркіт - текті әрі киелі құс. Мысалы, балалардың бас киіміне, бесікке бүркіттің бармағын тағып қойған. Академик Әлкей Марғұланның зерттеулерінен қазақ тілінде тікелей бүркітке қатысты бір жарым мыңдай ұғым бар екендігі туралы деректерді кездестіруге болады. Мысалы, бүркіттің әрбір дене мүшесінің, жеке бармақтарының, қауырсындарының өз атаулары бар. Құс аяғының өкше бармағы - тегеурін, екі ойықтың ішкі жағындағы сұқ бармағы - жембасар, орта бармағы - сығым, шынашағы - шеңгел (сілім) деп аталады. Қыран бүркіт мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі. Қазақстан Республикасының Туындағы бүркіт бейнесі азаттық айбыны ретінде бейнеленген. Бүркітті қолға үйретіп, баптап, саятшылықта пайдалану - қазақ халқының ертеден келе жатқан өнері. Оны аңға салу - төзімділікті, іскерлікті, асқан шеберлікті керек етеді. Бүркіттің балапанын ұядан алу үшін де үлкен тапқырлық керек. Амал-айласы жетпесе, адам балапанды өлтіріп алуы мүмкін. Қазіргі кезде бүркітшілік өнерге ерекше көңіл бөлініп, Қарағанды, Алматыоблыстарында арнайы салбурын ұйымдастырылып, жас бүркітшілер мектебі ашылуда. Бүркіт Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Үстірт қорықтарында қорғалады. Олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстар туралы
Жыртқыш құстардың сипаттамасы
Жыртқыш құстар - дене мөлшері сан алуан
Құстарды бонитировкалау
Құстардың ұрпағын өрбітуі
Омыртқалы жануарлар – құстар
Құстардың жіктелуі
Биология сабағында құстар класын оқыту
Құстардың экологиясы
Құстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz