Шығыс Қазақстан облысы халқының 1989 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықтағы әлеуметтік-демографиялық даму ерекшеліктері
КІРІСПЕ
І. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЖАЛПЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Физикалық.географиялық орны, зерттелу тарихы
1.2. Жер бедері мен геологиялық құрылысы
1.3. Климаты
1.4. Өзендері мен көлдері
ІІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫНЫҢ
ТҮЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1. Пайдалы қазбалардың түзілу кезеңдері
2.2. Шығыс Қазақстанның жанатын пайдалы қазбалары
2.3. Қара және түсті металл кен орындарының экологиялық
жағдайы
IIІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА
2.1. Халық санының серпіні және тығыздығы
2.2. Жыныстық.жастық және ұлттық құрамы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін Шығыс Қазақстанның табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны, шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке салаларын дамыта отырып, аудан аралық және халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік беретін табиғат байлықтарына өте бай. Шығыс Қазақстан аумағындағы жер қойнауынан қазылып алынатын темір, полиметалл, мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен орындары тау-кен, металургия, машина өнеркәсібі құрылыс индустриясы мен көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, еліміздің халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және Самсунг сыяқты шетелдік компонияларды тарта отырып, тау-кен, қара және түсті металургияны дамыту мен қатар ғылымды қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді.
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-демографиялық дамуына сипаттама беру үшін, халықтың сан жағынан өсуінің себептерін, жанұяның әлеуметтік жағдайы, жанұядағы балалар санының көбеюінің әлеуметтік-экономикалық жағдайға тәуелділігін, ал өлім санының өсуі денсаулыққа, қоршаған ортаның тазалығына, еңбек пен тұрмысқа байланыстылығын, сонымен қатар өнеркәсіптің дамуына байланысты халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, халықтың қалыптасуына қандай жағдайлар әсер етеді, оның жынысы мен жасы, ұлттық құрамы туралы мәселелерді талдау қажет. Соңғы халық санағының қорытындылары осы мәселелерді талдап, көптеген сұрақтардың жауабын алуға көмектеседі.
Шығыс Қазақстанның жер бедерін зерттеуге З.А.Сваричевский (1940, 1958, 1916, 1965) Е.Е.Милановский (1961, 1967) К.В.Никифорова (1960), В.И.Бабак (1964, 1968), зор үлес қосты.

1. Чупахин В.М. Физическая география Казахтана. Алматы: мектеп, 1968. 83-90 бет.
2. Қ.Карпеков, А.С. Бейсенова Қазақстанның физикалық географиясы. - Алматы:Рауан, 2003. 56-60 бет.
3. Ұ.Есназарова. Қазақстанның физикалық географиясы. Алматы: Рауан, 2002. 26-29 бет.
4. Бейсенова А.С. Қазақстанның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі.- Алматы:Рауан, 1991. 83-90 бет.
5. Природа и хозайства Восточного Казахстана, Алма-Ата, «Наука» 1979
6. Природные условия и естественные ресурсы Восточного Казахстана, Алма-Ата, «Наука», 1978
7. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука, 1969. 100-115 стр.
8. Қазақстанның геологиясы және минерологиясы, Алматы, Казгео, 2000
9. Қазақстанның төрттік геологиясы, Алматы, «Ғылым», 2003
10. М. Белгібаев, Семей өңірінің кейінгі жылдардағы ауа температурасының өзгерісі, Таптым-Таптым-Эврика № 6(22), 2007
11. Под редакцией А.С. Утешева, Климат Казахстана, 1959
12. К.С. Абдиева, регионы Казахстана, Алматы, 2004
13. Региональный мониторинг окружающей среды, Экосфера Восточно-Казахстанский иформоционно-аналитический ежегодник, Устькаменогорск, 2004
14. Бельгибаев М., Белый А. Аридизация почв и ландшафтов семиаридной зоны Казахстана, География и природные ресурсы, Новосибирск, 2002
15. Первое национальное сообщение Республики Казахстан по рамочной конвенции ООН об изменении климата, Алматы, 1998
16. Под редакцией Герасимова И.П., природные условия и естественные ресурсы СССР, Москва, «Наука», 1969
17. Омаров Т.Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері, Алматы, «Қазақстан» 1975
18. Омаров Т., Филонец Ю., Қазақстанның көлдері, Алматы, 1987
19. М. Белгібаев, Топырақты тиімді пайдалану шаралары, география және табиғат ғылыми-педагогикалық журнал, 2006
20. Бельгибаев М., Диагностические показатели аридизации и опустынивания почв степной зоны Казахстана, Новосибирск, 2002
21. Отчет Семипалатинского управления экологии за 1999 год, Семипалатинск, 2000
22. Ведомости Семипалатинского областного экологического управления за 1989 год, Семипалатинск, 1989
23. Тау мен дала елі, Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, Біздің отанымыз Қазақстан, Астана, 2001
24. Өсімдіктер және жануарлар дүниесіне байланысты жер, су аттары, карта Алматы, 2003
25. Сәтімбеков Р., Қазақстандағы ерекше қорғалатын аумақтар және табиғат қорғау, География және табиғат, 2005 №1
26. Сәтімбеков Р. Райымова Г., Жаңа қорықтар мен саябақтар, География және табиғат, 2006
27. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары, «Алматы кітап», 2006
28. Katon. Pushkinlibrary.kz/kraewed.htm.
29. Рысбай Сәтімбекұлы, Ережепова Ғ., Унасбаева Б., тәрбие тағылымдары « Нұрлы жол», ЖШС Алматы, 2002
30. Мырзабеков Ж. М. Особо охроняемые природные территории Казахстана, Алматы, 2000.
31. Абдуллин А.А. Геология и минерологические ресурсы Казахстана. Алма – Ата: Ғылым, 1994. - С.115-130.
32. Бок И.И., Паршин А.В. Полезные ископаемые Казахстана. Алма-Ата, из-во АН КазССР, 1961.
33. Бок И.И. Где искать полезные ископаемые. Алма-Ата, “Наука”, 1966.
34. Есенов Ш.Е. Богатство недр Казахстана и задачи геологической службы республики. “Известия Академии наук КазССР. Серия геологическая”, вып. 1, 1963.
35. Есенов Ш.Е. Казахстан-кладовая минерального сырья. В кн.: Экономика” химической промышленности Казахстана.- Алма-Ата: Казахстан, 1964.
36. Есенов Ш.Е., Ведерников Н.Н., Будай М.И. Геология, методика поисков и разведки сеторождений родусит-асбеста. Алма-Ата, “Наука”, 1965.
37. Шаймуханов Д. Черная металлургия. Алма-Ата, “Казахстан”, 1956 по распространению научных и политических знаний Каз ССР.
38. Есенов Ш.Е., Ведерников Н.Н., Будай М.И. Геология, методика поисков и разведки сеторождений родусит-асбеста. Алма-Ата, “Наука”, 1965.
39. Первушин С.А. Цветные металлы и их нахождение в природе. Металлургиздат, 1963.
40. Чигаркин А.В. Геоэкология Казакстана. – Алматы: Санат,1995. С.115-125.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
І. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЖАЛПЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Физикалық-географиялық орны, зерттелу тарихы
... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Жер бедері мен геологиялық құрылысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.3. Климаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 12
1.4. Өзендері мен көлдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
ІІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫНЫҢ
ТҮЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1. Пайдалы қазбалардың түзілу кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.2. Шығыс Қазақстанның жанатын пайдалы қазбалары
... ... ... ... ... .. 49
2.3. Қара және түсті металл кен орындарының экологиялық
жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 53
IIІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА
2.1. Халық санының серпіні және тығыздығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Жыныстық-жастық және ұлттық құрамы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей,
Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін Шығыс Қазақстанның
табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның геологиялық құрылысының
ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны,
шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке
салаларын дамыта отырып, аудан аралық және халықаралық еңбек бөлісінде өз
орнын айқындауға мүмкіндік беретін табиғат байлықтарына өте бай. Шығыс
Қазақстан аумағындағы жер қойнауынан қазылып алынатын темір, полиметалл,
мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен
орындары тау-кен, металургия, машина өнеркәсібі құрылыс индустриясы мен
көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуға қолайлы жағдай туғыза
отырып, еліміздің халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік
береді. Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және Самсунг сыяқты шетелдік
компонияларды тарта отырып, тау-кен, қара және түсті металургияны дамыту
мен қатар ғылымды қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа
технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді.
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-демографиялық дамуына сипаттама
беру үшін, халықтың сан жағынан өсуінің себептерін, жанұяның әлеуметтік
жағдайы, жанұядағы балалар санының көбеюінің әлеуметтік-экономикалық
жағдайға тәуелділігін, ал өлім санының өсуі денсаулыққа, қоршаған ортаның
тазалығына, еңбек пен тұрмысқа байланыстылығын, сонымен қатар өнеркәсіптің
дамуына байланысты халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, халықтың қалыптасуына
қандай жағдайлар әсер етеді, оның жынысы мен жасы, ұлттық құрамы туралы
мәселелерді талдау қажет. Соңғы халық санағының қорытындылары осы
мәселелерді талдап, көптеген сұрақтардың жауабын алуға көмектеседі.
Шығыс Қазақстанның жер бедерін зерттеуге З.А.Сваричевский (1940, 1958,
1916, 1965) Е.Е.Милановский (1961, 1967) К.В.Никифорова (1960), В.И.Бабак
(1964, 1968), зор үлес қосты.
Қазақстанда В.М.Чупахин, Қ.Карпеков, А.С. Бейсенова, Ұ.Есназарова.
А.А. Абдуллин, К.М. Джаналиева және т.б. ғалымдар Қазақтың ұсақ шоқысы
туралы мәліметтер жинап, мақалалар жариялап және оқулықтар жазған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасы мен Шығыс
Қазақстан облысы халқының 1989 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықтағы
әлеуметтік-демографиялық даму ерекшеліктерін тың деректік материалдар
негізінде, жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оны ашып көрсету
зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
- Қазақстан Республикасы халқының жалпы санының өсу динамикасын және
Шығыс Қазақстан облыс халқының аймақтағы өзгерісін көрсету;
- ұлттық құрамындағы өзгерістерді талдау;
- халықтардың табиғи өсімін (туу, өлім және халықтың санын көбейтуге
әсер ететін басқа да факторлар) сипаттау;
Практикалық маңызы: Диплом жұмыстың нәтижелерін Шығыс Қазақстан
облысының мектеп мұғалімдері өз облысының географиясын өткенде пайдалана
алады. Қазақстанның басқа аумақтарын жазғанда үлгі ретінде жұмыстық
құрылымын алуға болады. Сондай-ақ, өлкетану жұмысын ұйымдастырғанда
пайдалану мүмкіндігі бар.
Зерттеу әдістемесі: Негізгі статистикалық материалдарды өңдеу
барысында, оларды сұрыптау, жүйелеу және талдау әдістері, тарихи,
салыстырмалы, картографиялық әдістер пайдаланылды. Дерек көздерін жинау
кезінде, оларды салыстыру, өңдеу, толықтыру мәселесі.
Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Шығыс Қазақстан облысының табиғатының
жалпы Ерекшеліктері

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның Солтүстік-шығысында орналасқан,
әкімшілік аумақтық бөлігі 1932 жылы құрылған. Жер аумағы 283,3 мың км2. Бұл
Республика территориясының 10%-ы. Облыстың қиыр солтүстік нүктесінің
координаты 51004, оңтүстігі 45050 с.е., батысы 76050, шығысы 87020 ш.б.
Шығыс Қазақстан солтүстігінде Ресей федерациясының Алтай өлкесімен,
Солтүстік-батысында Қазақстанның Павлодар облысымен, оңтүстігінде Алматы
облысымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен
шектеседі. 16 аудан, 10 қаласы, 25 поселкесі, 855 ауылы бар [1,2]. Шығыс
Қазақстан облысы батыстан (Сарыарқаның қиыр шығыс шетінен) шығысқа қарай
(Республиканың шығыс шекарасына дейін) 800 шақырымға, солтүстіктен (Ертіс
маңы даласы мен Алтай алды өңірінен) оңтүстікке қарай (Балқаш-Алакөл
ойысына ұласады) 600 шақырымға созыла, Ертіс өңірінің жағасы алабын ала
жайласқан. Аймақ өңірін-таулы, таулы- орманды, орман-тоғайлы, далалы,
шөлді, шөлейтті ландшафт алып жатыр. Облыс жері негізінен таулы келеді.
Ертістің оң жағын түгел Батыс Алтай сілемдері қамтиды ; Бұл таулы өңір
Нарын аңғары арқылы Кенді Алтай Үлбі (1895 метр), Уба (1967 метр), Иванов
(2776 метр), Қоржын (2565 метр), Көксу (2028 метр), Тигрецк (2007 метр)
жоталары және Оңтүстік Алтай жотасы Нарын (1386 метр), Сарымсақты (3373
метр), Күршім (2645 метр), Атасу (2385 метр), Катунь ( Мұзтау 4506 метр),
Листвяга (2578 метр), Азутау (2385 метр) жоталары массивтеріне ажырайды.
Бұлардың абсолюттік ең биік жері Мұзтау 4506 метр. Облыс территориясының
оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай (2992 метр), Сауыр (2930 метр), Қалба
жотасы (1669 метр) және Зайсан қазаншұңқыры, Маңырақ (2053 метр) жоталары
орналасқан. Облыстың батыс бөлігін Сарыарқаның шығысындағы ұсақ шоқылар
Ханшыңғыс (1152 метр), Шыңғыстау (1077 метр), Ақшатау (1305 метр), Семейтау
(Қарақуыс тауы 606 метр) алып жатыр [3]. Жазық өңірлер негізінен облыс
жерінің солтүстік-батыс жағында кездеседі. Таулы аймақтардың солтүстігінде
(теңіз деңгейінен) 400-ден 800 метрге дейінгі биіктікте және оңтүстікте 600-
ден 1300-ге дейін бозды-бетегелі және бұталы өсімдіктер жапқан таулы-
далалық белдеулік кетеді: тау беткейлерінде (тобылғы, итмұрын, ырғай,
қараған, долана; өзен жағалауларында тал, итмұрын, шәңгіш, қарақат) өседі.
Солтүстікте 800- ден 1700 метрге дейінгі және оңтүстікте 2300 метрге
дейінгі биіктікте орманды белдеулік алып жатыр. Облыстың орманды алқабы 2
млн. га. жерге орналасқан. 2000 метрден 3000 метр аралығын альпі биіктері
мен көгалдары алып жатыр [4]. Облыс Республикамыздағы дәрі дәрмек жасап
шығару өндірісі үшін емдік қасиеті жоғары өсімдіктерді әзірлеудің және
жабдықтаудың бірден-бір орны болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі дала зонасына, оңтүстік
бөлігі шөлейт зонасына кіреді. Шығыс Қазақстан географиялық орны ауыл
шаруашылықты дамытуға айтарлықтай қолайлы [5]. Алтайдың бөктеріндегі және
Ертіс бойындағы далалар тау және жазық жайылымдарымен бірге республикадағы
таңдаулы ауыл шаруашылық алқаптарының бірі болып табылады. 2 сызбада Шығыс
Қазақстан облысының ландшафты берілген.

Шығыс Қазақстан облысының рельефі өте күрделі. Мұнда биік Алтай
таулары, Зайсан, Марқакөл қазаншұңқырлары, Семей өңірінің жазық даласы
кіреді.
Қазақстандық Алтай, Алтай таулы өлкесінің оңтүстік және оңтүстік –
батыс бөлігін алып жатыр. Бүкіл Алтай тау жүйесі сияқты, оның Қазақстандық
бөлігі де герцин тау жасалу кезінде пайда болған. Кайнозой эрасында жарылыс
жүйелеріне, жоталарға және тау аралық ойыстарға тілімделген. Қазір Альпі
типтес жер бедері пішініне жатады. Қазақстан жеріндегі тау жоталарының
көпшілігінің биіктіктері 3000-3500 метрден асады. Ең биік шыңы-Мұзтау (4506
метр). Алтай тауы өзеніне тән орографиялық ерекшеліктері бар үш ауданнан
тұрады. Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай және Қалба жотасы.
Оңтүстік Алтай мен кенді Алтайдың Тигрецк, Холзун және Листвяга
жоталарының биіктігі 2300-2600 метрге жетеді, бұлардан оңтүстік батысқа
Уба, Иванов, Үлбі тағы басқа жоталар бөлінеді. Листвяга сілемі солтүстік-
шығыс жағында Катунь жотасына (Мұзтау осында) ұласады. Бұларды қалың
мұздықтар жапқан. Жүйенің оңтүстігінде жатқан Укок таулы үстіртінен Алтай
жоталары жан – жаққа тарайды. Оңтүстік Алтай солтүстікте Бұқтырма өзені мен
оңтүстікте Зайсан көлі және Қара Ертіс аралығында жатыр. Батыста Ертіс
өзенінің аңғары оны Қалба жотасынан бөліп тұрады. Ал шығыста шекарадағы
Табын-Богдо-Ола тау сілемдері және оңтүстік-батысқа қарай екі тау жоталары
тарайды. Оларды Күршім өзені мен Қарақоға өзені айырып жатады. Оңтүстік
Алтайдың солтүстік тобына жататын жоталар: Тарбағатай, Сарымсақты және
Нарын. Ал оңтүстік тобына жататындары: Оңтүстік Алтай жотасы, Сарытау және
Күршім. Оңтүстік Алтайдың оңтүстігінде біраз оқшаулау келген Асу жотасы
бар. Асу жотасы мен Сарытаудың аралығында 1450 метр биіктікте Марқакөл
қазаншұңқыры жатыр. Оңтүстік Алтай жоталары шығыста Табын-Богдо-Ола тау
сілемдері мен Укок тау қыраты тұсында бір-біріне жақындап келеді, ал
батысында аралығы қашықтап кетеді. Олар шығысында кәдімгі биік тау болып
келсе, батысында біртіндеп аласарып, тау қыратына айналады. Оңтүстік Алтай
жоталарының тілімденуіне Күршім және Қарақоға өзен жүйесі үлкен роль
атқарады. Оңтүстік Алтай жоталар жүйесінің беткейлері тастақты тік құлама,
бірақ тау бастары жатық келеді. Орталық Алтайдың Қазақстан жеріне батыс
жоталары кіреді. Укок тау қыратынан солтүстікке таман мәңгі қар жамылған
Ақтау (Белуха 4506 метр) массиві бар Катунь жотасы орналасқан. Оның
оңтүстік беткейінен бірнеше мұздықтар жылжып түседі, оның ең ірісі Берел
мұздығы. Катунь жотасы мен Укок тау қыратынан Листвяга (2578 метр), Холзун
(2600 метр), Көксу (2028 метр), Тигрецк (2007 метр) жоталары тарайды.
Алтайдың ең биік шыңы Белуха тауына жақын жерден басталады.
Кенді Алтайдың рельефі алуан түрлі. Жеке бөліктері өте тілімделген
биік таулы рельеф болып келеді. Көп жерлерін қылқан жапырақты қалың орман
жапқан, беткейлері көлбеу келген, төбесі доғалданған таулар алып жатады.
Кей жерлерде тегістелген үстірттер кездеседі. Кенді Алтайда ағысы қатты
Бұқтырма, Үлбі, Уба жүйесіне жататын көптеген үлкенді – кішілі өзендер бар
[6].
Рельефінің сипатына қарай Қазақстандағы Алтайды төрт бөлікке бөлуге
болады:
1. Шығыс бөлік. Мұнда таулы үстірттер мен қатар беткейлері тік әрі
тілімделген рельефтің альпілік түрі кең тараған. Кейбір таулы үстірттер жан
– жағынан тілімделген биік жоталармен қоршалған. Бұған республиканың
шекарасында жатқан биіктігі 2200 метр Укок тау қыраты мысал бола алады.
2. Батыс бөлік. Мұнда рельефі жатық таулар көп кездеседі. Олардың
төбелері доғалданған болады да беткейлері көлбеу келеді.
3. Оңтүстік бөлік. Оған едәуір көлемді алып жатқан тілімделген тік
беткейлі аймақтар жатады. Оңтүстік Алтай жоталарының оңтүстік беткейлері
тік және күшті тілімделген. Тік тау етектері мен оның солтүстік
беткейлерінде ғана рельеф біршама жазықтау келеді.
4. Қалба жотасы. Бұл өз алдына бөлек тектоникалық геоморфологиялық
аудан. Ол орташа биіктіктегі тау болып есептеледі. Жота жемірілген, кей
жерлерінде шыңдары жайпақталып, беткейлері күшті тілімделген.
Шығыс Қазақстан облысында енсіз аңғарлар, терең шатқалдар көп. Осында
1450 метр биіктікте Марқакөлдің қазаншұңқыры қалыптасқан. Оңтүстік Алтайдың
жалғасы Қалба жотасы (1669 метр). Ертістің сол жағалауында жатыр. Оңтүстік
Алтай таулары аралығында Зайсан қазаншұңқыры жатыр, оның ені 140 километрге
жетеді.
Зайсан қазаншұңқыры Алтайды Сауыр-Тарбағатай жүйесінен бөліп тұратын
тау аралық тектоникалық ойыс. Ұзындығы 225 километр, ені 100-125 километр.
Зайсан қазаншұңқыры аллювиалды шөгінділермен жабылған, үштік дәуірдегі көл
қалдықтарынан құралған. Қазаншұңқырлардың орта бөлігінде көлемі 1800
километр Зайсан көлі орналасқан, ол 384 метр абсолюттік биіктікте жатыр.
Қазаншұңқырдың биіктігі осы көл айдынынан шетіне қарай бірте – бірте
көтеріліп 500-600 метрге дейін жетеді. Жалпы алғанда Зайсан қазаншұңқырының
рельефі тегіс, оны тек өзен аңғарлары мен жыралар ғана біраз бөлшектейді.
Зайсанға Ертіс және жапсарлас жатқан таулардан ағып шыққан көптеген
кішігірім өзендер келіп құяды. Олардың кішілері жазда кеуіп, тартылып
қалады да, Зайсанға жетпейді. Бұл өзендер тау етектеріне ысырынды
жыныстарын әкеледі.
Сауыр-Тарбағатай таулары. Сауыр-Тарбағатай жапсарлас жатқан Маңырақ,
Сайқан, Салмас-Желтаумен бір тұтас тау жүйесі болып табылады. Сауыр-
Тарбағатай-шығысында Сарыарқа, солтүстігінде Зайсан, оңтүстігінде Алакөл
қазаншұңқыры арасында орналасқан, 47 ендік 150 шақырымға созылады. Кезінде
В.П. Обручев Сауыр-Тарбағатай жүйесін қазақтың қатпарлы өлкесінің шығыстағы
табиғи жалғасы деп дұрыс айтқан. Мұнда Альпілік қатпарлану анағұрлым анық
байқалады. Бұл тау жүйесі жоталары бір – бірімен тектоникалық жағынан бір
тұтас болғанымен орографиялық жағынан айырмашылығы бар.
Сауыр тауы. Сауыр, Тарбағатай таулары мен Алакөл аймағын қазақтың ұлы
ғалымы Шоқан Уалиханов пен оның досы Г. Н. Потанин зерттеген. Сауыр тауы
герцин тау жасалу кезінде пайда болған. Орташа биіктігі 3600-3700 метр. Ең
биік жері шығыс бөлігіндегі Мұзтау (3816 метр). Жота осы жерден батысқа
қарай бірте – бірте аласарып нағыз сыртқа айналды.
Сауыр тауы негізінен палеозойлық тақта тас, құмтастардан, әктас пен
базальт құрамды тау жыныстарынан түзілген. Ертістің кейбір салаларына
суайырық болып табылады, одан Кендірлік өзені бастау алады. Қазақстан
жеріндегі Сауыр тауының бөлігінде биіктік белдеулік байқалады. Солтүстік
беткейінде 1100 метрге дейін далалық, одан жоғары 1900 метрге дейін орман
алқабы, одан жоғары альпі шалғындығы өседі. Оңтүстік беткейінде шөлейт және
дала өсімдіктері басым. Жота баурайы мал жайылымына пайдаланылады.
Тарбағатай тауы. Тарбағатай тауы Сауыр тауына қарағанда аласарақ,
бірақ едәуір ұзын. Оның ең биік шоқысы 3134 метр. Шығысында төбелі-белесті
өңір арқылы Сауыр жотасымен жалғасады. Ұзындығы 300 км, ені 30-50 км
шамасында. Тау беткейлерінен ежелгі мұздықтардың ізі байқалады. Тарбағатай
онша тілімденбеген және тегіс келеді. Оның солтүстік беткейлері еңістеу,
біртіндеп аласарып жазыққа ұласады, ал оңтүстігі тік құлама, жар тасты және
өзен суларымен күшті тілімделген. Батыс бөлігі онша биік емес, қырқалы-
төбелі, етегі Сарыарқа шоқыларына ұштасады. Жота герцин тау түзілу кезінде
пайда болған. Негізінен тақтатас пен әктас аралас жыныстардан түзілген.
Гранит, кристалды тақтатас, саз балшықтар да кездеседі. Альпілік тау түзілу
процесінің жүріп жатқаны жер бедерінен байқалады. Баяу тектоникалық
қозғалыс күні бүгінге дейін жалғасуда. Мысалы, 1991 жылғы Зайсандағы жер
сілкінісі соның салдары болып табылады. Тарбағатай өңірінің климаты қатаң
континентті. Қысы салқын, жазы ыстық, жауын-шашынның жылдық мөлшері 305-500
мм. Ауасының орташа температурасы қаңтарда – 200С, шілдеде +220С.
Тарбағатайда биіктік белдеулік байқалады. Таудың етегінің топырағы ашық
қызыл қоңыр, осы жерден бозды-бетегелі, жусанды, шөлейтті зона өсімдігі
өсетін биіктік белдеулік басталады, одан жоғарырақтағы қызыл қоңыр және
қара топырақты белдеуде дала өсімдігі өседі. Дала зонасынан жоғары жабайы
алма, зерек, итмұрын, мойыл, қараған, тал, көк теректі орман зонасы
орналасады. Тау беткейі мал жайылымына қолайлы [7].
Геологиялық құрылысы. Шығыс Қазақстан рельефінің геологиялық құрылысы
күрделі. Алтай тауы негізінен палеозой шөгінділері мен метаморфты
жыныстардан түзілген. Кембрийге дейінгі кристалды тақтатас Катунь жотасының
негізін құрайды. Кембрийдің әк тасы, саздақты тақтатасы, ордовиктің тув
шөгінділері және силурдың құмтасы мен тувтары кездеседі. Шеткі зонада
силурдың карбонаттық формациясы, төменгі девонның әк тасты жыныстары,
бұлардан жоғарырақ қалыңдығы 10-12 шақырымдай төменгі-ортаңғы девонның
вулканогендік шөгінді жыныстары түзілген. Силур – девонның, ортаңғы
карбонның, пермьнің гранит интрузиялары кездеседі. Сипатталған палеозойлық
қатпарлы жүйе жоғарғы триастан бастап платформалық режимде дамыған және
эпипалеозойлық платформа құрамында болған. Қазіргі таулы аудандар
жарылыстар арқылы ені 10х10, ұзындығы жүздеген киллометрге көтерілген, не
төмендеген блоктарға бөлінген [8]. Обь – Зайсан қатпарлы облысы құрылымы
жағында Алтай-Саян қатпарлы облысына ұқсас, даму пішіндері жөнінен оралдық
типтегі герциндік құрылымының сипаты байқалады. Жүйенің солтүстік-батысқа
созылған қатпары батыста Сарыарқа каледониттерінің, шығыста Ертіс
жарылыстарының арасынан орын алып, Сарысозақ, Жарма, Қалба-Нарын
мегасинклинорийінен құралған. Геосинклинальдық кешенде дислокациялар едәуір
орын алған Қалба-Нарын мегасинклинорийі негізінен ортаңғы визеден жоғарғы
карбонға дейінгі сұр түсті терригендік шөгінділерден құралған. Ол екі
комплекске ажыратылады. Төменгі комплекс ортаңғы визенің ритмді қабаттасқан
құмды-сазды түзілімдерінен (3000-4000 метрдей), жоғарғы кешен құм тастар
мен конгламераттардан (2000 метрдей), мегасинклинорий фундаментінде
кембрийлік жыныстардан түзілген [9].
Шығыс Қазақстан облысының батысы Сарыарқаның шығыс жиегін қамтиды. Ол
күрделі геологиялық құрылысымен ерекшеленеді. Төменгі палеозойдан бастап
үштік дәуірге дейін қатты бұзылып, пенепленге айналған. Кембрийлік
геологиялық құрылымының метаморфтық шөгінді жыныстары, эффузивтер, гранит
интрузиялары, (негізінен силур, карбон, девон) шөгінділері көп кездеседі.
Ал мезазой және кайнозой шөгінділері аз.
1.3. Климаты
Шығыс Қазақстан облысының климаты тым континенттік, оңтүстік-шығысына
қарай континенттігі арта түседі. Шығыс Қазақстан облысының материктің
ортасында орналасқандығы, дүниежүзілік мұхиттардан алыстығы,
территориясының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде биік таулардың жатысы
климаттың континенттігін арттыра түседі. Тау етектері мен төменгі
беткейлері ылғал, ал иен жазық бөліктеріне Орталық Азия шөлдерінен
тропикалық ауа массалары құрғақшылық әкеледі. Қысы суық әрі ұзақ, жазы
ыстық және құрғақ. Жазық өңірінде қар жамылғысы жұқа [10]. Аумақ үш
климаттық аймаққа бөлінеді: аймақтың солтүстігі – далалық (Семиярка, Семей,
Дмитриевка), орталық-шөлейт шөл (Шар, Жарма, Көкпекті, Қайнар, Қарауыл,
Аягөз, Баршатас) және оңтүстік шығысында (Ақсуат, Үржар, Бахты, Мақаншы)-
тауалды және таулы аймақтары [11].
Далалық ендік зона-оңтүстік құрғақ дала зонашығынан тұрады. Жылдың
орташа жауын – шашын мөлшері 250-300 мм. Солтүстік пен шығысына қарай осы
зонашық ішінде ылғалдықтың артатынын байқауға болады. Жауын – шашынның
негізгі мөлшері жылы маусымға (сәуір-қазан), ал максималды көрсеткіші жаз
айларына (маусым-тамыз) сәйкес келеді. Қар жамылғысының биіктігі 20-25 см,
1 м тереңдікке дейін жер қатады. Жылдың орташа температурасы 2,5 – 30 С,
қаңтардың орташа температурасы – 16 – 170 С, шілденің орташа температурасы
+220 С шамасында. Абсолюттік минимум – 490 С, максимум +410 С. Бұл
көрсеткіштер температуралық амплитуда 900 С екендігін көрсетеді. Аталмыш
зонадағы жылы кезеңнің орташа ұзақтығы 200, ал салқын күндер саны 130. Суық
кезеңде шығыс, оңтүстік-шығыс желдер, ал жылы кезеңде батыс және солтүстік-
батыс желдер басым. Мұндағы желдің орташа жылдамдығы қыста 4 мсек, жазға
қарсы 3 мсек.
Шөлді-далалы зона климаты-құрғақ климат аудандарына қарағанда
құрғағырақ болып келеді. Аталмыш аймақтағы орташа жылдық жауын-шашынның
мөлшері 200-250 мм, ол оңтүстіктен солтүстікке және биіктік белдеулілік
аймағына қарай арта түседі. Жылы маусымда мұндағы ылғал құрғақ белдеулерге
қарағанда молырақ түседі. Ылғалдылық деңгейі көктем айларында жоғары, ал
қар жамылғысы солтүстік тұсына қарағанда оңтүстігінде қалыңырақ Шар маңында
15-18 см, Абай мен Жаңғызтөбеде 3-8 см, Шұбартау мен Аягөзде 18-26 см.
Жылдың орташа температурасы 1,7-30 С. Қаңтардың орташа температурасы –13
–180 С, шілденің орташа температурасы 20,7-21,60 С. Абсолюттік минимум –
540 С, абсолюттік – 540С, абсолюттік максимум 410С және мұндағы
температуралық амплитуда 950С. Жергілікті жердегі жылы күндер саны – 200-
250, ал салқын күндер 93-126. желдің бағыты мен күшіне жер бедері әсер
етеді. Мұндағы желдің орташа жылдамдығы 3,3-4,4 мсек. Жаз айларында жел
құрғақ ауаны үрлеп жергілікті жердегі топырақты эрозияға ұшыратады. Шөл
зонасының климаты шұғыл континенталдығымен және өте құрғақтылығымен
ерекшеленеді. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің көрсеткіштері 150-200 мм –
аталмыш көрсеткіш Жоңғар қақпасына қарай одан да азая түседі. Ылғалдың
негізгі бөлігі жылы маусымға сәйкес келеді. Қар жамылғысының биіктігі 20 см
шамасында. Жер тоңы 0,5 м тереңдікке дейін қатады. Жылдың орташа
температурасы 5-60С, ал шілденің орташа температурасы – 23,80С, қаңтарда –
12,80С. Абсолюттік минимум – 500С. Жылы күндер саны 203 және салқын күндер
саны 128.
Жоғарғы таулық шалғындық зона климаты өте күрделі. Мұндағы жылдық
жауын-шашынның мөлшері 500-600 мм. Жылы кезеңнің ұзақтығы 4 ай, сонымен
қатар жаз айларында түнде суып тұрады. Бұл климаттық аудандардың
ерекшеліктері: ұзаққа созылған қыс, қысқа және салқын жаз, күн
радиациясының жоғары болуы. Қоңыржай ылғалды белдеудің климаты-орташа
биіктігі бар жоталар да кездеседі. Қар жамылғысының қалыңдығы 50 см, ал
топырақтың қату терңдігі 50-60 см. Жылдың орташа температурасы 1 – 20С,
шілденің орташа температурасы – 16 – 180С. Жылы кезеңнің орташа ұзақтығы
200-205 күн, салқын күндер 115-120 күн.
Құрғақ далалы белдеу климаты ендік далалық зона климатына ұқсас болып
келеді. Жауын-шашын мөлшері 280-330 мм, негізгі мөлшері жылы маусымда
түседі. Қар жамылғысының қалыңдығы 10-14 см, топырақ 60-80 см тереңдікте
қатады. Жылдың орташа температурасы 1,6-2,40С, шілде айының орташа
температурасы 16-240С, қаңтар айының орташа температурасы – 14,9 – 20,20С.
Абсолюттік минимум – 53, максимум +40. температуралық амплитуда максимумы
930С. Мұндағы жылы кезеңнің күндері 198-203, ал салқын күндер саны 94-112.
Желдің орташа жылдамдығы 3,4-3,7 мсек. Шөл далалы белдеудің климаты Зайсан
ойпаты мен Тарбағатайдың солтүстік сілемдерінде көрініс табады. Аталмыш
зонадағы жылдық жауын-шашын мөлшері 300-400 мм, максимумдары күзгі, қысқы,
көктемгі маусымда байқалады. Сұр топырақты белдеу Балхаш-Алакөл ойпатында
орнығып, жауын-шашын мөлшері 200-300 мм, ал қар жамылғысы 25 см болады. Бұл
белдеу Солтүстік Тянь-Шань сілемдеріне дейін жалғасып жатыр.
Семей қаласындағы климаттың өзгеруі соғыстан кейінгі жылдары
айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мысалы, 1945 жылғы көрсеткіштер бойынша
Семейдегі орташа жылдық температура 30С болса, 1999 жылы 4,50С-қа тең
болды.
Бұл үдерістің қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етті. Біріншіден,
ғаламдық климаттың жылылану бағыттары; екіншіден, соғыстан кейінгі
жылдардағы жаңа өндіріс орындарының, инфрақұрылымның дамуы және олардың
ауаға шығаратын улы заттарының көктемелік әсерінің күшейе түсуі;
үшіншіден, 1949 жылы Семей сынақ полигонының іске қосылуы және жарты
ғасырға жуық қызметі.
Мысалы, 2000 жылы Семей қаласындағы стационарлық көздерінен шыққан
атмосфераны ластаушы заттардың мөлшері 22,1 мың тонна болса, 2003 жылы
аталмыш көрсеткіш 31,3 мың тоннаға жеткені 1 – кестеде берілген [12] .
Кесте 1. – Жеке қалалар бойынша стационарлық көздерден атмосфераны
ластаушы заттардың таралуы (мың тонна)
Қалалар 2003 2004 2005 2006
Семей 22,1 27,2 27,0 31,3
Талдықорған 5,2 5,5 3,9 5,3
Орал 2,7 2,9 2,0 1,5
Риддер 13,1 12,6 11,5 11,2
Алматы 13,0 12,7 11,2 16,4
2003 жылғы Семей қаласында ауаға шығарылған 31,3 мың тоннаның 12,2 мың
тоннасы-қатты, ал 19,1 мың тоннасы-газ тәріздес; олардың ішінде 4,7 мың
тоннасы-күкіртті ангидрид, 10,8 мың тоннасы-көмір қышқылы, 3,4 мың тоннасы-
азот қышқылы құрайды [13].
Аймақтың таулы және тауалды өңірлерінде климаттың континенталдығы
біраз басылады. Ең суық ай қаңтардың орташа айлық температурасы – 160С,
кейбір аймақтарда – 200С, оңтүстікте – 140С. Температураның абсолюттік
минимумы – 480С, оңтүстікте – 440С, таулы өңірде – 500С. Ең жылы ай-шілде.
Шығыс Қазақстан аймағы бойынша орташа айлық температурасы +210С, оңтүстікте
+230С, ауаның абсолюттік максимумы 41 – 420С-қа дейін жетеді [14].
Жалпы Шығыс Қазақстан облысының климаты үш негізгі фактор ықпалынан
қалыптасады: күн радиациясы, атмосфералық айналым және жергілікті жер
бедері. Облыс климатын қалыптастыруда: географиялық орын, микроклимат
ерекшеліктері, табиғи суқоймалардың болуы, адамдардың шаруашылық қызметі
(ағаштардың кесілуі, орман жолақтарының салынуы, жасанды суқоймалардың
жасалуы) [15,16].
Шығыс Қазақстан облысындағы күн көзінің орташа жылдық ұзақтығы 2500
сағат, ал жиынтық радиация көлемі 12 ккалсм2. горизонт үстіндегі күндізгі
көлеңкенің биіктігі (Семей қаласы) маусым айында 630С-тан, желтоқсан айында
160С-қа дейін жетеді. Суық кезеңнен жылы кезеңге ауысуы аталмыш аймақта өте
шапшаң жүзеге асады. Егер наурыз айында әлі қыс маусымы тұрса, мамыр айында
аптап ыстық лебі байқалады. Бір тәулік ішіндегі температураның үлкен
ауытқушылығы аймақ климатының тағы бір ерекшелігі болып табылады.
Температураның шұғыл өзгеруі әсіресе көктем және күз маусымдарында қатты
байқалады. Алғашқы күздік үсік қыркүйек айының басында тіркеледі.
Алтай тауының климаты. Климаты қоңыржай континентті. Жыл бойы
континентті ауа массалары әсер етеді. Алтай тауына батыстан және оңтүстік-
батыстан соққан желдер ылғал алып келеді, сондықтан тау беткейлерінде
жылына 600 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Тауға биіктеген сайын жауын-
шашын мөлшері көбірек түседі. Оба, Үлбі өзендері бастау алатын таудың
жоғарғы бөлігінде 1800 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Тау етегінде жауын-
шашын мөлшері 205-300 мм. Қардың түсуі тау етегінде 20-30 см, ал тауға
биіктеген сайын 2 метрге дейін қалыңдайды.
Тарбағатай тауының климаты. Тарбағатай өңірінің климаты қатаң
континентті. Қысы салқын, жазы ыстық, жауын-шашынның жылдық мөлшері 350-500

Тұтас алғанда Шығыс Қазақстанның климат жағдайлары ауыл шаруашылығын
дамытуға өте қолайлы. Кенді Алтайдың, Қалба жотасы мен Тарбағатайдың қара
және қоңыр топырақты ылғалы жеткілікті бөктерлері суарылмайтын егіншілік
үшін өте қолайлы. Зайсан қазаншұңқыры мен Сарыарқаның қуаңшылықты
далаларында ғана ылғал жетіспейді, сондықтан мұндағы егіншілік қолдан
суаруды қажет етеді, оның есесіне қардың жұқа түсуі кейде малдың жыл бойы
тебіндеп жайылуына мүмкіндік береді.
1.4. Өзендері мен көлдері
Шығыс Қазақстан территориясы жер беті ағын суына бай, әсіресе облыстың
Алтайлық бөлігінде өзендер мол. Қазақстанның ең ірі өзені-Ертіс осы облыс
жерінен өтеді. Таудағы ылғал қорларынан басталатын Күршім, Нарын, Бұқтырма,
Үлбі, Уба, Шар, Қызылсу тағы басқа өзендер Ертіске құяды [17].
Өзендері. Ертіс – Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінің басты өзені. Қара
Ертіс деп аталатын бұл өзен Қытай жеріндегі Монғол Алтайы тауының батыс
беткейінен бастау алып Зайсан көліне құяды, ол дүние жүзіндегі ірі
өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы 4248 км, ал Қазақстан жеріндегі арнасының
ұзындығы 1700 км. Ертіс алғашқыда қырқалы-төбелі жазықпен ағады. Одан әрі
қарай Алтайдың Нарым, Қалба жоталары және басқа тау сілемдерінің
аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағып келеді де, оған
Зайсан көлімен Өскемен қаласының аралығында көптеген салалар келіп құяды.
Бұлардың ішіндегі ең суы мол, әрі ең ірі саласы Бұқтырма өзені. Өскеменнен
төмен қарай Ертіс кең аңғармен ағады, оның оң жағында-Алтай тауларының
сілемдері, сол жағында Сарыарқа жатыр. Аңғардың жағалауы едәуір биік, әрі
тік құламалы, кей жерлері жартасты болып келеді. Ертіс Семей қаласы тұсында
жазыққа шығып, нағыз жазықтық өзенге айналады. Бұл жердегі өзен арнасы
ирелеңдеп келеді де, кей жерлерде тарамдарға бөлініп кетеді. Бұлардың
арасында жайылма өсімдіктері өскен көптеген аралдар бар.
Өскемен мен Семей қалалары арасында Ертіске бірнеше сала келіп құяды,
олардың ішіндегі ең ірілері оң жақтан Үлбі және Уба өзендері, сол жақтан
Шар мен Қызылсу өзендері келіп құяды. Семейден төмен, Қазақстаннан шығар
жерде Ертіске айтарлықтай бірде-бір сала құймайды. Ертіс салаларының біразы
Алтай тауының мәңгі қары мен мұздықтарынан, кейбір салалары жер асты суы
мен жауын-шашыннан қоректенеді. Сондықтан Ертістің суы жыл бойы мол болады.
Ертіс Ресей жеріне жылына 28 млрд. м3 су алып барады. Оның суының ең мол
кезеңі сәуір-мамыр айлары және маусым айының басы. өскемен мен Семей
арасындағы Шульба ауданында өзеннің айлық орта шығыны мамыр айында 2541
метрсекундқа жетеді. Осы ауданда жылдық орта ағын 20 миллиард метрден
жоғары. Қарашадан сәуірдің ортасына дейін Ертіс қатып жатады. Сең жүру
күшті болады да, өзенді сең бөгеп тастайды, соның салдарынан су тасып, өзен
суы жағасына жайылады.
Ертістің басынан бастап сағасына дейін кеме жүруге қолайлы. Жолаушылар
таситын және жүк тартатын кемелер, катерлер жоғары қарай Қытаймен шекараға
дейін көтеріледі.
Сарыарқаны тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы
салынды. Канал құрылысы 1962 жылы басталып, 1974 жылы іске қосылды. Оның
ұзындығы 490 км. ертістің суы арзан электр энергиясын өндіруге
пайдаланылады. Ертіс бойына бірнеше су электр станциялары салынған. Олар:
Өскемен, Шүлбі және Бұқтырма. Өскемен және Бұқтырма СЭС-нан өндірілген
энергияны Кенді Алтайдың кәсіпорындары пайдаланады.
Бұқтырма өзені – Ертістің оң жақ саласы. Бұл өзен Оңтүстік Алтайдың
мұздықтары мен қарынан басталады. Бұқтырма-жағалауы жартасты, арнасы
шоңғалды, ағыны қатты тау өзені. Ертістің ең суы мол саласы да осы Бұқтырма
өзені. өзеннің суы мамырдың аяғынан шілде айына дейін тасып жатады. Су
деңгейінің шұғыл көтерілетін кезі-маусым айы, ал арнасынан төмен түсетін
кезі-қыс айлары. өзен ағаш ағызуға қолайлы әрі электр энергиясын өндірудің
тиімді көзі болып табылады.
Бұқтырма өзенінің аңғары шатқал-шатқалдың арасымен өтеді. Өзеннің
әрбір бұрылысы табиғаттың әсем көрінісімен астасып жатады. Өзен
жағалауларының биіктігі екі жүз метрге дейін жететін жартасты, тік құлама
беткейлі болып келеді. өзен жағалауынан таудың етегіне дейін әр түрлі ағаш,
бұталар өседі.
Үлбі өзені – Иванов жотасынан басталып, Бұқтырма сияқты, таулы
жерлерді кесіп өтеді. Жолында оған көптеген салалар келіп қосылады. Өзінің
де, салаларының да жоғарғы жағында ағысы қатты болып келеді. Олар ағаш
ағызуға және электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Өскемен қаласы Үлбі
өзенінің Ертіске құяр жерінде орналасқан.
Уба өзені-Ертістің бұқтырмадан кейінгі екінші саласы. Бұл Алтайдың
төбесін қар шалған жотасынан басталады. Соған байланысты өзен негізінен
еріген қар суымен қоректенеді. Сәуір-мамыр айларында өзен суы тасиды.
Қарашадан бастап наурызға дейін су деңгейі азаяды. Уба өзені-Алтайдың ағаш
ағызатын едәуір үлкен өзенінің бірі [17].
Көлдері. Көлдер табиғи ресурстардың негізгі қайнар көздеріне жатады.
Шығыс Қазақстан облысы территориясында көлемі 1 гектардан асатын, ал жалпы
көлемі 8,96 шаршы шақырым 1968 көл орналасқан. Бұлардың су қоры 7,08
миллиард текше метр. Осы көлдердің ішінде 92 көлдің көлемі 100 гектардан
асады. 732 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Шығыс Қазақстан облысындағы ірі
көлдер: Зайсан (тұщы), Марқакөл (тұщы), Большое (Бородулиха), Балықтыкөл,
Әлжан, Төменгі Балықтыкөл, Жоғарғы Балықтыкөл, Қаракөл, Дұбығалы, Рахман
көлі, Дүйсен, Айыр, Алқа тағы басқа.
Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында, Алтай тауының оңтүстігінде
орналасқан. Оның ұзындығы 38 километр, ені 19 километр, көлемі 1455 шаршы
шақырым. Жағалауының ұзындығы 106 километр. Көл теңіз деңгейінен 1450 метр
биіктікте жатыр [2].
Марқакөлдің су жиналатын алабы таулы. Жері ойлы-қырлы, өзендер
тілімдеп тастаған. Су жиналатын алабына ну тоғай өскен. Марқакөл көлі
Марқакөл ойысында жатыр. Оның оңтүстігін Азутау, солтүстігін Күршім таулары
қоршап жатыр. Көл жағалауларына ағаш өте қалың болып шыққан. Мұнда қарағай,
шырша, самырсын, ақ қайың, көктерек, шетен, мойыл, қарақат, тобылғы,
үйеңкі, тал өседі. Көлге 27 шағын өзен келіп құяды. Ішіндегі ең ірілері:
Тополевка, Тихушка, Мылтықбай, Еловка, Тастыбұлақ, Байпақсу, Қарабұлақ,
Қатабай, Жиренбайтал. Көлден тек Қалжыр өзені ағып шығады. Көлдің деңгейі
мамыр айынан бастап көтеріліп, маусым-шілде айында ол ең жоғары шегіне
жетеді, сонан соң ол төмендеп, қазан-қараша айларында бірқалыпқа келеді.
Көлдің оңтүстік-батыс жағының терең жері 27 метрге дейін жетеді. Солтүстік-
шығыс жағының суы таяз келеді, ол бірте – бірте терңдейді. Көлдің түбі
кедір – бұдырлы. Құятын өзендердің сағалары жырымдалғаны болмаса,
Марқакөлдің жағалаулары онша бұзыла қоймаған. Көлдің батыс жағынан тас
көмір және девон шөгінділерінен пайда болған тақтатастар, ал оңтүстігінен
граниттер көзге түседі.
Оңтүстік жағалауында тау жақпары мен су астына құлаған ірі тастар бар.
Марқакөлдің ең терең жері 27 метр болса, оның орташа тереңдігі 14,3
метрдей. Көлге 6,5 текше метр су жиналады. Марқакөлдің суының түсі жасыл-
көк, 4-5 метр тереңдікке дейін мөлдір. Марқакөл Шығыс Қазақстанның ең суық
аймағында жатыр (температурасы 550С-қа дейін төмендейді). Көлге қараша
айында мұз қатқаннан кейін температура тұрақтанады.
Зайсан көлі – оңтүстік Алтай мен Тарбағатай жоталары аралығындағы
тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан. Бұл-ағынды, суы тұщы көл. Оған
бірнеше кішігірім өзендер келіп құяды да Ертіс өзені ағып шығады.
Абсолюттік биіктігі 386 метр, ұзындығы 100 километр, ені 30 километр,
ауданы 1800 шаршы шақырым, ең терең жері 10 метр. Көл қыста қатады, жазда
суының температурасы + 260С-қа дейін көтеріледі. Көл суының деңгейі жаздың
алғашқы жартысында жоғары болады. Жағасы көп жерінде жайпақ. Бұқтырма
бөгені жасалғаннан кейін көл 1,5-2 метрге тереңдеп, ауданы 5510 шаршы
шақырымға жетті. Қара Ертіс, Көкпекті өзендері құяды да Ақ Ертіс ағып
шығады. Қарашада мұз қатып, сәуірдің аяғында ериді. Көл кәсіптік маңызы бар
балыққа бай. Мұнда балықтың 23 түрі кездеседі. Бекіре, ақ балық, таймен,
шортан, аққайран, сазан, алабұға және нәлім ауланады. Көлге су тышқаны
жерсіндірілген. Мұнда Шығыс Қазақстан облысының басқа өңірлерімен
салыстырғанда қыс жылылау әрі қысқа, жазы ұзақ, төңірегінде алма, жүзім,
өрік, шие бақтары өседі.
Қаракөл көлі – Жарма ауданының оңтүстік-батысында, теңіз деңгейінен
754,8 метр биіктікте жатыр. Көлемі 2,11 шаршы шақырым, ұзындығы 2,7
километр, ені 1,1 километр, жағалауының ұзындығы 6,4 километр. Қаракөлдің
су жиналатын алабы 25 шаршы шақырым. Көл алабы таулы, тасты, ойлы – қырлы,
бұл жерде де қайың, көктерек және қараған бұталары, бетеге, жусан өседі.
Көлдің оңтүстік-шығыс жағалауынан Аягөз-Семей тас жолы өтеді. Қаракөл қар
суымен, жер асты суымен және өте сирек жауын – шашын суымен қоректенеді.
Көлдің орташа тереңдігі 4 метр, ең терең жері 7,1 метр. Суы 1 – 1,5 метрге
дейін мөлдір, түсі сарғыштау. Көлде үйрек, жылқышы тағы басқа құстар
кездеседі.
Балықтыкөл – Семей ауданының солтүстік-батысында орналасқан. Теңіз
деңгейінен 217,5 метр биіктікте жатыр. Көлемі 6,08 шарышы шақырым, ұзындығы
5,8 километр, ені 1,5 километр, ал жағалауының ұзындығы 15,8 километр.
Балықтыкөл Шаған өзенінің солтүстік жағындағы төбе аралығында орналасқан.
1964 жылы Шаған өзеніне бөгет салынды. Бұл көлдің су деңгейін 2 метрге
дейін көтеруге, көлемін 50 гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Көл
Шаған өзенінің және көктемгі қар суымен толығады. Суының түсі жасыл-
сарғылт, 0,5 метр тереңдікке дейін мөлдір, орташа тереңдігі 4 метр, енінң
терең жері 6,8 метр. Мұнда 24 миллион текше метрден астам су жиналады.
Рахман көлі – Қатонқарағай ауданында, теңіз деңгейінен 1760 метр
биіктікте орналасқан. Жалпы көлемі – 1,14 километр, ұзындығы – 2,6
километр, ені – 0,6 километр. Көлдің түсі көк-жасыл. 7 метрге дейін суы
мөлдір. Ең терең жері 30,6 метр. Көл суы негізінен өзендер мен қар суымен
қоректенеді. Көлге Жоғарғы Арасан өзені құяды да, Төменгі Арасан өзені ағып
шығады [2].
Мұздықтар. Қазақстандағы Алтай тауында 328 мұздық бар. Олардың жалпы
ауданы 89,6 шаршы шақырым. Мұздықтар негізінен 2600 метр биіктіктен жоғары
орналасқан. Мұздықтар Катунь, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты
жоталарында шоғырланған. Сауырда 18 мұздық бар. Ауданы 16 шаршы шақырым
[8].

Шығыс Қазақстан аумағының ірілігі мен геологиялық құрылысының
ерекшеліктеріне сай байланысты пайдалы қазбалары да алуан түрлі қара және
түсті металдардың, химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының мол қоры
бар. Аймақтың геотектоникалық құрылысы мен геологиялық даму тарихының
ерекшеліктерін сай олар әркелкі таралған [30].
Металогенездің көріністерінің қарқындылығы мен сипатына қарай облыс
аумағы бірнеше кенді аймақтарға бөлінеді.
1. Шөгінді жанғыш және химиялық пайдалы қазбалар шоғырланған Зайсан-
Алакөл ойысы.
2. Орал-Монғол қатпарлы белдеуінің каледон герцин қатпарлықтарына
жататын Алтай таулы аймағы.
3. Герцин кезеңінде түзілген Шыңғыс тау, Сауыр-Тарбағатай, таужүйелері.
Шыңғыстау, Сауыр-Тарбағатай кенді аймақтарындағы пайдалы қазбалардын
пайда болу жолдары. Балқаш көлінің солтүстігіндегі Шу-Балқаш метологенді
аймағындағы Қараоба кенді белдеуіндегі Солнечный мен Гулшатта сирек
кездесетін вольфрам, молибден, висмут металдарының кен орындары бар.
Силурдың соңында қалыптаса бастаған Шыңғыстау-Тарбағатай қатпарлы
белдеуі салыстырмалы түрде алғанда металогенияға кедей. Кембридің
жанартаулық шөгінді жыныстарының қабаттарында ірі калчоданды полиметалды
кендер шоғырланған, олардың қатарына Майқайың, Александров, Көктас кен
орындары жатады.
Атасу – Жоңғар таулы алқабының әктас-тары мен мергельдері мен тығыз
байланысты. Балқаш маңының солтүстігі мен солтүстік-батысындағы Кишікбай
мыс колчедан, мыс-профир, полиметалл, темір және сирек кездесетін
металдардың Гулшат және Қызылеспе алтын және висмут кен орындары каледон
кен түзілу кезеңі мен байланысты пайда болған [31].
Жоңғар Балқаш жүйесінің солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс
бөлігіндегі пайдалы қазбалар герцин қатпарлығы мен тығыз байланысты
түзілген. Қарқаралының шығысындағы Қарағанды Шығыс Қазақстан облыстарының
шекарасында гидротермальді- шөгінді жолмен түзілген Кентөбе, Сарбұлақ,
темір сонымен қатар қайрақты полиметалл (қорғасын -мырыш) және жанартаулық
негізде түзілген Айғыр қорғасын кен орны бар.
Жоңғар-Балқаш жүйесінің солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс

түзілген. Қарқаралының шығысында гидротермальді шөгінді жолмен түзілген
Кентөбе, Сарбұлақ темір сонымен қатар қайрақты полиметалл (қорғасын-мырыш)
кен орындары осы жерде жанартаулық негізде түзілген Айғыр қорғасын кен
орыны бар. Герцин кезеңінде түзілген өнеркәсіптің маңызы бар кен
орындарының қатарына Ақтоғай мыс профилі кеніштері жатады. Қаратас кенді
белдеуінде (Қазылеспе, Науалы кен орнында) қорғасын-мырыш,темір профирлі
молибден-мыс кендері мен минералданған таза мыс және алтын өндіріледі.
Зайсан герциндік қатпарлы жүйесі. Бұл жүйенің солтүстік шығысында
полиметалға бай Алтай кенді белдеуі орналасқан. Шөгінді әктас кен орындары
(Сажаиев Қазақстан Предгорник) құрылысқа қажетті цемент шикізаты, әктас,
мәрмәр ұнтағын алуға, түсті металлургияға қажетті флюс өндіруге
қолданылады. Белаус, Талов, Чеснаков, (Зырян ауданы) және Холзун кен
орындарында гидротермальді-шөгінді жолмен түзілген темір-марганец
өндіріледі. Марқа көлдегі магнетит кеніндегі темірдің үлес салмағы 50-70%
дейін жетеді.
Кенді Алтайда қорғасын мен мырыштың, мыстың мыңға тарта кен орны
белгілі. Солардың ішіндегі ең ірілері Никитин, Риддер, Сакалов, Тишин, Жаңа
Лениногор, Колчеданды полиметалл кен орындары. Кен құрамында алтын, күміс
басқада сирек кездесетін шашыранды металлдар мен кенсіз пайдалы қазбалар
бар. Кенді Алтайдың батыс қанатында Зырян, Гриков, Малеев полиметалл кен
орындары орналасқан. Белдеудің солтүстік батысында Орлов-Николаев, Березов-
Белоусов полиметалл және мыс кен орындары бар. Қиыр оңтүстік батысында
Вавилов және Қарашеген мыс және мысты теритті кен орны орналасқан. Кен
құрамында аннерит, алтын, тальн, фуист кездеседі.
Қалба Нарын белдеуіндегі граниттерде керамиканың, хрустальдың және
сирек металлдардың маңызды шикізаттары болып табылатын негматитті кен
орындары шоғырланған. Олардың қатарына камсомол, Теректі, Шерді аяқ қалайы-
вольфрам кен орындарын жатқызуға болады. Семей қаласына жақын орналасқан
батыс Қалба аймағындағы әк тас кен орны цемент шикі-заты, әрлейтін тас,
қиыршықтас, ретінде қолданады. Сауыр жотасындағы молырақ кендірлік кен
орнында алтынның кен түзілістері бар. Табиғи газ жартылай кокстеуге жарамды
қоңыр көмірдің және жанғыш тақта тас кен орындарының өнеркәсіпте маңызы зор
[32].
Зайсан-Алакөл ойыстарының пайдалы қазбаларының түзілу жолдары. Зайсан-
Алакөл ойыстары эпигерциндік Тұран плитасының шығыс бөлігін қамтиды. Оның
бетін мезазой кайнозой эраларының органикалық, хемогенді және кесек шөгінді
жыныстары жауып жатқандықтан тас көмір, жанғыш тақта тас,қоңыр көмір, мұнай
мен құрылыс материалдарының мол қоры бар. мен Ақмола коалинмен орындары
түзілген (Алексеев, Ақмола). Юра дәуірінде түзілген, Ертіс өзенінің
батысындағы Абай, Алакөл ойысындағы Жалаңашкөл, Зайсан ойысындағы Кендірлік
қоңыр көмір мен жанғыш тақтатас кен орындарының өнеркәсіптік маңызы зор.
Жаңа Семей кен орынындағы неоген саздары цемент өндірісінде кеңінен
қолданылуда. Семей мен Өскеменнің ірі өнеркәсіп орталықтары көбінесе Ертіс,
Бұқтырма өзендерінің жайылмалары мен жайылма үсті текшелерінде шөккен
төрттік дәуірдің проювиальды, сирек жағдайда эовалдық және көлдік
қиыршықтасты – малта тасты шөгінділерін құрылысқа қолданады.
Шығыс Қазақстанның өзен торларымен нашар қамтылған батыс бөлігінде
жерасты суының маңызы зор. Ертсі Шара Аягөз, Еміл басқада өзендердің
аңғарындағы алливиальды шөгінділерге көктемде еріген қар суының жер астына
сіңуінен (фильтрациалануынан) еспе, қабат аралық жарықшақты жарасты
сулардың түзулеріне қолайлы жағдай тудырады. Балқаш – Ертіс суайрығы мен
Шыңғыстау Архат сияқты аласа таулы алқаптар жерасты суларының түзуеріне
жауын-шашын мен қатар құрлымдық факторларда әсер етеді. Әсіресе қалың
шөгінді жаныстар жауып жатқан палеозой гранитойтарының бетіндегі қалың
шөгінді жыныстарда тұщы сумен қатар ащы суларда кездестіреді. Шығыс
Қазақстан облсының батыс бөлігінде жерасты суы азаяды. Ірі өзен алаптарының
аңғарылғандығы төрттікік дәірдіің алювиальды шөгінділері сумен жақсы
қамтамассыз етілген [33].
Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларының Зайсан-Алакөл ойыстары мен
шектесетін тектоникалық жарықтары емдік қасиеттері бар ыстық минералды
жерасты суларына бай. Онда Барлық-Арасан, Рақман бұлағы сяқты республикалық
маңызы бар шипажайлар салынған. Олар минералдануы 3 гл құрайтын хлоридті-
сульфаты, магнилі-натрилі радонды жарасты су көздерінің қатарына жатады.
Альпілік эпиплатформалық орогенді белдеудің қалыптасуы олигоценде
басылып неоген, төрттік дәуірлерінде жүреді. Сондықтан оның шегіндегі
мезозймен кайнозойдың пайдалы қазбалары платформалардікіне ұқсас болып
келеді. Пайдалы қазбалардың түзілуі үгілу қабаты мен тығыз байланысты. Оның
қатарына Алтайдағы полиметалл кендерінің үгілу аймағындағы минералды
бояулардың кен орындары жатады.
Ерте мезозойда Сауырдағы кендірек, Алакөлдің солтістік шығысындағы
Қутау, (Жалаңашкөл) қоңыр көмірмен тас көмір алапатары түзіді. Зайсан
қазаншұңқырында кездесетін бор, палеоген дәірлерінің кварцитті құмдарынның
мол қоры бар. Оларды байытып, әйнек өндірісі мен пішінінде жасауға
пайдаланылады. Мұнай құмдар Шымкент маңында да бар. Обсорбекті қасиеті бар
бектониті – монтиморилонитті саздардың Алтайдағы кенорындары кероизит,
цемент, кірпіш өндірісінде формоцептикада кеңінен қолданылады. Неоген
дәірмен Іле ойысындағы Шпс кен орындары (Жаркент) кен орындары тығыз
байланысты. Жаркент кен орындарындағы Шпиістің мөлшері 91%-ді құрайды. Оның
қоры 1 млн тонна оңтүстік Қазхақстанда гипстің кен орны бар. Неоген төрттік
дәіріндегі жер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz