Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде


1 Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі
2 Қазақ өлкесіндегі мұсылмандар қозғалысы
3 Қазақстанда социал.демократтар ұйымдары мен кәсіподақтардың құрылуы
4 Қазақ зиялыларының атқарған қоғамдық.саяси қызметі
1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.[1]Мазмұны [жасыр]
1 Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі
2 Қазақ өлкесіндегі мұсылмандар қозғалысы
3 Жұмысшы қозғалысының күшеюі
4 Қазақстанда социал-демократтар ұйымдары мен кәсіподақтардың құрылуы
5 Ауыл тұрғындарының наразылығы
6 Қазақ зиялыларының атқарған қоғамдық-саяси қызметі
7 Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы
8 ЫЫ Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
9 Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
10 Пайдаланылған әдебиеттер

Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі

1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.

Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.

Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.
1 Қазақстан тарихы (ХВЫЫЫ ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т./ Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 7 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде

1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда
халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ
қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды.
Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік
Думасының жұмысына қатысуы болды.[1]Мазмұны [жасыр]
1 Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе
түсуі
2 Қазақ өлкесіндегі мұсылмандар қозғалысы
3 Жұмысшы қозғалысының күшеюі
4 Қазақстанда социал-демократтар ұйымдары мен кәсіподақтардың құрылуы
5 Ауыл тұрғындарының наразылығы
6 Қазақ зиялыларының атқарған қоғамдық-саяси қызметі
7 Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы
8 ЫЫ Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
9 Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
10 Пайдаланылған әдебиеттер

Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе
түсуі

1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті.
Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда
қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер
зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын
келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап Қанды жексенбі деген өлең жазды. Өлеңнің
Айқап журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл
әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді.
Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.

Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың
наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық
өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.

Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол
бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы
қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді.
Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы
табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық
ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие
мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан
қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-
біріне қарсы қоюға тырысып бақты.

Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын
асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден,
қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың
қорына жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы
бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап
қазақ әскерлерінің мәңгілік пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы
және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз
қала бастады. Мәселен, ХХ ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының
өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар
жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі
меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан,
сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр
болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық
ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар
мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер
елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден,
жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік
сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық
деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен
салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша
үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді
қаптатып жіберді.

Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету
мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы
жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери
төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш
жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару,
кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.[1]
[өңдеу]
Қазақ өлкесіндегі мұсылмандар қозғалысы

ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде мұсылман қайраткерлерінің әрекеті
жандана түсті. Олар исламның ықпалын күшейту арқылы қазақтарды патша
үкіметінің орыстандыру және шоқындыру саясатына қарсы тұруға үгіттеді. Діни
қайраткерлердің осындай қозғалысы әсіресе Петропавл, Көкшетау, Ақмола және
Семей қалаларында елеулі түрде кеңінен тарады. Көкшетау қаласында молда
Наурызбай Таласов ерекше белсенділік танытты. Ол халық арасында Науан
хазірет деген атпен кеңінен белгілі болды. Науан хазірет халықты патша
үкіметіне қарсы күреске шақырды, оған қарсы үгіт таратты. Патшалық билікке
қарсы жазылған хаттар ел арасындағы ықпалды да беделді қазақтарға арнайы
жолданды. Ондай хаттардың авторы таза діни уағыздарға қоса қазақ
қоғамындағы көптеген әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қозғады. Атап
айтқанда, қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-санасына қысым
көрсетуді жою, қазақ тілінің кеңінен қолданылуына еркіндік беру, қоныс
аударушы орыс шаруаларының ағылып келуін тоқтату, шаруалар бастықтары деген
лауазымды қызметті жою мәселелерін көтерді.

1902 жылы Көкшетау қаласына Омбыдан арнайы келген дін таратушы осындағы
жергілікті халықты христиан дініне енгізу мақсатын көздеді. Ол тіпті
Тауратты қазақ тіліне аудартып ала келген. Алайда әлгі діни қызметкердің
әрекеттері жергілікті мұсылман халықтың ашу-ызасын тудырды. Жергілікті
ықпалды діни қайраткерлер Науан хазірет, Шәймерден Қосшығұлов және
басқалары Омбыдан келген миссионерді тез арада қуып шыққан. Бұл оқиға
жергілікті жандармерия тарапынан діни қайраткерлердің қуғын-сүргінге
ұшырауына себеп болған. Науан хазірет пен Шәймерден Қосшығұловтар Шығыс
Сібірге, бір қиянда жатқан Якутияға жер аударылған.

1903 жылдың көктемінде Ақмола облысына қарасты Көкшетау уезіндегі сегіз
болыстың қазақтары Ресей империясы Ішкі істер министрінің атына мына
төмендегі мазмұнда хат жазды: Біздің атам заманнан бері мекендеп келе
жатқан жерімізді қоныс аударып келген шаруаларға тартып алып беріп,
бастықтар бізді құнарсыз жерлерге қуып шықты... Құранымызды, қасиетті
кітаптарымызды нәжісті жерлерге лақтырды, медреселерімізді жауып тастады.
Біз бүйтіп шариғаттан бас тартқаннан гөрі өлімге бас тіккенімізді артық
көреміз.

1904 жылғы ақпанда Көкшетау уезінің бастығы молда Құдияр Рыстаевтың
қазақтарға жолдаған осындай бір хатын қолға түсірді. Онда ол халықты патша
үкіметіне қарсы белсенді күреске шақырып, былай деген: Біздің әкелеріміз
хан Кенесары Қасымовтың сенімді серіктері болған еді. Қасиетті дініміз
жолында ер жүрек азаматтар ретінде қолымызға қару алып, өлгеніміз әлдеқайда
артық.

1905 жылы мұсылман діни қайраткерлері Төменгі Новгородтағы және
Петербургтағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съездеріне қатыса бастады.
Мұсылмандардың съезінде Иттифак-әл-Муслимин (Мұсылман одағы) атты
Бүкілресейлік мұсылмандар партиясы құрылды. Жаңа партияның Орталық Комитеті
құрамындағы 15 мүшенің екеуі қазақ болды. Олар Сәлімгерей Жантөреұлы мен
Шәймерден Қосшығұлұлы еді.

Патша үкіметі отаршыл билікке қарсы шыққан халықты аяусыз жазалауға көшті:
тінту жүргізді, түрмеге қамады, жер аударды, мешіттер мен медреселерді
жауып тастады. Мұның өзі жергілікті халық тарапынан қатты наразылық
туғызды.[1]
[өңдеу]
Жұмысшы қозғалысының күшеюі

1905—1907 жылдары жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар
алғашқыда жоғары жақтағы аймақтық бастықтардың атына арыз айтып, шағым
түсіріп көрді. Мәселен, 1902 жылы мыс кеніштері мен Екібастұз көмір кенінің
150 жұмысшысы Дала генерал-губернаторының атына арыз-шағымдар жолдады.
Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап, қашып кетуі де аз болған жоқ.
Кейінірек жұмысшылар наразылығының бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты
түрлеріне көше бастады. 1904 жылы Зайсан уезіндегі Надеждинск кен қазу
орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық
етті. 1905 жылы Қазақстандағы темір жол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси
ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арада саяси кепілдіктер мен бостандықтар
берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті. 1905 жылғы 15 қарашада
Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондай-ақ
енді қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары өкілдерінің саяси шеруі болып
өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Жақып Ақбаев Семей түрмесіне қамалды.

1905 жылғы желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында, сондай-ақ Қарағанды
кен қазу орындарында үлкен ереуілдер орын алды. Оларға іле-шала Павлодар
қаласындағы өзеншілер де бас көтерді. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді,
зейнетақыны арттыруды, дәрігерлік қызметті тегін көрсетуді, жыл сайын ақылы
еңбек демалысын беруді талап етті.

Осымен бір мезгілде Успенск кенішінде жұмысшылардың ірі баскөтеруі
басталды. Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы құрылды. Бұл бірлескен
одақтың басшылары Б. Топорнин, ЖЫ. Байшағыров, С. Невзоров сияқты
жұмысшылар болды. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, тұрмыс жағдайын
жақсартуды, орыс-қазақ училищесін ашуды талап етті. Кеніш иелері олардың
талаптарын ішінара қанағаттандыруға мәжбүр болды. Жалақы мөлшері едәуір
көбейтілді, 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді, азық-түлік өнімдерінің бағасы
аз да болса арзандатылды. Жұмысшыларға су өтпейтін арнайы киімкешек, аяқ
киім берілді. Мұның өзі қазақ және орыс жұмысшыларының алғашқы бірлесіп
жасаған іс-қимылының нәтижесі еді.

1906 жылғы маусымда Семей қаласының жұмысшылары іс жүзінде түгелдей дерлік
көтерілді. Оған орыс пен қазақ, татарлар да қатысты. Ереуілшілердің талабы
жартылай да болса қанағаттандырылды. Ереуіл нәтижесінде қала халқы жиналыс
өткізу бостандығын жеңіп алды. 1907 жылдың жазында Семей, Ақтөбе, Верный,
Қостанай сияқты қалалар кәсіпорындарының жұмысшылары шеруге шықты.

Қазақстандағы жұмысшылардың мұндай баскөтерулері мен ереуілдері, әсіресе
теміржолшылардың арасында кеңінен қанат жайды. Революция жылдарында
өлкедегі темір жолдарда пойыздардың жүріп-тұруы талай рет тоқтап қалды.
Темір жол жұмысшылары 8 сағаттық жұмыс күнін ешкімнің, ешқандай
әкімшіліктің келісімінсіз-ақ өз беттерімен орнатып алды. Олар алғашқылардың
бірі болып жұмысшы кәсіподақтарын құрды. Жұмысшылардың бекеттерге, жол
бөлімшелеріне, кейде тіпті бүкіл темір жолға басшылық жасауды өз қолдарына
алған кездері де болды. Олар патша үкіметінің жазалаушы отрядтарына қарсы
тұру үшін жауынгерлік жұмысшы жасақтарын құрды.[1]
[өңдеу]
Қазақстанда социал-демократтар ұйымдары мен кәсіподақтардың құрылуы

Бірінші орыс революциясы қазақ өлкесінде социалдемократтардың алғашқы
ұйымдарының құрылуына ықпал етті. Олар Қазақстандағы жұмысшы табының басын
қосып патша самодержавиесіне қарсы күреске басшылық етті. Қазақстанда өз
беттерімен саяси білімін көтерушілердің алғашқы марксистік үйірмесі ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
1905-1907 жылдардағы революцияның Қазақстанға саяси дамуына әсері.
1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ–ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ
1905-1907 жылдардағы Ресей мен Қазақстандағы қоғамдық және саяси–әлеуметтік жағдайлары
1905-1911 жылдардағы Иран революциясы
Қытайдағы 1905-1911 жылдардағы революциялық қозғалыстар
1905 - 1907 және 1917 жылдардағы революциялық оқиғалар мен өзгерістердің қазақ өміріне ықпалы
1905-1908 жылдардағы Индиядағы революциялыщ өрлеу
1905-1907 жж. Ресей мен Қазақстанның саяси - әлеуметтік жағдайы
Қазақстан мен Ресейдегі патриотизмнің қалыптасуы
1970-1980 жылдардағы Қазақстан
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь