Республика Президенті



Кіріспе
1 Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесі
1.1 Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi
1.2 Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi
1.3 Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы өкілетті мемлекеттік биліктік құрылымдардың қалыптасуынсыз мүмкін емес. Құқықтық мемлекет құру жағдайында мемлекеттік биліктің үш тармағы бірдей күшті болуға және өз функциясын қалыпты орындайтындай жағдайда болуға тиіс. Дегенмен, заң шығарушы және атқарушы билікті байланыстырушы звено тек Президент болуы мүмкін.
Мемлекет басшысы институты тұңғыш рет Қазақ ССР-інің Президенті ретінде 1990 жылдың 24 сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру түрінде енгізілді.
Президенттік институт 1991 жылы 25 тамыздағы «Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заң)» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңымен одан әрі дамытылды. Онда өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын қызметтен босату рәсімі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белігіленді.
Сөйтіп, президентік басшылық идеясын жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер қалана бастады. Алғашында Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңнын 10-бабында «Қазақстан Республикасының басшысы және оның атқарушы өкіметі Президент болып табылады» деген ережені бекітті. 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпы халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Респубикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Одан әріде Президенттік институттың да, Президенттің жеке басының да көзқарасы қоғамдағы рөлі мен маңызы бірден бірге арта түсті. Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап Президент қызметінің құқықтық негіздері қаланып, оның мемлекетік билік органдары құрылымындағы жағдайы сараланды. Президенттік институтқа қатысты заңдылықтардың даму барысына қысқаша қайырым жасасақ, мынандай ой түюге болады: Президенттің барынша байыпты тұлғасы пайда болды, ол нақтылап айтқанда биліктің барлық үш тармағының қалыптасуында шешуші рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқықтық жағдайын белгiлейдi.
1. ҚР Конституциясы. Алматы. – 1995ж 30 тамыз.
2. Малиновский В. Егеменді Қазақстан мемлекетінің басшысы. Алматы, 1998 С.7.
3. Ким В.А., Ким Г.В. Казақстан Республикасының конституциялық реті. Алматы, 1998. С.8.
4. Сапарғалиев Г. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы, 1998. С. 141-142.
5. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С.. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы: Жеті жарғы, 1998. - 192 б.
6. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық -2001.
7. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы. 2003
8. Қ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. 1998

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесі
1.1 Республика Президентiнiң қызметiне
кiрiсуi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Республика Президентiнiң өкiлеттiк
мерзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Қазақстан Республикасы Президентiнiң
өкiлеттiгi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..15

Кіріспе

Мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы өкілетті мемлекеттік биліктік
құрылымдардың қалыптасуынсыз мүмкін емес. Құқықтық мемлекет құру жағдайында
мемлекеттік биліктің үш тармағы бірдей күшті болуға және өз функциясын
қалыпты орындайтындай жағдайда болуға тиіс. Дегенмен, заң шығарушы және
атқарушы билікті байланыстырушы звено тек Президент болуы мүмкін.
Мемлекет басшысы институты тұңғыш рет Қазақ ССР-інің Президенті ретінде
1990 жылдың 24 сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру
түрінде енгізілді.
Президенттік институт 1991 жылы 25 тамыздағы Қазақ ССР Конституциясына
(Негізгі заң) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңымен одан әрі
дамытылды. Онда өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіз болған
жағдайда Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын қызметтен
босату рәсімі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белігіленді.
Сөйтіп, президентік басшылық идеясын жүзеге асыру үшін құқықтық
негіздер қалана бастады. Алғашында Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16
желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Конституциялық заңнын 10-бабында Қазақстан Республикасының басшысы және
оның атқарушы өкіметі Президент болып табылады деген ережені бекітті. 1991
жылдың 1 желтоқсанында жалпы халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан
Респубикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайланды.
Одан әріде Президенттік институттың да, Президенттің жеке басының да
көзқарасы қоғамдағы рөлі мен маңызы бірден бірге арта түсті. Президент
қызметіне кіріскен сәттен бастап Президент қызметінің құқықтық негіздері
қаланып, оның мемлекетік билік органдары құрылымындағы жағдайы сараланды.
Президенттік институтқа қатысты заңдылықтардың даму барысына қысқаша
қайырым жасасақ, мынандай ой түюге болады: Президенттің барынша байыпты
тұлғасы пайда болды, ол нақтылап айтқанда биліктің барлық үш тармағының
қалыптасуында шешуші рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733
Конституциялық заңы
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және
сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары
лауазымды тұлға.
Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң,
Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрi кепiлi
Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп
жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн
қамтамасыз етедi.
Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы
берiледi.
Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң
тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне
нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.

1 Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесі
1.1 Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi

Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және
сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары
лауазымды тұлға.
Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң,
Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп
жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн
қамтамасыз етедi.
Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы
берiледi.
Республика Президентiне, оның абыройы мен қадыр-қасиетiне ешкiмнiң
тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадір-қасиетiне
нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
Республика Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты
түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне
кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.
Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент
депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының,
сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерiнiң қатысуымен
өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан
Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика
Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күннен бастап бiр айдың iшiнде ант
бередi.
Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi. Ант
берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалады.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан
Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын
және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.
Егер бiр тұлға Республика Президентi болып екiншi өкiлеттiк мерзiмiне
сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын
белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған қайталап тапсырылмайды.[1]

1.2 Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi

Республика Президентi бес жыл мерзiмге сайланады .
Бесжылдық өкiлеттiк мерзiмi 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда
сайланған Республика Президентiнiң жетi жылдық өкiлеттiк мерзiмiнiң
аяқталуына байланысты өткiзiлетiн президенттiк сайлау қорытындысы бойынша
Республика Президентi болып сайланған адамға қолданылатын болады.
Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика
Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен
мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда
тоқтатылады.
Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып
сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне
қолданылмайды.
Республика Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы
төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға хақы
жоқ .
Республика Президентiнiң айырым белгiлерi.Республика Президентiнiң
айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын
белгiсi мен байрағы болады.
Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы
анықтайды. Байрақтың сипаттамасын , омырауға тағатын белгi мен байрақты
ресми пайдалану тәртiбiн Республика Президентi белгiлейдi.
Республика Президентi қызметi бойынша "Алтын Қыран" орденiнiң иесi
болып табылады.
"Алтын Қыран" орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң негiздерi
мен тәртiбi Республика заңдарымен белгiленедi. [2]

1.3 Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi

Республика Президентi:
келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарына қол қояды;
келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол
қоюға өкiлеттiк бередi;
бекiту грамоталарына қол қояды ;
Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн
тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау
туралы ұсыныс енгiзедi.
Республика Президентi Қазақстан Республикасының дипломатиялық
өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады.
Республика Президентi өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң
дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып
алу грамоталарын қабылдайды.
Республика Президентiнiң мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi.
Республика Президентi:
Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады,
Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады:
Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен
аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне
елеулi және тiкелей қатер төнген әрi мемлекеттiң конституциялық
органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және
Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар
алысқаннан кейiн, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып,
Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай
енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған
жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан
тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның
жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы
мобилизация жариялап , бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;

Парламент Палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Республика Қарулы
Күштерiн бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық
мiндеттемелердi орындау үшiн пайдалану туралы ұсыныс енгiзедi ;
өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және
Республикалық ұланды жасақтайды;
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiтедi;
Республика азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмдi
әскери қызметтiң қызметшiлерiн запасқа шығару туралы шешiм қабылдайды;
Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
төрағасын қызметке тағайындайды ; оны қызметтен босатады.
Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi.
Республика Президентi:
Парламентке және оның Палатасына кезектi және кезектен тыс сайлау
тағайындайды ;
2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды сақтай
отырып, Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерiнiң
бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi ескерiлiп, Сенаттың он бес депутатын
тағайындайды. Сенаттың тағайындалатын мүшелерi өкiлеттiктерiнен айырылған
немесе олардың өкiлеттiктерi тоқтатылған жағдайда бiр ай мерзiмде шығып
қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды ;
3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей
Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады ;
4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды
;
5) Парламент Сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады ;
6) әдетте, Парламент сессияларын ашады ;
7) Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде өз бастамасымен, палаталар
төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде үштен
бiрiнiң ұсынысымен Парламенттiң кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда
сессияны шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралады;
Парламент Сенаты ұсынған заңға бiр ай iшiнде қол қояды, заңды халыққа
жария етедi не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап,
дауысқа салу үшiн қайтарады; егер Парламент Конституцияның 54-бабы 2-
тармағының 2) тармақшасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, бұрын
қабылданған шешiмдi растайтын болса, бiр ай iшiнде заңға қол қояды ;
Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу
туралы жоба беруге хақылы;
9-1) заң шығару бастамасы тәртiбiмен Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына
заңнамалық актiлер жобаларын өзiнiң арнайы жолдауымен енгiзедi ;
заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге , сондай-ақ заң жобасын
қарауды шұғыл деп жариялауға, яғни Парламенттiң осы жобаны оның енгiзiлген
күнiнен бастап бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi екендiгiн бiлдiретiн ұсыныс
енгiзуге құқығы бар. Осы талапты Парламент орындамаған жағдайда Республика
Президентi Заң күшi бар, Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент жаңа
Заң қабылданғанға дейiн күшi болатын жарлық шығаруға хақылы;
Парламент Палаталарының кез келген бiрлескен отырыстарына немесе оның
Палаталарының бөлек отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар;
Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда Сенат немесе Мәжiлiс
Конституцияда көзделген тәртiппен қабылдаған Парламент Сенатының немесе
Мәжiлiсiнiң оны қызметiнен босату жайындағы өтiнiшiн қарайды, сондай-ақ
Парламенттiң тиiстi Палатасы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк
даусымен Республика Президентiне Yкiметтiң осы мүшесiн қызметiнен босату
туралы алғаш өтiнiш берген күннен бастап алты ай өткен соң ол туралы
қайталап мәселе қойса, Yкiметтiң ол мүшесiн қызметiнен босатады;
Конституцияда көзделген тәртiппен Парламенттi немесе Парламент
Мәжiлiсiн тарата алады . [3]
Республика Президентiнiң Үкiметке қатысты өкiлеттiгi.
Республика Президентi:
Парламент Мәжiлiсiнiң келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн
қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
Премьер-Министрдi тағайындағаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде оның
енгiзген ұсынысы бойынша Үкiмет құрылымын айқындайды , Республиканың Үкiмет
құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта
құрады, Үкiмет мүшелерiн қызметке тағайындайды; сыртқы iстер, қорғаныс,
iшкi iстер, әдiлет министрлерiн қызметке тағайындайды; Үкiмет мүшелерiн
қызметтен босатады;
Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды ;
жүйелi түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы президентiнiң актілері мен жарлықтары
Қазақстан Республикасы Прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
ҚР президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Пәндер