Аңыз


Адал - арамды азғын парықтамас
Бір жолы жоңғар басқыншылары қазақ жеріне лап қойып, көктей жапырып келе жатады. Қамсыз жатқан ел бет-бетімен қашып, боса жөнеледі. Сонда бір үй ғана көшкен елден үзіліп, ескі жұртта қарайып қалып қояды. Жоңғар хонтайшысы оның не қылған үй екенін біліп келуге адамдарын жұмсайды. Олар едірендеп шауып келіп, Төледен:
- Елдің бәрі көшіп кеткенде, жалғыз үй жұртта қалған сен кімсің, нағып отырсың? - дейді. Сонда би:
- Жігіттер, сабыр етіңдер. Алдымен үлкенге беретін сәлем қайда? --- дейді. Дәстүрден сүрінген қалмақтар сасып қалып, сәлем беріседі.
- Онда тыңдаңдар! - деп, Теле би келгендердің, сұрағына жауап қайтарады. - Шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Сол құс қашан сары ауыз балапандарын қанаттандырып, ұшырып әкеткенше, қонысымнан қозғалып, үйімді жықпаймын. Қарлығаш - қасиетті құс, адам баласының досы. Сендер білмейтім боларсыңдар: ертеде жер жүзін топан су басқанда, Нұх пайғамбардың кемесін батырмай, аман алым қалған -осы!Мен басымды сауғалаймын деп, үйімді жығып, оның ұясын бұзар, балапандарын шырылдатып, өлімге душар етер жайым жоқ! Сендердең де балашағаларың бар, сендерді жұмсап отырған ханның да балашағасы бар. Сонда бала-шағаларыңды улатып-шулатып, қан жылатса, жақсы көрер ме едіңдер? Қайтыңдар, хандарыңа осы сөзімді айтып барыңдар!
Төле бидің жауабын түгел тыңдаған хонтайшы:
- Ол бір әулие кісі екен, өзіне тимеңдер, төңірегіндегі елін де
қозғамаңдар! - депті.
Отан - ұлыттың қара шаңырағы
Қапияда жау қолына тұтқын боп түсіп, құлдыққа сатылғн бұға-
насы қатпаған жас бала, жылдар өте келе, кіндік қаны тамған
топырағын, әллепештеп өсірген ата-анасын ұмытуға айналады. Жат
өлкеге бауырбасып, жақсы-жаманды бастан кешіп, төзімі мен
ақыл, қайратының арқасында ақыры бөтен жұрттың билеушгісі
атанады. Жылдар жылжып өтіп, шау тартқан шағында ат ары-
тып, алыстан келген керуен туған жерінің бір түп жусаның
жеткізеді. Жұпар исі бұрқыраған жусан билеушінің есіне бала
күнгі болған бейкүнә дәуренін, туған жер төсінде қызғал-
дақ теріп өскен мұңсыз күндерін қайта түсіреді . Көзінен жасы
бұршақтап, санасында сары тап болып жатқан сағыныш сезімі
бұрқ етіп оянып, шыдас бермейді. Енді оның жолына кесе-көлде-
нең тұру мүмкін емес еді. Талайларға арман болған тақ пен тәжді
тәрк етіп, баққа, байлыққа да бұрылып қарамай, тұлпарына ер
салып, туған жеріне суыт аттанған екен деседі.
Отанды шексіз сүйіп, ардақтауға қоса, оны жауларынан жан
аямай қорғау - әр перзентінің парызы, міндеті де. Туған анасын
басқаның қорлық-зорлығынан қорғамаған баланы перзентім деу
былай тұрсын, адам деуге бола ма? Отан-ананы, басына іс түскен-
де, жан салып қорғамаған азаматты да азамат, халық перзенті
деуге болмайды.
Махаббатсыз дүние бос
Ұлы ойшыл Иеремия Бентам жас шағында бір көрікті бойжет-кенге өлердей ғашық боп, сөз айтады. Өкінішке орай, ол тілегі қарсылыққа жолығады. Уақытқа үстемдік жүре ме, Бентам да қартайып, ақыры сүр бойдақ қалпы алпысқа толады. Сонда да болса жас кездегі суйіктісіне хат жолдап, өзінің оған деген сезімі суымағандығын білдіріпті. Кексе тартып қалған әйел тағы да оның ұсынған қолын кері қағады.
Ұлы тұлғанын әлгі әйелге деген сүйіспеншілігі сондай - ол жай-
лы айтқанда, толқымай, тебіренбей, тіпті көзіне жас алмай
сөйлемейді екен. Бентам сексеннің сеңгіріне шыққан шағында ғашығына ақырғы рет сәлем жолдап: "Мен әлі тірімін, аяулым. Он алты жасымда, өзіне гүл сыйлаған сәтте қандай сезімде болсам, қазір де сол қалпым, көңілім еш суыған жоқ, Сені сүюмен еткен тағдырыма шексіз разымын, қош!" -депті.
Бұған түсінік беріп жатудың қажеті болмас.
Махаббатқа апаратын жол сан тарау. Оған әркім өз соқпағымен барады. "Күнделікті жай тұрмыста дарынсыз, жігерсіз, тайғанақ әрі тұзсыз көжедей татымсыз адамдар қандай көп болса, сүюде де сондай көп". Сондықтан кейде адамдарды сүюге қабілеттілер мен қабілетсіздер деп, екіге бөліп те жатады. "Шындап сүйе білу - ол да бір талант" деген сөз де тегін айтылмаған. Махаббат адамның пешенесіне біржолата жазылып, өмір бойы қызығын көр деп беріле салған тағдыр сыйы емес. Ол да жерге дән сеуіп, бакқа шыбық шаншыған сара көкірек, шаршап-шалдығуды білмейтін диқан мен бағбанша баптап, аялап күтуді керек ететін мехнатты шаруа.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz