Қазақстанның қазба байлықтар қоры және жер қоймасы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Қазақстанның қазба байлықтар қоры және жер қоймасы
Қазақстанның минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс, цинк бойынша екінші, марганец және малибден-үшінші, мыс-төртінші, уран-бесінші, алтын-алтыншы, темір кені-жетінші, қалайы мен никель- сегізінші, көмір мен табиғи газ-тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің үлесі 200млрд. тоннадан астам. Көмір бассейіндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Шу, Теңіз-Қорғалжын, Іле, Орал Каспий жатады.
Қазір Қазақстан көмірсуларының қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газ конденсат-15, мұнай өндіру-23 орында. Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін келеді. 200-лен астам мұнай мен газ кен қоры 2, 2 млрд. тонна, конденсат шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отарған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.
Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғандамұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл айын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орынындағытабиғи газ қоры1, 3 триллион куб метрді құрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұный мен газға қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан-Алакөл правинцияларының болашағы зор. Қазақстан металл кен орындары барланған.
Зайсан ауданы - Шығыс Қазақстан облысының қиыр шығысында орналасқан. Зайсан - қазба байлықтардың таусылмас қоймасы. Соның бірі - 4 млрд. тонна мөлшерінде қоры бар Кендірлік көмір кені. Сонымен қатар сланцтың, газ, құрылыс материалдарын өндіруге қажетті шикізат қоры бар.
Батыс Қазақстанның қазба байлықтары. Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері: Батыс Теплов жөне Қарашығанақ болып табылады. Сонымен бірге Чернозатон, Тұқсай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий жөне бор қабатындағы тұздар, гипс, өк жыныстары, бор жөне басқа қазба байлықтар ашылды. Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш жөне цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрышыстық құм, құмқиыршық қоспалары, құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев жөне Тұқсай кендері барланған. Ақтау («Белая Горка») кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солтүстік жөне оңтүстік бөліктеріндегі аудандарда таралған: пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау («Белая Горка») және Бөрлі кендері енгізілген; Бұлардың жиынтық қоры 16081 мыңм3. Жылдық қуаты 1300 мың т. цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1106482 мың м3 Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21619 мың м3 болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш тоқтау дәуіріндегі Каспий теңізінің жағалаулық шегімен сәйкес келеді. Бұл алапта ойдым-ойдым сортаңдар кездеседі. Эльтон және Қараөзен, Сарыөзен су айырықтарын, Көшім мен Жайықтың сол жағалауындағы кейбір жерлерді ашық қызылқоңыр, қызыл- қоңыр, сортаң, шабындықты қызылқоңыр топырақтар кешені жауып жатыр, Бұл ардың арасында қызылқоңыр топырақ басым келеді. Бұл өңірдегі сор-сортаң алқаптар 15- 20%, кейде 40% шамасында.
Жамбыл жері кен қазбаларына бай. . Батысында Жуалы ауданының Құлан тауынан бастап, шығысында Қордай асуларына дейінгі жерде қайықтың қайқы беліндей немесе оймақ іспеттес болып орналасқан көмір кені жатыр. Тек Мойынқұмдағы Құлан, Бала Құлан, Александровск көмір кенішінің шеті ғана мүжілді. Жамбыл өңіріндегі көмір кенінің қоры 4 миллиард тонна деп бағалануда. Бір ғана Шу кен орнында 300 метрге дейінгі тереңдікте 860 миллион тоннадай тас көмір бар. Бұған Құлан кен орнындағы 85 миллион тонна көмірді қосып қойыңыз. Бұл кен орны Мойынқұм ауданының орталығынан солтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жерде. Кен орны толық зерттелмегеніне қарамастан, ол 120 шақырым ұзындықты алып жатқаны белгілі. Облыс аумағындағы көмір кен орындарын шахталық және ашық әдіспен өндіруге болады. Рас, мол көмір кенінің жетілмеген, піспегені де бар. Мамандар бұл байлықты жер астында жағу арқылы газ алуға болатындығын айтады. Шетелдерде бұл технология игеріле бастады. Егер көмірді газға айналдырсақ та мол табысқа кенелетініміз анық.
Мыстың, бариттің, флюориттің, мырыш, марганец, хром, титан, ванадий, барит, қалайы, висмут, верилли, молибден, қорғасынның, алтынның, әшекей тастардың, тұздың, газ бен мұнайдың, құрылыс материалдарының және мол жер асты суының қорлары өз сағаттарын күтуде. Жер асты байлықтары туралы ауыз толтырып айтатын болсақ, алмастың да, уранның да, күмістің де қорлары бар екенін де алға тартамыз. Қазір облыста 29 металды, 153 металсыз кен орындары тіркелген. Минералды шикізаттардың негізгі түрлерінен облыс бойынша өндірілетін кен қорының потенциалдық қоры 5, 98 миллиард долларды құрайды. Ал, анықталған және болжанған облыстағы жер қойнауының байлығы 143 миллиард долларға бағалануда. Алайда, бүгін бізді жер астында жатқан байлық емес, сол кен қазбаларын ел игілігіне пайдаланылуда атқарылатын істер толғандыруда. Осы мол байлықты игеру үшін 30 миллиард АҚШ доллары қажет деген болжам бар.
Бүгінде Қазақстан қазба байлықтарының қоры 100 жылға жететін елдердің қатарына еніп отыр. Бұл үшін барша қазақ баласының бөркін аспанға атып қуануына болады. Мұндай мәліметті АҚШ-тың геологиялық қызметі таратқаны белгілі. Аталған мекеме еліміздегі қазба байлақтардың құнын 200 млрд. долларға бағалаған. Оның ішінде ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқаны алюминий бокситі де бар. Соңғы уақыттары әлемдік экономикада алюминийге деген сұраныс арта түскен. Тіпті, академик А. Е. Ферсман бастаған ғалымдар тобы алюминийді ХХ ғасырдың элементі деп әспеттеуінен ғаламдық экономиканың дамуы алюминийге қаншалықты байланысты екенін аңғаруға болады. Осылайша «мұнай ғасыры» деген ұғымының орнын «алюминий дәуірі» басайын деп тұр. Алюминий созылмалы, жұмсақ, жеңіл металл. Ол - оттегімен жақсы қосылыстар түзе алатындықтан басқа металдарды оттегіден босатып, тез арада таза металға айналдырады. Бүгінде «Қазақстан электролиз зауыты» А-85 маркалы сапалы алюминий өнідірісін жолға қойған. Әдетте, жаңа салынған өндіріс ошақтарында А-6 маркалы өнімдер шығаратыны белгілі. Ал Қазақстан болса, бірден А-8, А-85 маркалы алюминийді шығаратын деңгейге қол жеткізіп отыр. Қазір Қазақстан өзінде шығарылатын 2 тонна алюминий тотығынан 1 тонна сапалы алюминий өндіретін мүмкіндікке ие. Ал әрбір тонна алюминийдің құны бүгінде халықаралық биржаларда 2400 доллардың көлемінде бағалануда.
Оңтүстiк - қазба байлықтарына да бай екенiн әлдеқашан мойындатқан аймақ. Өлкенiң өндiрiстiк-экономикалық әлеуетi мол. Орасан зор табиғи қорлардың өзiн жеке әңгiме етуге тұрады. Уран қоры жөнiнен бiздiң облыс Қазақстанда бiрiншi. Созақ даласындағы кенiштер әлем жұртына кеңiнен танымал. Фосфориттер мен темiр кенi бойынша аймақ үшiншi орында тұр.
Қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры мен болжамдық ресурстар жөнiнен өңiрдегi жер қойнауының байлығы 240 млрд. АҚШ долларына тең деп бағаланады. Атап айтқанда, бiзде бокситтiң, темiрдiң, уранның, қорғасын мен мырыштың, көмiрдiң қоры мол. Сонымен қатар, алтын мен күмiстiң, ванадий мен вольфрамның кен орындары да баршылық. Осы барланған кен орындары мен геологиялық барлау құрылыстарын игеру, болжамдық ресурстарды өнеркәсiптiк санаттарға өткiзу және оларды өндiрiстiк негiзде игеру үшiн мамандардың есептеуiнше 2 млрд. АҚШ доллары қажет екен. Ленгiрдегi қоңыр көмiр қорына жерасты газдандыру технологиясын қолдану арқылы 4 млрд. текше метр «көгiлдiр отын» алуға мүмкiндiк бар деп есептейдi мамандар. Егер Шымкенттегi №3 жылу орталығының жүйелi жұмыс iстеуiне 490 млн. текше метр табиғи газ қажет екенiн есептесек, арзан отынның қанша уақытқа дейiн жететiнiн бағамдауға болады. Егер құны 3, 1 млрд. теңге тұратын жоба iске асса, жетi жылда өзiн-өзi ақтайды және бұл жұмысқа 570 адам қамтылады. Мұндай мысалдарды көптеп келтiруге болады. Ең бастысы, оларды ұқсатып, тиiмдi пайдалануда болып тұр.
Соңғы жылдары Иiрсу кен орнын игеру жөнiнде де аз айтылып жүрген жоқ. “Оңтүстiк” әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы Ұлттық компаниясы” акционерлiк қоғамының мәлiметi бойынша аталған кен орнында “Оңтүстiк Қазақстан тау-кен металлургиялық кешенiн құру” жобасын әзiрлеген “Тау-кен металлургиялық компаниясы” АҚ-ы құрылтайшы болып табылатын “Қазақстан минералдық ресурстары” тау-кен металлургиялық кешенi” ЖШС-i мен “Оңтүстiк” ӘКК” Ұлттық компаниясы” АҚ-ы жүзеге асырмақ. Темiр кенiнiң қоры бар iрi нысан саналатын Иiрсудың геологиялық қоры 327 млн. тоннаны құрайды. Жылына 3 млн. тонна руда мен 800 мың тонна прокаттық болат өндiрiледi. Шикiзат жүз жылға жетедi. Тау-кен кешенi алдағы уақытта болат құймалар, прокат, мыс жентегiн, құрылыс материалдарын, күкiрт қышқылын дайын өнiм күйiнде шығаруға қабiлеттi. Мұндай көлемде тауар шығарудың жобасы 784 млн. АҚШ долларын қажет етедi. 6 мың адам жаңа жұмыс орнына тартылады. Шымкент, Тараз, Жаңатас, Қаратау, Кентау және өзге аудандардан да жұмысшылар шақырылуы әбден мүмкiн.
Жаңақорған және Шиелі аудандарында төрт уран кенішінде өндіру және барлау жұмыстары жүргізілуде. Оңтүстіктегі уран өндірісі Жаңақорған ауданында іргелі күкірт қышқылы зауытының салынуына ықпал етті. Баласауысқан кенішінде ірі ванадий кеніші өндіріле бастады. Бұл бағалы өнім қара металлургия мен көлік қүрылысында, ауыл шаруашылығы мен тоқыма өнеркәсібінде, медицинада кеңінен қолданылады. Жаңа кәсіпорын толық қуатында іске қосылса, жылына 500 мың тонна руда өңдеуге болатыны белгілі болып тұр.
Қаратау сілемінің батысындағы Қарамұрынды алтын қорының бары белгілі. Осы кеніштегі алтын, күміс, мырыш пен мыстың қазба байлықтарын барлауды ВЭК «Тек Казинвест» ЖШС жүргізіп жүр. Компанияның 1999-2007 жылдар кезеңіндегі геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Берган, Оңтүстік Қарамұрын, Батыс Қарамұрын, Патшагүл, Сексеуіл, Жалғызқұдық және басқа жерлерде алтын кендері табылған. Ғалымдардың пікірінше, осы аумақта барлығы 40-қа тарта алтын кеніштері анықталса, олардың барлығы минералдық жағынан бірыңғай генетикалық үлгіде түзілгені белгілі болып отыр. 2000 жылы Қазақстан пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Қарасақал, Аммонит, Орталық Қарамұрын кеніштеріндегі 4, 36 тонна алтын қорын тексеріп, мемлекеттік балансқа қойды. Ал, 2007 жылы тағы үш кенішті меншікке алды. Осы Аммонит, Аралық және Археолит кендерінің қоры 7, 42 тоннаны құрады. Сонымен, аталған компанияның меншігінде барлығы 11, 25 тонна алтын қоры бар деп есептелінеді. Ал Р1+Р2 санаты бойынша алтын ресурсы 200 тоннаға бағаланып отыр. Алғашқы үш кенішті лабораториялық және жартылай өнеркәсіптік сынақ барысында алтынды топтама әдісімен айырып алуға мүмкіндік барын көрсетті. Геологиялық барлау нәтижесінің өте маңыздылығы мынада: 80-100 метрге төмен тереңдікте жер астында өңдеуге болатын, құрамында тоннасына 4, 8-ден 13 грамға дейін жететін руданың алғашқы неокислдік кенінің бары анықталды.
Қазіргі таңда Қарамұрын даласының алтын қорларын өнеркәсіптік өндірудің техникалық-экономикалық негіздемелерін жасау үшін қосымша барлау жұмыстары жүргізілуде.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz