Халықтық психология



1. Ұлт психологиясы . этнопсихологияның негізгі мәселесі психологиясы.
2. Қазақтың ұлттық мінез бітістері, олардың кейбір ерекшеліктері.
. Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі
Бүкіл халық ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың , жалпы мінез – құлқы, іс – әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез – құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелрін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады.
Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет – ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана – сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады.
1. Қ. Жарықпаев. «Жалпы психология». - Алматы, 2004 жыл

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі психологиясы.
2. Қазақтың ұлттық мінез бітістері, олардың кейбір ерекшеліктері.

Кіріспе
1. Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі
Бүкіл халық ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларды жан жүйесі
тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу
нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге
түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп
жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие
түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір
этностың , жалпы мінез – құлқы, іс – әрекетінің ішкі астарлары сөз болады.
Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға сіңген, тез
өзгеріп, не не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда
ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке
тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық
білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез – құлқының көптеген жақтарын қамтып,
белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар
беретін ілім – білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге
негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді
жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне
сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелрін зерттеумен
этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы
шұғылданады.
Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл,
дәстүр, салт, әдет – ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың
психологиясын, сана – сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді.
Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде,
кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б) пайда
болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов
еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны
халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама
ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны
байқалады. Этнопсихология зертттейтін проблемалар (этностереотип,
этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр,
салт, т.б.) сан алуан.

2. Қазақтың ұлттық мінез бітістері, олардың кейбір
ерекшеліктері.
Бұл – өте күрделі, әлі де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан
мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған Н. Назарбаев былай дейді: Менің ойымша,
қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей,
зердленбей жатқан тылсым дүние.
Ғасырлар бойы көшіп – қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның
әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына
орайлас жас буынға тәлім – тәрбие берудің айырықша талап – тілектерін
дүниеге әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық –
психологиялық нормасын сегіз қырлы, бір сырлы делінетін қанатты нақыл
сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән – мағынасы мыналар еді:
көшпелі мал шаруашылығын жете игенрі; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе
білу; жаудан беті қайтпау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық,
ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үленді сыйлау, құдайы қонақтың
меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б).
Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы
табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан – жүйесі жағынан да жан
– жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес
білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі
қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып,
күнделікті күйбең тіршлікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың
жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды
мақал мен мәтінді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап,
халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп – қонуға дайын
отырған қазақтар үшін аң – құс аулау, мал күзету, жау түсіру – тұрмыстың
дағдалы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі
шаңырақ иесі болып санлады. Осы айтақанымыздың дәлелі болып табылатын
кейіннен мақал болып кеткен өнерді үйрен де, жирен, Жігітке жетпіс өнер
де аз, Шебердің қолы ортақ, Жауда жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде
жүрсе, құрт қайнатқам батырым сияқты бесаспап адамның психологиясы жайлы
қанатты сөздер біздің заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін – бірі
жақсы білді, әр адамның қадір – қасиеті, оның жасына, жол – жоралғысына,
әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отрырады. Мұндай
қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ер
жете келе ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін
түсініп, жеке бастың өзіне бұра ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АДАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР
Оқушылармен жұмыс істеу барысындағы әдістемелік бағдардағы этномузыкалық өнер үлгілері
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
ПСИХОЛОГИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТЫҢ ӨЗАРА ІЗДЕНІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
М.Дулатовтың педагогикалық-психологиялық көзқарастары
Кіші оқушылар темпераменті
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Этнопсихологиядан жекелеген мағлұматтар
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың пеагогикалық негізін анықтап, қазіргі жоғары мектеп оқу-тәрбие процесінде пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныстар жасау
Ресейде және Қазақстанда этнопсихологиялық ойлдардың қалыптасып дамуы
Пәндер