Коммерциялық банктің табысы және шығысы



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Бөлім. 1.1. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама және операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ Бөлім. 2.1. Коммерциялық банктің табысы және шығысы ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Коммерциялық банктердің активті және пассивті
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3. Коммерциялық банктердің активті операцияларын басқаруды дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІІІ Бөлім. 3.1. Коммерциялық банктердің рентабельділігі.
Шетел тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Менің таңдаған курстық жұмыс тақырыбым – “Коммерциялық банктің табыстылығы мен рентабельділігі”.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. І Бөлім, коммерциялық банктер және олардың жіктелуі, коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама бере отырып, олармен экономикалық операциялар жүргізу туралы жаздым.
ІІ Бөлімде, коммерциялық банктердің табыстары мен шығындарын, активті және пассивті операцияларына мысал келтіре отырып, коммерциялық банктердің активті операцияларын басқаруды дамыту жағын ауқымды етіп ашып көрсеттім.
ІІІ Бөлімде, коммерциялық банктердің рентабельділігі және коммерциялық банктердің шетелдік тәжірибесі жайлы.
Банктік менеджменттің басты бағыты, банктердің активтері мен пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі қауіптерді азайту болып табылады. Қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы деңгейде пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі. Банктің менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара қатынасының ең оңтайлысын табуы керек.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1) “Ақша, несие, банктер” . оқу құралы; М.С. Сниев; Алматы – 2001.
2) “Ақша айналысы және несие”. Оқу құралы, С.Б. Мақыш; алматы – 2004
3) “Микроэкономика”. Оқу құралы; Н.Қ. Мамыров, Қ.С. Есенғалиева, М.Ә. Тілеужанова; Алматы – 2004.
4) Ганова ГС кредитная политика коммерческого банка м-98.
5) Банковское дело (под ред. Т.С Сеиткалиева -А) «Қаржы қаражат»,1998.
6) М.Блауг “Экономическая мысль рестроспиктиве”
7) “Инфармационный- анолитичный сборник Казахстан” 1994-2001
Султанбеков
8) Лаврушина О.И. «Банковское дело» Москва, 1992.
9) Лаврушина О.И. «Деньги, кредит, банки» / М: Финансы и статистика, 1999
10) Балабанова И.Т. «Банки и банковское дело» / Питер, 2001.
11) Усоскин В.М. «Современный коммерческий банк: управление и операции» / М: Антидор, 1998.
12) Маркова О.М. «Коммерческие банки и их операции» / М: Банки и биржи, 1995.
13) Общая теория денег и кредита / под. Ред. Жукова Е.Ф. – Москва; Банки и биржи, 1995.
14) Банковское дело / под. Ред. Сейткасымова Г.С. – Алматы; Қаржы – қаражат, 1998.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Бөлім. 1.1. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама және
операциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .7

ІІ Бөлім. 2.1. Коммерциялық банктің табысы және шығысы
... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Коммерциялық банктердің активті және пассивті
операциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..13
2.3. Коммерциялық банктердің активті операцияларын басқаруды дамыту
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0

ІІІ Бөлім. 3.1. Коммерциялық банктердің рентабельділігі.
Шетел тәжірибесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..25

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...28

Глоссарий
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
0

Кіріспе

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару
құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның
жарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен
құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып
табылады.
Коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-
ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл
жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып
отыр.
Менің таңдаған курстық жұмыс тақырыбым – “Коммерциялық банктің
табыстылығы мен рентабельділігі”.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. І Бөлім, коммерциялық банктер және
олардың жіктелуі, коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама бере
отырып, олармен экономикалық операциялар жүргізу туралы жаздым.
ІІ Бөлімде, коммерциялық банктердің табыстары мен шығындарын, активті
және пассивті операцияларына мысал келтіре отырып, коммерциялық банктердің
активті операцияларын басқаруды дамыту жағын ауқымды етіп ашып көрсеттім.
ІІІ Бөлімде, коммерциялық банктердің рентабельділігі және коммерциялық
банктердің шетелдік тәжірибесі жайлы.
Банктік менеджменттің басты бағыты, банктердің активтері мен
пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі
қауіптерді азайту болып табылады. Қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар
жүреді. Жоғарғы деңгейде пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік
те өседі. Банктің менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара
қатынасының ең оңтайлысын табуы керек.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса,
онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық
құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары
өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару
құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне
тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару
органына тікелей қатысады.

І Бөлім. 1.1. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі

Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,
сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер
деп бұл жерде ҚР – дағы екінші деңгейлегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
• Мемлекеттік;
• Акционерлік;
• Жеке;
• Пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
• Аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2. Операцияларының түрлеріне қарай:
• әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең
көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
• маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:
• Халықаралық;
• Мемлекетаралық;
• Ұлттық; аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:
• өнеркәсіптік банктер;
• сауда банктері;
• ауыл шаруашылық банктері;
• құрылыс банктері;
• басқа.

5. Филиалдар санына қарай:
• Филиалсыз;
• Көп филиалды.

Қазақстан Республикасындағы банктік жүйеде 01.07.2003 жылғы
статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі
банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның
ішінде, екі банк қана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан
даму банкі мен Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен (100% - 10 банк,
50% - аса – 4 банк) құрылған банктерде саны – 14, оның ішінде, еншілес
банктр – 10.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан
түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және
артықшылығы бар.
Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның
пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар
акция – оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен,
уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам
банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз
үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса,
онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық
құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары
өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз. Оның
жарғылық капиталы оның қатынасушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен
құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болы
табылады. Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты
есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктің несиелер есебінен жарғылық капиталды
құуға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар
есебінен құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы
құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлік сомасының 50% төленуі
тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған
сомасы толық төленуге тиіс. Жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен
шектелмейді.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару
құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне
тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару
органына тікелей қатысады.
Коммерциялық банктердің басқару құрылымы төмендегі кестеде
көрсетілген.

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің
жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл
жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
• Банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
• Банктің жарғылық капиталын өзгерту;
• Банктің Кеңесін сайлау;
• Банктің жылдық есебін бекіту;
• Банктің табысын бөлу;
• Банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.

Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің
бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай
міндеттерді атқарады:
• Нормативтік актілерді бекітеді;
• Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған
мәмілелерді бекітеді.

Келесі басқару органы – бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк
кеңесі) – атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның
акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
• Банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
• Банктің саясаттарын жасау;
• Жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
• Комитетерді құру;
• Ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.

Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол
банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады.
Банк төрағасына мынадай міндеттер жүктеледі:
• Банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару
және нұсқаулар беру;
• Барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның
ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер
бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
• Банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
• Банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
• Еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғалармен келісімдер
(контрактілер) жасасу.

Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды
жасаушы орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
• Несие алуға берген клиенттің өтініш және несиелік қызметкердің несие
беру туралы қорытындысын қарайды;
• Несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
• Несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
• Несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
• Несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
• Берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
• Банктің несиелік стратегиясн жасайды;
• Несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
• Несиелік комитеттің мәжілісін хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіркеу кітабына жүргізеді.

Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшлік-шаруашылық
бөлімі және т.с.с. кіреді. Ал банктің функционалдық құрылымына барлық
департаменттер мен бөлімдер жатады.

1.2. Коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама және операциялары

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып
есептелінеді. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының
Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар “Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы”, жарлығы. Қазақстан
Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционрлік қоғам болып
қалыптасты.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Заңды
тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық
жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты – пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз
қаражатына, қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда
орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, тағы басқа да
операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер,
бір жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша
бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайдаа табуға мүмкіншілік жасайды, екінші
жағынан, жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға береді. Сонымен қатар ,
банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін
тиісті өсім (процент) алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай
операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды
қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы
болып табылады.
Екінші дәрежелі банктерге, Қазақстан Республикасының аумағында және
оның сытында, өздерінің бөлімшелерін, еншіес банктерін ашуға құқықты. Бұл
банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының Конституциясымен, басқа да
заңдармен және де олардың негізінде, олардың орындау мақсатында, өзінің
құдыретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық
актілермен реттелінеді.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы”
Заңның 3 бабына сәйкес банк қызметтерінің қатарына төменгі операциялар
кіреді:
• Заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау;
• Банктерге және кейбір банктік операцияларды жүргізуге құқықты
ұйымдарға корреспонденттік шот ашып, оларды жүргізу;
• Кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді қабылдау,
қайта санау, айырбастау, ауыстыру, сұрыптау, буу-түю, және сақтау;
• Ақша аудару: Заңды және жеке тұлғалардың талаптарымен ақша аудару;
• Есептеу операциялары: Заңды және жеке тұлғалардың қарыз
міндеттемелерін және вексельдерін есептеу;
• Заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, банктер-корреспонденттердің,
талаптарымен олардың банктегі шоттары арқылы есеп айырысу;
• Сенімгерлік (трасталық) операциялар: сенімгердің талабымен ақшаға
билік жасау;
• Клирингілік есеп айырысу операциялары: жинау, салыстыру, сұрыптау,
төлемдерді қуаттау, өзара талаптарды есепке алу және клирингіге
қатынасушылардың таза жайғасымын анықтау;
• Сейфтік операциялар: клиенттердің құнды қағаздарын, құжаттарын, басқа
да құндылықтарын сақтау, сейфтерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға
беру;
• Ломбардтық операциялар: жылдам өтімді құнды қағаздар мен қозғалатын
мүліктерді кепілзатқа алып, қысқа мерзімді несие беру;
• Банкноттар мен монеттерді, басқа да құндылықтарды кассіге жинау және
салып жіберу;
• Басқа елдердің валюталарына ақша айырбастау бекеттерін ұйымдастыру.

Банктер аталған операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің
рұқсат қағазы (лицензиясы) негіздемесінде жүргізіледі. Жоғарыда аталған
операциялардан басқа, екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінің арнаулы рұқсат қағазы бойынша төмендегі операцияларды
жүргізе алады:
• Депозиттік сертификаттар шығару;
• Кепілдеме операциялары: кепілгерлік беру, үшінші тұлғалардың атынан,
ақшалай нысанда орндалатын кепілдіктер мен міндеттемелер беру;
• Мүліктерді жалдауға беру, бұл жағдайда жалдауға берушінің, жалдауға
берген мүлкіне меншіктік құқы, шартта көрсетілген мерзім біткенше
сақталады.
• Өзінің меншікті құнды қағазын шығару (акциядан басқа).
• Факторингілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алушыдан,
төленбей қалу қупін қабылдап, төлем талаптарын сатып алу;
• Форфейтингілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алушыдан
қарыздық міндеттемелерін (вексель) сатып алу.

Осы аталған операциялар “Қазақстандағы банктер және қызметтері туралы”
заңның 30 бабының редакциясында келтірілген. Мұнда “банкілік операциялар”
деген түсінік “банкілік қызметтер” деген ұғыммен араласып кеткен және
кейбіреулері “банкілік операциясы” деген дәстүрлі түсінікке сәйкес
келмейді.
Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы
туады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған
сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп
айырысу операцияс да жүргізіледі – сатып алушы, несиенің жәрдемімімен
өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған
жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір
субъектілерден екінші субъектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен
операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылықтың
кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай
қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады т.б.
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы, сейфтік операцияларды
жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкроттарды, монеттерді
кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды.
Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де,
түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының
негізінде банктің операциялары, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну
керек және оларды бөлек қарау (зерттеу) керек. Бірақ қазіргі жағдайда
банктердің өз жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары
да қызметтері де төлемді болғандықтан, бұл екі ұғымды бір-бірінен ажырату
оңай емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.
Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін
көрсеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің
арасындағы қарым-қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде
реттелінеді.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы”
Заңның 41-бабына сәйкес банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау,
депозиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін
мынадай жолдармен реттейді:
• Екінші дәрежелі банктерге пруденциалдық (экономикалық) нормативтер
басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер,
оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға
қарсы қоятын, мәжбүрлі шығындарды бекітуі;
• Екінші дәрежелі банктер үшін, міндетті түрде орындалуға тиісті
нормативтік, құқықтық актілер шығару;
• Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инспекциялау (тексеру) және оның
нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған
ұсыныстар енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры,
лицензиясын алып қоюға дейін;

ІІ Бөлім. 2.1. Коммерциялық банктің табысы және шығысы

Тұтынушылар талғамы дұрыс қалыптасуы үшін олар бюджеттерінің шектеулі
екендігін ескертіп, ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамын бюджет
сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жанама нүктесінде екенін білеміз.
Төмендегі суретте ең көп пайдалылық әперетін тауарлар құрамы, тұтынушының
тендестік жағдайы бейнеленген.

У

1Ру

Е

Х
1Рх

Теңдестік жағдайында алмастырудың шекті нормасы MRSxy – пен бюджет
сызығының бұрыштық коэффициенттері тең болады. Сондықтан тұтынушы өзінің
теңдестік жағдайына қол жеткізуі үшін Х және У тауарларының көлемін келесі
шарт орындалатындай етіп таңдауы қажет:

MU x P x
MRS xy = —— = - —— .

MU x P y

Бұл теңдестік тұтынушының теңдестік шарты деп аталады.
Егер тұтынушының табысы көбейе түссе, онда оның бюджет сызығы
бастапқы сызыққа параллель түрде өседі, ал тендестікнүктесіне (Е1 , Е2, Е3)
тұтынушының ұтымды таңдаулары сәйкес келеді. Егер осы жағдайды жазықтықта
бейнелейтін болсақ, онда біз тұтынушылардың біз тұтынушылардың теңдестік
жағдайын бейнелейтін нүктелердің тізбегін аламыз. Осы нүктелерді бір-
бірімен қоссақ, онда табыстың өсуіне байланысты төмендегі 1-суретте
көрссетілгендей “табыс тұтыну” қисығы шығады. Бұл қисықты кейде “тұрмыстың
деңгейін көрсететін қисық” деп те атайды.
Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын
тауарлар. 2-суретте сапасыз тауарлар үшін “табыс-тұтыну” қисығы
көрсетілген. Тұтынушы тауарды сапасыз деп қарастырғанда “табыс тұтыну”
қисығы кординаттардың вертикаль осіне қарай өсуі, бұлтауарды тұтынудың
азаюына әкеледі.

Y Y
13
E1
14 U1

12 13
E3
E3
U3
E2
11 U3 12
E1 U2 E2
U1 X 11 E4 U2
U4
1 – сурет.
X
0 X4 X1 X3 X2

2 – сурет.

Осы деңгейге жеткенде “табыс -тұтыну” қисығының көлбеуі теріс сан болса, 2-
суреттегідей 12 деңгейінен жоғары өсуінің нәтижесі Х тауарын тұтынудың
төмендеуіне әкеледі. Сөйтіп, тұтынушылар табыстары белгілі бір деңгейден
жоғарылағанда сапасыз тауарларды аз алады. Егер тұтынушының табысы өзгермей
Ч және У тауарларының тек біреуінің ғана бағасы өзгеретін болса, онда біз
әр түрлі бюджет сызықтарын аламыз. Олардың әр қайсысында тұтынушы теңдестік
жағдайын бейнелейтін нүктелер тізбегін бір-бірімен қосатын болсақ, онда
бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғамы қалай өзгергенін
бейнелейтін қисық аламыз. Бұл қисық “баға -тұтыну” қисығы деп аталады,
төмендегі суреттегідей келтірілген түрде бейнеленеді.

У

Е1
Е2 U3
Е1
U2
U1
Х

2.2. Коммерциялық банктердің активті және пассивті
операциялары

Активтік – пассивтік операциялар:
• Банкіге Коммисиялық сыйақы әкелетін коммисиялық операциялар
(дебиторлық берешекті инкассалау, ақша аудару, сауда-коммисиялық,
сенімділік);
• Белгілі ақыға, клиенттің тапсырмасымен орындалатын делдалдық
операциялар;
• Ішкі және халықаралық есеп айырысумен байланысты есеп айырысу
қызметтері;
• Сенімгерлік қызметтері (клиенттің тапсырмасымен құнды қағаздары, басқа
елдердің валюталарын, асыл металдарды алып сату);
• Бухгалтерлік және консультациялық қызметтер.
Осы операцияларды банкінің көрсететін қызметтері деп атайды.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан,
оған анықтама берген дұрыс. Қаржы жне несие сөздігінде: “пассивтік
операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің өз ресурсын құру операциялары”, - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл
нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті – пассивтік шоттағы
қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін
операцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі
пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды
сатып алады.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
• Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
• Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
• Басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
• Депозиттік операциялар.

Пассивтік операцялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға
мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізнде
банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады.
Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған
ресурстар құрылады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
1. банктің меншікті қаражаттары;
2. банктің тартылған қаражаттары.

Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі
мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның
барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% - ы өтеледі. Шын мәнісінде,
меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде
шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап
тұруда маңызы бар. банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті
қаражаттарды алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға,
жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің
қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте
қажетті резервтер құрылды. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты – бұл ұзақ
мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен
бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
• банктің меншікті қаражатына жататындар;
• банктің жарғылық капиталы;
• банктің резервтік капиталы;
• қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
• сақтандыру резервтері;
• бөлінбеген пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы – банктің заңды тұлға ретінде міндетті
түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциалдық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық
капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал
көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда
құрылады:
• пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
• акционерлік банк;
• шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын
жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталған белгілі бір пайыз
мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық
қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік
қордың құрылуының негізгі өзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда
болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары
бойынша дивиденттер төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылады.
Арнайы қорлар болса, негізгі қоларды қайта бағалау негізінде,
валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел
валюталарын арасындағы айырма нәтижесінде құрылады.
Келесі қорға жекелегенбанктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету
мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік
тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған
резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде,
несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін
қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер
халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар
халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі
олардың басым бөлігін құрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік
жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту
тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымымен толығымен өзгертті
десе де болады.
Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдерін байланысты үлкен екі топқа бөледі:
І топ – депозиттер;
ІІ топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған жіне өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде
немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық
банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдрдың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөлінеді:
• талап етуіне дейінгі депозиттер;
• мерзімді депозиттер;
• жинақ салымдары;
• бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
• мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын
қаражаттары,
• әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
• есеп айырысудағы қаражаттар;
• жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
• басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін
жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік
шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге
асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама
төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың
мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
• ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге
асырылады;
• шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
коммисиондық ақы алып отырады;
• банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
• талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық
банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар
жасайды.
Мерзімді салым (депозит) – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз
төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келіілген мерзімнен бұрын алған жағдайға банк айып-пұл
ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:
• есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да
есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
• шоттағы қаражат баяу айналады;
• тұрақты пайыз төленеді;
• пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп
отырады;
• ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
• бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі – жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғары шегі шектелген ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
Банк табыстылығын талдау
Бағалы қағаздардың мәні
Коммерциялық банктердің табыстары мен шығыстары: басқару қағидалары және әдістері
Мемлекеттің инвестициялық саясаты
Банктің несиелік саясаты
Банк табыстылығын басқару
Банктік ссудалық пайызы экономикалық категория ретінде
Мемлекеттік қарыз мәні, құрылымы
Заем (қарыз) түсінігі
Пәндер