А. Жақсылықов прозасындағы постмодернисттік сипаттар


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚазаҚ Әдебиеті кафедрасы

Б і т і р у ж Ұ м ы с ы

А. Жақсылықов прозасындағы постмодернисттік сипаттар

Орындаған:

4 курс студенті Қайыпова А.

Ғылыми жетекші:

ф. ғ. к., доцент Болатова Г.

Пікір жазушы:

Ф. ғ. д., проф. Ісмақова А.

Норма бақылаушы:

оқытушы Бисенбаев П.

Қорғауға жіберілді:

“ ” 2006

Қазақ әдебиеті

Кафедрасының меңгерушісі

ф. ғ. д., профессор Бисенғали З.

АЛМАТЫ 2006

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.

Нысанаға алынып отырған қазіргі кезеңдегі қазақ романы кейінгі жылдарда жазылып дүниеге келді. Елдегі ұлы өзгерістер басталып, әкімшіл-әміршіл жүйе күйрегеннен кейін барып, біраз уақыттан соң жазылды. Бұл кездегі жағдайлар, қоғам өмірі, жеке адам тынысы сияқты мәселер ең алдымен қоғамымыздың ең сезімтал бөлігі-әдебиеттен көрініс тапты. Әсіресе әдебиеттің кең көлемді жанрында жаңалықтардың нұсқалары, сілемдері сезіледі.

Қазіргі егемен еліміз тәуелсіздігін алып, өз билігіміз өзімізде болған уақыттағы, яғни қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернисттік ізеністерге бару аса қажет. Себебі, жазушыларды идеологиялық құрсау бұғауламай, өз еркінше жазуға мүмкіндіктері ашылып, әркімнің талантына сәйкес баға алуына жағдай жасалынып отырған кезеңде ауқымды жанр романды қарастыру қызғылықты.

Біз қарастырмақ болып отырған кезеңдегі орыс тілді қазақ романындағы постмодернисттік ізденістерді зерттеу, өзекті мәселе екені белгілі. Сонымен, еңбектің зерттеу нысанасы - А. Жақсылықовтың "Поющие камни", "Сны окаянных", "Другой океан" романдарыдағы постмодернизмнің көріністерін анықтау.

Соңғы он жылдықтағы қазақ прозасының есеюі мен дамуынын, көркемдік, идеялық бағытын тану үшін осы кезең романдарының деңгей, дәрежесін белгілейтін Аслан Жақсылықов, туындылары зерттелді. Жұмысымызға негізгі желі етіп, осы жазушының шығармаларын алу, себебіміз; біріншіден, бұл жазушының туындылары біз қарастырып отырған осы кезеңдегі қазақ әдебиетінің бағытына сыр - сипатына айрықша тән.

Екіншіден, аталмыш романдарындағы кейіпкер мінезі көркемдік талдау тұрғысынан қарастырғанда жоғарыда аталған жазушы шығармалары бұрын зерттелмеді, негізінен ғылыми айналымға бірінші рет түсіп отыр.

Үшіншіден, көп қаламгердің туындыларын түгелдей жалпы шолу түрінде алып қарастырғаннан гөрі, осы қаламгердің туындыларын жан-жақты талдау арқылы соңғы он жылдағы роман жанрының сапалық ерекшеліктерін анықтауға мол мүмкіндік алармыз деп ойладық.

Сонымен романдардағы постмодернизмнің элементтерін қарастыру, оның романдардағы орнын, қызметін анықтау қазіргі әдебиеттану үшін өте өзекті мәселе.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Дәл біз қарастырып отырған қазіргі кезеңдегі роман оның постмодернисттік көріністері туралы жеке ой-пікірлер, мақалалар әжептеуір. Мысалы атап айтсақ, Әлия Бөпежанова мен Әуезхан Қодардың "Қазақ әдебиетің" газетінің бетіндегі, "Өнер-өмір, өнер-көркем текст немесе таным тайталастары"атты мақаласы, Бақытжан Майтановтың "Қазақ әдебиеті" бетіндегі "Қазіргі қазақ прозасындағы модернисттік және постмодернисттік ағымдар" атты мақаласы, Н. Қожабекованың "Қазіргі қазақ позасы және постмодернизм" тағы басқа қысқа-қысқа ойлар мен пікірлер. Алайда қазақ әдебиетіндегі постмодернмзм арнайы зерттеу обьектісіне айналып, ауқымды диссертациялық еңбекке өзек бола қоймағаны ақиқат. Әрине бұл бағытта ізденіп жүрген зерттеушілер бар. Мысалға: Б. Жетпісбаева, Л. Софронова, Ш. Әдібаева т. б. Әйтсе де жоғарыда айтқандай, көлемді еңбек болып жарыққа шықпады. Және де айтып өткен мақалалар мен пікірлерде қазіргі романдардағы постмодернисттік көріністерді кеңінен қарастыру жоқ. Олар жеке көзқарастар мен лебіздер ғана. Пікір айтушы әдебиетшілердің өзі осыны айтады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті.

Ұсынылып отырған дипломдық еңбектің негізгі мақсаты А. Жақсылықов романдарының әдеби үрдісте алар орнын, көркемдік, идеялық деңгейі мен әстетикалық қуатын, постмодернисттік, рухани сипатын анықтау болып табылады.

Соңғы жылда дүниеге келген А. Жақсылықовтың романдары туралы соны проблемаларды қрастыруға бет бұру, ғылыми тұжырым жасау, ой түю. Сол арқылы жалпы орыс тілді қазақ романдарының өсу, өркендеу жолына баға беру мақсатында төмендегідей мәселелерді шешуге тырысамыз:

  • көркем туындыдағы өмір шындығы мен жазушы қиялының ара қатынасын қарастыру; жазушының қоршаған ортадан, өмірден белгілі бір құбылысты, проблеманы таңдап, өз шығармаларына арқау етуіндегі ізденіс сипатына талдау жасау; шығарма кейіпкерлерінің характерлерін жеке адам тұрғысынан қарастыру; А. Жақсылықов романдары ("Поющие камни", "Сны окаянных", "Другой океан") жаңалықтарын қарастыра отырып, постмодернисттік ағым негізіндегі көркемдік, идеялық ізденістеріне талдау жасау.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері.

Еңбектің теориялық және методологиялық негіздерін ұлттық әдебиеттану ғылымының жетекші өкілдері және батыс сыншыларының сын, зерттеу еңбектеріндегі ой-пікірлері, тұжырымдары құрайды. Қазақ зерттеушілерінің ішінен белгілі әдебиеттанушылар профессор Б. Майтанов, ғалым А. Ісмақова, ғалым Г. Елеукенова, доцент А. Темірболат, доцент Ш. Әдібаева сынды ғалымдардың, сонымен бірге орыс ғалымдары Н. Б. Маньковская, И. И. Ильин, А. А. Пелипенко, М. Липовецкий, В. Курицин, В. Руднев, К. Степнян тәрізді әдебиеттанушыларың теориялық пікірлері мен зерттеулері басшылықа алынды.

Зерттеудің жаңалығы, қамтылған материалдың сонылығы мен көтерілген мәселелердің көкейтестілігіне байланысты. Дипломдық еңбекте қазіргі қазақ романындағы постмодернизм көріністері алғаш рет зерттеу нысанасы ретінде жазылып, ұсынылып отыр.

Әлеументтік талдауда қолднылатын портрет, қаһарман характерін ашудағы ерекшеліктер, теңеу, диалог сияқты құралдардың қазіргі романда қолданыу мүмкіндітерін нақтылы мысалдар арқылы беріледі.

Сондай-ақ қазіргі қазақ әңгімелеріндегі ұлттық рухани тамырластық тағылымдары, қоғамдағы адамның орны, адам өмірінің мән-маңызы тағы да басқа мәселелер кең практикалық ауқымда сөз болады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы да осында.

Зерттеудің теориялық, практикалық маңызы.

Роман өте күрделі жанр. қаламгер шығармаларының өзін әлдененеше қырынан зерттеуге болады. Қазіргі романдағы адамдардың өмірі, характерлер сипаты, қоғамның келбеті, өзекті проблемалар мен адамдардың жан-дүниесі бір мәселе болса, осының бәрін көркенм жеткізу басқа бір мәселе болып қарастырылады.

Ғылыми жұмыстың нәтижесін "Постмодернизм от истоков до конца столетия: эволюция научного мифа", "Поэтика мифа художественной прозе конца конца ХХ начала ХХІ века", "Эстетика постмодернизма", "Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль начала ХХ века и современность" еңбектерімен, бірге арнайы материалдар пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының әдісі.

Талдау. Салыстыра қарастыру.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Зерттеу жұмысының құрлымы кіріспеден, бірінші, екінші, үшінші тараудан және қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І тарау. Постмодернизм ХХ ғасырдың ағымы

Постмодернизм - ХХ ғасырдың ІІ жартысында модернизмнен кейін өнер, сәулет, кескін, әдебиетте, жалпы көркем мәдениет тенденциялары негізінде пайда болған ағым.

Ең алдымен постмодернизмді ағым ретінде не болмаса ХХ ғасырдың құбылысы ретінде тану үшін постмодернизмнің негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтап алуымыз керек.

В. Рудневтің көрсетуінде: "Постмодернизм - қазіргі заманғы философия, өнер мен ғылымдағы негізгі ағым. Ол ең алдымен модернизмнен бойын бөлек салады" [1; 333 ] .

"Постмодерн в философии, науке, культуре" деп аталатын хрестоматияда постмодернизмнің шығуы жайында былай делінген: "Постмодернизм термині бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Р. Панвицтің "Европа мәдениетінің тоқырауы", ("Кризис европейской культуры") 1917 жылғы еңбегінде берілсе, Ф. де Онис 1984 жылы өзінің "Испан және латын - америка поэзиясының антологиясы" деп аталатын еңбегінде модернизмге қарсы түрдегі мағына ретінде пайдаланады. ″ Алайда, эстетикада бұл термин тұрақталмайды. 1947 жылы А. Тойнби "Тарихты зерттеу" ("Изучение истории") деген кітабында постмодернизм туралы былай дейді: "Постмодернизм - мәдениет пен діндегі батыстың билігінің ақыры″. 1970 жылдардың басындағы Латын Америкасының діни проблемаларына арналған жұмыстарында Кокс "постмодернистік теология" деген терминді кеңінен қолданады [2; 130] .

Постмодернизмнің термин ретінде қалыптасуы туралы М. Эпштейн былай жазған: ''Постмодернизм термині 1971 жылдан бастап алғаш рет Ихаб Хассан әдеби ағымдарға байланысты қолданғаннан кейін, кең түрде қанат жая бастады. 80-жылдардан соң қоғамдық ғылымдар мен герменевтикада пайдаланылды″ [4; 74] . десе, Ф. Джеймсон: "Терминнің (постмодернизмнің) танымалдылығы Ч. Дженкстің "Постмодернистік сәулет өнерінің тілі" деп аталатын, 1977 жылғы еңбегінің арқасында болды. Ч. Дженкс 60-70 жылдарда бұл термин модернистік әдеби тәжірибелерде латын- америка сынын анықтау үшін қолданса да, өзі постмодернизмді модернизмнен бас тартушылық пен дәстүрге қайта оралу деп қабылдайтынын айтады″ [5; 131] .

Жалпы постмодернизмнің гүлденуі адам санасы мен өмірінің мықты дамуы, қазіргі кездегі ақпарат жүйелері: масс-медиа, аудио-видео, жаңа мәдени және көркем сапалардың күрт өсуін өзімен бірге алып келді. Кейбір ғалымдардың пікірінше постмодернизм қазіргі заманғы мәдениеттің эстетикалық құндылықтарын жоғалтады. Ф. Джеймсонның ойынша постмодернизм музыка, сәулет өнері және тағы да басқа өнер түрлеріне қызмет етеуде [5; 63] .

В. Ивбулис постмодернизм терминінің мәнін айта келіп: "Бұл термин 30 жылдарда басқа мағынада қолданылған. Философия мен әдебиетте ол 1979 жылы Жан Француа Лиотардың "Постмодернистік жағдай″ деген кітабы" постмодернизмді түсіндіру мақсатында шықты″- дейді [3; 11] .

Ихаб Хасанның жұмысын талдай келе, В. Ивбулис: "Постмодернизм қазіргі өмірде болып жатқан құбылыстарды сипаттайды"- деп қорытады [3; 17] . Ал Ф. Джеймсон болса: "Мәдениетке деген постмодернизмнің ұмтылысы күшті, онда тарихи факторлерден гөрі қазіргі заманның белгілері мен пародия мен сатиралық сарын басым" - деген [5; 112 ] .

Модернизмнің орнын басып бүкіл өнер салаларын жаулап алған постмодернизмді ғалымдар болсын философтар болсын жан-жақты зерттеуге тырысты. Постмодернизмнің элементтерін зерттеушілердің бірі- А. А. Пелипенко постмодернизмдік сананың феномені ретінде қарастырды [6; 135] .

И. Ильин постмодернизмді Батыс еуропа мен АҚШ-та кеңінен тараған жалпы өнер және әдебиетпен тығыз байланысты әдеби ағым деп атай отырып, зерттеуші Д. Фоккеманың постмодернизмді еш күмәнсыз әдеби ағым екенін мойындайтынын, 50-жылдардан бастап біздің қазіргі уақытымызға дейін жаулап алғандығын, оның алғашқы көріністері Джойстың "Поминки по Финнегану″ (1939 ж) деп аталатын шығармасында көрініс тапқандығын мәлімдей келіп, постмодернизм американ әдебиетіне қарыздар″- деп санайды [16; 157] .

″Постмодернизм - өмірге деген ерекше көзқарас, әдебиеттің көп уақыт бойы қалыптасуы мен қордалануының нәтижесі″ -дейді Н. Б Маньковская [9; 158] .

"Мәдениеттану. ХХ ғасыр" деп аталатын энциклопедияда постмодернизм табиғатын ашып көрсетеді: "Постмодернизм - модернизм дәуіріндегі "тоталитаризация", "объективті білімді жатсыну", "адамдарды әртүрлі елестермен еліту"- деген сияқты қоғамның жағымсыз құбылыстарымен күресуге шақырады″ [8; 10] .

Н. Б. Маньковская жаңа заманның төсбелгісі (эмблема) ретінде - иронияны ала отырып, постмодернизмнің негізгі белгілері деп мыналарды көрсетеді: парадокс, абсурд принциптері, эстетикалық іс-әрекеттердің діни сарындары, символизм, ал ойын жеткізудің негізгі құралы ретінде: полисемия (көп мағыналылық) акценті, семиотика, мәтін құрылымы, эстетикалық феномендерді талдауды алады [23; 137] .

Постмодернизмнің ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы жетекші әдеби бағыт ретіндегі даулары мен бізге жұмбақ қырлары тек қана әдебиеттанудың мәселелері ғана емес. Осы бағыттың зерттеушілерінің бірі А. А. Пелипенко: "Біз бұны қаласақ та, қаламасақ та постмодернизм ауасы менен дем алып, оны тарихи құбылыс ретінде қарастырып жүрміз″ -дейді [8; 5] .

Зерттеуші, италия жазушысы Умберто Эконың ойынша: "Постмодернизм - қандай да бір бекітілген хронологиялық құбылыс емес, ол - рухани күй. Әрбір дәуірдің өз постмодернизімі бар" деген. Постмодернизмнің синонимы ретінде бейклассикалық деген сөз көп қолданылатыны белгілі. В. Кондратович осы жайлы былай дейді: "Постнеклассическая наука исследует не только сложные организованные системы, но и сверхсложные системы, открытые и способные к самоорганизации. Его объектом становятся и "человекоразмерные" комплексы, неотъемлемым компонентoм которых является человек. Он характеризуется повышением субъективности, гуманистичности, самокритичности, и истичностью" [10; 12] . В. Курицин постмодернизмнің жалпы табиғаты жайлы былай дейді: "Постмодернизм тек мәтінге құрылады. Оның бойынан дәйексөз, ирония, интертекст табылады, және мәдени дәстүрлерді рухани аяда қарастырады. Постмодернизм - қазіргі заманғы мәдениетте классикалық дәстүрдің жаңа идеялары мен әртүрлі мәтін құрылымдарын жарыққа шығарды" [11; 238] .

Умберто Эконың постмодернизм коллаж (сурет) секілді өзінде тек не бейнеленгенін айтып қана қоймай, өзі жайлы да айтады деген сөзін келтіре отырып, В. Курицин: "Әлем бұл мәтін сияқты″ деген формуланы айтады [14; 226] .

В. Курицин ойынша: "Мәтін әлемді суреттейді, сол сияқты мәтін әлеммен суреттеледі, мәтін мен әлем матрешкалар сияқты бір-бірінің ішінде болады [14; 226] .

Батыстан орыс әдебиетіне келген постмодернизмнің өкілі ретінде ғалымдар Владимир Набоковты, оның 1955 жылғы "Лолита" (алғашында ағылшын тілінде) деген романын алады.

Постмодернизмнің мәтіні турасында жоғарыда айтылып кеткен В. Курициннің: "әлем - мәтін сияқты" деген ойымен ойы сәйкес В. Руднев: "Постмодернизмнің негізгі объектісі - үлкен әріппен - мәтін. Постмодернизмнің басты көшбасшының (лидерлерінің) бірі - Ж. Деррид: "Мәтін мырза" деп постмодернизмді атаған″ деп көрсетеді [1; 336] .

Н. Я. Малахов постмодернизм мен модернизмді салыстыра келіп, былай дейді: "Егер модернистік өнер - әлемдегі жалпы адамзатты бейнелеуде өз күшін сарп етсе, постмодернизм - азғындалған қазіргі заманға қарсы шығады"[17; 184] .

″Антиутопизм дегеніміз - постмодернизм″- деп айта отырып, Н. Я. Малахов постмодернизмнің бірнеше белгілерін береді. Американдық әдебиетші Ихаб Хасан постмодернизмнің он бір белгісін атағанын айтып кетеді. Олардың ішінде "белгісіздік", "фрагменттілік", "меннің жоғалуы", "ирония" т. б. бар. Ш. Әдібаева өз авторефератында неміс философы Арнольд Геленнің "Сан түрлі стильдер мен мүмкіндіктердің араласып кеткендігін атай отырып, екімағыналылық, плюрализм, күмәнділік - міне осылар постмодернизмнің басты қасиеттеріне жатады" - деп көрсетеді [12; 16] . ″Постмодернизм қазіргі заманғы дүниетанудың адамзаттық болмысты тануының өзіндік бір белгісі″- дей отырып, Н. Б. Маньковская: ″Әдебиеттегі постмодернизм мен қазіргі заманғы визуалды өнердің қасиеттері арасындағы байланыстарды анықтайды. Постмодернизмге тән дәйексөзділік, интертекстуалдылық, әр түрлі имитацияларда, дәстүрлі жазуда ирониялық әрлеу (коллаж) көріне бастады″ -дейді[9; 180] .

Қазіргі уақытта постмодернизмнің қосымша мәдениеттің феномені ретіндегі бірнеше концепциялары бар. М. Липовецкий Х. Кюнгтің постмодернизм терминін тек қана әдебиеттану мен өнертануда ғана қолданып қоймай, бүкіл әлемдік тарих деңгейінде пайдалану керек деген ойын келтіре отырып, Х. Кюнгтің жаңа уақыттың келуінде төрт доминанттық күштің - жаратылыстану, техника, индустрия, демократияның әсері барлығынан және ақылға, прогресске жаңа сенімнің пайда болуынан дейді [13; 98] . Соңғы жылдардағы постмодернизмнің төңірегіндегі талқылаулар бұл ағымның өнердің барлық түрлеріне тәндігі, дәстүрдің жаңа мағынаға ие болғандығы жайлы В. Курицин: "Соңғы он жылдықта өнердегі, философиядағы, ғылымдағы, әдебиеттегі постмодернизмді әр қилы аспектілерден талқылап жүрген бірнеше зерттеушелірді айтуға болады. Олардың ішіндегі атақтылары - Францияда- А. Ж. Бодрийяр; италияндық -Дж. Ваттимо; германдық- В. Вельш, Х. Кюнг, Д. Кампер, Д. Барт, В. Джеймс, Ф. Джеймсон, Ч. Дженс, Р. Рорти; А. Хайсен, И. Хассан сияқты американ зерттеушілері; ресейден В. Бычков, И. Ильин, Н. Б. Маньковская; А. Крокер мен Д. Кук сияқты канаданың зерттеушілері мен австриялық- М. Роз бен чилилік М. Шульцті атап өтуге болады " - дейді [14; 112] .

Постмодернизмнің эстетикалық спецификасы (өзіндік ерекшелігі) әр қилы: өнер жанрлары мен түрлерінде классикалық қалыптардың бейклассикалыққа өтуі, т. б. Көркем мәдениетті бүтін деп қабылдап өткенге сын көзбен қарай отырып, постмодернизм жаңа көркем дәстүрге жол салады.

М. Липовецкий орыс әдебиетінде: ″Мәтіннің шыңына шыққан жазушылар: В. Ерофеев, А. Битов, Т. Толстая мен Е. Харитонов, Л. Петрушевская"- дейді [13; 104] .

Н. Л. Лейдерман мен М. Липовецкий постмодернизмнің әдебиетте, өнерде, философияда пайда болғандығын айта келіп: ″Постмодернизм модернистік принциптерден бас тарта отырып, постмодернистік мәтін - өзінің дәйексөздік табиғатын жасырмайды, ол танымал эстетикалық тілі мен үлгілеріне сүйенеді. Еуропа мен америкалық постмодернизмнің классикасына Х. Л. Борхестің новеллалары, В. Набоковтың "Лолитасы", У. Эконың "Имя розы" романы, Дж. Фаулздың романдары, Х. Кортасардың, Г. Маркестің, П. Хандке, И. Кальвиноның шығармалары жатты. Ал постмодернизмнің философиясына Ж. Дерридтің деконструкциясы, М. Фукконың "Археология знаниясы", Ж. Бодрииярдың симулякр теориясы, Ж. Ф. Лиотардың әлеуметтік мектебі жатады"- деген [15; 375] .

Батыс теоретиктері постмодернизмді "кейінгі капитализмдік" мәдени сана (Ф. Джеймсон), өркениеттегі масс-медианың (Ж. Бодриияр) пайда болуы, Ф. Фукуяманың "тарихтың соңы" деп анықтайды. Бұл мінездемелерді орыс әдебиетінде қолданбаса да, кеңес мәдениетінде Батыспен бірдей уақытта Андрей Битовтың, Венедикт Ерофеевтың, Саша Соколовтың, Иосиф Бродскийдің тағы да басқа бірнеше авторлардың шығармалары, 1980 жылдың аяғында орыс постмодернизімінің алғашқы адымдары деп саналды. Постмодернизмнің орыс әдебиетіне келуінің Н. Л. Лейдерман мен М. Липовецкий постиндустриалды экономика мен компьютеризациядан басқа мынадай себептерін көрсетеді:

1) утопиялық идеологияның тоқырауы коммунистік утопия мен тоталитаризмнен арылу мақсатында коммунизмге әлеуметтік прогресстің жоғарғы формасы деп қараудың жалған сенімі;

2) қоғамдық сана терең идеялданған сайын, өмірді өтірік идеологияға толтырып, қоғамның идеологиялық құндылықтарының құлдырауына алып келді[15; 20] .

И. Ильин постмодернизмді модернизмге қарсы бағытта туғанын айта келе: "Кейбір ағылшындарға постмодернизм таза американдық құбылыс болып көрінді. Олар бұл құбылысты И. Хассанға (оның ойынша постмодернистер "тарихтың иронистері") сілтеме жасай отырып талдады. ″Постмодернист - это радикальный скептик, который преподносит нам имитацию романа, в авторском исполнении, имитируя роль автора и парадируя себя уже самим актом породирования" - деген тұжырымды айтады [16; 20] .

Постмодернизм қандай құбылыс, ол өнердің қандай салаларына тән, қай жақтан келгені, жайлы біраз сөз өрбіте отырып, Л. А. Малахов постмодернизмнің төмендегі ерекшеліктерін атап өтеді:

1) белгісіздік; 2) фрагменттілік; 3) ирония - бұл ирония белгісіздікке ұласуы. "Постмодернизмнің мәтіні ауызша болсын, жазбаша болсын қағазға ие болмаса ауызша айтуға сұранып тұрады ″- дейді [17; 13] .

Постмодернизмде И. Ильиннің ойынша метафора мен метонимия көп қолданылады. "Улицы были белыми и сухими, как при столкновении на большой скорости кладбища с грузовиком, груженным мешками с мукой" деген мысал айтады [16; 32] .

Постмодернизмнің әдебиетке келуін В. Руднев модернизмге қарсы 1930 жылдардың соңында пайда болып, постмодернизмнің алғашқы романы деп Дж. Джойстың "Поминки по Финнегану", "Мастер и Маргарита", "Доктор Фаустус", Дж. Джойстың "Улисс" деген романын атап өтеді [1; 336] . Ғалым ойынша Фаулздың романдары, Кортасардың романдары мен повестері, Борхестің новеллалары, ағылшын тілді В. Набоковтың "Бледная пламя" романы, Д. Галковскийдің "Бесконечный тупик", М. Павичтың "Казанский словари", В. Сорокиннің романдары осының барлығы - таза постмодернизм″ деген [18; 337] . Постмодернизмнің философиялық ұғым болып қалыптасуы француз философы Ж. Ф. Лиотардың "Постмодернистік удел" деп аталатын кітабын талқылағаннан кейін барып қалыптасты. Постмодернизм - бұл мәтіннің пайда болуы тарихы мен талқылануы. Осыдан бастап интермәтін (интертекст), гипермәтін (гипертекст) деген сияқты ұғымдар қалыптаса бастады.

1999 жылғы шыққан “Введение в литературоведение” деп аталатын кітапта: ″интермәтін - анонимді формулалардың жалпы кеңістігі, автоматты және тырнақшасыз берілген дәйексөз" делінген. Осылай ″интермәтінділік - дәйексөз бен реминисценцияға қарағанда ұғымы кең" деген [19; 408] . Ал, Аслан Жақсылықовтың айтуынша: ″Интермәтін - өзге тілдердің лексикасынан жиналған ортақ лексика, бір шығармадағы сюжеттің, екінші бір басқа шығармада болуы ″Гипермәтін дегеніміз - бір сөйлемнің бірнеше, не болмаса бір бетті алуы, яғни күрделі лексика″ Постмодернизмнен дүниетанудың жүйесі мен әлемді оны түсінуге деген белгілі бір үлгі дей келе В. И. Самохвалова: "Постмодернизм - фактически не подлежит критике, ибо его можно критиковать только иммоннетно на его собственном поле, а не извне в терминах других мировоззренческих позиций″ деп тұжырымдайды [20; 68] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Проза, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық
Көркем шығармалардағы психологизм
Аслан Жақсылықовтың өмірі мен шығармашылығы
Көркем шығармадағы психологизм. Тарихи тақырыптағы қазақ романдары. Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер
Қазақ прозасының зерттелуі
Постмодернизм ХХ ғасырдың ағымы
А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
Жаңа ғасырдағы әдеби ағымдар
Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz