Қазақстанның таулы және тау бөктерлеріндегі табиғи қауіпті құбылыстардың қалыптасу негізін қарастыру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Аннотация
Қазақстанның таулы аймақтарындағы ландшафттардың қалыптасуының заңдылықтарын табу бойынша кешендік жұмыс, көп зерттелмеген және осының негізінде табиғат құбылыстарының зардапты әсеріне тап болған нақты объектілерге де қатысты қорғау материалдарын жүзеге асыру бойынша негізделген ұсыныстар келтірілген.
Қауіпті табиғи құбылыстардың геологиялық - құрылымдық, геоморфологиялық белгілермен қарқындылығын пайдалана отырып, Қазақстанның таулы аймақтарын табиғи құбылыстың қауіптілігінің дәрежесі бойынша аудандастыру түрлендірудің негізі болып табылады.
Қауіпті табиғи құбылыстардың әсерінен қорғану жүйесін жүзеге асырудың қағидасы - әлеуметтік және экономикалық бағыттағы нақты объектілерге қатысты әзірленген жұмыстың негізі болып табылады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДА ОРНАЛАСҚАН ТАУЛАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .
1. 1 Алтай тауы . . .
1. 2 Сауыр-Тарбағатай тауы . . .
1. 3 Жоңғар Алатауы . . .
1. 4 Тянь-Шань таулар жүйесі . . .
2 ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ . . .
2. 1 Су басу, сел . . .
2. 2 Қар көшкіндері . . .
2. 3 Зілзала, жер сілкінулер . . .
2. 4 Жер көшкіні, сырғымалар мен опырмалар . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі: Тәуелсіз Қазақстанның жер көлемінің үлкендігіне байланысты жер бедері де әр түрлі келеді. Яғни, биік, аласа таулар, қыраттар, жазықтар және ойпаттар бәрі де кездеседі. Сондықтан Қазақстанның таулы және тау бөктерлерінде болатын қауіпті құбылыстардың пайда болу орталықтарын анықтап, сол анықтау бойынша таулы аймақтарын үйлестіре отырып және осы негізде аймақтық жоспардағы қорғау сияқты табиғи процестер әрекетіне тап болған нақтылы объектілерді қорғауды іске асыру.
Зерттеудің негізгі мақсаты: Қазақстанның таулы және тау бөктерлеріндегі табиғи қауіпті құбылыстардың қалыптасу негізін қарастырып, олардан қорғану және алдын алудың тиімді жолдарын нақтылау, сонымен бірге қауіпті құбылыстардың болашақтағы алдын алуды зерттеу мәселелерін қарастыру.
Зерттеудің негізгі міндеттері:
- Қазақстанның таулы және тау бөктеріндегі аудандардың қауіпті құбылыстар аумақтарының табиғи жағдайларын анықтау;
- тау жыныстарының түрлі генетикалық түрлерінің, қалыптастырудын геоморфологиялық, неотектоникалық қазіргі заманға экзогенді геологиялық және гидрометереологиялық шарттары мен факторларының және табиғи процестерінің даму қызметіне баға беру;
- Қауіпті табиғи құбылыстардың пайда болуының гидрометриологиялық шарттарын табу және табиғи процестерді бөлу және қауіпсіздік дәрежесіне баға беру;
- Қауіпті табиғи құбылыстарының әсерінен қорғау шараларын ұйымдастыру, алдын алу және жүзеге асыру бойынша шешімдерді негіздеу және тұрақты әзірлеу;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақстанның таулы аймақтарындағы қауіпті табиғи процестерінің қалыптасуының заңдылықтарын табу бойынша кешендік жұмыс, көп зерттелмеген және осының негізінде табиғат құбылыстарының зардапты әсеріне тап болған нақты объектілерге де қатысты қорғау материалдарын жүзеге асыру бойынша негізделген ұсыныстар келтірілген.
Негізгі қорғалатын қағидалар: Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық - географиялық ерекшеліктері, жағдайы: рельефі мен геологиялық құрылымы, климаты, ішкі сулары және топырақ өсімдік жамылғысы.
Физикалық - географиялық факторларды жүйелі түрде талдау нәтежесінде қауіпті табиғи құбылыстардың пайда болуын анықтау, олардың қалыптасу аймақтарындағы геологиялық субстратты құрамы мен физикалық - механикалық қасиеттерін анықтау және олардың дамуы аумақтың рельефіне, тектоникасына және гидрометеорологиялық шарттарға байланысты.
1 Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық-
географиялық ерекшеліктері
Қазақстан жер аумағы жағынан Еуразия материгінде Ресей, Қытай, Үндістан мемлекетінен кейін төртінші орын иеленеді. Жалпы жер аумағы 2724, 9 мың шаршы шақырым. Қазақстан батысында Каспий маңы ойпатынан шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін мың алты жүз шақырымға созылып жатқан кең байтақ мемлекет.
Қазақстанның жер көлемінің үлкендігіне байланысты жер бедері де әр түрлі келеді. Мұнда биік, аласа таулар, қыраттар, жазықтар және ойпаттар бәрі де кездеседі. Қазақстанның жер көлемінің сексен алты пайызға жуығы жазықты жерлер, қалған он төрт пайызы таулы жерлер болып табылады. Негізінен Қазақстан жеріндегі биік таулары республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан. Олар: Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь - Шань, Сауыр Тарбағатай таулары жатады.
Бұл биік таулар бір-бірінен физикалық-географиялық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі келеді. Қалыптасу кезеңі, геологиясы, табиғаты, топырағы тіпті өсімдік, жануарларында өзгешіліктер байқалады.
Тауларда негізінен пайдалы қазбалар кен орындары, орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығының салалары, туризм саласында пайдаланады [1] .
1. 1 Алтай тауы
Биік тау массивтері негізінен Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс бөліктерін ала қалыптасқан. Таулы өлке республиканың жалпы жерінің 10%-ын қамтиды. Басты тау массивтеріне Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Тянь-Шань жүйелері жатады. Алтай тау жүйесінен Қазақстан жеріне Оңтүстік Алтай мен Кенді Алтай кіреді. Мұндағы Тигерен, Холзун және Листвяга жоталарының биіктігі 2300-2600 м -ге жетеді, бұлардан оңтүстік-батысқа Уба, Иванов, Үлбі т. б. жоталар бөлінеді. Листвяга сілемі солтүстік-шығыс жағында Қатын жотасына (Алтайдағы ең биік Мұзтау 4506 м, осында) ұласады. Бұларды қалың мұздықтар жапқан. Жүйенің оңтүстігінде жатқан Үкөк таулы үстіртінен Алтай жоталалары жан-жаққа тарайды, сондықтан Үкөк Алтайдың орталығы саналады. Орталық Алтайдың Қазақстандық бөлігінің рельефі сатылы келеді. 1-суретте көрсетілгендей аласа таулық бөлігіндегі төбелерді, биіктігі орташа тауларды онша терең емес өзен аңғарлары тілімдеген. Одан жоғары бөлігіндегі өте тік, жақпарлы беткейлері қорым тасты және сеңгірлі тау бастарына жалғасады [2] .
Геологиялық құрылысына келер болсақ, бүкіл Алтай тау жүйесі сияқты оның Қазақстандық бөлігі де герцин тау түзілісі кезінде пайда болған. Кайназой эрасында болған жарылыс әсерлерінен жоталарға және тау аралык ойыстарға тілімделген.
Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені, Қара Ертіс, оңтүстігінде Зайсан көлінің аралығында жатыр. Батысында Ертіс езені мен шығысында Табын-Богда-Оло тау жүйесімен ұштасады. Сол жерден батысқа және оңтүстік-батысқа қарай Сарымсақты, Нарын және Оңтүстік Алтай (3450 м) жоталары тарайды. Бұл жоталар шығыс бөлігінен батыс бөлігіне қарай біртіндеп аласарып қыратқа айналады. Оңтүстік Алтайдың басты жоталары - Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Күршім, Азутау.
Кенді Алтай атына сәйкес полиметалл кен орындарына өте бай аймақ. Олар Лениногор, Зырян, Белоусовка, т. б. кен орындары. Полиметалл кендеріне тән сипат - кен құрамында көп түрлі заттардың болуы. Мысалы, негізгі металдарға қосымша мырыш, қорғасын, мыс, алтын, күміс, сурьма, күкірт, т. б. кездеседі.
Орталық Алтайдың Қазақстанға батыс жоталары кіреді. Олардың бастылары Листвяга және Холзун жотасы. Листвяга Қазақстанның шекараларында жатқан Қатын жотасындағы Алтайдың ең биік шыңы Белуха тауына жақын жерден басталады. Холзун жотасының жер бедері көбірек тілімделінген, бірақ тау басы жалаңаш, аздап белесті, үстіртті келеді.
Алтайдың климаты қоңыржай континентті. Жыл бойы континентті ауа массалары әсер етеді. Алтай тауына батыстан жөне оңтүстік-батыстан соққан желдер ылғал алып келеді, сондықтан тау беткейлерінде жылына 600 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Тауға биіктеген сайын жауын-шашын мөлшері көбірек түседі. Оба, Үлбі өзендері бастау алатын таудың жоғарғы бөлігінде 1800 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Тау етегінде жауын-шашын мөлшері 250-300 мм. Қардың түсуі тау етегінде 20-30 см, ал тауға биіктеген сайын 2 метрге дейін қалыңдайды. Геологиялық құрылысына келер болсақ, бүкіл Алтай тау жүйесі сияқты оның Қазақстандық бөлігі де герцин тау түзілісі кезінде пайда болған. Кайназой эрасында болған жарылыс әсерлерінен жоталарға және тау аралык ойыстарға тілімделген. Қазір альпі типтес жер бедері пішініне жатады. Қазақстан жеріндегі тау жоталарының көпшілігінің биіктіктері 3000-3500 метрден асады. Алтай тауын Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай немесе Кенді Алтай және Қалба деп үшке бөлуге болады. Ең биік шыңы Мұзтау 4506 метр. Алтай тауы негізінен палеозой эрасының шөгінділері мен метаморфты жыныстарынан түзілген. Кембрийге дейінгі дәуірдегі кристалды тақтатас Қатын жотасының негізін қүрайды.
Алтайдың қазақ жеріндегі бөлігінде өзендер көп. Басты өзендері Ертіс және оның салалары: Бұқтырма, Оба, Үлбі, Күршім, Нарын. Өзендері мұздық және қар суымен, жер асты, жауын-шашын суымен қорланады. Өзендерінің суы мол, ағысы қатты. Қара Ертіс өз бастауын Монғолия жерінен алады да Алтай тауын қақ жарып, Қазақстан жерінде ағыны қатты тау өзенінен біртіндеп жазық жерде ағатын Ертіске айналады.
Қазақстандағы Алтай тауында 328 мұздық бар, олардың жалпы ауданы 89, 6 км 2 . Мұздықтар негізінен 2600 м биіктіктен жоғары орналасқан. Мұздықтар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты жоталарында шоғырланған (Кесте 1) .
Үкөк таулы үстіртінің оңтүстік-батысынан тараған Оңтүстік Алтай жоталар жүйесінің (Сарымсақты, Күршім, Азутау т. б. жоталары) беткейлері тастақты тік құлама, бірақ тау бастары жатық келеді. Енсіз аңғарлар, терең шатқалдар көп. Осында, 1485 м биіктікте Марқакөлдің қазан щұңқыры қалыптасқан. Оңтүстік Алтайдың жалғасы Қалба жотасы (1658 м) Ертістің сол жағалауында жатыр. Оңтүстік Алтай таулары аралығында Зайсан қазан шұнқыры жатыр, оның ені 140 км-ге жетеді.
Кесте 1
Қазақстанның биік тау шыңдары
1. 2 Сауыр-Тарбағатай тауы
Тарбағатай тауының Қазақстан жеріне тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай территориясында. Жотаның ені 30-50 км, ұзындығы 300 км шамасында, орташа биіктігі 2000-2200 м. Жота, тау бастарының кей жерлері жайпақ, солтүстік беткейі біртіндеп аласарып жазыққа ұласады, оңтүстігі тік құлама, жар тасты. Батыс бөлігіндегі бөктерлік онша биік емес, қырқалы-төбелі етегі Сарыарқа шоқыларына ұштасады. Тарбағатайдың шығыс жалғасы - Сауыр жотасының (биік жері Маңырақ шыңы 3816 м, ұзындығы 140 км шамасында) біраз жері Қазақстан территориясында. Тарбағатай жотасы мен Жоңғар Алатауы аралығында кең аумақты тау аралық Алакөл ойысы (Алакөл, Кіші Алакөл, Сасықкөл, Ұялы көлдері жатыр) бар. Бұның батыс жазық жағалауы Балқаш көліне, оңтүстік-шығыс шатқалды жағы Жоңғар қақпасына жалғасады [3] .
Қаңтардағы ауаның орташа температурасы - 22°С, кей күндері - 46°С-ге дейін төмендейді. Шілде айындағы орташа температурасы +36°С, кей күндері +40°С-ге дейін ысиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350-500 мм. Зайсан көліне қүятын бірнеше өзен бастау алады. Солтүстік беткейіндегі шатқалдарда кішігірім мұздықтар бар.
Тарбағатай тауының геологиялық құрылысы әр келкі. Тарбағатай тауы Сауырға қарағанда аласарақ, бірақ едәуір ұзын. Оның ең биік шоқысы 3134 метр. Шығысында төбелі-белесті өңір арқылы Сауыр жотасымен жалғасады. Ұзындығы 300 км, ені 30-50 км шамасында. Тау беткейлерінен ежелгі мұздықтардың ізі байқалады. Жота герцин тау түзілу кезеңінде пайда болған. Негізінен тақтатас пен әктас аралас жыныстардан түзілген. Гранит, кристалды тақтатас, саз балшықтар да кездеседі. Альпілік тау түзілу процесінің жүріп жатқаны жер бедерінен байқалады. Баяу тектоникалык қозғалыс күні бүгінге дейін жалғасуда. Мысалы, 1991 жылғы Зайсандағы жер сілкінісі соның салдары болып табылады.
Тарбағатай тауының климаты қатаң континентті. Жазы ыстық, қысы салқын, жауын-шашынның жылдық мөлшері 300-500 мм шамасында. Ауа температурасы орташа есеп бойынша шілдеде +22°C, қаңтарда 20°С. Тау беткейлерінен көптеген өзендер бастау алады. Өзендері негізінен қар суымен қоректенеді. Тарбағатайда биіктік белдеулік байқалады. Таудың етегінен топырағы ашық қызыл қоңыр, осы жерден бозды-бетегелі, жусанды, шөлейтті зона өсімдігі өсетін биіктік белдеулік басталады, одан жоғарырақта қызыл қоңыр және қара топырақты белдеуде дала өсімдігі өседі. Жотаның үгілуге көбірек ұшыраған оңтүстік беткейі жақпар тасты келеді. Ертістің кейбір салаларына суайрық болып табылады, одан Кендірлік өзені бастау алады. Қазақ жеріндегі Сауыр тауының бөлігінде биіктік белдеулік байқалады. Солтүстік беткейінде 1100 метрге дейін далалық, одан жоғары 1900 метрге дейін орман алқабы, одан жоғары альпі шалғындығы өседі. Оңтүстік беткейінде шөлейт және дала өсімдіктері басым. Жота баурайы мал жайылымына пайдаланылады. Пайдалы қазбалардан әзірге зерттелгені - Кендірлік қоңыр көмір кен орны. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы - 22°С, кей күндері - 46°С-ге дейін төмендейді. Шілде айындағы орташа температурасы +36°С, кей күндері +40°С-ге дейін ысиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350-500 мм. Зайсан көліне қүятын бірнеше өзен бастау алады. Солтүстік беткейіндегі шатқалдарда кішігірім мұздықтар бар.
Дала зонасынан жоғары жабайы алма, зерек, итмұрын, мойыл, қараған, тал, көк теректі орман зонасы орналасады, ол жерде жауын-шашын мол (600-800) . 2000 метрден жоғары субальпілік және альпілік шалғындық өседі. Жануарлар дүниесі көршілес Алтай тауы жануарларына ұқсас. Онда қоңыр аю, қасқыр, суыр, аламан, марал, тау ешкісі, т. б. жануарлар мекендейді. Тау беткейі мал жайылымына өте қолайлы. 1968 жылы Тарбағатай мемлекеттік қорықшасы ұйымдастырылды. Жалпы аумағы 240 мың гектар жерді алып жатыр. Бұл жерде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жолақты қара шұбар жылан, дуадақ, ақбас тырна, қарабауыр бұлдырық, лашын, ителгі, бүркіт, арқар, қоян, суыр, елік, құр, сұр шіл, кекілік, үкі мекендейді. Қорықша жерін Қосты, Қызыл қайыңды, Қандысу өзендері кесіп өтеді.
1. 3 Жоңғар Алатауы
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ірі тау массивтерінің бірі - Жоңғар Алатауы. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Шығыс бөлігі Қытай жеріне өтеді. Көксу, Боротала (Бұратала) өзендерінің, аңғарлары тау жүйесін екі жотаға бөледі. Солтүстік Жоңғар жотасы доғаша иіліп, сыртын оңтүстікке береді, оның шығыс бөлігі биік және мұздықты келеді. Батысында аласарып шағын жоталарға тармақталып барып, Балқаш маңы кұмына тіреледі. Жотаның, солтүстік беткейі сатыланып, біртіндеп аласарып тау алды жазығына ұштасады. Мұнда көптеген шағын тау массивтері (Күнгей, Суықтау, Тастау, Шыбынды т. б. ) жатыр. Бұлар өзара тау аралық ойыстармен бөлінген. Оңтүстік Жоңғар жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Бүкіл Жоңғар жүйесіндегі биік Бесбақан шыңы (4464 м) - Солтүстік Жоңғар жотасы құрамындағы Көкжота тауында. Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінен Тентек, Лепсі, Басқан, Ақсу, оңтүстік беткейден Көксу, Боротала (Бұратала), Қорғас, Үсек т. б. өзендердің аңғарлары басталады. Оңтүстік беткейіндегі өзендердің суы тапшы, тасқыны күшті, ал тау жыныстарының мүжілуі күшті. Жоңғар Алатауының оңтүстік етегі Іле ойысымен шектеседі. Ойыстың батыс бөлігі Қараой және Итжон үстірттерін қамтиды, бұларды Іле өзенінің Су Электр Станциясы салынған Қапшағай тау шатқалы бөледі. Іле ойысының Қааақстан жеріндегі ұзындығы шамамен 250 км ені 120 км негізінен қалың борпылдақ шөгінділерге толған, сол жағалауында құмды, құм төбешікті рельеф қалыптасқан. Қапшағай бөгені құрылысының салынуына байланысты Іле аңғарының біраз бөлігі су астында қалды.
Географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысына келер болсақ Жоңғар Алатауы - Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Жоңғар Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғары аралығында орналасқан. Ол шығыстан батысқа қарай ендік бағыт бойында 450 километрге созылып жатыр, ені 100-250 км. Жоңғар Алатауы Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар тауларына бөлінеді [4] .
Жоңғар Алатауы палеозой эрасында пайда болған гнейс, кристалды тақтатас, кұмтас, мәрмәр жыныстарынан, биік жерлері каледон граниттерінен түзілген. Кей жерлерінде карбон, перм дәуірі жыныстары мен кайнозой дәуірі шөгінділері де кездеседі. Жоңғар Алатауы пайдалы қазбаларға өте бай. Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатас, вольфрам және молибден рудалары барланған.
Жоңғар Алатауының климаты жота үстімен ететін полярлық, орта Азиядан келетін тропиктік ауа массаларының әсерімен қалыптасады. Таудың қысы жылы, жазы салқындау. Қаңтар айында ауаның орташа температурасы - 10°С, - 11°С, шілде айында температура +18°С, +22°С. Солтүстік-батысында жылына 600-800 мм, оңтүстік және шығыс бөлігінде 300-400 мм жауын-шашын түседі.
Тауда биіктік белдеулік айқын байқалады. Жоңғар Алатауындағы биіктік белдеулікті ең алғаш Ш. Уәлиханов зерттеп, сипаттап жазып, шолу карталарын жасаған. Жоңғар Алатауы пайдалы қазбаларға өте бай. Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатас, вольфрам және молибден рудалары барланған.
Жоңғар Алатауы Алакөл қазаншұңқырынан Іле - жақпарлы - қатпарлы таулы аумағына дейін созылып жатыр. Тау алды палеоген, неоген және төрттік шөгінділердің қалдық қабаттарынан құралған. Тау етегіндегі жазықтары мен тау беткейлерінде суармалы және тәлімі егіншілікке пайдаланылады.
1. 4 Тянь-Шань таулар жүйесі
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын ірі тау жоталары (Қазақстандағы ең биік Хантәңірі шыңы (6995 м) осында) жатыр. Бұл массив жоталары өте күрделі тілімделген және өтуге қиын. Хантәңірі шыңы бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы, ірі мұздықтар да осында шоғырланған.
Қазақстан жеріне Теріскей Алатау жотасының шығыс бөлігінің біраз сілемдері кіреді. Солтүстігін ала Текес және Кеген тау аралық ойысы жатыр, оны солтүстігінен Кетпен жотасы тұйықтаған, биік жері - 3600 м. Мұнда мұздық жоқ, тау бастары жатық, оңтүстік беткейі тік құлама, солтүстігі көлбеу. Көршілес Күнгей Алатау массивінің біраз бөлігінің терең тілімделген солтүстік беткейі Қазақстан территориясында. Тянь-Шаньның солтүстік бөлігіндегі биік тау жотасы - Іле Алатауы, ең биік жері - Талғар шыңы 4951 м. Жота батыстан шығыс бағытқа 50 км-ге созылады. Солтүстік етегінде республиканың ірі қаласы Алматы қаласы орналасқан. Жота шығысында орографиясы біртұтастығын жоғалтып, тау аралық Жалаңаш, Сөгеті ойыстары арқылы тармақталып кетеді. Солтүстік бөлігіндегі Қараш тауы Турген өзені сыртында Бақай және Сөгеті тауларына, одан әрі Бөгеті (Бұғыты) тауына жалғасады. Орта сілемі Сарытау, Торыайғыр жоталарынан, оңтүстігінде Далашық таулы үстіртінен құралған. Батысында Іле Алатауы аласа Кіндіктас тауына ұштасады да одан солтүстік-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле сілемі бөлініп шығып, батысында Балқаш маңына дейін созылады. Іле Алатауының оңтүстік беткейі Шілік, Чоңкемин өзендерінің аңғарына тік құлама болып тіреледі. Жалпы Іле Алатауының беткейі терең шатқалдармен және каньондармен тілімделген. Мұнда сел тасқыны, тасты қар көшкіні сияқты құбылыстар жиі байқалады. Іле Алатауы - сейсмикалық өңір және мұнда ірі мұздану торабы (мұнда 393 мұздық, бұлардың жалпы ауданы 469, 7 км 2 , мұзының көлемі 27, 7 км г ) бар.
Қазақстан территориясына Қырғыз Алатауының батыс бөлігінің солтүстік беткейі және Талас Алатауының батыс беткейлерінің шеті кіреді. Одан әрі бұлардың солтүстік-батыс жалғасы ретіндс Қаратау жотасы созылып жатыр. Бұлар онша биік таулар емес, бастары жайпақ, батыс беткейі көлбеу, шығысы құлама келеді [5] .
Географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы бойынша Тянь-Шань таулы өлкесі - Азия материгіндегі ең ірі таулардың бірі. Тянь-Шань деген сөзді Қытай тілінен аударғанда тәңір шыңы, аспан тау деген мағынаны білдіреді. Тянь-Шань тауы жоталарының орналасу бағытына қарай:
- Солтүстік Тянь-Шань,
- Орталық Тянь-Шань,
- Батыс Тянь-Шань,
- Шығыс Тянь-Шань деп бөлінеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz