Адамның қызметі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Адамның еңбегі.

2. Адамның шығармашылық және психикалық қызметі.

3. Еркіндікті миханисцизм тұрғысынан түсіндіру.

4. Гегель еркіндік туралы.

ІІІ. Корытынды

АДАМНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Адамның еңбегі. Адамның табиғатқа қатынасы еңбектің бір үшын ғана көрсетеді. Ол коршаған ортаны жаңарта отырып, өзінің де табиғатын жасампаздықпен өзгертеді. Философиялық тұрғыдан алып қарағанда, сыртқы дүниенің өзгеруінің өзі, ең алдымен, заттарды адамдардың қажетіне қарай икемдеу болып шығар еді. Бұдан еңбектің құрылымына адамның мақсаты, қызметі, еңбек заты, еңбек құралдары және сол еңбектің нәтижелері кіретінін көруге болады. Адамның еңбек қызметі - адамның тәни өмір сүру құралы және оның өмірлік қызметін жандандыратын әдіс болып табылатын үздіксіз тарихи үдеріс.

Адамға қажетті игіліктер табиғатта дайын тұрмайды. Қажеттілік белгілі бір шекке жеткенде немесе ол қажеттіліктер өтелмей өміріне қауіп төнетіндей жағдайға жеткенде, адам еңбек етеді. Бұл адам атаулының бар қажеттілігі өтеліп тұрса, онда ол еңбек етуді доғарады деген сөз. Оның мәнін түсіну үшін төменгі екі факторға зер салу керек. Біріншіден, адамның қажеттілігінің шегі жоқ, оны толық өтеу мүмкін емес.

Екіншіден, адамның кез келген әрекеті еңбек емес. Өндіріске тікелей қатысын, материалдың игілік өндірмесе, адамның тамақ істеп ішуін, кино, концерт көруін немесе қала сыртына демалуға баруын өндірістік еңбектің жалғасы ретінде қарастыруға болмайды. Бұлар адамның жеке басының материалдық және рухани қажеттілігін өтеуге бағытталған әрекеті.

Адамның еңбек етуінің өзі - тарихи үдеріс, ол ешқашан тоқтамайды, жалғаса береді. Еңбек - қоғам мүшелерінің, алдымен, тәни өмір сүруінің кепілі ретінде көрініс береді.

Ф. Энгельс өзінің кең танымал болған «Маймылдың адамға айналу үдерісіндегі еңбектің рөлі» деген еңбегінде адамның пайда болуының әлеуметтік заңдылықтарын зерттей келіп, «адамды адам еткен - еңбек» деген қорытындыға келді. Энгельстің пайымдауынша, биологиялық даму үдерісінде еңбекке ден қоюдың алғышарттары жасалған. Еңбек адам тектес маймылдарды тік жүруге, қолмен жұмыс жасауға, санасын жоғары деңгеиде дамытуға мәжбұрледі. Адам қызметінің өзіне тән нышандары - еңбек алдымен құрал дайындаудан басталды, ол еріксізден сөздің, ойлаудың шығуына, тіршілік етудің әлеуметтік формаларының қалыптасуына алып келді. Нәтижесінде адам табиғат күштерін бағындыра бастады. Ол хайуанаттар сияқты оған тек тұтынушылық мақсатта емес, алдын ала қойған мақсатқа бағындыруға мәжбұр етті. Адамның қалыптасуы кезінде оның еңбегі, сөзі, ойлауы және денесінің құрылымы үнемі өзара әрекетте болды. Еңбек адамның қазіргі биологиялық тұрпатының, оның қоғамдық мәнділік сапасында өмір сүруінің негізі, адамда хайуанаттар әлемінен бөлініп шығуының іргелі үдерісі болды.

Еңбектің тағы бір кыры адамдардың табиғатқа қатынасының коғамдық сипатынан көрініс береді. Еңбек және өндіріс-біртұтас, сонымен қоса олар бір-бірінен өзгеше. Сыртқы дүниеге адамдардың қатынасы тұрғысынан алып карағанда еңбек жасампаздықпен өзгерту болса, өндіріс сыртқы дүниені өзгертудің нәтижесі және беретін өнімі.

Түрлі тарихи даму жағдайларында еңбек түрліше формаларда көрініс береді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жалпы қауымдың еңбек және өңдіріс құралдары мен өндірілген өнімге рулық-қауымдық меншік болды. Еңбек марксшілдер антогонистік деп атаған құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік формацияларда антогонистік қайшылықтар жағдайыңда дамыды деп есептелінеді. Еңбектің төмен дамыған формаларынан жоғары дамыған формаларына өту - құлиеленушілік қоғамдағы құлдың еңбегінен феодалдык қоғамдағы шаруаның еңбегіне, одан капитализм тұсындағы жұмысшылардың еңбегіне ұласуы - еңбекті қанаудың сатылап жоғары дамыған формаларына ету болып табылды. Адамзат мәдениетінің дамуы еңбек адамын рухани және тәни өзгіге түсірудің үнемі дамып отыратынын, нәзік және жетілген түрлерімен қабаттаса жүретінін көрсетті.

Адамның шығармашылық қызметі. Сапалық тұрғыдан жаңа материалдық және рухани құндылықтар жасап жатқан адамның қызметі шығармашылық қызмет делінеді. Еңбектің шьнармашылық - объективті дүниенін заңдылықтарын білетін адамның қолына түскен материалдан айналадағы қоғамдық қажеттіліктердің бірін өтейтін жаңа шынайылық жасаттыратын шабытты еңбек үстінде пайда болатын қабілет. Шығармашылық туындататын түрлері адамның жасампаздық қызметінің сипатына қарай - көркем, ғылыми, өнертапқыштық, конструкторлық, ұйымдастырушылық шығармашылық (немесе еңбек) деп бөлінеді.

Шығармашылық еңбектің табиғатын зерттеумен философтар, педагогтер, психологтар, мәдениеттанушылар айналысады. Ежелгі дүние ойшылдары да бұл тақырыпқа енжар карамаған. Платон адамның көркем шығармашылық қызметін Құдайдың тек сол адамға берген сыйы деп есептеген. Неміс философы Ф. Шеллиш шығармашылықты «саналылық пен санасыздыңтың синтезі» десе, Э. Гартман «санасыздықтың өміршең тынысы», З. Фрейд «түйсіктің көрінісі» ретінде бағалаған.

Адамның шығармашылық қызметіне қажетті мүмкщдіктер олар өмір сүріп отырған қоғамда қалыптасқан қатынастарға тәуелді. Шын мәніндегі демократиялық қоғамда әр адамға өзінің бойында бар қабілеті мен мүмкшдігш іске асыруға жағдай жасалса адамдардың шығармашылық шабыттары тасқындап, ғылымның, көркем өнердің, ұйымдастырудың, техниканың даму қарқынының артуына алғышарт жасалады. Шығармашылық қызмет жаңа мақсаттар айқындаумен байланысты және соған сай құралмен мақсаттарға жетуден көріне береді.

Қазіргі заманғы техникалық прогрестің аяқ алысына байланысты шығармашылық қызмет бүқаралық сипат ала бастады. Оның өзі бірқатар әлеуметтік мәселелер тудырып отыр. Білім жүйесін түбегейлі қайта кұру қажеттігі жеке адамды рухани өндірісті ұйымдастырудың даралық формасына қатыстыру жағдайында оның шығармашылық қызметінің құнын жоғалтпау міндетін алға тартады. Бұл тұлға мен қызмет арасындағы үйлесімдішктің шын мөніндегі адами мазмүнға ие болғанда ғана мүмкін болатынын көрсетеді. Олай болмағанда, адамды қызметтің үстінде тұрған құрал сияқты түсіндіруге жол беріліп, қоғамдық әмірді ұйымдастырудың идеологиялық алғьппартын жасап беруге алып барар еді. Қызмет пен тұлға арасындағы қатынас туралы мәселе адамның одан өддеқайда аукымды проблемаларының бір бөлігі іспетті шешілуі мүмкін.

Адамның психикалық қызметі. Ғылыми-техникалық прогреспен қатар жүріп келе жатқан әлеуметтік-психологиялық өзгерістер өздерінің маңыздылығымен, ауқымдылығымен және көрініс беру ерекшелігімен адамның қызметіне тура әсер етуші факторларға айналып отыр. Олардың ішіндегі үнемі және орнықты сипатта көрініп отыратындарының бірі адамның психикалык кызметінің ширығуы (интенсификапиясы) болын табылады.

Ширығу (лат. «intensification » - кернеудің артуы) - коғамдык ғылымдарда өлеуметтік үдерістердің ширығуын, олардың даму карқынының артуын, сонымен коса адамдардын аз уакыт ішінде экономикалык, өлеуметтік және рухани өмірде мүмкіндіктің барынша ірі нәтижелерге кол жеткізуге тырысуын байкдтады.

Ширығу адамдардың емірлік қьізметінің мейлінше жыл-дамдау карқынын көрсетеді. Бұл үдеріс қоғамдық прогресс жағдайында бұрынғыдан да ерекше сезіледі. Ширығу атаулының ең терең мәні уақытты үнемдеу болып табылады.

О. Тоффлер адамзаттың соңғы 50 мың жылдағы өмірін ұрпақ санымен өлшеуді ұсынған екен. Сонда әр ұрпақтың орташа өмірін 62 жыл деп алғанда, 800 ұрпақ алмасыпты. Олардың 650-і үңгірде өмір сүрген, тек 70 ұрпақтың өмір сүрген тұсында, жазудың шығуына орай, ұрпақтар арасында байланыс орнаған. Тасқа басылған сөзбен соңғы алты ұрпақ қана таныс. Уақытты дәл есептеу 4 ұрпақтың қолынан келді, 2 ұрпақ электр моторын пайдалана білді. Ап күнделікті өмірде қолданылып жүрген материалдық құндылықтардың басым көпшілігін алғаш рет осы қазір өмір сүріп отырған ұрпақ өкілдері шығарған.

Адамдардың өмірлік қызметінің динамикасын айкындаушы факторлардың бірі-белсенділік. Белсенділікті адамның айналаны қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстарды қолдау және жаңарту қайнары ретіндегі өзіндік динамикасының сипаттамасы деуге болады. Ол барлық тірі жан иелеріне төн. Тұлғаның белсенділігі, алдымен, оның қызметімен байланысты, алға қойған мақсатымен қабысын, оның әрекетінің қасиеті іспетті көрініс береді. Бұл тұрғыда белсенділікті адамның материалдық және рухани мәдениет байлықтарын иемдену негізінде оның шығармашылық жұмысында, еріктік әрекеттерінде және жүздесуінде көрініп отыратын, дүниеде қоғамдық маңызы бар жаңартулар енгізу қасиеті деуге болады. Белсеyділік, алдымен, адамның өмірлік тұрғысынан, оның идеялық ұстанымынан өз көзкарастарын табанды қорғай білуінен, сөзі мен ісінің арасындағы үйлесімділігінен көрініс береді.

ЕРКІНДІК

Еркіндікті механисцизм тұрғысынан түсіндіру. Философия тарихыңда еркіндік туралы түрлі көзқарастар айтылған. Осы мәселеге соқпай, ол туралы ой толғамай өткен ешбір ойшыл, ешбір философиялық жүйе жок десе де болады.

Бұл бағытты логикалық шегіне жеткізген, механикашылдық (нем. mесhаnіzіmus - механизм. Материя козғалысының өзіндік сапалық формаларын механикалык қозғалысқа саятын, дамудың күрделі заңдылықтарын механиканың заңы ретінде танитын философиялық ағым) материализмді ұстанушылар адам, қоғам тіршілігін табиғи механикалық зандармен түсіндіруге ұмтылған. Олар механика, геометрия принциптерінің тұрғысынан еркіндік туралы адамдардың ойы жалған, ал шын еркіндік қажеттіліктен және оның себептілігі түбінде тек Құдайдан деп түсіндіреді.

Гоббс былай дейді: «Еркіндік пен қажеттілік үйлесе алады . . . ерікті әрекеттер адамдардың ырқынан, ал ырық еркіндіктен, сонымен қатар адамдардың ырқынан туатын әрбір акт, тілек және талпыныс белгілі бір себептен, ол себеп тағы бір себептен, себептердің тізбегінен (ал тізбектің соңғы тізгіні, ең ақырғы себеп Құдайдың қолында) болғандықтан, оның бәрі қажеттіліктен туындайды. Осы байланыстарды көре алатын адамға адамдардың еркінсіген әрекеттерінің қажеттілігі айқын болар еді. Бәрін көріп, бәрін реттеп отырған Құдай, адамдар қалаған нәрсесін істеп жатқанда да содан қажеттілікті, Құдайдың өз қалағанының болып жатқанын да көреді . . . адамдарда ешнәрсеге кұштарлық та, ешнәрсеге құмарлық та Құдайдың ырқынсыз болмас еді . . . ».

Спинозаның ойынша, табиғаттың өзі құдіретті күш, Құдай деп сол табиғаттың өзін түсінуіміз керек, Құдайда, табиғат тағы бір нәрсе, бір субстанция мән. Объективті шынайылық - материяны барлық заттар мен кұбылыстардың түпкілікті негізі деп түсіну) . Субстанция деп өзі арқылы өмір сүретін, тек өзше негізделетін, тек өзі арқылы көрініс табатын, өмір сүруі тек өзі арқылы түсінуге, тануға болатын нәрсені айту керек. Табиғатты немесе Құдайды тек тұтас алғанда ғана ол осындай қасиетке ие.

Әрбір жеке зат, күбылыстар (модустар) солардан туындайды, солардың көрінісі. Қүдай әрбір заттың ішкі мөні, қажеттілігі, себебі. Ол сыртқы себептілік емес, ішкі себептілік. Спинозаның айтуынша, ырыңтың еркіндігі ғана емес, зерденің де еркіңдігі жоқ. Адамдар өз әрекеттерінің себебін білмей сол әрекеттердің әзін ғана білетіндіктен әздерін еріктіміз деп ойлайды. Адамдардын ойлары, әсерлері және іс-әрекеттері де тек табиғи (Қүдайдың) қажеттіліктен туындайды, оны біз білмейтін болсақ, бізде еркіндік жоқ, ал қажеттілікті біз айқын түсінетін болсақ, онда бізде еркіндік бар. Еркіндік дегеніміз - біздің іс-әрекеттеріміздің қажеттіліктермен аныңталатындығын аның білу, соған саналы тұрде мойын сұну, соның жолымен ғана жүру.

Гегель еркіндік туралы. Гегель объективтік дүние деп табиғатты емес, жалпы, адамнан, әлемнен тыс абсолюттік рухты түсінеді. Абсолюттік рух және оның дамуының жоғарғы сатысы - абсолюттік идея - табиғатты да, адамды да жаратушы күш, табиғат та, адамзат та оның сыртқы, іске асу формалары, сатылары. Сондықтан ол - адам үшін сыртқы қажеттілік. Адам сол абсолюттік рухты, оның дамуының қажеттілігін қаншалықты таныған болса, ол соншалықты еркін. Яғни басқаша бір негізде болса да, Гегельдің еркіндікке беретін анықтамасы Спинозаның анықтауымен бірдей дерлік: еркіндік - ол танылған қажеттілік . Танылмаған қажеттілік адамға соқыр, мылқау әрі жойқын күштей өсер етеді.

Сөз жоқ, адам өзі түсінген, таныған өріс жүзінде игерген дүниеде өзін еркін сезінеді және еркін әрекет жасайды. Ол адам болмысында бар нөрсе және тарихи адамның ықпалындағы ауқымын кеңейтіп отыратын мәдени-рухани кеңістік. Бірақ бұл көзкарас еркіндіктің адам болмысындағы белгілі бір сыртқы өрі өткінші жағын ғана қамтиды. Ол адамда болуы да, болмауы да мүмкін нәрсе. Оның үстіне бұл анықтама адамның дүниеге қатынасының белгілі, еуропалық тип негізінде ғана берілген. Яғни ол үшін еркіндік міндетті тұрде үстемдікпен байланысты. Бұл тұрғыдан еркіндік-адамдардың сыртқы дүниемен үйлесімді қатынасы емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін бөлігі
Жеке тұлға психологиясы
Дене мәдениетінің жүйесі
Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы
Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орны
Жүйке жүйесі
Аралық ми. Орталық жүйке жүйесі
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Сигналдық системалар
Сөйлеуге тән қасиеттер мен сапалықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz