ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 297: 1 (57) Қолжазба құқығында

Тайтенова Айгерим

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ

6М020100 - Философия мамандығы бойынша философия ғылымдарының магистрі академиялық дәреже алу үшін магистерлік диссертация

ТҮРКІСТАН - 2014

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Философия кафедрасының

меңгерушісі, ф. ғ. к., доцент

Ө. А. Малдыбеков

«___»2014 ж.

Магистерлік диссертация

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ

мамандығы: 6М020100 - Философия

Магистрант А. Тайтенова

Ғылыми жетекшісі,

ф. ғ. к., доцент Ө. А. Малдыбеков

ТҮРКІСТАН - 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ТАНЫМДЫҚ ДАМУ ЖОЛЫ

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы көзқарасының рухани толысу кезеңі мен шығармашылық өмірі . . . 12
  2. Абай және Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы сабақтастық . . . 22

2 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ МҰРАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМДАҒЫ ОРНЫ

2. 1 Адам болмысы және оның Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясындағы көрінісі … . . . 50

2. 2 Шәкәрім Құдайбердіұлы танымындағы иман, рух тәрбиесі және оның қазақ ұлттық мәдениетін жетілдірудегі рөлі . . . 58

2. 3 Қазіргі қоғамдық ой-пікірде ойшыл дүниетанымының құндылығы. . 67

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 77

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елбасы, Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Дүниетанымдық құндылықтарды сақтау бағытында басты басымдық рухани танымдық ғылыми ізденістерге түседі. Халықаралық деңгейде бұл салада жасалып жатқан жұмыстар мен жедел іс-жүзіне ендіру мәселесі жүйелі түрде дамып келеді» [1] - деп, осы бағытта еңбек етіп келе жатқан ғалымдардың еңбектеріне баға береді.

Түрлі мәдениеттер тоғысқан жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымызды рухани биіктеткен тұлғалардың қалдырған мұрасын, оның тағылымдық мәнін зерделеу - заман тудырып отырған қажеттілік. Сол ғұлама, ойшылдардың бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ойшыл шығармашылығы даналыққа толы. Имандылықты дәріптеген Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасының түп қазығы - ақ көніл, таза ақыл, адалдық иесіне адамды айналдыру, өз өмірі де сол бағыттағы үлгіге сай болды. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл туындыларына өзек еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін аса қажетті. Абайдың ізбасары, ұстаз дүниетанымында қалып қоймай өзге, қайталанбас қолтаңба қалдыруы Шәкәрім көзқарастарының қайталанбайтындығы. Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі - дін тақырыбына қатысты ақынның тұжырым, түйіндерін философиялық тұрғыдан талдап, танытудың маңыздылығы дау тудырмайды. Себебі, ғұлама дін мәселесін шын ақыл мен салқын сана арқылы сараптап, негізгі өзегін өмір игілігіне айналдыра білген. Жаратылысқа деген сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген. Күрделі болмыс иесінің шығармашылық мұрасын әр түрлі аспектіде тереңдей, кешенді түрде қарастырудың қажеттілігі де осыдан туындайды.

Соны ізденістер арқылы Шәкәрім өлең сөздерін талдау жасап, қазақтың ғана емес, жалпы адамзаттық ақыл-ой дүниесімен астасып жататын құндылығын таныту керек. Қандай да бір мәселе айтылса ойшыл ерекшелігі оны жалпылама қарастыра отырып, өлең өлшеміне өрісті оймен сыйдыра білген. Бұл қасиет сөз зергерінің шағын өлеңдерінде де, көлемді туындыларында да бөлекше бітімге, әсерлі айшыққа ұласқан. Шәкәрім шығармаларының идеялық және мазмұндық негіздері қазақ дүниетанымына тың үрдісті танытады. Онда дәстүрлі шығыстық сөз саптау үлгісі, әдеб, мідениет тұрғысында келеді де иманға ұласады. Оның негізі қай қоғамның да көкейкесті мәселесі болып келген адам тұлғасы мәселесін көтеруде жатыр. Ойшыл шығармашылығының түп тірегін және шешуші мәнін құрайтын адам мен қоғамның, адам мен тылсымның мәселелерінің мәнін ашу іргелі зерттеуге негіз боларлық өзекті мәселе. Шәкәрім дүниетанымы өзі өсіп өнген жұрттың ауқымынан асып, бүкіл адамзаттық мазмұндағы ойлармен сабақтасып жататындықтан оның әлеміндегі әрбір идеясының мәні терең. Өйткені барлық замандарға тән мәңгілік тақырыптарды (жан мен тән, өмір мен өлім, адам мен жаратылыс) көнеден күні бүгінге дейін түрлі даму сатыларын басынан өткерді. Бұл жағдай Шәкәрім өмір кешкен аумалы-төкпелі трагедияға толы заманда ғана емес оған дейін де, бүгінгі күні де адамзат үшін аса маңызды тақырып.

Әлем халықтарының мәдениеті бір-бірімен сұхбат кұру мүмкіндігіне ие болған заманда, Шәкәрімнің философиялық дүниетанымын зерттей отырып, онытаныту ең өзекті мәселелердің бірі. Халқымыздың дана тұлғаларының адамгершілік, тәлім-тәрбиелік идеяларын қазіргі заманға сай зерттеудің жас ұрпаққа берер тағылымы мен тәлімі мол. Әсіресе, Шәкәрім көрсеткен иман іліміне бүгінгі біздің қоғамдық өмірде қажеттілік туып тұр.
Қазіргі заман адам еркіндігіне мән беріліп, рухани танымдық көзқарастарыныі жетілу барысында адамдардың ішкі жан дүниесіндегі ар-ұждан мен адамгершілік касиеттері қоғам өмірінде басты орынға қойылуы тиіс. Бұл жолда тарихтан тәлім алып, оны философиялық тұжырымнан өткізе білсек қана елдігімізді бағалап, тәуелсіздігімізді сақтап қалу мүмкіндігіне ие боламыз. Міне, ұлттық рухтың ерекше формасы - ұлттық философияны зерттеу, қазақ деген халықтың өзін-өзі тануына ата-жұрттың мәдениетінің негізгі рухани өзектерін тануға жол ашпақ.

Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған танымал ойшылдар дүниетанымына философиялық талдаулар жасап, халқымыздың даналық рухын танытқан шығармалар мен дәстүрді жастарға мейлінше танымал ету және қазақ мәдениетінің ерекшелігін танытқан рухани күштің орнын әлемге танытудағы ойшылдың шығармашылығына мән беру арқылы қоғамымыздың болашағын берік қалыптастыруға қызмет ету жұмыстың өзектілігін арттыра түседі.

Көрмесе де көзімді,
Білмесе де өзімді,
Кейінгі жастар қабылдар
Айтылған түзу сөзімді . . .
Қиналған тәнім азапқа,
Жанған жаным дозаққа.
Әділ жандар алдында
Ақталып шықса ғажап па? « [2] .

Шәкәрім өлең жолдары өрелі ой айтудың құралына айналған. Сондықтан да өлең жолдарында философиялық танымдық ақыл-ойдағы парасаттылық тұтастықта жарасым тауып, нәтижесінде қазақ дүниетанымына пара-пар жаңа мазмұндағы өлеңдер мен келісті суреттеулер, тың түр мен мазмұн пайда болып ұлттың рухани әлемін жаңа бір сатыға көтерген.

Еркін ойшылдыққа жол ашылған еліміз егемен заманда казақ философиясының ірі өкілдерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымын зерттеудің маңызы зор. Шәкәрім дүниетанымын зерттеу, ойшылдың шығармашылығындағы дүниетанымдық мәселелерді біртұтастықта, жүйелілікте қарастыра отырып, оның ойлау мәдениетінің ерекшелігін тануға жол ашады. Қазақтың қай ойшылын алып қарасақта, олардың шығармашылығы белгілі бір тарихи кезеңмен байланысты, қоғамдық қарама-қайшылықтардың негізінде қалыптасқандығын көруге болады. Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық дүниетанымы мен шығармашылығы ХIХ ғасырдың екінші жартысы және XX ғасыр басындағы замана қайшылығымен, халқымыздың тарихымен тығыз байланысты. Оның үстіне, ойшылдың даналық дүниетанымы қазақ халқының ұлттық философиясында ерекше орын алады. Міне сондықтан да ойшылдың шығармашылығы мен танымы қазақ жастарының дүниетанымын қалыптастыруда үлкен маңызға ие.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазақ философиясы зерттеу қырлары әр алуан дүниетанымдық пікірлермен заман талабына сай сомдалып, қаралу кезеңінен өтті. Қазіргі таңда зерттеушілердің осы бағытта талмай жасаған еңбектері мен жинаған мәліметтерді қайта сараптап, тарихнамалық зерттеулермен негіздеп, мән берілмеген, жете зерттелмеген тұстарын қарастыру қолға алынған кезең. Әрбір халық өзінің даму тарихында қайталанбас мәдениет қалыптастырып, сол арқылы оның өзіне тән дүниетанымдық болмысы сомдалады. Көшпелі өмір салтында қалыптасқан халықтық дүниетаным болашақ қазақ ойының дамуы мен өркендеуіне жол ашқан еді.

Қазақ философиясы осы бір дәстүрлі дүниетанымнан бастау алып, дамып келеді. Қазақ өнер арқылы өзін-өзі таныған халық. Содан болар халқымыздың озық ойлы ұлдары даналыққа кәсіп немесе міндет ретінде емес, оны өмірмен, өнермен ұштастыра қараған. Дәл осындай дарынды тұлғалар еліміздің тарихында аз емес. Сонау Қорқыттан бастағанның өзінде, Ж. Баласағұн. А. Ясауи, кейінгі жыраулар заманындағы ойшылдар, шешен-билер, кешегі ағартушылық мәдениет өкілдерінің қай-қайсысын алсақ та, ең алдымен олар дүниені тануға ұмтылған ойшыл, әрі өнерпаз дарынды тұлғалар болған. Бұлар туған елімен бірге қиын-қыстау заманды басынан өткеріп, тарихпен бірге жасап келеді. Халқымыздың даналық рухын тану жолында казақ ойының дамуына ерекше үлес қосқан ойшыл-тұлғаларымыздың философиялық дүниетанымын зерттеу, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Бұған дейін де Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы әр түрлі ғылым салалары тарапынан зерттеліп, соңғы жылдары Шәкәрімтану жеке ғылым саласы ретінде біршама жетістіктерге жетіп, қалыптаса бастағаны белгілі. Шәкәрім болмысының күрделілігі мен оның қалдырған мұраларының сан салалы сипаты әр түрлі ғылым өкілдерінің назарын аудартып тың ізденістер тудыруда. Яғни ақын шығармашылығының поэзиямен ғана шектелмейтіндігі философиялық тарихи дерек көздері мен ағартушылық педагогикалық көзқарастарының жүйесін кешенді түрде зерттеудің енді қолға алына бастауы заман үрдісінен туған қажеттілік.

Сондықтан қазіргі кезеңде Шәкәрім шығармашылығын белсенді зерттеумен әдебиетшілермен қоса, философтар, тарихшылар, педагогика және психология ғылымдарының мамандары айналысуда.

Әрине Шәкәрімнің философиялық, ағартушылық, психологиялық ой тұжырымдарын танудың негізі - поэзиялық туындылары. Шәкәрім шығармашылығын зерттеудегі осы ерекшелікті шәкәрімтанушылардың қай-қайсысы да атап көрсетеді.

Қазақ елінде шәкәрімтанудың негізін салып, іргетасын қалаған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов сияқты ойшыл қайраткерлері. Шәкәрімнің Абайдан кейін қазақ дүниетанымын жаңа сатыға көтеруші екендігін жан-жақты дәлелдеп, ақын шығарамашылығының ерекшеліктерін, дүниетанымының күрделігін анықтады. Ә. Бөкейханов Шәкәрімнің адам, қоғам және діни мәселелеріне ерекше назар аударып, қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерге қатысты пікірлерін жан-жақты талдап, «Түрік, қырғыз, қазақ hәм ханлар шежіресіне» арнап мақалалар жариялап, онда ойшылға жоғары баға береді[3] .

А. Байтұрсыновтың Абай шығармашылығы жөнінде жазылған «Қазақтың бас ақыны»мақаласында: «Абай сөздері дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жөн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолды ылақпай тұп-тура тапқан адамға да қазақ балалары талай алғыс берер» [4], - деген. Шәкәрім Абай дәстүрін бірден-бір жалғастырушы. Имандылық және діни құндылықтар негіз болған туындылар оның философиялық мұрасын жаңа сапаға көтерді.

Қ. Мұхаметқанов «Қазір орны ойсырап тұрған, елге ежелден белгілі болған дана тұлғаларды атағанда, Шәкәрімді қарастыруымыз орынды. Өйткені, ол Абайдың ізбасары. «Адам рухани азғындамасын» - деген Абай пікірлеріне жауап ретінде діннің негіздерін күрделілігіне қарамастан аша түседі», - деп ой түйіндеген [5] .

Шәкәрім Кұдабердіұлы өмір сүрген заманнан бір ғасырға тарта уақыт өткенімен оның шығармашылғындағы көптеген идеялардың дәл казіргі заманда өз мәнін жоғалтпағандығын айта кету керек.

XX ғасырдағы кеңес үкіметінің отарлаушылық саясатының салдарынан Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымын зерттемек түгілі, оған халық жауы деген жала жабылып, оның шығармаларының жарыққа шығуына тиым салынып, ойшылдың рухани мұрасының халқынан елу жылдан астам уақыт қол үзіп қалғаны белгілі. Тек бүгінгідей еліміз егемен заманда, мемлекеттің тарапынан «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынған кезеңде, Шәкәрімдей ғұлама ойшылдың даналық дүниетанымын жан-жақты зерттеуге жол ашылып, соның салдарынан ойшылға деген кеңестік дәуір пікірінің өзгеруіне жағдай туып отыр. Жұмыстағы зерттеудің құндылық мәні де осындай жаңа замандық көзқарастың нәтижесі болып табылады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ ойшылы болғанымен оның дүниетанымдық түсініктеріне қарап, ойлау мәдениетінің адамзаттық деңгейге көтерілгендігін көреміз. Сондықтан ғұламаның айтып кеткен даналық тағылымдары мен дүниетанымдық түсініктерін жан-жақты зерттеу неғұрлым ұтымды да қажетті жағдай болып отыр. Шәкәрімнің адамзат қоғамының сан қилы қарама-қайшылыққа толы мәселелерімен таныс болуы, оның ғылыми, философиялық сауатының, интелектуалдық деңгейінің жоғарылығы, ойшыл идеяларының айрықша даналық үлгілерінің ауқымдылығын аңғартып, қазіргі біз өмір сүріп отырған заманда жеке адам және тұтас қоғам өміріндегі сан қилы мәселелердің мәніне көз жүгіртуге ерекше септігін тигізері сөзсіз.

Шәкәрім Құдайбердіұлының бай мол мұрасын жарыққа шығаруға елу жылдан астам уақыт тиым салынып келгеннен кейін оның ақталып халқымен қайта қауышқанына көп уақыт болмағаны баршамызға белгілі жағдай. Міне, осы аз уақыттың ішінде оның шығармашылығын зерттеу барысында ғалымдар біршама жетістіктерге жетті деп айтуға болады.

Шәкәрім шығармаларының жарық көре бастаған кезі, өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңынан бастап-ақ, оның дүниетанымын педагогика, әдебиеттану, дінтану, философия ғылымдарының тарапынан зерттеу жұмысы басталып кетті. Әсіресе, ойшылдың дүниетанымын философиялық тұрғыдан зерттеген А. Амребаев [6], А. Айтпаева [7], Г. Әбдірасылова [8] .

Жұмыста, адам мен қоғам арасындағы қарама-қайшылықтың Шәкәрім шығармашылығындағы көрінісіне философиялық тұрғыдан талдау жасалды. Философиялық дүниетанымның мәнін ашып көрсетуде басшылыққа алған негізгі қағида - ақыл-ой иесі, өз заманының озық ойлы кемеңгері - Шәкәрімді ойшыл ретінде тудырған да осы қоғам қайшылығы. Сонымен қатар ойшылдың көтерген философиялық мәселелері философия тарихы арқылы, адамзат өміріндегі өмірмәндік проблемалар ескеріле отырып зерделенді.

Ойшыл қашанда өзінің парызын, нақты бар болмысымен, халқының, ар-ұжданның алдында абыройлы атқара білген. Ол бұл жолда өмір мектебінен өтіп, дәстүрлі қазақ мәдениетінен, Шығыс пен Батыс ілімдерінен бірдей сусындап, оған ақыл көзімен қарайды. Қашанда біржақты болудан өзін аулақ ұстаған Шәкәрім адамның таным процесіндегі өзіндік санасының ерекшелігіне айрықша назар аударған. Сондықтан да жұмыста ойшылдың таным процесіндегі ойлау мәдениетінің қалыптасуына және ерекшелігіне де назар аударылады. Жұмыста ойшылдың дүниетанымын философиялық тұрғыдан зерттеу арқылы, оның шығармашылығы мен дүниетанымының қазақ философиясындағы орнын айқындау. Сонымен қатар ойшыл көтерген көптеген философиялық мәселелердің философия тарихындағы маңыздылығы мен бүгінгі замандағы мәніне баса назар аударылады.

Сексенінші жылдардың аяғы мен тоқсаныншы жылдардың басында ақын шығармашылығын зерттеу ісі тереңдей түсті. Шәкәрімтанушылар ойшыл ақынның рухани-философиялық мұрасын әр қырынан жан-жақты сараптап талдауға ден қойды. Шәкәрімтанудың белсенді дамуына М. Базарбаевтың [9], Ш. Елеукеновтің [10], Р. Бердібаевтың «Қазақстан мұғалімі» [11], «Лениншіл жас» [12] газеттеріндегі, Х. Сүйіншалиевтің [13], Т. Жұртбаевтың «Жұлдыз» [14] журналындағы мақаласы мен зерттеуі [15], Ө. Күмісбаевтың [16], А. Қыраубаевалардың [17] тың зерттеулері қомақты үлес қосты.

Шәкәрімнің шығармашылығындағы философиялық толғамдар туралы еңбектерді белгілі абайтанушы Ғарифолла Есім 1994 [18] және 1996 [19] жылғы зерттеулерінде, Абай журналының 1994 [20], 1998 [21] жылғы сандарында бірсыпыра мақалалар жариялады. Ал, ақын шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздерінің тамырларын 1989 [22], 1990 [23], 1992 [24], 1995 [25] жылдары жазған зерттеулері мен мақалаларында жан-жақты қарастырған Балтабай Әбдіғазиев 2000 жылы ақын шығармаларын тұтас зерттеген монографиясын шығарды.

Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығын зерттеу мәселелеріне шолу жасай отырып ақынның адам, қоғам, діни-философиялық мәселесі жүйелі түрде зерттеу қоғам талабы. Адам азғыруға, адамдық әрекеттерден шығып, руханилықтан баз кешуге демде ілігеді. Әр бір адамды түзету дегеніміз қоғамды түзету және жаратушыны тану жолы деп білген Шәкәрім имандылықты талдау, түсіндіру, уағыздау арқылы қазақ халқына дұрыс өмір сүру идеясын танытуға ұмтылады. Осындай терең тақырыптық, идеялық маңызы оның бүгінгі күн үшін, қазіргі халық үшін қажеттілігін анықтайды

Бірнеше кезеңдерден тұратын, қарама-қайшылыққа толы қазақ философиясын методологиялық жолмен зерттеу бүгінгі күні біршама иәтижеге жетті деп айтуға болады. Қазақ халқының дүниетанымына зерттеу жүргізіп, оған обьективті баға беруге үлес қосқан, өзіндік өзгеше пікір қалыптастырған еңбектердің қатарына А. Х. Қасымжанов [26], Ә. Н. Нысанбаевтің [27], Ғ. Есім [28], С. Е. Нұрмұратовтың [29], Ж. С. Орынбековтің [30], О. А. Сегізбаевтің [31], Ғ. Ақпанбеттің [32], Д. Кішібековтің [33] , Т Х. Ғабитовтің [34], шығармалары мен ғылыми мақалаларын жатқызуға болады. Шәкәрім Құдайбердіұлы дүниетанымының болашақта әр түрлі қырынан, жан-жақты зерттелетіндігіне дау жоқ. Шәкәрімдей ойшылдың дүниетанымын философиялық тұрғыдан зерделей түскен сайын оның ерекше ойлау мәдениетіне бойлай түсеміз.

Елбасы халық танымындағы рухани танымды жетілдіруде ұлттық құндылықтардың орны ерекше -деген. Кең байтақ жерімізді қорғаған ата-баба қан, терімен, дәстүрлі танымы мен өзіндік ерекше шығармашылығымен қалған мұралық туындылыарымызды қайта қарап, жастарға таныту негізгі парызымыз. Біздің зерттеу бағытымыз филофиялық мұраларды халыққа жетімді, рухани құндылық ретінже танытып, халық танымы мен мәдени жүйесінен алатын орнына мән беру.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Зерттеудің негізгі мақсаты ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлы дүниетанымы қарастырылып, оның тұлғалық даралығы, көзқарасының ерекшелігі және жалпы философиялық тұжырымдары сарапқа салынады. Осыған байланысты зерттеуге келесі міндеттер белгіленген:

- Қазақ философиядағы Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясының орнын анықтау.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымы мен ежелгі Шығыс философиясынан бастап әртүрлі философиялық бағыттардың өзара теориялық бірлігін көрсету.
  • Шәкәрім Құдайбердіұлының көзқарасмындағы ерекшелікті жалпы адамзаттың рухани даму тарихының белгілі бір кезеңіне сәйкес келетіндігін анықтау.
  • Қазақ мәдениеті, жалпы рухани құндылықтар, жалпы шығармашылық өміріндегі имандылықты танытқан еңбегіне талдау жүргізу.
  • Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ халқының дүнитаныммен өзара бірлігі.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы . Ұсынылып отырған ғылыми жұмыста төмендегідей ғылыми жаңалықтар анықталған:

  • Ежелгі Шығыс пен антик заманына және ежелгі дүниетанымдық көзқарастардағы иман және адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік, адам болмысының рухани келбетіне тән субьектілі - обьектілі бастамалар, рухани құндылықтарды танытқан Шәкәрім Құдайбердіұлының көзқарасы қарастырылады.
  • Діннің адамды табиғаттан бөліп қарастыруы кездейсоқ оқиға емес. Христиан және ислам діндері мысал ретінде қарастырылып, олардың Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына өтуінің негізі, тарихи қажеттілігі екендігі анықталды.
  • Мәдениетте, экономикада, саясатта, болып жатқан өзгерістер олардың рухани танымды өзгертудегі орны, Шәкәрім Құдайбердіұлының адам бойындағы әр түрлі рухани қасиеттерді жан-жақты анықтап, жетілдіруі көрсетілді.
  • Өзін өзгеден жоғары ұстау, өзара бәсекелестік, рухани бостық, діни сауатсыздық қоғамда белең алғанда рухани-мәдени мұраларды жетілдірудегі ойшылдар дүниетанымын зерттеудің маңызы қарастырылады.
  • Құндылықтардың құнсыздануы, мәдениетінің құлдырауы сияқты көріністер адам болмысының өзгеруіне негіз. Шәкәрім Құдайбердіұлының адам болмысын рухани дүниенің жолдары арқылы біріктіріп, бір жүйе ретінде қарастыруы анықталады.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде қазақ философиясын зерттеген ғалымдардың ұсынған ғылыми еңбектері қолданылды. Магистірлік диссертацияның зерттеу объектілерін түсінуде, философиялық талдау жасауда бізге белгілі ғалымдардың А. Байтұрсынов, Р. Бердібаев, Ә. Марғұлан, М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Жармұхамедұлы, М. Мырзахметұлы, А. Х. Қасымжанов, Ә. Н. Нысанбаев, Ғ. Есім, С. Е. Нұрмұратов, Ж. С. Орынбеков, О. А. Сегізбаев, Ғ. Ақпанбет, Д. Кішібеков, Т Х. Ғабитов т. б еңбектері мен ой-тұжырымдары әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Қазақ халқы дүниетанымында иман және адам, табиғатпен үйлесімділік, адам болмысының рухани жағы, тән субьектілі - обьектілі бастамалары Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектерінде кеңінен тарқатылған. Сенімнен туындаған иман қуаты, адам біліктілігін арттыратын білім мен талғамға мән берген ойшыл халық танымын жетілдіруге көп тоқталған. Мәдени жаңғыру бағытында болып жатқан өзгерістер, олардың рухани танымды өзгертудегі рөлі мен Шәкәрім Құдайбердіұлының адам бойындағы әр түрлі рухани қасиеттерді жетілдіруі көрсетілді. Бұл құбылыстың қазіргі қазақ философиясының дамуындағы маңызы өте зор

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының би ретіндегі қызметі
Шәкәрім Құдайбердіұлы ( 1858 – 1931 )
Ш. Құдайбердіұлының қазақ философиясындағы орны
Шәкәрім шығармашылығындағы рухани ізденістер
ХХ ғасырдағы ағартушылардың дүниетанымын, шығармаларының өзектілігі
ШӘКӘРІМ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы адамгершілік мәселелер
А.С.Пушкиннің шығармаларын аударудағы Шәкәрім Құдайбердіұлының шеберлігі
Шәкәрім поэтикасы
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz