Жұмыс және адам.жұмыс уақытының түсінігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Жұмыс және адам
  2. Жұмыс уақытының түсінігі
  3. Адамның немесе еңбек ұжымының өндірістік қызметінің түрі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ЖҰМЫС ,

1) адамның немесе еңбек ұжымының өндірістік қызметінің жалпылама атауы, еңбек. Сипатына, орындалатын уақытына, т. б. қарай

Жұмыс бірнеше түрге бөлінеді: беймезгіл Жұмыс - белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс мерзімде атқарылатын еңбек. Еңбек заңнамасында мұндай Жұмысқа рұқсат етілетін айрықша жағдайлар тізбесі көзделген. Өзге жағдайда әкімшіліктің оны енгізуге құқығы жоқ. Беймезгіл Жұмысқа көтеріңкі мөлшерде ақы төленеді. Жұмыскердің заңды негізде және белгіленген тәртіппен енгізілген беймезгіл Жұмыстан дәлелсіз себептермен бас тартуы еңбек тәртібін бұзғандық болып табылады; лайықты Жұмыс - бұрынғы жұмысынан айрылған, табысы (еңбекпен табылатын кірісі) жоқ азаматтар үшін олардың кәсіптік даярлығына сай келетін, жас шамасы, еңбек стажы, тәжірибесі, жаңа жұмыс орнына қатынау мүмкіндігі ескеріліп ұсынылатын жұмыс Азаматқа бұрынғы кәсібі бойынша жұмыс беру мүмкін болмаған жағдайда оған қабілет-күші, бұрынғы тәжірибесі, қайта оқыту мүмкіндігі ескеріле отырып, кәсібін өзгертуді талап ететін жұмыс ұсынылуы мүмкін. Мамандығы жоқ, алғаш рет жұмыс іздеуші тұлғаларға лайықты жұмыс ретінде алдын-ала кәсіптік даярлықтан өтуді қажет ететін жұмыс ұсынылады, ал оны беру мүмкін болмаған жағдайда азаматтың жас шамасы мен өзге де ерекшеліктері ескеріле отырып, ақы төленетін басқа жұмыс (уақытша жұмыс болса да) ұсынылады; маусымдық жұмыс - жыл бойы емес, белгілі бір кезеңде (маусымда) орындалатын жұмыс; негізгі жұмыс - бірнеше жұмысты қатар атқаратын тұлғаның өзі үшін негізгі деп есептейтін, не неғұрлым көп уақытын алатын, не оған неғұрлым көп табыс әкелетін жұмыс; уақытша жұмыс - шектеулі мерзімге, көбінесе, бірнеше ай ішінде орындауға берілетін жұмыс; толық емес жұмыс - қысқартылған жұмыс уақытында атқарылатын жұмыс; үйге алып істейтін жұмыс - фирма жұмыскерінің өндірістік ғимаратта емес, өзінің үйінде немесе шеберханасында орындайтын жұмысы; үлгілік жұмыс - жалақы мөлшерін белгілеу кезінде негіз ретінде қабылданатын жұмыс көлемі;

Жұмыс уақытының түсінігі

Еңбек процестерін зерделеу еңбекті ұйымдастыруға және оның мөлшерленуіне зор әсерін тигізеді де әр кәсіпорынның экономикасын жақсартуда маңызды орын алады. Әр түрлі операциялардың элементтерінің технологиялық, еңбек, өндірістік процестердің жұмыс уақытының шығынын зерттеп талдауға болады. Оның бәрі алға қойылған мақсатқа, еңбекті ұйымдастыру нысандарына, өндіріске байланысты. Осы жағдайларды ескере отырып жұмыс уақытын зерделеудің дұрыс әдісін таңдап алу қажет.

Жұмыс уақыты және жабдықтарды қолдану уақыты тікелей өлшеу әдісі мен мезгілді бақылау әдістерін қолдана отырып зерделенеді.

Жұмыс уақытының шығынына бақылау жүргізу мақсатына, мазмұнына, көлеміне байланысты келесі әдістерге бөлінеді: жұмыс уақытының суреттемесі, хронометраж, фотохронометраж.

Суреттеме деп жұмысшының немесе жабдықтардың жұмыс уақытының шығынын ауысым бойынша не оның бір бөлігін зерделеуді айтады. Оның түрлері: жұмысшының жұмыс уақытының суреттемесі, жабдықтарды қолданудың суреттемесі, өндіріс процесінің суреттемесі.

Жұмыс уақытының суреттемесі тікелей өлшеу (жаппай, іріктеме) және мезеттік қадағалау әдісін қолдану арқылы жүргізеді. Уақыт шығындарын цифр, индекс немесе кесте, кейде құрамдастырылған түрде жазуға болады.

Суреттеменің мақсаты жұмыс уақытының шығындары мен ысырабын анықтау, олардың себептерін белгілеу және оларды болдырмау шараларын өңдеу. Сонымен қатар суреттемеден алынған мәліметтер дайындау-қорытындылау, жұмыс орнын күту, демалыс, жеке мүдде үшін уақыттардың нормативтерін анықтауға әсерін тигізеді.

Жұмыс уақытының суреттемесі қадағалаудың көлеміне қарай және еңбекті ұйымдастыру нысанына байланысты жеке, топтасқан және бриғадалық болады. Суреттеменің жеке түрі өзіндік суреттеме, оның өзі жеке және топтық болып бөлінеді.

Зерттеудің мақсатына сәйкес бақылауға дайындақ кезеңінде қадағалаудың объектісі таңдап алынады. Егер жұмыс уақытын зерделеудің мақсаты оның ысыраптығы туралы болатын болса, онда уақыт ысырабы әжептеуір орын алатын жұмысшылардың немесе бриғаданың жұмысын қадағалау қажет. Бұл жағдайда суреттемелеу жұмыс күнін түгел қамтиды. Егер уақыт нормативтерін өңдеу қажетті болса, онда еңбек жақсы ұйымдастырылған, уақыт ысырабы аз болатын, еңбек мөлшерлерін орындайтын жұмысшылардың жұмысын суреттемелеуге болады. Егер көмекші жұмысшылардың күту мөлшерін, сандық мөлшерін анықтау қажет болса, онда сол жұмысшылардың (жөндеушілер, құралды әкелушілер және т. б. ) жұмысын қадағалау керек.

Суреттеме жұмыс басталу кезеңінен жүргізіледі, сол себептен бақылаушы жұмыс басталудан бұрын 10-15 минут ерте келуі қажет. Уақыт шығыны 30 сек. дәлдікпен өлпіенеді. Мысал ретінде жұмыс күнінің жеке суреттемесін 2-кестеде келтіреміз.

Жұмыстың әрбір элементтері мен үзілістері уақыт шығынының санаттары бойынша жеке-жеке жазылады. Бақылаудың нәтижесінде алынған уақыт шығындары туралы мәліметтерді өңдеу, олардың ұзақтығын жекелеп есептеуден басталады. Ол үшін ағымдағы уақыт көрсеткішгерінен бұрынғы жұмыс элементінің көрсеткішін алып тастайды.

Бақылаудан алынған мәіметтерді талдаған кезде барлық жұмыс уақытының шығындарының қажеттілігін және оңтайлылығын ескеру қажет.

Адамның немесе еңбек ұжымының өндірістік қызметінің түрі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Еңбек ресурстары туралы
Еңбек өнімділігінің арттырудың экономикалық бағасы
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнінен лекция жинағы
Еңбек құқығы
Еңбек құқығы. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Еңбек өнімділігі және оларды өлшеу әдістері
Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытынпайдалану есебі
Еңбек қызметі және еңбектік қатынас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz