Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық байланыс



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Бөлім Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері
1.1. Қазіргі кездегі математика ғылымының мақсат.міндеттері мен
ғылыми кеңістікте алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Математика ғылымының қарастыратын мәселелерінің бастысы.
пәнаралық байланыс тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІ Бөлім Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі
2.1. Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге
асыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3. Математика ғылымында пәнаралық байланыс арқылы жеке
тұлғаны дамыту шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселерінің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сондықтан пәнаралық байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып отыр.
Қазіргі математика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс байланыс мәселесін көптеген ғалымдар педагогикалық-психологиялық жағынан зерттеумен қатар философиялық тұрғыдан қарастырып отыр. Олардың қатарында В.Давыдов, И.Зверев, Р.Лемберг, В.Максимова, В.Малахов, т.б. ғылымдарды атауға болады.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы құралдардың бірі – пәнаралық байланыс. Пәнаралық байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегіндегі кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде да айқындалады (В.Краевский, и.Лернер, А.Бейсенбаева, И.Зверев, В.Максимова және т.б.)
1. Бейсенбаева А.А. Пәнаралық негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру. – Алматы, РБК, 1995ж.
2. Петрова И.И. Педагогические основы межпредметных связей. М., Высш.шк., 1985г.
3. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – А., Мектеп, 1978ж.
4. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – А., 1995ж.
5. Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х., Құрманалина С.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. Астана, 2005ж.
6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі, 2004, N2, -бб.3-16.
7. Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х., Құрманалина С.Қ. Математиканың теориялық негіздері.Астана, 2007ж.
8. Бейсенов Ж.Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы.-Шымкент,2003ж.
9. Кенебаева М. Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақ мәселелері. Астана, 2005ж.
10. Қожабаев Қ. Математиканы оқыту әдістері.- Алматы,Санат, 1998ж.
11. Ералиева М. Білім мазмұнын іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру. //Бастауыш мектеп, 2005,№10-4б.
12. Әбілқасымова А.Е., Көбесов А.К., Рахымбек Д., Кенеш Ә.С. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.- Алматы “Білім” 1998.
13. Жұбаназарова Н. Бастауыш мектеп оқушының математикалық ойлау іс-әрекетін дамыту.-Алматы,2005ж.
14. Сейілова З. Негізгі мектеп математика курсын ізгілік бағытта оқытудың әдістерінің ерекшеліктері.Алматы, 2004ж.
15. Кузнецов А.А. и др. ЭВМ на уроках математики. // Математика в школе 1985, N6.
16. Сейілова З. Негізгі мектеп оқушыларына математикалық білім беруді ізгілендіру әдіснің ерекшеліктері. Алматы, 2004ж.
17. ЕралиеваМ. Математиканы оқытуды ізгілендіру. – Монография. , Алматы, 2003ж.
18. Оспанов Т.Қ. Бастауыш кластар математикалық оқыту әдістемесі.-Алматы, Мектеп, 1987ж

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық
байланыс

Мазмұны:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Бөлім Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері

1.1. Қазіргі кездегі математика ғылымының мақсат-міндеттері мен
ғылыми кеңістікте алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.2. Математика ғылымының қарастыратын мәселелерінің бастысы–
пәнаралық байланыс
тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

ІІ Бөлім Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру
әдістемесі

2.1. Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге
асыру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...13

2.2. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2.3. Математика ғылымында пәнаралық байланыс арқылы жеке
тұлғаны дамыту
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .26

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
8

КІРІСПЕ
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселерінің бірі – біртұтас
педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде
білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру
болып табылады.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы
тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді
оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сондықтан пәнаралық
байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында
мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып отыр.
Қазіргі математика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының
негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту
үрдісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да
өзіндік маңызы бар.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс байланыс мәселесін көптеген ғалымдар
педагогикалық-психологиялық жағынан зерттеумен қатар философиялық тұрғыдан
қарастырып отыр. Олардың қатарында В.Давыдов, И.Зверев, Р.Лемберг,
В.Максимова, В.Малахов, т.б. ғылымдарды атауға болады.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық
өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми
көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен
байланыстырудағы құралдардың бірі – пәнаралық байланыс. Пәнаралық
байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегіндегі кеңінен зерттелген
мәселенің бірі ретінде да айқындалады (В.Краевский, и.Лернер,
А.Бейсенбаева, И.Зверев, В.Максимова және т.б.)
Кез келген пәнді зерделеудегі мақсат-нақтылы болмысты көрсететін
ғылыми білімдер жүйесімен оқушыларды қаруландыру және қоршаған ортаға
адамның қатынасы негізінде жатқан жеке тұлғаның әртүрлі сапалық
қасиеттерін, дүниетанымын, этикалық және эстетикалық нормаларын
қалыптастыруға қабілетті ету. Білімді игеру мен оларды тәжірибелік іс-
әрекетте қолдануда ғана адам өзбетінше талқылау және әрекет ету іскерлігі
мен дағдысын игереді.
Пәнаралық байланыс мәселесін шешуде оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық
байланыстарды айқындау әдістері мен жүзеге асыру жолдарын іздеуі керек
етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті
екі жағын бөліп көрсетуге болады. Объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау
кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды,
оқу құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы
тікелей оқыту үрдісінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық
байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері қарастырылады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, математика ғылымының
пәнаралық байланыс мәселелері және оқу-тәрбие процесінің бірізділігі, оны
зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі
мен пәні көрсетілді
Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері деп
аталатын бөлімде қазіргі кездегі математика ғылымының мақсат-міндеттері мен
ғылыми кеңістікте алатын орны және математика ғылымының қарастыратын
мәселелерінің бастысы–пәнаралық байланыс тақырыбы қарастырылады.

І Бөлім Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері

1.1. Қазіргі кездегі математика ғылымының мақсат-міндеттері мен
ғылыми кеңістікте алатын орны
Қандай да болсын пәнді, соның ішінде бастауыш сынып ішінде
бастауыш мектептегі математиканы, оқытып-үйрету арнайы мақсат көздейді.
Ол, бастауыш сыныптардың математика курсы орта мектепке арналған
математика курсының құрамды бөлімі болғандықтан, оны оқытудың жалпы
мақсаттарынан,сондай-ақ математика ғылымының табиғаты мен өзіндік
ерекшеліктерінен және арнайы әдіс-тәсілдерінен туындайды.
Қазіргі жағдайда математикалық біліммен жәнеоның өзіндік әдіс-
тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің жалпы
мәдениеттілігінің элементі, тіпті мамандықтың қандай да болсын саласы үшін
қажетті дайындық болады.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту – күнделікті өмірде және
тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепке басқа да пәндерді табысты оқу және
білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік,
дағдалардың практикалық негізін қалайды және осыларды игеру процесі –
оқушыларды тәрбиелеу және жан -жақты дамыту ісімен тығыз және табиғи
байланысы жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми
көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, оларбасқа қырларын шыңдай түсуге,
оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға, жалпы алғанда адамзат
қоғамдағы жоғарғы ізгі игіліктерді игеру және қорғау қасиеттерін
тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Математикалық объектілер жалаң түрде берілмейді, оқушыны қоршаған
орамен байланыстырады, демек, олардың танымдық қызушылығын тудырады,
ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Ал математиканың білімді іс-әрекет
үстінде, тәжірибеде, өмірде қолданудың нақты мысалдары қарастырылады,
яғни білімді қолданудың арнасы кеңейеді және солай жасауға біртіндеп
бейімделеді. Мұның бәрі математиканы оқыту барысында тәлім-тәрбие беру
мәселесінің де біршама шешуін табатынын аңғартады.
Математиканы оқытып-үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге
де тура келеді, байқампаздыққа, ойлауға, талдау және талқылау жүргізуге,
қорытынды жасауға, салыстыруға т.с.с. машықтанады, адамның ақыл-ойының
жетілуіне көмектеседі.
Сонымен бастауыш сынып математиканы оқыту төмендегідей өзара
байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:
1. Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және
дағдыларды меңгерту тәсілдерінің белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
2. Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі
игіліктер мен сапаларды, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді
қалыптастыру;
3. Дамытушылық: логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық
стилін дамыта түсу;
4. Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы
жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен
бйланысты біліктілік қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен алуға,
оны оқытып-үйретудің жан-жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың
сәйкес әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін (формаларын) іріктеп алуға
байланысты. Ең басты мәселе – оқыту мазмұны мен оның құрылысын анықтау
болып табылады.
Математикалық білімнің мазмұнын дұрыс анықтауда әр түрлі
мәселелердің ерекше маңызы бар:
1. Педагогика мен психология ғылымдары қағидалары қазақ халқының
ұлттық ерекшеліктері, әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, республиканың аймақтық
ерекшеліктері, экономикалық, географиялық жағдайлар, қазіргі білім
мазмұнының кемшіліктері жайындағы қорытындылар, педагогика ғылымы мен озық
тәжірибенің бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына және т.б. сүйене
отырып, білім мазмұнын анықтау;
2. Оқушылар меңгеруі тиіс білім құрамы мен олардың пән бойынша
игеруі міндетті білік пен дағдыларының түрлері мен деңгейінің алдыңғы
қатарлы өркениетті елдердің мектептердегі бастауыш буын үшін анықталған
мөлшерден және деңгейден кем болмауы;
3. Бастауыш буынының соңына қарай оқушылардың білім, білік және
дағдыларына қойылатын талаптар тұрғысынан алғанда бастауыш мектеп пен
орта буынның алғашқы сыныптары арасындағы сабақтастықтың шын мәнісінде
жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
4. Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеру,
яғни балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінділік тәрізді
қабілеттерінің даму ерекшеліктерін ескеру, сондай-ақ олардың тілін ұстарту
және дамыту, соның ішінде математикалық тілдік қорын қалыптастыру және оны
дамыта түсу;
5. Қарастырылған объектілерді іріктеп алу жәнеоларды топтастыру,
қарастыру ретін анықтау, материалын шоғырландыра түсу, оқыту мазмұнының
сыныпаралық бөлінуіне түбегейлі өзгеріс енгізу, кейбір мәселені
оқытудың әдістемесін жетілдіре түсу және математиканың бастауыш сынып
курсын ора мектеп курсының шынайы құрамдас бөлігіне айналдыру.
Сонымен бұл пәннің міндеті – педагогика, психолгия, матеатика
пәндерінен алған білімнің, білік және дағдылардың көлеміне және деңгейіне
сүйене отырып, бастауыш мектептің математика бағдарламасы межесіне сай
анықталған мәселелердің мазмұнын оқытуды шығармашылықпен шеше алатын
мамандар дайындау қажет.

1.2. Математика ғылымының қарастыратын мәселелерінің бастысы–
пәнаралық байланыс тақырыбы

Математиканы оқыту процесінде балалардың білімі мен біліктерін,
танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру
қажет. Бұл – ғылымның әртүрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ
екендігі және олардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны туралы
түсініктерді, сондай-ақ дүниеге ғылыми көзқарасты қалыпастыруға табиғат
құбылыстарының біртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік
туғызады. Сонда баланың бір сабақта алған білімі, әсері, ойы, қиялы,
басқа пәнге келгенде тежеліп қалмай, әрі қарай жалғасып дами түсуі, яғни
бір пәннен басқа пәндерге көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Математиканы оқыту процесінде белгілі бір пәнаралық байланысты іске
асырылады.

Математика пәні - психология, педагогика, математикның бастауыш
курсының теориялық негіздері пәндерімен тығыз байланысты. Өйткені,
біріншіден, мектепте қарастырылатын математикалық білімнің мазмұнын
таңдап алу, математика дамуының деңгейіне сәйкес анықталады, ал
екіншіден, оқытудың әдістемесі білімнің мазмұнына орай іріктеледі,
сондай-ақ математикалық түсініктер мен ұғымдардың мән-мағынасын және
мазмұнын жете түсіну, оларды тәжірибеде пайдалану мүмкіндік туғызады.
Математика мен қазақ тілінің арасындағы байланыстар:
- грамматикалық және математикалық ережелердің пайдаланылуы;
- математикалық терминдер енгізу арқылы тіл байлығының арттырылуы;
-сөйлем құрастыру барысында үлгілеудің (модельдеудің) пайдаланылуы;
- сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамытылуы;
- өлең жолдарындағы буын сандарының теңдігі;
- математикалық тілдің қалыпастырылуы.
Математика мен әдебиеттің арасындағы байланыстар:
- көркем шығармаларды сұрыптау және ортақ немесе дербес белгілерін
салыстыру арқылы анықтау және ажырату, теңеулердің қолданылуы;
- халық ауыз әдебиеті үлгілерінің: жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ,
қаламақ, мақал-мәтелдер, ойын өлеңдердің және т.б. математика сабақтарында
пайдаланылуы;
- көркем шығармалардың мазмұны арқылы баланың ішкі сезіміне түрткі
салу, ақыл-ойын, санасын жаңғырту және дамыту;
- көркем шығармаларда сипатталатын ата-дәстүр, ұлттық салт-сана, әдет-
ғұрып, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиелік материалдарды математика мазмұнына
сіңіру;
- ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгі есептердің
мазмұнын саналы түсіну мақсатында ана тілін еркін пайдалану.
Математика мен дүниетанудың арасындағы байланыстар:
- дүниедегі құбылыстарға дәл де әділ баға бере білу;
- өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;
- математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен,
табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтіру;
- айналадағы дүниеде танып білген, жинақтаған деректер мен
мағлұматтарды математика сабақтарында пайдалану;
- еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, байлығын, шаруашылығының
түрлерін , ғылым мен мәдениетін, табиғатын сипаттайтын фактілерді,
деректерді, мәліметтерді және анықтағыш материалдарды пайдалану.
Математика мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:
- заттарды түсіне, пішіне, өлшеміне қарай салыстыру;
- кескіндеу, бейнелеу, безендіру, құрастыру жұмыстары барысында
математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы;
- көркем суретті байқау, көру, бақылау, ажырату, сезіне отырып
қабылдау, салыстыру, теңеу;
- көркем сурет шығармалары арқылы геометриялық фигуралардың
қолданылуы.
Математика мен еңбекке үйретудің арасындағы байланыстар:
- баланың еңбекке дайын болуын, математикалық білімдерін өмірде,
нақтылы жағдайларда практикалық мәселелерді шешу үшін пайдалана алуын
қалыптастыру;
- күнделікті өмірге және тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда
математикалық білім, білік, дағдылардың пайдаланылуы..
- құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдіктің
және симметрияның пайдаланылуы.
Метематика мен музыканың арасындағы байланыстар:
- саздық әуен мен ырғақта математикалық дәлдіктің және сан мен
үлестің пайдаланылуы;
- нота сауатында математикалық білімнің пайдаланылуы;
- халықтық ән, би, күй, айтыс және термелерді математка мазмұнына
сіңіру;
- саздық жанрларды ажырату, салыстыру.
Математика мен дене тәрбиесінің арасындағы байланыстар:
- баланың кеңістікті болжауы және сәйкес түсінікті пайдалануы;
- уақыт аралығы жайындағы тсініктердің қалыптастырылуы;
- баланың қимыл-қозғалысындағы реттік тәртіп және дәлдік;
- қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы.
Оқушылар білімді толық игеруі, біліктіліктері мен дағдылардың
қалыптасуы, кеңістікті елестетулері, ойлау қабілеттерінің артуы
математикалық ұғымдарды меңгеру проблемаларымен өзектес, сабақтас
мәселелер.

ІІ Бөлім Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру
әдістемесі
2.1. Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру
жолдары

Қазіргі заманда ғылымның дамуына байланысты мектепте оқушыларға білім
беру процесі өз дәрежесінде болуы керек. Өйткені жалпы білімнің мазмұны
әртұрлі саладағы ғылымның өзара әрекеті, даму процесінің жаңа тұрғыда
жетілуінее ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі уақытта мектепте оқыту үрдісі
пәнаралық сипат алуы тиіс.
Осы орайда пәнаралық байланыстың өзіндік шығу тарихына тоқталуымыз
қажет.
ХҮІ ғасырдан бері қарай пәнаралық байланысқа аса көңіл бөлген мынадай
ұлы педагогтарды тауға болады: Я.А.Коменский, Дж.Локк, И.Г.Песталоцци,
Ж.Ж.Руссо т.б. Мысалы, Я.А.Коменскийдің пікіріне сүйенсек: Өзара байланысы
бар нәрселердің бәрі сондай байланыс күйінде оқытылуы керек, - деп жазды.
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында прогресшіл педагогтар, атап айтқанда,
Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский т.б. өздерінің ғылыми құнды
еңбектерінде пәнаралық байланысқа зор көңіл аударуда болды.
К.Д.Ушинский пікіпінше, ол қандай да ғылым болмасын беретін білімдер
мен идеялар әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жарқын, мүмкіндігіне
қарай кең құлашты көзқарас дарытуы керек, - деп есептеді.
Еліміздің зор қайраткерлері АбайҚұнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан
Уалиханов сынды ақын, жазушыларымыз сол өмір сүрген замандарында қазақ
халқына білімнің қаншалықты маңызды екендігін уағыздаған.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин – халқына
білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бүкіл ғұмырын сол
жолға арнаған адам. Оның Қазақ хрестоматиясы және Қазақ мектептерінде
орыс тілін үйренуге басшылық деген екі еңбегі бар. Бұл еңбектерде тұлғаның
өзіндік даму қабілетін қалыптастыратын айналадағы болып жатқан құбылыстар
туралы, еңбек іс-әрекеттері туралы мол мағлұматтар берілген.
Мысалы, Қыпшақ Сейтқұл, Білімнің пайдасы т.б. әңгімелерінде
мағлұматтардың маңыздылығы пәнаралық негізде болуымен сипатталады. Бұл
әңгімелерді берілген мақал-мәтелдердің немесе жұмбақтарды алсақ, мазмұнына
қарай тақырыптарға бөліп тастаған (адам, білім, еңбек, оқу т.б.). Яғни ұлы
ұстаз ана тілі мен орыс тілін қатар алып, оқушының қалыптасуына, жетілуіне
зор көңіл аударған.
Бүгінгі таңда пәнаралық байланыс мектепте оқыту процесінің негізгі
мәселесіне айналып отыр.
Пәнаралық байланысқа ғылыми еңбектерде алпыстан астам анықтамалар
берілген. Мысалы, Педагогикалық сөздіктегі анықтамаға сүйенсек, онда
былай берілген: пәнаралық байланыс оқу бағдарламаларының өзара
үйлесімділігі.
Пәнаралық байланыс ұғымы мынадай бөліктерден тұрады: байланыс құрамы,
байланыс амалы, байланыстың бағыттылығы.
І. Байланыс құрамы. Оған байланыстардың маңызды объектілерін
жатқызамыз (оқу пәндері арасындағы құрамы мен тақырыбы).
ІІ. Байланыс амалы. Бұны яғни, бір пәннен екінші пәнге хабар беру
амалы деп түсінуге болады.
ІІІ. Байланыстың бағыттылығы. Бұнда мағлұматты бір пәннен екінші пәнге
хабар беріп отыру бағыты.
Бұдан шығатын қорытынды, пәнаралық байланыс негізі оқыту процесінің
бір проблемасы ретінде қаралады.
Қазіргі кезде білімді игеру процесі бұрынғы алынған білімдер мен
кейінгі білімдер арасындағы байланыс, қатынас болып саналады.
Қазіргі уақытта пәнаралық байланыс педагогика ғылымдарының негізгі
мәседелесі болып отырған жағдайда оны жан-жақты қарастыру барысында мынадай
көрнекті философ, педагог еңбектеріне талқылау жасауды жөн кріп отырмыз.
Мысалы, философ Б.М.Кедров өзінің еңбектерінде пәнаралық байланыс ұғымына
жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді.
Пәнаралық байланыс бұл тек білімнің мазмұнына ған қатысты болмауы
керек, оның ықпалы оқыту үрдісінің барлық құрамды бөліктерімен байланысты.
Көптеген зерттеушілердің И.Д.Зверев, В.Н.Максимова, В.В.Давыдов,
Р.Г.Лемберг, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин т.б. пәнаралық байланыстың мәніне
көзқарастары әртүрлі қалыптасқан пікірлері бар.
М.Д.Зверев пен В.Н.Максимова пәнаралық байланыс әдіснамалық
қағидалардың бірі, ақыл-ой қызметінің ерекше түрі деп түсіндіреді.
Қазіргі заманда жалпы білім беретін мектептерде білім мазмұны
ұстанымдары басшылыққа алынады:
- пәнаралық байланысты оқыту үрдісі кезінде пәнаралық байланысты
жүзеге асыру барысында қазіргі заманға сай ғылымаралық байланысты ұғындыру
ұстанымы;
- қазақ халқының немес өз ұлтының бұрыннан қалыптасып келе жатқан
мәдени мұрасын меңгерту ұстанымы;
- ҚР-ның мемлекеттік тілін, ұлтаралық, халықаралық қатынас құралдары
тілдерін оқып үйрену ұстанымы;
- білім мазмұнын біртұтас жүйе ретінде қарастырып, жеке индивидтің жан-
жақты дамуын қамтамасыз ету ұстанымы;
- білім мазмұнының дүниежүзілік жалпы және рухани мәдени тұрғыда болу
ұстанымы.
Білім мазмұны ең біріншіден, қоғамның, мектептің алдына қойған
мақсаттарымен анықталады. Бүгінгі заман талабына сай үздіксіз білім берудің
әдіснамасы негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім берудің
мақсатын, мазмұнын, міндетіе қайтадын жаңарту көзделіп отыр.
Пәнаралық байланыстың міндеті оқу-тәрбие үрдісі арқылы іске асады.
Пәнаралық байланыс тек оқыту мазмұнымен шектелмейді, сонымен қатар оқушы
мен мұғалімнің оқу процесінің бір бөлшегі болып табылады.
Оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың көптеген
амалдары бар: көрнекі құралдар, сұрақтар, ситуациялар, әңгімелер, тарихи
оқиғалар. Мысалға пәнаралық байланысқа негізделген сұрақтар әр пәннен бұрын
алған білімдерін қайта естеріне түсіріп, жаңа оқу материалын меңгеруге,
оларды жүзеге асыруға жағдай туғызатын мазмұнда болуы керек.
Ең бастысы қазіргі уақытта әрбір ұстаз нақты деректерді,
нақтылыоқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. Ол деректердің
өзара байланысын, бір-біріне әсерін, басты әлеуметтік, экономикалық немес
рухани отақ белгілерін бір-бірімен байланыстыру,ортақ заңдылықтарын ашуды
көздеуі тиіс.
Сонымен, қорыта айтқанда, пәнаралық байланыс мектептегі оқушылардың
өмірлік көзқарастарын қалыптастыруда, жалпы экономикалық – экологиялық
білім беруде қазіргі мектептебасты орын алады. Жалпы, өскелең ұрпақты
жетілдіруде мектептің білім мазмұнын одан әрі жаңарту, жоғары деңгейге
көтеруде, оның қоғамдағы даму процесінен үнемі оқып отыру мақсатындағы
ізденістерде ғылымдар жүйесінің бір-бірімен тығыз байланысты болуы
пәнаралық байланыстың негізінде қарастырылуы керек.

2.2. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі
бағыттары
Адамзат баласының алдындағы негізгі міндетерінің бірі – қол жеткен
қоғамдық, рухани және материалдық құндылықтарды, өндірістік тәжірибені
игерген тұлға даярлау. Осы міндетті жүзеге асыру негізінен білім беру
жүйесіне жүктелетіні белгілі.
Тұлға – бұл субъект ретіндегі нақты адам. Адам санасының белсенділігі
оның танымында, әсерленуінде жүреді. Адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру
Математика сабағында оқушылардың белсенділігін арттыруда пәнаралық байланыстын ықпалы
1 сыныптарда математика пәнін интеграциялап оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері
Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары
Математиканың сызумен байланысы
Vii-ix сыныптарда математиканы оқыту барысында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі
Пәнаралық байланыстардың функциялары
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Пәндер