Жасөспірім кезең. Жыныстық дамып жетілу


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Жасөспірім кезең деген не.
  2. Өтпелі жас деген не.
  3. Жыныстық дамып жетілу кезеңдегі безеулер себебі неде.
  4. Етеккір және етеккір циклі дегеніміз не.
  5. Жыныстық дамып жетілу процесінде организмде қандай өзгерістер жүреді.
  6. Қыздық перде деген не.
  7. Ақ шығындылар немесе ақ жағындылар деген не.

. ЖЫНЫСТЫҚ ДАМЫП ЖЕТІЛУ

1. Жасөспірім кезең деген не?

Жасөспірім кезең-бұл шын мәнінде адам өмірінде орын алатын және бұл кезде ол кішкентай бала да емес сонымен бірге әлі ересек те болып саналмайтын кезең. ДДСҰ (1977) мамандары физикалық, жыныстық, психологиялық және әлеуметтік дамып жетілу мерзімдерін есепке ала отырып 10-20 жас аралығындағыларды - жасөспірімдер, 15-24 жастағыларды - жастар, ал 10-нан 34 жасқа дейінгі тұлғаларды жас адамдар деп есептеуге болатын оптимальды ұсыныс көрсеткен.

2. Өтпелі жас деген не?

Жас баланың есейіп, ересек болатын кезеңін өтпелі жас немесе пубертаттық деп атайды. Мүмкін, осы уақытта Сендегі жүріп жатқан өзгерістер саған түсініксіз болып Сені абыржытқанымен, бұл сәтте өз-өзіңе деген қанағаттанушылық, мақтаныш сезімі бойыңа ұялап, барлығын өзің шешетіндей боласың. Бүкіл ағзаң қалай жұмыс атқаратындығын білсең, ол өзіңмен жақсы күресуге мүмкіндік береді. Өзіңнің құрдастарыңда да, бұл өзгеріс болатынын білу көп нәрсеге көмектеседі.

3. Жыныстық дамып жетілу кезеңдегі безеулер себебі неде?

Жасөспірімдерде жиі пайда болатын безеулер, гормондармен әсіресе андрогендік гормондармен шақырылады . Андрогендер-бұл еркектің жыныстық гормондары, алайда олар тек ер балалардың ғана емес сонымен бірге қыздардың да организмдерінде өндіріледі. Жыныстық дамып жетілу кезеңінде олардың деңгейі күрт жоғарылайды. Олар безеулік бөртпелердің пайда болу себептері болып табылады. Теріде бірқатар күрделі химиялық процестері мен гормондар май бездерінің жасушаларының күрт жоғарылауына әкеледі, соның салдарынан тері майының мөлшерінен артық бөлінуі жүреді. Терідегі ұсақ тесіктердің бітелуі және майдың мөлшерінен артық жиналуы нәтижесінде бактериялардың өсуі үшін өте қолайлы орта қалыптасады.

4. Етеккір және етеккір циклі дегеніміз не?

Етеккір циклі - бұл аналық безі мен жыныстық мүшелерде белгілі бір уақыт аралығында (орташа әрбір 28 күн сайын) өтетін өзгерулер жиынтығы: әйел организмі мүмкін болатын жүктілікке дайындалуы. Етеккір мен етеккір циклін шатастыруға болмайды, ол бір етеккірдің басынан екіншісінің келуіне дейінгі уақыт аралығын көрсетеді. Етеккірдің 1-ші күні етеккір циклінің 1-ші күні деп есептеуге болады. Етеккірлер, әдетте, үнемі белгілі бір уақыт аралығында өтіп отырады, олардың ұзақтығы 21-ден 35 күнге дейін болуы мүмкін. Әрбір етеккір ұзақтығы 3-5 күнге тең және әрбір етеккір кезінде біршама қан көлемі жоғалады.

5. Жыныстық дамып жетілу процесінде организмде қандай өзгерістер жүреді?

  • Дене өсуі арта түседі
  • Дене және бет әлпеті өзгереді
  • Дауыс өзгереді - төмендейді
  • Ер балаларда: жыныс мүшелерінің ұлғаюы қосылады. Жыныс мүшесі айналасында, қолтық астында, бетте, аяқтарда түктердің өсуі, поллюция - негізінен, түнгі уақыттағы еріксіз шәует бөлінуі. Бұл қалыпты құбылыс, баланың ер жетуінің белгілері.
  • Қыз балаларда: сыртқы жыныс мүшелерінің өсуі, қолтық асты, қасаға аймақтарында түктердің өсуі, кеудесінің өсуі, ақ жағындылардың бөліне бастауы - ақшыл түссіз сұйықтық, ол етеккірдің жақында басталатыны жөніндегі белгі.

6. Қыздық перде деген не?

Қыздық перде - қынапқа кіре берісті жауып тұратын шырышты қабат қатпары. Онда бір тесік болады, ол арқылы етеккір уақытында қыз балада қан шығады. Бірінші жыныстық байланыс кезінде перденің жыртылуы болады, ол біршама қан бөлінуімен және кейде ауырсынулармен сипатталады.
Қыз балада қыздық перде инфекцияның берілу жолындағы бөгет болып табылады.

7. Менде, әрбір 2 апта сайын, түнде еріксіз шәует бөлінуі болады, бұл қалыпты жағдай ма, айтыңызшы?

Еріксіз түнгі шәует бөлінулері поллюция деп аталады. Бұл жасөспірім жастағы балалардағы қалыпты құбылыс болып табылады.

8. Неге кейбір ер балаларды сүндетке отырғызады?

Гигиеналық мақсатта. Өйткені, жыныс мүшесінің басы мен шеткі денесі арасындағы қалтасында майлам (смегма) жиналады. Кез-келген биологиялық сұйықтық ретінде ол инфекция дамуы үшін қолайлы орта болып табылады. Ыңғайсыздықтан құтылу үшін еркек үнемі (күніне екі реттен кем емес) жыныстық мүшелерін баптау қажет - шеткі денесін жылжытып смегманы жуып тастауы керек. Сүндетке отырғызғаннан соң мұндай баптаудың қажеттілігі болмайды.

9. Етеккір кезінде өзімді қалай ұстасам болады?

Етеккір кезінде өзіңді ыңғайлы сезіну үшін, Сен гигиеналық төсеніштерді пайдалана аласың: онда қынап арқылы жатырдан шығатын қан жиналады.
Тығындар - қынап ішінде қанды өзіне сіңіреді, оларды қыздар жыныстық өмір басталғаннан кейін пайдалануға болады.
Гигиеналық төсеніштер - ұзындығы, қалыңдығы және өзіне сіңіру қабілеттілігімен әртүрлі болып бөлінеді. Гигиеналық төсеніштер іш киімге жабысқақ жолақ көмегімен жабысады, олардың кейбіреуінде төсенішті орнында ұстап тұруға мүмкіндік беретін қанаттары болады. Гигиеналық төсеніште жіңішке жолақ бар, ол сенің іш киіміңді бүлдіруге мүмкіндік бермейді. Өйткені етеккір кезінде бөлінетін қан көлемі өзгеріп тұратындықтан (алғашқы екі күні қан бөлінуі аса мол), әртүрлі өлшемді гигиеналық төсеніштер алуыңа болады. Төсеніштерді ауыстыру жиілігі бөлінетін қан мөлшеріне байланысты болады. Алғашқы күндері әрбір 3-5 сағат сайын, ал етеккір соңына одан сиректеу ауыстыруға болады. Арнайы түнгі (ұзынырақ және қалың) гигиеналық төсеніштер да бар - өйткені қан түнгі уақытта да бөлінеді. Тығын - бұл шетінен жіңішке жібі бар (тығынды қынаптан шығаруға арналған) тығыз мақталы орама. Пайдалану алдында нұсқаулықты қараңыз.

10. Жақында бірінші етеккір басталатынын қалай түсінуге болады?

Бірінші етеккірдің басталуынан бір жыл бұрын сен қынаптан кейбір ақшыл сұйықтықтың бөлінетінін байқайсың - бұл ақ жағындылар және кеуде бездері ұлғаюы мүмкін, ал қолтық асты мен қасағада түктер пайда болады. Жылдам өсу кезеңінің басынан және бірінші етеккір басталуына дейін жобамен 1 жыл өтеді.
Тікелей етеккір алдында іштің төменгі бөлігінде ауырсынулар пайда болуы мүмкін, көңіл-күйдің бұзылуы, бас ауруы, кеуде бездерінің тығыздалуы байқалады.

11. Ақ шығындылар немесе ақ жағындылар деген не?

Ақ жағындылар - бұл қынапты ылғандандыратын және қорғайтын ақшыл-сары түсті қышқыл бөліністер. Овуляция кезінде және тікелей етеккір алдында олардың бөлінуі аса мол болады. Ақ шығындылар қынаптың қалыпты ортасын сақтау үшін қажет. Шығындылар мөлшерінің көбеюі немесе олардың сыртқы түрінің өзгеруі қабыну процесінің белгісі болуы мүмкін, бұл жағдайда гинеколог дәрігеріне көріну қажет.

12. Мен өзімді алғашқы етеккірге қалай дайындауыма болады?

Бірінші күндері аз қан бөлінетін болғандықтан алдын -ала «апаттан» қорқудың қажеті жоқ. Мүмкін болатын келеңсіздіктердің алдын-алу үшін бір гигиеналық төсенішті өзіңмен бірге алып жүр. Егер де оны мектеп дәрігерінен, мұғалімнен немесе қандай да бір сыныптасыңнан сұрайтын болсаң, онын ешқандай ұяттығы жоқ.

13. Етеккір кезінде қаншалықты көп қан бөлінеді?

Етеккір қан мөлшерін анықтау өте қиын және ол біршама үлкен көлемді ауытқуларда болады (орташа жобамен бір 3-4 күндік етеккір кезінде 80-100мл қан бөлінеді. ) Өтпелі жаста жыныстық гормондардың шығарылуы толығымен теңестірілмеген, сондықтан етеккір аз ғана мөлшерлі немесе мол қан бөлінуімен болуы мүмкін. Егер етеккір көп мөлшерде қан бөлінуімен жүретін болса дәрігерге қаралу қажет.

14. Етеккір кезінде қаншама жиі жуыны қажет?

Ауа мен микроб әсерінен етеккір қаны ыдырай бастайды да жағымсыз иіс пайда болады - сондықтан етеккір кезінде жыныс мүшелерінің тазалығы аса маңызды. Мүмкіндігінше гигиеналық төсенішті ауыстырған сайын, ал таңертең және кешке міндетті түрде ағынды сумен алдынан артына қараған бағытта жуыну керек.

15. Етеккір кезінде ауырсыну болады ма?

Етеккірдің алғашқы күндерінде Сенде ішіңнің төменгі бөлігінің ауырсынуы байқалуы мүмкін. Алайда бұл ауру емес, ол жатыр бұлшықеттерінің жиырылуы нәтижесі болып табылады. Қатты ауырсыну кезінде мектеп дәрігеріне немесе гинекологқа көрінген жөн.

16. Етеккір кезінде жүзуге және спортпен шұғылдануға болады ма?

Әдетте етеккір спорт сабақтарына кедергі болмайды. Егерде сен өзіңді нашар сезініп тұрсаң, тренермен немесе дене шынықтыру мұғалімімен ақылдас. Сабақ алдында (жаттығу, би) гигиеналық төсенішті ауыстырған жөн, өйткені қанды шығындылар мөлшері көп болуы мүмкін. Ал егер сен тығындылар қолдансаң, онда сен етеккір кезінде жүзе де аласың.

17. Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсуге болады ма?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдік кезең онтогенез кезеңі
Жасөспірімдік шақтағы даужанжалдың теориялық негіздері
Жеткіншектердің дамуының әлеуметтік жағдайы
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуының теориялық негізі
Жасөспірімдік кезеңнің зерттелу тарихы
Жасөспірім баланың ересектікке өтуі
Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері
Жасөспірімдердегі өтпелі кезеңдегі психикалық процестердің даму сатылары
Мінез - құлқы қиын балалармен жұмыс жүргізудің негізі
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz