ХІХ ғ. Түркістан қаласындағы сауданың дамуы


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ХІХ ғ. Түркістан қаласындағы сауданың дамуы

Кең байтақ даламыздың тарихы, бізге өз халқының атақ-даңқын аспандатқан ұлы тұлғаларымен, олардың кіндік қаны тамып, білім нәрін алған, өркениеттің ежелгі ескерткіштерін жинақтаған қалалармен тығыз байланысты. Соның бірі қасиетті Түркістан қаласы.

1819-1864 жылы Түркістан Қокан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аумағы 10 гектарға жуық болды. Оны балшықтан соғылған қамал қоршап тұрды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған[1] .

Түркістан қаласының негізгі тұрғындары болып сауда адамдары, қолөнершілер және егіншілер саналды. Қалалықтар басқа да Қоқан қалалары халқы сияқты айырбасқа негізделген, ішкі саудамен және қолөнерімен кең түрде айналысты. Қолөнер кәсіпшілігі ұсақ шеберханалардан тұратын, олар жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін ғана өңдеумен айналысты және бұл тұрғын халықтың сұранысын толық қанағаттандыра алған жоқ. Сыртқы сауда тиісті дәрежесінде дамыды деуге болады. Қоқан хандығы, сыртқы сауда рыногында Батыс Монғолиямен, Шығыс Түркістанмен, Бұхарамен, Хиуамен және Ресеймен тығыз байланыс орнатты.

XIX гасырдын ортасына карай Орта Азия хандыктарын жақын жаткан Оңтүстік өңірдің астығына, малына деген сұраныс күшейді. Осы өңірдегі казактарды Қокан, Хиуа саудагерлері кіре тартуға жалдау, жол көрсетушілік тіпгі керуен басы да болды Себебі, керуен басы кұрметті ғана іс емес сонымен қатар орасан зор табыс көзі де болды.

Бұл өңір қазақтары үнемі тұзга зәру болгандыктан, Шу өзенінің жакын жеріндегі Тұздытау, Сорлыкөлге немесе Талас бойындағы Биліккөлге жіберіліл, одан тұз алып кайтатын.

Түркістан каласының өзінде Қокан билігінің соңғы жылдарында 391 дүкен болса, оның 140-ы керуен сарайларының маңында орналаскан. 1863 жылы бұл каладан Бухара саудагерлерінің өзі ғана 240 мың сомның малдарын сатып алған [2] .

Сауданың өсуіне баска да жағдайлар әсер етті. Атап айтканда салыктың заттай емес, акшалай берілуін талап ете бастағаннан кейін казақтар еріксіз базарға барып, сауда-саттык жасап ақша табуға мәжбур болды. Оның үстіне, Қоқан билеуінің басталуынан кейін Орта Азия хандықтарының бұл өңірдің астығы мен малына деген сұранысы бұрынғыдан өсті.

1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскерлері жаулап алды. 1864 жылы қалада 5 мыңдай тұрғыны болды, 22 су диірмені, 2 медресе, базар, 21 тері илейтін зауыт, 15 ұстахана, 5 зергерлік орын, 6 тігінхана, 18 наубайхана, 8 шаштараз болған [3] .

Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы нәтижесінде өлкедегі экономика мен сауданың дамуына бөгет болған тайпа, руаралық қақтығыстар мен феодалдық бытыраңқылық жойылып, өлкенің жекелеген облыстарында мүшкіл экономикалық жағдай қалпына келе бастады. Жалпы ресейлік және әлемдік сауда-саттыққа қосыла отырып, өлке шаруашылық тұрғыдан да дамыды.

Осылайша, ХІХ ғ. екінші жартысында Түркістан өлкесіндегі отырықшы және көшпелі халықтардың сауда-экономикалық байланысы дамып, соның нәтижесінде ішкі нарық қалыптасады, қазақ және өзбек халқы арасындағы еңбек айырбасы дамып, олардың арасында өзара байланыс дамиды. 1872 жылдан Түркістан уездік қала аталды.

Түркістан тарихында қаланың әрі қарай дамып, оның мәдени өмірінің өрлеуіне ықпал еткен жаңа дәуір басталады, ол реформаға дейінгі кезеңде өлкедегі капиталистік қатынастардың дамуымен байланысты болды.

XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды.

1870-1880 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Сонымен бірге күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (самауыр, қазан, шалғы, орақ, кетпен, ошақ, балта, пышақ, т. б. ) көтеріңкі бағамен сатылды. Қазақстан бұл тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында өндірілетін шикізат берді. Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жерден сатып ала алмайтын еді және шаруашылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алмады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Ресейдің маңызды сауда-экономикалық аймағына айналды.

XIX ғ. екінші жартысында Қазақстанның оңтүстік өңіріне капиталистік қатынастардың енуіне байланысты мал шаруашылығы тауарлы сипат алды. Жаңа байлар малды тек өз қажеттіліктері үшін ғана емес, рынок үшін де өсіре бастады. Бай саудагерлер жәрмеңкелермен байланысты болып, өз шаруашылығын рынок қажеттіліктеріне бейімдей бастады. Саудада қой және жылқы малына деген сұраныс өте жоғары болды. Ұсақ мал саудасының облыста ең басты үш нүктесі болған, олар: Түркістан қ., Әулиеата қ. және Меркі ауылы. Бұл базарларға Жетісу және Семей облыстарындағы, Қытайдағы жәрмеңкелерден сатып алынған ұсақ малдар Балхаш өзені арқылы айдалған. Бұл жерден ұсақ малдың бір бөлігі Түркістан қаласына, ал қалған бөлігі Меркі аулы, Әулиеата және Шымкент қаласына жіберген, Меркі, Әулиеатадан қойларды үйір-үйірімен Ферғанаға жіберген.

Түркістандық қазақы қой барлық кезде қойдың басқа түрлерінен 35-40 %-ға, ал семізі - 50%-ға қымбат болған.

Қазақстандағы сауданың бастапқы түрі айырбас сауда, екінші түрі жәрмеңкелер , үшіншісі стационарлы (тұрақты) сауда болды. Айырбас сауданың: арнайы айырбас орындарда жүргізілген сауда, керуен сауда, тасымал сауда секілді түрлері болды. Сыр өңірінде алғашқы айырбас сарайлары XIX ғасырдың ортасында Перовск және Қазалы форттарында ашылды. Айырбас сауданың келесі түрі керуен саудасы болды, азиялық және орыс көпестер қазақ даласында сауда жасау үшін, көлемі әр түрлі керуендерді жасақтады, үлкен керуендер бірнеше жүз түйеден, тіпті 1, 5-2 мың түйеден тұрды. Бұл керуендердің негізгі баратын жерлері ірі қалалардағы айырбас сарайлар болды. Жол жөнекей керуендер далалы аудандарда қазақтың көшпелі халқымен сауда жасады. Үлкен керуендердің тауарларының 1/10 бөлігі жолда айырбасталды. Ортаазиялық көпестер өз тауарларын қазақтардың малына және мал шаруашылығының өнімдеріне айырбастады. Оларды қалған тауарлармен қоса айырбас сарайларда Ресей көпестеріне өткізді. Айырбас сауданың келесі түрі, тасымалдаушы сауда қазақ жерінде өте кең таралды, тіпті ең алыс жатқан аймақтарды қамтыды. Тасымал саудасына тән ерекшелік - мұнда ақшалай есеп және сауда бәсекесінің болмауы, сауданың тауарды мал басымен немесе оның өнімімен бағалау арқылы жүргізілуі. Тасымалдаушы сауда салықсыз, еркін сауда ретінде жүргізілді. Тасымалдаушы айырбас саудада негізінде, көпестер жергілікті халыққа сапасыз тауарды өте жоғары бағамен сатуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде саудагерлер байлыққа кенеліп, халық тоналды. Тасымалдаушы айырбас сауда негізінен алыпсатарлардың қолында шоғырланды. Алыпсатарлық, даланың шалғай аудандарында тұратын тұрғындардың сауда орталықтарына жиі баратын мүмкіндіктерінің жоқтығынан туындады. Тауарларды қарызға беру, көпестер үшін өте тиімді болды. Өнеркәсіптік тауарларды «қойға» қарызға бере отырып, көпестер оның бағасын қатты көтерді, керісінше қазақтардың малы мен шикізатының бағасын өте төмен бағаға бағалады. Тасымалдаушы айырбас сауданың сұранысты толық қамтамасыз ете алмауы, тауар сапасының төмендігі және таңдау мүмкіндігінің жоқтығы, өлкеге енген тауар-ақша қатынастары талаптарына жауап бере алмауы - аталған сауда түрінің біртіндеп әлсіреуіне алып келді. Осы себептерге байланысты, сауданың тасымалдауышы айрбас түрі баяулап, өлкеде жәрмеңке саудасы белсенді түрде дами бастады.

Жәрмеңкелер - Қазақстанның экономикалық дамуының айқындаушы факторларының құрамдас бөлігі болды. XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында орын алған, жәрмеңкелер санының артуы және олардың айналымының жылдам қарқынмен өсуіне қарамастан жәрмеңкелік сауда, сауда айналымдағы біріншілікті неғұрлым жоғары ұйымдастырылған сауда түріне - ірі бөлшек саудасымен айналысатын дүкендер, көтерме қоймалар және т. б. өсіп келе жатқан ішкі және сыртқы рыноктың талаптарына жауап беретін сауда орындары түріндегі тұрақты (стационарлы) сауда түріне жол берді. Сауда үйлерінің пайда болуы, сауданың біршама жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетті. Сондай-ақ, Түркістан қаласында осындай сауда үйлерінің бірі «Ю. Давыдов и Кͦ» болды. «Еврейская торговая фирма имеет очень большое отделение в г. Туркестан, где имется склады мануфактуры и других товаров. Так как за наличный расчет подобный товар продать нельзя поэтому единственным способом сбыта является отпуск таких товаров степнякам кочевникам в кредит на сроки или до урожая зерновых посевов или же до осеннего и весеннего сезона стрижки баранов [4, 84] . Осындай коммерциялық әркет арқылы бұл аталған фирма бүкіл қала мен оның маңындағы тұрғындарын өзіне тәуелді етіп қойды: « . . . весь Туркестанский участок и нет почти юрты, которая не была бы в неоплатных долгах от этой фирмы» [4, 84] . Тауарларды қарызға беру, көпестер үшін өте тиімді болды. Өнеркәсіптік тауарларды «қойға» қарызға бере отырып, көпестер оның бағасын қатты көтерді, керісінше қазақтардың малы мен шикізатының бағасын өте төмен бағаға бағалады.

Сырттан келетін таурларды айырбастау үшін саудагерлер әдеттегідей жаз және күз айларында айналысты. Тұрақты сауда нүктелердің тағы бір түрі - жайма базарлар мен ашық алаңда орналасқан базарлар болды. Түркістан уезінде 1885 ж. - 6 болды. Түркістан қаласында генерал-губернатор К. Кауфманның 1879 ж. рұқсаты бойынша әр жұма сайын базар күні болып белгіленді [5] .

Қазақстанның ішкі саудасы XIX ғасырдың ортасына дейін негізінен ортаазиялық саудагерлердің қолында болды. Ресейге қосылғаннан кейін, отарлы үкіметтің қолдауымен оларды орыс көпестері ығыстырып, үстемдікке ие болды. XIX ғ. екінші жартысында Қазақстанның оңтүстік өңіріне капиталистік қатынастардың енуіне байланысты мал шаруашылығы тауарлы сипат алды.

Қазақстанның оңтүстік өлкесінің шекаралық аудандарында, қалалық жерлерінде Ресей империясына қосылған алғашқы жылдардың өзінде сауда ақшалай сипатта болды, ал далалық аудандардағы ішкі сауда көбіне айырбас сипатта болды. Бұл кезеңдері қазақтардың өздері арнайы ақша басып шығармаған, саудада орыс рубльі, ортаазиялық хандықтардың ақша бірліктері (қоқандық, бұхарлық, хиуалық: ділдә, теңге, пұл және т. б. ) қолданылды. Уақыт өте келе, өлкеге капиталистік қатынастардың, тауар-ақша қатынастарының енуіне байланысты ішкі саудада айырбас сауданың маңызы төмендеп, сауда көбіне ақшалай сипатта жүргізіле бастады.

1892 ж. патша үкіметі Хиуа ханына ақша шығаруға тиым салды, 1893 жылдан бастап Бұхар және Хиуаның ақша рыногын біртіндеп жоспарлы түрде жаулап алу қадамдары жасалды. Аталған шаралар арқылы орыс рубльі біртіндеп ортаазиялық теңгелерді рыноктан ығыстырып, өзіне тәуелді етті.

1897 ж. Бүкілресейлік халық санағында Түркістан қаласы мен оның әкімшілік аумағына қарасты елді-мекендердегі тұрғындардың жалпы саны - 63232 адам болса, оның ішінде ерлер - 32973 (52, 1 %), әйелдер - 30259 (47, 8) болды. Тұрғындардың қалада тұратындары - 18723 адам, ерлер - 9488 (56, 6 %), әйелдер - 9235 (47, 8 %) - дық көрсеткіште құрады. 1897 ж. санақ бойынша қазақтар - 75, 2 %, өзбектер - 18, 3 %, орыстар - 4, 2 %, басқалары - 2, 3 % болды [6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат
Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп орталықтарының қалыптасу және даму тарихы
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақстанның оңтүстік бөлімінің сауда – саттығы
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868- 1917 ж. ж. )
ХІХ ғасырдың екінші шерігінде крепостнойлық правоның әсеріне қарамастан
Түркістан қаласының тарихы (ХІХ –ХХ ғ.ғ.)
Қоянды жәрменкесінің тарихы
ХIX ғасырдың жартысы мен ХХ басында Қазақстан жеріндегі кәсіпкерліктің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz