Инфляция және Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТI
ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Инфляция және Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Орындаған: ФО5К1 тобының
2-курс студентi
Жунусбекова А.
Ғылыми жетекшi: э. ғ. к., доцент Раматтулаева Г. А.
Алматы 2006 ж.
Жоспары:
Кiрiспе . . . 3
- Инфляция ұғымы, оның түрлерi . . . 4
- бөлiм. Инфляцияның теориялық пайда болу себептерi . . . 9Инфляцияның өлшемi . . . 17Филлипстiң қисық сызығы . . . 18Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк зардаптары . . . 21
- бөлiм. Қазақстан Республикасының инфляция процесi және оған қарсы саясатыҚазақстан экономикасындағы инфляция ерекшелiктерi мен негiзгi себептерi . . . 24Мемлекеттiң инфляцияға қарсы саясаты . . . 26
Қорытынды . . . 36
Қолданылған әдебиеттер . . . 38
Кiрiспе
Қазiргi заманда инфляция деген сөздi жиi-жиi естуге болады. Инфляция көптеген мемлекеттерде экономиканың дамуына керi әсерiн тигiзетiн, қоғамның дамуын тежейтiн үшкiр мәселелерiнiң бiрi.
Инфляция ақша жүйесiнiң құлдырауына әкелiп соғады, капиталдың шетелге шығарылуын тежейдi, ұлттық валютаны әлсiретедi, мемлекеттiк бюджеттi қаржыландыруға керi әсерiн тигiзедi.
Инфляция кез келген әрi нарықтық, әрi өтпелi экономикада болатын құбылыс. Дегенмен, дамыған мемлекеттерге аса зор қауiп төндiрмейдi, себебi онда оны болдырмау және реттеу шаралары қолданылады. Соңғы уақытта АҚШ-та, Жапонияда, Батыс Еуропа елдерiнде инфляция деңгейiнiң тенденциясы тежелiп, төмендетiлуде.
Қазiргi заманда аса танымал мәселелердiң бiрi болғандықтан, мен осы тақырыпты тандадым. Инфляцияны тереңiрек тану үшiн оның тарихын, экономикаға керi әсерiн және мемлекеттiң оған қарсы саясатын зерттегiм келдi.
Инфляцияның бұрынғы заманда болғанын тарихи деректер арқылы дәлелдеп көрсетуге болады. Инфляцияны ерекшелейтiн бiрнеше белгiлер бар. Егер бұрынғы кезде инфляция жергiлiктi, яғни бiр жердiң шеңберiнен аспайтын болса, ол қазiргi заманда бүкiл территорияны қамтиды; егер бұрын кiшi әрi үлкен аралықты қамтыса, ал қазiргi кезде ұзақ уақытқа созылған, дамыған инфляция болып саналады.
Бiрiншi бөлiмде инфляция туралы түсiнiк, инфляциялық тарихи процесстер туралы айтылады.
Екiншi бөлiмде инфляцияның пайда болу себептерi, өлшемi, Филлипстiң қисық сызығы сипатталады.
Үшiншi бөлiмде инфляцияны Қазақстанда реттеу, оған қарсы саясаты туралы айтылады.
- Инфляция ұғымы, оның түрлерi
Инфляцияның дәл қай уақытта пайда болғаны туралы айту қиын. Дегенмен де инфляцияның ақша және ақша айналымымен тығыз байланыста екенiн бiле отырып, сауданың пайда болуы, шаруашылықты жүргiзу, тауарды айырбастау инфляцияның бастамасы деуге болады.
Ежелгi басқарушылар үнемi өсетiн шығындар мен бюджеттiк табысты баланстау, теңгеру үшiн әр түрлi шешiмдер iздедi. Осы мәселенi шешудiң бiрнеше жолдары болды:
- Шектелген мемлекеттiк шығындар
- Салықтың жоғарылауы
- Сырттан немесе iшкi мемлекеттен қарыз алу
Бұл тәсiлдер тиiмсiз болғандықтан, олар келесi 4-iншi жолды ашуға мәжбүр болды:
- Айналымға қосымша ақша мөлшерiн енгiзу
Ежелде бағалы тастар мен металдар ақшаның ролiнде болды. Мұндай ақшалай б. з. д. IV-II мың жылы Ежелгi Египетте, Вавилонда пайда болды. Бiрте-бiрте бұл металдар мемлекетте монополияға айнала бастады. Көрсетiлетiн бағаға, яғни номиналға сай келетiн болғандықтан, бұл мемлекетке ешқандай табыс әкелген жоқ. Дегенмен бұрынғы номиналды сақтай отырып, металл құрамын өзгертсе мемлекет қосымша бюджет табады. Бұл процесс «теңгенiң бұзылуы» деген атау алды. Бұл ұғымды Афинада алғаш рет Гиппий енгiзген болатын. Ол б. з. д. VI ғ. теңгедегi күмiстiң мөлшерiн жартысына дейiн азайтты. Рим императорлары да осы әдiстi қолданған. Мысалы Нерон кезiнде (54-58) алтын динар салмағы 12%-ке азайды, Троян императоры кезiнде мыс қосылған күмiс динар 15%-ке азайды. Ал Каракал кезiнде (211-217) күмiс теңгедегi мыстың көлемiн 50%-ке ұлғайтты, оның әсерiнен динардағы күмiстiң мөлшерi 5%-ке дейiн азайды. Ал Аврелиан (270-275) мүлдем күмiс динарды мысқа айналдырды. Осындай тарихи деректерге сүйене отырып, Ежелгi Римде инфляциялық процесстердiң болғандығы туралы айтуға болады, әсiресе император Каракал кезiнде.
Гиперинфляцияға мысал келтiрсек, ортағасырлық Қытайдағы қола ақшаның темiрмен ауыстырылуын алып қарауға болады, бiрақ бұл кезде номинал, яғни баға сол күйiнде сақталды. Ал Путун кезiнде мыс ақшаның қолданылуы мүлде тоқтатылып, тек қана темiр ақша қолданылды. Датун кезiнде темiр ақша көп болып, тауардың бағасы қарқынды көтерiлдi. Саудагерлер теңгелердi арбаларға салып тасыды, ал санақ жүргiзгенде тек теңге түйiндерiн санады.
Сонымен қатар инфляциялық процестер Ресейде 1769-1895 ж., АҚШ-та 1775-1783 ж. тәуелсiздiк үшiн күресте, 1861-1865 ж. Азамат соғысы кезiнде байқалды. Осы кезде алғаш «инфляция» терминi пайдаланды. Ол латынның inflatio - қампаю деген сөзiнен шыққан. Алғашқыда бұл медицина терминi едi, кейiннен оны ақша айналымында қолдана бастады. Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция ұзақ уақыт өмiр сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметiмен байланыстырады. XIX ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсiнiгi XX ғасырда бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн жиi қолданылып, кеңес өкiметiнiң экономикалық әдебиеттерiнде 20 жылдардың орта кезiнде көрiндi.
Осының бәрiн еске ала отырып, инфляцияға мынадай анықтама беруге болады: « Айналым арналарының, артық ақша белгiлерiмен аса толып кетуiнiң, тауар мен қызметтердiң жетiспеушiлiгiнiң және олардың сапасыздығының салдарынан, ақшаның құнсыздануы, тауар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бағасының өсуi, сөйтiп халықтың нақты табысының төмендетiлуi ». Инфляция тауар бағаларының өсуiнен көрiнгенiмен, ол тек ақшаға тән «ғажайып» құбылыс емес. Ол күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлi саласындағы ұдайы өндiрiс сәйкестiлiгiнiң бұзылуы. Инфляция дүниежүзiндегi көптеген елдердiң экономикалық өмiрiндегi ең өткiр проблемалардың бiрi.
Соңғы кездерге дейiн дүниежүзiлiк шаруашылықта инфляция әдетте төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын едi. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарды жабу үшiн көп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бiрқатар елдердiң экономикасы үшiн ол айықпас ауруға, ұдайы өндiрiстiң тұрақты факторына айналды.
Инфляцияның бiрнеше түрлерi бар. Бағаның өсуi қарқынына қарай инфляцияның төмендегiдей түрлерi болады:
а) Баяу
ә) Қарқынды
б) Аса қарқынды
Баяу инфляция кезiнде бағаның өсуi 10% аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшiлер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшiн оңды жағдай деп, ал мемлекеттi тиiмдi экономикалық саясат жүргiзушi субъектi деп есептейдi. Мұндай инфляция өндiрiс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкiндiк бередi.
Қарқынды инфляция (галопирующая) тұсында бағаның 20-200%-ке жетедi. Ал бұл экономика үшiн үлкен салмақ. Бiрақ көптеген контракт, келiсiмдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексiз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшерi мен тауар бағасы деңгейiнiң шарықтап, шектен тыс өсуiн бiлдiредi. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуi 3300%-ке дейiн жеттi. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегедi, тiптi қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлiнедi. Гиперинфляцияны басынан өткiзген бiрқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерiнiң өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Мұндай құбылыс, мысалы, 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субъектiлерi ұлттық валютаға деген сенiм жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысып бағады. Нәтижесiнде айналымдағы ақша айтарлықтай өсiп, ол оның санының көбеюiне тең болады. Салдарында баға қауiптi шектерге дейiн шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудiң де үлкен әсерi болатындығын атап өту орынды. Басыңқы инфляция кезiнде бағаның өсуi байқалмай қалады.
50-60 жылдарда көптеген елдерде орташа, бiрқалыпты қарқынмен жүрдi. Ал 70 жылдары ол бақылаудан, ұдайы өндiрiстiң қалыпты жүрiсiн бұзды, қоғамдық өндiрiстiң бiрiншi жауына айналды. Инфляциялық процестiң ең қызған шағы 70 жылдардың бiрiншi жартысы. АҚШ-та 1956-1965 жылдары 1. 7%, 1966-1974 жылдары 5. 1%, 1975-1980 жылдары 9. 3% болды. Англияда осы кезде ол 3. 1, 6. 0 және 17. 9%, Францияда 5. 0; 5. 9 және 10. 9%. 80 жылдардың соңына қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4%-ке тең болды, 1987 3. 7%-ке төмендеп орташа инфляцияның үлгiсiне сәйкес келдi. Мұны көптеген себептермен түсiндiруге болады, олардың iшiндегi негiзгiлерi: мұнайға әлемдiк бағаның төмендеуi, баға бәсекесiнiң артуы, жалақы өсуiн тежеу шаралары.
Инфляция баланстанған, тепе-теңдiкте болуы мүмкiн, яғни бағаның өсуi баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бiрдей өседi. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуiне сәйкес ставка процентi көбейедi, бұл бағалардың тұрақтануы кезенiңдегi экономикалық ахуалды бiлдiредi.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитiн инфляциядан ажырата бiлу керек. Күткен инфляцияның мерзiмiн анықтауға болады, үкiмет оны «жоспарлайды», мысал ретiнде Ресей Федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтiруге болды.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуiмен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесiне терiс әсер етедi. Егер экономикалық инфляция күтiлген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауiптенiп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтедi, сөйтiп экономикаға қиындық келтiредi. Қоғамдағы шын қажеттiлiк бүркемеленедi, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтудi одан әрi арандатып, бағаның өсуiн өршiтедi. Егер бағаның тұтқиылдан өсуi «инфляцияны күту» басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуiне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуi қысқа мерзiмдi құбылыс, ол төмендейдi деген үмiтпен, тұтынушылар рынокқа сатып алу қабiлетi бар сұраныс ретiнде ғана ақша жұмсайды, көбiрек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемi азайған шақта бағаның өзiне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзiнiң тепе-теңдiк жағдайына келедi. Бiз рыноктық шаруашылық қызметiнiң әсерiн, онды нәтижесiн көрсеттiк. Мұны Пигу эффектiсi деп атайды.
- Инфляцияның теориялық пайда болу себептерi
Ақша тауарларды сатып алу қабiлетi күштi валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсiндiру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуi тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгiлi тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестiлiгiнiң, бұзылуы әлi инфляция емес. Инфляция елдегi баға деңгейiнiң өсуi. Бағаның көтерiлуiне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етедi. Мысалы, 70 жылдардың энергетикалы дағдарыс тек мұнай бағасының өсуiне (мұнай бағасы 20 есеге өстi) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуiмен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейi 7%-ке, 1979 жылы 9%-ке артты. Ақша әсерiнен тыс, тауар бағаларының өзгеруi еңбек артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндiрiстегi құрылымдық өзгерiстерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттiк реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгiзуге ақша өлшемiнiң девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюнктурасының өзгеруi мен сыртқы экономикалық байланыстардың әсерiне және т. б. байланысты. Демек, бағаның өсуiне көптеген неше түрлi себептердiң әсерi болды.
Коньюнктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскiн, инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлi фазаларынан өту барысында (әсiресе XIX-XX ғасырдың бас кезiне тән «классикалық түрi») бағалардың динамикасы өзгерiп отырады. Еңбек өнiмдiлiгiн арттыру бағаның төменденуiне әкелуi тиiс. Циклдық толқулардың тағы бiр көрiнiсi жалақының өсуi еңбек өнiмдiлiгiнен артып кетуiнде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегiнде баға деңгейiнiң жалпы өсуiне алып келедi. Кездейсоқты апаттар да бағаның инфляциялық өсуiне көп әсер етпейдi.
Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседi. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндiрiстi ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуi тиiс.
Сонымен, баға өсуiнiң инфляциялық себептерiне ненi жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессiздiктермен байланысты екенiн есте ұстап, оның iшiндегi ең бастыларын қарастырайық.
Бiрiншiден, мемлекеттiк шығыстар мен кiрiстердiң тепе-теңдiгiнiң, бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығынан көрiнедi. Егер дефицит Орталық эмиссия банкiсiнен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда «ақша станогы» белсендi пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейедi. Айырбастың сандық теңдiгiн MV=PO еске түсiрсек, M мен P көрсеткiштерi өсуiнiң байланысы анық.
Екiншiден, осындай жолмен, әдiспен инвестицияны қаржыландыру жүргiзiлген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуi болады. Әсiресе экономиканы милитарландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршiтедi. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндiрiстiк емес шығындар - олар қоғамдық байлыққа зиян келтiредi. Әскери ассигнациялар бр сәтке ғана қосымша төлем қабiлетi бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етiлмеген ақша массасының өсуiне әкеледi. Әскери шығындардың өсуi мемлекеттiк қарыздың ұдайы өсуiне ұшыратады.
Үшiншiден, баға деңгейiнiң жалпы өсуi қазiргi рыноктық экономиканың ерекшелiгiне байланысты. Бұл кезең жетiлген бәсеке кезiндегi рынокта көптеген өндiрушiлер болып, өнiмдердiң түрi аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қаiргi рынок белгiлi дәрiжеде олигополиялық рынок. Ал олигополист (жетiлмеген бәсекелес) едәуiр дәрежеде бағаны билейдi. Олигополиялар бағаны бiрiншi болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетiлмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейiн ұстап тұру үшiн өндiрiс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздерi билiк жүргiзетiн рынокта бағаның төмендеуiн болдырмау үшiн олигополия мен монополия икемдi тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндiрушiлердiң келгенiн тежеу үшiн олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуi көмектеседi.
Төртiншiден, елдiң экономикасының ашық болуы оның бiрте-бiрте әлемдiк шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импорттық» инфляцияның қаупi туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетiн мұнайға бағаны өсiрiп, технологиялық тiзбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелдi. «Импорттық» инфляциямен күресу мүмкiндiгi шектеулi. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаны құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бiрақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзiлiк рынокта бәсекелестiк қабiлеттi төмендетедi.
Бесiншiден, инфляция өзiн-өзi дем беретiн сипат алады, ол «инфляцияны күту» нәтижесiнде орын алады. Батыс елдерiнiң көптеген экономистерi және бiздiң елiмiзде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндiрушiлердiң инфляцияны күту себептерiн жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты мiндетi. Осындай инфляциясы бар елдерге Аргентина, Чили, Израиль және ТМД елдерiн жатқызуға болады.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға әсер етудiң механизмi қандай? Баға деңгейiнiң жалпы өсуi жағдайында өмiр сүруге үйренген халық, бағаның одан әрi өсуiн күтедi. Мұндай жағдайда еңбекшiлер жалақыны көбейтудi талап етедi. Халық тауарларды көптеп алады, өйткенi олардың бағасы ертең тағы да өсуi мүмкiн ғой. Сонымен қатар халық дүкендерде азық-түлiк пен тауардың аздығын көрiп, тұтынушының сатып алу қабiлетi өседi. Сондықтан да сұранысты төмендету мақсатында фирмалар тауарға жоғары баға белгiлейдi де, осының нәтижесiнде инфляция пайда болады. Сөйтiп қысқа мерзiмде шикiзат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасында (қаңтар-сәуiр 1992 жылы) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндiрушiлер өздерiн жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкiндiгiн сақтанып, алдын ала өз өнiмдерiнiң бағасын жоғарлатты. Нәтижесiнде Ресей экономикасында басқа ТМД елдерiндегi бағалар бұрынғы төлем қабiлетi бар сұраныс деңгейiнен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түстi.
Ал кейде керiсiнше болуы мүмкiн. Мысалы, елдiң экономикасы «көтерiлу» жағдайында болсын дейiк. Яғни, фирмалар өнiмдi көбiрек шығара бастайды, демек жұмысшыларды да көбiрек жағдайды және оларға жоғары деңгейде жалақы төлейдi. Жалақының жоғары болуы сапалы өнiм мен еңбек өнiмдiлiгiн арттырады. Сөйтiп отбасындағы табыс деңгейi көтерiлiп, сұранысты қанағаттандыру қажеттiгi туады. Бiрақ бiзге белгiлi фирмалар ұзақ уақыт бойы өнiмдi көп мөлшерде шығара алмайды (мысалы, ресурстардың жетiспеушiлiгiнен, өндiрiс масштабы), сондықтан сұранысты қанағаттандыруға мүмкiндiгi келмейдi, әрi ұсыныс шамасы жоғарлайды. Демек бұл бағаның көтерiлуiне әкелiп соқтырады. Бұл инфляция сұраныс инфляциясы деп аталады. Батыс экономистерi жасаған теорияларда инфляцияның екi түрi көрсетiледi: сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясы .
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныс арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрiнедi. Мұндағы негiзгi себептер: мемлекеттiк тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтiк шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегi өндiрiс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуi, өндiрiстiк қуаттардың толық жұмыс iстеуi, кәсiподақтар әрекетiнiң нәтижесiнде еңбекшiлердiң сатып алу қабiлетiнiң жоғарлауы (жалақының өсуi) т. б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемiнен артық ақша түсiп, бағалар өседi. Мұндай жағдайда өндiрiсте жұмыспен қамту толық болғанымен өндiрушiлер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда, айналымдағы төлем қаржыларының көбеюi шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтiп бағаның жалпы деңгейi өседi.
Шығындар инфляциясы. Бұл инфляцияны бағалардың өсуiн, өндiрiс шығындарының артуымен түсiндiредi. Шығындардың көбеюi баға белгiлеудiң олигополиялық тәжiрибесiнен, мемлекеттiң экономикалық және финанстық саясатынан, шикiзат бағасының өсуiнен, кәсiподақтың бiр түрiн екiншiсiнен айыру оңай емес, олар бiр-бiрiмен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуi, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретiнде де көрiнуi мүмкiн.
XIX ғасырдың екiншi жартысында экономикасы дамыған елдердiң бәрiнде дерлiк ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркiн рынок немесе бағаның тұрақтылығы болғанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерiнде де өндiрiс өз қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар үнемi өсiп отырады. Барлық бағалардың бiр мезгiлде өсуi XIX-XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы циклдық алапат құбылысы кезiнде орын алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады, ол экономикалық дағдарыс пен стагнация (өндiрiстiң тоқырауы) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуi. Дүниежүзiлiк қоғамдастықтың барлық елдерiнде де инфляция өршуiнiң сан түрлi себептерi бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын комбинациясы жекелеген елдiң нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада II дүниежүзiлiк соғыс бiткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейiнгi жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюiне мемлекеттiк шығыстар, баға мен жалақының арақатынасы, инфляцияның басқа елдерден келуi және т. б. факторлар себепшi болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептерiне экономикадағы ерекше тепе-теңсiздiк (диспропорция) жатады, ол әмiршiлдiк-әкiмшiлдiк жүйе салдары едi. Кеңес экономикасына тән жағдай жалпы ұлттық өнiмдердегi (ЖҰӨ) әскери шығындар үлесiнiң көптiгi, өндiру, бөлу және қаржы-несие жүйесiн монополияландырудың жоғары деңгейi, ұлттық табыстағы жалақы үлесiнiң аздығы және т. б. ерекшелiктерi.
Инфляцияның себептерiн кесте арқылы көрсетейiк.
Сонымен инфляциялық ахуал көптеген себептердiң әсерiнен тууы мүмкiн.
Осы себептердi екi топқа бөлуге болады:
- Ақша айналымымен тiкелей байланысты себептер:айналымға, бюджеттiң тапшылығын жабу үшiн, тауарлық ресурстармен қамтамасыз етiлмеген тым көп қолма-қол ақша шығару; айналымға қолма-қол емес ақша шығарумен байланысты, шаруашылыққа шамадан тыс көп несие беру; ұлттық валютаның бағасын бiр деңгейде ұстау үшiн Ұлттық банктiң, басқа елдердiң, еркiн айырбас валюталарын сатып алу, немесе сату (валюта басқыншылығы) ;
- Ақша айналымы мен жанама байланысты себептер:шаруашылықтың үйлесiмдi өркендеуiнiң, бұзылуы; шаруашылықтың шығынды тетiгi; салық саясаты; баға саясаты; мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметi;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz