Жоғары мектепте басқарудың дидактикалық негізі


Жоғары мектепте басқарудың дидактикалық негізі
«Басқару» деген сөздің мағынасы - оқытушы - профессураның студенттерге белгілі бір ғылым саласындағы бағдарламалық ықпал жасауы. Аталған сөздің мағынасында студент қабылдаған біліми-ғылыми нысаналарына тек түзетулер енгізу дәрежесінде емес, субъектінің ішкі болмысының ғылым көздеген бағдарына үндесіп отыруына бағыт беру. Атап айтсақ, әр студенттің ойлау пайымының қалыптасып қалған құрылым жүйесіне ғылыми ықпал жасау. Мұның өзі сол меңгерген ғылымының өз басына адамгершілікті нұсқада пайдасының болуы деген сөз. Сөйтіп, ол өзінің ойлау пайымын басқаратын дәрежеге жетеді. Мұнымен бірге оның әр түрлі іс-қимыл-әрекетін өзінің сапалы ойлау қабілетімен басқарады. Сөйтіп, ғылыми жетістігінің ішінен өзіне тиесілі өнімді меншіктеуге дағдыланады. Бұрынғы көздеген мақсаттарына ешкімнің көмегінсіз өзі түзетулер енгізіп, өзінің ғылыми еңбегіне диагностиканы аналитикалы дәрежеде құрастырып, ісінің өнімділік деңгейін үнемі шығарып отыруға ниеттенеді. Ең ұтымды әрекетке, сыртқы құбылыстарды өзінің ішкі ғылыми пайымымен үйлестіріп отыратын машыққа қолы жетеді.
Оқытушы-профессураның басқару процесі - студенттердің ғылыми ойлау әрекетін белсенділік және саналылық деңгейге бағыттау. Бұны жүзеге асыру үшін оқыту міндеттерін негіздеу, олардың дербес білімін - ғылымын дамыта алуына қолайлы жағдай туғызу. Негізгісін таба білуіне ұтымды нұсқаулар беру, ғылым жиюға құмарлық, құштарлық сезімдерін ояту, жауапкершілік пен парыз міндетін түсінуіне бағыт жасау көзделеді.
Оқытушы - профессураның әрбір дәрісінен кейін студенттің ғылыми жұмысын ұйымдастыру процесінде жағымды өзгерістер болуы заңды. Оның тұлғалық болмысы да осы үрдіске сәйкеседі. Тұлғалық болмысқа студентті бағдарлау - оқытудың нақтылы жағдайының мақсат-мүддесін саралау. Екшелген мақсат-мүдде типтік міндеттердің қосындысынан тұрады. Аталған міндет-мүдделерді сұрыптап алмау конструктивті оқытуға қол жеткізбей, оның жетістіктеріне иемендену уақыты ұзақ мерзімге созылады. Бұл - нарықтық қоғамның сұранымынан қалыс қалу. Нәтижесінде, педагогтық бақылау толыққанды процесте жүрмейді.
Қорыта айтқанда, студенттерді бір нысананы меңгертуге бағыттап отыру үрдісі жетімсіз, оқыту мазмұнын өзінше, дербес ізденіс процесінде өзін - өзі басқару әрекетінің механизмін дұрыс білу іс - қимылында меңгертуге нұсқау жасалуы ұтымды нәтижеге бағыттайды.
Оқытудың танымдық әрекеті.
Студенттерге білім меңгерту біліктіліктің ғылыми танымын жіктеу үрдісінде жүзеге асады. Біліктіліктің ғылыми танымын оқытушы - профессура оқу үрдісін біліктілік - ғылыми нысананың бағынатын заңдылықтарына негіздейді. Аталған бағытты жүзеге асыру үрдісінде көпқырлы дидактикалық тұжырымдар екшеледі, мұның өзі оның мазмұнына бағынбайды. Соңғы нәтиже студенттің қабілеті мен іскерлік, дағдысының кәсіптік ыңғайға ширауымен бағамдалады.
Берілген пайымның ұтымды тұстары даяр білімді қайталаным әдісіне салудан сақтайды деп ұққан жөн. Мұнан біліктілік пен ғылым жаңалықтарының жетекшілік рөлде болуын бақаймыз. Нәтижесінде, студент өзінің қолынан іс келетініне сенеді. Алға ұтылысының карқынын шамалайды. Аталған, жиған ғылыми жетістіктерін бұрынғы банк қоймасына «жүйелеп, екшеп» жинақтайды. Әрбір көтерілген ғылыми - біліми басқыштарының тұстарын айқындап, өзінің төл ісіне назар аударып, қолынан келер мәселесін жеке топтастыруға ниеттенеді.
Оқытудың танымдық әрекетінің негізгі бөліктеріне назар аударалық:
- оқылатын, меңгерілетін пәнді ауызша тыңдау, оқу, конспектілеу, реферат жазу, бақылау жазу т. б. Мұның бәрі дерлік оқытудың нәтижелі болуына басты әрекет;
- студенттің әрекеті, міндет-мүддені шешудің әдіс-амалдары, оқу әрекеті арқылы теорияны меңгерудің тәжірибелік маңызы, көрсеткіштердің құрылым - жүйесі, санатты бағам жасау қабілеті, үлгімен орындай алу машығы, типтік тапсырмалар мен мәтіндердегі мәнді деген мәселелер мен көркемдік құралдырының автор көздеген мәреге жуықтығын шығару шеберлігі, оған талдау-жинақтауы, біртектес ұғымдарды жеке топтастыруы, аталған нысаналарды алгоритмдеуі, осындай нысаналарды талдай білуге жаттығуы, моторико-автомат дәрежесіне ширауы;
- студенттің жиған ғылыми білігінің ақиқатқа жуықтығы, ортаға қажеттілігі, нарықтық сұранымға үндестігі, болашақтағы мүмкіндігі және өзін-өзі бақылай алатын қасиеті. Бұл жүйеде студенттердің іс-қимылы мен ойлау әрекетін ұйымдастыру сәті оқушылардан бөлек. Студенттердің білік пен ғылым жию әрекетіне фундаментальді ғылым негіздері жетекшілік жасайды. Оның өзі жоғары оқу орнының ғылыми-техникалық негіздерден тұратын мүмкіндігіне қатысты. Жаңа ғылымды меңгеру - ғылым мен техниканың тікелей жетістіктерінен туындайтын нысана.
Студенттің ғылыми-біліми деңгейін фундаментальді негіздеріне қарап бағалаймыз және ол өзінің теориялық білігін өмірде қолдана алу іскерлігімен ерекшеленуге тиіс. Сөйтіп, кәсіпкерлік іске араласпай тұрып, кәсіпті меңгергендігін таныта білетін машыққа жетуі - басты әрекет.
И. Е. Конфедератов жоғары оқу орнында танымдық әрекетті, құбылыстарды қабылдаудың әдістері ретінде ұсынады. Меңгерген ғылымын саналы түрде сұрыптай білетін, тәжірибеде жоғары деңгейде қолдана алатын, жоғары көрсеткіштерге жоба мен болжамды нақтылы пішімдейтін студенттер - оқытудың танымдық әрекетінің нәтижесіне жеткендер. Бұл бағытта Ю. Бабанский - 80-жылдары өз тарапынан ғылымға үлес қосқан ғалымның бірі. Оның жіктемесінен интеллектуальдық қабілет студенттің ғылыми жұмысын ұйымдастыру сарынына ықпалын тигізеді деген түйінді кездестіреміз. Соның ішінде, жиған ақпараттарын аудармай қабылдау, еске сақтаудағы рационализм, негізгісін бөліп алу, танымдық өзекті мәселелерді шешуге міндет - мүдделерді топтастыру, жаттығу жұмыстарын орыңдау, өзіне өзінің бақылау жасау сияқты әрекеттеріне назар аударады.
Оқытудың танымдық әрекетінің негізгі операциясы Ю. Бабанскийдің пайымында, студенттің нысанадан ең белді, маңызды, басты мәселені бөліп алу әрекеті. Бұл ұстанымды Б. Ананьев дамыта түседі. Аталған ғылым жию әрекетін кең ауқымда қарқынды леппен ұйымдастыра білу машығына көңіл бөледі. Егер бұндай танымдық деңгей қалыптасса, мамандығына сәйкес арнаулы қабілеттіліктері мен біліктілігін, ғылыми деңгейін өсіру процесі интенсивті тұрғыда биіктейді.
Шын мәнінде, жоғары оқу орнында ғылымның өзі логика негізінде құрылып отыруын қадалағаса, оның теориялық, әдіснамалық, интеллектісін дамыту қабілеттілік өз-өзінен болатын әрекет демекпіз. Мұндай дағдылар ширатылып отырылса, алған біліктілігі мен ғылыми қорын студент өзінше, дұрыстық негізінде, жинақтайтын дәрежеде жетіледі.
Оқытудың басқа бағыттарындағыдай мұнда мақсат пен мүддені анықтау, оның жүзеге асуы үшін міндеттерін жіктеу бірінші орында тұратыны даусыз. Әрине, мақсат пен мүдде, міндеттер кез-келген меңгерілетін нысаналарға даяр берілмейтіні шындық. Олай болса, бір кездегі үлгімен берілген мақсат-мүддеге, міндеттерге қарап, студент жаңа нысаналарға өзінше шығармашыл деңгейде құрастыруды дағдыға айналдыруы көзделеді. Егер мақсат-мүдде, міндеттер айқын анықталса, нәтижеге жетудің жолы да қысқармақ.
Басты мақсат - берілген мәтінді дұрыс ұғу, оны талдай білу, автордың мұратын дәлдеп дәйектеу. Мұндай әрекеттер студенттерге табандылық, байыппен қараушылық, сабырлылық, түбегейлі білік жиюға бағыттылық әкелмек.
Оқыту теориясын таңдау процесінде мыналарды назарға ұстаған абзал:
- мамандарды сапалы деңгейде әзірлеудің мақсат - міндетін жіктеу;
- мамандықтың қоғамдағы орнын айқындау, оның мүмкіндігін пайымдау, мәртебелі тұстарын жіктеу, жаңа тұжырымдардың қоғамға қайшылығын шығару, педагогтық ұжымдағы көлеңкелі тұстарды жинақтап, оған қайшылықта келмесі үшін және өзінің озықтық мұратын іске асыруы үшін жұмысты ыңғайлап отыратын кәсіпкер ұстаздарды даярлау.
Студент жоғары оқу орнында бұлжымайтын біліми - ғылыми деңгейде қалмай, оқытылым тұрғысында жаңа пайда болған инновация мен технологияларды дербес меңгере алатын ұстанымда болуын қамтамасыз ету - ең өзекті мәселе.
Оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесінің пәні мен міндеттері.
Дидактика пәніне барлық дидактикаға қатысы бар маңызды нысаналар жатады. Былайша айтқанда, дидактикалық кызметтің бәрі дидактиканың пәні болып есептеледі. Оқыту процесінің мазмұны (біртұтас жүйесімен), әдістері, құралдары, оны ұйымдастыру тәсілі, аталған жүйе - құрылымның мақсатқа бағынуы сияқты іс - қимылдың алгоритмінен тұрады. Пәннің бір саласына жоғары оқу орнының біртұтас жүйесінің іс - әрекеті жатады.
Сол сияқты басқа да білім беру процесін іске асыратын оқу орындарының қызметтері пәннің нысанасы болып саналады. Пәннің ішкі құрылымын алдымен оқытылымның бағдарламалық мазмұны, оқытушылармен және студенттермен жұмыс, ұйымдастыру ісі, әлеуметтік процестердің түрлері мен жағдайларын қарастыру іс -қимылын құрайды. Әркім өзінің пәнін зерделей отырып, дидактиканың өзіне тән қасиеті мен танымдық белгілерін анықтап, оның нәтижеге бағдарлануын қадағалайды. Жүргізетін пәнін әрбір оқытушы - профессура жан - жақты қарастырып, не ғылыми жаңалық ашып, не сол бар ақпаратты жеткізушілік қызметін атқарады. Алдыңғы субъекті - зерттеу ісін алға жылжытушы, сұраным өресіне сай болып келсе, кейінгісі тек қайталаным деңгейімен тұйықталған оқытушы. Міне, пәнін меңгеретін қасиеттерді осындай сапалармен сырттай бағалауға мүмкіндіктер бар. Десек те, сырттай диагностика жасамай, пәннің жаңалықтарын жоғары оқу орнының басшылары алдын ала топтастырып, оның көрінісінің пән жүргізуші субъектіде кездесу, кездеспеуін нақты рейтинг жүйесімен мониторингке шығарып отыруы көзделеді. Әсіресе, берілетін пәннің ішкі бөліктерін жүйелеп, блоктарға сығылыстырып, ғылыми негізге салып, сандық және сапалық бірліктерді тізбелеп жинақтауға машықтануы - ең басты әрекет. Мұндай әрекеті бар жерде жоғары мектепте дидактиканың пәні - құрылым - жүйесі, оқытылым мазмұны, қозғаушы күші, әдіс - амалдары, түрлері және аталған бөліктердің қосындысының студенттерге тиімді әсері, олардың мамандық алу үрдісіндегі тұлғалық болмысының қалыптасуына ықпалының зор екені даусыз.
І. Егер жоғары мектепте негізгі талаптары мақсаттылық пен орындау дұрыс жолға қойылса, ондай жағдайда жоғары мамандық иелерінде қоғамның заңдары мен қағидаларына, саяси ағымына, нарықтық сұранымына сәйкес келерлік көрсеткіштер болатыны сөзсіз. Мұнымен бірге оларда әдіснамалық шеберлігі, адамдарды ізгілікті бағамда басқара алуы, оларға жағымды тәлімді дарытушылық қабілеті, техниканы қолдануы, педагогикалық технологияларды меңгеруі, ғылыми жетістіктерді өзінің пәніне негіздейтін шығармашылығы дамып отыратыны заңды.
II. Аталған іс-қимыл көрсеткіштермен қатар дидактика тәжірибешілік қызметтердің нысанасы. Пәнінің негізгі теориялық бағдарламасын іс-тәжірибеде қолдану мақсатында сараптама алаңын өзінің ынта-ықыласымен жүргізіп, белгілі өлшемдіктерді құрастыруға тиіс. Мұның өзінде ұтымды тұстарға ерекше мән беру - басты әрекет.
Берілген дидактиканың екі функциясын еске алғысы келмейтін педагог жалпы педагогика ілімінің мәртебесін түсіріп қоймай, өздерінің болашаққа жолдарын жапты деп есептеген жөн. Бұл әрекет сыртқы ортаға қажет емес, оны әріптестеріне демонстрация жасау үшін қолданбайды, керісінше, бұл әрбір оқытушы - профессордың күнделікті тәртібіне сіңісті болып кеткен қызмет, іс-қимыл деп қабылдаған абзал. Өмірде кез-келген ғалым танымдық қасиетінен айырылса, утилитарлы функцияны атқара алмайтынын дәлелдеп келеді. Әлемдегі ақиқат шындыққа бәрінің бағынышты болып келетін заңдылықтарын ашпай, ғылыми аспектінің тәжірибеде тигізер пайдасы жоқ демекпіз.
Қорыта айтсақ, жоғары мектепте дидактиканың біртұтас жүйесінің теориясының атқарар міндеті бір пәннің ауқымындағы адамға қатысы жоқ ғылым мен білімнің студент өміріне пайдасыздығын дәлелдеу биігінен көрінетіні. Студент субъектісі мектепте өтілген 25 - тен астам ғылым мен білім негіздерін бір нүктеге түйістеп, оны өзінің игеретін мамандығына қатысты жоғары оқу орнында меңгеру. Олай болса, дидактиканың нәтижелігі алдымен философиялық негізін үлгілеп, студенттің рухы мен жанына жеті қабатты көзге көрінбес Күннің Нұрынан қуат аларлық ғылыми, рухани гумандық нәр алудың технологиясын меңгеру екені.
Еңбегімізде оқытудың теориялық негіздері прагматика сапасына ауысса, дамудың шыңы, қабілеттіліктің биігі + эзотерикалық тұжырымға келетіні жайлы бағдар беріледі.
Бұның өзі субъектіні эзотериялық деңгейге ұмтылдыратын қозғаушы күші. Мұндай тұжырымға келудің басты себебі ғаламдық, халықтық педагогика кеңістігіне сараптама жасау үрдісінде сараланып, дәйектілікпен талданады. Сол секілді жалғасы болып келетін педагогикалық технологияларға тұжырым, түйіндер сараланады. Сөйтіп прагматикалық көріністің нәтижелері сапасында беріледі.
Қорытынды пайымына тоқталып өтсек, мынандай жаңа тұжырымдарды жіктеп өтуге болады:
- дидактиканың жаңа философиялық, парадигмалық эквивалентін ұлттық, ғаламдық, ментальдық кеңістікте құра білу іскерлігі мен бақылау, интериоризация қабілетін ширату процесінде құруға бағыттайды;
- әрбір пәннің ішкі, өзіне арнаулы заңдылығы мен қағидасы макродидактиканың құрылым-жүйесінің кіші компонеттерінен тұратынына көз жеткізеді;
- зерттеудің сараптама объектісіне айналған қазақ әдебиетінің, қазақ тілінің, (филологиялық аспекті), химия - физиканың, астрология мен психология, педагогика, философия т. б. пән негіздерінің біліми - ғылыми сарынынан бір нүктеге түйістірер, адамның өзін-өзі тануына, басқа субъектіні тануына, зерделеп - зерттеуіне бағдар жасамауының үлкен тауқымет ретінде қабылданып, Адам жанының, рухының Күннің Нұрынан жеті сипатта (Ментальді деңгейден жеті планетадан жеті ультра сәуледен) өзіне қуат алу өнерінің дамуы. Эзотерикалық кеңістікке бағыттайтын қозғаушы күштің көзін табуға ұмтылуын қадағалайтын механизмді құруға талпынады. Нәтижесінде, адам өзінің көз алдындағы құбылыстарды қабылдаудың төменгі қабат екенін ұғьш, дерексіз, ассоциативті құбылыстар мен процестерді түйістіре, Жерден сүйіспеншілікті, Оттан көрегендікті, сәуегейлікті, жұрт естімейтін құндылықты қабылдаушылықты, Судан түйсінушілікті, Ауадан - сезімталдықты қабылдап, жеті қабат Аспан әлемінің (Марс - Меркурий - Жер), ғарышты, ментальді деңгейліктерінен рухын аспандатарлық, өмірге құлшыныстылықты оятарлық, адреналин мен кремнийді дамытарлық логикалық пайымына нәр алу іскерлігін оқылатын ғылымның дидактикасының философиялық біртұтас жүйесінде берілуін қадағалайды;
- аталған тұжырымдардың сарыны, нышаны төмендегі сапалардан тұрады;
- Жерде - ақ пен қара, жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, Асыл мен жасық т. б., бір сөзбен айтқанда, іс - әрекет мәнділігі басым;
- Судан - тепе-теңдік экспансиясы, қайшылық, антитеза, сезімге толы өмір басым;
- Оттан - экспансиясы, өзіне қажетін бөліп алу, жеке даралану, өзін - өзі тану, зерделеп - зерттеу басым;
- Ауадан - өзін қоршаған объектімен субъектіні жаңылмай тану, қарым - қатынас жасау өнері, ақыл - ой, логикалық пайым құру басым;
- Эфирде - кеңістік, бірлік, еріктілік басым.
Сол себепті Ж. Аймауытовтың ұлттық психология тұжырым -пайымына діттетіп жеке талдау, жинақтау мен жалқылау, жалпылау, феноменін табу т. б. методологиялық сараптау жасалып беріледі:
- жұлма жад пен философиялық жад;
- «Ой сандығының» құнды тұжырым - түйіндермен қорлануының сипаты;
- соқыр сезімдердің басыңқы болуынан аталған бес түйсіктің саңылау сезімдерінің ашылмай қалу себептері;
- адамның арғы тегінде тектілік болмаса, пендешілік пен жәуан мәрттілік деңгейден аспайтыны жайлы пікірі т. б. Олай болса, батыстың зерттеушісі Алан Лео «Эзотерикалық астрология немесе жаңа уақыттың асторлогиясы» айдарымен Харьковтың РИП «Оригинал» 1994 жылғы еңбегін сараптамадан өткізу арқылы данышпан бабаларымыздың Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев және т. б. көрнекті даналарымыздың әдеби - ғылыми еңбектерімен үндесіп келетініне күмәннің жоқтығы байқалады.
Аталған қорытынды тұжырымның бәрін жинақтасақ, мынандай түйін шығады:
- үш ғұнның ашқан жаңалығы: эфирлі денеден физиологиялық қалып, ғарыш пен ментальдан адамның пара-психиологиялық қабілеттілігі ұшталатыны;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz