Дарынды баланы дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметгік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы, білім беру саласындағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығына сүйеніп дарындылықты дамыту негізін жасау, баланың дарындылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте жан-жақты, ақыл-ой өрісі кемелденген жеке тұлға тәрбиелеу мәселесін шешу қажеттігін туындатып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, креативтілік қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер көтерілгені белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықты, дарынды, талантты, білімді, жоғары дайындығы бар жеке тұлға қалыптастыру қажет

Жеке тұлға-басты құндылық, оның дарынының, интеллектуалдық

қабілетінің дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту-білім беру, отбасында тәрбиелеу негізінде жүзеге асады. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда бала қабілетін уақытылы ашып, дарынын дамыту қажеттігі- көкейкесті мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балалар мектептерін дамыту және мемлекеттік қолдау (1996 жыл) бұйрығымен аса қабілетті оқушылармен белсенді жұмыс жүргізу жандана түсті, дарынды балаларды анықтаудың, қолдаудың, оқытудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі құрылды [2] . Осыған сәйкес «Жас таланттарды қолдаудың мемлекеттік «Болашақ», «Дарын» бағдарламалары өңделді. Берілген бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы үкіметінің Қаулысы бойынша (№ 256. 1998 жылдың 24 наурызы) білім берудің жаңа ұйымы - Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ашылды. «Дарын» орталығының ашылуы теория мен практикада белгілі нәтижелерге жеткізді: Халықаралық олимпиадалар, ғылыми жарыстарда Қазақстан құрама командасы тек 2002 жылы 251 медальді, оның 55 алтын, 89 күміс, 107 қола жеңіп алды [3] .

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер болып, оқыту мен тәрбиелеу ісінің үтымды жақтары ашылып жатқанмен, мектеп пен отбасы ынтымақтастығы әлі де болса толық шешімін таба қойған жоқ. Әрі мектеп пен отбасы ынтымақтастығының оқушылардың дарындылығының дамуына ықпалына терең үңіле бермейміз. Елімізде педагогика және психология саласында оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелеріне байланысты бірқатар маңызды зерттеулер орындалған: жеке түлғаның танымдық ізденіспаздығы мен шығармашылық ойлау мүмкіндіктерін дамыту А. Е. Әбілқасымова, Б. А. Тұрғынбаева, дарынды балалармен жұмыс істеу теориясы мен практикасы Жексенбаева У. Б., Қазақстан Республикасында дарынды балаларды айқындау, қолдау және дамыту тұжырымдамасында: оқыту, дамытудағы білім беру технологияларының ролі, дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді дайындау, т. б. мәселелер көтерілді.

Мектептерде де, тұтас білім беру жүйесінде де дарындылық проблемасына бетбұрыс болғанымен, оң көзқарас қалыптаса бастағандығымен шешімін таптаған келелі м
селелер де жеттілікті. Бүгінгі күннің негізгі талабы - әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық танымы, қызығушылығы қалыптасқан, қоршаған ортамен креативтілік қабілет негізінде қатынас жасап, жаңаша ойлай алатын білімді, іскер, бәсекелестікке қабілетті дарынды адамды қалыптастыру міндеті қойылуда.

Бұл міндетті шешуден мектеп те отбасы да шет қала алмайды. Бұл біз зерттеп отырған тақырыптың өзектілігін айқындай түседі, әрі жұмысымызда қарастырылатын мектеп пен отбасындағы дарындылықты дамыту мәселесін жан-жақты ашу қажеттігін негіздейді, өйткені дарындылықты дамытуда олардың ынтымақтастық қатынасының, қызметінің мәні зор. Сондай-ақ қабілетті балалардың дарындылық потенциалын дамытуда оқыту жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу, оқыту үрдгсін жаңаша ұйымдастыруды да негізге алу қажеттігін көрсетеді.

Мектеп оқушыларының қызығушылықтары материалдық, заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай үлкендерге бағдарлану, яғни ересектерге еліктеу, үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту қүралы болып табылады. Соның негізінде балалардың дарындылығының даму деңгейі жоғарылап қана қоймайды, олардың мінез-құлқында да жағымды өзгерістер жүзеге асырылады.

Өзбекше оқитын шәкірттердің тұйықтық, жасқаншақтық қасиеттері, олардың бойындағы дарындылық қабілет потенциалдарын үнемі жарыққа шығара бермейді. Ал «Дарынды бала мектебінің» оқушылары негізінен өздері қызығатын пәндерге айрықша мән береді, әрі оларға еркіндік, бейімділік, белсенділік тән келеді. Олай болса, дарындылықтың физиологиялық негізіне сәйкес әрбір бала белгілі бір нышанмен туылатындығы, бірақ оның дамуы кейінгі дамытушылық жағдайларға байланыстылығы басшылыққа алынуы қажет. Баланың жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуында отбасының, әсіресе, ата-ананың ролі ерекше. Қазақстанда отбасы тәрбиесін зерттеген ғалымдардың бірі- Н. Құлжанова өзінің «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала» атты еңбектерінде бала тәрбиесінің ісүрделі, көптеген факторларға тәуелді екенін ескерте отырып, тәрбие мен дамудың жас ерекшелік кезеңдеріне байланысын ашып, отбасы тәрбиесінің маңызын аса жоғары бағалайды [4] . А. Байтүрсынов: «Баланы бастан тәрбиелеу-жас басынан дүрыс өсіру деген сөз. Дұрыс тәрбиеленген бала тіршілік ісіне икем, бейнетіне берік болып өспек», - дей келіп, нақты мақсат жеті жұрттың қамын жейтін азамат тәрбиелеу деген тұжырымға келеді [5] . Шыр етіп дүниеге келгеннен бала анасының аяулы алақанында әлдиленіп, елжіреген махаббатқа толы мейірімді жүрегінің жылуын алады. Ана мен бала арасындағы махаббат соның айғағы. Отбасындағы бала тәрбиесі сан ғасырлар бойы алуан қырынан зерттеліп келеді. Ұлы грек ойшылдары: Аристотель, Платон, Сократтардан [6] бастап, Шығыс ғұламалары: Әл-Фараби [11], Ж. Баласағұн [12], К. Кейқауыс [14], Абай

Құнанбаев [15], Ш. Құдайбердиев [16], т. б. отбасы, оның құрылымы, отбасындағы бала тәрбиесі, оның бала дамуына ықпалы мәселелерін қарастырады.

Адам отбасында тұлғалық қадір-қасиетімен, әлеуметтік және "Мен" бейнесімен, қоғамдағы орнымен, өзіндік позициясымен танылады. Жеке тұлғаның болмыс-бітімі, құдірет күші, іскерлігімен, ақыл-парасаттылығымен ғана шектеліп қоймайды. Мінез-құлық ерекшеліктері мен темпераменті, ынтымақтастық жағдайдағы ауызбіршілігі, ұстамдылығы, сабырлылығы, өзіндік даралық таланты мен дарынын, дарындылық қабілетін сақтай, дамыта білуі, бүгінгі заманда аса маңызды болып табылатындықтан, біз өз зерттеуіміз ең бір көкейкесті тақырыпты шешуге септігін тигізе ме деген ойдамыз.

Зерттеуші ғалымдар: отбасы тәрбиесінің әртүрлі аспектісін, олардың балалар дамуы мен жетілуіне ықпалын, дарындылық пен қабілеттілікке байланысты туындаған проблемаларды жою, шешу жолдарын қарастырады. Бірақ біздің зерттеуіміздің мақсаты дарындылыққа байланысты, оның даму қарқынына сай отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру механизмдерін айқындау және түсіндіру болғандықтан біз назарымызды екі жақты мәселені тұтас шешуге бағыттадық. .

Біз өз жүмысымызда мектеп пен отбасы ынтымақтастығы жағдайларын дарындылықты дамытушы детерминациялық фактор ретінде айқындалатындығын зерттеу нәтижесінде қарастырдық. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы дарындылықты дамытуда шешуші роль атқаратындығы анықталды.

Мектеп пен отбасы іс-әрекеті барысында қажеттіліктерді қанағаттандыруға, мақсатқа жетуге бағытталған әр алуан құбылыстардың арасында байланыстар түзеліп, иеархиялық жүйелері пайда болады, баланың іс-әрекеті осы жүйенің пайда болуының реалды процесіне айналады (К. Ж. Қожахметова, 1998) . Ынтымақтастық іс-әрекеттерге ата-ана мен мектеп әсерін жалпы бағыттық іс-әрекет анықтайды (Г. К. Селевко, 1998, Ю. Б. Гиппенрейтер 2000, Л. К. Керимов 1991) [38] Дарындылықты дамытудағы іс-әрекеттің бағыттылық негізі (В. К. Шабельников, 2003), оның қажеттілігі мен ұйымдастырылуы арқылы пайда болады.

Сонымен зерттеу барысында бүгінгі қоғам сұранысының талабына сай отбасындағы балалардың дарындылығының қалыптасуына мектеп пен ынтымақтастық жағдайдың ықпалы, осы жағдайға байланысты мұғалім мен ата-ана әрекеті бағдарының мәселесін теориялық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен осы бағыттағы педагогикалық тәжірибенің өз дәрежесінде болмауы арасында қайшылық орын алып отырғандығына көз жеткіздік.

Демек, біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты аталған қайшылықтың шешімін табу үшін мектеп пен отбасы ынтымактастығының дарындылықты дамытудағы психологиялық сипатын, педагогикалық негізін анықтау болып саналады.

Отбасында мектеппен ынтымақтастық жағдайындағы әрекет бағдары
мәселесі баланың дарындылығының қалыптасуына әсері өте аз зерттелген.
Сондықтан да осы зерттеуді жүргізуге толық негізділік бар деп есептейміз.
Аталған мәселенің көкейкестілігі, теориялық және әдістемелік жағынан
қарастырылмауы біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: "Дарынды
баланы дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы"
деп
тандауымызға себеп болды. Ата-ана мен мектеп арасындағы

ынтымақтастық әрекет оның компоненттері әр түрлі отбасы жағдайындағы балалардың дарындылығын дамыту саласындағы іс-әрекеттерімен өзара байланыста ашылды. Біздің зерттеулерімізде мектеп пен ата-ананың ынтымақтастық әрекеті негізінде дарындылықты дамыту компоненттері (Т. Н. Сидорова 1987 [91] ., В. В. Бойко1988 [20] ., Соколова Е. Т. 1989 [92] ., А. С. Спиваковская 2004 [93] ., Р. В. Овчарова 2003 [18] . ) және осы компоненттердің әртүрлі ортаға байланысты өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің әсері қарастырылады.

. . Зерттеу объектісі: Ынтымақтастық жағдайындағы мектеп пен отбасының дарындылықты дамыту әрекетінің бағдары.

Зерттеу пәні. Дарынды оқупіының мектеп пен отбасы ынтымақтастық жағдайындағы даму процесі.

Зерттеу мақсаты: дарындылықты анықтау, мектеп пен отбасы, ынтымақтастық әрекеті негізінде оқушылардың дарындылығын дамытудың жолдарын ғылыми-теориялық негіздеу, арнайы дамыту жүйесін қальштастыру, психологиялық ерекшеліктерін ашу, айқындау.

Зерттеу болжамы: Егер мектеп пен отбасының балалардың дарындылығын дамытудағы ынтымақтастығы арнайы бағдарламалық негізде құрылып, туа біткен қабілеттерді дамыту саласында белсенді жұмыс жүргізілсе, дарьшдылықтың- интеллектуалды дамумен, ынтымақтастықпен байланысы дәлелденсе, онда дарындылықты ашуға, кең түрде дамытуға болады, ынтымақтастық іс-әрекет орнықты дамитын болады.

Зерттеудің міндеттері:

  • дарынды оқушыларды мектеп пен отбасы қалыптастырудың теориялық негізін айқындау;
  • мектеп пен отбасы ынтымақтастығындағы дарынды және дамыту мүмкіндіктерін анықтау;
  • дарынды балаларды дамыту үрдісінің құрылымдық -мазмұндықмоделі, тың өлшемдері мен көрсеткіштер мен деңгейлерін саралау;
  • тәжірибелік - экспериментте дарынды балаларды тексерістен өткізу, нәтижесін шығару;

Зерттеудің жетекші идеясы: отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық қатынас дұрыс пайдаланылса, бала дарындылығын, қабілеттілігін дамытуға негіз болады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: дарындылық

тұжырымдамасы, жеке тұлғаның дарындылығының дамуы жөніндегі ғылыми тұжырымдамалар, философиялық отбасы, қоғамдық институттық-мектеп,

құндылық және жеке тұлға теориясы, отбасылық қатынас мәнін анықтайтын психологиялық, педагогикалық идеялар, отбасы тәрбиесінің теориялық қағидалары, ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдамалары.

Зерттеу көздері: философ, психолог, педагогтардың дарынды тұлға, дарындылық, қабілеттілік туралы, отбасы, мектеп пен отбасы әрекет бағдары, дарындылық теориясы мен тәжірибесі, нормативті құжаттары, "Қазақстан Республикасында дарынды балаларды айқындау, қолдау және дамыту тұжырымдамасы", Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, «Болашақ», «Дарын» бағдарламалары, "ҚР тәлім-тәрбие тұжырымдамасы" [49], автордың педагогикалық, зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін шешу үшін төмендегідей әдістер таңдап алынды:

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық, монографиялық (отандық және шетелдік) әдебиеттерге, норматавтік құжаттарға теориялық талдау жасау; педагогикалық басылымдарды зерделеу; салыстырмалы талдау, (белгілі бір критерийлері барысында зерттелуші дарынды бала мен әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы әтбасы, түрлі мектептегі нәтижелерді салыстыру) ;

математикалық-статистикалық (корреляциялық талдау) . модельдеу, жсперимент жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу, қорыту.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: қаңтар, сәуір, мамыр айлары

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және зерттеудің теориялық маңыздылығы:

  • мектеп пен отбасы ынтымақтастығында дарынды оқушылардыдамытудың теориялық негізі айқындалды;
  • дарынды балаларды мектеп және отбасы ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін;
  • дарынды балалардың дамыту үдерісінің қүрылымдық-мазмұндықмоделі жасальш, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықталды;
  • "дарын" "дарындылық", "қабілет", "қабілеттерін", мектеп пен отбасыынтымақтастығы ұғымдарына анықтамалар берілді.

Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі: *зерттеу нәтижелерін, дарындылықты амыту саласындағы жұмыстар жүргізуде, мектеп пен отбасы ынтымақтастық қатынасын дамытуда қолдануға болады. Бұл дарынды оқушы тұлғасын қалыптастыру мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады. Зерттеу әдістемелері:

  • А. И. Савенковтың Хаан және Каффа методикасы негізінде даярланған«Дарындылык карта» әдістемесі
  • Д. Векслердің интеллектті анықтайтын шкаласы модификациялықнегізде пайдаланылды;
  • В. К. Шабельников бойынша ынтымақтастық әрекеттерінің бағдарлық

негізі;

- «Мектеп пен отбасы ьштымактастығы жағдайындағы дарындылықты
дамыту әрекетің сипаты» ( ынтымақтастық педагогиканы дамытуға
негізделген нұсқа, Г. П. Мажур) . Бинне-Симон тесттерінің жүйсі; Гаус,

Годдар, Джонстон, Бобертаг әдістемелері В. Штерннің «Ақыл дарындылығын зерттеу әдістемесі».

Зерттеу базасы: Диссертациялық жұмысымызды жүзеге асыру барысында эксперименттік зерттеу Түркістан қаласында «Дарынды балалар» мен Хамза атындағы орта мектепте өткізілді. Мектеп пен отбасының өзара әрекеттегі ынтымақтастық қатынасы дарындылықты дамытудың арасындағы байланысты зерттеуде алынған нәтижелердің негізінде жасалған қорытындының шынайылығы материалды жан-жақты терең талдаудың, зерттеуде көптеген әдістерді қолданумен, алынған мәліметтердің статистикалык маңыздылығымен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу жұмысына эксперименттік сыныпта 26 оқушы және бақылау сыныбында 20 оқушы қатысты.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Диссертациялық

жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, тұжырымдар мен қорытындыдан,

пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады, зерттеу

нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті бейнеленген. Кіріспеде ғылыми

апарат: зерттеудің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, ғылыми

болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негізі, дерек көздері,

зерттеудің әдістері мен негізгі кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық

мәні және қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды. Бірінші бөлімдың

бірінші бөлімінде зерттеу тақырыбына сәйкес психологиялық,

педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды; 2-бөлімда арнайы

тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесі, дарындылықты дамытуға

мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тигізетін ықпалы негізделді;

зрттеу тәжірибесінің эксперименттік мақсаты, міндеті, қорытындысы

көрсетілді; жұмыстың әр бөлімының соңында тұжырым жасалып,

қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижелері негізінде дайындалған

ұжырымдар мен ұсыныстар берілді. Зерттеу нәтижесі түйінделді,

пайдаланылған әдебиеттер, қосымша материалдар қамтылды.

I БӨЛІМ Оқушылардың дарындылық мәселесінің

теориялық негіздері

1. 1. Дарындылық, қабілеттілік ұғымдарының мәні, тұжырымдамалық негізі

Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның дарындылық, қабілеттілік потенциалына байланысты қалыптасады. Дарындылық қабілеті жоғары балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандырса, екінші жағынан қоғам болашағын қамтамасыз етеді. Дарындылық механизмі туралы айтқанда, бұл қабілетті зерттеу сөзімен ілестіріле жүреді. Оның айғағы В. Н. Дружининнің «Жалпы қабілеттіліктер психологиясы» еңбегінде интеллектуалдық даму, қабілеттілік пен дарындылық, олардың дамуына ықпал ететін факторлар, ақылдылық физиологиясы, интеллект модельдері, теорияларымен қатар дарындылық мәселелері қарастырады. Жоғары психикалық әрекеттердің дамуы туралы Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясы [38 ] ., осының негізінде жасалынған П. Я. Галпериннің ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасуы туралы теориясы [31] ., Ю. А. Самаринаның ақылдың дамуының ассоциациялық теориясы, В. В. Давыдов, З. И. Калмыкова, Н. А. Меньчинская және тағы басқалардың дамыта отырып оқыту теориясы, Т. В. Кудрявцев, А. М. Матюшкин, М. М. Махмутовтьщ проблемалық-мәселелік оқыту теориясы [69] ., Н. В. Кузьмина, Н. Ф. Талызина, М. М. Мұқановтың программалық оқыту, С. М. Жақыповтың «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы», Ю. К. Бабанскийдің «оқытуды оптимизациялау теориясы»., Қазақстанда дарындылықтың, қабілеттіліктің даму мәселесіне біршама үлес қосқан Ә. Алдамұратов, Қ. Р. Рахымбеков, М. О. Резванцева, Л. К. Керимов, Қ. Б. Жарықбаев, А. Е. Әбілкасымова, Н. Палагина, В. К. Шабельников, С. Қ. Бердібаеваның еңбектері біздің жұмысымызға сүйеу бола алды. Олардың көзқарастарын біз өзіміздің диссертациялық жұмысымыз барысында жан-жақты талдау жасап, негізге алдық. Дарынды балаларды анықтап, зерттеу және оларды қолдау жұмысы әр түрлі деңгейдегі пәндер олимпиадаларында, байқау-конкурстарында, интеллектуалдық жарыстар барысында орындалуда.

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөспірімдік шақ - бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әр түрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т. б. ) . Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктер жойылып, жас адамның алған мамандығында бұл қабілеттер негізгі роль атқармай, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге. Бірақ қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең

болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан балалар, ата-аналар, мұғалімдер алдына да жаңа міндет қойылуда, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту, осының негізінде баланың болашағын анықтау. Қандай да қызмет барысында адам түрлі іс-әрекеттерді орындайды соған байланысты істі тиімді, нәтижелі етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік, психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас жеке көрінісін адам қабілеті деп атаймыз. Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық - адамда обьективті, жан-жақты бейімділік, накты іс-әрекетті орындауға талпынысы, ынта-ықыласы мен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрл, ерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен уйлесім табады. Адам іс-әрекетте табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс мінез-кұлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімді нәтижеге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басының сапаларына назар аударып, өз бойындағы қабілет, нысандарын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді. Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адамаралық катынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрактылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.

Өз қызығушылықтары бағытында дарынды балалар қажырлылық танытады, бұл қасиеттің көрінісі баланың бір іспен үзбей шұғылдануынан байқалады. Басқаларымен салыстырғанда дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды. Дарындылық дәрежесінің артуы білім мен дағдыларды игеріп, жетілдіріп отыруға тәуелді.

Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға, екінші - тарихқа өзгелер - қоғамдық жұмыстарға құмар, лидер болуда өз дарындылығын іске қосып,

оны нақты іс-әрекетте дамытады. Баланың дарындылығы деп - бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылык құбылыстары жоғары болып табылуы түсіндіріледі. «Дарындылық» - бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық әнциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» - бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуіне көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. «Дарындылык» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. «Қабілеттілік» сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д. Н. Ушаковтың түсіндірмелі сөздігі бойынша:

  1. табиғидарын;
  2. бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың дарындылық мәселесінің теориялық негіздері
Отбасы - әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді үйретуші және ұйымдастырушы
Отбасылық тәрбие
А. С. МАКАРЕНКО ТАҒЫЛЫМДАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ отбасында тәрбиеге мейлінше ықпалды ата мен әже
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Сынып жетекшісінің бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарымен жұмыс жүйесі мен әдістері
Отбасы баланы тәрбиелеу институты ретінде
Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz