Ұлыбритания жайында



1 Ұлыбритания
2 Конституция
3 Мемлекеттік қызмет жүйесі
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Конституциялық монархия. Мемлекет басшысы королева. Үкімет басшысы премьер-министр. Заң шығару органы Парламент. Ол екі палатадан Лордтар және Қауым.
Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, "үлкен сегіздіктің" мүшесі, ядролық державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап Кеңестік бұрынғы кеңістікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды. Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын нығайтуға күш салуы болып табылады. 1990 жылдардың басында елдің бұрынғы Премьер-Министрі, көрнекті британ саясаткері М.Тэтчердің Қазақстанға келуі осының дәлелі. Лондонның Орталық Азия мемлекеттері жөнінде маңызды міндеттеріне либералдық реформаларды қолдау, халықаралық құрылымдарда тиісті елдердің қызметін бақылау, діни радикализмнің таралуына жол бермеу жатады.
Қазақстанның Еуропадағы аса ірі сауда және инвестициялық серіктесі ретінде Ұлыбританияның айрықша орны екі жақты қатынастарда саяси проблемалардың жоқтығымен, бірінші кезекте мұнайға, газға және құбырға орай геостратегиялық және экономикалық факторлармен байланысты.
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Королдігі арасында дипломатиялык, қаты-настар 1992 жылғы 19 қаңтарда орнатылды.
Бұл орайда Қазақстан - Британ қатынастарының дамуына Президент Н.Назарбаевтың Біріккен Королдікке 1991 жылғы қазанда жұмыс сапарының барысында-ақ тыныс берілген еді. Сол кезде Еуропа қайта құру және даму банкінің, қазір Қазақстанда белсене жұмыс істеп жатқан "Бригиш Газ", "Бри-тиш Петролеум" компанияларының және басқа да жетекші британ компанияларының басшылығы байланыстар орнатылды.
1. Ұлыбритания. The World Factbook. CIA. Тексерілді, 3 қараша 2011. (ағыл.)
2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
3. Мұхтаров А.Қ. шетелдердің мемлекеттік және құқық
тарихы. А.,1999

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ұлыбритания

Конституциялық монархия. Мемлекет басшысы королева. Үкімет басшысы
премьер-министр. Заң шығару органы Парламент. Ол екі палатадан Лордтар және
Қауым.
Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, "үлкен сегіздіктің"
мүшесі, ядролық державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап
Кеңестік бұрынғы кеңістікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде
қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды.
Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий
аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын
нығайтуға күш салуы болып табылады. 1990 жылдардың басында елдің бұрынғы
Премьер-Министрі, көрнекті британ саясаткері М.Тэтчердің Қазақстанға келуі
осының дәлелі. Лондонның Орталық Азия мемлекеттері жөнінде маңызды
міндеттеріне либералдық реформаларды қолдау, халықаралық құрылымдарда
тиісті елдердің қызметін бақылау, діни радикализмнің таралуына жол бермеу
жатады.
Қазақстанның Еуропадағы аса ірі сауда және инвестициялық серіктесі
ретінде Ұлыбританияның айрықша орны екі жақты қатынастарда саяси
проблемалардың жоқтығымен, бірінші кезекте мұнайға, газға және құбырға орай
геостратегиялық және экономикалық факторлармен байланысты.
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен
Королдігі арасында дипломатиялык, қаты-настар 1992 жылғы 19 қаңтарда
орнатылды.
Бұл орайда Қазақстан - Британ қатынастарының дамуына Президент
Н.Назарбаевтың Біріккен Королдікке 1991 жылғы қазанда жұмыс сапарының
барысында-ақ тыныс берілген еді. Сол кезде Еуропа қайта құру және даму
банкінің, қазір Қазақстанда белсене жұмыс істеп жатқан "Бригиш Газ", "Бри-
тиш Петролеум" компанияларының және басқа да жетекші британ компанияларының
басшылығы байланыстар орнатылды.
Қазақстанға Король отбасымен мүшелері мұрагер ханзада Чарльз 1996жылғы
қарашада, ханшайым Анна 1993жылғы шілдеде және Королева II Елизаветаның
немере інісі Герцог Глостерский 2002 жылғы қыркүйекте келіп қайтты.
Екі жақты қатынастар экономика мен мәдениет саласында, сондай-ақ НАТО-ның
"Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы шеңберіндегі әскери
ынтымақтастық серпінді дамуда.
Президент Н.Назарбаевтың 1994 жылғы наурызда Ұлыбританияға ресми сапары
өзара іс-қимылды тереңдетуде жаңа кезеңді ашты. Қазақстан - Британ
ынтымақтастығының шарттық-құқықтық негізін қалаған құжаттарға қол қойылды.
Бұлар: Достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларация; Білім, ғылым
және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы; Әуе қатынасы туралы
келісімдер; Екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық
туралы декларация; Қос салық салуды жою және табыс пен мүлік құнының
өсіміне салықтар төлеуден жалтаруды болдырмау туралы конвенция.
1995 жылдың соңы мен 1996 жылдың басында екі жақты экономикалық
қатынастарды реттейтін екі шешуші келісім: Қос салық салуды болдырмау
туралы конвенция және Инвестиция-ларды қолдау мен өзара қорғау туралы
келісім күшіне енді. Бұл Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сауда-
экономикалық және инвестициялық қатынастардың дамуын айтарлықтай дәрежеде
жеңілдетті. Оның негізгі бағыттары энергетика, кен өндіру өнеркәсібі,
сауда, әлеуметтік инфрақурылым, денсаулық сақтау, көлік пен байланыс, қаржы
және жекешелендіру саласындағы консалтингтік қызметтер, пайдалы қазбаларды
барлау мен өндіру болып отыр.
Ұлыбритания Еуропа Одағы елдері арасынан бірінші болып 1996 жылғы
маусымда Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы
келісімді бекітті.
Кейінгі уақытта Қазақстан - Британ қатынастарын серпінді дамыту үрдісі
айтарлықтай нығая түсті. Британ бағыты біздің саясатымыздың еуропалық
бағыттағы маңызды құрамдас бөлігіне айналды. 1997 жылғы маусымда Қазақстан
Президентінің Ұлыбританияға баруы елеулі оқиға деп саналады. Лондондағы
келіссөздерден кейін саяси және сауда-экономикалық байланыстарға, ірі
Британ компаниялармен ынтымақастықты кеңейтуге серпін берілді.
1999 жылғы сәуірде НАТО-ның мерекелік салтанатында Н.Назарбаевтың
Ұлыбританияның Премьер-Министрі Т.Блэр-мен кездесуі болды. Мемлекеттер
басшылары өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету жөнінде бұдан былайғы іс-
қимылды талқылап, белгіледі.
Қазақстан Президентінің 2000 жылғы қарашада Лондонға ресми сапары екі
елдің өзара қатынастарындағы ірі оқиға еді. Сапар барысында Королева II
Елизавета Н.Назарбаевты Қазақстанда саяси және экономикалык, тұрақтылықты
қамтамасыз етуге, заңдылық пен демократияны орнатуға, сондай-ақ жәһандық
ауқымда ядролық қаруды таратпау ісіне сіңірген еңбегі үшін Біріккен
Корольдіктің жоғары наградасы Қасиетті Михаил және Қасиетті Георгий
орденімен марапаттады. Сапар кезінде әскери саладағы ынтымақтастық туралы
құжаттарға, ҚР Өкіметі компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы
меморандумға, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Британ кеңесі
арасындағы Қазақстан - Британ университетін құру туралы меморандумға қол
қойылды.
Ұлыбритания Қазақстанмен сауда-саттықта жетекші орын алатын әлемнің бес
дамыған елдерінің қатарына жатады. 1998 және 1999 жылдары сауда айналымы
тиісінше 629 млн. және 422 млн. долларды құрады. 2000 жылы екі жақты сауда
айналымы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XXX жазғы Олимпиада ойындары
Қазақстан-британ қатынастарының жалпы сипаты, даму тенденциясы мен Қазақстан Республикасы үшін маңызы
Қырым соғысының басталуы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оны іске асыру кезеңдері
Ұлыбританияның саясижүйесі
Кения Республикасы
Ұлыбританияның қаржы жүйесі және Қазақстан
Қаржы институттарының салық салудағы теориялық-әдістемелік аспектілері
Елтану курсынан дәрістер
Іі Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру
Пәндер