«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсынынан лекция тезистері


1. Лекция тезистері

Лекция №1. Тіршілік ету қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негіздері

1. ТЖ жағдайларындағы тіршілік ету қауіпсіздігін қамтамасыз ету курсының мақсаты мен міндеттері.

1 «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсының теориялық негіздері, мақсаты.

«Тіршілік қауіпсіздігі» курсының оқу бағдарламасына енгізілуі қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму логикасына байланысты болып отыр. Бұл курстың өзегі болып, қоғамның дамуының негізі - адам алынған. Кезінде Протагор «Адам - барлық заттың өлшемі» деген екен. Яғни, адамды жұмыс күші ретінде жүмыс процесінде ғана қорғау қажет емес, сонымен қатар оны өмір бойы, қайда тұрса да, қайда жүрсе де қорғау қажет.

Осы мәселелерге байланысты «Тіршілік кауіпсіздігі» курсының теориялық негізін жасауға болады:

- адам жерде пайда болғаннан бастап, ылғи да өзгеріп отыратын қауіп пен қатердің арасында өмір сүріп келеді, яғни адамның іс-әрекеті мен тіршілігі әрқашанда қауіпте;

- қауіп-қатер адам өміріне, оның денсаулығына ылғи да зиянын тигізеді (жүйке ауруы, жарақат, ауру, өлім), яғни мемлекеттің, жалпы қоғамның алдында адамдарды қорғау міндеті тұрады;

- толық қауіпсіздік болмайды, әрқашан белгілі бір қауіп қалып отырады, сондықтан, қауіпсіздікті үйымдастыру жұмысы жоғары деңгейде болуы керек.

Табиғатта болып тұратын қауіп-қатерлер тұрақты, жан-жақты және қуатты, сондықтан жер бетінде қауіп төнбейтін адам болмайды. Бірақ көп адамдар бұл жағдайға көңіл аудармайды, байқамайды, тіпті ойламайды да, сондықтан олардың ойы нақтылы өмірден алшақ болады.

Сондықтан қауіпсіздіктің идеологиясын, нақтылы жайға сай ойлауды, тәртіпті құру үшін, осы «Тіршілік қауіпсіздігі» оқу бағдарламасы қажет. Сонымен, «Тіршілік қауіпсіздігі»- адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс, өрт қауіпсіздігі және т. с. с. ) .

«Тіршілік қауіпсіздігі» курсының мақсаты - қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау - осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік іргесі болып саналады:

- қауіп-қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т. б. ;

- болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу;

- қауіп-қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.

2. ТЖ-да дәрігерге дейінгі жараланулар мен жарақаттанулар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы ізгі міндетті орындай отырып және халықтың денсаулығы туралы үнемі қам жасай отырып Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметін құрып дайындайды; ол медициналық құрамның арнайы дайындығын ұйымдастырады, емдеу-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру үшін арнаулы құрылымдар мен мекемелер құрып дайындайды. Медициналық мекемелердің негізінде алғашқы медициналық көмек жасақтары құрылады; олар тікелей құтқару жұмыстары объектілерінен келіп түсетін зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге және оларды эвакуацияға дайындауға тиіс болады. Медициналық қызмет бұған қоса басқа да бірқатар арнаулы құрылымдар мен мекемелер ұйымдастырады және олардың халыққа медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-қимылдарға үнемі дайын болуын қамтамасыз етеді.

Механикалық күштің сыртқы әсерінен тіндердің-тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар беткі қабаттағы және терең, тесіп өткен және өтпеген болуы мүмкін. Егер жара терең болса адамға тамырлардан немесе зақымданған органдардан көп қан кету қаупі төнеді. Алайда болмашы жараның өзі қауіпті болып шығады.

Жара түсірген заттан немесе жерден жараға балшық, микроорганизмдер, инфекция қоздырғыштары түсуі мүмкін. Инфекция тудыратын ерекше қауіпті аурулар сіреспе және гангрена болып табылады. Кейде жараланулар кезінде іріңдеу процесінің жедел дамитыны соншалық, организм іріңнің айналасында қорғаныш білігін жасап үлгермейді. Мұндай жағдайларда инфекция барлық органдар мен тіндерге тарайды. Жалпы зақымдану немесе сепсис пайда болады. Мұндай ушығу қауіпті және барынша қарқынды емдегеннің өзінде ауырған адамға өлім қатерін төндіреді.

Сепсис кезінде зардап шегушінің дене температурасы 40ӘС-ға дейін көтеріледі. Ол дірілдеп-қалшылдап, сандырақтайды, тер басып, галлюцинация болады. Ауру екінің бірінде есінен танады. Ентікпе пайда болып, жүрегі жиі соғады, арып, терісі сарғаяды. Йодтың 5% спирттік ерітіндісі, брилиант жасылдың 1% спирттік ерітіндісі, марганец қышқыл калидің судағы ерітіндісі, сутек қостотығы көптеген жағымсыздықтардан (соның ішінде іріңдеуден, сепсистен) қорғайды.

Жараны су (қайнаған болғаны жақсы) ағынымен жуып, одан лас бөлшектерді кетіру керек. Одан соң сутек қостотығы ерітіңдісімен немесе марганец қышқыл калийдің ашық қызғылт ерітіндісімен жуу керек. Жараның айналасындағы теріге йод ерітіндісін жағып, одан кейін стерильді таңғыш салынады.

Жараларды диагностикалау кезінде мыналар ескерілуі керек: жаралаған қарудың түрі (пышақ, стилет, балта және т. б. ; оқ ату қаруы, жарылғыш қондырғы) және жарақат механизмі; жараның түрі мен орналасуы.

Кеуде, іш зақымданған жағдайда жараның сипаттамасы өте маңызды: жараның тесіп өткен немесе тесіп өтпеген болуы; өмірлік маңызды органдардың әсіресе бауырдың, көкбауырдың, шектің не жүректің, ірі тамырлардың, өкпелердің зақымдану мүмкіндігі немесе ықтималдығы. Барлық жағдайларда жараның орналасуы, түрі, қарудың ерекшеліктері, клиникалық көріністер, нышандар бойынша бағдарлану керек.

Жараларды қандай да бір «ревизиялауға», «зондтау» әрекеттеріне және басқаларына үзілді-кесілді тыйым салынатыны ерекше атап көрсетіледі. Жараға қол, аспап тигізуге әсте болмайды! Жаралардан сүйек жарықшақтарын алуға болмайды!

Жаралар жаңға батып көп қан кетеді. Жаралану кезінде аурудың барысы көптеген жағдайларға - зақымдаушы фактордың ерекшеліктеріне, жарақаттың механизмі мен оқшаулануына, түріне, тіндердің, органдардың зақымдану дәрежесіне, тереңдігіне, жараның микробтық ластануына, организмнің, оның қорғаныш жүйелерінің (әсіресе иммундық жүйенің) жалпы жағдайына байланысты.

Алгашқы медициналық көмектің негізгі кезендері:

1. Әуелі қан кетуін тоқтату керек. Артериялардан едәуір және үдей қан кетуі кезінде тамырдың орталық қан ағатын бөлігін саусақпен басу арқылы немесе шеткі мүшені бүгу немесе белдікпен тұрақтандыру арқылы қанның ағуын уақытша тоқтатып, одан соң жгут салу керек; веналық, капиллярлық қан ағу кезінде қысып тұратын таңғыш салынады.

2. Жарадан бос жатқан жаттекті денелерді (киімнің жыртықтарын, әйнектің ірі жарықшақтарын және т. б. ) алуға, алғанда стерильді пинцетпен ғана және жараның өзіне аспапты тигізбей алуға жол беріледі.

3. Жараның төңірегіндегі теріні өңдеу: түкті учаскелер (бас және т. б. ) жараланған кезде айнала шаш қайшымен мұқият қырқып алынады; жараның төңірегіндегі тері спиртке батырылған тампон арқылы (қатты ластанғанда теріні бензинмен өңдеуге жол беріледі, бірақ өте сақ болу керек - бензин отқа қауіпті!) тазаланады; тері кепкеннен кейін оны йодтың 5% тұнбасымен өңдейді.

4. Жараға стерильді салфетка, асептикалық таңғыш немесе жеке таңу пакетінен мақта-дәке таңғыш салынады. Салфетканың (таңғыштың) үстінен стерилді мақта қабаты салынып мұқият тегістеледі. Бинт салып таңғыш бекітіледі. Таңғышты торлы бинттің немесе орамалдың көмегімен бекітуге болады. Жоғарғы шеткі мүше мата қиығына салынады. Ол болмаған кезде жараланған мүшені пиджактың немесе күртенің етегіне орнықтыруға болады; немесе қолда бар құралдардан шина салынады.

5. Госпитальдау мүмкін емес немесе кідіртілетін жағдайларда: шеткі мүше иммобилизацияланады; шеткі мүше зақымдалғанда шина салынғаннан кейін оны шамамен 15градус бұрышпен жастыққа жайғастырады. Таңғышқа жара аймағында мұз салынған екі қабатты полиэтилен дорбашық қойылады.

Таңғыш салу ережелері. Мұрын мен иекке айқыш тәрізді таңғыш салынады. Желке және шүйде бөлігіне мата қиығы салынады.

Кеуде қуысы жараланған кезде тұрақтандырғыш бинтті таңғыш салынады Зақымдалған шеткі мүшені иммобилизациялау үшін мата қиығы пайданылады. Иық алды сүйектері сыңған кезде мата қиығы бүктетіліп денеге жақындатылған қолдың астына салынады. Матаның ұштары арқада байланылады.

алғашқы жәрдем және шұғыл жағдайлар бойынша комиссияны ұйымдастыру.

Лекция №2. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

1. Қауіп қатер деген не, себебі мен салдары.

2. Тиімді тәуекелділік концепциясы, сараптау әдісі.

Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттері.

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс- әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.

1-сурет. Қауіптіліктің белгілері бойынша жіктелуі

1. 3 «Адам - мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп-қатерді топтастыру.

Қауіп-қатер - ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты кұбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін.

Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:

- адамның өзі;

- өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдала-нылатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;

- адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.

Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.

Лекция №3. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар

  1. ТЖ-ның классификациясы, кезеңі.
  2. ТЖ-да тұрғындарды қорғау тәсілдері.

Төтенше жағдайлар табиғи және техногенді сипаттағы болып жіктеледі.

Табиғи сипаттағы ТЖ:

-Метерологиялық (боран, дауыл, циклон, қара құйын, қатты ыстық, құрғақшылық, аяз, найзағай өрті )

-Гидрометрологиялық және гиологиялық қауіпті құбылыстар (қар көшкіндері, борандар, көктемгі жаңбырлы тасқындар, сырғымалар)

-Тиктоникалық және теллурлық (жанар таулардың атқылауларынан болатын өрттер, жер сілкінісі)

-Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні)

-Космостық (метериттердің және басқада космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс)

ХАЛЫҚТЫ, АУМАҚТАРДЫ ЖӘНЕ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жалпы ережелер

Халықты, аумақты және ұйымдарды төтенше жағдайлардан, бүгінгі заманғы зақымдану құралдарынан қорғау Азаматтық қорғаныстың басты міндеті болып саналады және Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың барлық басқару органдарымен, орталық және жергілікті атқарушы органдарымен, Қазақстан Республикасының ұйымдарымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлардың зардабынан және бүгінгі заманғы зақымдану құралдарын қолданудан халықты, аумақты және ұйымдарды қорғау жөніндегі шараларына:

басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін әрдайым дайындықта ұстауды, дамытуды ұйымдастыру;

Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды даярлау және белгілі бір іс-әрекет жасау үшін әрдайым дайындықта ұстау;

орталық және жергілікті атқарушы органдарының, ұйымдардың қызметкерлерін дайындау, халықты оқыту;

радиациалық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды байқау және лабораториялық бақылау жасау;

Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларының дайындығын жұмылдыруды қамтамасыз етсін;

салалар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуін арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;

жасырыну ғимараттарының қажетті қорын дайындықта ұстау, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа мүліктерінің запасын жинау;

халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарына, ұйымдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетіндігі туралы хабарлау;

құтқару жұмыстары мен басқа да шүғыл жұмыстарды жүргізу,
зардап шеккен халықтың тыныс-тіршілігін ұйымдастыру және оларды
қауіпті аймақтардан эвакуациялау;

азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізаттарын, жемді, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан, індеттен қорғау жатады.

Халықты, аумақтарды және ұйымдарды төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі шаралар төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жоюдың Мемлекеттік жүйелерінің (ТЖМЖ) талаптарына сәйкес аллдын ала өткізіледі.

ТЖМЖ аумақтық, функциональдық, салалық және объектілік жүйелері кіреді және оның: жергілікті және республикалық екі дәрежесі бар.

ұйымдардың орталық және жергілікті атқарушы органдарының іс-әрекетін үйлестіру үшін республикада Қазақстан Республикасының Үкіметімен мынадай ұйымдар:

төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі Ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясы (ТЖВМК) ;

Республикалық және аумақтық эпидемияға қарсы төтенше комиссиялар;

Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясы, оның аумақтық комиссиялары құрылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мемлекеттік және республикалық және басқа бағыттар бойынша комиссиялар құрылуы мүмкін.

Іс-қимылды үйлестіру үшін орындарда және салаларда: облыстарда, қалаларда, аудандарда - төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссиялар;

орталық, атқарушы органдарында, ұйымдарда - төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялары құрылады.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың басшылары болып, ереже бойынша, ұйымдардың орталық және жергілікті атқарушы органдарының бірінші басшыларының орынбасарлары тағайындалады.

Жоғарыда аталған комиссия шешімдерінің кепілдемелік сипаттамалары бар, оны орган басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды жүргізуде ескереді.

ТЖМЖ барлық құрылымының іс-қимылына жалпы басшылықты және үйлестіруді Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органдары жүзеге асырады.

ТЖМЖ жүйелерінің қысқаша құрылымының міндетін, ұйымдастыруын, қызмет істеу тәртібін және оның қаржылануын тиісті орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдары анықтайды.

Әрбір салалық (объектілік) және аумақтық жүйелерге және оның звеноларына: басшы органдары, күнделікті басқару органдары, жағдайды байқау және бақылау күштері мен құралдары, төтенше жағдайларды жою үшін күштері мен құралдары кіреді.

ТЖМЖ жүйелері мен звеноларының жұмыс істеуіне басқару және бақылау жасауды күнделікті басқару органдары жүзеге асырады, оларға:

облыстық және қалалық басқармалар, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органдарының төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық және аудандық бөлімдері;

барлық деңгейдегі төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссиялардың кезекші қызметтері;

жұмыс істейтін жүйелердің кезекші қызметтері және мамандандырылған бөлімшелері;

кезекші-диспетчерлік қызметтері және орталық атқарушы органдарының, ұйымдардың бөлімшелері жатады.

ТЖМЖ қызметін ақпаратпен қамтамасыз етуді автоматтандырылған хабарлама-басқару жүйелері (ТЖ АХБЖ) жүзеге асырады.

ТЖМЖ іс-қимылына төтенше жағдайлардың алдын алу және төтенше жағдайлардағы іс-әрекет жөніндегі шараларды жоспарлау, дайындау және жүзеге асыру жатады.

Жүйенің жағдайға байланысты жұмыс істеуінің:

күнделікті;

жоғары дайындықпен;

төтенше.

Төтенше жағдайларды жоюға, ереже бойынша, тікелей басшылықты:

объектілік төтенше жағдай - ұйым басшылары, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органдарының аумақтық, органдарының қатысуымен;

жергілікті төтенше жағдай - төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның төрағалары Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органдарының аумақтық органдарының қатысуымен;

аймақтық төтенше жағдай - орталық және жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органының жанындағы ТЖВМК тарапынан іс-әрекетті үйлестірудің қатысуымен;

жалпы төтенше жағдай - Үкімет тапсырмасы бойынша ТЖВМК тарапынан іс-әрекетті үйлестіру кезіндегі қатысуымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органының жүзеге асырылады.

Аумақтар мен объектілерде пайда болған төтенше жағдайларды
жою ТЖМЖ аумақтық немесе ведомстволық жүйелерінің күшпен
Құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Жоспарлау-қалпына келтіру жұмыстары орталық және жергілікті атқарушы органдарының, ұйымдардың күштерімен жүзеге асырылады.

Халықты, аумақтарды және шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс шараларын жүзеге асыру және Азаматтық қорғаныс жүйелерін төтенше жағдайларға және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қодануға қарсы іс-әрекет жасауға алдын ала дайындау мақсатында барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарында, меншік нысанына қарамастан ұйымдарда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органдары бекіткен жоспар құрылымына сәйкес Азаматтық қорғаныстың жоспары жасалынады. Азаматтық қорғаныстың Жоспары екі бөлімнен тұрады:

1-ші бөлім - Азаматтық қорғаныстың бейбіт уақытқа жоспары;

2-ші бөлім - Азаматтық қорғаныстың соғыс уақытына жоспары.

Азаматтық қорғаныстың жоспары аумақ пен ұйымдардың, жергілікті жағдайдың ерекшеліктері, сол аумақты болу мүмкін төтенше жағдайды, зақымдау құралдарының қолданылу ықтималдығын және олардың қазіргі дамуын ескере отырып жасалынады. Жоспарды жасау, шаралар анықтау үшін Азаматтық қорғаныстың орталық және жергілікті басқару органдары болуы ықтимал табиғи апат пен опатты, сондай-ақ осы аумаққа орналасқан өте қауіпті объектілердің (радиациялық, химиялық және басқа да) қанша екендігін ескере отырып ықтимал жағдайлары негізделген аумақтың қауіп-қатер картасын жасайды.

Азаматтық қорғаныстың жоспары қалаларды топтарға, ал ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызуды ескере отырып жіктеу бойынша жасалынады.

Азаматтық қорғанысы жіктеу бойынша санатталған қалалар мен объектілер үшін соғыс уақытына оларға қосымша шаралар:

санатталған объектілердің жұмыс тұрақтылығын арттыру;

халықты эвакуациялау және бөліп жайғастыруды ұйымдастыру және жүргізу;

шеқара жанындағы аудандардан, жақын орналасқан маңызды объектілерден және әскери іс-қимыл болуға тиіс аудандардан;

қосалқы және қала сыртындағы басқару пункттерін ұстау және жұмыс істету;

әскери командования органдарымен, соның ішінде аумақтық қорғаны мәселелері бойынша өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

жасырыну ғимараттарындағы жұмысшылардың, қызметкерлердің және халықтың қорғануын және тәртібін ұйымдастыру;

жұмыс істейтін қызметкерлерді және халықты бекітілген нормаға сәйкес жасырыну ғимараттарымен, жеке және медициналық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін, олардың өмірін қамтамасыз ететін басқа да шаралар жоспарланады.

Азаматтық қорғаныс жоспарының бейбіт уақытқа жасалған бөлімі төтенше жағдайға жедел қимылдау жоспарының жүйесін ұсынады, қауіп дәрежесіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын, байқау және бақылау жүйелерін дайындау жоспарын, Азаматтық қорғаныстың, төтенше жағдайдын алдын алу мен жоюдың Мемлекеттік жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасы авариялық-құтқару қызметі құрамаларының күш пен құралын дайындау жоспарын, төтенше жағдай аймағына күштер енгізу жоспарын, халыққа жедел жәрдем көрсету мақсатында оны қолдану тәртібін, авариялық- құтқару жұмыстарын басқа да шүғыл жұмыстарын және көшіру шараларын қамтиды.

Азаматтық қорғаныс жоспарына қосымша ретінде АҚ негізгі көрсеткіштері, карталары (үлгілері) және түсіндірме жазбасы кіреді. Міндетті қосымшаның тізімі бекітілген жоспар құрылымында келтіріледі.

Халықты, аумақтарды және ұйымдарды қорғау Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың барлық басқару органдарының, күш пен құралдарының, ұйымдардың тығыз өзара әрекеттестігі арқылы жүзеге асырылады.

Халықты, аумақтарды және объектілерді қорғау жөніндегі Азаматтық

қорғаныстың шараларын жоспарлау әсіресе аймақтардың ерекшелігіне және ең алдымен сол аймақта болуы ыктимал табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға, табиғи апатқа, жер сілкінісіне, теңіздер мен ірі суаттардың деңгейінің өзгеруіне, пайдалы кен байлықтарын қазудағы кен орындарын өндіру және басқа да факторлар сияқты адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ерекшеліктерін қарауы тиіс.

Азаматтық қорғаныс жоспарымен қаралған шаралар осы шараларды тікелей ұйымдастырушы және жауапты орындаушыларға дейін жеткізіледі. Төтенше жағдай қауіпі төнген кезде өзін-өзі ұстау және -іс-әрекет жасау ережелері халыққа хабарланады.

Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде бірлесіп іс-әрекет жасауды, күш пен құралдарды нәтижелі пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың басқару органдары әскери командованиямен, министрліктер және ведомстволармен, біртұтас авиациалық іздестіру-құтқару қызметімен, ТМД елдерінің Корпус күштерімен, республиканың көлік ұйымдарымен, күш пен құрал бөлетін басқа да ұйымдармен бірлесіп өзара әрекеттестіктің тиісті жоспарын жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша лекциялар конспектісі (тезистері)
Әкімшілік басқару бойынша дәрістер
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері
Жедел іздестіру қызметінің түсінігі
«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері
Қан айналымы аурулары
Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен дәрістер тезистері
Ұлттық педагогика негіздері пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz