Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру



1 КІРІСПЕ
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3 ҚОРЫТЫНДЫ
4 Әдебиеттер
5 РЕЗЮМЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев 2009 ж. 14-ші қазанда Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойында өзінің «Қазақстан дағдарыстан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін» тақырыбы бойынша жасаған баяндамасында республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, болашақ кәсіби мамандарын даярлау үдерісінде кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелердің бірі екенін атап көрсетті.
ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістерде болашақ мамандарды кәсіби даярлауда жоғары оқу орындарының алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сәйкес білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өздігімен ғылыми тұжырым жасауға, олардың сұранысына қарай ғылым жетістігін сұрыптап, студенттің өз іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу қажеттігі туындауда.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы мен «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасында «Экологиялық білім бағдарламасы» құжаттарында қарастырылған мәселелер (ғаламдық экологиялық проблемалар, қоғамды экологияландыру, экологиялық білім мен тәрбие берудің инновациялық тетіктерін мемлекеттің білім беру жүйесіне енгізу т.б.) бойынша қабылданған шешімдер нәтижеге бағытталған білім мазмұнын жүзеге асыру арқылы құқықтану бағытында кәсіби білім негіздерін меңгерген маман тұлғасын қалыптастыру проблемасын қарастырып отыр.
Экологиялық проблеманың пайда болуы, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Адамзат экологиялық тұрғыда қоғамды дамытудағы көзқараспен байланысты жаңа менталитетті қалыптастыру қажеттігін мойындайды. Әлеуметтік әрекет құралы ретінде, қоғамдық экологиялық таным әлеуметтік бақылаудың барлық механизмдерін дұрыс іске асыруды қамтамасыздандыруы қажет. Қазіргі кезде қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне, сонымен бірге білімгерлерге экология саласынан білім мен тәрбие беру мәселелеріне аса назар аударғаны жөн. Осы тұрғыда болашақ экология мамандарының кәсіби ой-өрісін, мәдениетін қалыптастыру және олардың экологиялық-құқықтық мәдениетті меңгеру іскерлігін қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен-күнге арта түсуде.
Адамзаттың өмір сүрген ортасының оның әрекетінің ықпалымен өзгеруі қарқынды да жаһандық болып келгені соншалықты, биологиялық түр ретінде өзін сақтау үшін экологиялық императивті – адамның одан әрі өмір сүруі мен жұмыс істеуін ұйымдастыру кезінде міндетті түрде орындалатын нормалар мен ережелер жүйесін жасау қажет болды. Сондықтан да үшінші мыңжылдықта адамзат біз үйренген технократтық модель жағдайында қоғамның дамуы кері қарай кетуі айқын дағдарысты жағдаймен бетпе-бет келуі мүмкін.
1 Жер заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықты тағайындаудың маңыздылығы мен оны жетілдірудің құқықтық аспектілері //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университеті, Тараз, 2003. – Б. 386-390. (С. Мұстафаевпен авторлық бірлестікте)
2 Қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтық тәрбие негіздері //Жастарға құқықтық тәрбие беру мәселелер: халықаралық ғылыми-практикалық конференци материалдары. Шымкент экономика және құқық коледжі. –Шымкент, 2006. – Б. 75-77. (Н.Батырбаевпен авторлық бірлестікте)
3 Экологиялық құқық пәнін игеруді педагогкикалық ізденіс арқылы бағалау критерийлері //”Жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Тараз, 2007. – Б. 10-13.
4 Экологиялық құқық пен азаматтық құқық пәндеріндегі оқу материалдар- ының байланысы //“Индустриалды-инновациялық дамудың проблемалары мен перспективалары” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. АГТУ. – Алматы, 2007. – Б. 164-165.
5 Экологиялық проблемаларды оқыту процесі арқылы шешу жолдары //Жоғары кәсіптік білім беруді реформалау жағдайында педагог кадрларды даярлау: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. СГПИ. Семей, 2007. – Б. 387-389.
6 Экологиялық білім беруді оқыту үрдісінде іске асыру жолдары //Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті мәселелер: халықаралық ғылыми-практикалық конференци материалдары. С.Сейфулин атындағы Қаз.Мем.Агро.Унив. – Астана, 2007. – Б. 136-139.
7 Болашақ заңгер бакалаврларға экологиялық құқық пен азаматтық құқық пәндері арасындағы педагогикалық байланысты үйрету //Ұлт тағылымы. – №4. Алматы, 2007.– Б. 84-87.
8 Инновациялық технологиялар арқылы "Экологиялық құқық" пәнін оқыту мүмкіндіктері //С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылым жаршысы. № 4 (51). Астана, 2008. – Б. 394-398.
9 Экологиялық құқық пәнін оқытудың жүйесі //"Қазақстан жоғары мектебі" журналы №1.–2008. – Б. 17-21. (О. Сыздықовпен авторлық бірлестікте)
10 Қазіргі жағдайда жастарда экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруда “Экологиялық құқық” пәнін оқытудың маңыздылығы //Қазақстан Республикасының дипломатиялық және саяси өміріндегі Нәзір Төреқұловтың рөлі: халықаралық ғылыми-практикалық конференци материалдары. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, – Түркістан, 2008. – Б. 64-368.
11 Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды болашақ бакалавр мамандарына ұғындырудың педагогикалық қырлары //Қазақстан қоғамының рухани келісім және толеранттығы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты – Қостанай, 2008. – Б. 140-144.
12 "Экологиялық құқық" пәнін оқытудағы базалық пәндердің дидактикалық байланысы //Білім-образование.№6(42). – Алматы, 2008. Б. 74-76.
13 “Экологиялық құқық” пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарының мазмұнын жетілдіру жолдары //Ұлт тағылымы. – №3.(1) Алматы, 2008. – Б. 114-116. (О. Сыздықовпен авторлық бірлестікте)
14 Экологиялық құқық пәнін оқытуды жетілдіру //Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. № 4.– Астана, 2008. Б.181-185. (О.Сыздықовпен авторлық бірлестікте)
15 “Экологиялық құқық” пәні негізінде заңгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері //"Ізденіс" журналы № 4. – Алматы, 2008. Б. 272-275.
16 Технологиялық және экологиялық білім берудің өзара байланысы //Қазақ мемлекеттілігінің хронологиясы, құрылымы және қалыптасу заңдылығы туралы мәселелер: профессор Т.А.Ағдарбеков 70-жасқа толу мерейтойына арналған халықаралық ғылыми- теориялық конференция материалдары. – Түркістан, 2008. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ. Б.61-64. (Б. Ортаевпен авторлық бірлестікте)
17 Заңгерлік білім беру тәжірибесінде экологиялық құқықтық білімді қалыптастыру мәселелерінің жай-күйі //Қазақ мемлекеттілігінің хронологиясы, құрылымы және қалыптасу заңдылығы туралы мәселелер: профессор Т.А.Ағдарбеков 70 -жасқа толу мерейтойына арналған халықаралық ғылыми- теориялық конференция материалдары. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, – Түркістан, 2008. Б. 57-59. (Б.Айдаровпен авторлық бірлестікте)
18 Экологиялық құқықтық білім берудің қажеттілігі //М.Х. Дулатидың 510 жылдығына арналған «VI Дулати оқулықтары» Халықаралық ғылым-практикалық конференция маиериалдары. – Тараз, 2009. Б. 399-402.
19 Болашақ заңгерлердің кәсіби даярлау үдерісіндегі пеадагогикалық технологиялардың мәні //“Ақмешіт” хабаршысы. Қызылорда,2010. №1, Б.48-50. (Ж.Ж.Жаңабаевпен авторлық бірлестікте).
20 Болашақ заңгер мамандарын даярлауда экологиялық білім беруді жетілдіру //Ізденуші ғылыми журнал. Шымкент, 2010. №1, Б.62-66. (Ж.Ж.Жаңабаевпен авторлық бірлестікте).
21 Экологиялық информатика және экологиялық білім беру //Ұлт тағылымы журналы.– №1. Алматы, 2010.–Б.46-50. (Ж.Ж.Жаңабаевпен авторлық бірлестікте).
22 Ақпараттық-компьютерлік технологиялар негізінде экологиялық білім беру //"Ізденіс" журналы № 1(1) – Алматы, 2010. Б. 254-256.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев 2009 ж. 14-ші қазанда Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойында өзінің Қазақстан дағдарыстан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін тақырыбы бойынша жасаған баяндамасында республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, болашақ кәсіби мамандарын даярлау үдерісінде кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелердің бірі екенін атап көрсетті.
ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістерде болашақ мамандарды кәсіби даярлауда жоғары оқу орындарының алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сәйкес білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өздігімен ғылыми тұжырым жасауға, олардың сұранысына қарай ғылым жетістігін сұрыптап, студенттің өз іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу қажеттігі туындауда.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасында Экологиялық білім бағдарламасы құжаттарында қарастырылған мәселелер (ғаламдық экологиялық проблемалар, қоғамды экологияландыру, экологиялық білім мен тәрбие берудің инновациялық тетіктерін мемлекеттің білім беру жүйесіне енгізу т.б.) бойынша қабылданған шешімдер нәтижеге бағытталған білім мазмұнын жүзеге асыру арқылы құқықтану бағытында кәсіби білім негіздерін меңгерген маман тұлғасын қалыптастыру проблемасын қарастырып отыр.
Экологиялық проблеманың пайда болуы, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Адамзат экологиялық тұрғыда қоғамды дамытудағы көзқараспен байланысты жаңа менталитетті қалыптастыру қажеттігін мойындайды. Әлеуметтік әрекет құралы ретінде, қоғамдық экологиялық таным әлеуметтік бақылаудың барлық механизмдерін дұрыс іске асыруды қамтамасыздандыруы қажет. Қазіргі кезде қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне, сонымен бірге білімгерлерге экология саласынан білім мен тәрбие беру мәселелеріне аса назар аударғаны жөн. Осы тұрғыда болашақ экология мамандарының кәсіби ой-өрісін, мәдениетін қалыптастыру және олардың экологиялық-құқықтық мәдениетті меңгеру іскерлігін қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен-күнге арта түсуде.
Адамзаттың өмір сүрген ортасының оның әрекетінің ықпалымен өзгеруі қарқынды да жаһандық болып келгені соншалықты, биологиялық түр ретінде өзін сақтау үшін экологиялық императивті – адамның одан әрі өмір сүруі мен жұмыс істеуін ұйымдастыру кезінде міндетті түрде орындалатын нормалар мен ережелер жүйесін жасау қажет болды. Сондықтан да үшінші мыңжылдықта адамзат біз үйренген технократтық модель жағдайында қоғамның дамуы кері қарай кетуі айқын дағдарысты жағдаймен бетпе-бет келуі мүмкін.
Қазақстанның қазіргі таңдағы экологиялық заңдылықтары бұрынғы Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заңның өзінің күрделілігі, көпаспектілігімен, құрылымданғанымен ерекшеленеді. Алайда оның көптеген ережелері жеткіліксіз қаржыландырылуы мен табиғатты қорғай білудің төменгі деңгейі салдарынан орындалмай отыр.
Қазіргі заман педагогтары болса (В.И.Андреев, Ю.К.Бабанский, Н.В.Кузьмина, В.В.Сериков, В.А.Сластенин және т.б.), маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, білімгерлердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынады.
Әдетте, маманның экологиялық-құқықтық мәдениетінің қалыптасуы оқу-тәрбие үдерісімен тығыз байланысты. Сол себепті, тиімді оқу-тәрбие үдерісін оқытудың проблемалық принципіне сүйене отырып жүзеге асырған жөн. Бұған бірқатар ғалымдардың еңбектері дәлел болады. Мысалы, проблемалық оқыту теориясы В.Т.Кудрявцев, М.М.Махмутов, В.Оконь, М.Н.Скаткинжәне т.б. еңбектерінде зерттелсе, жоғары мектептегі проблемалық оқыту теориясы В.А.Сластенин, М.М.Левина, Ю.Н.Кулюткин және т.б. зерттеулерінде зерделенеді. Проблемалық оқыту әдістемесі болса, оқу іс-әрекетінің психологиясы саласында орындалған ғылыми зерттеулерде көрініс алған (А.Н.Леонтьев, Н.А.Менчинская, В.В.Давыдов, Н.Ф.Талызина және т.б.).
Экологиялық білім проблемасын А.Н.Захлебный, И.Т.Суравегина, И.Д.Зверев және қазақстандық ғалымдар (Н.Сарыбеков, А.Бейсенова, В.Фурсов, Ж.Бұламбаев, А.Саипов, М.Сарыбеков, Г.Длимбетова, Ж.Жатқанбаев, Н.Бекенова, Ж.Чильдебаев, С.Шалғымбаева, және т.б.) зерттеген.
Болашақ мамандардың экологиялық даярлық мәселесі М.Құдайқұлов, Ш.Т.Таубаева, Г.Қ.Нұрғалиева, Қ.Б.Тлебаева, А.С.Боранбаев, О.С.Сыздықов, А.А.Жолдасбеков, Э.Ө.Сағындықова және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс алған.
Болашақ құқықтану мамандарын жоғары оқу орындарында даярлау проблемасы кәсiби даярлаудың құрамды бөлiгi ретiнде қазіргі таңдағы ғалымдардың (К.М.Бейсебаев, В.Я.Кикоть, В.Г.Колюхов, Н.Ә.Мыңжанов, А.М.Столяренко және т.б.) зерттеулеріне арқау болып отыр. Бұл еңбектерде заңгерлердің психологиялық-педагогикалық даярлығына, кәсіби сапалық деңгейлерін қалыптастыру мәселесіне, болашақ құқықтану мамандарының кәсіби даярлығына аса мән беріледі. Сонымен бірге дене тәрбиесі сабақтарын өткізу үрдісінде болашақ заңгерлердің маңызды кәсіби қасиеттерін қалыптастыру (Т.А.Ким), адамдардың әлеуметтік және мәдени құқығын жүзеге асыруға болашақ заңгерлерді даярлаудың дидактикалық шарттары (В.К.Горбачев), заңгерлерді даярлауда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану (П.А.Радченко, Р.Г.Семеренко, Е.Е.Омарбеков және т.б.) мәселелері де зерттеу объектісінен тыс қалмайды.
Сонымен, педагогикалық теория мен практикаға жасаған талдау нәтижесі бүгінгі күнге дейін оқу-тәрбие үдерісінде болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің әлі де болса толық зерттелмегендігін айғақтайды.
Демек, болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін қалыптастыруда оқу-тәрбие үдерісінің мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігі мен осы мәселенің кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесінде жеткіліксіз деңгейде зерттелгендігі арасында қарама-қайшылық анық байқалады.
Осы қарама-қайшылықтарды шешуде болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеу объектісі: жоғары оқу орындарында болашақ заңгерлердің мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеудің пәні: болашақ заңгерлердің экологиялық–құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие әрекеттерінде қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін қалыптастыру теорияға негізделген модель арқылы жүзеге асырылып, арнайы мазмұнмен және әдістемемен қамтамасыздандырылса, онда болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениет саласынан білім, іскерлік, дағдысы артады, ал бұл болса оларға табиғат заңдылықтары мен құқықтық білімдерін келешектегі кәсіби қызметінде тиімді жүзеге асыруда септігін тигізеді.
Зерттеу міндеттері:
1. Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау.
2. Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастырудың моделін жасау.
3. Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
4. Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастырудың мазмұнын анықтап, әдістемесін жасау және олардың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексерістен өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы – болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру табиғатты құқықтық нормалардың негізінде іскерлікпен басқаруға бағыттайды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: адам мен табиғаттың ажырамас бірлігі туралы философиялық ілім; тұлғаның дамып, жетілуі мен толысуының жалпы диалектикалық принциптері, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, өркениеттің тұрақты дамуы теориясы; таным теориясы; жеке тұлға, іс-әрекет, мәдениет теориялары, адам–қоғам–табиғат жүйесіндегі диалектикалық байланыстар.
Зерттеудіњ кµздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардыњ, єлеуметтанушылардыњ, педагогтардыњ, психологтардыњ, экологтардың ењбектері; ЌР ‡кіметініњ ресми материалдары; Білім жєне ѓылым министрлігініњ жоѓары мектептіњ білім беру мєселелеріне ќатысты нормативті ќ±жаттары мен оќу-єдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оќу баѓдарламалары, оќулыќтар, оќу ќ±ралдары жєне т.б.); Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардыњ ѓылыми жетістіктері мен озыќ тєжірибелері; жоғары білім беру саласындағы ғылыми еңбектері.
Автордыњ жоғары оқу орнында тәрбие координаторы, оқытушы, аға оқытушы, Заң факультеті деканының оқу ісі және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары қызметтеріндегі көп жылдық педагогикалыќ жєне зерттеушілік іс-әрекет тєжірибесі.
Зерттеу єдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер); әлеуметтанулық (сауалнама); білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстар жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Зерттеу базасы: тәжірибелі-эксперимент жұмыстары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жүргізілді.
Зерттеудіњ негізгі кезењдері.
Бірінші кезеңде (2004-2005ж.ж.) тақырыптың ғылыми аппараты анықталды, зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинақталды, анықтау эксперимент жүргізілді. Басылымға әдістемелік нұсқаулар даярланды.
Екінші кезеңде (2006-2007 ж.ж.) қалыптастыру эксперимент жүргізілді, аралық кесінділер алынды, жиналған материалдар сұрыпталды.
Үшінші кезеңде (2006-2008 ж.ж.) қалыптастыру эксперименті жалғасын тапты, бақылау эксперименті барысында алынған нәтижелер қорытындыланып, өңдеуден өтті, диссертация талап бойынша рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:
1. “Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениеті” ұғымының мәні нақтыланды;
2. Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастырудың моделі жасалды;
3. Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды;
4. Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастырудың мазмұны анықталып, әдістемесі жасалды және олардың тиімділігі тәжірибелі – эксперимент жүзінде дәлелденді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Жоғары оқу орындарына:
-болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру әдістемесі;
-экологиялық-құқықтық мәдениетті оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыруға байланысты оқытушылар мен студенттерге арнап жасалған бағдарламалар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар ендірілді;
Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы орта заң оқу мекемелерінде, құқық саласы мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіретін институттарда пайдалануға болады.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
1. Экологиялық-құқықтық мәдениет - адамның табиғатты құқықтық нормалар негізінде басқаруының ерекше бір іс-әрекеттік тәсілі.
2. Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру моделі компоненттерді, өлшемдер мен көрсеткіштерді және деңгейлерді қарастырады.
3. Педагогикалық шарттардың жиынтығы (мазмұндық, ұйымдастыру- шылық, әдістемелік) болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыруға ықпал етеді.
4. Тәжірибелі - эксперимент барысында, дәлелденген мазмұн мен әдістеме оқу-тәрбие үдерісінде болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін тиімді қалыптастыруды жүзеге асыруда көмектеседі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық және теориялық көзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне барабар әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерінің дәлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылауымен; олардың тиімділігін тәжірибелі-әдістемелік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие үдерісіне кешенді ендірілуімен дәлелденеді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеу нәтижелері, қағидалары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми семинарында, Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда (Астана 2007, 2008, Алматы 2007, 2008, Семей 2007, Көкшетау 2008, Қостанай 2008, Түркістан 2008, Тараз 2009, Қызылорда 2009) баяндалды; басылым көрген ғылыми мақалаларда, оқу-әдістемелік құралдар мен бағдарламаларда көрініс тапты. Зерттеу нәтижелері Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу үдерісінің практикасына ендірілді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік құбылыстарды бастан өткеруде. Бұл заңды да, өйткені тарихта әрбір қоғамдық дәуір өзіне тән саяси экономикалық, рухани әлеуметтік мәдениет деңгейін бастан кешіреді. Осыған байланысты білім, сана, әлеуметтік көзқарас, адамгершілік пен өнеге мәселелері үнемі басты назарда болып, дамып отырады. Дәуір тынысы жаңа қоғамдық қатынастар арнасында реформалық сипатта болғанымен, ескі мен жаңаның үйлесімін, бірізділігі мен сәйкестігін талап етеді. Демек, бұл құбылыс бүгінде өзінің тиімді жалғасын табуда. Еліміздегі құқық қорғау органдарына кешенді талаптар қойылып, заңгерлердің Отанға, ел жағдайына, саяси және құқықтық процестерге, табиғатты қорғауға деген көзқарасы мен қатынасын, кәсіби деңгейлерінің орнықтылығын қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Әлеуметтік жағдай да қолға алынып, білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударылуда. Ұрпағы білімді халықтың, болашағы бұлыңғыр болмайды деген түсінікпен үкімет болашақ мамандарға сапалы кәсіби білім беру мақсатында талаптарды күшейтуде. Әсіресе болашақ заңгерлердің кәсіби даярлығына, кәсіби мәдениетіне, соның ішінде экологиялық-құқықтық мәдениетінің қалыптастыруына аса назар аударып отыр. Бұл өте өзекті мәселе, өйткені табиғаттан тыс адам әрекетінің болуы мүмкін емес. Ќоғам цивилизациясының деңгейі қоршаған ортаның табиғи мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білу дәрежесімен өлшенеді. Олай болса, адамзат проблемасының ең басты мәселесінің бірі әрбір адамның алдымен технологиялык ойлау мен білімді игерудің ғылыми-теориялық негіздерін түсіну қажет.
Ғылыми-теориялық негізде табиғат, қоғам және ойлау (таным үдерісі) дамуының жалпы заңдары зерттеледі. Ғылыми танымның табиғи ерекшелігі логика, әдіснама және әдіс деген ±ғымдардың мән-мағынасын ашуды ќажет етеді. Ғылым логикасы - материалистік диалектикаға сүйенеді, өйткені, ғылыми таным ќарама-ќайшылықта және өзара байланыста болатын күрделі әлеуметтік үдеріс. Ғылыми танымның теориялық негізі адамның танымдыќ және практикалыќ қызметінің әдістері мен тәсілдері туралы ілім. Ал, әдіс болса танымдық немесе практикалық мәселелерді шешудің тәсілі. Демек, әдіс адамның танымдық және практикалык іс-әрекетінде реттеушілік қызмет атќарады. Сонымен, дамудың жалпы философиялық теориясы (таным теориясы) және логика мен әдіснамасы материалистік диалектика негізінде түсіндіріледі. Оны адамның жаңаша ойлануының да және әлеуметтік шығармашылығының да логикасы десе болады.
Табиғат пен коғамдағы қ±былыстар мен заттардың бір-бірімен өзара жалпы байланысы және тікелей байланысы туралы диалектиканың заңы экологиялық білім алудың теориялық негізі болып саналады. Бұл заң бойынша табиғат пен қоѓамдағы бірде-бір ќ±былыс не зат басқа бір құбылыстар мен денелердің әсерінсіз ешбір өзгеріске ±шырамайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтін тұтастығын бір бөлігі ретінде ќарастырылады деген түсінікті береді. Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда "табиғатта ешнәрсе өздігінше жеке дара оқшауланып т±рмайды. Әрбір құбылыс басқа бір кұбылысқа әсер етеді және керісінше әсерлеседі. Осындай жан-жаќты қозғалыстың және өзара әсерлесудің нәтижесінде, көптеген жағдайларда, өте айқын байқалатын ќарапайым заттардың өзін біздер көре алмайтын жағдайға ұшыраймыз".
Табиѓат пен қоѓамның өзара әрекеттесуі, көбінесе, табиғаттағы өзара байланыстылықтың негізінде жүзеге асырылады. Б±л заңдылықты түсініп ескергенде ғана табиғаттың қоғамға, қоғамның табиғи ортаға әсер ету үдерісін ғылыми тұрғыда д±рыс баѓалауға болады. Табиғат пен қоғамдағы заттардың, қ±былыстардың өзара байланыстағы сандық және сапалық ерекшеліктеріне қатысты табиғатты қорғау жұмыстарының сипаты, принципі, әдісі айқындалады. Материалистердің пікірінше, адам өзінің еркімен санасына байланыссыз орындалатын осындай табиғи өзара тәуелділік заңын білсе, онда ол өзін табиғаттың иесі деп санауына болады.
Жаратылыс құбылыстарының ықпалымен, адамзаттың іс-әрекетінің, тіршілігінің салдарынан қоршаған табиғи ортаның өзгеру заңдылықтарын қарастырып, оған тәуелді және байланысты заттар мен құбылыстарды анықтайтын жаратылыстану ғылымының бір бөлігі - экология деп аталады.
Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 жылдары қалыптасты. "Экология" терминін латын тілінде ойкос - үй, отан, мекен, ал логос - ілім, ғылым деген мағынаны білдіреді, яғни сөзбе-сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым. Аталған ұғым бойынша, экология қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады. Бүгінге таңда экология ұғымына бірқатар анықтамалар берілген, олардың басым көпшілігі, экология – организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деген түсінікті ұстанады. Әитсе де экология түсінігінің ауқымы өте кең, әрбір түсінік зерттеу пәніне қарай тұжырымдалады. Экология қолданысқа қолайлы болу үшін, ұзақ мерзімге дейін қоршаған ортаның экологиясы деп аталып келді
Экология проблемасын зерттеуде Қазақстан ғалымдары да өз үлесін қосуда. Олардың бірі экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау туралы ғылым десе, екіншісі, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың формуласы түрінде болуы қажет деген көзқараста болады.
Олардың ішінде А.Баешов болса экология – биосферадағы тепе-теңдікті жан-жақты қарастыратын, оның бұзылуының себептерін болжайтын және анықтайтын, сонымен қатар тепе-теңдіктен ауытқудың, қоршаған ортаға әсерін зерттейтін ғылым саласы деп ой түйіндейді.
Ал, біздің пайымдауымызда экология табиғатты пайдаланудың және қорғаудың ғылыми-теориялық негізі.
Бүгінгі педагогика саласындағы зерттеулер ғылым мен мәдениетті кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесінің негізі ретінде қарастырады. Біз олардың көзқарастарын жүйелей отырып, кәсіби мамандардың жоғары дәрежедегі іс-әрекеттері біріншіден, оның кәсіби мәдениеттілігіне, екіншіден, оның кәсіптік білім алуына, қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне, үшіншіден, қазіргі бәсекеге қабілетті, ойлау жүйесі жетілген, өзіндік пікірі бар, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай алатын, мәдениетті тұлға болып қалыптасуына, төртіншіден, рухани адамгершілік сезімінің қалыптасуына және әлем мен отандық мәдениетке бейімделуіне байланысты деп ой тұжырымдаймыз.
“Мәдениет” адамзат үшін әртүрлі деңгейде, әртүрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін күрделі әлеуметтік құбылыс. Мәдениет – көпқырлы үдеріс. Өйткені, адамның өмірлік іс-әрекетінің барлық саласында мәдениетті көреміз. Ең алдымен, сана мен болмыста адамзаттың әлеуметтік даму бағытындағы шығармашылық іс-әрекетін түсінуге болады, өзінің ішкі жан дүниесіне қарай адамның әлеуметтік тұлға ретінде даму үдеріс, оның – таным, қарым-қатынас, іс-әрекет субъектісі ретінде өмір сүру әдісі, жекелік, шығармашылық, әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық жетілуі бойынша ерекшеленеді.
Мәдениет өзі пайда болатын және қалыптасатын мәдени ортада оның үздіксіз даму сипатында болады және адамзат қоғамынан бөлінбейді. Қоғамда тұтастай жеке адамның даму деңгейі мен қасиетін мәдениет анықтайды. Олай болса, мәдениет адамның құндылығы, оның қайталанбайтын белгісі.
Мәдениет субъектісі ретінде қоғаммен және әлеуметтік топтармен бірге жеке адамдар да саналатындықтан тұлға мәдениеті түсінігін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Мәдениеттілік болса адамның тұлғалық қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамыту – мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениеттілік адамның тарихи даму барысында сұрыпталып алынған, мәдени-рухани әлемге лайықты қасиеттерінен құралады. Көпшілік ортада әдеп сақтау, әдеппен сөйлеу, көрегенділік таныту, жан мен тән тазалығы, иманды болу және мұның бәрі мәдениеттілікке жатады. Мәдениеттілік адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық, эстетикалық, құқықтық, саяси және т.б. талаптардың орындалуын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адам бойында мәдениеттіліктің қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлінген. Мәдениеттілік жөніндегі көзқарастар кемел адам ұғымымен үндестік тауып, адамгершілік, кісілік қасиеттерінің қалыптасуы арасында дамиды.
Адам тұлғасының мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде және еңбек нәтижесінде көрінеді. Еңбек әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізді, өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі.
“Мәдениет” түсінігінің мәнін ашуда кейбір ғалымдар (К.Ж.Қожахметова) “мәдениет” белгілі бір кеңістіктегі адамдарды қарапайым тұрғындардан халыққа, ұлтқа айналдыратын тұтас орта, бұл тұтас құбылыс. Мәдениет түсінігіне дін, заң, ғылым, білім, адамдар мен мемлекеттің дағды және мінез-құлықтың моральдық нормалары жатады, бұрын да кіріп келген" десе, енді бірі (Н.Д.Хмель, Т.Ш.Қуанышев, А.А.Молдажанова) “мәдениет” ұғымын жалпы мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұсынылатын білімнің негізгі түрлерінің бөлігі ретінде қолданылатын білімнің негізгі түрлерінің бірі ретінде қарастырады.
Біз ғылымдардың ой – тұжырымдарын, пікір – қөзқарастарын негізге ала отырып, Болашақ заңгерлер үшін экологиялық- құқықтық мәдениеттің қажет екенін дәлелдеуге талпындық және оны қалыптастырудың жолдарын айқындап, оларға қойылатын талаптарды негіздедік. Мәдениетті заңгер тұлғасына мазмұндық сипаттама бердік. Ол біріншіден - ғылымға негізделген теорияны практикада еркін пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті, білікті маман; екіншіден – рухани – адамгершілікті қасиеттері жоғары, кішіпейіл, абзал жанды азамат; үшіншіден – моральдық – этикалық ұстанымы жоғары, адамдармен мәдени қарым-қатынасты ұстай білетін, басқаға да өзіне де талап қоя білетін тұлға; төртіншіден - өз мәдениетін, салт-дәстүрін басқаларға таныта білетін, ана тілін құрметтейтін азамат; бесіншіден - өнерге, дене мәдениеті мен спорт түрлеріне бейімді, шығармашыл ізденіске ынта-ықылысы жоғары маман; алтыншыдан - өзін-өзі тәрбиелей алатын, мәдени, кәсіби іс-әрекеттерді еркін ұйымдастыра білетін маман. Болашақ заңгерлерді бұлайша мәдениеттілікке тәрбиелеу, олардың жалпы қоғамдық-құқықтық тәрбиесіне әсер етіп, кәсіби-заңгерлік шеберлігін арттырады: болашақ заңгерлердің кәсіби ойлау мәдениетін дамытады; кәсіби бақылау мен болжам жасау мәдениетін қалыптастырады; зерттеу мәдениетін жетілдіреді; құқықтық қарым-қатынас жасай білу мәдениетіне тәрбиелейді; кәсіби сөйлеу тілінің мәдениетін арттырады; жазу мәдениетіне шыңдайды; дәлелдей білу мәдениетіне үйретеді; ұйымдастыру мәдениетін қалыптастырады және т.б..
Болашақ заңгер өз кәсіби қызметінде ең алдымен құқық маманы, әділеттілікті жақтаушы, бұқара халықтың құқықтық тұрғыда мүддесін қорғаушы, жоғары мәдени құндылықтарды тасушы, қоғамдағы құқықтық заңдылықты бұқара халыққа өз қызметінің барысында шығармашылық сипатта қызмет етуші кәсіби маман болып табылады. Маманның мәдени қорының мәнін, тұлғаның қоршаған орта және табиғатпен қарым-қатынасына байланысты қарастырылады. Егер адамның тіршілік әрекетін, қоршаған ортамен қарым-қатынас жиынтығы ретінде қарасақ, онда мынадай жайларды ескеру қажеттігі туындайды: кәсіби мәдениетті; экологиялық мәдениетті (адамның табиғатпен байланысы); құқықтық мәдениетті (өндіріс, мекемеге адамның құқықтық қатынасы); саяси мәдениетті (қоғамға, билікке, партия, бірлікке қатысты); отбасылық қатынас мәдениетін; коммуникативтік мәдениетті; гносеологиялық мәдениетті; экономикалық мәдениетті.
Бұның бәрі білімділік пен мәдениеттің арасында сәйкестілік бар екенін, білімділік индивидтің мәдениеті болып табылатынын дәлелдейді. Сонымен бірге табиғатқа, қоғамға, қоршаған ортаға, еңбекке, қарым-қатынасқа деген аялы көзқарас қалыптастыратынын көрсетеді.
Болашақ заңгерлердің еңбек ету мәдениеті жоқ болса, ол бұқара халықпен қарым-қатынас үрдісін қалыптастыра алмайды. Болашақ заңгерлердің оқу-тәрбие үдерісінде экологиялық-құқықтық мәдениетін қалыптастыру педагогика мен психология, экология құқығы мен экологиялық қауіпсіздік пәндерінде, оқу мен тәрбиелеу үдерісінде қабылдау, ойлану, түсіну, есте сақтау, бекіту қабілеттерін дамыту арқылы шешімін табады.
“Экологиялық-құқықтық мәдениет” ұғымы жалпы мәдениеттің құрамдас жеке бір бөлігі, яғни біздің зерттеу проблемамыздың аясында экологиялық-құқықтық мәдениет жалпы халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болып, қоғамның материалдық, рухани құндылығының жиынтығын құрайды және болашақ заңгерлердің кәсіби іс-әрекет жүйесін жетілдіру үшін құрылып, оларға қызмет етуді көздейді.
Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдағы жалпы мәдениеттің ең мәнді элементтерінің бірі болып табылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады. Яғни, экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды (Е.Н. Фадеев).
Б.Т.Лихачевтың пайымдауынша экологиялық мәдениеттің мәні экология- лық тұрғыдан дамыған сана мен эмоционалдық-психикалық жағдайлардың, ғылыми тұрғыдан негізделген еркін қолданбалы-практикалық іс-әрекеттің органикалық бірлігі ретінде қарастырылуы мүмкін. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр-сырымен және қасиеттермен органикалық байланыста болады. Мысалы, философиялық мәдениет - адамға өзінің табиғат пен қоғамның өнімі екендігін түсінуіне, ой елегінен өткізуіне мүмкіндік береді; саяси мәдениет - табиғат жағдайы мен адамдардың шаруашылық іс-әрекеттері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыздандырады; құқықтық мәдениет – адамның табиғатпен өзара әрекетін заң талабына қарай шектеп отырады; эстетикалық мәдениет – адамның табиғат сұлулығы мен үйлесімді- лігімен эмоционалдық тұрғыдан қабылдауы үшін жағдайлар жасайды; дене тәрбиесі мәдениеті-адамды өзінің табиғи күш-қуаты дамытып, нығайтуға бағыттайды; адамгершілік мәдениеті-тұлғаның табиғатпен, қоршаған ортамен және т.б. қарым-қатынасын жандандырады. Осы аталған барлық мәдениет түрлерінің өзара әрекеттерінен экологиялық-құқықтық мәдениет туындайды. Экологиялық-құқықтық мәдениет ұғымы арқылы қоғам-табиғат-заң жүйесін сақтау мен дамытуға септігін тигізетін мәдениет түсініледі.
Экологиялық-құқықтық мәдениетті қалыптастыру жалпы өзара байланыс пен даму диалектикасының маңызды принциптерін түсіну негізінде ғана жүзеге асады. Қоғамның қоғам-табиғат-заң бірегей жүйесінің бөлігі ретінде өмір сүруі мен дамуы экологиялық-құқықтық мәдениеттің жанды заттарды абсолютті пайдалы немесе абсолютті зиян деп қарама-қарсы қоюды құқықтық тұрғыда жеңуінен көрінеді. Адамзат тарихындағы тәжірибе көрсеткендей ол, не бұл табиғи құрылымдардың пайдалылығы мен зияндылығы жеке жетістіктермен, дербес қасиеттермен емес, қоғамдағы құқықтық заңдылық деңгейімен анықталады.
Құқықтық мәдениет ұғымының аясы кең мағыналы болып келеді. Ол құқықпен заңдылықтың кемелдену деңгейі мен әлеуметтің одан қаншалық хабардар болуынан бастау алады және заңдылық пен қоғамдық реттіліктің нығаюынан көрінеді. Яғни, құқықтық мәдениет құқықтық іс-әрекеттің тұтас-тұлғалық қасиетін көрсетеді. Ол адамның табиғи тума құқықтары мен бостандықтарын өрбітуші әрі оған кепілдік беруші күші іспеттес. Ол- адамның даралық қасиетін дамытуға жол ашады және жеке тұлғаның өз билігін өзіне алып бере алады.
Құқықтық мәдениет адамдардың құқықтық тұрғыдан білімділіктерінің көріну қасиетінің ең жоғарғы жиынтық көрінісі түрінде көріне отырып, олардың бойларында қалыптасқан әрі олар үшін аксиомалық ақиқаттылыққа айналған құқықтық және моральдық-этикалық жоғары деңгейдегі адами жағымды қадір- қасиеттердің жиынтығын білдіреді. Осы тұрғыдан қарастыра отырып құқықтық мәдениеттің міндетінің және қоғамда атқаратын қызметінің мәні: қоғам мүшелерінің заңды құқықтық мінез-құлықтарын реттеп отыру; адамдардың бір-біріне сыйластықпен, құрметпен қарауларына, өзара қарым-қатынаста биік адамгершілік қадір-қасиеттер аясында сұхбаттасуларына, қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қатаң ұстануларына мұрындық болу; қоғамда тәртіп пен тыныштықтың сақталуына, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұйтқы жасау болып табылады деп ой түйіндейміз.
Сонымен бірге құқықтық мәдениеттіліктің ең жоғарғы көрінісі - басқа адамдарға сүйіспеншілікті, сыйластықты көзқарастан, өзара қарым-қатынастағы әдептіліктен, басқалардың құқықтары мен бостандықтарын бағалай білуден, заңдылықты қатаң сақтаудан білінеді. Құқықтық мәдениеттіліктің ең негізгі көрсеткіші - құқықтық білімділік, жоғары моральдық- адамгершілік қасиеттер, рухани азаматтың көзқарасы, ұлтының дәстүрлі мәдениетіне сүйспеншілікті сезім, жағымды мінез-құлық, пен заңдылықты сақтау білу.
Сонымен мәдениет, соның ішінде экологиялық және құқықтық мәдениет – бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Егер адамның іс-әрекетімен, жасампаздығымен және шығармашылығымен тікелей байланысты мәдениет кәсіби іс-әрекет пен материалдық тұрғыдан көрініс табатын, құқықтық нормада және адамның қабілеті мен күшінің өнімі болып табылса, экологиялық-құқықтық мәдениет адамның табиғатты құқықтық нормалар мен адамгершілікті рухани мәдениеттің негізінде басқаруының ерекше бір іс-әрекеттік тәсілі болып табылады. Экологиялық-құқықтық-мәдени іс-әрекеттің негізін субъективтік-объективтік құқықтық нормалар негізіндегі қарым-қатынас, яғни адамның субъект ретіндегі қоршаған ортамен табиғи ортаның объекті ретіндегі өзара құқықтық қарым-қатынасты құрайды. Сонымен бірге экологиялық-құқықтық мәдениет субъективті-субъективтік құқықтық қарым-қатынассыз, адамдардың қарым-қатынас мәдениетімен өзара әрекеттерінсіз, бір-бірімен экологиялық-құқықтық мәдени құндылықтармен пікір алмасуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Экологиялық-құқықтық мәдениет адамның табиғат заңдылықтары мен құқықтық білімдерді жеткілікті меңгергендігін көрсететін іс-әрекетінің нәтижесі.
Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдени деңгейі мемлекеттің жүргізіп жатқан құқықтық саясатының қоғамда, оның ішінде жоғары оқу орындарында тиімді шешілуіне байланысты.
Экологиялық білім берудің біртұтас жүйесін қалыптастыру Қазақстанда білім берудің жаңа жүйелері мен әлемдік стандартқа сай мемлекеттік оқу жоспарларын жасауды, қаржыландыруды, экологиялық білім беретін оқытушыларға қамқорлық көрсетуді, жоғары мектепте экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді. Кез-келген ғылым саласы сияқты экологияда біріншіден - таным шеңберін кеңейтуді, екіншіден – жинақталған білімді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешуде қолдануды, экологиялық-құқықтық мәдениеттілікті қалыптастыруды мақсат тұтады.
Бүгінгі таңдағы жоғары оқу орындарының экологиялық білім беру мен тәрбие беру мәселелеріне жасалған талдау экологиялық-құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолдарына әліде болса назар аударылмай отырғанын дәлелдейді. Біздің пайымдауымызша экологиялық-құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін ең алдымен мынандай жолдарды айқындап алу керек: экологиялық мәдениетті қалыптастыру барысын жалпы білім беру мен тәрбиелеу контексінде қарастыру; оқу жүйесіне тұрақты даму мәселелерін енгізу жолымен үздіксіз экологиялық білім берудің жүйесін қалыптастыру; экологиялық білім мазмұнын, яғни сырттан енетін ақпаратты сипаттама түрінде ғана емес, интеллектуалдық ой-әрекеттерді дамытатын қырынан берілуін көздеу; табиғатты эстетикалық тәрбие құралы ретінде танытып, адам мен табиғат арасындағы қатынастарды кәсіби педагогикалық аспектіде қарастыру; экологиялық мәдениетті жетілдіріп, қоршаған ортаны қорғауда жоғары мектепте оқытылатын жаратылыстану, өнер, техникалық саладағы пәндерді кіріктіру арқылы қалыптастыру.
Экологиялық кәсіби білім мен тәрбие беру жоғары білім беру жүйесінің құрылымына еніп қана қоймай, оның негізгі бағытының бірі болуы қажет. Экологиялық кәсіби білім мен тәрбие беруді жоғары білім беру мекемелерінің барлық деңгейлерінде сабақтастықпен жүргізген жөн. Оларды жүзеге асыру үшін білім жүйесін тұтасынан және оның жеке кезеңдері мен деңгейлерін кешенді түрде жетілдіретін шаралар қажет. Үздіксіз кәсіби білім беру мен тәрбие беру жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру үшін теориялық жағынан негіздейтін ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру– уақыт талабы. Осыған орай барлық пәндерді экологияландыру мәселесі де күн тәртібінен түспей отыр. Ал бұл болса кәсіби білім беру жүйесінде барлық мамандыққа қатысты экологиялық-құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолдарын іздестіруді талап етеді.
Экологиялық-құқықтық білім беру саласында орындалған зерттеулер экологиялық-құқықтық мәдениет, экологиялық-құқықтық білім беру, экологиялық-құқықтық жауаптылық, экологиялық-құқықтық сана түсініктерінің ғылымда да өмірде де маңыздылығын кеңінен дәлелдейді.
Терминдердің шығу тегін зерттеу бізге құқықтық білім беру теориясының шеңберінде пайда болған және ол терминдерді құқық саласы мамандары кең көлемде пайдаланған деп ой тұжырымдауға мүмкіндік береді. Экология сөзі мен құқық сөзін қосатын сөзжасам алғаш рет 1995 жылы пайдаланыла бастады. Экологиялық-құқықтық білім беру мен экологиялық-құқықтық сана терминдері В.В.Петровтың оқу құралында көрініс алады және оларға экологиялық-құқықтық білім беру – қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті аясындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу туралы білім жүйесі, ал экологиялық-құқықтық сана - экологиялық және заң мәдениетін меңгеру, экологиялық заңдарды білу және оны дұрыс қолдана білу деген анықтама беріледі.
Жоғары оқу орындарында экологиялық-құқықтық білімнің қалыптасуы ХХ ғасырдың 1970-жылдарынан бастап барынша қарқынмен жүргізілді. Бұл экологиялық-құқықтық білімнің қалыптасуы жөнінде жарияланған оқу құралдарының санымен дәлелденеді, материалдың көп жиналуы және негізгі басты ғылыми мектеп өкілдері көзқарастары, табиғатты құқықтық қорғау жүйесінің бағыттары бойынша бірігуі үдерісінің жүруімен сипатталады. Оның айқын көрінісіне 1976 жылы КСРО-да табиғатты құқықтық қорғау оқу құралының басылып шығуы дәлел болады. Бұл оқу құралы экологиялық-құқық бойынша алғашқы оқу-әдістемелік құрал болып табылды және барлық жоғары құқықтық білім беретін оқу орындарында ғылыми түрде мойындалып, кеңінен таралды. Бұл оқу құралының авторлық ұжымына барлық басты экологиялық-құқықтық мәселелермен айналысатын оқу орындары мен ғылыми орталықтар- дың көшбасшылары енді. Осы аталған кезеңде шыққан бірқатар еңбектердің қатарында Шығыс Европа елдерінде қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау атты оқу құралы оқшау тұр. Бұл оқу құралында Болгария, Венгрия, Германия, Польша, Румыния, бұрынғы КСРО, Чехия мен Словакия және Югославияның заңдары бойынша қоршаған табиғи ортаны қорғауға салыстырмалы-құқықтық талдау жасалынған деп орындалған жұмыстарды жүйеге келтіріп, жан-жақты сипаттама беруге мүмкіндік туғызды.
Қазіргі таңда экологиялық-құқықтық мәдениетті қалыптастыру болашақ заңгерлер үшін қоғам тіршілігінің маңызды элементі болып саналады. Бұл мәселе болашақ мамандық иелерін табиғатты қорғау мен экологиялық мәселелердің шешімін табудағы белсенділікті нақты жағдайларда танытуға міндеттейді.
Біз оның бәрін ескере отырып және болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетінің қалыптасуын, экологиялық-құқықтық мәдениеттің құрылымын сипаттайтын психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаларды, “050301-Құқықтану” мамандығының мемлекеттік стандартын басшылыққа ала отырып, болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениеттін қалыптастыру моделін жасадық.
Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін моделдеуде тұлғаның құрылымын сипаттайтын психологиялық-педагогикалық білім негіздерін басшылыққа алдық.
Болашақ заңгерлердің, экологиялық-құқықтық мәдениетін қалыптастыру моделі компоненттердің бірлігін (мотивациялық, мазмұндық және іс-әрекеттік) және өлшемдер мен көрсеткіштерді, деңгейлерді қарастырады (кесте 1).
Мотивациялық компонент. Кез-келген қызметтегі маңызды мотив дәлелді себептер болып табылады. Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениеті және құқық саласындағы қызметінің іс-әрекеттік қарым-қатынасы ретінде айқындауға болады, оның негізінде саналы түрде қойылып, белгілі бір түрде дәйектелген мақсат болады. Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін қалыптастырудың мотивациялық компоненті құқық саласы бойынша жоғары оқу орындарындағы болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетінің, кәсіби білімі мен құзырлығының қалып-
Кесте1-Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін қалыптастырудың моделі
Компоненттері
Өлшемдері
Көрсеткіштері
Деңгейлері


Мотивациялық

Экологиялық-құқықтық мәдениетке бағыттылығы
Экологиялық-құқықтық мәдениетке талпынысы;
экологиялық-құқықтық мәдениетті қажеттенуі;
экологиялық-құқықтық мәдениетке қызығушылығы.

Жоғары:
- құқықтық, экологиялық білімдерінің жоғары дәрежеде қалыптасып, дамуы;
- экологиялық-құқықтық санасы мен мәдениетінің, белсенділігінің сапалы қалыптасып, дамуы;
- экологиялық-құқықтық білімді, саналы азаматтың экологиялық-құқық бұзушылыққа бармауына сенімді болуы мақсатында сапалы экологиялық-құқықтық өнеге көрсетуге ұмтылуы;
- өзінің экологиялық-құқықтық мәдениетіне, құқықтық іскерлігі мен дағдысына өзіндік баға бере білуі;
- экологиялық-құқықтық білім мен тәрбие беру жұмыстарын іскерлікпен ұйымдастыра білуі;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы және оны әдетке айналдыруы.
Жеткілікті:
- құқықтық, экологиялық білімдерінің жеткілікті дәрежеде қалыптасып, дамуы;
- экологиялық-құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық белсенділігін қалыптастырудағы ролі
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары негізінде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Құқықтық мінез - құлық туралы ақпарат
Этика ұғымы және оның заты
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Заңгердің кәсіби іс-әрекеті жайлы
Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы дамыту
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ заңгерлерді экологиялық тәрбиелеу - кәсіби дайындықтың аспектілерінің бірі ретінде
Пәндер