Математикалық дайындықта "Дидактикалық ойындар"


Математикалық дайындықта "Баланы жанұяда және мектепке дейінгі топтарда мектепке дайындау бағдарламасында" қарастырылғандай, баланы санауға үйретумен қатар бірінші ондық сандар туралы түсінікті дамыту, қарапайым арифметикалық есептерді шешу және құрастыру, баланың көрнектіліктердің көмегімен заттардың көптік түрлерін арифметикалық тәсілдерді ажыратуына, белгіленген жерді шамамен өлшей білуіне сұйық және ұнтақ заттардың көлеміне көз мөлшерін дамытуға геометриялық функциялар туралы түсінігін, уақытты, кеңістік қатынасын дамытуға затты бөлшектерге бөлуді үйретуіне басты көңіл бөлінеді.
Осындай математикалық дамуға негізделген бағдарлама мектепке дейінгі жастағы баланың заттың сандық қатынасын терең түсінуіне, кейінгі математикалық терең ойлануына негіз бола алады. Осының бәрі баланың ойлау қабілетінің дамуына, мектепке дайындығының үздік болуына ықпал етеді.
Математикаға негізделген бағдарламалар әсіресе сабақта ауызша, көрнекілікті практикалық, ойындық және тәсілдер. Әңгіме, әңгіме дүкен құру, суреттеу, бағыт-бағдар беру, түсіндіру. Балаларға сұрақ, олардан жауап алғанда, үлгі нақты заттарды көрсету, сандық карточкалармен жұмыс, дидактикалық ойындар және жаттығулар жылдам ойындар негізінде жүзеге асырылады.
Барлық мектепке жастық сатыда сабақта ойын-әдістерін өткізу үлкен роль атқарады. Дидактикалық ойындар және математикалық жаттығулар баланң ой-өрісін дамытып қоймай, сандарды меңгеруіне пішінді, кеңістікті уақытты бағдарлауына көмек береді. Міне сол себептен оқсы бағдарламаның тарауларын оқығанда, әсіресе оларды сабақтарда және күнделікті өмірде қолдануды тәрбиешілер ойын және жаттығу түрінде қолдануы керек.
Барлық топтарда дидактикалық ойындар мен жаттығулар таңертең (сабақ не оның бөлімдері түрінде) және түстен кейін өткізілуі мүмкін.
Бағдарламада оқу жылының IV кварталында барлық жастағы топтарда өткен материалдарды қайталау қарастырылған. Тәрбиешілер әртүрлі ойын варианттары мен табиғи материалдар (жеміс-жидектер, гүлдер, жапырақтар) орнына да дидактикалық материалдар пайдаланса болады. Төменде баланың ойлау қабілетінің деңгейіне негізделген жаттығулар берілген. Қандай ойын жастағы топтарға екені нап-нақты түсіндіріледі.
Бір тәрбиеші оларды тиімді пайдалануы үшін, қолданылған сандарға көңіл бөлінуі керек. Мысалы: "Қандай сан жетіспейді" Осыны дайындық топтарынан орта немесе үлкен топтарында өткізіледі. Бірақ орта топтарда балалар 1-5 сандарының сандарымен, үлкен топтарда 1-10 сандарының арасындағы сандармен, дайындық топтарда 2 немесе 3 сан жаттығуда жетіспеуі мүмкін. Таратылатын материалдар (Мысалы орта топтарда 5 сызыққа дейін, дайындау топтарда 10-ға дейін) қолдануға болады. Ойындар және ойын элементтері үлкен жетістіктермен бала бақшаның барлық топтарында қолданылады. Бірақ бұл әдіс -тәсілдің жетістігі оның мазмұнында дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Ойын математикалық тұрғыдан қызық, сонымен қатар ойын формасының қасиеттерін сақтауы керек. Онда міндетті түрде ойыншылар немесе ойыннан кейін жеңілгендердің немесе жаттығу орындай алмағандардың көңілдерін қалдырмау керек, оларға ұрысу орынсыз.
Дидактикалық ойындарды педагог барлық ойын шарттарын орындағанда оны бағдарламамен үйреткенде ғана жетістікке жетеді.
Заттардың көлемін және пішінін салыстыру. Түр- түс геометриялық фигуралар, дидактикалық ойындар және жаттығулар.
1. Ойын "Қолда не бар".
Мақсат: ұзын- қысқа, толық- арық, үлкен- кіші, оң-сол, кеңістік ұғымдарын қалыптастыру.
Материал: Табиғи материалдар (ағаш, емен жаңғағы, жаңғақ таяқшалар т. б. )
Ойын барысы: Бала қолын артына жасырады. Педагог баланың қолына әртүрлі көлемдегі 2 зат ұстатады. Мысалы: 2 тас, үлкен және кіші. Бала көрмей тұрып оң қолында үлкен, сол қолында - кішкентай тас бар екенін қарамай айтуы керек. Балалар оның дұрыс, бұрысын салыстырады. Содан соң мұғалім баланың қолына екі таяқша береді ұзындығы әртүрлі, бірақ жуандығы бірдей. Әр шақырылған бала 2-3 жаттығу орындайды. Қате жібермеген оқушылар жеңімпаз аталады.
2. Ойын "Қатарға тұру".
Мақсат: Балаларды кеңістікті бағдарлауға үйрету.
Ойынның барысы: Балалар 6-8 адамнан тұратын 2 топқа бөлінеді. Педагог команданың біреуін шақырып, бой-бойымен қатарға тұруды ұсынады. Сонан соң "Ең ұзын кім?"Бақыттың бойы қандай деп сұралады?(Бақыт ең аласа) . Сенің оң жағыңдағы кім? Сол жағыңдағы ше? Сен кімдердің ортасында тұрсың? Зухра бір қадам алға басады. Оның жанына сол жақтағы көршілес тұрады. Енді бір-бірінің желкелеріңнен қарап тұрыңдар. Сенен бұрын кім тұр? Сенен кейін кім тұр? Артта кім тұр? Рақым, солға қарай бір қадам бас. Рақымның артына Гүлнара, ал алдына- Дина". Бұл жерде мынадай белгілер берілген. I Екінші кіші топ, II-орта, III-үлкен, IV-мектепке дейінгі топ.
Санжар: Бәрің алға бір қадам басыңдар. Солға бір қадам басыңдар. Артқа бір қадам, солға бір қадам басыңдар. Қалған балалар тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалайды. Жеңген(жаққа) команда жалаушалармен марапатталады(I, II, III) . Ойын 3-4 минутқа созылады.
3. Жаттығу "Ұша ма"
Мақсаты: Балаларға биік-аласа, ұзын-қысқа ұғымдарын түсіндіру.
Ойын барысы: Педагог балаларға ойыншықтар көрсетеді. Мысалы: қарлығашты "Ұша ма?" -деп сұрайды. Ортаға шығарылған бала былай деп жауап беруі керек: "Қарлығаш биікке ұшады, ағаштан да биік, үйден де биік". Сонан кейін педагог қоңызды көрсетеді. Ортаға шыққан бала былай деп жауап береді: "Қоғыз төмен ұшады, шөптерден биік" Жаттығу 2-3 минут қайталанады.
4. "Мұхит бол". Жаттығу.
Мақсаты: Биік-пәс деген ұғымдарды нығайту.
Жаттығудың мазмұны: Педагог балаларға биік және пәс заттарды немесе сол заттар салынған суреттерді көрсетеді. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, ал пәс затты көрсеткенде басын столға түсіреді. Мысалы: "Телебашня" дегенде-балалар тұрады, "Саты" - балалар тұрады, "Балапан" - басын түсіреді.
Жаттығу 2-3 минутқа созылады.
5. "Тапсырманы орында" Жаттығу.
Мақсаты: Балаларға үлкен және кішкентай заттарды дұрыс айыруын үйрету.
Құралдар: Әр балада 2-3 жұп (үлкен және кішкентай) : доп, машинка, кукла және т. б. ойыншықтар болу керек.
Жаттығудың мазмұны: Педагог балаларға оң қолына үлкен доп, ал сол қолыга кішкентай доп ұстатады; кішкентай машинаны төменнен төбеге қарай, ал үлкен машинаны төбеден төменге қарай жүргізуді сұрайды және т. б.
Жаттығу 2-3 минут алады.
6. "Не өзгерді" ойын.
Мақсаты: Баланың көру арқылы түйсік қабылдауын, есін жетілдіру. Балаларды сұраққа толық жауап беруді үйрету, сөздігін байыту.
Құралдар: Үлкен және кішкентай жапырақтар, алмалар алмұрттар, сәбіздер, қарбыздар және т. б. ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Балалар 2 топқа бөлінеді. Әр топ педагогтің сұрақтарына жауап береді. Сұрақты қояр алдында тәрбиеші таяқшаға бірнеше зат қояды.
Мысалы: Алманы үлкен сары түсті алмұртты және кішкентай жасыл алмұртты, қарбызды. Балалардың бірі мұны көреді. Сосын бірінші топтың қатысушыларына көздерін жұмуды ұсынады. Сол кезде тәрбиеші үлкен алмұртты алып, қояды. Не өзгерді? Бірінші топтан тәрбиеші шығарған бала толық жауап беру керек: "Үлкен сары түсті алмұрт жоқ". Сосын заттарды ауыстырып енді екінші топқа сұрақ қойылады. Ойын 3-4 минутқа созылады.
7. Ойын: Көздер ұйқыда, ал қолдар жұмыс істеп жатыр.
Мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен кішкентай деген ұғымдарды дифиренциалдау.
Құралдар: Қаламдар, таяқшалар, жолақтар, кітаптар, доптар, куклалар және т. б.
Ойын мазмұны: Бұл ойында балалар қай қалам қысқа, ал қайсысы ұзын екенін, бұлшық еті арқылы анықтау қажет. Алдымен педагог балаларға бір жұп қалам көрсетеді. Балалар қаламдарды көреді. Олардың ұзындығын көзбен анықтайды. Сосын педагог шығарған балаға: "көзіңді жұм, мен саған қандай ұзын әлде қысқа қалам бердім бе?-" деп сұрайды. Бала (Жұмылған көзімен) қаламды ұстап, ойында көрген қаламмен салыстырып қолында қайсысы (ұзын және қысқа) қалам екенін түсінеді, жауап беріп көзін ашады. Кез келген жағдайда (бала дұрыс жауап берді ме әлде жоқ па) көрсетілген екі қалам қайта салыстырылады. Сөйтіп, 2-3 баланы сұраған соң, педагог басқа жұп қаламдарды көрсетіп: "Көздеріңді жұмыңдар: Енді көріңдерші менің қолымда қандаи ұзын әлде қысқа қалам ұстап тұрмын деиді. (соңғы кезде
қаламдардың түсіде, формасы да бір болуы керек Айырлмашылығы тек ұзындығында болуы керек тура солаи жуандылығына қараи заттар салыстырылады кітаптар, дәптерлер, жолақтар; көлеміне қарай қандай доп үлкен және т. б. Ойын 4-5 мин болады.
8. Ойын: "Жолақтарды қой".
Мақсаты: Жолақтарды түсіне және ұзындығына қарап айырып табуды үйрету.
Құралдар: Әр балаға әр түрлі жолақтардың (мысалы: 2 қызыл, 1 жасыл және 2 сары, ең үлкен сары, ең қысқасы - қызыл, ұзындығы бірдей қызыл жасыл, сары) Жиынтық беру керек.
Ойынның мазмұны:
1. Педагог балаларға сол жағына қызыл жолақтарды, оң жағына - сары, ал алдына жасыл жолақтарды қоюды ұсынады.
2. Бірдей жолақтарды бірінің үстіне бірін қоюды ұсырады.
3. Сол жағына ең қысқа жолақ, оң жағына ең ұзын жолақты қоюды ұсынады.
4. Бір қатарға ең қысқа жолақтан тастап ең ұзын ұзын жолаққа қойып шығу.
Егер бір орындықта отырған балалар тапсырманы мүлдем қатесіз орындаса олар жеңімпаз атанады. Ойын 4-6 мин созылады.
9. Ойын: "Мынау қандай фигура екенін тап?"
Мақсаты: Геометриялық фигураны қолымен ұстап тауып атын айтуды үйрету.
Құралдар: Пласстмассадан, кортоннан, ағаштан жасалған геометриялық фигуралар.
Ойынның мазмұны: Бала топқа бетімен қарап, қолын арқасының артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолына бір геометриялық фигураны ұстатады. Бала оны топқа көрсетпей ұстап көріп айту керек. Балалар өздерінің жиындарының тура сондай фигураны тауып көтеру керек. Бала да қолындағы фигурасын көрсетеді. Егер ол фигураны дұрыс тапса, ол 1 жалау алып орнына отырады. Ең көп жалау алған топ жеңімпаз болып саналады. Ойын 6-8 минут өткізіледі.
10. Ойын: "Доппен жылдам ойнау".
Мақсаты: "Төменнен-төбеге, оң жаққа сол жаққа" деген ұғымдарды қайталау.
Ойын мазмұны: Ойын алаңында жіпті тартып қою керек. Балаларды 2 топқа бөледі. Екі бала (әр топтан біреуден ) : Доп төменде деген командада допты жіптің астынан өткізеді. "Доп үстінде " деген команда болғанда допты жіптің үстінен өткізу керек. Кейін ойыншылардың келесі жұптары шығарылады. Бір де бір қателік жеткізбеген топ жеңімпаз болып саналады.
2. Вариант. Балалар бір сапқа тұрады. Доп бірінші балағаберіледі. "Допты оңға " деген командада доп оң жаққа беріле басталады, " тоқтат" деген командада допты саптағы бір бала ұстап қалады. " Допты солға" деген командада доп солға беріле бастайды.
Тапсырманы тез және батыл орындаған балалар жеңімпаз болып саналады. Ойынның 2 варианты да 7-8 минутқа созылады.
11. Ойын: "Ою өрнекті салу"
Мақсаты: Кеңістікте формалардың сәйкестіктерін табу.
Құралдар: Түсті геометриялық фигуралардың ою өрнектері салынған қалың қағаз керек. Әр балаға сондай геометриялық фигуралар салынған карточкалар терімі түрлі-түсті қағаздан жасалған өрнекті құрайтын геометриялық фигуралардың жиыны сол фигуралардың жиыны, бірақ кіші көлемде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz