Оқу партфолиосы оқушылардың жетістіктерін бақылау мен бағалаудың жаңа формасы


Оқу партфолиосы оқушылардың жетістіктерін бақылау мен бағалаудың жаңа формасы
Шығармашылық іс-әрекеттердің белгілеріне сай озық ойлы, алғыр, терең білімді, жаңа жағдайда іс- қимылды тез өзгерте алатын қабілеттерінің тұлғаның бойында болуы қоғамыздың сұранысы. Бұл сұранысты қанағаттандыру дегеніміз оқушыны шығармашылық деңгейге көтеру, яғни шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту. Педагогикалық-психологиялық ғылыми әдебиеттерді зерделей отырып, «шығар-машылық» сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіретінін нақтыладық. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсені ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз. «Шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Зерттеулердің қорытындыларына сүйене отырып шығармашылық тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдықты талдап, жинақ-тай білу сияқты кешенді қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі қайшылықтарды түсіну, шығармашылыққа деген құштар-лығы болу керек екені анықталды. Шығар-машылық деген сөздің сырына үңілсек ол адамның мақсаттағы ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен құралып, ақыл ойы мен сезімнің қиялының ерекше бітімінен көрінеді
Оқушылардың шығармашылығын арттыр-атын, оқу үрдісін қарқындататын әдіс-тәсілдер мен формаларды анықтап, оны оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолдана алуымыз керек. Қазіргі кезде ондай инновациялар көптеп кездеседі. Соның бірі - портфолио әдісі. Дегенмен, оқушы-лардың және мұғалімдердің портфолиосы туралы зерттеулер аз.
Мектеп тәжірибесінде соңғы жылда-ры «портфолио» сөзін жиі естуге болады. Тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де қатысты болып табылатындықтан, портфо-лио оқу-тәрбие үрдісінде қарқынды дамып келеді. Бірақ барлық ұстаздар портфо-лионың мақсаты мен міндеттері, түрлері, құрылымы, оны қолдану реті туралы мағлұматтардан хабардар емес. Сондықтан да, біз төменде портфолио туралы біраз мағлұмат беруді жөн көрдік.
Портфолио сөзі қолданысқа француз тілінен енген. Жалпы шет тіліндегі сөздік-терді саралай отырып, оның төмендегідей мағыналар беретінін анықтадық:
1) мазмұндау, алып жүру, құрастыру;
2) бет, қағаз;
3) дәйек, белгілі бір мағлұматтар жинағы, жетістіктер жинағы.
Біз осы мағыналарды сараптай отырып, портфолио ұғымына ортақ бір анықтама беруге тырыстық. Яғни, портфо-лио дегеніміз тұлғаның қандай да бір ерекшеліктерін уағыздайтын, нақты бір мақсатты жүзеге асыруға байланысты құ-жаттармен безендірілген, оның жетістік-терінің дәлелі бола алатындай мағлұматтар жинағы. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушы портфолиосымен қатар мұғалімдердің портфолиосы да маңызды рөл атқарады. Сондықтан, ең алдымен, педагог портфо-лиосы туралы сөз қозғайық.
Мектептегі мұғалімдердің портфолио жүргізудегі мақсаты - әр мұғалімнің өз еңбегіне, атқарған істеріне талдау жасауы арқылы кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттырулары, жоғары нәтижелерге жету-лері.
Жалпы педагог портфолиосын құру идеясында терең мағына жатыр. Оларды үш топқа бөлуге болады:
- Философиялық;
- Әдістемелік;
- Практикалық.
Бірінші, философиялық мағынасына тоқталатын болсақ, бұл кез-келген мұғалім-нің өзінің педагогикалық іс-әрекетін ұдайы талдап, талқылап, жай-күйін ойланатынын, рефлексияға бейім екенін білдіреді. Сон-дықтан, осындай ой-толғаныс нәтижелерін мұғалім қандай да бір форма арқылы сыртқа шығарады.
Екінші, әдістемелік мағынасы, мұ-ғалімнің өз іс-әрекетін қандай деңгейде шеберлікке жеткізгендігін дәлелдеуі болып табылады. Яғни, педагог кәсіби іс-әрекетінің нәтижелілігінің куәсі бола ала-тын кестелер мен диаграммаларды, графи-каларды, сонымен қатар, ғылыми-әдісте-мелік және тәжірибелі-эксперименттік жұ-мыстарының материалдарын, сыныптан тыс шаралар мен авторлық сабақтарының жоспарларын тұтастай жинақтай беріп, безендіреді.
Практикалық мағынасы, педагог-тың жұмысының мәнділігін дәлелдеуі. Ол сертификатталған құжаттарды мақтаныш-пен жинай отырып, толтыруды меңзейді.
Осындай маңызды мағыналары бар портфолионың бірнеше типтері бар. Олар:
1. Құжаттар портфолиосы.
2. Еңбек, жұмыс портфолиосы.
3. Пікірлер портфолиосы.
4. Кешенді портфолио.
Құжаттар портфолиосына педагог-тың кәсіби әрекетінің маманы екенін дәлелдейтін дипломы, біліктілігін арттыру курстарында, семинарларда болғандығын растайтын куәліктері, оқу-тәрбие ісі бойынша қандай да бір жеткен жетістіктері үшін алған мақтау қағаздары кіреді.
Педагогтың оқу-тәрбие ісіне, инновацияны мектепке енгізуге байланысты жаса-ған жобалары, қандай да бір педагогикалық мәселе бойынша өңдеген рефераттары мен зерттеу жұмыстары, видеожазбалары, элек-тронды құжаттары еңбек, жұмыс портфо-лиосын құрайды.
Осы жіктелуге қарай педагог өзіне ыңғайлысын таңдап алып, портфолио толтырады. Портфолио жүргізудің реттел-ген ережесі бар. Кез-келген мұғалім соны ескеруі керек.
Портфолионы жүргізудегі ережелер:
1. Портфолиоға кіретін материалдар құр біреудің тәжірибесінің көшірмесі бол-май, керісінше сол педагогтың барлық сала бойынша атқарылған шығармашылық жұмыстарын танытуы керек.
2. Ондағы жұмыс нәтижелері арқылы мұғалімнің құзыреттілігінің деңгейін баға-лау мүмкіндігі болуы қажет.
3. Портфолио арқылы мектеп әкім-шілігі мұғалімнің педагогикалық шебер-лігінің, жетістіктерінің өзгеру динами-касын бағалай алуы керек.
Осындай жүйелілікпен құрылған портфолионы тексеру жылына екі рет жүзеге асырылады. Мектепте қаңтар айында портфолиолар көрмесі ұйымдасты-рылса, сәуір айында портфолиолар презен-тациясы өтеді. Оған мұғалімдер үлкен жауапкершілікпен, ұшқырлықпен, белсен-ділікпен дайындалады. Әрине, портфолио-ны толтырып, безендіруде педагог шығар-машылық танытуы қажет. Презентация біткеннен кейін портфолиоға сын пікір жазылып, мұғалімнің кәсіби деңгейі мен құзыреттілігі бағаланады.
Оқушы портфолиосын Ресейде оқу-шының даму траекториясын бақылау үшін қолданады. Біздің елімізде мектеп 12 жылдық білім беруге көшкенде, оқушы портфолиосы, олардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі ретінде енгізіледі. Сондықтан жақын болашақта портфолио ұғымы білім беру, тәрбие үрдісінде негізгі категория санатына кіретіні айдан анық.
Оқушылардың портфолиосы бірқатар өзіндік ерекшеліктермен сипатталады. Олар:
- Оқушылар портфолиосы оқу нәти-жесін ғана емес, оған жұмсалған еңбекті көрсететін жұмыс жинақтамасы, оқушы-ның салыстырмалы түрде алға жылжу-шылығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz