«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері



2 БӨЛІМ «ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ» КУРСЫ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
2.1 МОДУЛЬ I. ӨСУ МЕН ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ. ОРГАНИЗМ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ НЕРВТІК.ГУМОРАЛЬДЫҚ ЖОЛМЕН РЕТТЕЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1.1 Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдердің өсу және даму заңдылықтары.
2.1.2 Нерв жүйесінің құрылымдық.функционалдық құрылысы.
2.1.3 Орталық нерв жүйесінің физиологиясы.
2.1.4 Сезім мүшелерінің физиологиясы.
2.1.5 Жоғары дәрежелі нерв қызметі.
2.1.6 Мидың интегративті қызметі және мінез.құлықтың бейімделуінің жүйелілігі.
2.1.7 Эндокриндік жүйенің жастық ерекшелігі.
2.2 МОДУЛЬ II. ІШКІ МҮШЕЛЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ
2.2.1 Қимыл.тірек аппаратының жасқа байланысты ерекшеліктері. Мектепті жабдықтаудағы гигиеналық талаптар.
2.2.2 Ас қорыту жүйесі және оның жасқа байланысты ерекшеліктері
2.2.3 Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы.
2.2.4 Қан және қан айналу жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері.
2.2.5 Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері. Оқу бөлмелерінің ауасына қойылатын гигиеналық талаптар.
2.2.6 Зәр шығару жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері. Жеке бас гигиенасы. Киім және аяқ киім гигиенасы.
2.2.7 Оқу.тәрбие процесінің гигиенасы.
2.3 ГЛОССАРИЙ
Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның eкi саласын қамтиды: адам организмiнің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерiнің қызметтерiнің жас ерекшелiктерiнің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа ерекшелшіктер физиологиясы мен адамның денсаулығын caқтayғa қажеттi жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиена¬сының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебi педагогика жоғары жүйке әpeкeтiнiң, заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негiзде iскe асырады. Балаларға дұрыс тәрбие беріп, оқытудың нәтижесі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің қаншалықты ескерілігенімен, қай жағдайда сыртқы орта әсеріне төзімді, сезімтал, қай кезде ағзаның қорғаныш қабілетінің төмен екендігін білуімен тығыз байланысты. Балалардың ми қызметінің ерекшеліктерін білу арқылы әр кезеңде болатын психикалық, психофизиологиялық өзгерістерді, назарының артуын, еске сақтау қабілеттерінің жоғарғы деңгейін біле аламыз. Басқа ғылымдар iспеттi жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бiрнеше ғылыми зерттеу әдicтерiн пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.
Адам ағзасы атқаратын қызметі мен құрылысының ортақтығы бойынша біріктірілген бір-біріне өзара бағынышты ұйымдастырылған күрделі жүйе. Жүйе элементі болып жасуша табылады. Біртұтас ағзаның қызметі қоршаған ортамен тығыз байланыста болған кезде ғана жүзеге асады. Ағза қызметінің барлық процестері ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асады. Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады. Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады. Ағзадағы клеткалар саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады. Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады
Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.
Бақылау сұрақтары:
1. Жас ерекшеліктер физиологиясының зерттеу әдістерін атаңыз.
2. Аталмыш курстың қандай ғылым салаларымен байланысы бар?
3. Өсу мен даму процестеріне ортақ заңдылықтарды атаңыз.
4. Қандай жас кезеңдерін білесіз?

2.1.2 Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы.
Мақсаты: Нерв жүйесінің адам өміріндегі маңызы түсіндіру. Нерв жүйесінің құрылымдық элементтерінің физиологиясымен және жастық ерекшеліктерімен таныстыру.
Сұрақтар:
1 Жүйке жүйесінің маңызы.
2 Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі - нейрон. Нейрондардың жіктелуі.
3 Нерв талшығының құрылысы мен қызметі, жіктелуі.
4 Синапс, классификациясы.
5 Рефлекс, оның түрлері. Рефлекс доғасының жалпы схемасы.
6 Нерв орталығы, оның қасиеттері.

Негізгі қызметі ақпаратты тез және дәл беру, жинақтау болып табылатын нерв жүйесі мүшелер мен мүшелер жүйесін бір-бірімен байланыстырып, ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді; оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы әр түрлі мүшелердің қызметін реттеп, үйлестіреді, біртұтас жүйе ретіндегі бүкіл ағзаның қызметін өзгермелі қоршаған және ішкі орталар талаптарына бейімдейді. Нейрон ¬нерв жүйесінің ақпаратты қабылдауға, өңдеуге, сақтауға, беруге және интеграциялауға бейімделген құрылымдық және функционалдық бірлігі. Нейрон денеден және өсінділерден тұрады. Нерв жүйесі құрылымдарының негізгі қасиеттері мен қызметтері: тітіркенгіштік, қозғыштық. Нерв қызметінің негізгі нысаны рефлекторлық актілер болып табылады. Рефлекс – ағзаның сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштеріне орталық нерв жүйесінің қатысуымен жауап беруі. Рефлекс кезінде қозу жүретін жол рефлекс доғасы деп аталынады.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
2 БӨЛІМ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ КУРСЫ БОЙЫНША
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

2.1 МОДУЛЬ I. ӨСУ МЕН ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ. ОРГАНИЗМ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ НЕРВТІК-
ГУМОРАЛЬДЫҚ ЖОЛМЕН РЕТТЕЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1.1 Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдердің өсу және даму заңдылықтары.
Мақсаты: Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасы курсының
зерттеу пәні, мақсаты мен міндеттерін түсіндіре отырып, осы курстың болашақ
педагогтерге қажеттілігін баяндау.
Сұрақтар:
1 Жас ерекшеліктер физиологиясының мақсаты мен міндеттері, басқа
ғылымдармен байланысы.
2 Жас ерекшеліктер физиологиясындағы зерттеу әдістері.
3 Мектеп гигиенасының мақсаты мен міндеттері.
4 Организм біртұтас құрылым. Гомеостаз және ағзаның реттелу қызметтері.
5 Өсу және даму түсініктері. Онтогенетикалық даму заңдылықтары.
6 Ағзаның даму кезеңдері.
7 Дамудың әр кезеңдеріндегі дене пропорциясы мен өсуі

Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның eкi саласын қамтиды:
адам организмiнің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерiнің қызметтерiнің
жас ерекшелiктерiнің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа
ерекшелшіктер физиологиясы мен адамның денсаулығын caқтayғa қажеттi
жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена
ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының пәні
педагогика ғылымымен де байланысты, себебi педагогика жоғары жүйке
әpeкeтiнiң, заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негiзде
iскe асырады. Балаларға дұрыс тәрбие беріп, оқытудың нәтижесі оның
анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің қаншалықты ескерілігенімен, қай
жағдайда сыртқы орта әсеріне төзімді, сезімтал, қай кезде ағзаның қорғаныш
қабілетінің төмен екендігін білуімен тығыз байланысты. Балалардың ми
қызметінің ерекшеліктерін білу арқылы әр кезеңде болатын психикалық,
психофизиологиялық өзгерістерді, назарының артуын, еске сақтау
қабілеттерінің жоғарғы деңгейін біле аламыз. Басқа ғылымдар iспеттi жасқа
байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бiрнеше ғылыми зерттеу әдicтерiн
пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық
жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.
Адам ағзасы атқаратын қызметі мен құрылысының ортақтығы бойынша
біріктірілген бір-біріне өзара бағынышты ұйымдастырылған күрделі жүйе. Жүйе
элементі болып жасуша табылады. Біртұтас ағзаның қызметі қоршаған ортамен
тығыз байланыста болған кезде ғана жүзеге асады. Ағза қызметінің барлық
процестері ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталған
жағдайда ғана жүзеге асады. Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша
аралық сұйықтық жатады. Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен
химиялық құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады.
Ағзадағы клеткалар саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене
көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады. Өсумен қатар организмде даму жүріп
жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық
көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп,
белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің
қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады
Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері
бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму
дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.
Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен
екінші кезеңге ауысу уақытын өзгеру мезгілі немесе ауысу мерзімі деп
атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез,
ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты.
Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның
жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан
тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін
басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің
уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне
негізделген.
Бақылау сұрақтары:
1. Жас ерекшеліктер физиологиясының зерттеу әдістерін атаңыз.
2. Аталмыш курстың қандай ғылым салаларымен байланысы бар?
3. Өсу мен даму процестеріне ортақ заңдылықтарды атаңыз.
4. Қандай жас кезеңдерін білесіз?

2.1.2 Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы.
Мақсаты: Нерв жүйесінің адам өміріндегі маңызы түсіндіру. Нерв жүйесінің
құрылымдық элементтерінің физиологиясымен және жастық ерекшеліктерімен
таныстыру.
Сұрақтар:
1 Жүйке жүйесінің маңызы.
2 Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі - нейрон.
Нейрондардың жіктелуі.
3 Нерв талшығының құрылысы мен қызметі, жіктелуі.
4 Синапс, классификациясы.
5 Рефлекс, оның түрлері. Рефлекс доғасының жалпы схемасы.
6 Нерв орталығы, оның қасиеттері.

Негізгі қызметі ақпаратты тез және дәл беру, жинақтау болып табылатын
нерв жүйесі мүшелер мен мүшелер жүйесін бір-бірімен байланыстырып, ағзаның
біртұтастығын қамтамасыз етеді; оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы әр
түрлі мүшелердің қызметін реттеп, үйлестіреді, біртұтас жүйе ретіндегі
бүкіл ағзаның қызметін өзгермелі қоршаған және ішкі орталар талаптарына
бейімдейді. Нейрон нерв жүйесінің ақпаратты қабылдауға, өңдеуге, сақтауға,
беруге және интеграциялауға бейімделген құрылымдық және функционалдық
бірлігі. Нейрон денеден және өсінділерден тұрады. Нерв жүйесі
құрылымдарының негізгі қасиеттері мен қызметтері: тітіркенгіштік,
қозғыштық. Нерв қызметінің негізгі нысаны рефлекторлық актілер болып
табылады. Рефлекс – ағзаның сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштеріне
орталық нерв жүйесінің қатысуымен жауап беруі. Рефлекс кезінде қозу жүретін
жол рефлекс доғасы деп аталынады.
Бақылау сұрақтары:
1. Нерв ұлпасына қандай қасиеттер тән?
2. Нейронның қандай түрлерін білесіз?
3. Рефлекстің түрлерін атаңыз?
4. Рефлекс доғасы қандай элементтерден тұрады?

2.1.3 Орталық нерв жүйесінің физиологиясы.
Мақсаты: Орталық нерв жүйесі бөлімдерінің физиологиясымен және жастық
ерекшеліктерімен таныстыру.
Сұрақтар:
1 Жұлынның құрылысы және оның атқаратын қызметі.
2 Ми бағанасының құрылымдарының құрылысы мен атқаратын қызметтері.
3 Үлкен ми сыңарлары.

Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан. Ұзындығы 40-45см, салмағы
34-38г, диаметрі 1 см. Омыртқа жотасының құрылысына сәйкес келетін
сегменттерден тұрады: мойын, кеуде, бел және құйымшақ сегменттерін
ажыратады (8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ). Олардан 31
жұп нервтер тарайды. Артқы түбірге афференттік нервтер келіп кірсе, алдыңғы
түбірден эфференттік нервтер шығады. Жұлынның ортасында - сұр зат (нерв
клеткаларының жиынтығы), сыртында – ақ зат (нерв талшықтарынан түзілген)
орналасқан.
Қызметі: 1) Рефлекторлық функция. 2) Өткізгіштік функция.
Дамуы: Жаңа туған сәби жұлынының ұзындығы 14-16см, 10 жаста 2 есе
ұзарады, ал 20 жаста дамуы аяқталады. Осы кезеңде жұлынның салмағы 8 есеге
артады. Мектеп жасындағы балаларда жұлын нейрондарының көлемінің арту
процесі жүреді.
Бас миы – ОНЖ-нің ең маңызды бөлімі. Бала дүниеге келер сәтте бас миның
жалпы массасы 400гр. Ересек адаммен салыстырғанда нәрестенің миының массасы
оның дене массасынан едәуір артық болады. Мидың негізгі бөлімдері ұрықтық
дамудың 3-айында басталса, ал 5-айда үлкен ми сыңарларының негізгі
жүлгелері көрінеді. Ми постнаталдық дамудың алғашқы 2 жылында қарқында
дамиды. Сонан кейін бас миының даму қарқыны төмендейді. Бас миының дамуы 20
жасқа қарай аяқталады. Бұл жаста мидың массасы 4-5 есе артып, орта шамамен
1300-1400 гр болады. Мидың абсолюттік массасы адамның ақыл-ой
қабілеттілігін анықтамайтынын айта кеткен жөн.
Ми бөлімдері. Жұлын ми бағанасымен жалғасады. Бағанаға сопақша ми,
варолиев көпірі, аралық ми және мишық жатады. Ми бағанасының бөлімдері
рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.
Сопақша мида: тыныс алу және жүрек қызметін реттеу, сонымен қатар
түшкіру, жөтелу сияқты көптеген қорғаныш рефлекстерінің орталықтары және У-
ХІІ жұп бассүйек нервтері мен олардың құрамында болатын парасимпатикалық
нервтердің ядролары орналасқан. Ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7г.
Ортаңғы ми бастапқы көру және есту орталықтары мен күрделі
қозғалыстарды реттеуге қатысатын және дененің кеңістіктегі қалпын
бағдарлауға бағытталған нерв орталықтары орналасқан.
Аралық мида: төмпешік асты аймақ (гипоталамус) пен көру төмпешіктері –
таламусты ажыратады.
Мишық – қозғаушы функцияларды реттеуші және үйлестіруші орган. Мишықтың
күшті өсуі бір жастың соңына қарай байқалады. 15 жаста мишықтың көлемі
ересек адамдікімен бірдей болады.
Сонымен, онтогенез процесінде ми бағанасының құрылымдары постнаталдық
дамудың алғашқы екі жылында қарқынды өсіп, қалыптасуы 13-16 жаста
аяқталады.
Соңғы немесе алдыңғы ми базалдық ганглийлер мен үлкен ми сыңарларынан
тұрады. Үлкен ми сыңарлары – бас миының негізгі бөлігі. Ересек адамның ҮМС
массасы бас миының 80% құрап, ми бағанасының массасынан 40 есе көп болады.
Ми сыңарларының үстіндегі сұр заттың жіңішке қабаты ҮМС қыртысы деп
аталады. Ересек адамның үлкен ми сыңарларының жалпы ауданы 2200-2600 см2.
қыртыстың қалыңдығы 1,3-4,5 мм. 12-18 млрд нейрон болады. ҮМС-ң беті
жүлгелаермен тілімделген, ал олардың арасында иірімдер орналасқан.
Оң және сол жақ ми сыңарларында 4 бөлікті ажыратады: маңдай, самай,
төбе, желке. Олар бір-бірімен сүйелді дене арқылы тығыз байланысқан.
Үлкен ми сыңарларының қыртысында: 1) сенсорлық; 2) моторлық; 3)
ассоциативтік қыртыс аймақтарының болатынын анықтаған.
Ми сыңарларының белсенді қалыптасуы эмбриогенездің 12 аптасынан
басталып, 2 жасқа дейін қарқынды жалғасады. Клеткалық құрылысы, формасы мен
иірімдер мен жүлгелердің орналасуы ересек адамдікіне 7 жасқа жеткенде
жақындайды. Олардың жетілуі 20-22 жасқа жеткенде аяқталады. Жаңа туған
баланың үлкен ми сыңарларының массасы 370-400г. 1 жасқа келгенде 2 есе, 6
жаста 3 есе артады, 20-60 жас аралығында бір қалыпты, 60 жастан кейін оның
салмағы біртіндеп төмендейді.
Бас миының үлкен ми сыңарларыны жоқ балалардың дүниеге келу оқиғалары
белгілі. Ондай балаларды анэнцефалдар деп атайды. Олар бірнеше күн ғана
тіршілік етеді.
Бақылау сұрақтары:
1 Жұлынның құрылысы, қызметі және жастық ерекшеліктері.
2 Сопақша мида орналасқан нерв орталықтарын атаңыз?
3 Ортаңғы ми бөлімдерін атап, әрбір бөлімі қандай қызметке жауапты
екендігін мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
4 Аралық ми бөлімдерін атап, әрбір бөлімі қандай қызметке жауапты екендігін
мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.

2.1.4 Сезім мүшелерінің физиологиясы.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің сезім мүшелерінің морфофункционалдық
ерекшеліктерімен таныстыру.
Сұрақтар:
1 Сенсорлық жүйенің жалпы сипаттамасы.
2 Көру анализаторының жасқа байланысты ерекшелігі.
3 Балалардың және жасөспірімдердің көзінің көруі нашарлауының
профилактикасы.
4 Есту анализаторының жасқа байланысты ерекшеліктері.
5 Дыбысты қабылдау механизмі.
6 Есту гигиенасы.

Сыртқы және iшкi орталардың әсерлерiн қабылдап, талдап, талқылайтын,
олардың жағдайлары туралы сезiм тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар
дейді. Барлық анализатор 3 бөлiмнен тұpaды: 1) шеткi бөлiм; 2) өткiзгiш
бөлiм; 3) орталық бөлiм.
Сенсорлық процестердің жастық динамикасы анализатордың әр түрлі
бөлімдерінің біртіндеп жетілуімен анықталады. Рецепторлық аппараттар
пренаталдық кезеңде жетіледі. Постнаталдық даму барысындағы өткізу жүйесі
мен проекциялық аймақтың қабылдау бөлімдерінде болатын айтарлықтай
өзгерістер сыртқы тітіркендіргіштерге деген реакция көрсеткіштерінің
өзгеруіне әкеледі. Бірнеше айлық балада ақпаратты өңдеу механизмдері
жетіліп, стимулды талдап, өңдеу мүмкіндігі артатынын байқауға болады.
Сыртқы сигналдарды қайта өңдеу процесінің одан кейінгі өзгерістері күрделі
нерв торларының қалыптасуымен тығыз байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Балалар мен жасөспірімдердің көру мүшелерінің морфофункционалдық
ерекшеліктері.
2. Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетінің бұзылуын алдын алу
шаралары.
3. Балалар мен жасөспірімдердің есту анализаторының морфофункционалдық
ерекшеліктері.

2.1.5 Жоғары дәрежелі нерв қызметі.
Мақсаты: Шартты және шартсыз рефлекстердің бір-бірімен айырмашылығын
ажыраты отырып, шартты рефлекстердің адамның мінез-құлығының негізі
екендігіне көз жеткізу.
Сұрақтар:
1 Шартты және шартсыз рефлекстер.
2 Шартты рефлектердің пайда болып, тежелу механизмдері.
3 Адамның жоғарғы нерв қызметінің сапалы ерекшеліктері. Жоғарғы нерв
қызметінің түрлері.

И. П. Павлов барлық рефлекстердi eкi топқа - шартты және шартсыз
рефлекстер деп бөлді. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің
тiрлiгiн сақтау үшiн қажет. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерiнiң
орындалуы үшiн ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейдi. Олар тұқым
қуалайды, сондықтан организмнiң әр түpiнe тек өздерiнiң шартсыз рефлекстерi
болады. Шартты рефлекстер өмip тәжірибесiнiң негiзiнде, сыртқы ортамен
байланыстың арқасында пайда болып отырады. Шартты рефлекстің пайда болу
негізі - ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік
байланыстың пайда болуы.
Мидағы қозу мен тежелу бiр-бiрiмен байланысты өтедi. Қалыпты жағдайда
мидағы қозу мен тежелу дәл қажеттi сәтте организмнiң қызметiн не үдетiп, не
баяулатып отырады. Тежелу екі түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және iшкi
немесе шартты тежелу.
Адамдарда да жануарларда да әр белгі, зат, сыртқы орта құбылыстарына
талдау, түзілу процесі жүреді. Бұл бірінші сигналдық жүйе деп аталады. Ал
адамның жоғарғы нерв жүйесінің ерекшелігі: сөз сигналдарының пайда болуы.
Ол ми қыртысының әрекетіне жаңа қыртыс болды. Бірінші және екінші сигнал
жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Жоғарғы нерв қызметінің топқа
бөлінуі әрине шартты ұғым. Әр адамның жүйке жүйесі туа біткен
ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне байланысты. И.П.Павлов келесі
көрсеткіштерді негіз ете отырып, адамдардың жоғарғы жүйке қызметін 4 топқа
бөлді. Көрсеткіштер: күш, ұстамдылық, қимыл. Топтар: 1) Күшті, ұстамсыз,
тежелуден қозу процесі басым - холерик; 2) күшті, ұстамды, нерв процестері
жылдам - сангвиник; 3) күшті, ұстамды, нерв процестері баяу - флегматик; 4)
әлсіз, нерв жасушалары тез әлсізденеді - меланхолик.
Ми қызметінің жан-жақтылығына шартты рефлекстің маңызы зор. Ми қыртыс
іші, қыртыс-қыртысасты байланыстары арқылы жүйке орталықтары бір-бірімен
қарым-қатынасқа түседі. Бұл жайлы А.А.Ухтоминский өз көзқарасын
тұжырымдаған: ОНЖ-нің әр бөлігінің жүйке элементтері бірігіп, белгілі бір
жағдайды шешу үшін бір уақытта қызмет жасауға жұмылдырылады. Оны
доминанттық қозу ошағы деп атайды. П.К.Анохиннің концепциясы бойынша: әр
уақытта рецепторлар, мидың нерв элементтері, атқарушы органдар бірігіп
күрделі функционалдық жүйе құрады.
Бақылау сұрақтары:
1 Шартты рефлекстердің туындай механизмін сипаттаңыз.
2 Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстен айырмасы.
3 Шартты рефлекстің биологиялық маңызы. Шартты рефлекстің пайда болу шарты.

4 Динамикалық стереотип.
5 Жоғарғы нерв қызметінің түрлері.
6 Жоғарғы нерв қызметінің түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты
педагогикалық көзқарас.

2.1.6 Мидың интегративті қызметі және мінез-құлықтың бейімделуінің
жүйелілігі.
Мақсаты: Мидың интегративтік қызметінің физиологиясымен таныстыру.
Сұрақтар:
1 Орталық нерв жүйесіндегі интегративті процестер психикалық қызметтің
негізі.
2 Екінші сигналдық жүйенің дамуы - баланың тіл қызметінің негізі.
3 Ұйқы және сергектік.
4 Мотивация мен эмоция.
5 Қабылдау мен зейін.
6 Ес.

Психикалық процесстердің мида орналасқан белгілі орны жоқ. Олар мидың
иерархиялық жүйесінің жұмылдыра қызмет етуі арқылы жүзеге асады. Қабылдау
- хабарды қабылдап, талдап, ықшамдайтын, өңдейтін күрделі процесс.
Нәрестенің қабылдауы ассоциативтік аймақтар арқылы жүзеге асады. 5-6 жаста
қабылдау қарқынды жүреді. Назар - тәрбие беру, оқыту, үйрету үшін қажет. Ол
ми қыртысының белсенділігін арттырады. Бұл процеске ретикуляциялық
формация, лимбикалық жүйе, ми қыртысының маңдай бөліктері қатысады. Ес -
ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болып бөлінеді. Еске сақтау физиологиялық
тұрғыдан 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау, мезгілінде
қайтадан жаңғырту.
Бақылау сұрақтары:
1 Ұйқы мен түс көрудің физиологиялық механизмдерін сипаттаңыз.
2 Зейін мен есте сақтаудың физиологиялық механизмдерін сипаттаңыз.

2.1.7 Эндокриндік жүйенің жастық ерекшелігі.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер организмі қызметтерінің гуморальдық
жолмен реттелу ерекшеліктерімен таныстыру.
Сұрақтар:
1 Гормондар мен эндокриндік жүйе туралы түсінік.
2 Ішкі секреция бездерінің физиологиялық маңызы және оның онтогенез
процесіндегі дамуы.
3 Балалардың және жасөспірімдердің жыныстық дамуы.
4 Балалардың және жасөспірімдердің эндокриндік жүйесі қызметінің жоғарғы
нерв жүйесіне әсер етуі.

Организмнің қызметін реттеуде ішкі секреция бездері маңызды роль
атқарады. Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша
маңы бездері, бүйрек үсті бездері, айрықша без, ұйқы безі жатады. Iшкi
секреция бездерінің өнiмдерiн гормон деп атайды. Гормон - өте белсендi
химиялық зат. Ол қанға немесе лимфаға сіңiп, мүшелер мен мүшелер жүйесiне,
тiптi күллi организмге әсер етедi.
Ағзаның өсуі мен дамуы, жас кезеңдерінің алмасуы ішкі сереция бездерінің
қызметімен байланысты. Эмбрионның үшiншi аптасында жыныстық жетiлу
басталады. Бұл кезде алғашқы жыныстық белгiлер пайда болады. 4-5 айлық
ұрықта жыныстық белгiлер айқын көрінеді. Осы кезден бастап аталық жыныc
бездерінің өcу қарқыны 1 жасқа дейiн бiркелкi, 1 жастан бастап жынстық
жетiлу басталғанша өте баяу дамиды, оның мөлшерi де айтарлықтай ұлғаймайды.
Ал аналық жыныc безiнің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айыңда және 1 жасқа
дейiн күштi болады, сонан соң 7-9 жасқа дейiн өсуін күрт баяулайды. Осыған
байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11, қыз балаларда 7-9 жасқа дейiн
созылады. Аталған мерзiмдерге дейiн ер балалар мен қыз балалардың өcyi мен
дамуы бiрдей болады. Олар бiр-бiрiнен алғашқы жынстық белгiлер мен ер
жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшелiктер бойынша ғана
ерекшеленедi.
Бақылау сұрақтары:
1 Гормондар мен эндокриндік жүйе туралы түсінік беріңіз.
2 Қалқанша безінің физиологиялық маңызы қандай?
3 Бүйрек үсті бездерінен бөлінетін гормондардың физиологиялық әсері.
4 Ұйқы безінен қандай гормондар бөлінеді?
5 Гипофиздің эндокриндік жүйеде алатын орны қандай?
6 Жыныс бездерінің эндокриндік қызметін баяндаңыз.

2.2 МОДУЛЬ II. ІШКІ МҮШЕЛЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. МЕКТЕП
ГИГИЕНАСЫ

2.2.1 Қимыл-тірек аппаратының жасқа байланысты ерекшеліктері. Мектепті
жабдықтаудағы гигиеналық талаптар.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психаикалық дамуындағы
қозғалыстың рөлін түсіндіру. Тірек-қимыл аппаратының физиологиясы мен
жастық ерекшеліктерімен таныстыру. Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық
талаптарға тоқталу.
Сұрақтар:
1 Тірек-қимыл аппараты туралы жалпы ұғым.
2 Қаңқаның бөлімдері және оның дамуы.
3 Бұлшық ет жүйесі.
4 Әр жас кезеңдердегі ағзаның физикалық жүктемеге беретін реакцияларының
ерекшелігі.
5 Қимылдың дамуы және жасқа байланысты координацияның жетілуі.
6 Мектеп жабдықтары және оны қолдану.

Тiрек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттерi жатады. Қаңқа
eкi жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негiзгi қатты тұлғасы. Адам
қаңқасы бас, тұлға, аяқ, қол сүйектерінен тұрады. Балалар мен
жасөспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді.
Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектер тез бұзылып
денсаулыққа зиян келеді. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекiтiлген. Олардың
көбi eкi сүйекке бекiгеңдiктен олардың қозғалысын iскe асырады. Бұлшық
еттің негiзгi қызметi – сүйектердi қозғау. Сол арқылы адамның еңбек eтyiн,
күрделi жұмыстарды орыңдауын қамтамасыз етедi. Жаңа тyғaн нәpecтeнiң
денесiнiң, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бiрақ олар дұрыс үйлеспеген,
ерiксiз шым-шытырық қимылдар түрiнде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған
қимылдары баланың 2-3 айлық өмiрiңде көpiнe бастайды: ең алдымен жарық
көзiне немесе дыбыс шыққан жақа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала
аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейiннен заттарды ұстап үйренуге және
еңбектеуге байланысты қолдарының epiктi қимылдары пайда болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның жүйке жүйесінің дамуы
Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнiнен дәрістер
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені
Балаларды жыныстық тәрбиелеу
Еңбек гигиенасында кәсіби ауруларды алдан алуды зерттеу әдістері
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Өсу мен даму антропометриясы
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Биологияны оқыту әдістемесін жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары
Пәндер