Агроөнеркәсіп кешенің дамытудағы шаруашылық инфрақұрылым саласының ролі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІҢ ДАМЫТУДАҒЫ
ШАРУАШЫЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫНЫҢ РОЛІ ... ... ... .5
1.1. Шаруашылық инфрақұрылым — агроонеркәсіп кешенінің жүйесіндегі орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. АӨК.нің өндірістік инфрақұрылымның салаларының дамуы ... ... ... ... ...10
1.3. Агролизингтік дамудың әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

II. ШАРУАШЫЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ ... ... ..21
2.1. Ауылшаруашылығына инфрақұрылымды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2. Қазақстан Республикасындағы агролизингтің қазіргі жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

III. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.
3.1. Ауылшаруашылық өндірістік инфракұрылымды жетілдіруде
мемлекеттің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.2. Шаруашылық инфрақұрылымды маркетингтің маңызы ... ... ... ... ... ... ..30
3.3. Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
КІРІСПЕ

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің әлемге белгілі "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты еңбегінде "Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дәйекті де батыл реформалау, сондай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарлармен толтыру шаралары жүретін болады"-деп, атап көрсеткен болатын.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларың, оның ішінде ауыл шаруашылығында қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті нарық жагдайында әрбір жекелеген аймақтардың өзгешеліктерін еске ала отырып ауыл шаруашылығының қызмет көрсету салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан биік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасар едік.
Биылдан бастап үш жылды "Ауыл жылы" деп жариялаған Елбасы бұл бағытқа ерекше басымдық танытып отыр. Мемлекет 2004-2005 жылдары ауыл экономикасына 150 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр.
2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық саясатында елеулі жеңілдіктер туғызу қарастырылуда. Соның ішінде жеке табыс салығының ең жоғарғы пайызын 30-дан 20 дейін кеміту көзделуде.
Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық - техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылықтың электр-энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері де көбейеді.
Ауылшаруашылық өндірісінің жөндеу - техникалық қызметтерге, материалдық - техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, инженерлік, зооветеринарлық, агрохимиялық және агролизингтік қызмет көрсету және т.б. қызметтерге деген тәуелділігі өсе түсуде. Сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерінің қажетті көлемін алуды қамтамасыз ететін салалары мен өндірістерді де, өнімдерді де тиімді пайдалануды және оларды тұтынушыларға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырудың да бірдей дәрежеде дамуы маңызды. Осындай салалар мен қызметтердің жиынтығы экономикада инфрақұрылым деп аталады.
Инфрақұрылым өнеркәсіп пен ұйымдардың тиімді қызмет атқаруының қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіп кешенінің соңғы өнімін көп мөлшерде және жоғары сапамен алуға бағытталған.
Материалдық өндірістің инфрақұрылымының маңызды мәселелерінің бірі ауылшаруашылық өнеркәсіптік өндіріске қызмет көрсету функцияларын орындауда және барлық күш қуатты негізгі өндірістік қызметке жұмылдыру болып табылады. Инфрақұрылым өндіріс көлемін өсіруге және ауылшаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің сапасын жақсартуға қажетті жағдай жасау үшін қажет.
Бұл дипломдық жұмыста ауыл шаруашылығында қызмет көрсету салаларын мейлінше дамыту жолдары қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы қызмет көрсету саласының ролі қарастырылған.
Екінші бөлімінде ауыл шаруашылығының қызмет көрсету саласының негізгі бағыттарының даму жағдайына талдау жасалынды.
Үшінші бөлімінде ауылшаруашылығына қызмет көрсету саласын жетілдіру жолдары қарастырылған.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

1. Закон РК "О крестьянском (фермерском) хозяйстве", от 31 марта N214-1,
"Экономика и предпринимательство", N7(59), 1998 год.
2. Назарбаев НА. Стратегия Казахстана-2030, Алматы, 1998г.
3. Назарбаев НА. Не подняв сельскохозяйство, не сделаем экономику процветающей. // Казахстанская правда 2000г. 9 февраля стр. 1-2.
4. Казахстанкая правда. 2002г декабрь
5. Оңтүстік Қазақстан облысының Ауылшаруашылық департаментінің 2001-
2002 жылдық қорытындылар жинағы.
6. Оспанов М.Т. Аутов P.P. Ертазин X. "Агробизнес теориясы мен
практикасы", Алматы. 1999 ж.
7. Белгібаев ҚА Ауылшаруашылық экономикасы. // Алматы 1991 ж.
8. Балапанов А.А. АӨК-дегі инфрақұрылымды дамыту. //Алматы
1994 ж.
9. Макбулатова А. Финансовое планирование в сельскохозяйственных
предприятии. //Қаржы-қаражат, N3, стр 65, 1998 ж.
10. Махмутова Ж. Пути повишения эффективности функционирования
хозяйствующих субъектов агробизнеса в Южно Казахстанской области.
//Саясат. N7, стр 73-76, 2000 г.
11. Сабирова А. И Ауылшаруашылығын дағдарыстан шығару
бағытындағы кейбір ұсыныстар. //Жаршы 2002 ж.
12. Растениеводство Южно Казакстанской области 1998- 1999-2000.ггг.
//Статистический сборник. Шымкент, 2002 г.
13. Селезнев А. Некоторые проблемы управления АПК и пути их
решения. //Экономист N6, стр 76-79, 2000 г.
14. Елубаев М Не подняв селское хазяйство, не сделаем экономику
приватизацией. //Қаржы-қаражат, стр 3-11, 2000 ж.
15. Калгулова Р. Лизинг-как один из методов кредитования
сельскохозяйственных товаропризводителей. //Банки Казахстана N6,
стр 29-30, 2000 г.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІҢ ДАМЫТУДАҒЫ
шаруашылық инфрақұрылым САЛАСЫНЫҢ РОЛІ ... ... ... .5
1.1. Шаруашылық инфрақұрылым — агроонеркәсіп кешенінің жүйесіндегі
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. АӨК-нің өндірістік инфрақұрылымның салаларының
дамуы ... ... ... ... ...10
1.3. Агролизингтік дамудың әлемдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 16

II. шаруашылық инфрақұрылымның
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ ... ... ..21
2.1. Ауылшаруашылығына инфрақұрылымды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .21
2.2. Қазақстан Республикасындағы агролизингтің қазіргі жағдайын

талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

III. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.
3.1. Ауылшаруашылық өндірістік инфракұрылымды жетілдіруде
мемлекеттің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .28
2. Шаруашылық инфрақұрылымды маркетингтің
маңызы ... ... ... ... ... ... ..30
3.3. Агротехникалық сервисті жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 6

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

КІРІСПЕ

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің әлемге белгілі
"Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы
атты еңбегінде "Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында
агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дәйекті де батыл реформалау, сондай-ақ
тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарлармен толтыру шаралары жүретін болады"-деп,
атап көрсеткен болатын.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларың,
оның ішінде ауыл шаруашылығында қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік
мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті нарық жагдайында әрбір жекелеген
аймақтардың өзгешеліктерін еске ала отырып ауыл шаруашылығының қызмет
көрсету салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан биік деңгейге
көтеруге мүмкіндік жасар едік.
Биылдан бастап үш жылды "Ауыл жылы" деп жариялаған Елбасы бұл бағытқа
ерекше басымдық танытып отыр. Мемлекет 2004-2005 жылдары ауыл экономикасына
150 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр.
2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық саясатында елеулі жеңілдіктер
туғызу қарастырылуда. Соның ішінде жеке табыс салығының ең жоғарғы пайызын
30-дан 20 дейін кеміту көзделуде.
Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл
шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет
көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі
ұлғайған сайын материалдық - техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды,
қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылықтың электр-
энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген
қажеттіліктері де көбейеді.
Ауылшаруашылық өндірісінің жөндеу - техникалық қызметтерге,
материалдық - техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, инженерлік,
зооветеринарлық, агрохимиялық және агролизингтік қызмет көрсету және т.б.
қызметтерге деген тәуелділігі өсе түсуде. Сонымен бірге ауылшаруашылық
өнімдерінің қажетті көлемін алуды қамтамасыз ететін салалары мен
өндірістерді де, өнімдерді де тиімді пайдалануды және оларды тұтынушыларға
дейін жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырудың да бірдей дәрежеде дамуы
маңызды. Осындай салалар мен қызметтердің жиынтығы экономикада инфрақұрылым
деп аталады.
Инфрақұрылым өнеркәсіп пен ұйымдардың тиімді қызмет атқаруының
қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіп кешенінің соңғы өнімін көп мөлшерде
және жоғары сапамен алуға бағытталған.
Материалдық өндірістің инфрақұрылымының маңызды мәселелерінің бірі
ауылшаруашылық өнеркәсіптік өндіріске қызмет көрсету функцияларын орындауда
және барлық күш қуатты негізгі өндірістік қызметке жұмылдыру болып
табылады. Инфрақұрылым өндіріс көлемін өсіруге және ауылшаруашылық өнімінің
негізгі түрлерінің сапасын жақсартуға қажетті жағдай жасау үшін қажет.
Бұл дипломдық жұмыста ауыл шаруашылығында қызмет көрсету салаларын
мейлінше дамыту жолдары қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы
қызмет көрсету саласының ролі қарастырылған.
Екінші бөлімінде ауыл шаруашылығының қызмет көрсету саласының негізгі
бағыттарының даму жағдайына талдау жасалынды.
Үшінші бөлімінде ауылшаруашылығына қызмет көрсету саласын жетілдіру
жолдары қарастырылған.

I. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУДАҒЫ шаруашылық инфрақұрылымның РОЛІ
1. Шаруашылық инфрақұрылымның - агроөнеркәсіп кешенінің
жүйесіндегі орны

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық саласында материалдық өндіріс қарқындап
өскен сайын шикізаттарға, энергияға, тасымалдау, материалдық-техникалық,
техника жөндеу қызметтеріне, сондай-ақ ғылыми, ақпараттық, зат сақтайтын
орындарға деген қажеттілік арта түседі.
Осындай қажеттілік негізгі өндірістен қызмет көрсетуші сала дамымай
бірден-бір кәсіпорын, бірде-бір халықшаруашылық саласы өркендей алмайды.
Айта кететін бір жағдай халық шаруашылығының әрбір саласының дұрыс
өркендеуі үшін қызмет көрсететін құрылымдардың қызмет көрсету сапасының
деңгейі өте жоғары болуға тиісті, яғни қызмет көрсетуші өрістің жұмысы
дұрыстап дамымаса, халықшаруашылығының ешбір саласы, ешбір кәсіпорны
өркендей алмайды, екінші сөзбен айтқанда, негізгі өндіріс орындарының
нәтижесі қызмет көрсетуші салалардың өркендей өсуімен тікелей байланысты.
Осындай өзара тығыз байланыстылық инфрақұрылымдардың бүкіл халық
шаруашылығы салаларына объективтік қажеттілігін тудырады.
Инфрақұрылымдарды негізгі салалармен салыстырғанда өздеріне тән
ерекшеліктері бар. Олар өздігінен ешқандай өнім өндірмейді, бірақ осы
инфрақұрылымдардың қатысуынсыз ешбір жаңа өнім өндірілмейді, сондай-ақ
түпкі өнім пайда болмайды. Олар негізгі салаларға қызмет көрсетуі арқылы
жұмыстың түпкі нәтижесінің тиімді болуына көп жағдайда себепкер болады.
Сөйтіп инфрақұрылымдардың аса ерекше функциясының бірі-негізгі өндіріс
орындарын өздерінің шығарған өнімдерін одан әрі қарай ұқсату (тасу, сату
т.б.) қызметтері өз қолдарына алып, негізгі салаларға өндіріс өнімін
молайтуға, мамандығын тереңдетуге мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымының құрамы өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымдарынан тұрады.
Қазіргі нарықты экономика кезеңінде ауылшаруашылық өндірісін дамыту
үшін негізгі салаларға қызмет көрсетуші өндірістік инфрақұрылымның орны
ерекше.
Оларға төмендегі жүйелер жатады:
- техника материалдарымен жабдықтау жүйелері;
- жөндеу жұмыстарымем қамтамасыз ету;
- тоңазытқыш, элеватор, қойма және жәшіктер шаруашылығы;
- арнайы ауылшаруашылық саласына қызмет көрсетуші орындар
(агрохимиялық, ветеринарлық, мелиоративтік, өсімдікті корғау және т.б.):
- көлік және жол торабына байланысты мәселелермен қамтамасыз ету:
- ауылшаруашылық саласына тиісті құрылыс жүйесі, т.б.
Осы жоғарыда көрсетілген инфрақұрылым жүйелерінің көпшілігін атап
айтқанда, транспорт және жол торабы, ауылшаруашылық құрылыс жүйелері,
қойма, элеватор, ыдыс, тоңазытқыш шаруашылықтары тағы басқалар өнім
өндіруге салааралық қызмет атқаратын болса, ал агрохимиялық. ветеринарлық,
техника жөндеу және оны күту, өсімдікті қорғау қызмет орындары тек қана
өнеркәсіп кешенінің ішінде ауылшаруашылық саласына ғана қызмет көрсетеді.
Инфрақұрылымға кіретін салалар өндірістік процеске бірдей әсер етпейді
және қоғамдық қайта өндірістің жүйесінде тиісті орын табады. Осыған
байланысты инфрақұрылымның салалары оның негізгі қасиеттері
бойынша классификациялаудың мағынасы маңызды. Ол салааралық байланыстарды
зерттеуде және негізгі өндіріспен қызмет көрсетуші салалар арасында
оптимальді пропорцияны орнатуға ықпал етеді.
Инфрақұрылымның элементтерінің көп жоспарлы сипатын ескере отырып, оны
нақты бір қасиеті бойынша классификациялау агроөнеркәсіп кешенінің
инфрақұрылымының барлық элементтерін келесідей төрт қасиеті бойынша
классификациялауға болады (1 сурет):
Өндірістік процеске әсер ету дәрежесіне қарай;
- Территориялық;
- Салалық;
- Функционалды сипатына қарай.

1 .Ауыл шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін сфера.
2. Дайын өнімді тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін сфера.
Бірінші сфераға машина, құрал-жабдықтарды жөндеу және техникалық
қызмет керсететін кәсіпорындармен салалар, сонымен бірге транспорттық
ұйымдар, агрономдық, ветеринарлық, ақпараттық Қызметтер, материалдық-
техникалық жабдықтау және электрофикациялау жүйесі кіреді.
Екінші сфера өнімді дайындайтын, тасымалдайтын және сақтайтын
ұйымдардан құралады.
Өндірістік инфрақұрылымның құрамында өндіріс құралдарының жақсы жұмыс
атқаруын қамтамасыз ететін және ұзақ уақыт бойы олардың іскерлік қабілетін
сақтауға ықпал жасайтын салалар кіреді. Өндірістік инфрақұрылымының тікелей
ауылшаруашылығына қызмет көрсететін салалардың құрамына: өндіріс сипаттағы
транспорт, жөндеу шеберханалары, қоймалық және мұздатқыш, шаруашылық
коммуникация жүйесі, техникалық қызмет көрсететін станциялар, ғылыми-
өндірістік лабораториялар, есептегіш орталықтар кіреді. Сонымен қатар
арнайы қызмет көрсету бөлімшелеріне, өсімдіктерді қорғау, агротехникалық,
ветеринарлық, жасанды жолмен жөндеу техникалық және т.б. қызметтер кіреді.
Оны мына келесі суреттен көруге болады (сурет 2).
Өндірістік инфрақұрылымның құрылуына көптеген факторлар әсер тигізеді.
Солардың ішінде топырақ климаттық жағдайлары, жердің релефі, сумен
қамтамасыз етілуі және жердің конфигурациясы, жолдың жағдайы, типі
немесе түрі, кәсіпорынның орналасуы.

Өндірістік инфракұрылымның жүйесі.

қолданылатын технологиялар, өндірістің мамандандырылуы мен концентрациялау
деңгейі ерекше роль атқарады. Берілген факторларға көбінесе жалпы
өндірістік инфрақұрылымның құрамы және шаруашылықтың ішіндегі бөлімшелердің
көлемі мен кәсіпорынның функционалдық қызметінің ерекшелігіне байланысты.
Ауыл шаруашылығының өндірістік имфрақұрылым объектілерінің қамтылу
деңгейі өте төмен болып отыр. Нарық жағдайына өту кезеңінде өндірістік
инфрақұрылымның бөлімшелерінің құрылу процесі баяулап қалды, ал кейбір
түрлері тіптен тоқтап қалды.
Ірі мал ұстайтын қораларды енгізу 1991 жылдан 1996 жылға дейін 5 есе,
жеміс-жидек сақтайтын қоймалар 8,4 есе, бидай сақтайтын қоймалар 2,4 есе,
шөп сақтайтын қоймалар 13,1 есе қысқарды. Минералды тыңайтқыштарды
сақтайтын қоймаларды іске қосу және шаруашылықтың ішндегі жолдардың
құрылысы баяулауда.
Ауыл шаруашылығының техникалық қызмет көрсететін және
механизацияланған бөлімшелермен қамтылуы 35 процентті құрайды.
Шаруашылықтың тракторлары үшін гараждармен қамтылуы ойдағыдай емес,
шаруашылықтың тек 40 проценті ғана тракторларды сақтау үшін орындар бар.
Өндірістік инфрақұрылымның экономикалық тиімділігін сипаттайтын
негізгі көрсеткіш инфрақұрылымның объектілерін, қызметтерін, белімшелерін
құру үшін жұмсалатын шығындардың өздерін ақтауы. Ол үшін мына формуламен
есептеледі.
Өндірістік инфрақұрылым экономикалық жағынан өте тиімді. Оның
тиімділігі шығындарды азайтуды және соңғы өнімнің сапасын жақсартуда өнім
бірлігіне келетін ақшалай материалды және еңбек шығындарын азайтуда
байқалады.
І.2. Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік инфрақұрылымның
салаларының дамуы
Аграрлық өнеркәсіптік өндірістің қазіргі және болашақтағы дамуы тек
ауыл шаруашылығының тікелей даму деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оған
қызмет көрсететін салалардың даму дәрежесімен де айқындалады, сондай-ақ
ауылдың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының даму дәрежесіне
байланысты.
Негізгі өндіріске қызмет ететін инфрақұрылым салалары түпкі дербес
өндірмегенмен, елімізде азық-түлік және әлеуметтік мәселелерді шешуде
негізінен халық шаруашылығы қызметінің бағдарына айналатын түпкі
нәтижелерді айқындайды, ал бүкіл басқару қызметі осы түпкі нәтижелерге қол
жеткізуге бағытталған. Жалпы өндірістік процестегі өзінше бір аралық
буындар инфрақұрылымның элементтері болып табылады. Осы элементтерін жан-
жақты қарастырайық.
Ауыл шаруашылығы материалдық-техникалық ресурстары
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық ресурстары - ең жаңа ғылыми-
техникалық жетістіктерді кең қолдануға негізделген қоғамдастырылған ірі
машиналы өндіріс, бұған қоса электрлендіру, механикаландыру,
автоматтандыру, химияландыру. Кең мағынада алғанда өндірістің заттық,
субъективтік факторлары қамтылады.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық ресурстарын-ең аддымен ауыл
шаруашылығының барлық салаларында жұмыс істейтін еңбек құралдары мен заттар
құрайды. Оларға жер, тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналары,
двигательдер, күш қондырғылары, мал және мал өнімі, көп жылдық екпе
ағаштар, ирригациялық құрғату жүйелері, жолдар, үйлер мен ғимараттар,
тұқым, жем, тыңайтқыштар, жанар майы, құрал-сайман және басқалары жатады.
Жердің ең басты құрал-жабдығы екені ауыл шаруашылығының материалық-
техникалық базасының қалыптасып, дамуының аса маңызды ерекшелігі болып
табылады. Жерді ұтымды пайдалану, оның құнарлылығын арттыру ауыл
шаруашылығының материалдық-техникалық базасына қойылатын аса маңызды
талаптар болып табылады.
Энергетикалық ресурстарын пайдалануды жақсарту және ауыл
шаруашылығында энергияны көп қажет ететін өнімді азайту жолдары. Бұл
өндірісті интенсивтендіру: егіншілік пен мал шаруашылығының ғылыми
негізделген жүйелерін енгізу; өндірісті кешеінді механикаландыру; қолда бар
қорларды экономикалық жағынан тиімді пайдалану; қор айналымдылығын
жеделдету; озық тәжірибені пайдалану.
Техникалық қызметті жақсарту үшін трактор және ауыл шаруашылығы
қосалқы бөлшектерімен кепілді жабдықтау кешенінде мамандандырылған
техникалық қызмет көрсету жұмысын барлық жерде енгізу, ауылда өндірістік-
техникалық қызмет көрсетудің кооперативтік формаларын кеңінен енгізу
ұсынылды.
Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру.
Механикаландыру мен электрлендіру-механикалық және электр
двигательдері бар машиналарды ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізіп,
пайдалану және осы негізді қол еңбегін механикаландырылған еңбекке
айналдыру.
Ауыл шаруашылығын техникалық жағынан қайта жарақтандыру нәтижесінде
энергиямен қамтамасыз ету және объектінің энергияның жарақтануы күрт артты.
Мұның өзі ауыл шаруашылығы еңбегінің өнімділігін арттыруға жәрдемдесті.
Алайда ауыл шаруашылығының бірқатар салаларында энергиямен қамтамасыз
етудің, электрмен жарықтандырудың және жұмыстарды механикаландырудың қол
жеткізген деңгейі ауыл шаруашылығының өскелең талаптарына, даму үстіндегі
осы заманғы ауыл шаруашылығының, әсіресе, мал шаруашылығының қажеттеріне
сай келмейді.
Ауыл шаруашылығында үлгілік шеберханалар, автогараждар мен әртүрлі
қоймалар жетіспейді. Осындай ішінара механикаландырудың бүкіл нәтижесі
басқа қол жұмыстарында жоғалады.
Республикада өнімнің жекелеген түрлерін өндіретін бірыңғай
технологиялық тізбек шын мәнінде жоқ. Жетекші және қосалқы жұмыстарды
механикаландыру деңгейінде айтарлықтай алшақтық бар.
Мал шаруашылығы мен егіншілік салаларында толық механикаландырудың
аяқталмауы машиналардың қажетті жүйесінің жоқтығына байланысты.
Ауыл шаруашылығын кешенді түрде механикаландыруға арналған машиналар
жүйесінде 2790 түрлі техникалық құрал, оның ішінде мал шаруашылығы бойынша
1020, өсімдік шаруашылығы бойынша 1170 құрал қамтылады.
Қазіргі кезеңде техника әмбебап етілуде, мұның өзі машинаны әртүрлі
жұмыстарда пайдалануды қамтамасыз етеді. Әмбебап үлгідегі трактор eric
жұмыстарында, жүк тасымалдауда, мал шаруашылығында, жол және басқа
жұмыстарда пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығында техниканы фирмалық жөндеуден және оған техникалық
күтім жасаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру туралы ұсыныс әзірлеу керек.
Ауыл шаруашылығы өндірісін автоматтандыру. Өндірісті автоматтандыру-
электрмен механикаландырудың жоғары сатысы. Онда барлық өндірістік
процестерді жұмысшылардың дене еңбегін толық жоюды қамтамасыз ететін
машиналар, құралдар мен тетіктердің өзара байланысты жүйесінің орындалуы
көзделген. Автоматтандыру кезінде машиналар да арнаулы құралдардың
көмегімен басқарылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісін электрлендіру процесін механикаландыру
саласын кеңейтеді, ауыл шаруашылығының экономикасы мен мәдениетін көтеруді
қамтамасыз етеді. Техникалық прогресс өндірісті басқаруда механикаландыру
мен автоматтандыру құралдарын кең қолдануға жәрдемдеседі.

Ауыл шаруашылығына электротехникалық қызмет көрсетудің дамуы
Агроөнеркәсіптік кешенінің жүйесінде барлық еңбек өнімділігін
дамытуда, еңбекшілердің әлеуметтік мәдениетін көтеруде ауылды жерде электр
қуатын кеңінен пайдаланудың маңызы өте зор.
Республика ауыл шаруашылығында электр күшін пайдалану мөлшері кейінгі
15-20 жылдың ішінде 6 еседен артық өсті. Ауыл шаруашылығында еңбек істейтін
әрбір адамның жарақтанғаны өткен жылы 48 ат күшінен асты. Бұл барлық ТМД
мемлекеттерімен салыстырғанды ең үлкен көрсеткіш болып есептелінеді.
Нарық экономикасындағы қарым-қатынастардың дамуына байланысты электр
қуатын ауылшаруашылық жұмыстарының барлық процестеріне, сол сияқты халықтың
әлеуметтік-мәдениет қажеттілігіне кеңінен қолдану, электр жабдықтарын,
электр аппараттарын толығымен тиімді пайдалану мақсатымен қазіргі уақытта
Республика көлемінде ауыл шаруашылығы Министрлігінің жүйесіне кіретін,
әрбір жеке тауар өндірушілерге қажетіне қарай электр техникаларды жөндеуге,
қондыруға олардың бір қалыпты жұмыс істеуіне көмек көрсететін "ауыл
энергия" акционерлік қоғамдары немесе ауданаралық бірлестіктер қызмет
атқарады.
"Ауыл энергия" жүйесі нарықтық қарым-қатынастарды тауар өндірушілермен
дамыта отырып, оларға тек электр жабдықтарын жөндеу немесе қондырумен
көмектесіп қана қоймай, акционерлік қоғамдарға, ассоциациялық
кооперативтерге сол сияқты жеке шаруа қожалықтарына электр энергиясын
тиімді пайдалануға керекті электр техниктерді, электриктерді тағы басқа осы
жүйеде қызмет атқаратын маман кадрларды дайындауда оларға электр
жабдықтарына керекті бөлшектерімен көмек көрсетіп тұрады.
Болашақта "ауыл энергия" бөлімшелеріне шаруашылықты электрлендіру
функциясы шоғырландырылатын болады.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда ауыл шаруашылығына электр техникалық
қызмет көрсетудің тиімділігі негізінде төменгі үш көрсеткіштермен
анықталынады. Олар: электр энергиясын пайдаланумен тауар өндірушілердің
өндіретін көлемінің көбейіп, сапасының артуы электр энергиялық қолдануымен
өндірілген өнімдерге шығатын шығындардың кемуі, олардан алатын пайдалардың
молаюы, сол сияқты олардың тауар өндірушілердің еңбек өнімділігін
арттыруға, халықтың әлеуметтік - мәдениет жағдайын жақсартуға көрсететін
ықпалдары т.б.
Мал дәрігерлік қызмет көрсетуді жақсарту шаралары
Мал дәрігерлік қызметтің міндеті-мал шаруашылығын қамтуды жақсарту,
малдың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алуға бағытталған
жоспарлы мал дәрігерлік профилактикалық және шаруашылық шараларды кезінде
жүзеге асыру, тез таралатын індет көтерілгенде оны жойып жіберудің шұғыл
шараларын қолдану болып отыр.
Мал мен құстың неғұрлым кең таралып елеулі нұқсан келтіріп жүрген
аурулары мыналар: құтыру, лептоспироз, топалаң аусыл, туберкулез,
бруцеллез, шошқаның қызылшасы мен дизентериясы, бұзаутаз, ірі қараның
тейлериозы, су ауруы және сәйгелі, қойдың эхинококкозы, айналмасы, ішқұрт
аурулары, диспепциясы, бронх пневмониясы, сондай-ақ құстың пуллороз
қызылшасы, жалған обасы, какцидиозы. Осы аурулардың және басқа аурулардың
қоздырғыштары, олардың малға қалай жұғатыны, аурудың жалпы және көзге
көрінерлік белгілері, соған қоса емдеу әдістері әбден зерттеліп, белгілі
болды.
Мал дәрігерлерінің және мал шаруашылығының басқа мамандарының ең басты
міндеті мал дәрігерлік заңды қатал сақтау, әрбір формада, отарда, табында
және әрбір шаруашылықта мал дәрігерлік профилактикалық шаралар кешенін
толық орындау, ал ауру шыға қалғанда оған шалдыққан малды кезінде бөлектеу,
емдеу және аурудың басқа жерге ауысуын болдырмау шараларын іске асыру.
Шаруашылықта профилактикалық шаралар жоспарын жасағанда сол шаруашылықтың
санитарлық - мал дәрігерлік жағдайының ерекшеліктері ескеріледі, ал емдеу
шаралары малдың кездесіп жүрген ауруларын жоюды, шаруашылықты мал
ауруларынан толық арылтуды көздейді.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндейтін кәсіпорындарының жүйесі
Қазіргі нарық экономикасындағы қарым - қатынастың дамуына байланысты
ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеумен оларға қажетті қызмет көрсету
кәсіпорындары Қазақстан мемлекеттік ауыл шаруашылығы машиналарының көпшілік
түрлерін қамтитын агросервистік қызмет атқаратын "Қазақ өнеркәсіпмаш"
концерннің жүйесіне кіреді. Бұл концерннің құрамы республика бойынша отыз
шамалы оның ішінде Түрген, Атбасар, Тоболь, Өскемен тағы басқа осылар
сияқты зауыттармен, жүзден астам маманданған ірі - ірі шеберханалар ұдайы
техникалық қызмет көрсететін облыстық бірлестіктерінің құрамына кіріп,
саудалық немесе шаруашылық есептерінің негізінде шаруа қожалықтарына
акционерлік қоғамдарға, ассоциация ұжымдарына сол сияқты бірлестіктерге
қызмет атқарады.
Сонымен ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу және оларға күту
жүйесінің қазіргі уақыттағы басты міндеттері — ауьгКшаруашылық техникаларын
ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізіп шаруашылықтағы машина -
трактор паркін жұмыс істеу қабілетінде оларға техникалық қызмет
көрсетуі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу машиналармен тракторлардың, сол
сияқты басқа жабдықтардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты үш бағытпен
жүргізіледі. Олар:
- Ерекше маманданған үлкен зауыттар мен шеберханалар.
Бұларда негізінен машиналардың үлкен түтшшіктерінен, электрожабдықтар,
маторлар, сол сияқты машиналар мен тракторлардың қозғаушы күштерінің
басқа бөлшектерін жөндеп іске қосу жұмысы ұйымдастырылады.
- Маманданған зауыттар мен шеберханалар. Оларда шаруашылық ұжымдар
мен ерте бастан жасалған келісім-шарттар бойынша, машиналардың,
тракторлардың белгілі-бір түрі ғана жөндеуден өтеді. Мысалы, Түргендегі -
зауыт тек қана автомашина ғана жөңдесе, екінші бір зауыт тек қана
"Белорусь" тракторын жөндейді.
- Жер қабатын және жол құрылымы мен мелиоративтік
жұмыстармен шұғылданатын машина мен тракторларды, олардың
жабдықтарын жөндейтін маманданған шеберханалар мен үлкен жөңдеу
орталықтары.
Жоғарыда көрсетілген техникаларды олардың тиісті жабдықтарын жөндейтін
жүйелердің жұмыстарының барлығы тауар өндірушілердің құрал жабдықтарының
тиімділігін арттырып, олардың алатын өнімдерінің мол және сапалы болуына
бағытталған.
Ауылшаруашылық жұмыстар болмаған кезде техникаларды сақтау,
машиналарды пайдалану ережесіне сәйкес жасалынады. Машиналарды сақтауды
ұйымдастыру, оған бақылау жүргізуді аудандық аграрлық бірлестіктердің
мамандарының көмегімен әрбір ұжымдар өздері басқарады.

І.3. Агролизингтің дамуының әлемдік тәжірибесі
Лизинг — кәсіпкерлік, коммерциялық іс-әрекеттің, қызмет көрсету
сферасындағы бизнестің жаңа формасы және әлемдік экономикада өте қарқынды
дамуда. Көп жағдайда отандық әдебиетте Лизинг — деп машиналарды,
жабдықтарды, транспорт құралдарын және өндірістік сипаттағы құрылыстарды
арендалау немесе ұзақ мерзімге арендалауды түсінеді.
Лизинг мәселесімен айналысушы көптеген Ресей экономистері "Лизинг -
аренда мен жабдықтарды арендалау төлем ақысын несиелеуді біріктіретін сала"
деген пікірді ұстанады.
Е.Кабатова, Е.Чекморева, В.Перов сияқты лизинг ұғымын кең мағынада
түсіндірушілер пікірінше лизинг келісім шарт қатынастарының күрделі кешенін
қамтиды және екі немесе одан да көп келісім шарт негізінде жүзеге асады. Ең
алдымен сатып алу — сату және мүлікті жалға алу келісім шарт негізінде іске
асады.
Экономикалық қатынастар жағынан алғанда лизингтер қаржы
операцияларының жаңа формасын капитал салымдарының тәсілімен іске асыру
болып түсініледі: Егер лизингті белгілі бір мерзім шартымен мүлікті уақытша
пайдалануға беру деп түсінсек, онда оны негізгі қордағы тауар несиесі деп
есептеуге болады. Осы жағынан қарағанда лизинг дәстүрлі банк саудасына
баламалы болатын машиналармен жабдықтарды несиелеудің бір формасына жатады.
Кез-келген лизинг ісінде ең бастысы қаржы, атап айтқанда несие операциясы.
Мүлік иесі пайдаланушыға, лизинг алушыға қаржы қызметін көрсетеді. Ол толық
құнына мүлікті жеке меншігіне алады да, лизинг алушы мерзім сайын оның
жарна төлеп, оның толық құнын өтейді.
Лизинг бүгінгі күні пайда болған жоқ. Венецияда XI ғасырдың өзінде
лизингтік операцияларға ұқсас практикада әрекет етті: венециялық
кәсіпкерлер сауда кемлерін иелеріне сол кездегі қымбат құрал-жабдықтарды
арендаға берген. Қазіргі тарихта лизинг ұғымын алғаш пайдалану 1877 жылдан
басталады.
Алғашқы лизингтік компания АҚШ-тың Сан-Франциско (Калифорния штаты)
қаласында құралған.
Әлемдік экономикада лизингтің даму тарихы 2 кезеңге бөлуге болады:
I кезең - алғашқы индустриялды еддерде қалыптасу кезеңі (1952-
1970жж.);
II кезең - "лизингтік бум", оның қарқынды өсу кезеңі (1971-
1990жж.).
Әлемдік лизингтік қызмет нарығының негізгі бөлігі (шамамен 90%) "АҚШ —
Батые Европа — Жапония" үшбұрышында шоғырланған.
Ең дамыған лизингтік қызмет нарығы АҚШ-та қалыптасты.
50-жылдардың соңында американдық лизингтік компаниялар өздерінің
назарларын шетел нарықтарына аударды.
Американдық лизингтік фирмалар ассоциациясының мәліметтері бойынша бұл
елде лизингтік операциялардың динамикасы төмендегідей сипатталады:

Қызмет түрлері 1990 1996 200&
Лизинг бойынша көрсетілген қызмет,78,7 112,7 131.6
көлемі, млрд. долл.
Өнеркәсіптік құрал-289,7 346,8 396,5
жабдықтарға жекеменшік фирмалардың
күрделі салымдары, млрд. долл.
Күрделі салымдардағы лизинг үлесі, % 27,2 32,5 33,3

Европада лизингтік қызмет 60-жылдардың басында жүйелі түрде жүзеге
асырылады. Лизинг әртүрлі болып келеді, сондықтан көптеген европалық
елдердің заңдарында оны белгілеу үшін әртүрлі терминдер қолданылады.
Франция, Бельгия, Италия елдерінің заң актілерінде сәйкес мынадай
терминология қолданылады: аренда, несие; аренданы қаржыландыру; қаржы
арендасы бойынша операциялар. Европада лизингтік операциялар дың белсенді
өсуіне көбінде азаматтық, эномикалық, саудалық қаржы және салық заңдары
тұрғысынан олардың статусының белгісіздігі Кедергі болды.
Экономикалық өсудің ынталандыру мақсатында лизингті
дамытуда үлкен рольді мемлекеттік қаржы органдары, сонымен қатар бірқатар
халықаралық қаржы ұйымдары, оның ішінде дамушы елдер үшін лизингті
дамытуда арнайы бағдарламасы бар Халықаралық қаржы корпорациясы
(ХКК) атқарады.
Францияда лизингтің операциялардың белсенді дамуына 1966 жылы арнайы
лизинг туралы заңның қабылдануы әсер етті. Оның негізгі мазмұны француз
экономикасы үшін маңызды лизинг түрлерін бөлуге және сипаттауға
келтірілген. Оларға мыналар жатады:
• Несиелік аренда (қаржы лизингтің бір түрі);
Жай жеткізу (басқа сөзбен айтқанда, оперативтік лизинг келісімі);
• Сатып алу операциясын жеткізу;
• Қозғалмайтын мүлік лизингі.
Француздық лизинг практикасы ерекшеліктерінің бірі іс - әрекеттері энергия
сақтау технологияларына, жаңа энергия көздері облысындағы өңдеулерге,
пайдалы қазбалар қорын қалпына келтіруге жататын лизинг берушілерді қолдау
болып табылады.
Барлық жоғарыда аталған лизингтік қызмет түрлерінің амортизациясы және
салықты есептеумен байланысты жеңілдіктері бар.
Ұлыбританияда өткен жүз жылдықтың 60-жылдарында лизингтік операциялар
көбінесе американдық фирмалардың филиалдарымен жүргізіледі және несиені
алумен бәсекеге түсті.
Ұлыбританияда 60 - 70 жылдар барысында лизинг кәсіпкерлік іс
-әрекеттің қарқынды түрі болды.
Ұлыбританияда лизингтік операциялардың негізгі бөлігін қаржы құрайды.
1996 жылы әлемде лизингтің көмегімен сомасы 380 млрд. АҚШ долларынан
асатын жаңа құрал-жабдықтармен, машиналармен және механизмдермен келісімдер
қаржыландырылды, ал бұл сома шамасы бойынша сол мерзімдегі тікелей шетел
инвестицияларына тең келді.
Батыс Еуропа елдерінде құрал-жабдық лизингі абсолюттік шамада жылына
120 млрд.долл. болады. Жапонияда жылдық лизингтік келісім шарттар 50 млрд.
АҚШ доллардан аса болады.
Дамушы елдерде лизинг көлемінің тез өсуі, әсіресе Индияда,
Индонезияда, Малайзияда, Оңтүстік Кореяда байқалады.
Халықаралық лизингтік операциялар даму алды. Олардың көлемі жылына 15
- 20 млрд. долл. болды, әлемдік машина және құрал-жабдық экспортының 3
пайызына сәйкес келеді. Шетелдік лизинг АҚШ-та. Жапонияда, Ұлыбританияда
дамыды.
Жалпы, экспорттық лизингтік операциялардың жалпы инвестиция
көлеміндегі үлесі 10-15 пайыз болды.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде (АҚШ, Жапония, Германия, Франция)
лизингтік тауарлық құрылымда құны бойынша үлкен үлесті ЭЕМ және кеңсе кұрал-
жабдықтары – 30 - 40 пайыз, жалпы мақсаттары өнеркәсіптік құрал-жабдықтар
15 - 30 пайыз құрайды.
Дамушы елдерде лизингтің тауарлық құрылымда үлкен орынды өнеркәсіптік
құрал - жабдықтар және автокөлік құралдары алады.
Лизингтік фирмалардың барлық санынан банктердің еншілес компаниялары
және басқа қаржы ұйымдары маңызды рол атқарады (АҚШ-тан басқа).
Қазіргі кезде лизингпен айналысатын банктердің және басқа
мамандандырылған қаржы ұйымдардың ең көп несие ресурстары бар. Бұл
компаниялардың ең ірі объектілерді (зауыттарды, самолеттерді, кемелерді)
қаржыландыру мүмкіндіктері бар.
Лизингпен құрал-жабдық шығаратын өнеркәсіптік компаниялар белсенді
айналысуда. Ол үшін тек лизингпен айналысатын мамандандырылган филиалдар
құрады. Мұндай типті лизингтік компаниялардың ролі әр елде бірдей емес.
Мысалы, АҚШ - та лизингтік қызмет нарығының дамуына мұндай компаниялар
біршама әсер етеді (әсіресе, ЭЕМ лизингінде).
Келесі фирмалар тобы - қаржылық және мамандандырылған лизингтік
фирмалар.
Қаржы фирмалары қаржы лизингімен айналысады және өзінің іс-әрекетін
машина құрылысы өнімінің белгілі-бір номенклатурасымен шектемейді. Бұдан
басқа, бұл фирмалар несие беруі, бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуі
лизинг тобына қатысуы мүмкін.
Мамандандырылған лизингтік компаниялар құрал-жабдықтар лизингісінің
белгілі-бір түрімен айналысады немесе белгілі бір клиенттер тобына қызмет
көрсетеді. Бұл фирмалар көбінесе оперативтік лизингпен айналысады.
Бұдан басқа лизингпен сақтандыру компаниялары, иивестициялық
банктер және кез - келген мемлекеттік ұйымдар айналысады.
Машина және құрал-жабдық лизингімен айналысатын ұйымдардың дәл санын
қай елде болса да белгілеу қиын.
Халықаралық қаржы корпорациясының мәліметтері бойынша жекелеген
елдерде 80 - жылдардың ортасында тіркелген лизингтік компаниялардың саны:
АҚШ-та - 802; Германияда — 685, қозғалмайтын мүлікті қосқанда; Францияда -
43; Ұлыбританияда — 63; Италияда -300. қозғалмайтын мүлікті қосқанда;
Жапонияда — 195, Индияда — 200 бодды.
Лизингтік қызметті тұтынушылар көбінде шағын және орта фирмалар болып
табылады.
Лизингтің қалыптасуының бірінші кезеңі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ауыл шаруашылық өндіріс өнімінің есебі және оны жетілдіру
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Оңтүстік Қазақстын Облысының агроөнеркәсіпті дамытудағы инновацияның рөлі немесе оның қызметін жетілдіру жолдары
Аймақтық өндірістік аөк инфрақұрылымының құрылуымен қалыптасуының теориялық және әдістемелік негізі
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
Ұлттық экономиканың негізгі өзегі болып табылатын агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудағы мемлекеттік аграрлық саясатының маңыздылығы
Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi туралы
Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалар
Агроөнеркәсіп кешенің дамытудағы қызмет көрсету саласының ролі
Пәндер