“Сиер” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



1.лекция. Тақырыбы: Жәһилиет дәуiрi
2.лекция. Тақырыбы: Ардақты Мұхаммедтiң балалық шағы
3.лекция. Тақырыбы: Хазiретi Мұхаммедке пайғамбарлық мiндеттiң жүктелуi
4.лекция. Тақырыбы: Меккедегi қиыншылықтар
5. лекция. Тақырыбы: Құран . хазiрет Мұхаммедтiң ең үлкен мұғжизасы және миғраж
6.лекция. Тақырыбы: Исламның Меккеден тысқары өлкеге таралуы
7.лекция. Тақырыбы: Алғашқы мұсылмандық қоғам
8.лекция. Тақырыбы: Соғысқа рұқсат және алғашқы жорықтар
9.лекция. Тақырыбы: Бәдр соғысы
10.лекция. Тақырыбы: Ұхұд соғысы және Мединедегi iшкi ахуал
11.лекция. Тақырыбы: Хандек соғысы
12.лекция. Тақырыбы: Хұдайбие келiсiмi
13. лекция. Тақырыбы: Меккенiң алынуы
14.лекция. Тақырыбы: Меккеге қажылық және қоштасу құтпасы
15.лекция. Тақырыбы: Ардақты пайғамбардың дүниеден өтуi
Ислам дінінің дүниеге келуі кезеңінде Иранның иесі Сасаниттер болатын. Әлгі елдің Шығысы мен Солтүстігінде түркілер, Батысында Шығыс римдіктер орналасқан еді. Осы дәуірде бір-бірімен бәсекелес болған Иран мен Визвнтия арасында бітіспен шайқастар болып жатты. Сол бір кезеңде парсылар Византияны жеңіп, Сирияны басып алып, Анатолияны талан-таражға түсірген. Тіпті Византия империясы ирандықтарға жылына 30 000 алтын салық төлеп тұруға мәжбүр болған. Араб түбегінің Оңтүстігіндегі Иемен өлкесі де ирандықтардың қол астына өткен кезең де болған. Ислам дүниеге келуінен бұрын Иран шахы Хұсрау Первиз Сирия мен Иеменді басып алған болса да, исламның алғашқы жылдарында Византия императоры Гераклиус оны қайтарып алды. Кейінгі кезеңдерде Иранда тақ таласы бастарып, бір-бірімен алауыз ағайындар мемлекеттің іргесін шайқалтты. Исламның дүниеге келуінен бұрын парсы халқы әдепсіздік әдетке былыққан, елде әлеуметтік тәртіп бұзылған еді. Ирандықтар жәй халық және тектілер деген сатылардан тұратын. Жәй халықтың саны басым екендігі қалыпты жағдай. Иранның исламнан бұрынғы ресми діні Зороастризм болатын. Осы дінді ұстайтындар отқа табынумен ерекшеленді.
Иранның саяси бәсекелесі Византия келер болсақ, исламның дүниеге келуі жылдарында ыдырау үстінде тұрған. Осы сәтте императордың бас қолбасшыларының бірі Герклиус тақты императордан тартып алып, мемлекеттің іргесін бекітті, Иранның қол астына қараған Сирия мен Таяу Шығысты қайта қолына алды. Бұл елдің ресми діні христиан діні еді. Десек те олардың ұстайтын діндері бастапқы қалпынан бұзылып заман талабын қанағаттандыру дәрежесінде емес болатын.
Ескі копт мәдениетін өртеп, халқын қырып жойып римдіктер Мысырға басып кіргені әлем тарихынан аян. Исламның дүниеге келуі тұсында мұнда Визанияға вассал Мукавкис билік жүргізетін. Мұнда да әлемдегі құлдырау, азғындық, әділетсіздік белең алған.
2.Жәһилие дәуiрi арабтарының дiни, саяси және моральдық жағдайы
Араб түбегі семит тобының бесігі ретінде белгілі. Осы арабтар ислам дінінің дүниеге келуі қарсаңында түрлі тайпалар мен саяси күштердің әлеуметтік жағдайы мен қуатына сүйенген. Осы жердегі жергілікті халық түрлі әулеттен құралған көшпелі (бәдәуи) және отырықшыл (хадари) тайпалар болып бөлінетін. Араб түбегінің климаты құрғақ, диқаншылыққа қолайсыз болуына орай халықтың саяси, діни тұтастығы болмай, қуатты мемлекетті арабтар құра алмады, олар бытыраңқы өмір кешті.
Исламнан бұрын надан арабтар Аллаһтан өзге пұтқа табынатын, оны құдай мен адам арасында дәнекер деп танитын, оған құрбандық шалатын. Күштілердің әлсіздерді қанау, құлдыққа айналдыру қалыпты жағдайдағы әдет саналған.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті

Археология-этнология және дінтану кафедрасы

" Бекітемін"
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Тарих-педагогика факультетінің деканы
т.ғ.к., профессор ___________К.Жетібаев
"_____"_____________________ 2010ж.

“СИЕР”
пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(5В020600-Дінтану мамандығына арналған)

Оқу формасы күндізгі
Курс 2
Семестр 3
Барлық сағат (кредит) саны 90
Лекция 15
Семинар (практикалық) 15
ОБСӨЖ 30
СӨЖ 30
Қорытынды бақылау - емтихан
Блоктар саны 2

Түркістан 2010

Оқу-әдістемелік кешенді құрастырған(дар): М.Мырзабеков

М.Мырзабеков, ХҚТУ-нің Шығыстану факультеті, Дінтану мамандығы бойынша 2000жылы бітірген. 2002-2004 жылдар аралығында магистратурасын аяқтады.

Кафедрадағы жұмыс уақыты : 900 - 17.00 сағ.
СӨЖ қабылдау уақыты: Жұма, сағ. 17.00, тарих ғимарат ауд. 208

Оқу-әдістемелік кешенге түсініктеме: Сиер пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен екі бөлімнен тұрады: пәннің оқу бағдарламасы және пән бойынша лекция тезистері. Пәннің оқу бағдарламасында пән туралы пәннің пререквизиттері мен постреквизиттерітуралы мәліметтер, пәннің қысқаша түсініктемесі, әдебиеттер тізімі, студенттердің білімін бағалау туралы ақпараттар бар. Осы пән бойынша лекция сабақтарының тезистері қамтылған.

Дінтану мамандығына арналған Сиер пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен ... ... ... ...2010 ж. кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілуге ұсынылды. № хаттама.

14 ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1-лекция. Таќырыбы: Жәһилиет дәуiрi
Жоспары:
1- Ислам дiнiнiң дүниеге келуiне дейiнгi әлем жағдайы: Иран, Византия, Мысыр;
2- Жәһилие дәуiрi арабтарының дiни, саяси және моральдық жағдайы;
3- Мекке қаласы және Құрайштар;
4- Қағба және Қағбадағы қызметтер.
Лекция маќсаты: Білім алушыларға исламға дейінгі азғындық, надандық дәуіріндегі бүкіл әлем мен арабтардың саяси, әлеуметтік және діни жағдайы турасында мәлімет беріледі.

Лекция мєтіні (ќысќаша)
1. Ислам дiнiнiң дүниеге келуiне дейiнгi әлем жағдайы: Иран, Византия, Мысыр
Ислам дінінің дүниеге келуі кезеңінде Иранның иесі Сасаниттер болатын. Әлгі елдің Шығысы мен Солтүстігінде түркілер, Батысында Шығыс римдіктер орналасқан еді. Осы дәуірде бір-бірімен бәсекелес болған Иран мен Визвнтия арасында бітіспен шайқастар болып жатты. Сол бір кезеңде парсылар Византияны жеңіп, Сирияны басып алып, Анатолияны талан-таражға түсірген. Тіпті Византия империясы ирандықтарға жылына 30 000 алтын салық төлеп тұруға мәжбүр болған. Араб түбегінің Оңтүстігіндегі Иемен өлкесі де ирандықтардың қол астына өткен кезең де болған. Ислам дүниеге келуінен бұрын Иран шахы Хұсрау Первиз Сирия мен Иеменді басып алған болса да, исламның алғашқы жылдарында Византия императоры Гераклиус оны қайтарып алды. Кейінгі кезеңдерде Иранда тақ таласы бастарып, бір-бірімен алауыз ағайындар мемлекеттің іргесін шайқалтты. Исламның дүниеге келуінен бұрын парсы халқы әдепсіздік әдетке былыққан, елде әлеуметтік тәртіп бұзылған еді. Ирандықтар жәй халық және тектілер деген сатылардан тұратын. Жәй халықтың саны басым екендігі қалыпты жағдай. Иранның исламнан бұрынғы ресми діні Зороастризм болатын. Осы дінді ұстайтындар отқа табынумен ерекшеленді.
Иранның саяси бәсекелесі Византия келер болсақ, исламның дүниеге келуі жылдарында ыдырау үстінде тұрған. Осы сәтте императордың бас қолбасшыларының бірі Герклиус тақты императордан тартып алып, мемлекеттің іргесін бекітті, Иранның қол астына қараған Сирия мен Таяу Шығысты қайта қолына алды. Бұл елдің ресми діні христиан діні еді. Десек те олардың ұстайтын діндері бастапқы қалпынан бұзылып заман талабын қанағаттандыру дәрежесінде емес болатын.
Ескі копт мәдениетін өртеп, халқын қырып жойып римдіктер Мысырға басып кіргені әлем тарихынан аян. Исламның дүниеге келуі тұсында мұнда Визанияға вассал Мукавкис билік жүргізетін. Мұнда да әлемдегі құлдырау, азғындық, әділетсіздік белең алған.
2.Жәһилие дәуiрi арабтарының дiни, саяси және моральдық жағдайы
Араб түбегі семит тобының бесігі ретінде белгілі. Осы арабтар ислам дінінің дүниеге келуі қарсаңында түрлі тайпалар мен саяси күштердің әлеуметтік жағдайы мен қуатына сүйенген. Осы жердегі жергілікті халық түрлі әулеттен құралған көшпелі (бәдәуи) және отырықшыл (хадари) тайпалар болып бөлінетін. Араб түбегінің климаты құрғақ, диқаншылыққа қолайсыз болуына орай халықтың саяси, діни тұтастығы болмай, қуатты мемлекетті арабтар құра алмады, олар бытыраңқы өмір кешті.
Исламнан бұрын надан арабтар Аллаһтан өзге пұтқа табынатын, оны құдай мен адам арасында дәнекер деп танитын, оған құрбандық шалатын. Күштілердің әлсіздерді қанау, құлдыққа айналдыру қалыпты жағдайдағы әдет саналған. Әйел затының қоғамда хұқығы болмады, қыз балалар дүниеге келсе оны тірідей жерге көму дәстүрі де етек алды. Қысқаша қайырар болсақ исламнан бұрын арабтар әбден рухани түрде азғындаған болатын.
3. Мекке қаласы және Құрайштар
Араб түбегінің маңызды орындарының бірі болған Мекке – арабтар үшін қасиетті мекен болған. Әуелден бері қала болуын қамтамасыз еткен Қағба Меккенің сауда орталығы және зиярат орны болуына көп септігін тигізді. Риуаяттарға қарағанда ежелгі дәуірде аталған Қағбаны Ибраһим мен Исмаиль пайғамбарлар Аллаһқа құлшылық жасау үшін тұрғызған. Десек те заман өте келе Қағбаның ішіне пұттар толтырылған.
Қаланың басқармасы ақсақалдар алқасының қолында болды. Әйтсе де қаладағы елеулі қызметтердің бірі Құсай әулетінің қолында болған. Аднанилердің бір тармағы – Құрайштар осы қалада мекендеді. Хазіреті Мұхаммед осы тайпаның өкілі еді.
4. Қағба және Қағбадағы қызметтер
Жоғарыда баяндағанымыз сияқты Аллаһқа ғибадат жасау үшін Ибраһим мен Исмаиль пайғамбарлар тарапынан тұрғызылған Меккедегі Қағба Араб түбегінің қасиетті орны болған. Исламнан бұрын да арабтар оған қажылыққа келетін. Десек те оның ішіне заман өте келе қолдан жасалған пұттармен толтырылды. Қағбаға зиярат жасайтын алыстан келген зияратшыларға Мекке халқы қызмет көрсететін. Осы қызметтің көпшілігі Құсайдан тараған ұрпақтардың үлесінде еді. Бұл қызметтер сол заманғы арабтар үшін өте абыройлы іс саналатын. Осы қызметтердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
1. Хижаба-Сидана: Қағбаның кілтін ұстау және оны сақтау;
2. Сиқая: Зияратшыларға су үлестіру;
3. Рифаде: Қағбаға зиярат етушілерді тағаммен, киіммен және жататын жермен қамтамасыз ету т.б..

Баќылау с±раќтары:
1. Исламнан бұрынғы Сасаниттер жайлы мағлұмат беріңіз
2. Зороастризм қандай дін ?
3. Исламнан бұрынғы арабтардың діні қандай болды ?
4. Исламнан бұрынғы арабтардың әлеуметтік және ахлақи жағдайы қандай ?
5. Мекке қаласы жайлы мәлімет беріңіз
2-лекция. Таќырыбы: Ардақты Мұхаммедтiң балалық шағы
Жоспары:
1. Ата-тегi және отбасы;
2. Балалық шағы;
3. Бойдақтық және үйлi-барандық өмiрi: үйленуi, Қағбаның жөнделуi;
4. Мұхаммед әмин.
Лекция маќсаты: Бұл тақырып бойынша студенттерге пайғамбарлыққа дейінгі хазіреті Мұхаммедтің өмірі және ата-тегі турасында баяндалады.

Лекция мєтіні (ќысќаша)
1.Ата-тегi және отбасы
Хазіреті Мұхаммедтің ата–тегі хазіреті Исмаильдан хазіреті Ибраһим пайғамбарға барып тіреледі. Оның арғы атасы – Құсай ибн Килаб. Құсайдың ұлы Абдуманаф Меккенің абыройлы көсемі болған, қаланың сыртқы істерін басқарған. Абдуманафтың Хашим (шын аты Амр) атты ұлы Меккенің дәулетті әрі жомарт саудагері екен. Ол сауда жайымен көрші елдерге сапарға жиі шығып тұрған. Осындай бір сапарында Ғаззада дүние салады. Хашим қайтыс болғанда әйелі Салма жүкті екен. Ясрибтік Амрдың қызы Салма төркінінде Шайба атты бір ұлды дүниеге әкелді. Нағашысының қолында тәрбиеленген Шайба немере ағасы Мутталиб тарапынан өз ағайындарына әкеліп қосылады. Құрайштар оны бастапқыда Мутталибтің құлы деп ойлап, Абдумутталиб (Мутталибтің құлы) деп атап кеткен. Абдумутталибтің он ұлы болған, соның кенжесі Абдуллаһ әдептілігімен, көркем мінезімен Құрайш арасында танымал болған. Әкесі Абдуллаһты Құрайштың ішіндегі Бәни Зухра тармағының шейхы Уахбтың қызы Әминаға үйлендіреді. Міне осы Әминадан хазіреті Мұхаммед дүниеге келген. Хазіреті Мұхаммедтің дүниеге келуінен 2 ай бұрын Әкесі Ясрибте сапарда қайтыс болады.
2. Балалық шағы
Хазiретi Мұхаммедтiң єулеті Ќ±райш руыныњ Хашим ±лдарынан еді. Оныњ жан±ясы т±рѓысынан µз ішінен абзал отбасынан болатын. Єкесі - Абдуллаћ, шешесі - Ємина. Дегенмен, Хазiретi Мұхаммедтiң туылуынан 2 ай б±рын єкесі Абдуллаћ, 6 жасында шешесі Ємина ќайтыс болѓан. Жас М±хаммед 8 жасына дейін атасы Абдумутталибтiњ ќолында ќалды. Құрайштың белдi ақсақалдары саналатын Абдумутталиб адамгершiлiгi мол, жомарттығымен, мәрттiгiмен аты шыққан, сабырлы, ақылды, түсiнiгi мол жан болған. Немересi Мұхаммедтi қайда барса қасынан тастамай алып жүрдi. Абдумутталиб милади* 578 жылы сексеннен асқан шағында мәңгiлiкке көз жұмды. Мұхаммедтi (ғ.с.) немере аѓасы Єбу Тєліп жанына алды. Хазiретi Мұхаммедтiң осылайша балалыќ шаѓы тап-таза жетімдікпен µтті. Оныњ жасөспірімдік, бозбалалыќ, бойдаќтыќ жєне ‰йлі барандыќ µмірі де ешкімге нєсіп болмаѓан ‰лкен абыройлыќпен µтті. ¤мірінде ешбір µтірік айтпады, айлакерлік істемеді. Оны дос-д±шпандары М±хаммеду-л-Әмин (сенімді М±хаммед) деп атайтын болды.
3. Бойдақтық және үйлi-барандық өмiрi, үйленуi, Қағбаның жөнделуi
Осы кездерде Мекке шәһарында Құрайш тайпасынан шыққан жесір әйел Хадиша да тұрып жатты. Хадиша екі рет тұрмыс құрған еді. Кейінгі күйеуі бай саудагер кісі-тін, содан біраз бұрын қайтыс болып, оның бүкіл шаруасы, саудаға байланысты күрделі де қиын істері өзіне қарап қалды. Осы себептен де бір бас ие керек-ті. Мұхаммедтің адалдығы мен іскерлігі жайында өзінің жақындарынан естіп білген Хадиша Сирияға жөнелтпек керуенін бастап баруды өтінеді. Өзінің немере ағасы Әбутәліппен кеңесіп, ақыл сұраған Мұхаммед Сирияға керуен апару сапарына келісім береді. Аталмыш сапарға онымен бірге жесір әйелдің сенімді қызметшісі Майсара бірге барады. Ол Мұхаммедтің іскерлігіне, мейірбандылығы мен адалдығына тәнті болып, керуен сапарының нөтижесі күткендегіден едәуір асып түскендіктен, Хадиша уәдесінен де екі есе артық ақы төлейді.
Хадиша ол шақта қырық жаста еді, ақылды да төжірибелі, қай жағынан да сүйкімді әйелдің өзі алғаш Мұхаммедтің жандүниесінің тереңдігіне, жиырма бес жастағы жігіттің қадір-қасиетіне, қайрат-жігеріне, адал-парасатына құлай беріледі. Бұл сезім бірте-бірте жүрегіне терең ұялап, ғашық екенін растай, дәлелдей түскендей күй кешеді. Осылай екі жақ құдаласып, Мұхаммед пен Хадиша бас қосып жеке отау тігеді.
Хазіреті Мұхаммедтің жалпы төрт қыз жөне үш ұлы болған: Зейнеп, Руқия, Үммү Гүлсім, Фатима, Қасым, Абдуллаһ және Ибраһим. Ардақты пайғамбар Ибраһиммен өзге перзенттерінің барлығын осы Хадишадан сүйеді.
Үйленгеннен кейін де Мұхаммед бірнеше жыл бойы сауда жұмысымен айналысып, арабтардың небір үлкен жәрмеңкелеріне қатысты.
Ескірген Қағбаның іші-сыртына жөндеу қажет болып, оның бұрышындағы қара тасты жылжытып, орнына қоюға тура келеді. Сол кезде Құрайштың ішкі әулеттері өкілдерінің арасында тасты кім жылжытып апаруы керек деген сұрақтың төңірегінде талас-тартыс туып кетеді Шайба қақпасынан Қағбаға бірінші кірген адамның шешіміне құлақ қоюға келіседі. Бірінші кіру кезегі Мұхаммедке тиіп, ол барлық дәлел-дәйектерді саралап, ұсыныстарды тыңдап алғаннан кейін, мынадай ақыл табады. Жерге үлкен бір мата төсеп, әлгі тасты соның үстіне қояды да, әр әулеттің бір-бір өкілі жаңағы матаның әр жерінен ұстап жылжытады. Міне, осындай тапқыр ұсыныстың нәтижесінде киелі тасты барлық тайпаның өкілдері бірлесе, ынтымақтаса көтеріп, өзіне тиесілі жеріне апарып қояды. Ал хазіреті Мұхамммед оны өз қолымен бекітеді.
4. Мұхаммед әмин
Оның бойдақтың, үйлі барандық өмірінде болсын, пайғамбарлыққа дейінгі және пайғамбарлықтан кейінгі кезеңінде болсын бір мәрте болса да оның өтірік айтқанын ешкім көрген емес.Ол кісі ақысын жемеген, айлакерлік етпеген. Ұятты, адал және ақ қөңіл болған. Оған жұрттың сенгені соншалық алыс сапарға шығар болса, барлық дүние мүлігін, бағалы заттарын оған тапсырып кететін. Хазіреті Мұхаммед те оған еш қиянат етпей сапардан қайтқан өзіне аман-есен қайтаратын. Сондықтан жұрт оны Мұхаммед әмин, яғни сенімді Мұхеммед деп атап кеткен.
Баќылау с±раќтары:
1. Мұхыммед пайғамбардың ата-тегi және отбасы мүшелерін білесіз бе ?
2. Мұхеммед пайғамбардың балалық шағы қалай өтті.?
3. Оның бойдақтық және үйлi-барандық өмiрi жайлы мәлімет беріңіз
4. Хазіреті Мұхеммедтің пайғамбарлығына дейінгі Қағбаның жөнделуi жайлы мағлұмат беріңіз.
5. Оның Мұхаммед әмин деп аталу себебі неде ?

3-лекция. Таќырыбы: Хазiретi Мұхаммедке пайғамбарлық мiндеттiң жүктелуi
Жоспары:
1. Алғашқы уахи;
2. Алғашқы мұсылмандар;
3. Исламға ашық үндеу.
Жоспары:
Лекция маќсаты: Бұл тақырып бойынша білімгерлерге исламның дүниеге келуі мен оның алғашқы жылдарындағы оқиғалар баяндалады.

Лекция мєтіні (ќысќаша)
1. Алғашқы уахи
Хазіреті Мұхаммед 40 жасқа келер шақта ерекше жағдайға душар бола бастады, көрген түстері тура келе бастады, жеке жүргенді қалады. Өйткені, пайғамбарлық кезеңі жақындаған болатын. Осы мақсатта Меккеге жақын таудағы Хира үңгіріне барып, құдайға іштей құлшылық ететін, терең ойға бататын. Рамазан айының Қадір түні Жәбрайль періште алғашқы уахиді алып келді. Сол періште бұған таяп келеді де: "Оқы!", - дейді.
"Мен оқи алмаймын!" — дейді Мұхаммед.
"Оқы!" — дейді оған қайталай үн қатқан періште "Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы, ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы және қаламмен жазуды үйреткен Раббыңды ұлықта. Ол адамға білмеген нәрсесін үйреткен !"
Хазіреті Мұхаммед әлгі аятты жүрегіне тоқып, еш бөгелместен үйіне оралуға тырысты. Көкке қарағанда періште : "Уа, Мұхаммед! Сен шын мөнінде Аллаһтың елшісісің, ал мен Жебірейлмін, - дейді
Үйіне келісімен хазіреті пайғамбар Хадишаға келіп, басынан өткеннің барлығын баяндап береді.
2. Алғашқы мұсылмандар
Осылай ислам күні туды. Пайғамбар алғашқыда исламға шақыруды жақындарынан бастады. Пайғамбарға иланып, алдымен мұсылман болғандардың қатарына әйелі Хадиша, асыранды ұлы Зейд, немере інісі Али және жан досы Әбу Бәкір жатады. Сонымен қатар Әбу Бәкірдің нұсқауымен Осман бин Аффан, Тальха бин Үбейдуллаһ, Зубейр бин Аууам, Саад бин Әбу Уаққас, Абдуррахман бин Ауфдар да жас исламды қабылдады. Сонымен қатар Билал әл-Хабаши, Хаббаб бин Аратт, Аммар бин Ясир, Әбу Хузайба т.б.-лар да алғаш мұсылман болғандардың қатарына жатқызылады.
3. Исламға ашық үндеу
"Көтеріл де, Жаратушыны насихат етіп, даңқын көтер!" мағынасындағы уахидің келуіне орай енді пайғамбар салтанатты да батыл түрде өз дінін жария етіп, бұл жұмысты ең алдымен өз туыстарынан, өз тайпасьнан бастауы тиіс-тін. Осылайша, пайғамбарлығының үшінші жылында ғана Құрайштың тарағандардың бәрін Сафа төбесіне жиналуға шақырды. Шақыра отырып, олармен бәріне бірдей маңызды бір іс жайында сөйлескісі келетінін жариялады. Олардың бәрі де жиналды, алайда ішінде дұшпандық ойларынан танбаған ағасы мен оның залым әйелі, Үммі-Жөмила да бар-тын. Пайғамбар өзін Аллаһтың қалай жібергенін жөне өзі аян болған дін жайлы айта бергеннен-ақ Әбулаһаб орньнан құтырына ұшып тұрып, балағаттай жөнеледі, осындай масқаралыққа әуре етіп шақырғанына долданып, ағасы тас алып, сонымен ұрмақка да ұмтылады. Бірақ Мұхаммед өткір көздерін қадаған кезде ағасы кідіріп қалады, пайғамбарға оның тамұқ отына күйетіні ал әйелі Үммі-Жәмила сол отты маздата түсу үшін бір бума отын апаратыны жайында уахи келеді.

1. Баќылау с±раќтары:
1. Алғашқы уахи қалай келді ?
2. Алғашқы мұсылмандар кімдер ?
3. Исламға ашық үндеу туралы мәлімет беріңіз.
4-лекция. Таќырыбы: Меккедегi қиыншылықтар
Жоспары:
1. Құрайштардың дұшпандығы
2. Құранды ашық оқу
3. Имансыздардың мұсылмандарға дұшпандық әрекеттерi;
4. Эфиопияға һижрет;
5. Мұсылмандарға жасалған қыспақ.
Лекция маќсаты: Бұл дәрісте студенттерге исламның алғашқы жылдарындағы, яғни Мекке кезеңіндегі мұсылмандардың Құрайш басшылары тарапынан көрген қиыншылықтары баяндалады.

Лекция мєтіні (ќысќаша)
1. Құрайштардың дұшпандығы
Пайғамбар арабтардың пұтқа табынушылық және қыз балалардың тірідей жерге көму әрекеттерін т.б. сынға алғанда Мекке басшылары тарапынан өзіне қарсы шығушылық басталды.Олардың негізгілері Меккедегі Құрайштың белді тармақтарының атқа мінерлері, алпауыт байлары еді. Мәселен, Умаййа руы өкілдері: Әбу Суфиян, Әбу Ухайха, Убайда бин Абан, Хакем бин Әбу-л-Ас. Ал Махзум руынан: Әбу Жаһил, Уәлид бин Мұғира, Ұтба бин Рабия, Умаййа бин Халеф, Убей бин Халеф, Ас бин Уайль. Абдуддар әулетінен шыққан пайғамбардың дұшпандарының бастылары мыналар: Надр бин Харис, Әсуад бин Абдуяғус, Харис бин Қайс, Ұқба бин Әбу Муайт. Сонымен өзінің руы есептелетін Хашим руынан шыққан немере ағасы - Әбу Лаһаб пен жеңгесі Үммү Жамиль де дұшпан сабына қосылды. Олардың хазіреті Мұхаммедке сенбей исламды қабылдамау себептері рушылдық бақталас, пайғамбарды менсінбеу т.б. болатын.
2. Құранды ашық оқу
Меккеде пайғамбардан кейін Құранды дауысын шығарып, оқыған бірінші адам Абдуллаһ бин Масуд болды. Бірде пайғамбардың сахабалары жиналып,: Құдай біледі ! Құрайштар еш уақытта дауыстап оқыған Құранды естімеген шығар. Кім оларға оқып береді ?, - дейді. Абдуллаһ бин Масуд: Мен - деп жауап береді. Олар: біз сен үшін қорқамыз. Өзін тіреп тұрған қорғаушысы бар адам оқыса деп едік - деседі. Ибн Масуд: маған рұқсат беріңдер, мені Аллаһтың өзі қорғайды - деген. Келесі күні таңертең Ибн Масуд Қағбаның жанында тұрып, Құранды оқи бастайды. Мүшіріктер оны сол мезетте тепкінің астына алады. Ол қалағанша оқуын жалғастырады. Сосын бет-аузы жараланған күйі сахабалардың жанына оралады.
3. Имансыздардың мұсылмандарға дұшпандық әрекеттерi
Дін дұшпандары бай болған адамдарға еш нәрсе дей алмағанмен, кедей құл мұсылмандарға иман еткендері үшін жан түршігерлік азаптар көрсетті. Билал құлды ас-сусыз құмға байлап тастады, үстіне тас бастырды, Аммардың әкесі мен шешесін мұсылман болғандары үшін өлтірді. Осыған орай мұсылмадндардың бұл қалада қалуы қауіпке айналды.
4. Эфиопияға һижрет
Әлсіз мұсылмандардың жан төзгісіз қиыншылықтарын көріп жүрген хазіреті Мұхаммед кейбір мұсылмандардың Хабашстанға көшуіне кеңес берді, себебі, онда христианның әділ билеушісі Нажжаши билік құрған.
615 жылы 11 ер мен 4 єйел болып бір д‰ркін көшті, көшті басқарған Осман Мазғұн еді. Ол жақта мұсылмандардың тыныштықта тыныстағанын естіген мұсылмандар Жафар бин Әбу Тәліп басшылығындағы 617 жылы 83 ер мен 20 єйелдік екінші д‰ркін болып мұсылмандар Хабашстанѓа қоныс аударды. Бұл мұсылмандардың алғашқы һижреті еді.
5. Мұсылмандарға жасалған қыспақ
Хашим әулетінің ақсақалы Әбутөліптің хазіреті Мұхаммед пен оның жақтастарына көрсеткен көмегі тайпаның ішіндегі алауыздықты бұрынғыдан бетер өршітіп жіберді. Қарсы жақтың басшысы Әбусуфиян пайғамбардың бұрынғы дінінен безгендігін бетке салық етіп, тек оның жақын-туыстарын ғана емес, бүкіл Хашим әулетін қудалауға кірісті. Бұрын оларды жақтырмағанымен, туыскандық сезімдері бардай көлгірситін еді, енді онысынан да мүлде жаңылды. Әрине, Әбусуфиянның жаулығы, дұшпандығы тек өз бастарының жеке араздығынан ғана емес-ті, ең бастысы сол, баяғы рулық жікшілдікте жатты. Хашим әулеті қаланы билеп тұра береді, неге мұның өз руына билік ауыспайды, міне, гәптің негізгісі осында жатқан. Мейірімді Әбутөліптің Мұхаммедті және оған сенгендерді қанатының астына алып, қорғанға жасыруы қарсыластарды мүлде қапаландырып, олар Әбусуфиянның бастауымен бүкіл бір руды түп-түгел қаралады. Бүкіл бір тайпаның өкілдеріне үкім шығарылды. Ол үкімге сәйкес өзге Құрайштарға үйленуге, Хашим әулетінің қай-қайсысымен сауда қатынасын жасауға, бұлар Мұхаммедпен араз болғанға дейін тыйым салынды. Хашим әулеті өз туыстары хазіреті Мұхаммедті ұстап әкеліп, жазаға тартуға бергенге дейін бәрі осылайша болуы тиіс-тін. Бұл үкім пайғамбарлықтың сегізінші жылында шыққан сұмдық еді. Ол арнайы жазылып, Қағбаның қабырғасына ілініп қойылды. Мұның бәрі хазіреті Мұхаммед пен оның төңірегіндегілерге аса қиын тиді, олар ойпаттың ішінде таршылықта екі жылдай жатты.
Баќылау с±раќтары:
1. Құрайштардың дұшпан болу себептерін не ?
2. Құранды ашық оқу
3. Имансыздардың мұсылмандарға дұшпандық әрекеттерiн түсіндіріңіз
4. Эфиопияға һижрет туралы мәлімет беріңіз
5. Мұсылмандарға жасалған қыспақтың қиындықтары және оның нәтижесі

5- лекция. Таќырыбы: Құран - хазiрет Мұхаммедтiң ең үлкен мұғжизасы және миғраж
Жоспары:
1. Құранның әдеби мұғжизалығы;
2. Қайғыға толы жыл;
3. Исра мен Миғраж;
4. Тайфқа сапар;
5. Өзге тайпаларды исламға шақыру
Жоспары:
Лекция маќсаты: Бұл лекцияда студенттерге Құранның өрескел қасиеті жайында, пайғамбардың миғражға көтерілуі жайында баяндалады.

Лекция мєтіні (ќысќаша)
1. Құранның әдеби мұғжизалығы
Хазіреті Мұхаммедтің мүшіріктерден қорғанар қалқаны Аллаһтың сөзі – Құран. Ол араб ақындарының әсерлі өлеңдерінен де асып түсті. Мүшірік шешендері оған қарсы, одан асып түсетін бір уәж таба алмады. Ол Аллаһтың сөзі Құранды оқығанда оны мүшіріктердің кейбірі жынданған десті, екіншілері сиқыршы шығар десе, үшіншілері оны ақын деп түсінді, соңында белгілі бір тоқтамға келе алмай олар дал болды. Құранның мұғжизалығы соншалық оны оқыған және жүрегіне тоқыған адам мұсылмандық жолға бір жола ден қоятын. Құранның өрескел құдіретінің арқасында Әбу Зарр әл-Ғыффари, Омар бин Хаттаб т.б көптеген адамдар ислам дінін қабылдады.
Құран пұтқа табынушылықтың қандайы болмасын, тыйым салды. Мұхаммед пайғамбар оған байланысты салттардың бәрін дерлік жек көрген.
Сонымен қатар Құран алғаш болып сол қоғамда әділет пен ізгілікті насихаттады, биязы мінез бен кешірімділікке үндеді. Құлдар мен әйелдердің хұқығын қорғады. Пұтқа табынушылықпен қатар, қыз балаларды тірідей жерге көмуді сынады.
2. Қайғыға толы жыл
Меккеге қайтып келгеннен соң көп ұзамай хазіреті Мұхаммедтің ағасы Әбутәліптің ғұмырының соңы да жақындаған екен. Әбутәліп қайтыс болғаннан артынша хазіреті Мұхаммедтің адал да ақиқат берілген жары Хадиша көз жұмады. Бұл екі қайғы хазіреті Мұхаммедке қатты тиді, енді Мекке мүшіріктері оған тікелей шабуылға шықты. Қалада жүру оған қауіпке айналды.
3. Исра мен Миғраж
Пайѓамбарымыз Меккедегі кезінде Миѓражѓа кµтерілді. Ол Аллаћтыњ б±йрыѓымен Меккеден Ќ±дысќа кµтеріліп, одан Жєбраиль періштеніњ бастауымен, мешіт Аќсадан Миѓражѓа кµтерілген.
Хз. Пайѓмбарымыз бірінші ќат кµкте хз. Адаммен, екінші ќат кµкте хз. Яхя жєне хз. Исамен, ‰шінші ќат кµкте хз. Юсуфпен, тµртінші ќат кµкте хз. Ыдырыспен, бесінші ќат кµкте хз. Ћарунмен, алтыншы ќат кµкте хз. М±самен, жетінші ќат кµкте хз. Ибраћиммен кездесті. Ол арадан Сыдырату-л-М±нтаћаѓа жетті. Б±л арада ±лы Аллаћ, Пайѓамбарымызѓа ‰ш нєрсе сыйлады:
1. Баќара с‰ресініњ соњѓы екі аяты;
2. ‡мметтеріне Аллаћу Таѓаланыњ жєннатќа кіруін с‰йіншілеу;
3. К‰ніне бес уаќыт намаз.
Миѓражда хз. М±хаммедке хз М±саѓа он б±йрыќ берілгендей, он екі б±йрыќ берілді.
Ќ±ран Кєрімде б±л б±йрыќтар Исра с‰ресініњ 22-38-ші аяттарында ќамтылѓан. Олар:
1. Аллаћтан басќаѓа ќ±лшылыќ жасамау;
2. Ата-ананы ќ±рметтеу жєне оларѓа баѓыну;
1 3. Туыс-туѓанѓа, жоќ-жітікке, жолаушыларѓа, ќорѓансыздарѓа кµмектесу;
2 4. Ысырап жасап мал-м‰лкіњді орынсыз жерге ж±мсамау;
3 5. Балаларды µлтірмеу;
4 6. Зинаќорлыќ жасамау;
5 7. Наќаќтан адам µлтірмеу;
6 8. Жетімдерге, ќорѓансыздарѓа ќорѓан болу;
7 9. Уєдеде т±ру;
8 10.Таразыны тура тарту, таразыдан жемеу;
9 11. ¤зіњ білмеген нєрсеніњ соњынан т‰спеу;
10 12. Жер бетінде тым асќаќ кетпеу.
4. Тайфқа сапары
Хазіреті Мұхаммедтің өзі туып-өскен қаласындағы жағдай барған сайын мүшкілдене берді. Өзінің ең қымбат және ең алғашқы жан серігі, сүйеніші, қуғынға ұшырап, жалғыздық көрген күндерінде қорғаныш әрі камқоршы болған адал жары Хадиша да, деміккенде дем берген шөлдегенде сусын ұсынған немере ағасы Әбутәліп те жоқ еді. Әбутәліптей қорғанышынан айрылған соң Меккеде жападан-жалғыз қалғандай сезінді, үнемі жасырынып, тығылып, әлденеден қауіптеніп, қорқып-үркіп жүрулеріне тура келді, төңірегіндегі жақтастары мен адал сахабаларының да басы бәске тігулі-тін. Міне, пайғамбарлықты өз мойнына алып, Аллаһ тағаланың әмірін орындағалы да он жыл уақыт артта қалыпты. Бірақ осыншама ұзақ уақыт, табаны күректей он жыл қалай өтті десеңші! Жау тұту, дұшпанның қаскөйлігі, бақытсыздық секілді құбыжықтарға толы жылдар емес пе?! Бірақ ол алған бетінен қайтпады. Жасы да біразға жетті, әдетте бұл шақта адам осыған дейінгі өмір соқпақтарының жемісін татқысы, тыншығысы, рахатын көргісі келеді, жаңа бір жолдарға, тың әрекеттерге бара бермейді, себебі сол, әлдебір күтпеген жағдайларға тап болудан қашқақтайды. Ал бұл әлі де сол баяғы бір азапты күйінше жүріп жатыр, тыныштығын ойлап көрмепті, байлықты, дос-жаран қошеметін тілемепті.
Осы бір ауыр жылдары хазіреті Мұхаммед асыранды ұлы Зейд бин Харисемен бірге исламға шақыру мақсатында Тайф қаласына сапар шеккен. Бірақ онда да қарсыластар тарапынан сәтсіздікке ұшырап Меккеге оралады.
5. Өзге тайпаларды исламға шақыру
Ол Меккеге келген рулармен кездесіп, оларды исламѓа шаќырып отырды. Указ, Мєжєннє жєне З‰лмежаз атты жєрмењкелерге барып тұрды, сол жерде кездескен адамдарѓа Ќ±ран оќып беріп, исламды таратуѓа тырысты. Ќ±ранныњ өрескел кереметi, адамға тартымдылығы көптеген адамдарды мұсылман еттi. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) µзіне ж‰ктелген міндетті атќару ‰шін, тынбай адамдарѓа исламды т‰сіндірді. Тіпті шµл далаѓа шыѓып, ондаѓы тайпаларды исламѓа шаќыратын. Ал Мекке м‰шріктері де, Хазiретi Мұхаммедтi жамандап, Меккеге келген адамдарды исламнан шошытуѓа тырысты.
Қажылық ететін мезгіл келіп, барлық жаугершілік тыйылған шақта ол халықтың тобырына араласты. Арабстанның барлық жерінен жиналған жұрттың ішіне еніп кетті. Оның бұл жолғы басты мақсаты сол, ерекше бір ірі тайпаны, ерекше бір үлкен қала тұрғындарын тауып, соларды үгіттеп, өзін де, ислам дінін де бар ынтамен қабылдайтындай, қорғайтындай етуді тіледі.

Баќылау с±раќтары:
1. Құранның әдеби мұғжизалығы және оның меккеліктері әсер қандай?
2. Қайғыға толы жыл деп қай жылдар аталады ?
3. Исра мен Миғраж дегеніміз не ?
4. Пайғамбардың Тайфқа сапары қалай өтті ?
5. Өзге тайпаларды исламға шақыру әрекетін түсіндіріңіз.

6-лекция. Таќырыбы: Исламның Меккеден тысқары өлкеге таралуы
Жоспары:
1. Ақабадағы алғашқы ант;
2. Ақабадағы екiншi ант;
3. Мединеге Һижрет
Лекция маќсаты: Студенттерге пайғамбар мен мұсылмандардың Мединеге қоныс аудару алғышарттары турасында мәлімет беріледі.

Лекция мєтіні (ќысќаша)
1. Ақабадағы алғашқы ант
Қажылық ететін мезгіл келіп, барлық жаугершілік тыйылған шақта ол халықтың тобырына араласты. Арабстанның барлық жерінен жиналған жұрттың ішіне еніп кетті. Оның бұл жолғы басты мақсаты сол, ерекше бір ірі тайпаны, ерекше бір үлкен қала тұрғындарын тауып, соларды үгіттеп, өзін де, ислам дінін де бар ынтамен қабылдайтындай, қорғайтындай етуді тіледі.
Алғаш бұл ойынан түк шықпады. Себебі, оның дінді таратуына кедергілер жетерлік еді.
Ақырында, Ақаба төбесінде Ясрибтен келген қажыларға оқып берді. Кейіннен Мәдина деп аталып кеткен бұл қала да Меккеден солтүсгік бағытка қарата жүз жетпіс мил жерде болатын-ды. Қала тұрғындарының көп бөлігі негізінен арабтар, одан өзге еврейлер тұғын. Ал төбеге келгендердің бәрі дерлік таза арабтар еді. Олар өздерін ежелгіден келе жатқан қуатты тайпалар - Әус және Хазрежден тараймыз десетін.
Қысқасы, олар хазіреті Мұхаммедтің оқыған Құранын ұзағырақ тыңдаған сайьн қатты беріліп, елти түсті. Сөйтіп, ақырында, хазіреті Мұхаммедтің насихаттаған ислам дініне қалтқысыз сенетіндігін және түгелдей қабылдайтындығын мәлім етті.
2. Ақабадағы екiншi ант
Олардың елінде Құран үйрететін, исламды түсіндіретін бір ұстаз қосып беру өтінішімен атақты сахаба Мұсаб ибн Үмейр жіберілді. Ол мөдиналықтар арасында тиісті жұмыстар жүргізіп, жаңа дінді уағыздай түсіп, жұрттың бетін бері қарата беруге міндеттенді. Исламның алғашқы дәні осылайша Мөдинаға да себілген-ді.
Келесі жылғы қажылық мезгілінде мединеліктер Меккеге аттанды. Екінгі келісім өткен жылғы Ақабада өткізілді, осы келісімнің нәтижесінде меккелік мұсылмандар мен пайғамбарға Мединеге баруға жол ашылды.
Ансарлар қайтып кеткен соң, харам айлары да аяқталып, мұсылмандарды қудалау өрши түсті. Хазіреті Мұхаммед өзіне төніп келе жатқан қауіпті сезіп, қашан қаланы тастап шыққанша абайлау керектігін ұғынды.
3. Мединеге Һижрет
Оның бітіспес жауы Әбусуфиян ол кезде қаланың әміршісі еді. Жаңа діннің жақсы табыстарға ие бола бастағанын, көпке тарап бара жатқанын көре алмаған ол Құрайштардың ақсақалдарын жинап, қалай бөгет жасау керектігін ақылдасты. Біреулері Мұхаммедті қаладан қуып жіберуді ұсынды. Бірақ, ондай жағдайда ол басқа тайпаларды өзіне тартып, тіпті бүкіл Мәдина халқьн қаратып алуы мүмкін, соларды бастап Меккеден кек қайтаруға келуі кәдік, десті. Екіншілері қамауға алып, өмірінің соңына дейін сонда ұстауды ұсынды. Олай етсе, достары құтқарып алуы тағы мүмкін. Ақырында, Әбужаһилдың өзі тек жалғыз ғана амалдың бар екенін жария етеді: Мұхаммедті өлтіру керек! Осыған барлығы келісіп, барлық кінәні тең бөлісу үшін әрі өлген адамның туыстары кек қайтармауына жағдай жасау мақсатында әрбір әулеттен бір-бір адам Мұхаммедтің кеудесіне сүңгі қадауы тиіс деп шешеді.
Ақиқатында да, өлтірмек болған қаскүнемдер хазіреті Мұхаммед тұратын үйге жақындағанда, ол өзіне қауіп төнгендігінен хабардар еді. Осылай хазіреті Мұхаммед жан досы хазіреті Әбу Бәкір екеуі аман қалып, Мединеге 522 жылы жол тартқан.
Баќылау с±раќтары:
Ислам тарихындағы Ақаба келісімдерінің маңызы қандай ?
Екі Ақаба келісімі және онда қамтылған мәселелер қандай ?
Мединеге Һижрет

7-лекция. Таќырыбы: Алғашқы мұсылмандық қоғам
Жоспары:
Мединедегi мешiттiң құрылысы;
Асхаб Сұффа
Мұхажирлер мен ансарлар;
Мұсылмандар мен яһудилер;
Мұсылмандар және мұнафықтар.
Лекция маќсаты: Бұл лекцияда пайғамбардың Мединеге келген алғашқы жылдары баяндалады.

Лекция мєтіні (ќысќаша)
1. Мединедегi мешiттiң құрылысы
Хазіреті пайғамбар Мединеге келгенде түйесі алғаш шөккен жер Нажжар әулетінен екі жетім баланың жерін сатып алып алғашқы мешіт құрылысын бастайды. Мешіттің құрылысына пайғамбар да белсене атсалысты. Мешіт нақышсыз, қарапайым түрде салынды. Төрт қабырғасы қам кесекпен құрма ағашы төселген төбесіне құрма жапырақтары жабылды. Сол дәуірде құбыла Құддыс болғандықтан есік оңтүстіктен жасалынды. Кейін құбыла Қағбаға өзгертілгенде есік солтүстік жақта орналасты. Мешіттің едені топырақ болатын. Мешітте тек құптан намазы уақытында ғана шам жағылатын. Кейін діңгектерге шырақ асылды.
Мешіт біткеннен кейін оған жапсарлас үйлер соғылды.
2. Асхаб Сұффа
Мешіттің күнгей жағына үйі жоқ кедей, қайыршы сахабаларға арналған төбесі жабық, жан жағы ашық бір шатыр тұрғызылды. Бұл үнемі хазіреті пайғамбардың қасында болғандықтан Асхаб сұффа иелері одан дін ілімін үйренетін. Бала-шаға, дүние-мүлік сияқты дүниеуи харекеттен ада өзін ілім жолына арнағандар алғашқы тақуалар атанды. Бұл сұффа бейне бір алғашқы мектеп қызметін атқарды. Осы мектептен жетілгендердің көрнекті өкілі деп Әбу Һурайраны айтуға болады.
3. Мұхажирлер мен ансарлар
Хазіреті Мұхаммедпен бірге Аллаһ үшін, дін үшін туғанын, үйін және мүлігін тастап Меккеден Мәдинаға келген сахабалар Мұхажирлер, яғни қоныс аударушылар деп аталды. Тағы бір бөлігі мәдиналықтардың әу бастан-ақ пайғамбардың паш еткен дінін қуаттап, исламды мойындағандар, яғни Ансарлар немесе көмектесушілер, яғни Меккеден келген дін бауырластарына көмек қолын созғандар делінді. Бұлар негізінен Әус және Хазреж тайпаларының өкілдері болатын. О баста Әус жөне Хазреж атты бірге туған бауырлардан тарағанымен, жүз жиырма жылдан бермен қарай өзара жауласып, бір-бірімен бітіспес жанжалмен бүкіл Мөдинаны тітірете түршіктіріп келе жатқан. Өшігіп, өліспей беріспекке кеткен ағайынның арасын тек қана жаңа дінге беріліп, пайғамбар ілімін мойындаушылық жарастырып, біріктіріп тастады. Жаңа ілімге мойынсұна қоймаған өзге тайпалармен хазіреті Мұхаммед бейбіт түрде одақ құрды.
Меккеден Мөдинаға қоныс аударғандардың жағдайы кейде қиындап та кетіп отырды. Ауа райына көндіге алмай, жиі ауыратындар да баршылық еді. Меккеден келгендермен бауырласу салты енгізілді.
4. Мұсылмандар мен яһудилер
Мұхаммед пайғамбар Мәдинаға келген түста арабтармен қатар бұл қалада еврейлер де мекендеген. Жалпы Мәдинада еврейдің Бәни Нәдір, Бәни Хұрайза және Бәни Қайнуқа деген тайпалары тұрып жатты. Хазіреті пайғамбар Мәдинаға келген кезде мұсылмандармен қатар еврейлермен де бейбіт келісім жасасты. Жалпы келісімнің ішінде өзара жауласпау, арада келіспеушілік туа қалған жағдайда бейбіт келісіммен немесе құн төлеу арқылы шешу, Мәдина қаласына төнген қауіпті бірігіп қорғау т.б. тақырыптар қамтылған. Десек те еврейлер осы берген уәделерін орындаудан бас тартып, келісімді бұзған.
5. Мұсылмандар және мұнафықтар.
Беделді Хазреж тайпасының ішінде көсем әрі ақсақал саналатын Абдуллаһ ибн Үбей атты адамның атағы зор болды. Оны енді-енді ғана патша етіп жариялайтын шаққа жетіп қалғанда Мұхаммедтің пайда болуы, пайғамбардың дінін мойындап, дініне жығылу халықтың ықыласын мүлде басқа арналарға бұрып әкеткендей күйге түсірді. Сондықтан оның бастамасымен сырттай мұсылман, иман еткен болып көрінгенмен, іштей оған қарсы екіжүзді – мұнафықтар әрекет ете бастады. Олар ішінара меккелік Құрайштармен ауыз жаласты.

Баќылау с±раќтары:
Мединедегi мешiттiң құрылысы туралы мәлімет беріңіз
Асхаб Сұффа иелері кімдер ?
Мұхажирлер мен ансарлар дегенміз кімдер ?
Мұсылмандар мен яһудилер арасындағы оқиғаларды айтыңыз
Мұнафықтар дегеніміз кімдер ?

8-лекция. Таќырыбы: Соғысқа рұқсат және алғашқы жорықтар
Жоспары:
Соғысқа рұқсат;
Уардамға жорық, Убайда ибн әл-Харис тобы, Хамза тобы, Бууатқа жорық, Ушайраға жорық, Саад ибн Әбу Уаққас тобы, Сауанға жорық, Абдуллаһ ибн Жахш тобы.

Лекция маќсаты: Бұл лекцияда студенттерге исламның Медине кезеңіндегі соғысқа рұқсат етілгендігі және алғышқы шолғыншы жорықтар турасында мағлұматтар беріледі.

Лекция мєтіні (ќысќаша)
1. Соғысқа рұқсат
Аллаһтың елшісі хазіреті Мұхаммед құдайдың әмірімен әрекет ететін. Меккеде қаншама қастандық, зұлымдық жасалса да дұшпанға қарсы шығуға рұқсат берілмеген. Міндеті – иманға шақыру, жүректерге жол табу, ақиқатты жариялау ғана болатын. Оның үстіне ислам діні соғыс діні емес, оған түбегейлі қарсы дін. Мүшіріктерден қорғану үшін шайқасуға Аллаһ тарапынан алғашқыда тыйым салынды. Өйткені қан төгу мұсылмандыққа жат тіртік болатын.
Десек те Мұхажирлер мен Ансарлар Мединеде өз алдына мұсылмандық қоғам құра алғанымен бейбітшілік пен бақытқа кенеле алған жоқ. Енді хазіреті пайғамбар мен мұсылмандардың алдында сыртқы дұшпан – меккелік мүшіріктермен қатар, ішкі жаулар – мұнафықтар мен яһудилер негізгі мәселер ретінде тұрды. Тіпті мұсылмандардың өмірі қауіпке айналып бара жатты. Мұсылмандар қанша төзіп баққанымен іштегілер іріткі салып, сырттағылар аяқтан шалып, әбден мезі еткеннен соң мұсылмандар енді Аллаһқа жалбарынып, соғысқа рұқсат сұрайтын болды.
Соңында мұсылмандардың тілегі қабыл болып, пайғамбарға түскен кезекті аятта қорғану мақсатымен соғысуға рұқсат берілгендігі айтылды. Мұндағы мағына дұшпан тарапынан төнген қауіптен қорғану, бала-шаға мен әйелдерге және әлсіз жандарға тиіспеу еді.
2. Уардамға жорық, Убайда ибн әл-Харис тобы, Хамза тобы, Бууатқа жорық, Ушайраға жорық, Саад ибн Әбу Уаққас тобы, Сафауанға жорық, Абдуллаһ ибн Жахш тобы
Осылай алғашқы жорықтар да басталып кетті. Хазіреті пайғамбар Мекке мен Мәдинанің ортасындағы Уардам қыстағына барып, Бану Дамрлықтармен өзара соғыспау жайлы келісімге отырады.
Аллаһтың елшісі Убайда ибн Харисты басшы қылып, мұхажирлерден алпыс немесе сексен кісіні жорыққа аттандырады. Олар Хижаздың биік шыңындағы әл-мараның жанына жеткенде Құрайштың бір тобымен жолықты. Олардың арасында шайқас болмады. Тек Саад бин Әбу Уаққас садақ атып үлгерді. Осылай екі жақ тарасты.
Пайғамбар бірде немере ағасы хазіреті Хамза ибн Абдулмутталиб басшылығындағы салт атты отыз кісіні Қызыл теңғіз жағалауындағы әл-Иске жорыққа аттандырады. Олар осы жағада меккеліктерден үш жүз жауынгер қолы бар Әбу Жәһил ибн Хишамды кездестіреді. Бірақ екі жақ та қантөгіссіз тарасты.
Пайғамбардың өзі рабиу-л-әууал айында Құраштарға қарсы жорыққа шықты. Ол Бууат тауының Радуа тауы жағына барып, ешбір бөгет, кедергі көрмей қайтып оралған.
Хазіреті Мұхаммед Бууат жорығынан соң Үшайра жаққа жасағымен беттеді. Ол жақта Бану Мүдлиж тайпасымен өзара келісімге келіп Мединеге қайтып оралады.
Осы екі жорықтың арасында мұхажирлердің сегіз тобынан құралған әскерді Саад бин Әбу Уаққаспен аттандырды. Ол Хижаз жеріндегі әл-Харраға дейін жетіп, ешкім кездеспегеннен соң Мединеге қайтып оралады.
Пайғамбар әл-Үшайрадан қайтқаннан соң Курз бин Жабир деген адам жасағымен Мединенің қойын айдап алып кетеді. Пайғамбар халықтың қойын қайтару мақсатында оның артынан қуады Сафауан жазығында әлгі қарақшы қойды тастап қашып құтылады.
Пайғамбар Абдуллаһ бин Жахш басшылығындағы мұсылмандарды да қалаға төнген қауіпті сейілту мақсатында аттандырады.
Баќылау с±раќтары:
Не себепті соғысқа рұқсат етілді ?
Уардамға жорық және оның нәтижесі қандай ?
Убайда ибн әл-Харис тобы және оның нәтижесі қандай ?
Хамза тобы
Бууатқа жорық
Ушайраға жорық
Саад ибн Әбу Уаққас тобы
Сафауанға жорық
Абдуллаһ ибн Жахш тобы
9-лекция. Таќырыбы: Бәдр соғысы
Жоспары:
Бәдрге аттану;
Алғашқы шайқас;
Олжа мен тұтқындар;
Бани Сулаймге жорық, Сауикке жорық, Зу Амрға жорық, Фуруа ауылына жорық;
Бани Қайнуқа әрекетi;
Зейд ибн Харисенiң жасағы.
Лекция маќсаты: Осы лекияда студенттерге ислам тарихындағы алғашқы кескілескен шайқас және оның нәтижесі турасында мәлімет беріледі.

Лекция мєтіні (ќысќаша)
Бәдрге аттану
Ол он үш жыл бойы пайғамбарлық жолын нағыз мейірбандықпен жүргізе отырып, бәріне де шыдамдылықпен төзді. Сонда да көздегеніндей нөтижеге жете алмады, керісінше балағаттау мен қорлаудың неше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омейядтар халифаты
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
8 – сынып оқушыларын химия пәнінің оқу-әдістемелік кешен арқылы оқыту
Философия тақырыбындағы адам және табиғат проблемалары
Интерактивті тақтаның құралдары
Оқулық пен оқу әдістемелік кешендеріне қазіргі кезде қойылатын талаптарды анықтау
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Интерактивті тақтаны орнату
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар
Пәндер