Бұқар жырау Қалқаманұлы



Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Ал «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз еткен. «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында», «Ханға жауап айтпасам» атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғаған. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел «Көмекей әулие» Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі Қытай мен Ресей аты қос алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасаған. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баһадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі ? жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттелген. Әсіресе, оның толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленген. Мысалы, «Қилы заман» толғауындағы мына бір жайлар «Күнбатыстан бір дұшпан, Ақырында шығар сол тұстан. Өзі сары, көзі көк, Діндарының аты боп Күншығысқа қарайды. Шашын алмай, тарайды, Қүдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жок, Затсыз, тексіз бір кәпір, Аузы-басы жүн кәпір, Жемқорларға жем беріп, Азды көпке теңгеріп, Ел қамын айтқан жақсыны, Сөйлетпей ұрар ұртына. Бауыздамай ішер қаныңды, Өлтірмей алар жаныңды, Қағазға жазар малыңды. Есен алар пұлыңмен, Солдат алар ұлыңнан, Күндердің күні, Абылай, Жаяулап келер жұртыңа, Жағалы шекпен кигізіп, Балды май жағар мұртыңа, Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан», табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді. Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұқар жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен саралаған М.Әуезов: «Жырау... заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді... Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады», - дейді. Жыраудың толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаһармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7-8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау музыкалық аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады. Толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше «Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек» - деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Жыраудың шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл ? болашақтың ісі. Бұқар жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қ.Халид, Г.Потанин, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірген.
Бұқар жырау Қалқаманұлы. Шығармалары. - Алматы, 1992. - 94 6.
Бұқар жырау. Шығармалары // Нар мен зар заман поэзиясы. - Алматы, 2002. - 45-58 б.
Қалқаманұлы Б. Ай, Абылай!: толғаулар. - Алматы, 1993. - 96 б.
Жеті ғасыр жырлайды. 2 томдық: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / құраст. Е.Дүйсенбайұлы, сүретші Т.Мұқатов. - Алматы: Жазушы. - 2008.
Т.1: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. - 400 б.
Т.2: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. - 2008. - 528 б.
***
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1998-1781) // Баянаула. - Алматы: Фолиант, 2001. - 88-89 б.
Омари Ж. Бұқар жырау. Он екі тарих. - Қарағанды, 1994. - 333 б.
Бердібай Р. Ақылгөй абыз (Бұқар жырау (1668-17817) // Дала даналығы. - Алматы, 2001. - 284- 298 б.
Бұқар жырау // Абай. Энциклопедия. - Алматы, 1995. - 170-1716.
Бұқар жырау // Бес ғасыр жырлайды. - 2 томдық. / құраст. М. Мағауин, М. Байділдаев. - Алматы, 1989. - 1т. - 81-106 б.
Бұқар жырау // Қазақ әдебиетінің тарихы. - Зт. - Алматы, 2000. - 386-418 б.
Бұқар жырау // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - 6 т. - Алматы, 1999. -2т. - 456-459 б.
Бұқар жырау // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. - 4т. - Ллматы, 1989. -189 6.
Бұқар жырау // Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. - Алматы, 1993. -71-104 б.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) // Баянаула. - Астана, 2001. - 88-89 б.
Бұқар жырау Қалқаманұлы // Қазақтар. Көшпілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. - Алматы, 1998. - 2т. - 331-333 б.
Бұқар жырау поэтикасы // Кәрібаева Б. Қара өлең және лирика (оқу қүралы). - Алматы, 2001. - 27-37 б.
Бұқар жырау // Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. - Алматы, 2001. -161-171 б.
Даналардың данасы // Қ. М. Алдабергенов, Е. М. Арын, Б. Т. Баткеева. Бір туар дара тұлғалар. - Павлодар, 2003. – 142-146 б.
Қуанғанов Ш. Бұқар жырау және оның заманы. - Алматы, 1992. - 48 б.
Мұхаметханұлы Қ. Бұқар жырау // Қазақ әдебиеті. -1993. - №15. - 8 -9 б.
Баянаула дуаны: тұлғалары, тарихы, мәдениеті: Баянауыл сыртқы округінің ашылуына 180 жыл толуына орай өткізілген халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияның материалдары 4-5 тамыз. - Қарағанды: ҚарМу баспасы, 2006. - 390 б.
Бұқар жырау / құраст. А. Бәделхан; Бұқар жырау атындағы Павлодар обл.әдебиет және өнер музейі.- Павлодар: ЭКО, 2003. - 240 б.
Жеті ғасыр жырлайды. 2 томдық: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / құраст. Е.Дүйсенбайұлы, сүретші Т.Мұқатов. - Алматы: Жазушы. – 2008.
Т.1: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. - 400 б.
Т.2: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. - 2008. - 528 б.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тұлғалар

сурет magazinmarok.ru сайтынан 

Бұқар жырау Қалқаманұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның
ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны Көмекей әулие деп атаған. Сөйлегенде үнемі
қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін
болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, сәуе айтшы деген тілегімен
түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған.
Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл
үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі
мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай
ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте
біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің
саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына
айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап,
оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан.
Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы
үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап,
ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға
қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның
көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола
білгенін асқақ жырлаған. Оның Абылай ханның қасында, Ал, тілімді
алмасаң, Ай, Абылай, Абылай, Қазақтың ханы Абылай, Ханға жауап
айтпасам, Басыңа біткен күніңіз, Ай, Абылай, сен он бір жасыңда, Ал,
айтамын, айтамын атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты
мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Ал Садыр, қайда
барасың?, Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға деген жырларында
ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз еткен. Он екі айда жаз келер,
Абылай ханның қасында, Ханға жауап айтпасам атты толғаулары халық
болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа,
Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғаған. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық,
дидактикалық сипаты басым. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай
дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына
дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да
қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел Көмекей әулие Абылай ханның
дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі Қытай мен Ресей
аты қос алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери
дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасаған. Заман
келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы,
біртуар баһадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның
жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы
ізгі, жалынды күресі ? жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттелген.
Әсіресе, оның толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық
саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленген. Мысалы, Қилы заман
толғауындағы мына бір жайлар Күнбатыстан бір дұшпан, Ақырында шығар сол
тұстан. Өзі сары, көзі көк, Діндарының аты боп Күншығысқа қарайды. Шашын
алмай, тарайды, Қүдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жок, Затсыз,
тексіз бір кәпір, Аузы-басы жүн кәпір, Жемқорларға жем беріп, Азды көпке
теңгеріп, Ел қамын айтқан жақсыны, Сөйлетпей ұрар ұртына. Бауыздамай ішер
қаныңды, Өлтірмей алар жаныңды, Қағазға жазар малыңды. Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан, Күндердің күні, Абылай, Жаяулап келер жұртыңа, Жағалы
шекпен кигізіп, Балды май жағар мұртыңа, Есе тимес өзіңе, Есіктегі
құлыңнан, табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді.
Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің
тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік
жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұқар жырау
поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты
толғамдарын білімпаздықпен саралаған М.Әуезов: Жырау... заман сыншысы,
сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі
тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды.
Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан
толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен
келеді... Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке
арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады, - дейді. Жыраудың толғауларының
сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық
атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаһармандық рухтың лебі білінеді.
Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне,
ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7-8 буынды, ұйқастары еркін.
Тегінде, толғау музыкалық аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен
орандалады. Толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз
қолдану ерекшелігі де өзгеше Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз
есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, бұл кісінің сөзін
түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы
керек - деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Жыраудың шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең
қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып
алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл ?
болашақтың ісі. Бұқар жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде
Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қ.Халид, Г.Потанин, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов,
С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт
зиялылары еңбек сіңірген. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 2
том 






Қалқаманұлы Бұқар жырау

(1693 - 1787)

   Қалқаманұлы Бұқар жырау - қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар
басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы
атақты Абылай ханның ақылшысы. Павлодар облысының Баянауыл ауданында ғұмыр
кешкен, атақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары
Бұқар жырау толғаулары
Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Бұқар жырау шығармашылығындағы заман бейнесі
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Қалқаманұлы, Бұқар жырау
Жырау шығармаларының зерттелу тарихы
Бұхар жыраудың билік шешімдері
Бұқар – өзі өмір сүрген дәуірдің болмыс-шындығын көркем бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау
Мұхаммед Хайдар Дулати тәрбие және еңбек тәрбиесі туралы
Пәндер