Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары



1. Кіріспе
2. Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру.
3. Зоология . жануарлар жайындағы ғылым, оның даму тарихы.
4. Жануарлар классификациясы.
5. Дара клеткалы (торшалы) жануарлар.
6. Қарапайымдылар түрі.
7. Қарапайымдалардың паразиттік түрлері.
8. Жалпақ құрттар типі.
9. Түкті құрттар.
10. Ленталы құрттар.
11. Дөңелек құрттар типі.
12. Адам аскаридасы.
13. Паразит құрттар түрлері.
14. Шығыршық құрттар типі.
15. Шығыршық құрттар типіне сипаттама.
16. Жауын құрт аз қылшықтылар өкілі.
17. Жауын құртының ішкі құрылысы
18. Моллюскалар типі.
19. Жүзім ұлуы (немесе тоспа ұлуы)
20. және шалаңаш шырыштылар
21. Тіссіз . қос жақтаулы моллюскалардың өкілі.
22. Бас аяқты моллюскалар.
23. Буын аяқтылар типі.
24. Өзен шаянының сыртқы құрылысы мен тіршілігі.
a. Бақылауға арналған нұсқау.
25. Өзен шаянының ішкі құрылысы. Басқа шаян тәрізділер және олардың маңызы. Шаян тәрізділер класының сипаттамасы.
26. Кенелер және оның өзіне тән ерекшеліктері.
27. Кене энцефалиті.
28. Насекомдар классификациясы.
29. Буын аяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буын аяқтылар мен
30. буылттық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілері мен
31. айырмашылықтары.
32. Тікен терілер типі.
33. Теңіз жұлдызы.
34. Тікен терілердің әр түрлілігі.
35. Хордалылар типі.
36. Хордалы жануарлардың белгілері.
37. Балықтар класы
38. Балықтың сыртқы құрылысы
39. Балықтың склеті мен еттері.
40. Балықтың нерв системасы. Балықтың көбеюі.
41. Бейімделудің шарсыз рефлексі жолының схемасы
42. Балықтардың шығу тегі мен көп түрлілігі.
43. Балықтар класының систематикасы мен сипаттамасы.
44. Бауырмен жорғалаушылыра класы немесе Рептилий.
45. Кесірткенің сыртқы және ішкі құрлыстары.
46. Құстардың сыртқы құрлысы мен тіршілігі.
47. Құстың сүйек .ет системасы.
48. Құстың ішкі құрылысы.
49. Құстың ұшқан кездегі тыныс алу схемасы.
50. Сүт қоректінің сүйек.ет системасы.
51. Жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңдері.
52. Қорытынды
Мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жетілдіру және зоология сабақтарында өлкетану материалдарын оқудың көп жылғы тәжірибесі барысында, оған деген оқушылардың қызығушылығы артып, білікті білімдері қалыптастырады. Сонымен қатар олардың пайда болуына байланысты атейстік көзқарастары қайта қалыптасып, туған елдің табиғатынсүю, қорғау және мәпелеу, патриоттық сезімдері жетіле түсу.
Міндеттері: 1. Оқушылардың жеке бақылауы және бастауыш мектеп табиғаттану оқулықтары бойынша таныс жергілікті материалдарды қолдану, оқушылдардың жануарлар әлемі дамуының күрделі заңдылығын дұрыс қабылдауына көмегін тигізіп, оқушының диалектикалы-материалдық дүние танымын қалыптастыру.
2. Олкетану материалдарын оқу, ауыл шаруашылығының дамуына тығыз байланысты, оқушының алдын-ала тәсіптік бағдарын анықтаудағы оның Республиканың күнделікті өмірімен байланысын жеңілдете түседі. Зоология сабақтарында олкетану материалдарын кеңінен қолдану. Қазақстан мектептерінде жалпы білім беру және кәсіптік мектептердегі реформаның негізгі бағыттарындағы мақсаттарды жүзеге асырылуына қолайлы жағдайлар туғызу.
3. Қазақстан бағдарламасы осы сұрақтарды оқушылар танымының негізі бойынша қарастыруды ұсынады. Орта мектеп бағдарламасы, зоология курсын бастапқы оқуы кезінде де, сәйкес жүйеліктің негізгі ережелері мен қатар оқушылардың бұл материалдарды жете игеруі, олардың ботаниканы оқу кезіндег өсімдіктер әлемі табиғи жайлы түсінігімен тығыз байланыстыру.
Жаңашылдығы: Қарапайымдалар түрін оқуда, талшықаяқтылар тобына жаьтатын кәдімгі амеба, одан кеін қыл аяқтылар мысалға келтіреді. Бұл топ өкілдерінің өмір сүруі мен құрлымының өзгешелігі жасыл эвглен мен вольвоксты мысалға алынып түсіндірілуі. Ары қарай осы топ өкілдерінің ішіндегі құрылымы күрделірек инфузория талқыланады. Инфузория туфлекасының оқу барысында қарапайымдылардың бір түрі споровиктерге, безгек паразиті (безгек қоздырушы) және )позема) тұт ағашы жібек құртының ауруын қоздырушы, түсініктеме берілді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді
және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жетілдіру және зоология сабақтарында
өлкетану материалдарын оқудың көп жылғы тәжірибесі барысында, оған деген
оқушылардың қызығушылығы артып, білікті білімдері қалыптастырады. Сонымен
қатар олардың пайда болуына байланысты атейстік көзқарастары қайта
қалыптасып, туған елдің табиғатынсүю, қорғау және мәпелеу, патриоттық
сезімдері жетіле түсу.
Міндеттері: 1. Оқушылардың жеке бақылауы және бастауыш мектеп табиғаттану
оқулықтары бойынша таныс жергілікті материалдарды қолдану, оқушылдардың
жануарлар әлемі дамуының күрделі заңдылығын дұрыс қабылдауына көмегін
тигізіп, оқушының диалектикалы-материалдық дүние танымын қалыптастыру.
2. Олкетану материалдарын оқу, ауыл шаруашылығының дамуына тығыз
байланысты, оқушының алдын-ала тәсіптік бағдарын анықтаудағы оның
Республиканың күнделікті өмірімен байланысын жеңілдете түседі. Зоология
сабақтарында олкетану материалдарын кеңінен қолдану. Қазақстан
мектептерінде жалпы білім беру және кәсіптік мектептердегі реформаның
негізгі бағыттарындағы мақсаттарды жүзеге асырылуына қолайлы жағдайлар
туғызу.
3. Қазақстан бағдарламасы осы сұрақтарды оқушылар танымының негізі бойынша
қарастыруды ұсынады. Орта мектеп бағдарламасы, зоология курсын бастапқы
оқуы кезінде де, сәйкес жүйеліктің негізгі ережелері мен қатар оқушылардың
бұл материалдарды жете игеруі, олардың ботаниканы оқу кезіндег өсімдіктер
әлемі табиғи жайлы түсінігімен тығыз байланыстыру.
Жаңашылдығы: Қарапайымдалар түрін оқуда, талшықаяқтылар тобына жаьтатын
кәдімгі амеба, одан кеін қыл аяқтылар мысалға келтіреді. Бұл топ
өкілдерінің өмір сүруі мен құрлымының өзгешелігі жасыл эвглен мен
вольвоксты мысалға алынып түсіндірілуі. Ары қарай осы топ өкілдерінің
ішіндегі құрылымы күрделірек инфузория талқыланады. Инфузория туфлекасының
оқу барысында қарапайымдылардың бір түрі споровиктерге, безгек паразиті
(безгек қоздырушы) және )позема) тұт ағашы жібек құртының ауруын қоздырушы,
түсініктеме берілді.
Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземанің даму жағдайы мен
құрлымымен танысу барысында өлкетану материалдарын кеңінен нәтижелі
қолдаану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезінде оқушыларға,
Қазақстан Республикасы Егемендік алғаннан кейінгі жылдары безгек ауруының
алдын-алу, болдырмау іс-шаралары жүргізілгендіктен айтып кеткен жөн.
республиканың оңтүстік аумағындағы ыстық климаты жағдайында, дизинтерия
амебасы сияқты іш ауруын қоздырушылардың адам организіміне енуіне жол
бермеу үшін, жеке және қоғамдық гегиена талаптарын орындау өте маңызды.
Оқушыларға міндетті түрде қайнатылмаған әсіресе жабық шағын суаттардан
алынған суды пайдалану қауіпті екендігін ескерті керек.
Көп торшалы жануарлар бөлімінде оқушылар ішек қуыстылар тобымен
танылады. Тұщы суда кездесетін полип (су жылан) гидра ) республикамыздағы
үлкен және шағын су қоймаларында кездеседі.
Ары қарай құрттар мынадай кезепен оқытылады:
1. Жалпақ құртар түрі (кірпікті құртар тобы, сорғыштар тобы, таспақұрттар
тобы).
2. дөңгелек құрттар (кольчатке) аз қылшықтылар және көп қылшықтылартобы.
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды
оқушыларға таныстыру.
Келесі тақырыпта моллюскалар тобының өкілдері-бауыраяқтылармен екі
жармалылар. Ғылым және білім министрлігі бағдарламасы бауыраяқтылармен
таныстыру барысында үлкен прудовикті мысалға келтірді. Қазақстан жерінде
кездесетін дала ұлуы мен шырышты ұлу құрылымы талқыланды. Моллюска-лардың
бұл түрлері мақтаға, жоңышқаға, бақша және басқа ауыл шаруашылық
өсімдіктеріне зиян, сондықтан оқушылардыөмір сүруімен, құрлымымен танысуы
тек танымдық ғана емес сонымен қатыр тәжірибелік маңызы зор. Оқушылар
моллюскалардың ішкі құрылысының ерекшеліктерін танып өолармен күресу
жолдарын біледі.
Екі жармалы тобымен танысу барысында, Қазақстан Республикасы
аумағындағы көлдері мен ағысы жәй өзендерінде кездесетін тіссіздер мысалға
алынады.
Осы моллюскаларды оқу кеінде, шығу тегі бір екендігін және орналасу
өзгешелігін анықтау мақсатында басқа түрлері мен салыстырылады. Буынаяқ-
тылартобынаоның түрлері өте көп. Бағдарлама оның мына үш тобын оқуды
ұсынады.
Шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер және шыбын-шіркейлер. Шаян
тәрізділерді оқу кезінде. Қазақстанның су қоймалары мен өзендерінде
кездесетін өзен шаян мысалға алынды. Оның ішкі және сыртқы құрылысы
талқыланды. Сонымен қатар кәсіпшілік маңызы бар басқа да ірі және ұсақ шаян
тәріздлерге де түсініктеме беріледі.
Зоология курсында, Қазақстанның балық шаруашылығында жем ретінде
кеңінен қолданылатын ұсақ шаян мен циклопака тоқталып өткен жөн.
Ғылым және Білім беру Министрлігінің бағдарламасы, өрмекші тәріздес-
терге тоқталғанда өрмекші –ала бүйі мысалға алынуды ұсынды. Дегенмен
,өрмекші-ала бүйі Қазақстан аумағында көп кездеспейді, бізде кездесетін
тұрлері: шаян, қарақұрт және бүйі. Бұл шаян тәріздестер Қазақстан территор-
иясында көп кездеседі, сондықтан оларды көптеген оқушылар біледі. Бұл шаян
тәріздестердің уы аңдарға, адамдарға өте қауіпті, сондықтан да бұлар жайлы
оқушылардың білуі өте қажет. Әсіресе шаян тәріздестер шаққан алғашқы сәтте
көмек көрсете білу өте маңызды. Бұл типтерга кенелер тобы да қажет.
Республикамыз аумағында қайталама сүзек ауруын қоздырушы кене және қотыр
кенесі кездеседі. Бұл кенелер мен жануарларда кездесуі мүмкін. орта Азия
жануарлар дүниесінде кездесетін, өсімдіктер шырынымен қоректенетін
өрмекшелі кене арам шөптерден ауыл шаруашылық өсімдіктеріне өтіп, оларды
зақымдайды. Кенелер Қазақстан аумағында көп кездесетіндіктен және
паразиттік түрде өмір сүретіндіктен зоология курсында оқытылуы тиіс.
Бағдарлама шыбын-шіркейлер тобымен, мамыр қнңызының сыртқы және ішкі
құрылысымен бастауды ұсынады. Біздің көз қарасымыз бойынша, республиканың
барлық аймағында кездесетін наурыз қоңызын мысалға алған дұрыс. Наурыз
қоңызын оқу кезінде оқушыларға оның ортасын көрсетіп, ауыл шаруашылық және
сәндік өсімдіктерінің жауы ретінде таныстыру мүмкіндігі көп. Сонымен қатар
наурыс қоңызын мысалға алу арқылы оның дамуын, көбеюін қадағалап,
метаморфиза құбылысын байқауға болады.
Қазақстан Республикасы аймағында кездесетін, тік қанаттылар отрядының
өкілдері оазистік прусин немесе итальяның шегіртке бұрыннан бері мақтаның
зиян кесі болып табылады. Тірі қанаттылар мен танысу барысында, олардың
толық емес метаморфозасы арқылы дамуын көрсетіп, олардың ауыл шаруашылық
химиясы жетістіктері мен авиациясы қолданысына тоқталып өткен дұрыс.
Біздің Республикамыздың табиғат аясында кездесетін өсімдіктер биті
(тля), тең қанатталар отрыдына жатады. Жеміс ағаштарында (алма, алмурт)
алма битін сүйектілерде (шабдалыда) –шабдалы биті, ал мақтада мақта биті
болады. Бұл аталғандар сортын шақпа ауыз аппараты, яғни тұмсығы арқылы
өсімдік шырынымен қоректеніп, жылдам көбейеді, өсімдіктерге зиян келтіреді.
Биттер қанатты және қанатсыз болып келеді. Қанатты биттер жақын орналасқан
басқа өсімдіктерге ауысады. Бит биологиясының білудің ауыл шаруашылық
өсімдіктеріне зиян келтіруші биттермен күрес жүргізуде маңызы зор болмақ.
Қазақстан аумағында кездесетін қос қанаттыларды оқу кезінде өлкетану
материалдары кеңінен қолданылады. Жарғынаттылар өкілі балды аралар мен
құмырсқалар республикамыздың барлық аудандарында кездесетіндіктен, оларды
танып-білу оқушылар қызығушылығын арттырады.
Омыртқалаларды оқу, балықтар тобы (класын) талқылаудан басталады. ТМД
елдері орта белдеуі мектептерінде бірнеше рет ала бұғасымен танысады. Бұл
мысал арқылы балық организімінің морфологиясы анатомиясы және басқа
физиологиялық жүйелері, шартты рефлексі оқытылады.
Өзен алабұғасы Қазақстан Республикасында кездеспейтіндіктен,
оқушыларға балықтың бқл түрі таныс емес. Республика өзендері мен
көлдерінде, су қоймаларында әртүрлі балықтар кездеседі әсіресе сазан мен
туқыға бай. Бұл балықтарды еліміздің мектептеріндегі оқушылар жақсы
білетіндіктен, балықтар тобын оқуды сазаннан бастау қажет. Сонымен қатар
жергілікті мысалды қолдануда, қоршаған ортаға байланысты көрнекті құрал
ретінде әр түрлі балықтарды көрсетуге болады. Бұл балықтар көл, су
қоймалары, канал балықтары (сазан, туқы) жылдам ағысты тау өзендері
балықтары (мартнка) және су түбіндегі балықтар (түркістан лақасы және
т.б.).
Жергілікті кәсіпшілік түрлері мен танысуда теңіз, ағын су және тұщы
сулардағы балықтарға түсінік берілді. Балықтарды қорғау сұрағын талқылау
барысында Республикамызда құрылған тоған шаруашылығы мен Қиыр Шығыстың
бағалы балық түрлері бар су қоймалары жайлы айтылады. Бұл су қоймаларында
кәсіпшілік маңызы бар толстолобик, ақ амур жыланбас және т.б. түрлері
кездеседі.
Толстолбик және ақ амур тек қана тамақ ретінде қолдануға ғана
қолданылмайды, сонымен қатар олар жасанды су қоймаларындағы су
өсімдіктерінің жайлап кетуіне жол бермейді.
Гамбизия балығы, безгек аумағына қарсы күресте маңызды рөль атқарады.
Гамбузия безгек масасы личинкасымен қоректенетіндіктен, оны совет ғалымдары
ТМД елдерінде жойылған.
Қос мекенділер тобын оқуда, біздің елімізде көп кездесетін көл
құрбақасы мен бақа мысал ретінде ыңғайлы объект. Қазақстан Республикасын-да
қос мекенділердің осы түрлері ғана кездеседі.
Жылы, құрғақ климат бауырымен жорғалаушылар үшін ыңғайлы, сондықтан
Қазақстан далалары мен шөлейтті жерлері тау етектері ТМД елдері орта
белдеуіне қарағанда булар өте көп кездеседі. Ғылым және Білім беру
министрлігі ұсынған бағдарламасында, Қазақстан аумағында кездесетін
бауырмен жорғалаушылар берілмеген. Сондықтан бұл тақырыптағы ширақ
кесірткенің орнына дала ағамасын мысалғы алғын дұрыс. Сонымен қатар үлкен
кесіртке-варан, аяқсыз сарықарын сияқты қызықты түрлеріне де жалпы өту
қажет.
Улы жыландарды оқығанда эфа, дала сұр жыланын, улы емес жыландардан су
жыланын, қара шұбар жыланын мысалға алу ұсынылады. Оқушыларға Қазақстан
ғалым герпотологтарының улы жыландардан жүйелі түрде көбейту
мақсатындағы жұмыстары жайлы айтылады.
Құстардың сыртқы құрылысымен танысу кезінде Қазақстан елді-
мекендерінде кішкене кептер мысал ретінде алынады. Бұл құстар ақпан айының
соңы мен наурыз айының басынан бастап ұя салып, жұмыртқа басын шығарып
балапандарын қоректендіреді. Бұл құбылыстарды әр оқушының бақылауына
мүмкіндіктер бар. Кішкене кептер көп жағдайларда үлкен тұрғын үй
балкондарына ұя салады және арнайы жасалынған жәшікшелер олар үшін өте
ыңғайлы болмақ. Бұл құс отырықшы құстармен таныстыруда тамаша мысал және
балапан басып шығарушы бөдене, тау куры кеклик және фазан сияқты
құстармен салыстырып түсіндіріледі.
Бөдене және құр кәсіпшілік маңызы бар құстар және құстар оқушыларға
жақсы таныс.
Жыл құстарын өткен кезде, кесіреткеге қарсы күресте маңызы бар, ұзақ,
қарлығаш, үйрек т.б. құстарға түсінік беріледі.
Оқушыларға бау-бақшалармен мақталықтарға тигізетін пайдасы бар құстар
және оларды қорғау жайлы айту өте маңызды. Сонымен қатар осындай
маңызды проблеманы шешу үшін оқушылар не істеу қажет екендігіне де көңіл
бөлінеді.
Оқушыларға соңғы жылдары Үнді елінен келген майна-ұзақты мысалға
алуға болады және дибергенция құбылысы түсіндіріледі.
Үй құстарымен танысу барысында оларды ыстық климат жағдайында ұстау
ерекшелігі және еліміздегі құс шаруашылығы туралы айтылады. Сүтқоректілер
тобы өкілдерінің құрылымымен, физиологиялық функцияларымен танысу
барысында ТМД елдері орта белдеуінің жануарлар әлемі мүлде өзгеше
болғандықтан жергілікті мысалдарға көңіл бөлінеді.
Насекомқоректі жануарлар отрядының салпан құлақ түрі кірпі, европалық
түріне қарағанда кішкене болып келеді және ол құрғақ, ыстық
климатқа тез бейімделіп ауылшаруашылық эиянкестер личинкаларымен,
моллюскаларымен, ұсақ кеміргіштермен, кейде тіпті жыландармен
қоректенеді.
Қос қанаттылар отрядын оқуда жарғанат және жирен вечерница мысал
ретінде алынады. Жарғанаттар зиян насекомдарды көп мөлшерде жойып,
пайда келтіреді.
Кеміргіштер отряды шөл, шөлейт және оазистерге бейімделген әр түрлі
өкілдерге бай. Табиғат жағдайына байланысты мынадай әртүрлі кеміргіштер
болады: қосаяқ, құмтышқан, саршұнақ, жайра т.б. Бұл кеміргіштер
ауылшаруашылық өсімдіктері зиян келтіреді, кей түрлері (тышқан, саршұнақ,
атжалман) инфекциялық ауру таратады.
Қоян тәріздестер отрядының, біздің республикамызда кездесетін құм
қоян сәндік өсімдіктер плантациясына едәуір зиян келтіреді. Құм қоян ыстық
климатқа бейімделген, жүні сұрғылт, артқы аяқтары ұзын, сақ құлақ болып
келеді.
Жыртқыштар отрядының өкілдерінің қоршаған ортаға бейімделген
ерекшеліктері бар.
Мысық тұқымдасына тоқталу кезінде, биік тауларды мекендейтін күшті де
ширақ тау барысына, шөлейт жерлерде кездесетін, құм паранасына түсінік
берілді.
Жергілікті жануарлар әлемінің өкілдер төбет тұмсықтары шөл қасқыры,
шие бөрі және терісі орташа бағалы қағанқа түлкісі жайлы айтылады. Тау
етектерінде, арша, жеміс, жаңғақ ормандарында кездесетін ақтырнақты аю,
тұқымдасы Сібір аюына қарағанда кішкене болып келеді.
Жабайы аша тұяқтылар өкілі. Қызыл кітапқа енген джейран және әдемі де
шапшаң жабайы елік жайлы оқушыларға айтып өту маңызды. Сонымен бірге
бұранда мүйізді және орта азиялық арқарлар жайлы мәлімдеу оқушылар
қызығушылығын арттырады.
Жергілікті қаракөл, қазақы қойлары мен ірі қара мал тұқымына көңіл
бөлу қажет.
Тақ тұяқтылар отрядына жататын, үй жануарлары есек пен ат шөл
жерлерге, және оның аз мөлшері өсімдіктеріне байімделгендіктен еліміздің
шаруашылығында көп пайдаланылады.
Біздің Республикамызда, ұзақ уақыт бойы сусыз, қорексіз жүре алатын
түйелер, көлік-арба транспорты ретінде қолданылады. Оның арқасындағы
өркеші, шөлейт жердегі өмірге бейімделген, май қоры болып табылады.
Сүт қоректілер маңызы мен пайдалы жауарларды қорғау тақырыбын өту
кезінде, оқытушы Срдария өзені атырауларын мекендейтін андатра жайлы айтып
өтуі қажет. Қазіргі кезде андатра кәсіпшілігі елімізге көп мөлшерде бағалы
елтірі беруде.
Қазақстан елінде өсірушілік дамыған және өзінің қорықтары бар. Қара
бурыл түлкі мен қара күзен өсіретін аң өсіру шаруашылықтары құрылған.
Жер бетінде жануарлардың таралуы және жауарлар әлемін қорғау
тақырыбын өту барысында, оқушылар жер бетіндегі жануарларын көп алуан
түрлерімен, әсіресе ТМД елдері жануарлар әлімімен танысады. Алдын-ала
Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар жайлы жиналған мәліметтерді,
басқа аумақ жануарлар түрлерімен, өмір сүру ортасымен салыстырып
түсіндіруде қолданылады.
Зоология курсын оқу нәтижелі болу үшін әртүрлі көрнекті құралдар
қолдану қажет. Көрнекті құрал ретінде ұсақ түрі жануарлар, тұлыптар, сұйық
препараттар мен микропрепараттар, қабыршақтар коллекциясы сияқты табиғи
объектілерді және үлгі-мұляждар, қабырға суреттері, сызбалар мен таблицалар
сияқты жасанды түрлері қолданылады.
Табиғи объектілер жеткілікті мөлшерде болған жағдайда оқушының
өзіндік жұмысын орындауы үшін оларды тарату материалдары ретінде
қолданылады.
Қазақстан мектептерінде, Ғылым және Білім беру Министрлігі
ұсынғанөлке тану материалдары енген көрнекті құралдармен қатар жергілікті
өлке тану материалдары кеңінен қолданылады.
Ендігі ретте биология оқытушысына, өлке тану материалдары мен
көрнекті құралдары қолдану мүмкіндігін көрсететін, бағдарламадағы
тақырытардың әр сабақтарына әдістемелік өндірулер беріледі.

Зоология – жануарлар жайындағы ғылым, оның даму тарихы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды зоолоия ғылымының мазмұнымен таныстыру
және оның шығу мен даму адамның қажеттілігіне байланысты екендігін көрсету.
Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы негізгі ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды тауып көрсету.
Методтары: Баяндау, әңгіме.
Құрал-жабдықтар: Табиға құралдар. Тірі табиғат мүйісінен тірі
балықтар мен басқа жануарлар. Суретпен бейнелеген құралдар. Құрттар,
моллюскалар, насекомдар, балықтар, бауырмен жорғалағыштар, сүт қоректілерді
бейнелейтін таблицалар.
Сабақтың барысы: Зоология ғылымының анықтамасы. Мұғалім сабақты
оқушылардан: қандай биологиялық пәнді оқып бітірдіңдер? Ботаника ғылымы
нені зерттейді?-деп сыныпқп сұрақ қоюдан бастайды.
Мұғалім оқушылардан осы сабақтан бастап зоологияны оқып үйренетін-
дерің айтады. Мұғалім тақтаға зоология деген сөзді жазды да, оның қазақ
тіліндегі мәнін (жануарлар жайындағы ғылым) түсіндіреді.
Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
жайындағы әңгіме. Мұғалім оқушылардан жануарлардүниесінен өздеріне белгілі
өкілдердіатауды талап етеді. Әдетте оқушылардың көпшілігі сүт қоректілер
өкілдерін атайды.
Кезекшілер мұғалімнің сұрауы бойынша кутты, молюсканы, балыкты, кусты
жэне баска да жануарларды бейнелейтін таблицаларды іледі. Мұғалім тек
денесін түк басқан, төрт аяқты аңдар ғана емес, құрттар да, улу да,
насекомдар да, балықтар да, құстар да т.б. жануарлар деп аталатындығын
түсіндіреді.
Бұдан кейін мұғалым оқушыларға осы алуан түрлі организмдердің
арасында қандай ұқсастықтардың болатындағын және не себепті олардың барлығы
жануарларда жатқызатынын, жаңа ғана оқып өткен өсімдік организімдерінен
бұлардың қандай айырмасы бар екенін ойлауды ұсынады.
Қойылған сұраққа жауап беру үшін оқушылар ең алдымен өсімдіктер мен
жануарлардың тірі организімдерге жататындықтарын естеріне түсірулері керек.
Демек, өсімдіктер мен жануарлардың қандай белгілері жалпы ортақ екендігін
таба білу қажет.
Оқушылар өсімдіктиерге де, жануарларға да ортақ белгілерді атайды да,
олардың мұғалім тақтаға: қоректену, тыныс алу, өсу, көбею клетка құрылысы
деп жазады.
Одан кейін мұғалім оқушылардан өсімдіктер мен жануарлар арасындағы
айырмашылық белгілерді атауды, жасыл өсімдіктер немен және қалай
қоректенетініне, жануарлар немен және қалай қоректенетініне жауап берулерін
талап етеді.
Оқушылардың жауабынан қоректену процесіне айырма бар екендігі белгілі
болады: жасыл өсімдіктер органикалық емес заттармен қоректенеді, олардан
хлорофилдің жәрдемімен органикалық заттар түзеді. Жануарлар органикалық
емес заттардан органикалық заттар түзе алмайды, олар дайын органикалық
заттермен қоректенеді.
Мұғалім оқушылардан өсімдіктердің арасында дайын органикалық заттрмен
қоректенетіндері болатынын, болмайтындығын сұрайды.
Оқушылар саңырауқұлақтар мен бактериялар жайында естеріне түсіреде.
Сонда мұғалім жануарлар мен саңырауқұлақтардың қоректену процесіндегі
айырмашылықты анықтай түсу үшін оқушылардан: жасыл емес өсімдіктер мен
жануарлар организімдерінің қоректену процесіндегі айырмашылықтар неде?
Саңырауқұлақтар қалай қоректенеді? – деп сұрайды.
Қайтарылған сұрақтардан соң мұғалімдер жануаарлардың өсімдіктерден
айырмашылығы-олардың көп жағдайда қорегін қармап алып, жұтатындығын да және
астың қорытылуы жануар денесінің ішінде болатындығында екендігіне ерекше
көңіл аударады. Ас қорту былай болады: ас қорту сөлдерінің әсерінен еритін
қоректік заттар түзеді, ал қорытылмаған қалдықтар сыртқа шығарылып
тасталады.
Мұғалім оқушыларға: өсімдіктер мен жануарлардың арсында қандай елеулі
айырма бар? – деген сұраққа жауап беруді ұсынады.
Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы елеулі айырма әртүрлі тәсілмен
қоректенуінде, -деп оқушылар өздігінен қорытынды шығарады. Одан ары
өсімдіктер мен жануарлардың арасында басқа да айырмашылықтардың бар
екендігі, атап айтқанда: жауарлардың көпшілігін қозғалу органдары, нерв
системалары және сезім органдары болатыны белгілі болды.
Әңгіменің нәтижесінде мұғалім тақтаға, ал оқушылар дәптерлеріне
өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қоректенетін
таблица құрады.
Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастық және айырмашылық белгілері.
№ Өсімдіктер Жануарлар
Ұқсастықтары
1 Қоректенуі Қоректенуі
2 Тыныс алуы Тыныс алуы
3 Өсуі Өсуі
4 Көбеюі Көбеюі
5 Клеткалық құрылысы Клеткалық құрылысы
Айырмашылығы
1 Органикалық емес қоректенеді. Органикалық заттар мен
Хлорофилдің жәрдемі мен жарық бар өсімдіктерді немесе басқа
жерде сумен көмірқышқыл газдан жануарларды жеп қоректенеді.
органикалық зат түзе алады. Қозғалу органдары, нерв системасы
және сезім органдары болады.

Қорыта келгенде, оқушылар дәптеріне өсімдіктер мен жануарлар жөнінде
олар біртұтас органикалық дүниені құрайтын, өзара ұқсастықтары бар бір-
бірімен тығыз байланысты тірі организімдердің екі тобы екендігін қортынды-
лап жазады. Өсімдіктер мен жануарлардың арасында ұқсастықтар олардың екеуі
де өте ертеде жалпы ортақ бір ата-тектен тарағанын көрсетеді. Олардың
арасындағы айырма біртіндеп келіп шыққанда, қазіргі уақытта ол елеулі
дәрежеге жеткен.
Осы айырмашылықтарына негізделе отырып, тірі организімдердің
біреулері - өсімдіктерге, ал екінші біреулері – жануарларға жатады.
Оқушылардың оқып зерттемек болып отырған ғылымы жануарлардың
құрылысын, организімдерден өтетін процестерді, тіршілігін, даму процестерін
қарастырады.
Зоологияның шығуы мен дамуы жайында баяндау. Мұғалім зоология ғылымы
өте ертеде адамның қажеттігіне байланысты келіп шыққанын айтады.
Микроскопты ойлап шығарудың өте үлкен маңызы болғанына көңіл аударады.
Зоологияның дамуына діннің қандай кертартпа әсерінің болғанын атап
көрсетеді.
Оқушылар білімін пысықтау. Оқушыларға мынадай сұрақтарға жауап беру
ұсынылады: зерттейді? Органикалық дүниені қандай тірі организімдердің
топтарын құрайды? Қандай белгілеріне қарап бір тірі организімдерді
өсімдіктерге, екінші біреулерін жануарларға жатқызады? Өсімдіктер мен
жануарлардың арсындағы ұқсастықтар нені білдіреді? Зоология ғылымның шығуы
ненмен байланысты.
Үйге тапсырма беру. Оқушыларға үйге тапсырма беруден тұрын мұғалім
оқушыларды зоология оқумен таныстырады, оқулықтың мұқабасын формасын қарап,
авторларын естеріне сақтап, мазмұнын оқып шығуды тапсырады.
Мұғалім үйге берген тапсырманы орындағанда тиісті парагрфтарды оқумен
қатар, суреттерін де қарап көру және парагрфтың соңындағы сұрақтарға жауап
бере білу қажет екенін айтады.
Жануарлар классификациясы.
Сабақтың мақсаты: Түр, туыс, тұқымдас, отряд, класс, тип туралы
ұғымдар жайында, жануарлардың табиғи системасы жөнінде алғашқы түсінік
беру.
Методтары: Табиғи құралдар. Көбелектердің және үлкен перломутровка
жұлдызқұрттардың колекциясы. Суретпен бейнеленген құралдар. Бұрын аттары
аталған көбелектердің суреті салынған атластар немесе таблицалар.
Сабақтың барысы: Қайталау және оқушылдар білімін тексеру. Мұғалімнің
тақтаға шығарған оқушыларының біреуі өсімдіктер мен жануарлар белгілерінің
ұқсастықтарын, екіншісі-олардың белгілеріндегі айырмашылқты жазады.
Оқушылар білімі бірінші сабақтың соңында берілген сұрақтар бойынша
тексеріледі.
Жаңа материалдарды оқыту. Мұғалім оқушыларға өткен сабақта олар
зоологияның даму тарихымен танысқандардың естеріне түсіреді. Ол ғалымдардың
жылма –жыл жануарлардың көптеген түрлерін тауып, анықтайтындығына ерекше
көңіл аударады. Мұншама көп өсімдіктер мен жануарларды қалай тәртіпке
салып, оларды бір жүйеге, системаға, қалай келтіру керек. Мұғалім
өсімдіктердің қандай топтарға бөлінетін оқушылардан сұрайды. Оқушылардың
жауаптарынан кейін мұғалім енді олардың жануарлар дүниесі системасымен
танысатынын баяндайды.
Мұғалім сыныпқа мынадай сұрақ қояды: бұл көбелектер қайда кездеседі,
олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Көбелектердің жұмыртқа салатынын,
кейін олардан личинка жұлдызқұрттардың шығатынын ескертуге болады.
Оқушылардың столдарына какаймен көбелек траурницаның жұлдыз
құрттарының коллекциясын таратып береді, осы көбелектер мен олардың
личинкалары бейнеленген таблицаларды іліп қояды. Мұғалім бұл түрлеріндің
ұқсақтықтарын белгілеуге ұсынады. Осыдан кейін калакай көбелектің салған
жұмыртқасынан тек қана калакай көбелек дамып жетілетіні, ал траурницаның
салған жұмыртқаларынан тек траурница дамып жетілетініне көңіл аударады. Бұл
екі көбелекті шағылыстырудан будан пайда болмайды.
Жаңа материалды оқушылар жақсы түсіну үшін мұғалім жануарлар
түрлеріне қосымша мысалдар келтіреді. Үй тышқанының түрі жайында баяндап
беруге болады. Барлық үй тышқандар бір-біріне ұқсас келеді, үй тышқанының
балаларынан, дала тышқаны немесе басқа тышқандар емес, сөзсіз үй тышқандары
шығады. Алайда үй тышқанынан басқа егістікті, орманды мекендейтін және
өздеріне тән ерекшеліктері бар тышқанның толып жатқан басқа түрлері
белгілі.
Мұғалім түрдің анықтамасын береді, ал оқушылар оны дәптерлеріне
жазады. Мұғалім тақтаға қарастырып өткен көбелек түрлерінің схемасын
сызады. Сонан соңмұғалім бұл көбелек түрлерінің арасындағы өз ара айырма-
шылықты түсіне, мінез-қылығына, қоректенуіне, жұлдызқұрттарының сыртқы
құрылысына қарап оңай табуға болатындығына көңіл аударды.
Оқушылар көбелектермен жұлдызқұрттарды қарап көріп, оларды
салыстырады, олардың белгілеріндегі жалпы ұқсастықтарды және айырмашы-
лықтарды табады. Мұғалім оқушылардың назарын айқындалған ұқсастық
белгілердің қарастырып отырған түрлер арасындағы туыстық байланысты
көрсететіндігіне аударады. Ұқсас түрлер будан гөрі ірірек жануарлар
топтарына-туыстарға біріктіріледі. Калакай көбелек траурница күндізгі емен
көбелек-булардың бәрі ванесса туысының түрлері. Бір туысқа жататын
жануарлардың арасында әрдайым туыстық байланыс болады. Мұғалім таблицадан
немесе коллекциядан үлкен перламутровка көбелегін көрсетіп,
оқушыларғаванесса туысына жататын көбелектің белгілеріндегі айырмашы-лықты
табуды ұсынады. Бұл туыстардың арасындағы ұқсастықтар, бір туыстың ішіндегі
түрлердің арасындағы ұқсастыққа қарағанда кем болады.
Классификациямен таныстыру барысында мұғалім ұқсас туыстардың бір
тұқымдасқа біріктірілетінін айтамыз. Мысалы аңдардың ішінде-ит, түлкі,
поляр түлкісі, қорқауқасқыр деген туыстары белгілі. Ежелгілерінің жалпы
ұқсастығына қарай оларды ит тұқымдасына біріктірді.
Туысқан ұқсас тұқымдастар өзінше отрядқа біріктірілді. Мысалы ит
тұқымдасы, мысық тұқымдасы, аю тұқымдастары жыртқыштар отрядына кіреді.
Ұқсас отрядтар одан да ірірек топқа-класқа біріктіріледі. Мысалы,
жартқыштар отряды, маймылдар отряды, кит тәрізділер отряды сүтқоректілер
немесе аңдар класына жатады. Туыстық (ұқсас) кластар ірі топ-типтерге
біріктіріледі. Классификацияны оқып түсіндіру барысында мұғалім тақтаға
мынадай схема сызады

Калакай көбелек Күндізгі емен көбелек
Траурница
Түрлер

Туыстар

Тұқымдастар

Отрядтар

Кластар

Типтер
Мұғалім түрден типке қарай көтерілген сайын система топтарының арасындағы
ұқсастықтар мен туыстық белгілер біртіндеп азая беретініне, ал
айырмашылықтар арта беретініне ерекше назар аударды. Сонымен қатар
жануарларды типтен бастап түрге дейін қарастырғанда ұқсас белгілері
біртіндеп көбейеді де айырмашылықтары азаятыны болады.
Мұғалім оқулықтың форзацындағы суреттерді пайдалана отырып,
классификация дегенінің не екенін, сондай-ақ осы күнгі система жануарлардың
ғылыми классификациясы болып табылатынын және жануарлар дүниесінің
қарапайым формасынан күрделі формасына қарай тарихи дамуын көзге
елестететінін түсіндіреді.
Мұғалім жануарлардың әр тобының латын тілінде ғылыми аты болаты-нын
баяндайды. Ғылымда латын тілі классияикациялық бірліктерді анықтау үшін
халықаралық тіл ретінде қабылдаған. әрбір түрдің аты екі сөзден тұрады.
Мысалы:
Түрі – Ванесса калакай
көбклкгі
Ванесса туысы Түрі- Ванесса күдізгі емен көбелек
Түрі – ванесса траурница
Қосарынан атау ыңғайлы, өйткені бірден әрбір жануарлардың қай туысқа, қай
түрге жататынын көрсетеді. Оқушылар жануарлар классификациясын оқып үйрену
процесінде, өсімдіктер дүниесі сияқты, жануарлар дүниесінің де соншалықты
орасан көп түрлі екенін байқайды. Әр түрлі жануарлар алуан түрлі тіршілік
жағдайында мекендеуге бейімделген. Мұғалім жануарлардың өздері тіршілік
ететін орта жағдайына бейімделетіндіктері соншалықты, тіпті олардың басқа
ортаға кез болатында жойылып кететініне, мәселен, балық ауада өліп қалса,
құрлықта кез келген жануары суда өліп қалатынына ақ аюлар мен пингвиндер
полярдын мәңгі мұзында тамаша тіршілік ететін болса, арыстандар мен
маймылдар тек климаты ыстық жерде мекендейтініне тоқталып өтеді.
Мұғалім сыныпқа: біз көтеріп отырған жануарлар дүниесі әрдайым
осындай болған ба?-деп сұрақ береді. Оқушылардың жауабынан кейін мұғалім
қазба жануарлар жайында баяндайды, және Жер бетінде жануарлар дүниесі
өзгеріп – дамып отыратынын баса айтады. Ғылым жануарлар дүниесінің
өзгермейтіндігі туралы діни тұжырымдардың жалғандығын мәлімдейді.
Оқушылар білімін пысықтау. Мұғалім оқушылардан жануарлар
классификациясының қандай маңызы бар екенін, сондай-ақ жануарлардың осы
күнгі системасы нені бейнелейтінін сұрайды.
Дара клеткалы (торшалы) жануарлар.
Қарапайымдылар түрі.
Жануарлар әлемін оқу, қарапайымдылар түрімен танысудан басталады.
Жануарлардың бұл тобы шығу тегі жағынан ежелгі және морфологиялық,
анатомиялық құрлымы жағынан өте қарапайым. Жануарлардың бұл түрлері, барлық
организмнің қызметін орындайтын бір ғанаклеткадан тұрады. Ботаника курсы
бойынша оқушыларға осы тәріздес бактериялар, балдырлар және бір
клеткалысаңырауқұлақтар белгілі. Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің
биологиялық жағынан ұқсас болуы, органикалық дүниенің шығу тегінің бір
екендігін көрсетеді. Сондықтан бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктерді өмір
сүру ерекшеліктері мен құрылымдарын салыстырып түсіндіру қажет. Мұндай
талдау ботаника ережелерін зоология материалдары мен қайта талқылап, оқу
арқылы жасалады.
Зоологиялық материалдарды өту кезінде бір клеткалы жануарларға ғана
тән ерекшеліктерге (дайын органикалық заттармен қоректеу қозғалу, құрылым
күрделілігі) баса мән беру керек. Өйткені оқушылар бір клеткалы жануарлар
мен өсімдіктерді бір –бірімен шатастыруы мүмкін. сонымен қатар қарапайым
жануарлар, қарапайым өсімдіктер тәрізді планетамыздың алғашқы
организімдерінің бірі: Бұл тақырыпты оқыған кезде жануарлар әлемінің,
сонымен бірге бүкіл органикалық әлемнің тарихи дамуына түсініктеме берілді.
Қарапайымдар тобына әр жерде жағдайларда кездесетін түрлерге бай.
Бұлардың кейбіреулері адам жоғарғы топ жануарлар организімінде кездесетін-
діктен оқушыларға жалпы және жеке гигиенаның алатын орнына тоқталып өту
қажет.
Безгек паразиті секілді қарапайымдаларға түсінік беру барысында
республикамыздағы безгекке қарсы күресу жұмыстары жайлы айтылады.
Нозема споровигімен жүйелі түрде жұмыс жүргізетін отандық жібек
шаруашылығымен айналысатын мамандар ғана таныс. Ал Ауғаныстан, Турция,
Пакистан т.б. шығыс елдерінде бұл жібек құрты жібек шаруашылығына едаәуір
шығын келтіреді. Бұл тақырыпты талдауға 5 сағат бөлінген. І және 5 сабақ
тақырыптарына методикалық өндірулер ұсынылады.

Қарапайымдалардың паразиттік түрлері.
Мақсаты: Безгек паразитті мен нозема биологиясымен танысу. Еліміздегі
безгек және пебринамен зақымдану ошақтарын жою мақсатындағы жұмыстары жайлы
айту.
Жоспар: 1. Оқушыларға таныс, инфекциялық ауру қоздырғыштары бір клеткалы
организімді қайталау.
2. Микропрепараттармен өз бетінше жұмыс істеу-безгек паразиттік қарау.
1. Оқушылармен безгекпен курс жүргізу туралы әңгімелесу
2. Оқушыларға пебрина қоздырғышына нозема жайлы және оның алдын-алу
туралы әңгімелесу.
3. Жаңа материалды қорытындылау
4. Үй тапсырмасын түсіндіру.
Жабдықтар: 1. Амеба мен нифузория туфелканың суреті (№1,2 таб)
2. Безгек паразитінің жыныссыз көбею циклі мен жалпы көрінісі
(№5 таб)
3. Ноземаның жалпы көрінісі (№4 таб)
4. Тарату материалы-безгек масасының ылғалды препараты.
5. Тірі гамбузия мен карп малкасы бар аквариум.
6. Күкірт салынған пакет.
7. Ахрикин таблеткасы.
8. Безгек паразиті, нозема микропрепараттары.
Сабақтың барысы: мына сұрақтарға жауап беру: қандай түкті өсімдікті
организмдер адамдар мен жануарлар организіміне еніп инфекциялық ауру
тудырады (ауру тудырғаыш бактериялар бейнеленген таблица көрсетілді).
Қандай қарапайымды жануарлар адамдарда ауру туғызады және бұл аурулардың
қалайалдын алуға болады? (Дизентериялық амеба бейнеленген сызба
көрсетілді). Безгек ауруы неден пайда болады және бұл аурудың алғашқы
белгілері. Безгек ауруын қандай дәрілердің көмегімен емдейді.
Оқытушы оқушылар жауаптарын қорытындылап, микроскоп арқылы безгек
паразитін көруді ұсынады. Оқущылар безгек паразиті құрылысын белгілі
қарапайымдылар құрылысымен салыстырады. (№5 сызба көрсетіледі). Осындай
сұрақ қойылады. Безгек паразиті адам организіміне қалай енеді? Жауап: Маса
шағуы арқылы.
Оқытушы мұндай масаның сау адамды қалай шағатындығы жайлы айту арқылы
жауап беруші оқушының ой-өрісін арттырады (қарапайымжәне базгек масасы
бейнелеп сызба көрсетіліп, құрсақ орналасуына жете көңіл бөлінеді).
Әр үстелге безгек масасының ылғалды препараты таратылып, оның суретін
салып алу тапсырылды. Таратылу материалдарымен жұмыс істеп болғаннан соң,
оқытушы келесі ТМД елдеріндегі безгек ауруымен күрес тақырыбын
түсіндіруге көшеді.
Оқушылардың бұл тақырып жайлы не білетіндігін анықтау мақсатында,
сұрақ қойылады. Ұлы Қазан ревалюциясына дейін және қазіргі уақытта безгекке
қарсы күрес қалай жүргізілуде?.
2-3 оқушылар жауап бергеннен соң, оқытушы базгек ауруының ревалюцияға
дейінгі уақытта Орта Азия елдеріндегі таралуы және діннің бұл ауру таралуын
қалай түсіндіргендігі жайлы әңгімелейді. Бұрынғы уақытты қазіргі уақытпен
салыстыра келе, үкіметтің денсаулық сақтау жолындағы үлкен жұмысына,
безгекке қарсы құрылымдар жүйесіне дәрігер-мамандар даярлайтын жоғарғы
жәнеорта медициналық оқу орындарының құрылуына жете көңіл бөлінеді.
Безгекке қарсы күрес екі бағытта жүргізілді. а(безгек масасын жою. Батпақты
ойпақ қоныстандыру); б(ауруды дәрі-дәрмектермен емдеу арқылы базгек
паразитін жою. Безгек ауруымен ауру оқиғалары саны күрт кемігенін
дәлелдейтін статистикалық мәліметтерді көрсету ұснылады. Әңгімелеп
болғаннан соң материалы мына сұрақтарды қою арқылы қорытындылады: Безгек
паразитінің және амебаның (немесе туфельканың) көбейюінің айырмашылығы
неде?. Қандай шаралар қолдану арқылы безгек ауруы жойылда?. Осы сұрақтарға
жауап бергеннен соң оқушылар нозема споровигінен танысады. Нозема
бейнелеген сызба көрсетіліп, оқушыларға нозема мен безгек паразитін
салыстыру ұсынылды.
Оқытушы петрина Кеңес үкіметі жалдары және оған дейін болғандығы
жайлы әңгімелейді. Гренат зауыттарының салынуы, таза жібек ұқртының ұрығы
алынуына байланысты, бұл ауру толық жойылды.
Мына сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ қорытындыларды: Қандай
қарапайым жануарларды паразиттер деп, қайсыларын паразит қожайындары деп
атайды. Религия инфекциялық ауру таралуын қалай түсіндірді және бұл ауру
таралуының шын мәніндегі себептері неде?. Біздің республикамызда
қарапайымдалармен қандай күрес жүргізілді және жүргізілуде. (Ұсынылған
сұрақтардан оқытушы еркіне қарай 1-2 таңдап алыңдар)
Үй тапсырмасын орындау барысы түсіндіріледі.

Жалпақ құрттар типі.
Тақырыптың білімдік маңызы: Жалпақ құрттар типіне мыналар жатады. Түкті
құрттар ақ планариді мысалға алуарқылы танысамыз. Сорғыштар класы (бауыр
сорғыш) жалпылама оқытылады. Лента құрттар класы (сиыр цепені) жабысқақ.
Құрттар ішек қуыстарға қарағанда морфологиялық және анатомиялық құрылымы
күрделі екі жақты симметрялы, дамыған бұлшық ет анық көрінетін органдар
жүйесі және жыныстық көбею бұл типке тән құбылыс. Бұл ерекшеліктер жалпақ
құрттардың органикалық дүниенің эволюциялық даму сатысындағыорнын
анықтайды. Көптеген жалпақ құрттар паразиттік түрде адам, жануарлар
организімінде өмір сүреді. Олардың регенерацияда көрінетіндей, қоршаған
ортаға бейімделуі қызық-ақ. Бұл тақырыпты өту барысындакүрделі биологиялық
түсініктерқалыптасып, қоғамдық және жеке гигиенаны сақтау қамтылады. Біздің
еліміздегіденсаулық сақтау және медицина дамуы жайлы мәліметтерді қолдануға
болады.
Бұл тақырыпты оқуға 4 сағат берілді.

Түкті құрттар.
Мақсаты: Жалпақ құрттарға жалпылама сипаттама беріп, бұл типтің басым
көпшілігі паразитті түрде өмір сүретіндігіне, құрылысы күрделігіне аса мән
беру. Ақ планариді мысалға алу арқылы, оларды ішек қуыстылармен салысстыра
отырып морфологиялық, анатомиялық құрылымы күрделілігін көрсету.
Жоспары: 1. Ішек қуыстылармен салыстыру арқылы қысқаша сипаттамаберу.
2. Планаридін сыртқы сипатымен танысу. Лупамен және дәптермен өз бетінше
жұмыс істеу.
3. Планаридін сыртқы және ішкі құрылысы.
4. Тақырыпты қорытындылау. Планари құрылысын суретін дәптерге салу.
5. Үй тапсырмасын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: 1. Планари, бауыр сорғышы, бұқа жабысқағы, қос жынысты
өсімдік гүлі бейнеленген қабырға сызбалары.
2. Планари бейнеленген диапозитивтер.
3. Диапроектор.
4. Фиксаждалған немесе тірі планарилер.
5. Мектеп лупалары.
6. Препаровалданған инелер.
Сабақтың барысы: оқушы жаңа тақырыппен таныстырып, сызбаларды қолдану
арқылы жалпақ құрттарды ішек қуыстарымен салыстыра отырып, олардың
құрылысын күрделілігіне жете көңіл бөледі.
Салыстыру үшін мына сұрақтарға жауап береді: Ішек қуыстылығы сипаты
қандай?. ішек қуыстылар типінің көп түрлі болуы неліктен?. Ішек
қуыстыларының табиғатта, дам өміріндегі маңызы қандай?. (Ішек қуыстылар
бейнеленген сызбаларды көрсету). Оқушылар жауап бергеннен соң оқытушы
жалпақ құрттар паразиттік түрде өмір сүретіндігіне жәнежануарлар мен
адамдарда ауру туғызатындығына жете мән бере отырып түсіндіреді. Бұл
сұрақты талқылау барысында сорғыштар класына да тоқталып өткен дұрыс (бұл
класпен танысуға арнайы сағат бөлінбеген дегенмен оқушылар бұл жануарлар
туралы жалпылама мағлұмат алуы тиімді.
Жалпылама сипаттама беріп болғаннан кейін, оқытушы планаридін
фиксаждалған препаратын лупа арқылы, оның дене тұрқына көңіл бөліп су
жыланмен салыстыра отырып қарауды ұсынады. Оның ерекшеліктерін, түктерін,
көзі арқылы бас жағын табуды тапсырады. Тірі планаримен жұмыс істегенде,
мұқият препаровалды инемен жануарды түртіп, оның қарсы реакиясына көңіл
бөлінеді (дененің жиырылуы нерв жүйесі мен бұлшық етінің жақсы дамығандығын
көрсетеді).
Оқушылар өз беттерінше жұмыс істеп болғаннан соң мына сұрақтарға
жауап береді. Планаридін су жыланмен салыстырғанда дене тұрқы қандай?
Планаридін сыртқы құрылысы қандай (Сызбаларды көрсету). Тірі планаридін
реакциясы нені көрсетеді?.
Соңғы сұрақ тірі планаримен жұмыс істегенде қойылады, ал мұндай жұмыс
істеу мүмкіндігі болмаған жағдайда оқытушыоларды түрткен кездегі реакциясын
толықтырып, жалпылама түсіндіріледі. Ішек қуыстылардың радиалды симметриялы
болып келетіндігінен өзгеше бұл типтерге екі жақты симметриялы, шеңбер
тәрізді бойлық бұлшық етті және бұлшық ет талшықты болуы қасиеттері арқылы
қозғалады.
Су жыланның бұлшық ет жүйесі планаридін бұлшық ет жүйесімен
салыстырылып түсіндіріледі.
Ары қарай организімнің ішкі құрылысы және көбею процесі жайлы
айтылады. Органдар жүйесі бейнеленген қабырға сызбалары қолдану арқылы әр
органдар жүйесі ішек қуыстылармен салыстырылып, ұқсастықтары мен күр-
делілігіне жете көңіл бөлінеді. Көбею процесін түсіндіру кезінде
гермафродитизм деп аталатын жаңа биологиялық терминге түсініктеме беріледі.
сонымен қатар, тағы қандай организмдерде қос жаныстылық құбылысы
байқалғандығы еске түсіріледі (гүл бейнеленген сызба қолданы-лады). Жаңа
оқу материалы түсіндіріліп болғаннан соң оқушылар дәптерлеріне органдар
жүйесі суретін салады. Сурет салу үшін тақтаға Ақ планаридін ішкі
құрылысы деп аталатын сызба ілінеді, оқушылар өз еріктерімен ас қорту
жүйесі туралы айтады. Осыдан соң сызба суретін теріс қаратып, оқушылар
естерінде сақтауы бойынша сурет салады. Бұл жұмысты орындауға уақыт
жетпеген жағдайда, жұмысты уақытша тоқталып келесі сабақта осы оқу
материалы бойынша алған білімін тексеру кезінде немесе үйде орындауға
болады.

Ленталы құрттар.
Мақсаты: Ленталық құрттар паразитті түрде өмір сүруі мен құрылысымен, Бұқа
жабысқағын мысалға ала отырып таныстыру.
Жоспар: 1. Бұқа жабысқағы құрылысын планаридін құрылысымен салыстырып
таныстыру.
2. Жалпақ паразит құрттардың қоректену ерекшеліктері.
3. Бұқа Жабысқағының дамуы және көбеюі.
4. Оқу материалын қорыту. Бұқа жабысқағы кинофильмін көріп, оны талқылау.
5. Кішкентей жабысқаты лупа арқылы қарау.
6. Үй тапсырмасын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: 1. Қабырға сызбалары: ақ планари бұқа жабысқағы, бауыр
сорғышы.
2. Бұқа жабысқағының ылғалды препараты.
3. Кішкентай жабысқатың фиксаждалған препараты.
4. Мектеп лупалары.
Сабақтың барысы: Сабақтың бастапқы кезеңінде өтілген сабақтар жайлы
айтылады. Мұндай еске түсіру кзінде оқытылып жатқан жануарларға тән
эвалюциялық белгілерді айқындау мақсатында салыстырулар жүргізіледі.
Оқушыларға сұрақ қойылады. Ақ планари қай жерлерде кездеседі және оның өмір
сүруі.
Жауап тыңдалғаннан кейін, оқытушы бұқа жабысқағы бейнеленген сызбасын
және оның ылғалды препаратын көрсету арқылы оның өмір сүру ерекшеліктерімен
таныстырады. Таныстыру барысында бұқа жабысқағының неге бұлай аталатындығы
айтылып, планаридін сыртқы құрылыстарынан оның айырмашылықтары көрсетіледі.
Ылғалды препарпт жеткіліксіз болған жағдайда, оқытушы өзі ол препаратты әр
партаға қойып, (өйткені препарат құртылуы мүмкін), оның басының кішкене
болатындығына және соңғы, ортаңғы мөлшеріне көңіл бөлінеді. Препаратты
бақылау барысында бас құрылысына, жабысқақтың жалпы мөлшеріне, бунақты
мөлшері, дене тұрқына түсініктеме беріледі. Асқорту механизіміне
тоқталғанда олардан асқорту органдары болмайтындығы және олар дайын асты
бұкіл денесімен соратындығы жайлы айтылады. Планаридін асқорту жүйесі мен
және оның қызметі еске түсіріледі. Бұқа жабысқағында неге асқорту жүйесі
болмайды?
Бұқа жабысқағының дамуы сызбасын көрсету арқылы оқытушы жалпақ
құрттардың дамуы мен көбеюі жайлы әңгімелейді. Бұл құрттардың жануарлар
организіміне ену жолдары (ірі қара малдарға), личинкалардың пайда болуы
және олардың таспа құрт личинкасына айналуы (финна), булардың жануар бұлшық
еттерінде орнығып, финозды ет арқылы адам организіміне енуі туралы
айтылады. Осыдан кейін ақ планаридің көбеюі еске түсіріліп, бұқа
жабысқағының көбеюімен салыстырылады. Оқушылардың жауабынан кейін, оқытушы,
басқа да жалпақ құрттарғы тоқталып ит, мысық сияқты үй жануарларында
кездесетін кішкене жабысқақты лупа арқылы қарауды ұсынады. Сонан соң
жануармен қатынас жасау кезіндегі қоғамдық және жеке гигиенаны сақтау
маңыздылығына жете мән беріледі.
мына сұраққа жауап беру ұсынылады: Өз организіміңді, әртүрлі паразит-
құрттарды жұғынуынан қалай сақтауға болады.
Оқу материалын қорытындылау барысында, халық денсаулығын мақсатындағы
үкімет қамқорлығына аса мән беріледі (жануарлар тек мемлекеттік
қасапханаларда сойылады, ет комбинаттарымен сауда жүйесіндегі санитарлық
қызмет және т.б.). Бұл түсіндіру кезінде Қазақстан Республикасы Конституция
материалдары қолданады.

Дөңелек құрттар типі.
Тақырыптың білімдік және тәрбиелік маңызы: Бұл тақырыпты оқуға,
алдыңғы тақырыптағыдай 2 –сағат бөлінеді. Бірінші сабақта аскарида, оның
өмір сүруі, құрылысы, көбеюі жайлы айтылады. Екінші сабақта оқушылар
дөңгелек құрттардың әртүрімен танысады. Бағдарлама ұсынған бұл тип
өкілдерімен басқа, риштагаға тоқталып өткен жөн. Өйткені бұл құрт
ревалютцияға дейінгі кезеңде Түркістан өңірі тұрғындарында ауру тудырып,
тек Кеңес үкіметі кезінде дәрігерлердің жүйелі жүмыстары арқасында ғана
толық жойылды. Бұл тип өкілдерінің басым көпшілігі өсімдік, жануарлар және
адам паразиттері болып табылатындықтан бұл тақырыптың тәрбиелік мәні зор.
Тақырыпты меңгеру барысында дөңгелек құрттардың сыртқы құрылысымен,
паразиттік түрде өмір сүретіндігімен оқушылардың танысуы, олардың жеке және
қоғамдық гигиенаны сақтауын қалыптастырады. Бұл оқу материалы өтілген
тақырыптармен тығыз байланысты болғандықтан, типтер ұқсастықтары мен
ерекшеліктерін салыстыра отырып түсіндіру қажет.

Адам аскаридасы.
Мақсаты: Дөңгелек құрттар типіне адам аскаридасын мысалға ала отырып
қысқаша сипаттама беру. Бұл тип өкілдерінің ортақ белгілеріне мән беріп,
организімнің қызмет атқаруын, құрылысын, көбеюін және паразитті түрде өмір
сүруін түсіндіру.
Жоспар: 1. Жалпақ паразит құрттармен салыстыру арқылы бұл типке қысқаша
сипаттама беру.
2. Аскарида кинофильмін көріп болғаннан соң, бұлармен өтілген құрттар
арасындағы ұқсастықтары мен рекшеліктерін салыстыру.
3. Ылғалды преприпараттармен өз бетінше жұмыс істеу.
Құрал-жабдықтар: 1. Жалпық және дөңгелек құрттар бейнеленген сызбалар.
2. Аскариданың ылғалды препараттары.
Сабақтың барысы: Оқытушы сызбалар мен сұйық ылғалды препараттарды қолданып
типке қысқаша түсініктеме береді. Жалпақ құрттар типін еске түсіріп, оған
сипаттама беруге болады. Осыдан кейін фильм көрсетіліп, мына сұрақтар
талқыланады. Аскариданың сыртқы құрылысы, ерекшеліктері қандай? Сыртқы
белгілері бойынша ұрғашысы мен еркегі қалай ажыраты-лады? Ауыз қуысы
құрылысының ерекшеліктері қандай? Аскариданың қоректенуінің жабысқақ
қоректенуінің айырмашылығы неде? Аскариданың даму және көбею жолдарының,
жабысқақ дамуы мен көбеюінен айырмашылығы? Аскариданың адам организіміне
тигізетін зияны қандай және оның қалай алдын алуға болады? Бұл сұрақтарға
жауап берілгеннен соң ылғалды препараттар таратылады, оқушылар өз
беттерінше жұмыс істейді. Препараттар жеткіліксіз мөлшерде болған жағдайда
оқытушы сыныпты аралап, көрсетеді. Ылғалды препаратты қрау оқушылардың осы
тақырып бойынша алғын білімдерін жетілдіреді, қорытындылайды. Уақыт
жеткілікті болған жағдайда, оқушылар дәптерлеріне тип суретін салады.

Паразит құрттар түрлері.
Мақсаты: Паразит құрттар түрлері мен олардың адамдарға, жануарларға және
өсімдіктерге тигізетін зияны туралы айтылады. Паразит құрттармен
жүргізудегі еліміздің гелментологиясы жетістіктерінің және ауру жұқтырудың
алдын алу шараларына тоқталып өткен дұрыс. Түсіндіру барысында Қазақстан
Республикасы үкіметінің денсаулық сақту қамқорлығына мән беріледі.
Жоспар: 1. Паразит құрттар түрлері. Фильм фрагметтері мен диапозититер
көрсету арқылы паразит құрттар түрлері жайлы әңгімелеу.
2. Паразит құрттарды жұқтырудың алдын алу іс-шаралары және оның маңызы.
3. Қазақстан РЕспубликасы денсаулық сақтау саласы дамуының көріністері
ретінде қазақ гелментологиясы.
Құрал-жабдықтар: 1. Паразит құрттар салынған қабырға сызбалар.
2. Аскарида және шошқа жабысқағы кинофильмдері.
3. мектептің биология кабинетіндегі сұйық аскарида, жабысқақ эхинококк,
финозды ет және т.б. сұйық ылғалды препараттар.
Сабақтың барысы: Өтілген өту материалдарындағы паразит құрттардың құрылысы,
өмір сүруі, адам жануар организіміне енуі және олар тудыратын аурудың алдын
алу іс-шаралары еске түсіріледі. Сыныпқа қойылатын сұрақтар: 1. Жалпақ
паразит құрттарды атаңыздар және олардың адам организіміне ену жолдары.
2. Жабысқақ қалай көбейеді және дамиды.
Жауап тыңдалғаннан соң, оқытушы оқушыларға бейтаныс шашқа жабысқағы жалпақ
лентец, эхинококк сияқты ленталық құрттар, олардың адам организіміне енуі
және ауру тудыратындығы жайлы, кинофрагменттермен диапозитивтерді, ылғалды
препараттарды қолдана отырып әңгімелйді.
Осыдан кейін оқушыларға дөңгелек паразит құрттарды атау тапсырылады.
Оқушылар жауабынан соң, сызбалар ілінеді. Көрсетуден соң балалар острицасы
ришта т.б. гелменталар жайлы айта келе, олардың өмір сүруінің басты
құралына (ілмек, сорғыш), тез көбеюіне жете көңіл бөлінеді. Жоспардың
келесі тармағы, парзит құрттардың адам организіміне енудің алдын алу іс-
шаралары айтылады. Оқытушы өндірістегі, тұрмыстағы профилактика, отандық
гелментолог ғалымдардың жетістіктері паразит құрттар тудырған ауру
түрлерінің жойылуы туралы айту арқылы оқушалрдың жауабын толықтырады.
Сызбалар сұйық препараттар академик К.И. Скрябиннің пртреті көрсетілген.
Әңгімелесу барысында оқытушы ғана емес оқушыларды да әңгімеге тарту
ұсынылады.
Үй тапсырмасын түсіндіру кезінде, дөңгелек құрттар жайлы барлық
материалдар қайталанады.

Шығыршық құрттар типі.
Тақырыптың білімдік және тәрбиелік маңызы: Шығыршық құрттардың жалпақ және
дөңгелек құрттардан айырмашылығы, адам жануар және өсімдік паразиттері
болып саналмайды. Құрғақта (жауын құрты) және суда (нереиді) организімнің
нақты қатынас жасамай-ақ өз бетінше өмір сүреді. Оларда күрделі де сан
түрлі ортада өмір сүруіне байланысты ішкі және сыртқы бейімділіктер
қалыптасқан. Бұл жануарлардың айқын көрінетін органдар жүйесі және осы
органдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Биология пәнінен сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды өткізу әдістемелері
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі
Биологиядан сабақтан тыс жұмыстар
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар
Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар
Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі
Оқушылар білімін тексеру
Пәндер