Дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ХХ ғ. басындағы қазақстандағы мәдени-әлеуметтік жағдайы
1. 1 Мәдени өмірдің дамуы . . . 5
1. 2 Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы, жазушылардың
Шығармашылығы . . . 8
2. Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы
2. 1 Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы . . . 10
2. 3 Қазақ киносы мен музыка өнері . . . 12
2. 3 Театр өнері . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
Пайдаланған әдебиеттер . . . 26
КІРІСПЕ
Қазақстанның көркем мәдениеті Кеңес өкіметі жылдарында әлденеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан өткізді. Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халықының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңа пайда болу шағында немесе мүлде жоқ еді. Көркем интеллегенцияның шығармашылық туындылары қазақ қоғамының таптық және идеялық-саяси жіктелуін айқын бейнелейді, таптық принциптерді жалпы адамзаттық қазыналардан бағалы санады. Қазақстанның Орталық Азия аймағы елдерімен, Қытаймен байланысы ұзақ уақытқа тыйылды.
Тақырыптың өзектілігі. 20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Оның үстемдік етуі нәтижесінде Қазакстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатына сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқына сталинизмнің догмаларып тықпалады. Мектептің қызметі де бұрмаланды.
Бұл кезде халыққа білім беру ісінде, соның ішінде оқу орындарында партиялық әмір күшейді. Оқу-тәрбие процестерін идеологияландырудың үстіне жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін формальды жүргізу өрістеді.
1920-шы жылдардың соңынан бастап "жоғарыдан" берілген бұйрық бойынша одақтың көптеген республикаларында оларды мекендейтін халықтарды тарихи зердесінен айыру үшін кең келемдегі қатігездік шаралары жүзеге асырылғанын айту керек. Түрік тілдес шығыс халықтары мен Еділ бойын мекендейтін басқа да халықтардың (башқұрт, татар) сан ғасырлар бойы араб графикасының негізінде қалыптасқан алфавиті пайдаланып келгені белгілі. 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс әрпімен) күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бір ұрпақтың омірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым копшілігі араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты. Ал мұның езі көптеген халықтардың тарихи зердесін кемескілеп, олардың белгілі тобының мәңгүрт болуына әкеп соқты. Оның бер жағында, елдегі қазақтар Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты елдердегі сауаттарын араб жазуымен ашып, кіталтарды осы графикамен шығарып келген шетелдік бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.
Курстық жұмыстың мақсаты. 1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар "пантүркист", "панисламист", тіпті, "халық жауы" деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кітапхана қорларынан әкімшілдік-терешілдік жүйенің теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды. Сонымен бірге дінге қарсы күрес сорақылықпен жүргізілді. Медреселер мен мешіттер жаппай жабылды. Мыңдаған ауыл молдалары тұтқындалып, дін адамдарының "қаймақтары" атылды. Бұл кезең "дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты" деп аталды. Шіркеулер мен мешіттер ғимараттарының мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қора-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дінге сенушілердің ар-ожданын аяққа басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени және рухани өмірінің құрамдас болігі болып келген дінді барша жұртқа құбыжық етіп көрсету халықтың орынды ңаразылығын туғызды. 20-шы ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи тұлғаларды тарихи көзқараспен қарастыру.
Зерттеу міндеті: тарихи тұлғалардың тарихының зерттелуін қарастыру барысында осы тарихи оқиғаларға сипаттама беру арқылы тарихи деректерге шолу жасау.
Курстық жұмыстың құрылым: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ХХ ғ. басындағы қазақстандағы мәдени-әлеуметтік жағдайы
1. 1 Мәдени өмірдің дамуы
Қазан революциясынен кейін тоталитардық жүйенің үстемдігіне, оның қайшылықтарына қарамайтын. Қазақстанның мәдени дамуында кейбір ілгері басу болғанын айту керек. Оны біз мәдени революция деп атап келдік. Бұл революция қилы-қилы жағдайлардың барысында мүмкін болды. 1921 жылғы маусымда болғап Қазақстан партия ұйымының бірінші конференциясы Республикадан шыққап сауатты қызметкерлердің көбін мүмкіндігінше саяси-ағарту жұмысына жіберілсін, ойткені "қазақ тіліп білетін адамдар болмаса, бұл жұмыс бәрібір істелмейі түра береді" деп атап керсетті. Сейтіп, жергілікті ұлттардың өкілдерінен, жергілікті халықтың тілін, психологиясын білетін адамдардан мәдени-ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды даярлау ісіне маңыз берілді. Мемлекеттік және партиялық аппараттарды жергіліктендіру мәселесі қолға алынды. Мұның өзі ғасырлар бойы отарлық езгі меп кіріптарлықта болып келген, ұлттық мемлекеттілігінен айырылған қазақ еліне, оның аяқ асты болғап ұлттық мүддесін қорғайтын, яғни жоғын жоқтап, қиюы қашқан шаруашылығы мен қамқоршысы жоқ мәденинтіне сүйеніш, қорған бола алатын, мүлдем жана сападағы мемлекет құру үшін, әрине, маңызды еді.
Мәдени-ағарту жұмысының ошақтары - кітапханалардан, мұражайлардан, театрлардан, жұмысшы клубтардан, халық университеттерінен, көшпелі және жартылай кошпелі аудандардағы қызыл отаулар мен қызыл керуендерден тұрды. 1922 жылдың көктемінде республикада 77 облыстық жене 90 аудандық клуб, 33 аудандық халық үйі, 221 оқу үйі жұмыс істеді. Көшпелі аудандарда қызыл отау, қызыл шайхана, қызыл керуендер құрылды. Олар көбінесе бұқараның бастамасы мен ұйымдастырылды.
Мәдени ошақтар жалпы жұртшылыққа қызмет етумен бірге қазақ әйелдерінің еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, олардың арасында ағарту жұмыстарын жүргізуге, сауаттарын ашуға назар аударды. Бұқараның коркемдік шығармашылығын өрістетіп, керкемөнерпаздықты дамытуға ат салысты.
Еңбекшілерді саяси және мәдени жағынан ағарту ісіндс кітапханалардың маңызы зор болды. Қазаи революциясына дейін Қазақстанда жалпы қоры 98 мың кітабы бар 139 кітапхана болса, 1925 жылы олардың саны 300-ге жетті. 1929 жылы республикада 494 оқу үйі, 74 қызыл отау, 11 театр, 9 мұражай болды. Ауылдық жерде 1747 кітапхана жұмыс істеді. Бірақ бұл кітапханалар мен оқу үйлері жонді ғимараты жоқ, қарабайыр жағдайда өмір сүрді. Олардың жұмысын жүргізуші адамдардың сауаттары да, кәсіптік дәрежесі де төмен еді. Тіпті қалалардың өзідерінде мәдени ошақтарда істейтін адамдардың білім деңгейі кобінесе төмен болатын. Бірақ білімге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта-ықыласы мәдениет ошақтарыныц қарапайым формада болса да көбейе түсуіне жол ашты. Мысалы, 1925-1936 жылдары тек Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында ғана колхоздардың қаржысымен 129 клуб, 210 оқу үйі салынды. 1939 жылы республикада 5309 клуб болды, олардың 4965-і ауылдар мен селоларда жұмыс істеді. Көпшілік кітапханаларының қоры 5 млн. данаға дерлік кобейді.
Республикада мерзімді баспасез және кітап шығару ісі дамып келе жатты. "Степная правда" /қазіргі "Казахстанская правда/ және "Еңбекші қазақ" ғазеттері, "Қазақстан" журналы шыға бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ғазеттер мен журналдар көбінесе мемлекеттік, кәсіподақтық, кооперативтік қордың есебіпсн жаздырылып алынды және мәдени-ағарту мекемелер желісіне, кеңестік және кооперативтік ұйымдарға келіп тұрды. Ғазеттерді жұрт көп жиналатын жерлерге ілінді, оларды дауыстап оқып беру ісі ұйымдастырылды. Қазақстаиның белгілі коптеген мәдениет қайраткерлері өздеріпің шығармашылық жолын осы ғазеттерде жалғастырды.
1925 жылы республикада не бары 31 ғазет, оның ішінде қазақ тілдіде 13 ғазет шықты. Кейін олардың қатары өсе берді. 1930 жылы Қазақстанның 27 ауданында өз ғазеттері шыға бастады. 1931 жылы республиканың "Еңбекші қазақ" ғазетінің 900 қоғамдық тілшісі істеді. 1926 жылы не бары 41 ғазет шықса, біріиші бесжылдық жылдарында 120 ғазет /оның ішінде қазақ тілінде 62 ғазет/ шығып тұрды. Олардың қатары жыл санап толығып, екінші бесжылдықта жалпы саны 280-ге жетті. 30-жылдардың аяғына қарай республикада таралымы 10 млп. данадан асатын 337 ғазет, олардың 193-і қазақ тілінде және таралымы 1 млн. данаға жуық 38 журнал шығып тұрды.
Республикада кітап бастыру ісі едәуір дамыды. Шығарылатын кітаптардың таралым данасы өсті. 1925 жылы 443 мың дана таралыммен 96 кітап шықса, 1930 жылы үш миллион даиалық 200-ден аса кітап, ал 1932 жылы таралымы 6 млн дана 668 кітап шығарылды. Олардың арасында Кеңес өкіметінің саясатын насихаттауға байланысты басылымдар көп болғанын айтқан жен және осыған орай 1940 жылы Қазақстанда 4 кітап баспасы жұмыс істеді.
Сауатсыздықпен күресте орасан зор жұмыс жүргізілді. 1919 жылы 26 желтоқсанда В. И. Ленин РКФСР халқы ара-сында сауатсыздықты жою туралы Халық Комиссарлар Кеңесінің заңына қол қойды. Бұл құжат бойынша 8 жастан 50 жасқа дейінгі оқи, жаза білмейтін барлық еңбекші халық ана тілінде немесе қалауы бойынша орыс тілінде сауатын ашуға міндетті болды. Кеңес үкіметінің осы заңы негізінде Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті 1921 жылғы тамызда 16 жастан 50 жасқа дейінгі сауаты бар көңіл көзі ашық адамдарды сауатсыздықты жоіо жөніидегі жұмысқа тарту туралы қаулы алды.
1920-1921 жылдары Қазақстапда сауат ашумен айналысатын 2412 оқу орны жұмыс істеп, оларда 72232 адам оқыды. Дегенмен сауатты адамдардың аздығы, қазақ тілінде оқу құралдарының жеткіліксіздігі, жергілікті бюджеттің кірістерінің халық шаруашылығы мен мәдениетті дамыту-дың қажеттерін өтей алмауы бұл жұмысты кең өрістетуге мүмкіндік бермеді.
1920-1926 жылдарда республикада 245 мыңнан аса адам сауатын ашты. 1930 жылғы ақпанның 11-де Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті сауатсыздықты міндетті түрде жою туралы заң қабылдады. 1930 жылғы І-сәуірде республикада сауатсыздықты жоятын 1285 оқу орны жұмыс істеп, оларда 350 мың адам оқыды. Олардың 248 мыңдайы қазақтар болды. Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі Әліппе және басқа да оқу құралдарын шығаруға және тұрақты сауат ашу мектептерін ұстауға 1, 6 миллион сом қаржы бөлді. Мұның өзі онша көп қаржы болмаса да, сауатсыздықпен күресте біраз септігін тигізді.
Қазақстандағы қалыптасып келе жатқан жұмысшы табы негізінен кешегі шаруалар болғандықтан, олардың арасында да сауатсыздар көп еді. Соған қарамастан республикада сауатсыздықты жою біршама қарқынды жүргізілді. 1926 жылы Қазақстандағы сауаттанғандардың пайызы 25, 2 болса, 1939 жылы 83, 6 пайызға жетті. Бұл кезде сауатсыздықты жоюға бөлінген қаржы 40 есе өсті. Республикада шала сауаттылар мен сауатсыздарға және олардың мұғалімдеріне арналған "Төте оқу" атты ғазет шығарылып түрды. Оларға арнап ғазеттер арнаулы беттер беріп отырды. Мұның барлығы 1940 жылы аталып өткен республиканың 20 жылдағы қарсаңында халықтың түгелдей сауаттануын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Көшпелі және жартылай көшпелі аудандар үшін интернаты бар мектептер, мектеп-коммуналар құрылып, олардың бүкіл тұрмысын ұстаздың, тәрбиешілердің бақылауымен оқушылардың өздері басқарды. Кластағы сабақтарға қоса балалар жаттығу шеберханаларында /ағаш шебері, етікшілік өнерін үйренетін, т. б. / немесе қосалқы шаруашылықта жұмыс істеді, бос уақыттарында табиғатты тамашалап, спортпен айналысты, коркемөнерпаздар үйірмелер-іне қатысты. Әдетте, мектеп-коммуналар сол маңайдағы ба-сқа мектептер үшін оқу әдістемелік орталыққа айналды.
Республикада қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар Қазан каласында бастырылды. Орыс тіліндегі оқулықтар Мәскеуден алдырылды. Қазақ тілінің тұңғыш әліппесін жасап, соңынан із салған жаңашыл ағартушы-ғалым Ахмет Байтүрсынов елде оқу-ағарту ісін дамытуға үлкен еңбек сіңірді. Ол жазған мектеИ оқулықтары 1927-1928 жылдарға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының ересек буыны сауатын Байтүрсыновтың "Әліп-биімен" ашып, ана тілін Байтүрсыновтың "Тіл құралы" арқылы оқып үйренді.
1917 жылғы Қазан рсволюциясына дейін Қазақстанда жоғары білім беретін оқу орындары болмады. Оған республикада қажетті мөлшерде профессор-оқытушы кадрлардың жоқтығы, экономика дамуының артта қалушылығы, мектептерде орта білім берудің осуі өз әсерін тигізді. Сондықтан жоғары білімді мамандар республикадан тыс жерлерде - Ташкентте, Мәскеуде, Қазанда, Омбыда және басқа ірі қалаларда даярланды. Тек 1927/28 оқу жылында Алматыда қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы педагогикалық институт (қазіргі Алматы ұлттық педагогикалық университеті) Ташкенттен көшірілген ағарту институты негізінде ұйымдастырылды. 1929 жылы осында малдәрігерлік-зоотехникалық, 1930 жылы ауылшаруашылық институттары ашылды. 1931 жылы Алматыда медицина институтының ашылуы республиканың мәдени өміріндегі үлкен оқиға болды. 1932 жылы Оралда Орынбордан кошірілген халық ағарту институты негізінде құрылған педагогикалық институт жұмыс істей бастады. Қазақстанда халық шаруашылығы салаларының кеңінен дами түсуімен байланысты инженерлік кадрлар дайындау мәселесі қиындай түсті. Осымен байланысты 1934 жылы Алматыда Семейден көшіріліп әкелінген Геология барлау ғылыми институтының негізінде Қазақ кең-металлургия институты (қазіргі Қ. И. Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университет) құрылды. Сол жылы Қазақстан жоғары оқу орындарының көш бастаушысы болып саналатын Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық мемлекеттік университет) ашылды. 1941 жылы республикада жоғары оқу орындарының саны 20-ға жетіп, оларда 10, 4 мың студент оқыды.
Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның көркем мәдениеті, әлдебиетінде өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан кешірді. Егер Қазан революциясының жеңісі тұсында қазақ халқының әдсбиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңадан құрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Онер қайраткерлерінің шығармашылық туындылары қазақ қоғамының таптық және идеялық-саяси жіктеуін айқын бейнеледі. Оның таптық принциптері жалпы-адамзаттық қазыналардан бағалы саналды. Сондай-ақ, 1925 ж. Өлкелік партия ұйымының басшылығына Ф. И. Голощекин келгеннен кейін ескі кадр мамандарға, творчество адамдарына ілтипатпен қарау, олармен іскерлік қарым-қатынас жасау салты бұзыла бастады.
1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар "пантүркист", "панисламист", тіпті, "халық жауы" деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кітапхана қорларынан әкімшілдік-терешілдік жүйенің теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды. Сонымен бірге дінге қарсы күрес сорақылықпен жүргізілді. Медреселер мен мешіттер жаппай жабылды. Мыңдаған ауыл молдалары тұтқындалып, дін адамдарының "қаймақтары" атылды. Бұл кезең "дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты" деп аталды. Шіркеулер мен мешіттер ғимараттарының мемлекет қарамағына зорлықпен алы-уы, оларды қора-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айнал-дырылуы, дінге сенушілердің ар-ожданын аяққа басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени жопе рухани өмірінің құрам-ас болігі болып келген дінді барша жұртқа құбыжық етіп керсету халықтың орынды ңаразылығын туғызды.
1. 2 Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы, жазушылардың шығармашылығы
Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М. Әуезов, этнограф Ә. Диваев, профессорлар Х. Досмұхамедов, А. Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды:
- қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы, т. б. мәселелерін қарастыру; І
- ұлттық өнерді зерттеу;
- қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;
- қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру;
- қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.
Қоғам құрамына А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М Дулатұлы, Қ. Кемеңгеров, т. б. енді.
Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның Қазақстандағы өкілдері С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Б. Ізтөлин жөнө т. б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм және пролетарлық интернационализм ұстанымына негізделді.
1925 жылғы 18 мамырда Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы (ҚазАПП) құрылды. ҚазАПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды.
Мәдениеттегі кез келген құбылыс таптық, пролетарлық күрес тұрғысынан бағаланды. Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы, «Едіге», «Қобыланды батыр» реакцияшыл, ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, М. Дулатұлы қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті.
Басқа жанрлардың арасында бірінші орынға саяси лирика шығарылды. Кеңестік жарқын шындықты жабырқау өткен өмірмен салыстыру тәсілі кең қолданысқа енді. ҚазАПП қызметінде қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін жоққа шығару көзқарасы барған сайын белең ала бастады.
Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922-1923 жылдары, содан соң 1926-1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20-жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетіне Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Ә. Тәжібаев, А. Тоқмағамбетов, Ғ. Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының -ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В. И. Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды.
1934 жылы 12-18 маусым күндері Қазақстан жазушыларының I съезі өтіп, онда идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал кеңестік әдебиет болуы керек екендігі баса айтылды.
Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846-1945 жылдары) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нүрпейіс Байғанин (1860-1945 жылдары) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900-1946 жылдары) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды.
20-30-жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. І. Жансүгіров «Жолдастар» романын жазды, С. Мұқанов «Байдың ұлы», «Достар», «Ботагөз» романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның есімімен тығыз байланысты.
Ресми билік құптаған негізгі тақырып - кеңестік қоғамның құрылуы және дамуы, қазақтардың туған өлкесін түлетуге қосқан үлесі, жергілікті халықтың социалистік еңбектегі ерлігі, т. б. болып саналды. 1934 жылы республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды .
Баспадан социалистік реализм рухындағы әр түрлі жанрдағы шығармалар жарық көре бастады. Бұл кезде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері -И. Шухов, П. Кузнецов, Г. Шарипов, т. б. жазушылар көпшілікке танылды. Д. Снегиннің «Шығыстан соққан жел», «Жетісу» жөне «Менің қалам» атты жинақтары жарық көрді. Латиф Ансари жас ұйғыр ақындарының «Таңғы сәуле» атты өлеңдер жинағын құрастырды.
Сонымен бірге Коммунистік партия тарапынан идеологиялық бақылаудың күшеюіне байланысты көптеген әдебиет өкілдері қудалауға түсе бастады. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін барысында қазақ әдебиеті өзінің бетке ұстар өкілдерінен айырылды.
Қазақ әдебиетінің ұлттық ағымының өкілдері - Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, Ө. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, т. б. қуғын-сүргінге ұшырады. Осы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері - С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, т. б. да қудаланған болатын. Саяси қуғын-сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына айтарлықтай зиянын тигізді.
2. Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы
2. 1 Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы
Қазақстан бейнелеу өнері. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары елге көрнекі үгіт аса қажет болды. 1920 жылы Верныйда басты міндеті - саяси плакаттар шығаруға арналған көркемөнер шеберханалары ашылды. Көркемөнер плакаттар түрінде көшелерге ілініп, адамдарды революциялық рухта болуға үндеді. Н. Хлудов, А. Пономарев сияқты суретшілердің шығармашылығы көпшілікке кең танымал болды.
1928 жылы Қазақ АКСР Ағарту халкомы Қазақстан, Сібір және Урал суретшілерінің жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. 1932 жылы жарық көрген «Әдеби-көркем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулыға сәйкес республикада 1933 жылы Суретшілер одағы құрылды.
1934 жылы 8 мамыр күні Мәскеудегі Шығыс мәдениеті мұражайында «Кеңестік Қазақстан өнері» көрмесі ашылды. Онда Н. Крутильников, Қ. Қожықов, Ө. Исмаилов, т. б. суретшілердің шығармалары қойылды. 1935 жылы «Қазақстандағы Кеңес өкіметіне 15 жыл» көрмесінің базасында Қазақ мемлекеттік Көркем өнер галереясы құрылды .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz