Мемлекеттік тілде іс жүргізу: Оқу құралы


УДК 651. 5/. 9 943. 42 (075)
ББК- 65. 050. 2 Я 7
Б-11
С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ғылыми кеңесімен ұсынылған
Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы А. Р. Бейсенбаев
филология ғылымдарының кандидаты, доцент А. Ф. Зейнулина
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А. Ш. Жұмашева
М. А. Баймұқанова
Мемлекеттік тілде іс жүргізу: Оқу құралы. -
Павлодар, 2004-65 бет
ISBN - 9965-612-45-1
Оқу құралында мемлекеттік тілде іс жүргізудің қажеттілігі және ерекшеліктері жайында айтылған. Жеке адамдардың құжаттары мен қызметтік құжаттардың құрастырылуы және ресімделуі туралы баяндалған, құжаттардың үлгілері берілген.
Оқу құралы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен мекемелердің қызметшілеріне арналған.
2700020300
Б
00 - (05) - 04
ISBN - 9965-612-45-1
© Баймұқанова М. А., 2004
© С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2004
Алғы сөз
1997 жылғы шілденің 11-інде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңының 4-бабында мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі деп көрсетілген.
Тілдің осы функцияларын атқаруын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қазанның 5-індегі Жарлығымен Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада жоспарланған іс-шаралардың бірі - жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқу жоспарына «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» арнаулы курсын енгізу болатын. Бұл жоспар 1999-2000 оқу жылынан жүзеге асырылды.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының қазіргі студенттері-мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, қызметкерлері немесе олардың құрамдас бөлімдерінің ертеңгі басшылары. Келешекте мекемедегі құжаттарды құрастыратын, ресімдейтін, я осы істерге басшылық жасайтын мамандар. Сондықтан мемлекекеттік тілдің қазіргі жағдайында «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» арнайы курсын оқу орындарының оқу жоспарына енгізудің маңызы зор болып отыр.
Алдарыңыздағы оқу құралы «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» арнаулы курсының оқытылуының бірізге түсуіне ықпал ету мақсатында жазылды.
Оқу құралы: «Мемлекеттік тілде құжат құрастырудың маңызы және ерекшеліктері», «Құжаттарды ресімдеудің ережелері», «Ұйымдастыру-реттеу құжаттары» деп аталған тараулардан тұрады. Тараулар бірнеше тақырыптарға бөлінген. Тақырыптарда мемлекеттік тілде іс жүргізудің қажеттілігі, құжаттарды бірізді жүргізудің талаптары және жиі құрастырылатын жеке адамдардың құжаттары мен мекемелердің барлығында құрастырылатын құжаттарды құрастыру мен ресімдеудің ерекшеліктері баяндалған.
Құжаттар мазмұны мен құрастыру мақсатына қарай жеке адамдардың құжаттары және қызметтік құжаттар немесе ұйымдастыру-реттеу құжаттары деп жіктелген. Ұйымдастыру-реттеу құжаттары өз ішінде төрт топқа бөлінген. Олар:
- жеке құрамның құжаттары.
- ақпараттық-анықтамалық құжаттар.
- реттеу құжаттары.
- ұйымдастыру құжаттары.
Құжаттардың әр тобына тоқталғанда олардың ерекшеліктері мен ресімделуі жайлы баяндалған. Құжат түрінде жиі немесе міндетті түрде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері пайдаланылған құжат үлгілері оқу құралының соңында берілген. Берілген материалды студенттердің игеруі үшін және құжат құрастыру дағдысын қалыптастыру үшін әр тақырыптың соңында сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылды.
Оқу құралы автордың С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» курсын оқытуда жинаған материалдары мен тәжірибесі негізінде жазылды.
Кітаппен жұмыс істеу барысында А. Алдашева, З. Ахметжанова, Қ. Қадашева, Э. Сүлейменовалардың «Ресми іс қағаздары» атты мемлекеттік қызметшілерге арналған анықтамалығы (Астана, 2000), Қазақша - орысша, орысша - қазақша терминологиялық сөздіктің іс жүргізу және мұрағат ісі саласына арналған 29-томы (Республикалық мемлекеттік Рауан баспасы, Алматы, 2000), М. В. Кирсанова мен
Ю. М. Аксеновалардың «Курс делопроизводства» атты оқу құралы (М. : ИНФРА-М; Новосибирск: Сибирское соглашение, 2003), Павлодар облысы әкімінің аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі дайындаған облыс әкімінің аппаратында қолданылатын нұсқаулық- әдімтемелік құжаттары (Павлодар, 1999) қолданылды.
1 тарау Мемлекеттік тілде құжат дайындаудың маңызы және ерекшеліктері
1. 1 Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері. Мемлекеттік тілде іс жүргізудің маңызы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі делінген. Бірақ өткен ғасырдың 90-жылдарының басында қазақ тілінің хал-ақуалы қоғам мүшелерінің қолдауын қажет етті. Тілдің жан-жақты дамуы үшін ғылыми тұрғыдан негізделген, Республика тұрғындарының ұлттық құрамын ескерген, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын заң қабылдануы керек болды.
Бұған дейін бірнеше рет қабылданған заңдар жоғарыда аталған ерекшеліктерді ескермей жасалғандықтан да жүзеге асырылмай қалған-ды. Сөйтіп 1997 жылғы шілденің 11-інде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңда: осы заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілдерге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді, - делінген.
Заңның 2-бабында: мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтін мәселелер болып табылады. Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарды және діни бірлестіктерде тілдердің қолданылуын реттемейді, - делінген. Ендеше, тек мемлекеттік ұйымдардағы тілдің қолданылуын ғана емес, жеке меншіктегі ұйымдардағы тілдердің қолданылуын да Заң аясында бақылауға мүмкіндік бар. Ал жеке адамдардың құқықтарына Заң нұсқан келтірмейді.
Заңның 4-бабында: мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу тілі, - делінген.
Осы аталған мемлекеттік тілдің төрт функциясын жүзеге асыру мақсатында көптеген шаралар жасалуда. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жылғы қазанның 5-інде Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны іске асырудың мерзімі 1998-2000 жылдар аралығы болды. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасына сәйкес әзірленді. Бағдарлама тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде мынадай негізгі төрт бағыт бойынша нақты іс шараларды жүзеге асыруды көздеді:
ел азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау;
- мемлекеттік тілді барынша дамыту, оның қоғам өмірінің барлық салаларында, әсіресе ғылым, білім, мәдениет, бұқаралық ақпарат, құралдары, мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, халықаралық қатынастар салаларында белсенді қызмет етуіне қажет алғышарттар қалыптастыру;
- ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау;
- ел азаматтарының ана тілін қолдануына, олардың қарым-қатынас, тәрбие беру, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдау үшін қолайлы жағдайларды сақтау мен дамыту;
Бағдарлама:
- нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру;
- ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету;
-тіл - ақпарат құралдары, ғылым, мәдениет және білім беру салаларында;
- мемлекеттік тілде іс жүргізу;
-терминологиялық және ономастикалық жұмыстар - деген бес тараудан тұрды.
Бағдарламаның 4-тарауында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының бағдарламаларына Мемлекеттік тілде іс жүргізу арнайы курсын енгізу жоспарланған. Бұл іс жоспарланғандай 1999-2000 оқу жылынан жүзеге асырылды. Бағдарламада көрсетілген басқа да іс шаралар орындалды.
2001 жылғы ақпанның 7-сінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламада тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бұрын көзделген, орындалуы аяқталған іс-шаралар одан әрі жалғасын тапқан.
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
- мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;
- орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;
- этникалық топтардың тілдерін дамыту;
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту мақсатына қол жеткізу өз кезегінде мына міндеттерді шешуді талап етеді:
1) мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
- мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде меңгеруі үшін шаралар қолдану;
- мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік тілдің іскерлік қарым-қатынастың негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- сот ісін жүргізуді, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді заңнамаларға сәйкес қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, сондай-ақ әскери және әскерилендірілген құралымдардың барлық түрінде мемлекеттік тілдің қолданылуы үшін шараларды қамтамасыз ету;
- іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшірудің кестесін (нақты мерзімдер мен іс-шараларды көрсете отырып) белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс жүргізудің негізгі тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;
- халықаралық қызметте мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай жасау;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және
93-баптарын іске асыру мақсатында мемлекет көлемінде республикалық және жергілікті бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тиым салынбаған басқа да көздері есебінен азаматтарға мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарының бірыңғай жүйесін жасау;
- ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді тиісті деңгейде меңгеруі үшін құқықтық, ұйымдық шараларын және материалдық-техникалық жағдай жасауын қамтамасыз ету. Меншік нысанына қарамастан барлық үлгідегі мектеп жасына дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының тәрбиеленушілері мен оқушыларының мемлекеттік тілді меңгеру саласындағы білім мен біліктіліктерінің барынша жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз ету;
3) ғылыми-лингвистикалық зерттеулер мен олардың нәтижелерін нақты іске асыруды жеделдетуді жүзеге асыру жолымен қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларын бірыңғайлауды қамтамасыз ету;
- қазіргі қазақ әдеби тілінің сөзжасам процестерін, оның ішінде терминжасам принциптерін ғылыми негізде жүйеге келтіру, қазақ тілінің толыққанды терминологиялық жүйесін енгізу;
- қазақ тілінің фонологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ әліпбиі мен орфографиясын жетілдіру жөнінде шаралар қолдану;
- ономастика мәселелерін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
4) мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;
- кино және бейне өнімдерді, оның ішінде анимациялық фильмдерді (аударма жұмыстарын қоса алғанда) мемлекеттік тілде шығару мен тарату (телеарнадан көрсету) шараларының жүйесін ұйымдастыру;
- мәдениет, ғылым, көркем әдебиет пен өнердің әртүрлі саласында мемлекеттік тілде баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету;
- мәдени көпшілік шараларды мемлекеттік тілде ұйымдастыру;
- мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жұмысқа ақпараттық-насихаттық қолдау жасау;
- бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік тілді компьютерлендіру мәселесін шешу;
Сұрақтар мен тапсырмалар
- Қазақстан Республикасы Конститутциясының нешінші бабында қазақ тілі туралы айтылған?
- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңы қашан қабылданды?
- Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қандай іс-шаралар жоспарланған?
- Қазақстан Республикасының Конститутциясын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңын, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын оқыңыз.
1. 2 Жазылатын және басу құралдарымен дайындалатын құжаттарға қойылатын талаптар
Қағаздың түрлері
Мекемелерде құжат қолмен жазылған, жазу машинасында басылған, компьютерде басылған, жеделхат, телефонограмма, телефакспен берілген, тағы басқа түрлерде болады. Құжаттың осы түрлерін дайындағанда жұмысқа қажет қағазды таңдай білудің маңызы зор. 1966 жылы-ақ СССР-де қағаздың мемлекеттік стандарты белгіленген. Осы стандартқа сәйкес барлық форматтар үш қатарға бөлінген. Олар: А, В, С қатарлары. А қатары - негізгі қатар. Ол жазу қағаздары үшін пайдаланылады. Әр қатар қағаз өлшемін көрсететін кластарға бөлінеді. А қатары 13 кластан тұрады. Олар А әрпімен және класс нөмірімен белгіленеді. Мысалы, А1, А2 т. б. А1 қағазының форматының өлшемі - 840-1189 мм. Кеңсе жұмысында кең қолданылатыны А4, А5 форматты қағаздар. А4 форматты қағаздың өлшемі - 210-297 мм, А5 форматты қағаздың өлшемі - 148 -210 мм. Кеңсе жұмысында ресми мәтіндер негізінен А4, А5 форматты қағаздарға дайындалады.
Басу құралдарында дайындалатын құжаттардың бланкілерін дайындау
Құжаттар мекемелерде арнайы бланкілерге басылады. Мекемелерде бланкілердің үш түрі пайдаланылады: хаттарға арналған бланкілер, құжаттың арнайы түріне арналған бланкілер және жалпы бланкілер. Бланкілердің жиек өлшемдері қағаздың форматына, жұмыстың түріне, мақсатына байланысты болады. Жиектердің өлшемдері сантиметрмен өлшенеді. Ресми мәтіндер басылатын бланкілердің жиек өлшемдері мынандай болуы тиіс: сол жақ жиегі және төменгі жиегі - 2см, жоғарғы жиегі - 1, 5см, оң жақ жиегі - 1см. А4 форматты бланкіге дайындалатын құжаттардың мәтіні біржарым жоларалық интервалмен, ал А5 форматты қағазға дайындалғанда бір жоларалық интервалмен басылады.
Жазылатын және басу құралдарында дайындалатын құжаттардың мәтіндеріне қойылатын талаптар
Құжаттардың тақырыбын басудың екі жолы бар:
-тақырыпты жолдың ортасынан басу;
- тақырыпты жолдың басынан басу;
Ғылыми мақалаларды, баяндамаларды, әдеби шығармаларды, ресми мәтіндерді басқанда олардың тақырыбы жолдың ортасынан басылады.
Тақырыпты жолдың ортасынан басқанда мынандай ережелер сақталуы тиіс:
- тақырып бас әріптермен басылады;
- тақырыпты басқанда тасымалға жол берілмейді;
- тақырыптың соңына леп белгісі мен сұрақ белгісінен басқа тыныс белгілері қойылмайды;
- қысқа тақырыптар (15 белгіден аспаса) әр әріптен кейін ақтаңдақ салынып басылады;
- үлкен тақырыптар (15 белгіден асса) бірнеше жолға басылады, бірақ әр жолдың мүмкіндігінше белгілі бір мағынасы болуы қажет;
- үлкен тақырыптарды бірнеше жолға басқанда жолдардың арасы бір жоларалық интервал болады;
Бірнеше тақырыптар мен тақырыпшалардан тұратын жұмыс материалдарының тақырыптары жұмыс жолының басынан басылады. Бұл жағдайда да жоғарыдағы тәртіптер сақталады.
Тақырыпшаны басқанда:
- тақырыпша кіші әріптермен басылады, көрнекілік үшін олар мәтіннен қосымша интервал арқылы бөлінеді;
Құжаттардың беттерін нөмірлегенде:
- бірнеше бетке басылатын мәтіннің титулдық бірінші беті ешқашан нөмірленбейді, бірақ саналады;
- беттер араб цифрларымен нөмірленеді;
- беттердің рет сандары құжаттың жоғарғы жағына ортаға шамамен жоғарыдан 10 мм түсіріліп қойылады;
Рим цифрларымен сьездердің, тоқсандардың, конференциялар-дың, ғасырлардың, тараулардың, мерейтойлардың сандары белгіленеді. Рим цифрларын басу құралдарында ресімдегенде латын әріптері қолданылады. Бұл жағдайда рим цифрлары ондық разрядты білдіретін төрт белгіден (I-бір, X-он, C-жүз, M-мың) және олардың жартысын білдіретін үш белгіден (V-бес, L-елу, D-бес жүз) тұрады.
I- 1
II- 2 XX-20 LXV-65 CC-200
III- 3 XXV-25 CCC-300
IV- 4 XXX-30 LXX-70 CD-400
V- 5 XXXV-35 LXXV-75 D-500
VI- 6 DC-600
VII -7 XL- 40 LXXX-80 DCC-700
VIII -8 XLV-45 LXXXV-85 DCCC-800
IX -9 L-50 XC-90 CM-900
X -10 LV-55 XCV-95 M-1000
XI -11 C-100 MD-1500
XV -15 LX-60 CL-150 MM-2000
Рим цифрларының үстіне қойылған сызықша ол санның мәнін мың есе көбейтеді.
V- 5000 MV-4 D-5000 000 M-1000 00
Қысқарған сөздер қазақ тілінде септеледі. Оларға қосымша жалғауда орфоэпиялық норма басшылыққа алынады. Мысалы,
С. Торайғыров атындағы ПМУ-да (Павлодар мемлекеттік университетінде), ЖШС-да (жауапкершілігі шектеулі серіктестікте), «Роса» ААҚ- сында ( ”Роса” ашық акционерлік қоғамында), «Арай» ЖАҚ-сында (”Арай” жабық акционерлік қоғамында) т. б. Қысқарған сөздер тасымалданбайды.
Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөндерінің жазылуы 1996 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес болуы қажет. Жарлыққа сәйкес ұлты қазақ азаматтар тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып өзгертуге хақылы, алайда бұл жағдайда азаматтың тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы сөздері қосылып бірге жазылады. Мысалы:Қасым Ахметұлы Оспан, Айгүл Қайратқызы Сұлтан.
Қазақ тілінде құрастырылған құжат мәтінінде азаматтардың аты-жөнін жазғанда алдымен азаматтың өзінің аты, кейін әкесінің аты, соңына тегі жазылады. Өз аты мен әкесінің аты қысқартылып жазылған жағдайда да осы тәртіп сақталады. Мысалы: Қ. А. Оспан,
А. Қ. Сұлтан. Сонда азаматтың аты-жөніне жалғау жалғанған жағдайда (мысалы, «адресат» реквизитінде) азаматтың аты мен тегін айырып алуға мүмкіндік болады. Мысалы, Қ. А. Оспанға,
А. Қ. Сұлтанға
Шартты қысқартулар мәтіндік құжаттарда қолданылғанда емлесі бірдей, біртектес, жалпыға белгілі болуы керек. Бұндай шартты қысқартулардың кейбіреулері мыналар:
қ. - қала /алдында қала атауы келсе/
обл. - облыс /алдында облыс атауы келсе/
ауд. - аудан /алдында аудан атауы келсе/
к. - көше /алдында көше атауы келсе/
с. - село /алдында село атауы келсе/
проф. - профессор
акад. - академик
доц. - доцент
т. б. - тағы басқа
т. с. с. - тағы сол сияқты
ж. - жыл
млн. - миллион
тг. - теңге
Тағы басқа және тағы сол сияқты ( т. б. және т. с. с. ) тіркестерін қысқарған түрінде тек сөйлемнің соңында ғаны қолдануға болады.
Құжаттардың мәтінінде дата жазылғанда және шетелдік әріптестермен хат алмасқанда дата бір жолға мынандай тәртіппен жазылуы тиіс: 2003 жылғы қыркүйектің 10-ы немесе 10 қыркүйек, 2003 жылғы қыркүйектің 20-сында, 2000-2003 жылдар аралығында, 2001 жылдың бірінші жартысында.
«Құжаттың датасы», «Бекіту грифі», «Қарар», «Келісім грифі», «Құжаттың көшірмесін растау белгісі» сияқты реквизиттерде дата араб цифрымен мына ретпен ресімделеді: күн, ай екі араб цифрымен, жыл төрт араб цифрымен. Мысалы, 2003 жылғы қарашаның 20-сының ресімделуі 20. 11. 2003
Мерекелер мен айтулы күндердің атауларындағы бірінші сөз бас әріптен бастап жазылады. Мысалы, Сегізінші наурыз, Тәуелсіздік күні. Егер атаулардағы бастапқы реттік сан есім цифрмен жазылса, онда саннан кейін келетін сөз бас әріптен бастап жазылады.
Мысалы, 8 Наурыз.
Министрліктердің, мекемелердің, оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының атауларындағы жалқы есімдер мен бірінші сөздер бас әріптен жазылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Құжаттар қандай форматты қағаздарға дайындалады?
2. А4, А5 форматты қағаздардың өлшемдері қандай?
3. Ресми мәтіндер басылатын бланкілердің жиек өлшемдері қандай болуы тиіс?
4. Мәтіннің тақырыбын жолдың ортасынан басқанда қандай ережелер сақталуы тиіс?
5. Құжаттың беттерін нөмірлеудің ерекшеліктері қандай?
6. Рим цифрлары қандай жағдайларда қолданылады?
7. Қазақ тілінде қысқарған сөздерге жалғау қалай жалғанады?
8. Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөндері қалай жазылуы тиіс?
9. Өзіңіздің аты-жөніңізді жоғарыда айтылған жарлыққа сәйкес жазыңыз.
10. Құжаттардың мәтінінде дата қалай жазылады?
11. Цифрлармен жазылған мына даталарды сөз бен цифр аралас жазып көрсетіңіз: 20. 03. 2003, 04. 05. 2004, 10. 08. 2004
12. Өзіңіз оқитын оқу орнының атауын жазыңыз.
1. 3 Құжаттарды ресімдеудің ережелері
Құжаттардың реквизиттері
Мекемелерде, ұйымдарда немесе кәсіпорындарда дайындалатын құжаттар бланкілерге ресімделеді. Бланкілер негізінен А4 немесе А5 форматты қағаздың бетіне жасалады.
Құжатты бланкіге ресімдегенде бланкіге құжатта болуы тиісті реквизиттер қойылады. Реквизит - құжаттың ақпараттық бөлшегі. Құжаттың түрі реквизиттер жиынтығымен анықталады. Әр құжат құжат түріне қатысты белгіленген формулярға сәйкес құрастырыла-ды. Формуляр - белгілі бір құжат түріне қажетті, белгіленген ретпен орналасқан реквизиттер жиынтығы.
Қазақстан Республикасында құжат реквизиттерінің саны
29 болып белгіленген. Құжат бланкілеріндегі реквизиттер ҚР МК 30. 03. 92 жылғы №562 қаулысында белгіленген тәртіпке сәйкес ресімделеді. Реквизиттердің атауы мен олардың орналасу реті төмендегідей.
Реквизиттер:
01 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гербі
02 Қазақстан Республикасының наградалар белгісі
03 Ұйымның эмблемасы немесе кәсіпорынның тауарлық белгісі
04 Министрліктің немесе ведомстваның атауы
05 Ұйымның атауы
06 Құрылымдық бөлімшенің атауы
07 Ұйым туралы анықтамалық деректер
08 Құжат түрінің атауы
09 Құжаттың датасы
10 Құжаттың тіркеу нөмірі
11 Келіп түскен құжаттың датасы мен тіркеу нөміріне сілтеме
12 Құжаттың басылған немесе құрастырылған орны
13 Құжатты пайдалануға қойылатын шектеу грифі
14 Адресат
15 Құжатты бекіту грифі
16 Қарар
17 Мәтіннің тақырыбы
18 Бақылау туралы белгі
19 Мәтін
20 Қосымша туралы белгі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz