Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары


Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім:
1. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары . . . 5
2. Халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы
күрес . . . 9
3. Халықаралық қауіпсіздік жүйесі дағдарыста . . . 15
4. Қырып жоятын қару-жарақ қауіпі . . . 20
5. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі . . . 23
6. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған зор үлес . . . 28
Қорытынды . . . 32
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 33
Кіріспе
Мақсаты бүкіл әлемде соғыс қауіпін болдыртпау, және мемлекетаралық қатынастың дамуы болып табылатын - халықаралық ұйым құру туралы ең бірінші 1945 жылы 4-17 ақпан аралығында Ялта (Крым) конференциясында антигитлерлік мемлекет басшылары (СССР дан - Иосиф Сталин, АҚШ тан - Франклин Делано Рузвельт, Ұлыбританиядан - Уинстон Черчилль) шешім қабылдады. Бұл сұрақ жөнінде мұндай ұсыныстар бұрын СССР, АҚШ, Ұлыбританияның 1944 жылғы 21 тамызынан 28 қыркүйек аралығында болған конференциясында қаралған болатын. Думбартон - Оксе (АҚШ) . Әсіресе осы конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) басты принциптерін, оның функциялары мен құрылымын анықтады. Ялта (Крым) конференциясында Рузвельт және Черчилль БҰҰ ның негізін қалаушылардың бірі ретінде өз келісімдерін берді. Антигитлерлік коалация басшылары 1945 ж 25 сәуірде Сан-Франциско конференциясында БҰҰ ны құру жөнінде шешім қабылдады.
БҰҰ ның ең басты мақсаты әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. 1945 ж болған конференцияда 50 мемлекет делегациясы қатысты. Конференцияның ашылуына антигитлерлік коалацияның дамыған елдерінің министрлері - В Молотов (СССР), Э Иден (Ұлыбритания), Г Стеттиниус (АҚШ) қатысты.
1945 ж 24 қазанында БҰҰ жарғысы ресми түрде өз күшіне енді. Бұл күн БҰҰ ның құрылған күні болып есептеледі. БҰҰ жарғысы бойынша негізгі ұйымдар болып :
1. БҰҰ ның Бас Ассамблеясы
2. Қауіпсіздік Кеңесі
3. Экономикалық Кеңес
4. Қоғамдық Кеңес
5. Опекунский Кеңес
6. Халықаралық Сот және
7. Хатшылық
Хатшылық қызметін БҰҰ ның Бас Хатшысы атқарады. БҰҰ ның құрылған күніне қазіргі күнге дейін 7 Бас хатшы ауысты.
- Трюгве Ли (Норвегия)
- Даг Хаммершельд (Швеция)
- У Тон (Бирма)
- Курт Вальдхайм (Австрия)
- Хавьер Перес де Куэльяр (Перу)
- Бутрос Бутрос Гали (Египет)
- Кофи Атта Аннан (Гана)
БҰҰ ның Бас хатшысы Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынылуымен БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында тағайындалады. Бас хатшы Халықаралық Соттан басқа, БҰҰ ның барлық жұмысына араласа алады. БҰҰ ның Бас Ассамблеясынан кейінгі маңызды орынды Қауіпсіздік Кеңесі алады. БҰҰ жарғысы бойынша жер бетіндегі адамдар арасындағы бейбітшілікті сақтау жауапкершілігі осында жатады. Қауіпсіздік Кеңесі 15 мүшеден тұрады : оның 5 тұрақты (СССР 1991 ге дейін, содан кейін Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, 1949 жылдан 1971 жылға дейін Тайвань, ал одан кейін КХР) және БҰҰ Бас Ассамблеясында 2 жыл мерзімге сайланатын 10 уақытша. Тұрақты мүше болып тек БҰҰ ны құру кезінде әлемнің ірі державалары болған мемлекеттер бола алады. БҰҰ ның әрбір тұрақты мүшесі өэі келіспейтін шешімге тиым сала алады. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі барлық тұрақты мүшелерінің келісімімен шешіледі және бұл шешімді БҰҰ ның барлық мүшелері орындау тиіс. Себебі Қауіпсіздік Кеңесі барлық жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау жолдарын қарастырады.
1948 ж желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқығы жөнінде Әлемдік Декларация қабылдады. Бұл декларацияға әлемнің барлық мемлекеттері ұмтылып орындау керек деген мақсат қойылды.
БҰҰ тек қана жаңа дүние жүзілік соғысты болдыртпау мәселесімен ған емес, сонымен қатар жер бетіндегі қоғамдық, экономикалық, мәдениет және экологиялық жағдайды жақсартумен айналысады.
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымының мың жылдық саммитінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан баяндама жасап, онда негізінен үш мәселені қозғады. Олар - әлемдегі кауіпсіздік, кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаны қорғау. Бұлар XXI ғасырдың ең басты проблемалары ретінде айрыкша аталып өтті.
Бірінші проблема - қауіпсіздік мәселесі. Ядролық, биологиялық және химиялық қаруды, сондай-ақ оларды жеткізу кұралдарын (зымырандарды) тарату - ғаламдық және аймактық деңгейде зор қауіп-қатер тудырып отырғаны баршаға мәлім. Халықаралық лаңкестердің жаппай қырып-жою қаруын пайдалану мүмкіндігі де қосымша кауіп төндіретіні сөзсіз.
1972 жылғы 26 мамырдағы АҚШ пен КСРО арасындағы ракетаға қарсы корғаныс жүйесін шектеу туралы (РҚҚ) шарт әлемдегі стратегиялық тұрақтылыктың негізі болып келіп еді. АҚШ-тың 2001 жылғы желтоксандағы РҚҚ туралы шарттан шығу жөніндегі мәлімдемесі Ресей, Қытай т. б. елдер тарапынан наразылық тудырды. Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойған 187 мемлекет делегаттарына өзінің арнауында К. Аннан АҚШ-тың Ұлттық зымыранға қарсы қалқанды жаңғырту ниетін ядролық карусыздану саясатына қарсы қадам деп бағалады. Бас хатшының айтуынша, АҚШ-тың бұл әрекеті ядролық карусыздану ісіне кері әсерін тигізіп қана коймай, оны таратуға ықпал ететін болады.
БҰҰ-ның көп жылғы жұмысының нәтижесінде 2001 жылы жеңіл қару-жарақпен және атыс қаруымен заңсыз сауда-саттыққа жол бермеу жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы кабылданды.
Азия кұрлығының ерекшелігі - мұнда ядролық мемлекеттер және осындай мәртебе алуға жақын, яғни, ядролық қару табалдырығындағы елдер шоғырланған, ядролық қарулану процесі барынша қауырт жүріп жатыр.
Қазіргі заманның қауіпті қатерлері - халықаралық ылаңкестік (терроризм), ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм мен діни экстремизм, этностык қақтығыстар, кару-жарақтың заңсыз айналымы, есірткі саудасы, тағы басқалар екпіндеп ене түсуде.
2001 жылғы кыркүйектің 11-күні АҚШ-қа өзінің катыгездігі жағынан жойқын соққы болып тиген оқиғалар бүкіл әлемге адамзаттың басына төнген кауіптің ауқымын айқын көрсетіп берді.
Бұдан бұрын да ылаңкестік болды, олардың ең ірілері: 1998 жылы 7 тамызда Найроби (Кения) мен Дар-Эс-Саламдағы (Танзания) жарылыстан АҚШ елшілігі қиратылып, 250 адам қаза тапты, 1999 жылғы 9 және 13 қыркүйекте Мәскеуде екі ірі жарылыстан екі тұрғын үй қиратылып, 212 адам қаза тапты, 300-і жараланды.
Осы заманғы халықаралық ылаңкестік өзінің сипаты жағынан ұлтаралық болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі өзінің № 1373 шешімімен (қаңтар, 2002 ж. ) Терроризммен күрес жөніндегі комитетін құрды. Бұған осы ұйымға мүше 189 мемлекеттің бәрі катысады, олар ланкестік әрекеттің бәрін де қылмыстық іс санауға тиіс, ылаңкестер мен оларды қолдаушылардың қаржылық кұралдары мен активтерін тоқтатып, оны оларға беруге тыйым салады. Ылаңкестерге баспана беруден бас тартуға міндетті. Барлық елдер бұл талаптарға байланысты есептер беріп отыруға жауапты екендігі көрсетілді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі мәлімдемесінде былай деп атап көрсетілді: «Бір жыл бойы әлем мемлекеттері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1373 қарарының және баска да тиісті қарарларының негізінде лаңкестікке жан-жақты қарсы тұрудың екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын түбегейлі нығайтып, кеңейтті. Осынау ортақ серпінді күш-жігердің арқасында ылаңкестікке қарсы күрес шын мәнінде жаһандық сипат алды. Ылаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясын бекіту рәсімін аяктады, ШЫҰ-ның Аймақтық ыланкестікке қарсы құрылымы туралы келісімге қол қойылды».
2002 жылғы 4 маусымда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммиті болып, онда Алматы актісі, ылаңкестікті аластау және өркениеттер арасындағы үн катысуға жәрдемдесу туралы декларация қабылданды. Онда былай деп көрсетілді: «Біз қайда, қашан және кімнің жасағанына қарамастан, ылаңкестіктің барлық түрлері мен көріністерін жазықсыз жандардың өмірі мен игілігіне алалаусыз кез-келген тағылық қол сұғушылық пен қылмыстық әрекет ретінде бағалап, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне қатер төндіретін әрекет ретінде айыптаймыз.
Ылаңкестіктің қатері оның есірткінің заңсыз айналысымен, женіл атыс қаруын астыртын сатумен және оны кез-келген пошымда ылаңкестік топтарға берумен, нәсілшілдік идеологиямен және сепаратистік үйымдармен ылаңкестік қызметті қаржыландырудың және адам күшімен толықтырудың негізгі қайнары болып табылатын экстремизмнің барлық көріністерімен тығыз байланыста болуы салдарынан ұлғая түседі. Сепаратизм - мемлекеттердің қауіпсіздігіне, түрақтылығына, егемендігіне, бірлігі мен аумақтық тұтастығына төнген негізгі қатер мен қауіптің бірі . . . Біз дінді ылаңкестік және сепаратистік қозғалыстар мен топтардың өз мақсатына жету үшін сылтау ретінде пайдала-нуын жоққа шығарамыз».
Американ ғалымы Самуэль Хантингтон: «XXI ғасыр «өркениеттер тоғысуы» емес, «өркениеттер кақтығысы» ғасыры болады, мұсылман және христиан өркениеттері арасындағы кайшылық тек күшпен шешіледі» деп болжады. Ондаған жылдар бойы АҚШ пен көптеген араб елдері арасындағы шиеленістер қордаланған. 1980 жылдан бері АҚШ ислам елдеріне қарсы 19 рет қару жұмсаған, әскери интервенциялар ұйымдастырған. 11 қыркүйектегі террордың себебін араб елдерінен іздеудің де негізі бар. Дегенмен, Ислам конференциясы ұйымына кіретін 54 мемлекет исламды желеу етуге тырысқан ылаңкестікті өздерінің қатаң айыптайтынын әрі ыланкестіктің кез-келген пошымының исламға қатысы жок екенін батыл мәлімдеді.
1999 жылғы қарашада Ыстамбұлда өткен Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының бас қосуына Ислам конференциясы ұйымы да шақырылып, олардың арасында үндесу форумы өткізілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Таяу Шығыстағы қақтығыс мәселесіне айрықша назар аударып, № 1397 шешімді қабылдап, «күш колдану мен ыланды тоқтатып, екі мемлекетті (Израилъ және Палестина) танылған шекара шегінде қатар өмір сүруге» шақырған болатын. Бұл шешімде Палестинаның мемлекеттігі айтылады.
Қазір ұйымдасқан қылмыс жеке елдердің ауқымынан асып, ұлтаралық сипат алып отыр. 2001 жылғы ақпан айында Италияның Палермо қаласында әлемнің 124 елінен үкімет басшылары қатысқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қол қойылды. Мұнда қылмыстың бір түрі - адам саудасының кең етек ала бастағандығы атап көрсетілді. Қазір жыл сайын миллиондай әйел мен бала бір елден екінші елге сатылатындығы, тіпті 1999 жылы Қырғызстаннан төрт мың адам басқа елге сатылғаны хабарланды. Қазақстанда 1999-2001 жыл-дар арасында 1797 жетім бала шетелге шығарылғаны, олардың болашағы туралы мәселе Парламент мәжілісінде каралуда.
2002 жылғы маусым айында БҰҰ Бас Ассамблеясының арнаулы сессиясы болып, онда «Бала еңбегін пайдаланбайтын болашақ» деген баяндама талқыланды. Дүние жүзінде 246 миллион бала жұмысқа жегіліп, олардың еңбегі қаналып отыр. Жоғарыдағы баяндаманы Халықаралық еңбек ұйымы даярлаған.
Балалардың тағы бір тобы - 8, 4 миллион бала құлдық бұғауда. Оларды кепілдікте ұстайды, жыныстық ләззаттың нысандарына айналдырады. Бала еңбегін пайдалану дамушы елдерде, экономикасы күйзелген елдерде кең етек алған. Азия-Тынық мұхит аймағында 127 миллион, Африканың Сахарадан төменгі жағында 48 миллион, Латын Америкасында 17, 4 миллион жетім балалар жұмыс істейді.
Қазіргі кезде әлемде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес ерекше маңызға ие болып отыр. Себебі, есірткі саудасының айналымы жылына 300-500 миллиард долларға жеткен. Әлемде нашақорлар саны 180 миллион адамға жетті. Дүние жүзінде өндірілетін аса күшті есірткі түрлерінің 75-80 пайызы Ауғанстанда өндіріледі. Ауғанстандағы ыланкестерге қарсы жүргізілген операциялар кезінде есірткі заттары жойылған жоқ. 2002 жылғы қыркүйек айындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 46. 800-ден астам адам есірткі заттарын пайдаланады. 2002 жылы 24 қыркүйекте қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы осы мәселені қарап, арнаулы қарар қабылдады.
Екінші проблема - кедейшілікпен күрес. Дүние жүзіндегі 6 миллиард халықтың 3 миллиардқа жуығы кедейшілік жағдайда өмір сүруде, 100 миллиондай бала баспанасыздар санатында. Қазіргі кезде әлемде 800 миллион адам аштық азабын тартып отыр.
1996 жылы бүкіләлемдік аштықпен күрес туралы халықаралық конференция өтті. 2002 жылғы маусым айында Римде 182 ел өкілдері "Бес жыл өткен соң" деп аталатын азық-түлік бас қосуында декларация қабылдап, 2015 жылға дейін ашаршылыққа ұшырағандар санын екі есе қысқарту жөніндегі өз міндеттемелерін мәлімдеді.
Тұрақты даму мәселелері жөніндегі дүние жүзілік саммит он жылда бір рет өткізілетін беделді басқосу. Кезінде «Бразилия кереметі» бой көрсеткен тұста таңдаудың Рио-де-Жанейроға түсуінің себебі де сол болатын. Сонда 1992 жылы қабылданған тұрақты дамуға қол жеткізу бағдарламасы - XXI ғасыр бағдарламасы деп аталған құжатты ойдағыдай жүзеге асырудың нақты міндеттері көрсетілген болатын.
2002 жылдың 2-4 қыркүйегінде Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка Республикасы) дүние жүзінің 110 елінен келген ресми делегациялар, бейресми ұйымдар, кәсіподақтар, іскер топтар өкілдері «Тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбург міндеттемелері» атты саяси декларация қабылдады. Саммитке қатысушылар үш блокқа бөлінуге бейім болғанын атауға болады, олар Америка Құрама Штаттары, Еуропа Одағының өкілдері және дамушы елдердің делегаттары. Декларацияда әлемдік кездесуде бас косқан мемлекеттер мен үкіметтер басшылары адамгершілікке және қамқорлық ниетке негізделген жаһандық қоғам құру ісіне адал екенімізді айғақтаймыз, ондай коғамның басты мақсаты барша адам баласының адам атына лайықты өмір сүруіне қол жеткізу болып табылатынын мәлімдейміз, - деп жариялады.
Жердің табиғи ресурстарын шектен тыс пайдаланбай-ақ әлемдегі барлық халықтардың әл-ауқатын арттыру көзделді. Бұл үшін ең басты үш салада - экономикалық даму, табиғи ресурстар мен айналадағы ортаны сақтауда және әлеуметтік өркендеуде іс-кимылды өзара ықпалдастық жолымен жүргізу шарт. Сонымен саммит басты екі мәсеелені - кедейшілікпен күрес және экология жағдайын талқылады. Сонымен бірге зиянды заттармен атмосфераны ластау, планетадағы демографиялық жағдай, табиғат ресурстарын тиімді және ысырапсыз пайдалану мәселелері күн тәртібіне енгізілді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік саммиттің мінберінен былай деді: «Мен осыдан 10 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында барлық мемлекеттердін әскери шығындарын 1 пайыз қысқарту және үнемделген акшаны аса кедей елдердің дамуына аудару жөнінде жасаған ұсынысымды кайталап айтқым келеді". Сонымен бірге Президент Н. Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымын жаһандық экологиялық проблемалардың тізімін жасай бастауға шақырды. "Біздің ойымызша, айналадағы ортаға келгірілетін зиянды күн тәртібіне барынша өткір қоймай болмайды» деді Елбасы.
Үшінші проблема - қоршаған ортаны қорғау. 2001 жылғ ақпан айында Кения астанасы Найробиде Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) басқарушылар кеңесінің мәжілісі өтті. Онда қазіргі кезде қалыптасып отырған жағдайда атмосфераға түрлі газдардың ұшуынан пайда болатын парник әсерінен келетін зиянның мөлшері орасан екендігі аталды. Әлемнің жүздей елінен келген лауазымды шенеуніктер, ғалымдар, мамандар ғаламдық жылудың салдарын азайтудың жолдарына тоқталды.
Бұрын атмосфераға парник әсері тудыратын көміркышқыл газының жіберілуін азайтуға көбірек назар аударылса, бүгінде сол газдардан пайда болған ғаламдық жылудың салдарына ұшыраған аймаққа көмек көрсету мәселесі де айрықша маңыз алып отыр.
Бүкіл жер шарында температураның бір градусқа артуы орасан өзгерістер әкеледі. Барлық жерде су деңгейі көтеріліп, көп аймақ су астында калады, XXI ғасырдың аяғына дейін қоршаған ортаның температурасы 1, 4 градустан 5, 8 градусқа дейін артуы мүмкін. Антрактикада да, мәңгі мұз болып қатып жатқан жерде әлемдік көмір қышқыл газының 14 пайызы сақталады деген ғылыми қорытынды жасалып отыр. Климат өзгеріп, ғаламдық жылу басталған кезде сол мәңгі мұздақ жер өзіндегі көмір қышқыл газын босатады. Қоршаған ортадағы температураның артуы Гренландия және Солтүстік мұзды мұхит мұздық-тарының еруіне әкелуі мүмкін. Ол Гольфстрим жылы ағысын бұза алады. Нәтижесінде, әлемдік мұхиттың су деңгейі 1990 жылмен салыстырғанда 9-98 см - ге көтеріледі. Бангладеш және Вьетнамның бір бөлігі су астында қалу қаупі бар. Климаттың өзгеруіне байланысты бір аймақтарда құрғақшылық болса, оның есесіне екінші бір аймақта нөсер жауын болып, егіс алқаптарын су астында қалдыруы мүмкін.
2001 жылғы желтоқсан айында Боннда адамзатты ауыз сумен қам-тамасыз ету мәселесіне арналған халықаралық конференция болып өтті. Онда мынадай мәліметтер аталды: әлемде 1, 1 миллиард адам ауыз суға зәру, 2, 4 миллиард адам қанып су іше алмайды.
Жер бетіндегі әр адам орташа есеппен күніне 2 литрден 5 литрге дейін су ішеді, тағы да 20-50 литр жеке тұтынуға (жуыну т. б. ) кетеді.
Экология тұрғысынан алғанда, мұнайлы аймақтарда жүргізілген жұмыстардың салдары - жер бетінің кұнарлы қыртысының біржола жойылуына, оның қойнауына орасан зор зиянын тигізіп, ауыз су тапшылығына апарып соқтыратыны белгілі.
Тағы бір қатер - мұнай, газ өндірісі орналасқан аудандардағы жер астындағы жасанды бос кеңістіктердің пайда болуы. Ол шектеулі жер сілкіністерінің шақыртқысы. Мысалы, Өзбекстандағы Газли, Түрікмениядағы Кұм-Даги, Татарстан, Башкұртстандағы, әлемдегі басқа да мұнайлы елдерде болған осы тектес күшті жер дүмпулері соған дәлел.
«Қара дақ» Атлант мұхитының үстіне сәйкес келгендіктен Батыс Еуропа мен Америка Кұрама Штаттарындағы ауа райы бұзылып, тосын кұбылыстар көбеюде. Озон қабатында «кара дақтың» пайда болуы өндіріс орындарынан шығатын көмір кышқыл газдың әсерінен деп ғалымдар дәлелдеп отыр.
Казакстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш кемелері ұшырылған сайын да озон кабаты тесілуде. Нәтижесінде сол аймақтың ауа райы бұзылып, желдің жылдамдығы артып, кейбір уакытта шілде айында бұршақ жауа бастады.
Демек, барлық мемлекеттер XXI ғасырдын күрделі проблемаларын шешу үшін БҰҰ көрсеткен міндеттерді нақты орындау жолында қызмет етуге тиіс.
2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛАҢКЕСТІККЕ, ЭКСТРЕМИЗМГЕ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС
Егер XX ғсырдың бірінші жартысында лаңкестік кұрылымдар әлемнің әртүрлі жерлерінде жеке-дара, бірікпеген қимыл жасаған болса және олар көбінесе ұлт-азаттық қозғалысы туының астында жүргізілген болса, бүгінде олардың көпшілігі ірі ұлтаралық ұйымдарға біріккен. Қазіргі кездегі коммуникация құралдары, әлемдік шаруашылықтың жаһандасуы, бір елден екінші елге өтудің жеңілдігі, жаппай көші-қонның (көбінесе жасырын) көбеюі осының бәрі ірі ұлтаралық лаңкестік ұйымдардың кұрылуына алып келді. Іске басшылықта олар идеологиялық, діни, этникалык негіздерге сүйенді.
Лаңкестік қимылдардың жиынтығы «халықаралық лаңкестік» деген терминмен аталып, XXI ғасырдағы адамзаттың негізгі проблемасына айнала бастады. Көптеген эксперттің көрсетуінше, бұл проблема - жаһандастырудың теріс жақтарының бірі.
Лаңкестіктің негізгі себептері: әртүрлі елдердің экономикалык дамуының әркелкілігі, әлеуметтік жіктелудің өршуі, байлар мен кедейлер арасындағы қарама-қайшылықтын шиеленісуі (әлемдегі халықтың 20 пайызы дүниежүзілік табыстың 83 пайызына ие болып, ал қалған халықтың 80 пайызы тек қана әлемдік табыстың 17 пайызына ғана қанағат жасауға мәжбүр болып отыр), көптеген дамушы елдерде жұмыссыздықтын көбеюі, заңсыз көші-қон, ұлтаралық қақтығыстардың кең етек алуы, халықтардың өмір сүру салт-дәстүрлеріне Батыстың үлгісін енгізу әрекеті тағы басқа факторлар.
Сонымен қатар, дамыған елдер жасырын қару-жарақ сатумен ай-налысуда. Соңғы он жылда бүкіл әлемде жеңіл атыс қаруын заңсыз сату үш есе өскен. Бірсыпыра дамушы елдерде жастар жұмыссыздықтың қасіретінен шығудың жолы етіп, қолдарына кару алуға мәжбүр болыл отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлтаралык ұйымдаскан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі конвенциясының шеңберінде әзірленген оқ ату қаруы жөнінде хаттама, Ныо-Йоркте 2001 жылғы шілдеде өткен жеңіл және атыс қаруының заңсыз саудасы жөніндегі конференциясы іс-қимыл бағдарламасын кабылдады.
Казіргі кезенде лаңкестіктің адамзатқа каупінің аса көлемді болғаның дәлелдеу үшін төмендегі мәліметті келтіреміз. 1970 жылдан 1985 жылды қоса есептегенде, Еуропада үш мыңға таяу лаңкестік актілер жасалды, Латын Америкасында - 1573, Таяу Шығыста - 1330, Солтүстік Америкада - 448.
Азияда 1993 жылдан бастап 1999 жылғы дейін 158 лаңкестік акт жасалды, осы кезеңде Таяу Шығыста ол 374-ке жетті. Қатігездік лаңкестік кең етек алуда. Егер 70-жылдарда террорлық актінің 80 пайызы меншікке қарсы жасалған болса, 90-жылдарда террорлық актінің 70 пайызы адамдарға қарсы жасалды.
Халықаралық құқық және барлық елдердің заңдары - лаңкестердің кимылын, атап айтқанда, адамдар ұрлау, өлтіру, ұшақтарды немесе көліктерді айдап әкету, адамдарды кепілдікте ұстап ақша талап ету, жарылыс пен өрттер жасауды, тағы басқаларды қоғамға және мемлекетке қауіпті деп жариялады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz