Отбасы әлеуметтануы пәнінен лекциялар жиыны



1 тақырып. Отбасының әлеуметтанулық теориясы.
2 тақырып. Отбасын зерттеуге қажетті негізгі теориялық көзқарас.
3 тақырып. Қазіргі заманғы отбасының әртүрлі санаттары.
4 тақырып. Неке мен отбасының тарихи нысаны
5 тақырып. Бұрынғы заманғы қоғамдағы неке мен отбасының құқұқтық аспектілері
6 тақырып.Қазақ қоғамындағы некелік.отбасылық қарым.қатынастарды әлеуметтік.құқықтық тұрғыдан реттеу.
Отбасы әлеуметтануы- әлеуметтану ғылымының орта деңгей теорияларның бірі және қоғамның әлеуметтік өмірін зерттеуде алғашқы орында. Отбасы және неке мәселесін зерттеу- әлеуметтанулық білімнің едәуір көп зерттелген саласы. Отбасы саласындағы отандық және шетелдік әлеуметтанушылардың шығармашылық мұрасы өте көп, отбасы ғылымы XIX ғасырдың бірінші жартысында, толығырақ айтқанда 1861 жылы швейцария тарихшысы Иоганн Якоб Бахофеннің «Ананың құқы» атты кітабы жарыққа шыққан күннен басталды. Бахофен отбасы тарихы бойынша тарихтың қайнар көзі ретінде ежелгі классикалық әдебиеттерге талдау жасап, ежелгі аңыздарда еркектер мен әйелдердің өзара қарым-қатынасынан тарихи өзгерістерді алғашқылардың бірі болып байқады. Бахофен өз ізденісінде, отбасылық өмір құрудағы бүкіл тарихи төңкерістік көзқарасты белгілейді. И.Я.Бахофен аналық құқық пен қоғамдағы әйелдердің жоғарға жағдайына негізделген жеке неке мен отбасына бағытталған, барлық халықтар басынан өткерген, гетеризм тұжырымдамасын әзірледі. Матриархат пен отбасының тарихи даму идеясын Дж.Леббон, И.Колер, М.М.Ковалевский, Л.Штернбург, Л.Г.Морган, Ф.Энгельс қолдады.
Бахофенге мүлдем қатыссыз, отбасының алдыңғы тарихын зерттеген шотландық заңгер Дж.Ф.Мак- Леннан гректердің, кельттердің, германиялықтардың ежелгі тұрмысының нақты этнографиялық негіздемесінде бұрынғы некеге отыруды зерттеді. Мак-Леннанның зерттеуіде Бахофеннің ашқан жаңалығын растады.
Меншікті отбасы әлеуметтануын зерттеуді бастаған француз әлеуметтанушысы Фредерик ПьЕр Ле Пле (1806-1829жж.) және отбасы қарым-қатынасы бойынша Америка Ұлттық Кеңесінің алғашқы басщыларының бірі – американдық әлеуметтанушы Эрнест Берджесті (1886-1966жж.) айтуымызға болады. Фредерик Ле Пле қоғамдық өмірді бақылады, ал бақылау ретінде қоғамның қарапайым моделі, торы ретінде отбасын таңдады. Оның көзқарасы бойынша қоғамның барлық ерекшеліктері, оның тұрақтылығы немесе тұрақсыздығының бастауы осы отбасында қалыптасады. Ле Пле бойынша қоғамның тұғырлы бөлшегі отбасы, түбірлі отбасы (ата-ана отбасы және үлкен баласының көшірмелі отбасы) болып табылады. Әлеуметтік тәртіп және бостандықтың түпнұсқасы, патриархалдықты ұстанған отбасы мен «эгоистік атализм» заманауи тұрақсыз отбасынан басқа қоғамдағы отбасының, түбірлі отбасының рөліне қатысты болды.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Отбасы әлеуметтануы пәнінен лекциялар жиыны.

1 тақырып. Отбасының әлеуметтанулық теориясы.
1.1. Отбасы туралы ғылымның туындауы.

Отбасы әлеуметтануы- әлеуметтану ғылымының орта деңгей теорияларның
бірі және қоғамның әлеуметтік өмірін зерттеуде алғашқы орында. Отбасы және
неке мәселесін зерттеу- әлеуметтанулық білімнің едәуір көп зерттелген
саласы. Отбасы саласындағы отандық және шетелдік әлеуметтанушылардың
шығармашылық мұрасы өте көп, отбасы ғылымы XIX ғасырдың бірінші жартысында,
толығырақ айтқанда 1861 жылы швейцария тарихшысы Иоганн Якоб Бахофеннің
Ананың құқы атты кітабы жарыққа шыққан күннен басталды. Бахофен отбасы
тарихы бойынша тарихтың қайнар көзі ретінде ежелгі классикалық
әдебиеттерге талдау жасап, ежелгі аңыздарда еркектер мен әйелдердің өзара
қарым-қатынасынан тарихи өзгерістерді алғашқылардың бірі болып байқады.
Бахофен өз ізденісінде, отбасылық өмір құрудағы бүкіл тарихи төңкерістік
көзқарасты белгілейді. И.Я.Бахофен аналық құқық пен қоғамдағы әйелдердің
жоғарға жағдайына негізделген жеке неке мен отбасына бағытталған, барлық
халықтар басынан өткерген, гетеризм тұжырымдамасын әзірледі. Матриархат пен
отбасының тарихи даму идеясын Дж.Леббон, И.Колер, М.М.Ковалевский,
Л.Штернбург, Л.Г.Морган, Ф.Энгельс қолдады.
Бахофенге мүлдем қатыссыз, отбасының алдыңғы тарихын зерттеген
шотландық заңгер Дж.Ф.Мак- Леннан гректердің, кельттердің,
германиялықтардың ежелгі тұрмысының нақты этнографиялық негіздемесінде
бұрынғы некеге отыруды зерттеді. Мак-Леннанның зерттеуіде Бахофеннің ашқан
жаңалығын растады.
Меншікті отбасы әлеуметтануын зерттеуді бастаған француз
әлеуметтанушысы Фредерик ПьЕр Ле Пле (1806-1829жж.) және отбасы қарым-
қатынасы бойынша Америка Ұлттық Кеңесінің алғашқы басщыларының бірі –
американдық әлеуметтанушы Эрнест Берджесті (1886-1966жж.) айтуымызға
болады. Фредерик Ле Пле қоғамдық өмірді бақылады, ал бақылау ретінде
қоғамның қарапайым моделі, торы ретінде отбасын таңдады. Оның көзқарасы
бойынша қоғамның барлық ерекшеліктері, оның тұрақтылығы немесе
тұрақсыздығының бастауы осы отбасында қалыптасады. Ле Пле бойынша қоғамның
тұғырлы бөлшегі отбасы, түбірлі отбасы (ата-ана отбасы және үлкен
баласының көшірмелі отбасы) болып табылады. Әлеуметтік тәртіп және
бостандықтың түпнұсқасы, патриархалдықты ұстанған отбасы мен эгоистік
атализм заманауи тұрақсыз отбасынан басқа қоғамдағы отбасының, түбірлі
отбасының рөліне қатысты болды.
Отбасына әлеуметтанулық зерттеуді бастаған Генри Моргон Льюс (1818-
1881жж.) ұсынған әдіс тарихи болып табылады, өйткені адамдардың бастапқы
тарихындағы отбасылық қарым – қатынас тарихи даму барысына қосылған
болатын. Моргонның шығармасы – Ежелгі қоғам 1877 жылы басылып шықты.
Моргон отбасы туралы ғылымның негізін салушылардың бірі болып табылады. Ол
америкалық үндістердің қоғамдық құрылымын және олардың отбасылық тұрмысын
бақылады. Оның жұмысында нәсілшілдік теорияға қарсы бағыттталған, адамның
пайда болу бірлігі- моногеизм тұжырымдамасы ерекше орын алады.
Классикалық әлеуметтануда отбасылық қарым-қатынас, қоғамдық дамудың
жалпы мәтінімен талданағн. Отбасы туралы ғылым, ХХ жүзжылдықта
әлеуметтанудың салалық деңгейінің дамуына орай жеке пән бола бастады.
Әлеуметтанудың негізін салушы Огюст Конт, отбасын әлеуметтік
статистикалық көзқараспен жалпы адамдық әмбебап құбылыс ретінде қарады.
Конт Позитивті философия курсы атты еңбегінде отбасы нағыз
әлеуметтанулық элемент ретінде қаралады. Қоғам отбасының өзін-өзі өтеуінен
құралады. Адамзат отбасы, рулар, ұлттардан мемлекетке дейінгі тарихи
кезеңдерден бірізділікпен отті.
Отбасы-инстинкті, көңіл-күйі бір-біріне үйір болуы негізінде құрылған
одақ. Бұл әлеуметтік өмір мектебі, онда әрбір адам мойындауды және
басқаруды, басқалармен және бір-бірімен үйлесімді өмір сүруді үйренеді.
О.Конт жеке меншікті және мүлікке мұрагерлік құқын жақтаушы болды. Отбасы,
меншікке ие бола отырып, қоғамның алдында оны қалай жұмсағаны үшін жауапты.
О.Конт отбасын меншіктің негізгі сақтаушысы ретінде қарап, оның жалпыға
ортақ болуына басы бүтін қарсы болды. Қоғамда адамның денесі сияқты барлық
бөліктері жүйеленген. Отбасы-өзінің үлгісі бойынша қоғам құрылатын
әлеуметтік элемент.
Отбасы туралы ғылымның дамуына көп еңбек сіңірген, француз
әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) атап айта аламыз. Э.Дюркгейм
отбасы институт ретінде әмбебап табиғи тәртіпке қосылған, әлеуметтік
шындықтың бөлігі ретінде қарастырады. Отбасы – шынайы тұрмыс заңына
бағынатын тұрақты, негізделген құбылыс. Әлеуметтік ынтымақтастықтың
тақырыбы – Дюркгеймнің басты әлеуметтанулық басты. Қоғамның бірлігінсіз,
оның институттары тұрақтылығын жояды. Әлеуметтік институттар, отбасын қоса
алғанда, нақты қажеттілікке сәйкес келеді және табиғаттың өзі тәрізді,
жоғары деңгейде мықты және тұрақтылыққа ие бола алады. Э.Дюркгейм
әлеуметтануға аномия теориясын енгізді. Аномия отбасы үшін ауыр зардап
әкеледі.
Отбасы әлеуметтануына Әлеуметтік топ теориясын енгізген америкалық
әлеуметтанушы Чарльз Кули (1864-1929). Кули қоғамдық институттардың әр
түрлі алғашқы және екінші топтарын жүргізді. Алғашқы топтарға – отбасы,
көрші, балалар қоғамның негізгі көздері болып табылды. Олар жақындық,
тұлғалық, бейресми байланыстармен, тікелей қатынастармен, тұрақтылықпен,
шағын мөлшермен сипатталады. Екінші қоғамдық институттарға – таптар,
ұлттар, партиялар, Кулидің теориясы бойынша артық қатынас қалыптаспайтын
және тұлға нақты қызметті атқарушы ретінде ғана қосылатын әлеуметтік
құрылымды құрады.
Әлеуметтанудың классикалық бағытының танымал өкілі Макс Вебер (1864-
1920) отбасын әлеуметтануллық талдаудың арнайы обьектісі ретінде
қарастырмаған, бірақ оның методологиялық көзқарасы отбасы әлеуметтануы үшін
едәуір жемісті болып саналады. Веберлік әлеуметтік философия әлеуметтік
өмірдең жаңашылдығының негізгі идеясы адамдардың арасындағы өзара қатынас
пен отбасы қатынасының мәдениетін оңтайландыру мүмкіндігін болжайды.
Вебердің түсіну әлеуметтануы отбасының позитивті теориясының классикалық
тұғыры.
Батыста отбасының өзгеру мәселесін қою, бүкіл әлеуметтік-тарихи жүйені
сілкіндірген, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ірі экономикалық дағдарыс
уақытымен сәйкес келеді. Осы кезде жарық көрген аса маңызды жұмыс,
америка әлеуметтанушысы Уильям Огборнның Өзгеруші отбасы (1929) кітабы
болды. Огборн, отбасын өз мүшелеріне ұсынатын өзін-өзі өтейтін қызмет деп
қарады.
ХХ ғасырда отбасының жағдайы туралы мәселе – адамзаттың ең ірі
мәселелердің қатарына енді. Капитализм мен социализм кезіндегі отбасының
қызметтері қарама-қарсы қойылды. Капитализм кезінде отбасы – капиталды
жинау орны, социалистік отбасы – тұрмысты орындастыру орны.
60-жылдардың аяғында әлеуметтану және әлеуметтанулық даму басталды.
Ресми түрде айтылған, насихатталған идеологиядан, отбасы тұрмысын
сипаттауда отбасын зерттеудің ғылыми негіздерін іздеуге көшті. Отбасын
жүйелі түрде зерттеу жобаланды, методологиялық мәселелер көтерілді.
әлеуметтануда шағын топтарды, жеке адамдардың қарым-қатынасын зерттеу
дамыды, талдаудың мәні-отбасында болып жатқан іс-әрекеттік құрылым мен
құрылымдық өзгерістер болды. Алғашқы деңгейдегі теориялық мәселе ретінде
некенің тұрақтылығы, бала туу, отбасының тәрбиесі бөлінеді. Алғашқылардың
бірі болып әлеуметтанушылар отбасындағы дағдарыстың белгілері туралы дабыл
қақты және олардың біздің қоғамымыздағы қарама-қайшылығы айтылды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік қоғамның маңызды бір саласы ретінде отбасы әлеуметтануы.
2. Отбасы әлеуметтануының нысаны.
3. Отбасы әлеуметтануының пәнін анықтаңыз.
4. Әлеуметтанулық ғылымдар жүйесіндегі отбасы әлеуметтануының алатын
орны.

2 тақырып. Отбасын зерттеуге қажетті негізгі теориялық көзқарас.

Отбасы әлеуметтануындағы теория мен тұжырымдаманың молдығы – отбасын
іргелі және қолданбалы зерттеу бағдарламасының теориялық тарауын табысты
құрастыруға мүмкіндік береді, әлеуметтанулық зерттеудің сапасын арттырады.
Шетелдік отбасы әлеуметтануында Америкада 50-жылдардың соңында
әлеуметтанушылар Р.Хилла мен У.Гуданың күш салуының арқасында, теорияны
жүйелеу басталды.
Р.Хилл теориялық сызбаны құрауға, талдауға және отбасын зерттеуге,
әсіресе отбасының дамуы мен кеңеюіне үлкен үлес қосты. Ол отбасын бір
уақытта институт және әлеуметтік топ ретінде қарастырды. Р.Хиллге сәйкес,
отбасын зерттеуде келесі 5 көзқарас құрастырушы ретінде қарайды:
1. институциональды-тарихи көзқарас (эволюционизм);
2. құрылымдық-қызметтестік көзқарас;
3. интеракционистік-рөлдік талдау, символдық интеракционизм;
4. оқиғалық-психологиялық көзқарас;
5. дивелонменталды көзқарас;
Бастапқы аталған көзқарастар отбасын қоғамда орындайтын рөлі мен
қызметі, сондай-ақ отбасының құрылу серпіні мен оның әлеуметтанулық әсері
бойынша зерттеуге бағытталады. Соңғы үш көзқарас жеке адам мен топтың
әлеуметтік мінез-құлқына бірігеді.
Американдық Д.Попеное өзінің көзқарасында патриархтық отбасының құлауын
қалай отырып, оны қабылдаушы – нуклеарлық отбасында, отбасының құлауы және
әлеуметтік институт ретіндегі дағдарыс туралы айтуға мүмкіндік беретін
бұзылушылықтар болып отырады деген тұжырым жасаған.
Осмонд Мэри феменист әлеуметтануы бойынша америкалық мамандар ұсынған,
отбасын зерттеуге негізгі теориялық көзқарасты топтастыруда феменизм-
субьективті теорияға, ал фамилизм-обьективті теорияға жатады. Екі
көзқараста қоғамның түбегейлі қайта құрылуына бағытталған, біріншісі
әлеуметтік институттардың арасындағы қарым-қатынастарды қайта құруға,
екіншісі есептеу мен тіркеуге орын ауыстыруға бағытталды.
Фамилизм - тұлға мен қоғамның нереспонсивтілігі, қоғам мен отбасының
жекелік құралы ретінде институттардың тең құқықты екенін анықтайды.
Феменизм – еркектердің еркектер үшін орнатқан әлемінен, әйелдер мен
еркектердің тең құқықсыздығы рухында балаларды тәрбиелеуші отбасымен,
адамның денесін физиологиялық антрогин тәрізді негізде қолдан жасалған
еркектер мәдениеті, жыныстық ассимитриямен әйелдердің күресуін ұсынады.
1974 жылы Оукли Энн үй бойынша әлеуметтанулық талдау отбасының
қызметтестік талдауымен келіспейді. Оукли, мысалы, үй шаруашылығындағы
әйелдердің рөлі әлеуметтік тұрғыда жасалған, ол индустриализация
үдерісінде пайда болған және күшті шаруашылық және әйелдік ңәзіктік
идеологиясын қолдайды.
Отбасылық әлеуметтану – олардың әлеуметтік институттар арасында
отбасының бағыныштылық жағдайының себептерін көреді. Қоғамдағы отбасы
саясатының нәтижесінде барлық институттардың тең құқықтығы, отбасы
мүддесінің және соның арқасында тұлға мүддесінің, сондай-ақ қоғам
мүддесінің шектелуін жоюды білдіреді.
Символикалық интеракционизм бағыты отбасын әлеуметтік зерттеуде, көбіне
негізін салушы тарау – балалар әлеуметтенуінде басты бағыттардың бірі болып
табылады. Символикалық интеракционизмнің мәнін, осы бағыттың негізін
салушы Дж.Г.Мидтің ізін басушы Г.Блумер нақты баяндады. Символикалық
интеракция сөзінің мағынасы – адамдар арасында жүзеге асырылатын,
интеракцияның нақты жетілген түріне жатады. Бұл интеракцияның ерекшелігі –
адамдардың бір-бірінің әрекетіне жай ғана көңіл аударып қоймайды, сондай-
ақ оларды анықтайды және түсіндіреді. Олардың әрекеті басқалардың
әрекетінен тікелей туындайды, ал олар әрекеттің мәнін береді.
Символикалық интеракционизм рөл теориясына сүйенеді, негізгі термин
өзгенің рөлді қабылдауы болып табылады. З.Фрейд , сәйкестендіру теориясын
ұсына отырып, кез келген жеке тұлға өзін теңестіретін басқа адмның іс-
әрекеті тәрізді, өзін ұстай білу, ойлану және сезінудің көмегімен оны
сенімсіздік үдерісі ретінде сипаттайды. Атақты Чарльз Кулидің Айнадағы
Мен теориясында осы идея жақсы қарастырылған. Шағын топтар теориясының
негізін салушы америкалық әлеуметтанушы отбасы кіретін алғашқы топты
ажыратты.
Құрылымдық-қызметтік талдау өкілі Мертон Роберт Кинг әлеуметтік рөл
түсінігін ашу кезінде, қандай да бір обьектіге немесе адамға қарым-қатынасы
бойынша өзара көңіл-күй орнатуды болдырмайтын, қарама-қарсы тұлғаның терең
құрылымды болуы - әлеуметтік амбиваленттілікті пайдаланады.
Әлеуметтануда құрылымдық-қызметтестік бағыттың өкілі Т.Парсонс, алғаш
рет әлеуметтік рөлді жүйелендіруге тырысты. Оның әрекеті, әлеуметтік рөл
келесі мінездеменің көмегімен жазылуы мүмкін:
1. Эмоционалдығы бұл жерде әңгіме кейбір жағдайларда эмоционалдық жағынан
өзін-өзі ұстай білудің рөлі туралы болып отыр.
2. Алу тәсілі жыныстық келісіліп, этностық өтуі, туылған орнына жазылған
мәртебелер.
3. Өлшемі адамдардың өзара қарым-қатынасы нақты бір әлеуметтік аспект
бойынша шектеледі.
4. Формальдық анықталған мақсаттар, адамдардың өзара қарым-қатынасын
реттейді.
5. Уәждемелеу күтілетін рөлдерді нақты сарын бар.
Қызметтік көзқарасқа сәйкес отбасы қарым-қатынастары отбасы өмірінің
бейнесі мен отбасы тәртібінен өндірілген болып табылады, отбасының
әлеуметтік мәдени қызметтері ескерілген және некемен, туысқандықпен және
ата-анамен байланысты әлеуметтік мәдени рөлдер жүйесінде құрылады. Даму
барыс экзогаммалық аналық ру орнын басатын бастапқы жағдайын көрсетті:
1. Барлық зерттелген халықтардың барлығында дерлік анасы бойынша туысқандық
есебі әкесі бойынша туысқандық есебінен асып кетті.
2. Жыныстық қатынастардың алғашқы сатысын уақытша бір некелік қарым-
қатынастар қатарында, некелік қарым-қатынастардың кең бостандығы басшылық
етеді.
3. Некенің дамуы осы жыныстық өмірдің бостандығын бірте-бірте шектеуден
құралады.
4. Некенің дамуына топтық некеден жеке некеге ауысуынан құралады.
Штомп кітабы атап айтылғандай, қазіргі таңда әлеуметтанушылардың өте
жиі қолданатын тарихи үдеріске теориялық негіз болды. Қазіргі уақытқа дейін
отбасы әлеуметтануында бастама айқындаманы отбасының әлеуметтік қызметін
алдын-ала болжайтын зерттеулер қоғам мүдддесінің бұрыштама бастамасы
бойынша болғпн, әлеуметтік орталық әдісті алып жатты. Жүйелік талдау,
құрылымдық-қызметтік, институционалды, іс-әрекеттік және кешендік барыс
негізінде оның күйі мен қызметі туралы заманауи көзқараспен жауап беретін
отбасы моделі құрлуы мүмкін.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Отбасының құрамы, құрылымы, тұрпаты.
2. Отбасы топтарының өзара топтасып әрекет ету сипаты.
3. Неке және отбасы ұғымы.

3 тақырып. Қазіргі заманғы отбасының әртүрлі санаттары.

Бүгінгі таңдағы отбасы түрінің, нысанының және дәрежесінің санаты сан
қырлы. Отбасы типологиясы, зерттеуге бөлінген заттың әр алуан жолдарын
анықтайды. В.С.Торохтий көрсеткендей заманауи отбасылар келесі белгілер
бойынша өзара ажыратылады:
• Балалардың санына қарай: баласыз немесе инфертилді, бір балалы
отбасы, аз балалы отбасы, көп балалы отбасы;
• Құрамына қарай: жартылай отбасы, жеке, жәй немесе нуклеарлық,
күрделі, үлкен отбасы, аналық отбасы, қайта некелескен отбасы;
• Құрылымына қарай: балалы немесе баласыз бір некелі жұп;
жұбайлардың біреуінің ата-анасымен және басқа туысқандарымен
немесе оларсыз; анасымен және балаларымен;
• Отбасындағы басқару түріне қара: эгалитарлы және авторитарлы;
• Отбасы тұрмысы, салты бойынша: жұбаныш отбасы; бірінші орынға
жайлылықты немесе денсаулықты, тәртіпті қоятын отбасы;
• әлеуметтік құрамының біртектестігі бойынша: жастар, жас отау, бала
күтіп отырған отбасы, орта,и жасы үлкен жұбайлар отбасы, қартайған
жұбайлар отбасы;
• географиялық белгісі бойынша: қалалық, ауылдық, шеттетілген;
• бос уақытын өткізудің сипаты бойынша: ашық немесе жабық;
• әлеуметтік мобильділік бойынша: реактивті отбасы, орташа белсенді
отбасы және белсенді отбасы;
• бірлескен әрекет ету корпоративтік дәрежесі бойынша: дәстүрлі,
ұжымдық және жеке.
Отбасылардың әрбір санатынан, оған қатысты неке-отбасы қарым-
қатынастары, заттық-тәжірибелік іс-әрекеттердің әлеуметтік-экономикалық,
әлеуметтік-психологиялық аспектілері, араласатын ортасы мен оның мазмұнын,
отбасы мүшелерінің ерекше эмоционалды байланысы, отбасы мен әрбір
мүшелерінің мақсаты және қажеттіліктерін қоса алғанда, ондағы әлеуметтік
құбылыс пен үдеріс ретінде сипатталады.
Кейінгі уақыттарда әсіресе 90- жылдары тұрғындардың шұғыл әлеуметтік
полярлануы басталды. Отбасы экономикалық қызметті жүзеге асыру
мүмкіндігінен айырылады. Қазіргі таңда кедей отбасылармен қатар, қамтамасыз
етілген және өте бай отбасылар туындады, олар халық арасында жаңа
қазақтар деген атқа ие болып жүр.
Дағдарысты отбасы- кедейлік деңгейінен төменде тұр, физикалық өмір
сүруіне байланысты мәселелер бар.
Игілікті отбасы- сыртқы көмексіз өз мәселелерін шеше алатын, бірақ та
олардың қымбат тұратын қызметтерді пайдалануға күйі жоқ.
Гүлденіп келе жатқан отбасы- қымбат қызметтердің барлық түрін жүзеге
асыруға мүмкіндігі бар, жоғары кірістері бар отьасы түрлері.
Нуклеарлық - нуклеа сөзі – ядросы, демек басты бөлігі, негізі деген
ұғымды білдіреді. Нуклеарлық отбасы балаларымен немесе балаларынсыз жеке
тұратын жұбайлық жұптарды атап айта аламыз. Нуклеарлық отбасы жұбайлық –
туысқандық және балаларының әкесі мен шешесіне, жұбайлықтың нуклеарлық
негізінде қосымша ретінде балалардың бір-бірімен туысқандығының неке қарым-
қатынасына екпін жасайды.
Бүгініг күні кең тараған неке-отбасы қарым-қатынастарының, неке мен
отбасының әртүрлі нысанын алдын ала анықтауға болады:
1. Адал шарт жүйесі негізіндегі неке-отбасы қарым-қатынастары. Екі
жұбай некеден не керек екендігің нақты біледі және белгілі
материалдық табысқа үміттенеді. Сол шарттың талаптары өмірлік
маңызды мәселені шешуде көмектеседі және алға жетелейді.
Махаббат деп айтуға қиын, эмоционалды жақсы көрушілік ондай
одақта бар, бірақта оның барлығы уақыт ағымымен қатар күшейеді.
2. Әділетсіз шарт негізіндегі неке-отбасы қарым-қатынастары. Еркек
пен әйел некеден бір тарапты табыс көргісі келеді және сонымен
серіктесіне залал келтіреді. Бұл жерде махаббат туралы айтудың
да қажеті жоқ, бірақ бұл түрдегі неек отбасы қатынастары бір
тарапты болады.
3. Неке-отбасылық қарым-қатынастар әлеуметтік-нормативтік мақсаттың
дәстүрлі орындалуы. Адамдар нақты бір жаста айналасындағылардың
барлығының үйленгендігін немесе күйеуге шыққандығы және оған да
отбасын құратын уақыт келді деген қорытындыға келді. Бұл –
махаббатсыз, есепсіз, ол тек тепе-теңдікті сақтаушы неке.
4. Неке-отбасының қарым-қатынастары махаббатпен құрметтелген. Екі
адам өз еркімен қосылады, өйткені олар бір-бірінсіз өмірлерін
елестете алмайды.
Отбасының табысты қызметіне сәйкес, ішкі факторларға отбасы
әріптестерінің жеке ерекшіліктері: бұл жұбайлардың белсенді мінезтану,
әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері жатады.
Ерекше мәнді негізгі өмірлік бағдарлар немесе отбасы әріптестерінің
өмірлік стратегиясын алады:
• Ішкі бақылау – сыртқы бақылау;
• Эгоизм – социоцентризм;
• Қоғамдық бағытты өзіне бағдарлайды;
• Қарсылықты қабылдау – олардың жағымсыздығы;
• өз қасиетінің сезімі - өзіне сенімсіздігі. Неке отбасылық қарым-
қатынастарын бірқалыпты жасайтындар, басқа факторға жатады;
• отбасын сақтауға серіктестердің үнемі құлшынысы;
• отбасы игілігіне келісілген әрекеттерге серіктестердің тілегі мен
қабілеті,
• отбасы мәселесін шешуде әрбір жұбайдың бастамасы және әрбір
қоғамдық іске нақты үлесі;
• жеке мақсаттарының ақылды үйлесімі және отбасының ортақ
қажеттіліктері мен істерңне қажеттілік;
• қиын уақыттарды эмоционалды бірлесу мен бірігуге тырысу,
• эстетикалық жағымдылық,
• сенім-күшсіз, сезімді атмосферасын құру қабілеттілігі.
Отбасындағы қарым-қатынас маңызды рөл ойнайтын, адам рухын жаңғыртудағы
және жеке тұлғаны тәрбиелеудегі отбасының рөлі мен маңызы зор өзгерістерді
басынан өткізіп жатқаны белгілі.
Отбасы – кез келген мәдениетте жеке тұлғалар, әсіресе балалар, олардың
дамуына қажет эмоционалдық, қаржы және материалдық қолдауды алатын табиғи
орта болып табылады. Егер отбасындағы өмір шыдамдылықпен, сый-құрметпен
және әділдікпен өтсе,, олар қоғам, халық және бүкіл әлем құрайтын
құндылықтарды қайта құрады, жаңартады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Отбасын зерттеудің эмперикалық базасы.
2. Отбасын әлеуметтануының дамыту.
3. Некелік-отбасылық қарым-қатынас теориясы.

4 тақырып. Неке мен отбасының тарихи нысаны

Адамзаттың шығу тегіне қызығушылығы – неке мен отбасының тарихи дамуына
ықпал жасады. Отбасы әлеуметтануы неке мен отбасының даму тарихын,
отбасылық қарым-қатынастарының пайда болуын және механизмін зерттейтін
ғылым саласының бірі. Отбасының шығу тарихына көз жүгіртсек ол тарихи
ғылым саласының ең күрделі және тартысқа толы бөлігі болып табылады. Отбасы
тарихы, антропогенез – адамның қалыптаса бастауы мен социогенез –
социумның, қоғамының туындауымен түптелген.
Ежелгі неке сөзінің мағынасын ашатын екі негізгі ғылыми болжамды атап
айта кеткенміз жөн. Бірінші көзқарас, адамзаттың барлық алғашқы тұрмыстық
дәуірін топталған некемен байланыстырады, екінші көзқарас жыныстар
арасындағы қарым-қатынастардың топталған нысанын жоққа шығарады, осыдан
дара некенің әмбебаптылығы туралы ұсыныстар келіп шықты.
Американдық этнограф Л.Моргон, отбасы өз дамуында келесі кезеңдерден
өтті деп есептеген: промискуитет, туысқандық отбасы, пуналуалды отбасы,
синдиасмикалық отбасы және бір некелік отбасы. Отбасының даму
сипаттамасының ортақ беталысы жыныстық серіктер ортасының азаюы мен отбасы
мүшелерін біріктіретін байланыстардың нығаюы болып табылады.
Промискуитет – бұл жабайылылықтың ең төменгі сатысы сипатталған, бірге
тұратын өмірдің бір нысаны, ол кезде дара, өз-өзімен қосылатын отбасы
топтары болған жоқ және отбасылық өмір қоғамаға ұқсас болды,бұл қоғамда
қоғамның барлық мүшелері арасынды ешқандай жүйеленген жыныстық қатынастар
болмады.
Туысқандық отбасы – бұл бір ұрпаққа жататын рулар мен тайпалар
мүшелерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
ХІХ.ғасырдың әлеуметтануы
Отбасы әлеуметтануы
Отбасы әлеуметтануы туралы
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Отбасы түрлері және оның қызметтері
Отбасы ұғымы
Салалық әлеуметтану
Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Пәндер