Амазонка өзенін танып білу
КІРІСПЕ
І ТАРАУ Оңтүстік Американың физикалық географиялық жағдайының ерекшеліктері
І.1. Оңтүстік Американың географиялық орны
І.2. Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері
1.3. Оңтүстік Американың тектоникалық құрылымы және жер бедері.
ІІ ТАРАУ Амазонка өзенінің физикалық географиялық ерекшеліктері
2.1. Амазонка өзені және негізгі салалары
2.2. Амазонка өзенінің климаттық ерекшеліктері
2.3. Өсімідігі мен жануарлары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Материктің кейбір территориялары табиғи апатқа жиі ұшырайды, олар литосферадағы қозғалыстарға, атмосфералық процестерге байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте жоғары Батпақтар пайда болады. Өсімдіктер мен жануарларға бай.
Оңтүстік Американың ең ірі өзені – Амазонка. Оның бассейінің көп бөлігі экватордан оңтүстікке қарай жатыр. Өзен бассейінің көлемі 7 млн. км2- ден асады, ұзындығы негізгі бастауынан 6480км. Амазонканың су шығыны дүние жүзіндегі барлық ең ірі барлық өзендердің шығындарынан бірнеше есе артып кетеді.Ол орта есеппен 120 мың м3/с – қа тең. Амазонканың жылдық орташа ағыны (3800км3) бүкіл Оңтүстік Америка ағынының көп бөлігін және жер шарының барлық өзендерінің ағынының 15-ін құрайды.
Курстық жұмыстың міндеті мен мақсаты: Амазонка өзенін танып білу болып табылады және Оңтүстік Американың құрылымын анықтау.
Курстык жұмыстың зерттейтін нысаны: Оңтүстік Америка материгінің ішкі суларын соның ішінде Амазонка өзенін зерттеу және оларды қорғау мәселелері. Оны адамзаттың игілігіне дұрыс жаратып, өсімдік пен жануарлар қорларын қорғау жолдарын қарастыру болып табылады.

1. Т.В. Власова. Материктердің физикалық географиясы. А.: 1985 ж.
2. А.Д. Гожев Южная Америка М. 1984ж.
3. Е.Н Лукашева Южная Америка М.1981ж
4. Мильков Ю.И. Основые проблемы физической географии.М.: 1982г.
5. Марков К.К., Величко А.А. Материки и океаны . М.: 1986г.
6. Қазақ Совет энциклопедиясы 5-ші том. А. 1978ж.
7. Власова Т.В. Физическая география частей света. М.:, 1961 г,
8. Притула Т.Ю. Физическая география материков и океанов. М.: 2003 г.
9. Рябчиков Ю.С. Физическая география материков и океанов. М.: Просвещение 1981г.
10. Н.Баяндин “Географиялық ашулар” А. 1970 жыл 125-141бет аралығы.
11. “Қазақ совет энциклопедиясы” Бас редакторы: М. Қ. Қаоатаев 1975 жыл.
12. “Жалпы гидрология” Ж. Достайұлы. А 1996жыл “Білім”
13. “Жалпы жертану” Ж.Н. Мұқашев Алматы 2002 жыл.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
І ТАРАУ Оңтүстік Американың физикалық географиялық жағдайының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 7
І.1. Оңтүстік Американың географиялық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
І.2. Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері ... .9
1.3. Оңтүстік Американың тектоникалық құрылымы және жер бедері.10
ІІ ТАРАУ Амазонка өзенінің физикалық географиялық ерекшеліктері
1. Амазонка өзені және негізгі
салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2. Амазонка өзенінің климаттық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...17
3. Өсімідігі мен
жануарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...25
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .26
Кіріспе
Материктің кейбір территориялары табиғи апатқа жиі ұшырайды, олар
литосферадағы қозғалыстарға, атмосфералық процестерге байланысты. Жауын-
шашын мөлшері өте жоғары Батпақтар пайда болады. Өсімдіктер мен жануарларға
бай.
Оңтүстік Американың ең ірі өзені – Амазонка. Оның бассейінің көп
бөлігі экватордан оңтүстікке қарай жатыр. Өзен бассейінің көлемі 7 млн. км2-
ден асады, ұзындығы негізгі бастауынан 6480км. Амазонканың су шығыны дүние
жүзіндегі барлық ең ірі барлық өзендердің шығындарынан бірнеше есе артып
кетеді.Ол орта есеппен 120 мың м3с – қа тең. Амазонканың жылдық орташа
ағыны (3800км3) бүкіл Оңтүстік Америка ағынының көп бөлігін және жер
шарының барлық өзендерінің ағынының 15-ін құрайды.
Курстық жұмыстың міндеті мен мақсаты: Амазонка өзенін танып білу болып
табылады және Оңтүстік Американың құрылымын анықтау.
Курстык жұмыстың зерттейтін нысаны: Оңтүстік Америка материгінің ішкі
суларын соның ішінде Амазонка өзенін зерттеу және оларды қорғау
мәселелері. Оны адамзаттың игілігіне дұрыс жаратып, өсімдік пен
жануарлар қорларын қорғау жолдарын қарастыру болып табылады.

ерекшеліктері
Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, экваторлық
және субэкваторлық белдеулерде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субтропиктік
және қоңыржай ендіктеріне материктің енсіз бөлігі ғана кіреді.
Оңтүстік Американың енді жері (5000 км-ден астам) 5° о. е.-те. Материктің
ең батыстағы нүктесі — Париньяс мүйісі (81° 20' б. б.), ең шығыстағысы —
Кабу-Бранку мүйісі (34° 46' б. б.).
40° с. е.-тен оңтүстікке қарай материктің екі 600 км-ден аспайды.
Оңтүстік Америка солтүстікте 12° 25' с. е. дейін (Гальинас мүйісі),
оңтүстікте—53° 54' о. е. дейін (Магеллан бұғазындағы Фроуорд мүйісі)
жетеді.
Отты Жер архипелагының қиыр оңтүстік нүктесі — осы аттас аралдағы Горн
мүйісі — 55° 59' о. е.-те жатыр.
Солтүстік Америкамен арадағы географиялық шекара Кариб теңізіндегі
Дарьен шығанағынан Тынық мұхиттағы Буэнавентура шығанағына дейінгі аралықта
өтеді. Панама мойнағы екі материк арасындағы шекара деп шартты түрде
есептеледі.
Оңтүстік Америка төңірегінде аралдар біршама аз. Оның жағалауына таяу
жатқан материктік ірі аралдар — Тринидад, Чили, Отты Жер, Фолкленд
аралдары. Мұхиттық аралдардан Оңтүстік Америкаға Галапагос, Хуан-Фернандес
аралдары жатады.
Оңтүстік Американың жер көлемі оған тиісті аралдармен қоса есептегенде
шамамен 17 850 мың км2. Оның 150 мың км2-і ғана аралдарға тиесілі.
Экватор тұсында Оңтүстік Американың жағасына Атлант мұхитынан Оңтүстік
Пассат ағысы келеді. Сан-Роки мүйісі тұсында ол екі тармаққа бөлінеді,
тармақтың біреуі Гвиана ағысы деген атпен материктің жағасын бойлап
солтүстік-батысқа Антиль аралдарына қарай, ал екіншісі — Бразилия ағысы
оңтүстік-батысқа Ла-Платаның сағасына қарай ағады.
Материктің оңтүстік-шығыс жағалауы тұсында Фолкленд салқын ағысы
өтеді. Бразилия және Фолкленд ағыстары 40° және 35° о. е. аралығында Ла-
Плата ауданында тоғысады.
Атлант мұхиты жағалауында құрлыққа ішкерілеп еніп жатқан ірі
шығанақтар жоқтың қасы. Тек оңтүстік-шығыста Патагонияның жағасына жарты
шеңбер тәріздес Сан-Матиас, Сан-Хорхе ірі қойнаулары т. б. еніп жатады.
Парана езені құятын жерде жаға Ла-Платанық кең әрі ұзын эстуарийімен
тілімденген. Одан солтүстікке таман Оңтүстік Америка жағалауына терең және
кеме тұруға қолайлы шағын қойнаулар кіріп жатады. Аса ірі өзен сағаларында,
әсіресе Амазонканың сағасында кең қойнаулар бар.
Кариб теңізі жағалауындағы біраз ірі түбек қолайлы шығанақтарды бөліп
тұрады. Солтүстікте Пария шығанағы мен осы аттас түбек, солтүстік-батысы
мен шығысынан Гуахира және Парагуана түбектері оқшаулап тұратын ең ірі
шығанақ — Венесуэла шығанағы ерекше көзге түседі. Панама мойнағы етегінен
теңізге қарай кеңейе түсетін Дарьен шығанағы басталып кетеді.
Тынық мұхиттың Онтүстік Америка жағасы тұсында континенттік платформа.
Өте енсіз болады, ал кей жерде ол мүлде жоқ. Материкке таяу маңда ең тереңі
7000 м-ден асатын терең мұхиттық шұңғымалар өңірі жатыр. Жылы ағыстардың
әсері экватордың солтүстік жағында сезіледі, ал Оңтүстік Американың Тынық
мұхит жағалауының қалған өн бойында күшті Перу салқын ағысының әсері
байқалады, оның салқын суы оңтүстіктен экваторға дейін ұласып жатады.
Материктің солтүстік-батыс жағалауы шамамен 5° о. е. дейін өте
тілімденіп кеткен. Ең ірі және қолайлы қойнау — Гуаякиль. Оңтүстікке қарай
30° о. е. дейін жаға мүлдем тілімденбеген, биік және кеме қатынасына
қолайсыз. Дегенмен, Тынық мұхит жағалауының ең оңтүстік бөлігі тілімденіп
кеткен және оны бойлай Чили мен Отты Жер архипеларын құрайтын көптеген
ірілі-ұсақты аралдар жатыр. Материктің жағалауына ішкерілей кіріп жатқан
шығанақтар мен жеке аралдарды бөліп тұратын бұғаздар ирелең келеді әрі
енсіз болады. Бұған Корковадо мен Пеиьяс ірі шығанақтары, сондай-ақ
материктен Отты Жер архипелагын бөлетін Магел-лан бұғазы мысал бола алады.
І.1. Оңтүстік Американың географиялық орны
Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге Америка дүние
бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен
қосып, Латын Америкасы деп те атайды. Материк пішіні солтүстік жарты шардың
субэкваторлық белдеуінен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне дейін
созыла орналасқан үш-бұрышқа ұқсайды. Ең енді жері 5° о.е. бойына сәйкес
келеді. Жағалаулары көпшілік бөлігінде тікжартасты, онша тілімденбеген
болып келеді. Тек ірі жазықтар ұласып жа-татын жағалауларда ғана оңтүстікке
қарай шағын шығанақтар орналасқан. Материк жағалауларына жақын маңда
аралдар аз, тек оңтүстік-батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы
кездеседі. Магеллан бұғазы арқылы материктен ең ірі Оттыжер аралы бөлініп
жатыр.
Материктің батысын Тынық мүхит, ал шығыс жағалауларын Атлант мұхитының
сулары шайып жатыр. Оңтүстік Америка жағалауларында материктік қайраң өте
енсіз әсіресе Тынық мұхит жағалауларында бірден терең шұңғымалар басталады.
Олар Тынық мұхит литосфералық тақтасының майысып, Оңтүстік Америка
плитасының астына енуінен қалыптасқан. Материктің солтүстік жағалауын
Атлант мұхитының Карибтен шайып жатыр.
Батыста аса биік Анд тауларының орналасуына байланысты Тынық мұухиттың
материк табиғатына тигізетін әсері шектеулі болады. Материктің экватордан
солтүстікке қарай жатқан бөлігінде жағалауға бағытталған жылы ағыстар
жүйесі тау етектеріне мол ылғал әкеледі. Қоңыржай ендік пен экватор
аралығындағы суықағгысы бойлай өтетін жағалау бөліктерінде жаңбыр өте сирек
болады, осында атақты Атақтама шөлі орналасқан. Әрбір 10-12 жылда Тынық
мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі желдер бағытының өзгеруінен Перу суық ағысы
жағалаудан ашық мұхитқа қарай ығысады. Соның нәтижесінде Эль-Ниньо жылы
ағысы қалыптасады. Ол ағыстың әсері 18 айға дейін байқалып, жағалаудың ауа
райына үлкен өзгеріс әкеледі. Беткі су жылынып, судағы оттегі мөлшері
азаяды. Соның әсерінен планктонның өнімділігі төмендейді. Қорек
азайғандықтан, балықтар мұхиттың басқа бөліктеріне ығысады, құс базары да
сирейді. Жылы ағыстың әсерінен жылынып, әрі ылғалдана қаныққан ауа
жағалауға нөсер жаңбырлар алып келеді. Уақытша пайда болатын тасқынды
өзендер жағалаудағы қалың құс саңғырығы гуаноны мұхитқа шайып алып кетеді.
Мол ылғал әсерінен өсімдік жамылғысы қаулап өседі. Эль-Ниньо жылы ағысының
ықпалы әлсірегеннен кейін, Атакама шөліндегі табиғат жағдайлары бұрынғы
қалпына келеді.
Оңтүстіктегі қоңыржай белдеудің жағалық батыс бөлігі батыс тасымалының
ықпалында болатындықтан, ылғал аса мол түседі.
Материк табиғатына Атлант мұхитының әсері де күшті: дүние жүзіндегі ең
ылғалды материк болып есептелетін Оңтүстік Америка ылғалдың басым бөлігін
осы Атлант мұхитынан алады. Бұл материктің шығысында жер бедерінің біршама
аласа болуымен және жағалау бойымен жылы ағыстардың күрделі жүйесі өтуімен
байланысты. Тек қиыр оңтүстік-шығысындағы Фолкленд суықағысының ықпалында
болатын Патагония жері құрғақ болып келеді.
І.2. Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері
Оңтүстік Американың көп бөлігі — Оңтүстік Америка платформасы
Гондвананың құрамына кірген және оның қалған бөлігімен бірге протерозойдың
аяғында — кембрийдің басында қалыптасқан. Ол мұнан кейінгі бүкіл тарихында
көбінесе көтерілу қозғалысына ұшырап, оның негізгі бөлігі құрлық күйінде
қалған.
Протерозойдың аяғынан бастап платформаның негізгі құрылымдық
элементтері айқындалған: Парананың төменгі жағынан солтүстікке-таман Гвиана-
Бразилия мегақалқаны оқшауланған, онда кембрийге дейінгі фундамент үлкен
кеңістікте жер бетіне шығып жатады.
Оңтүстік бөлігінде түгелге жуық шөгінді жыныс жамылған Пампа-Патагония
плитасы айқын көрінеді. Мегақалқан алабында Гвиана, Шығыс Бразилия және
Батыс Бразилия дөңдері бөлінген, олардың аралықтарында палеозойдың басында
синеклизалар қалыптаса бастаған, синеклизаларды мезгіл-мезгіл теңіз басып
отырған.
Осы кезде байқал құрылымдарында платформанын батыс шекарасын
айқындайтын Анд геосинклиналь аймағы түзілген.
Палеозойдың бүкіл бірінші жартысында геосинклинальда орогендік
процестер өткен, ал платформаның синеклизалар алып жатқан жерлері
трансгрессияларға ұшыраған. Палеозойдың екінші жартысында, Анд
геосинклиналында тектоникалық қозғалыстар барынша шарықтаған кезде,
платформа көтеріліп, түгелдей дерлік құрлыққа айналған. Көтерілуге
байланысты климат салқындап, мұз басқан. Ол Африкадағы сияқты платформаның
орталық бөлігіндегі орасан зор кеңістікті қамтыған.
Пермнің аяғында тау түзілісі Анд геосинклиналын түгелдей қамтыған, ал
платформа көтеріле берген. Соның нәтижесінде континенттік жағдай тек
қалқандарда ғана емес, сонымен бірге көлдік-аллювийлі қабаттар жиналып
жатқан синеклизаларда да орнаған. Платформадағы мұндай жағдай мезозойдың
бүкіл бірінші жартысында сақталған. Мезозойдың бірінші жартысында
тегістелген кеңістік платформаның қазіргі жер бедерінде үлкен; роль
атқарады.
Юрада Анд геосинклиналында және Патагонияда жанар тау әрекеті болған.
Юра мен бордың аралығында күшейе түскен жанар тау әрекеті ойыстар шетін,
әсіресе Парана ойысын қамтыды. Мұнда жарықтардан базальт ағып, ол 2 млн.
км2 жуық ауданды орта есеппен алғанда 600 м-дей қалыңдықта жауып кетті.
Мезозойдың екінші жартысында Атлант мұхиты аймағында жердің төмен
түсуі болған, осыдан барып Оңтүстік Америка Африкадан бөлінген. Сонымен
бірге кей жерлерде платформа Атлант мұхиты жағынан трансгрессияға ұшыраған,
ал қалқандардың кейбір алаптары компенсациялық жолмен көтерілген. Онымен
бір кезде Амазонка және Парана синеклизаларында қайтадан жанар тау әрекеті
орын алған. Платформаның құрлық күйінде қалған алаптарында жаңа
тегіс беттері түзілген, сондай-ақ жер бедері қазіргі кезге дейін
сақталып қалған.
Мезозойдың аяғында Анд геосинклиналында суға бату басымдау болып, ол
платформаның шеткі бөліктерін қамтыған.
Бор дәуірінің аяғына қарай Оңтүстік Америкада казіргі кездегіге
шамалас климат жағдайы қалыптасқан. Органикалық дүние құрамында бірте-бірте
жоғалып бара жаткан мезозой фаунасы мен флорасы орнына қазіргіге ұқсас
түрлер шыға бастаған. Жануарлар дүниесінің құрамында бұлар балықтар,
құстар, сондай-ақ қалталы және плацентарлық (насеком қоректі) сүт
қоректілер болды. Флора үшін жабық тұқымды өсімдіктердің қаулап дамуы тән
болды. Оңтүстік Америка мен Африка бөлінгенге дейін олар үшін ортақ түр
құралу орталығы қазіргі Оңтүстік Атлантиканың орнында жатты. Кайнозойдың
басынан бастап материктердің әрқайсысының флорасы дербес қалыптасты.
Бор дәуірінің аяғында және палеоген бойы Анд зонасында қатпарлану,
көтерілу және жанар тау әрекеті жүріп жатты. Палеоген-нің, аяғына қарай
геосинклинальдың орнына онтүстікте Антарктида материгіне дейін баратын, ал
солтүстікте Антиль-Кариб аймағының жүйелерімен қосылып жатқан орасан зор
тау жүйесі пайда болған. Көтерілу платформаның едәуір бөлігінің теңіз
денгейінен төмен батуымен және перикратондық майысу синеклизалардың
алабында және Атлант мұхиты жағалауында шөгінді жыныстардың қалың
қабаттарының түзілуімен бір кезде болған.
Неогенде ішінара шөгу әсіресе қалқандар аймағы мен Анд зонасында күшті
көтерілулерге ауысқан. Көтерілулерге байланысты өзендер арнасын тіліп
тереңдеген және сарқырамалар пайда болған. Атлант және Кариб жағалаулары
ғана төмен түскен, ол жерлерде эстуарийлер мен лагуналар түзілген.
Анд жүйесінің жалпы көтерілуіне платформаның көршілес алаптары да
қамтылған, соның нәтижесінде Андымен орография жағынан байланысты
Прекордильер, Пампа сьерралары және кейбір басқа жоталар көтерілген.
Тау түзілу процестерімен бірге күшейе түскен жанар тау әрекеті орын
алған. Жанар тау әрекеті әр кезде тау жүйесінің әр түрлі бөліктерінде және
Патагония плитасы алабында кездесіп отырған. Көтерілу мен жанар тау әрекеті
бүкіл плиоцепде, антропогеннің басында жалғасып отырады және қазіргі кезге
дейін тоқтаған жоқ. Анд тауының көтерілуімен бір кезде күшті бұзылыс жүріп
жатты, жұмсақ материал жинақталды, жер беті тегістелді.
Анд тауының көтерілуіне байланысты оның батыс зонасында тере-ңдікте
жарылу болды және оның шеткері аймақтары Тынық мұхит суының астына батып
кетті.
Плиоцен дәуірінде сәл үзілістен кейін Оңтүстік Америка солтүстік
материкпен түпкілікті жалғасты. Бұл жалғасу материктердің жануарлары мен
өсімдіктері түрлерінің алмасуына жағдай туғызды.
Онтүстікте Антарктика аймағында климаттың салқындауына және Антарктиданы
жабынды мұз басудың басталуына байланысты антарктика флорасының элементтері
ене бастады. Анд көтеріле түскен сайын тау табиғаты жағдайына бейімделген
неотропиктік элементтерден, антарктикалық түрлерден және Андтың өзінде
түзілген эндемиктік тау түрлерінен тұратын оның ерекше органикалық дүниесі
қалыптасты.
Анд тауының күшті көтерілуінің тағы бір салдары таулық мұз басу болды,
ол қазіргіге қарағанда анағұрлым калың болғанымен қиыр оңтүстіктен басқа еш
жерде дерлік тау жүйесінен шеткері шыққан жоқ. Материктің оңтүстік-
батысында төмен түсуінен және мұз әрекеті әсерінен Чилидің фьордтық
жағалауы түзілді.
Актропогеннің екінші жартысында Оңтүстік Америкада адам қоныстанды.
Адамның мұнда шеттен келуі мүмкін еді. Өйткені Неотропиктік аймақтың
қазынды және қазіргі фаунасының құрамында тар танаулы маймылдар жоқ.
Адамның Оңтүстік Америкаға өтуінің ең қолайлы жолы — Солтүстік Американың
Тынық мұхит жағалауы, уақыт жағынан алғанда ол бұдан 30—15 мың жыл бұрын
болған.
1.3. Оңтүстік Американың тектоникалық құрылымы және жер бедері
Оңтүстік Американың ашылу және зерттелу тарихы Солтүстік Америка
материгімен тығыз байланысты. Ма-терик жағалауларына алғашқылардың бірі
болып өздеріне белгілі саяхатшы Христофор Колумб келген. X. Колумб
Америкаға төрт рет саяхат жасады. Алғашқы екі саяхатында Орталық Американың
аралдарын, Саргасс теңізін ашса, үшінші саяхаты барысында 1498 жылдың тамыз
айында тұңғыш рет Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінің сағасына келіп
жетті. Колумб өзінің жаңа материк ашқанын білместен, ғұмырының соңына дейін
Үндістанға баратын батыс жолды таптым деп есептеген, соның нәтижесінде
Американың байырғы халқы үндістер деп аталып кетті.
X. Колумбтан кейін материкке қадам басқан саяхатшы Америго Веспуччи
болды. Ол 1499 жылғы бірінші саяхатында Гвиана және Венесуэла
жағалауларымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып, кері
қайтқан. Қайтар жолындағы үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқсатып,
оған Кіші Венеция (Венесуэла) деген ат берген. Веспуччи өзінің екінші
саяхаты барысында 1501 жылы Бразилия жағалауларына жеткен. Жағалау бойымен
жүзіп, қаңтар айында сағасына жеткен өзенге саяхатшылар Каңтар өзені
(испанша Рио-де-Жанейро) деген ат берді. Веспуччи өзі жүріп өткен жерлердің
табиғаты мен халқының тұрмыс-тіршілігін суреттеп жазған. Колумб Үндістанға
баратын жолды аштым деп есептегендіктен, жаңа дүние бөлігін ашу құрметіне
А. Веспуччи ие болды.
Жаңа ашылған жерлерге байлық іздеген испан және португал басқыншылары
ағыла бастады. Олардың шапқыншылық әрекеті нәтижесінде сол кездің өзінде
Оңтүстік Американың жоғары дамыған Инктер мемлекеті жойылып, жергілікті
халқы аяусыз қырғынға ұшыратылып, байлықтары тоналды. Оңтүстік Америка
ұзақуақыт бойы Испания мен Португалияның отары болуына байланысты саяхаттар
көбінесе жаңа жерлерді жаулап алу мақсатында жүргізілді.
XVI ғасырдың басында жер шарын айнала жүзген саяхаты кезінде Фернан
Магеллан Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзіп, оңтүстіктегі
бұғаз (кейіннен Магеллан бүғазы деп аталған) арқылы материктің оқтүстік-
батыс жағалауын айналып өткен. Осы ғасырдың аяғында дәл осы жолмен өткен
атақты теңіз қарақшысы Фрэнсис Дрейк Отты жер аралынық батысымен оңтүстікке
қарай жүзіп, Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан жаңа бұғазды
ашқан. Одан әрі материктің батыс жағалауын бойлай, Солтүстік Америкадағы
Ванкувер аралына жетіп, Азияға бағыт алған.
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында неміс ғалымы географ
Александр Гумбольдт француз ботанигі Бонпланмен бірге Оңтүстік Америка
табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасаған; батыс жағалаудағы
мұхит ағыстарын сипаттап, олардың материк табиғатына тигізетін әсерін
түсіндірген. А. Гумбольдт Анд тауларын зерттеу нәтижесінде биіктік
белдеулілік зандылығын негіздеген. Ғалым Оңтүстік Америка табиғатын зерттеу
нәтижесінде 30 томнан аса еңбек жазып қалдырған. Атақты орыс климат
зерттеушісі А.И. Воейков 1874 жылы Оңтүстік Америка климатының өзіндік
ерекшеліктерін зерттеді.
1932-1933 жылдар аралығындагы экспедициясы кезінде орыс ботанигі Н.И.
Вавилов материктегі ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған. Ғалым кейбір
мәдени өсімдіктердің (картоп, жүгері, қызанақ) отаны Оңтүстік Америка
екендігін дәлелдеген.
Оңтүстік Америкада әлі де адам аяғы баспаған, табиғаты зерттелмеген,
құпияға толы аудандар жеткілікті. Амазонияның мүлгіген жасыл ну ормандары,
Анд тауларының асқар шыңдары, бай жануарлар дүниесі әлі де өз
зерттеушілерін күтеді.Оңтүстік Американың орографиясында Солтүстік
Америкамен кейбір ұқсастық байқалады. Шығыста, Атлант мұхиты жағасына таяу
маңда Бразилия мен Гвиана таулы қыраттары және Патагония үстірті жатыр.
Материктің қиыр батысы мен солтүстік батысында оның жағалау пішінін
қайталай отырып, дүние жүзіндегі ең ұзын Анд немесе Оңтүстік Американың
Кордильер тау жүйесі 9 мың км-ге созылады. Тау қыраттары мен Анд аралығында
материктің жалпы көлемінің шамамен 45%-ін қамтитын кеңбайтақ Амазонка,
Ориноко және Парагвай-Парана (Ла-Плата) ойпат жазығы жатыр. Оларды Оңтүстік
Американың аса ірі өзендері сулан-дырады. Олар бір-бірімен қосылып,
материктің орта бөлігіндегі тұтасып кететін жазық өңір құрайды.
Солтүстік Америкамен орографиялық ұқсастық екі материктің дамуы мен
құрылымындағы кейбір ортақ белгілерімен байланысты: олардың батыс шеттері
Тынық мұхит белдеуінің қатпарлы ғимараттарына, ал үлкен шығыс бөліктері
платформалық құрылымға жатады. Бірақ платформалық бөлігі құрылымынын.
ерекшеліктері және дамуы жөнінен Оңтүстік Америка Солтүстік Америкадан ірі
Африкаға ұқсастау келеді.
Жоғарыда аитылғандай, Оңтүстік Америка платформасы орасан Гвиана-
Бразилия мегақалқанынан (оны Оңтүстік Африка қалқанының аналогы деп қарауға
болады) және Афрканың Сахара плитасына ұқсас Пампа-Патагония плитасынан
тұрады.
Мегақалқан алабында фундаменттің үш ірі дөңі: Гвиана, Батыс Бразилия және
Шығыс Бразилия дөңдері бар. Оларды Амазонка, Парана, Сан-Франсиску,
Мараньяо (Паранаиба) кейіннен түскен ірі ойыстары (синеклизалар) бөліп
жатады. Соңғы үшеуі Батыс және Шығыс Бразилия дөңдерінің аралығындағы
төмен түскен бір зонаға бірігіп кетеді деуге болады.
Қалқандардың Анд қатпарлы зонасына қараған беткейлері Андының алдынғы
майысуларына қосылып кететін перикратондық ойыстарға ұласады.
Оңтүстікте субмеридиандық перикратондық майысу Чако-Пам-па синеклизасына
жалғасады. Ол Парана синеклизасына ұласады. Чако-Пампа синеклизасын енді
Патагония плитасына жатқызуға болады. Бұл плитада беті шөгінді және
жанартаулық жыныстармен жабылған және енсіз майысумен бөлінген екі массив
оқшау тұрады.
Платформа алабында әр түрлі пайдалы қазбалар бар. Олардың Онтүстік
Америка картасындағы қазіргі таралуы, бір жағынан, платформаның геологиялық
құрылысының айырмашылықтарын көрсетсе, екінші жағынан, оның геологиялық
зерттелу дәрежесінің әр қилылығын көрсетеді.
Металдың ірі кендері архей-протерозой фундаментінің жыныстарымен
байланысты. Гвиана, әсіресе Бразилия таулы қыратының протерозой метаморфтық
жыныстарында (итабириттерде), темір рудаларының магнит пен гематиттердің
қоры мол. Интрузиялар енген жерлерде алтын кен орындары бар.
Ежелгі үгілуден және гранит-гнейстердің бұзылуымен пайда болған
заттарда марганец рудаларының мол қоры түзілген, оның құрамындағы металл
50%-тен асады.
Осымен қатар Гвиана таулы қыраты мен Гвиана ойпатындағы кристалл
жыныстарының ежелгі үгілу қыртысымен капиталистік дүниедегі аса ірі боксит
кендері байланысты.
Әр қилы жастағы пегматит желілерінде сирек кездесетін және
радиоактивті элементтер түзілген.
Ориноко, Амазонка бассейнінің перикратондық майысуларында, Гран-Чакода
және Патагония плитасында, біршама жақын арада мұнай кен орындары ашылып
әрі өндіріліп жатыр.
Оңтүстік Америка платформасы алабындағы жер бедерінің Африканың жер
бедерімен көптеген ұқсас жері көп. Олардың айырмашылықтары негізінен
алғанда белгілі бір жер бедері типтерінің өзара арасалмағында. Мысалы,
Оңтүстік Америкадағы синеклизалардың кеңірек таралуына байланысты ойпатты
аккумуляциялық жазықтар едәуір үлкен кеңістіктерді қамтиды: жанар тау
тектес үстірттер таралған территориялар да ұланғайыр және т. б.
Аккумуляциялық жазықтар Африкадағы сияқты барлық синеклизалардың
дерлік орталық бөліктерін алып жатады және пери-кратондық майысу зонасына
сәйкес келеді. Синеклизалардың қалқандармен іргелес шеткі бөліктері, сондай-
ақ Патагония плитасы аймағы биік қабатты жазықтар мен үстірттер түзеді.
Шөгінді комплексі көршілес қалқандармен бірге көтерілуге ұшыраған Мараньяо
және Сан-Франсиску ойыстары үшін беткейлері тік жарлы моноклинальды және
сатылы биік үстірттердің (шападас) таралуы тән.
Батыс (Орталық) Бразилия қалқанынын солтүстік және батыс бөліктеріне,
Шығыс Бразилия мен Гвиана қалқандарының солтүстік беткейлеріне жер
бедерінің типтік формалары — кең немесе тар шатқал тәріздес өзен аңғарлары
кесіп өтетін тұғыр жазықтар мен таулы үстірттер тән болады.
Бразилия таулы қыратының оңтүстік-батысында, Парана бассейнінде көп
жерді сатылы жанар таулық үстірттер алып жатыр.
Шығыс Бразилия қалқанының шетінде жатқан Бразилия таулы қыратының
шығысы мен Гвиана таулы қыратының едәуір бөлігі мезозойдың аяғы мен неоген-
антропоген кезінде қалқандардың орогендік күшейе түсуі нәтижесінде Шығыс
Африка сияқты эпиплат-формалық таулар жүйесіне айналған (Бразилия серралары
және Гвиака таулы қыратының ең биік бөліктері).
Анд қатпарлы белдеуі бүкіл өн бойында дерлік антиклинорийлерге сәйкес
келетін параллель немесе параллельге жақын жоталар жүйесінен және
синклинорийлер мен опырықтарға сәйкес келетін тауаралық аңғарлардан тұрады.
Андының қазіргі қатпарлы ғимараты құрамына кейініректегі орогендік
процестермен қайта құрылған палеозой қатпарлы құрылымдары кіреді. Оларға
тау жүйесінің орта және шығыс бөліктері жатады. Батыста бүкіл палеозой мен
мезозой бойында шөгіл жатқан, кайнозой эрасында қатпарлануға және
көтерілуге ұшыраған зона созылып кетеді.
Жалғыз Анды белдеуі солтүстікте негізгі бөлігі Солтүстік Аме-риканың
құрамына кіретін Антиль-Кариб аймағына жалғасады. Оңтүстік материкте бұл
аймаққа Кариб Андысының ендік жүйесі ғана жатады.
Дамуындағы және құрылымындағы өзгешеліктеріне сәйкес Анд тауын мынадай
ұзына бойғы құрылымдық-геоморфологиялық зоналарға бөлуге болады: Батыс
Кордильер — альпі циклінің орта кезінде немесе аяғында түзілген биік және
орта биіктіктегі қатпарлы-жақпарлы жоталар. Батысынан бұл зонаға жарыса
ұзына бойғы аңғарлар мен ойыстар өңірі өтеді. Ол өз кезегінде Тынық
мұхиттан барлық жерінде дерлік кайнозойдың қатпарлы шегінділерінен тұратын
Жағалық Кордильердің үзік-үзік зонасымен бө-лінген. Келесі зона —
палеозойдың қатпарлы құрылымдары негізінде кайнозойдың аяғындағы жақпарлы
қозғалыстардың нәтижесінде түзілген Шығыс Кордильер. Андының орталық
бөлігінде, Батыс және Шығыс Кордильердің аралығыида Боливия таулы қыратыныц
Пуналары жатыр. Олар альпі орогенезі процесінде айтарлықтай өзгеріске
ұшырамаған палеозой жақпары болып табылады. 26 және 37° о. е. аралығында
Прекордильер мен Пампа серраларынын орташа биіктегі және биік жақпарлы
массивтері мен жоталарының жүйесі көтеріліп жатады. Бұл тау ғимараттары
платформасының палеозой, ал одан кейін кайнозой тау түзілуіне іліккен шеткі
бөлігі болып табылады. Олар кәдімгі Андыдан және бір-бірінен тектоникалық
ойпаңдармен белінген, сонымен бірге оларды платформа мен Андының
аралығындағы өтпелі аймақ деп қарауға болады.
Пайдалы қазбалардан Анд белдеуінде мыстың, қалайының, қорғасынның,
мырыштың пиевмолиттық және гидротермалық рудалары таралған.
Андының тауаралығы және тау бөктері майысулары, әсіресе Венесуэла мен
Колумбия аймағында мұнайға бай.

1. Амазонка өзені және негізгі салалары
Оңтүстік Америка тығыз жақсы дамыған өзен торының қалыптасуына
материктің климат жағдайлары, даму тарихы және жер бедері қолайлы жағдай
жасайды. Оңтүстік американың көпшілік бөлігінде мезозойдан бастап құрлық
болған. Сондықтан материктің едәуір бөлігінің өзн торы ескі. Оңтүстік
американың жер бедеріне биіктіктердің сан алуан түрлілігі және ең үлкен
ойпатты жазықтардың биік тау жоталарымен іргелес жатуы тән болады. Бұл ірі
әрі күрделі өзен торларының қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды.
Материктің басты ерекшілігі Андыны бойлап өтеді, бірақ барлық жерде
ең биік жоталарға сәйкес келе бермейді. Ағынның көпшілік бөлігі материктен
Атлант мұхитына байытылған, оған Оңтүстік Американың аса ірі өзендері ағып
барады. Тынық мұхит бассейніне басым Андының батыс бөлігінен алатын
біршама шағын су ағыс торы жатады.
Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі –жаңбыр
түріндегі жауын –шашын. Андының оңтүстігіндегі өзендер мұздық суынан ғана
толығады. Қор суымен толығуы өте шордымсыз.
Оңтүстік Америкада қуаң территориялардың шамалы болуына байланысты
ағыны тысқары шықпайтын аймақтар оның жер бетінің тек кішкене бөлігін ғана
алып жатады. Ол Гран –Уаконың оңтүстік аудандары, Андының ішкі таулы
үстірттері, Атакама атысы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz