Қазақстанға өз өркениетін сақтап мемлекет ретінде өзінің ерекше мүмкіндіктерін пайдалану


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

  1. ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗІМІНЩ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ,

ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . . . 3

1. 1. Туризм индустриясын дамыту проблемасына теориялық

негіздеме . . . 5

1. 2. Қазақстан туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама . . . 12

II. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

2. 1. Қазақстандағы туризм саласының даму мүмкіндіктері . . . 24

2. 2. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары . . . 37

ІII. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН

ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . . . 44

3. 1. Еліміздегі туристік кластер жүйесі . . . 44

3. 2. Туризмге әсер ететін негізгі факторлар . . . 48

3. 3. Туризм индустриясына талдау жүргізу . . . 51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67

ҚОСЫМША . . . 70

КІРІСПЕ

Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады.

1993 жылы Қазақстан Республикасы, Дүниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.

Біздің ғасырымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтық тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы.

Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем
теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң
ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен
Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9- ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

  1. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік - құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" жаңа заң қабылданды. 1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылғы "Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандандыру. Қазіргі уақытта 2000-2015 жылдарға арналған туризмді дамыту жөніндегі республикалық бағдарламаның жобасы жасалған. Бүл бағдарламаның басты мақсаты республикада қазіргі заманға сай жоғары нэтижелі жеке бәсекеге қабілетті туристік немен қүру, экономиканың қосалқы салаларын өркендету [35] .

Мемлекет Басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты халыққа Жолдауында туристік сектор шикізаттық емес саладағы ел экономикасының мамандануын анықтайтын мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған жеті кластерінің қатарында экономикалық басымдықтардың бірі болып белгіленді.

Жұмыс өзектілігі: жұмыс теориялық және практикалық өзектілікті қамтиды. Теориялық бөлігінде туризм индустриясын үлкен көлемді бизнес негізінде дамытуды қалыптастыру және рекреациялық потенциалды рационалды пайдалану жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс мақсаты: Қазақстанға өз өркениетін сақтап мемлекет ретінде өзінің ерекше мүмкіндіктерін пайдалану.

Жұмыс міндеті: Қазақстанды орталық азиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру.

I. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ,

ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

  1. Туризм индустриясын дамыту проблемасына теориялық негіздеме

Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз - туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді.

Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.

Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.

1980ж. Манила декларациясы «Туризм - халықтар өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданына, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей эсер ететін қызмет түрі» (Филиппин, қазан 1980 ж. ) деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы туризмге кең анықтама берді: «Туризм - бүл өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, 1 жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі.

Халықаралық туристік Академия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло) : туризм - көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір транспорт түрімен жасалатын саяхат.

П. Г. Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: «Туризм - бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау» - дейді.

Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде - әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген. Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдық-экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрынғы СССР кезінде тіршілік деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Профсоюз жолдаманы өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.

Қазір «туризм» терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы 2 бағытта беріледі: географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік-территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сүраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.

Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:

«Туризм ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді» (Г. А. Папирян)

П. В. Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы - халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тэн еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты болады.

Туризмнің экономикалық мәніне нақты анықтама «қазіргі туризмнің экономикасы» жұмысында берілген: «Туризм қызмет және тауар нарығының бөлігі болып табылады және оны сұраныс пен ұсыныс жағынан қарастыруға болады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай-ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.

Туризм дегеніміз - рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Бүл анықтама географиялық мәнге ие.

Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші болатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема бойынша олар: экономикалық - әлеуметтік - географиялық - демографиялық - саяси -этникалық - құқықтық. Аталған факторлар біздің мемлекетке тэн және Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікте орнын айқындайды.

Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статикалық факторларға табиғи-географиялық факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақытта және кеңістікте өзгеретін әр түрлі бағасы, мағынасы болады [40, 5] .

Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризмнің негізгі аспектілерін көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бүл факторлар тобына: тұрғындар жасы, жұмыс істейтін эйелдер санының өсуі және әр жанұяға кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанүлны кеш құру, тұрғындар құрамында баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы; төленетін іс-сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу, туризмге жағдайлардың өсуі жатады.

Ішкі факторлар - бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие. Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақ тану орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т. б. өсуі.

С. Р. Ердаулетовтың ойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық деңгейін анықтайды. «Туризм индустриясы» - таза экономикалық категория болып табылады. И. В. Зорин, В. А. Квартальнов туризм индустриясын шаруашылық құрылымның дербес звеносы деп анықтады; комплексті салалар мен бөлімдерден құралған экономикалық жүйе, олардың функциялары демалыс және көңіл көтерудің барлық түріне қиын және әр түрлі сұранысты қанағаттандырумен шектеледі.

«Туризм және туризм индустриясы» терминінің анықтамасы жалпы қабылданғаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне географиялық тұрғыдан және «Туризм индустриясы» терминіне экономикалық тұрғыдан қарау. Туризм - бұл саяхат, ал саяхат - ғасырлардан қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы-географтармен жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан туризм - бұл таза географиялық түсінік.

«Туризм индустриясының» экономикалық мэні бар. Индустрия сөзі үлкен өнеркэсіп деген мағынаны білдіреді (л. т. «іпсіизігіа» - қызмет) . «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сыйымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты.

«Туризм индустриясының» ерекше қасиеттері:

Туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек.

Туризм индустриясының оң жақтарына:

  • ЖІӨ құрылымында туризмнен түскен табыстың өсуі;
  • аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы;
  • туризм сферасында жұмыс істейтіндердің өсуі;
  • экономиканың басқа салаларымен бәсекелестіктің артуы;
  • аудандардың білім және ғылым потенциялының өсуі;
  • агломерацияға антропогенді эсердің азаюы;
  • инвестициялық бағдарламалардың тез өтелуі.

Теріс жақтарына:

  • ЖІӨ құрамында табыстарды иррационалды үлестіру;
  • өндірістік инфрақұрылымның кейбір салаларының стагнациясы;
  • туризм индустриясына басқа экономика бағыныштығы;
  • туризм индустриясында техникалық азаюы;
  • игерілмеген табиғи территорияларға антропогенді эсердің өсуі. Біздің атап өткен туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады.

Қазақстан туризм инудстриясының құрылымы:

- Табиғаттағы рекреациялық потенциал

- Туризм индустриясы

- Туризмді басқаратын мемлекеттік орган

- Туризм инфраструктурасы

- Туристік фирмалар, агенттіктер

- Ғылым және білім беру ұйымдары

- Жарнамалық ақпараттық мекемелер БАҚ

Көрсетілген құрылым туризм индустриясының қазіргі бөлімін қамтиды және Қазақстан Республикасының жаңа туристік саясаттың құрылуына негіз бола алады. Демек, туризм индустриясы қиын экономикалық жүйе. Қазақстанда туризм индустриясының дамуы мемлекеттің бюджетіне қаржы түсіріп, туризммен байланысты және Қазақстан экономикасының басқа салаларына қатысты қиын әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және басқа проблемаларды шешуге көмектеседі.

Халықаралық туризмді мамандар біріншіден қызметтер мен тауарлардың халықаралық саудасының бөлігі ретінде қарастырады. Ол кезегінде халықаралық сауда-саттық теориясының абсолюттік басымдылық теориясын; салыстырмалы басымдылық; факторлардың қарым-қатынасын қатыстырады.

Абсолюттік басымдылық халықаралық туризмде маңызды роль атқарады. Керемет табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштер шығу туризмінен басқа елдердің алдында абсолютті басымдылықты байқатады.

Абсолюттік басымдылықты табиғи ескерткіштер бойынша мына топтар иемденеді: Непал, Қытай, Пәкістан (территорияларында әлемдегі ең биік шыңдар 8 мың метрден жоғары, оның ішінде Эверест те бар), АҚШ (Гранд-Коньон) ; Венесуэла (әлемдегі ең биік сарқырама) және т. б.

Абсолюттік басымдылықты тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша мына топтар иемденеді: Египед (Гиза-Дахшур ауданындағы пирамидалар, ежелгі Фивтер) ; Греция (Афинадағы Акрополь, Бассаедегі Аполлон Эникурейдің храмы) ; Франция (Версальдағы саябақтар мен сарайлар және -Фонтенбло) ; Ресей (Санкт-Петербург, Мәскеудегі - Қызыл алаң және Кремль) ; Қытай (Қытайдың ұлы қорғаны) және т. б.

Жоғарыда аталып кеткен елдер өздерінің абсолютті басымдылықтарын халықаралық туристік нарықта керемет туристік өнім қүрап пайдаланып өз секторын қалыптастырады.

Қазақстанда өзінше орналасқан бірқатар табиғи ескерткіштер кейбір абсолютті басымдылықты иемденеді. Мысалы, әлемдегі ең солтүстіктегі таулы шың Хан-Тәңірі, биіктігі - теңіз деңгейінен жеті мың метрден жоғары, әрі Алматы сияқты мегаполистің қасында орналасқан. Жақын маңда аэродром болғандықтан Алматылық турфирмалардың қызметкерлері Алматыдан альпинистерді вертолетпенен 3, 5-4, 5 сағатта Хан-Тәңірінің астына апарып тастай алады. Бұл басқа жеті мың метрлік шыңдары бар елдердің алдындағы айқын басымдылық.

20-шы ғасырдың соңғы 10-жылында ТМД елдерінде туризм индустриясына келген тікелей инвестицияның көлемі үлкен емес. Сондықтан да мамандардың айтуынша мұндай инвестициялардың нәтижесін эзірге Батыс елдері пайдалануда. Басқаларына қарағанда инвестициясының кең тараған түрі жобалы несиелеу, жобаға бірге қатысу; басқаруға келісім шарт жасау.

Қазақстан Республикасы шетелдік инвесторларға тартымдылығы келесідей басты негіздермен анықталады:

  1. Потенциалды жоғары пайда коэффициенті.
  2. Нарықтың үлкен потенциалы.
  3. Табиғи ресурстарды пайдалану мүмкіндігі.
  4. Болашақта Шығыс пен Батысты біріктіруші маршруттық перспективасының болуы.

1997-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының өкілетті ұйымдармен 171 инвестициялық келісім шарт 1240 млн. доллар көлемінде түзілген. Оның ішінде туризм саласына 12, 21 млн. доллар тартылған.

Туризм саласына мұндай аз көлемдегі инвестицияның негізгі себебі:

  1. Қазақстан Республикасы бағдарламасының жоқтығы.
  2. Жеткілікті сервистің және сол жердегі коммуналдық құрал- жабдықтың жоқтығы.
  3. Республика территориясындағы транспорттық кестеніңоптималды еместігі.

Жаңа инвестициялық саясаттың негізгі міндеті - Қазақстандағы өту кезеңінің жағдайңщда инвестициялаудың қазіргі моделін нақты жағдайларға адаптациялау. Олардың бірі - инвестициялық қаржыландыруды бюджеттік емес көздерінде мобилизациялау. Бұның арқасында дамыған мемлекеттерде капиталды салымдардың және ұлттық шаруашылықтың негізгі бөлігін қамтамассыз етеді.

1. 2. Қазақстандағы ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама

Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң Қазақстан әлемдік бірлестікке сенімді кіріп, көптеген халықаралық ұйымдардың толық құқықты мүшесі болғанда дербес туризм индустриясын қалыптастырып, оны дамыту сұрағы туындады. Сондықтан ұлттық экономиканың осы саласын дамытуға тиісті координатты анықтау қажеттілігі туындап отыр.

Мамандардың есебі бойынша елге келген бір шетелдік туристің түсіретін кірісі 9 тонна тас көмір, 15 тонна мұнай және жоғары сортты 2 тонна бидай шығарумен бірдей. Шикізатты сату елімізідің қайта қалпына келмейтін шикізат қорын азайтады, ал туристік индустрия ресурстарды жаңартуға жұмыс істейді. Ішкі туризмнің бүл шегі оның приоритеттігін дәлелдей түседі.

Қазақстанның қазіргі экономикасында ішкі туризмнің рөлі айқындалып келеді.

Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында сырттан келушілер барынша кең көлемі байқалады, бұл ретте іскерлік туризм басым. Көрсетілген қалаларда, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрлым сыртқа шығушылар туризмі дамыған.

Ішкі туризмнің барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстанда орын алады. Республика бойынша туризмнің барлық түрлерінен барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетілген. Бұл өңірлердегі туристердің сапар мақсаты негізінен іскерлік және кәсіби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай-ақ шоп-турлар болып табылады [17, 60-72] .

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристік объект болды, оның ішінде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйі, 24 туристік база, 35 сауықтыру лагері, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы, 7 сауықтыру кешені, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын және басқалары (клубтар, қолөнершілер қалашықтары) - 5.

2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының 340-ы жеке меншік нысанында, 22-сі мемлекет меншігінде және 23-eуі басқа мемлекеттердің меншігінде болды.

Елде үш, төрт, және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс істейді, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.

Республика бойынша туристерді орналастыру объектілерін пайдаланудан түскен кіріс 2005 жылы 21156 млн. теңгені құрады, аталған кәсіпорындар көрсеткен қызмет көлемі 17737, 5 млн. теңге, оның ішінде -мейрамханалары бар қонақ үйлер - 15927, 0 млн. теңге, мейрамханаларсыз қонақ үйлер - 1533, 3 млн. теңге, жастар жатақханалары мен таудағы туристік базалар - 57, 7 млн. теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен автотіркемелерді қоюға арналған тұрақтарда көрсетілетін қызметті қоса алғанда - 0, 7 млн. теңге, қалған орналастыру объектілері - 218, 8 млн. теңгені құраған.

Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат, санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерін 257, 4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйінде, іансионаттарда 32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу орындарына «Сарыағаш» (ОҚО), Арасан-Қапал (Алматы облысы), "Мойылды", «Баянауыл» (Павлодар облысы), "Жаңақорған" (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы), "Каспий" (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2003 жылы туризм объектілерінің негізгі жаңа қүралдарына 29591, 8 млн. теңге, 2004 жылы 37895, 2 млн. теңге, 2005 жылы 33994, 3 млн. теңге инвестиция бөлінген. Бүл туризм саласына инвестиция тартудың оң үрдістеріне куә болады, алайда қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және туристік индустрияны инвестициялауды ынталандыруға анық жеткіліксіз. Талдау көрсеткеніндей, елдің инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың жалпы сомасынан туристік ұйымдардың қызметін жүзеге асыруға 2003 жылы тек 139 млн. теңге, 2004 жылы 242 млн. теңге және 2005 жылы 48, 3 млн. теңге тартылған.

Туристік қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның арғы жағынан келген туристер сапары іскерлік мақсатта болатынын (іскерлік туризм) және олар сапалы әрі қызмет көрсетулердің толық жиынтығын ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсетті. Елдің іскерлік орталықтары - ірі қалалардағы халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер желісінің одан әрі дамуы дәл осы іскерлік туризмге байланысты болады.

Алайда, қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналастыру объектілерінің материалдық базасы, сондай-ақ санаторийлік-курорттық мекемелер моралдық және физикалық тұрғыдан тозудың жоғары шегіне жетуімен сипатталады.

Қазіргі ішкі туризм экономикалық құбылыс ретінде индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың жылдам дамуының катализаторы болып ілгері басып, жаңа жұмыс орындарын береді, ұлттық кірістің өсуіне эсер етеді, жергілікті инфрақұрылымның дамуын және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтереді. Туризм индустриясы инвестицияның жылдам өтелуімен және жоғары дәрежелі тиімділікпен айқындалады. Яғни, туризм мемлекет экономикасына қолайлы жағдай тудырып, оның дамуына әсер етеді.

1998-1999 жылдары Қазақстанға 100 әлем мемлекеттерінің өкілдері келді. Біз зерттеген уақыт барысында Қазақстанға туристер жіберетін мемлекеттері ішінде 1-орында Германия, 2-орында Ресей, содан кейін Туркия, АҚШ және Жапония елдері (1 - қосымша) .

Көрсеткіштерді анализдеп, Германия азаматтарын резидент емес туристерге қызмет көрсету басымдылығы Қазақстанда үлкен неміс диаспорасының барльіғымен түсіндіріледі: Ресей, екінші орында, бұл географиялық жақындылық және біздің мемлекеттер арасындағы ескі байланыстар. Туркия үшінші орында тұр. Бүл тарихи тамырлардың, тілдің, мәдениеттің жалпылығы, сонымен қатар Туркияның Қазақстанға деген кәсіпкерлік ортаға қызығушылығы. АҚШ және Жапония Қазақстанға негізінен экономикалық тұрғыдан қүлітар.

Аталған 5 мемлекеттің резидент еместерге қызмет көрсетуден 1998 жылы кіріс 709, 1 АҚШ долларын немесе жалпы кіріс суммасының 51% құрды. 1999 ж. кіріс 358, 2 мың АҚШ долларын немесе 43, 1% қысқарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет және өркениет туралы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары
Орталық Азиядағы түркі мемлекеттерініңқоғамдық - саяси өмірі
Қазақ тарихы ─ түркілердің көшпелі өркениетінің құрамдас бөлігі
Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары
Қазіргі заманғы өркениет
Алихан Бөкейханның ролі
Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) құрылымдық жүйесі
Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым - қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі
Ұлы жібек жолы жөнінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz