Орыс философиясы туралы мағлұмат



1. ХІХ.гасырдың соңы .ХХ.гасырдың басындагы орыс философиясы4. на жалпы сипаттама.
2. Л.Н. Толстойдың өмірдің мәні және адамның өзін.өзі адамгершіліке тәрбиелеу ілімі.
3. В.В.Соловьевтың «орыс идеясы».
4. Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы.
Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі – Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.
Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды. Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз. Қазіргі танда орыс философиясы қызықты зерттеу объектісіне айналып отыр. Ресейдің өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып, коптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қала¬сында өткен
халықаралық философиялық симпозиумда талқыланған ғылыми баяндамалар осы ойымыздың жақсы дәлелі.
Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі – православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, «идеалға» деген сенім өмір сүрді. Үнемі «идеал» жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал – шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті еткен «орыс жанының» («загадочная русская душа») жұмбақ табиғатының да себебі осында болса керек.
Марксизм бағытынын негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, Н.Бухарин, А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі – философияны жұмысшы табының идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп, кеңес заманында философия мемлекеттің біртипті ойлауға негізделген идеологиялық қүралына айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы шығу қылмыспен тең еді. В.И.Ленин 1922 жылы Ф.Э.Дзержинскийге жазған хатында ой-пікірі, кезқарасы большевиктер саясатына қарама-қарсы интеллигенция өкілдерін елден аластату керектігі туралы айтқан пікірінің негізінде арнаулы бұйрық шығарылып.161 адам елден қуылды. Олардың бәрі бір кемеге тиеліп аттандырылғандықтан, тарихқа бұл оқиға «Философский пароход» деген атпен енді. Бұл «еріксіз саяхатшылардың» қатарында белгілі философтар С.Л.Франк, Н.А.Бердяев, Л.Шестов, П.Сорокин, И.Ильин бар еді. Орыс философиясының құлдырауы осы кезеңнен басталды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Орыс философиясы
1. ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясы4. на жалпы сипаттама.
2. Л.Н. Толстойдың өмірдің мәні және адамның өзін-өзі адамгершіліке тәрбиелеу ілімі.
3. В.В.Соловьевтың орыс идеясы.
4. Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы.

Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі - Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.
Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды. Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз. Қазіргі танда орыс философиясы қызықты зерттеу объектісіне айналып отыр. Ресейдің өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып, коптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қала-сында өткен
халықаралық философиялық симпозиумда талқыланған ғылыми баяндамалар осы ойымыздың жақсы дәлелі.
Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі - православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, идеалға деген сенім өмір сүрді. Үнемі идеал жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал - шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті еткен орыс жанының (загадочная русская душа) жұмбақ табиғатының да себебі осында болса керек.
Марксизм бағытынын негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, Н.Бухарин, А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі - философияны жұмысшы табының идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп, кеңес заманында философия мемлекеттің біртипті ойлауға негізделген идеологиялық қүралына айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы шығу қылмыспен тең еді. В.И.Ленин 1922 жылы Ф.Э.Дзержинскийге жазған хатында ой-пікірі, кезқарасы большевиктер саясатына қарама-қарсы интеллигенция өкілдерін елден аластату керектігі туралы айтқан пікірінің негізінде арнаулы бұйрық шығарылып.161 адам елден қуылды. Олардың бәрі бір кемеге тиеліп аттандырылғандықтан, тарихқа бұл оқиға Философский пароход деген атпен енді. Бұл еріксіз саяхатшылардың қатарында белгілі философтар С.Л.Франк, Н.А.Бердяев, Л.Шестов, П.Сорокин, И.Ильин бар еді. Орыс философиясының құлдырауы осы кезеңнен басталды.
Үшінші багыт - біз сөз еткелі отырган батысшылдар, немесе экзис-тенциалистер багытының негізгі объектісі - адам және оның өмірінің мәні болды. Атап көрсететін бір ерекшелік - жалпы философия тарихында өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Бұл құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша, басты фактор - Ресейдің трагедиялық тағдыры. Адам, оның өмірінің мәселесі қоғам дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде өткірлене түседі. Тығырыққа тірелген қоғам мүшелерінің бойында бүрыннан да бар уақытша бұғып жатқан өміртуралы сауалдар тізбегі адамды осындай қиын кезендерде қатты мазалай бастайды. Сондықтан да өзінің даму тарихында талай рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған, сан түрлі соққыларды, қайшылықты қоғамдық өзгерістерді басынан кешірген Ресей мемлекетінің ойшылдарын осы тақырып толғантуы кездейсоқ емес.
Сонымен катар, ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басындағы орыс философтарының бәрін де Ресей мемлекетінің тагдыры толғантты. бағыттың өкілі болғанына қарамастан, олардың әрбіреуі орыс қоғамы мен жалпы орыс халқының болашағы туралы терең ойланды, болашақ даму жолдарын іздестірді.
Лев Николаевич Толстойды (1823-1910) дүние жүзі ұлы жазушы ретінде біледі, бірақ оның философиялық ойлары көпшілікке енді ғана танымал болып келе жатыр. Орыс ойшылының философиясын терең, объективті зерттеу ісі әсіресе соңғы он бес жыл ішінде жақсы деңгейде жүргізілуде. Бұл пікіріміздің дәлелі ретінде жазушының философиялық шығармаларының бөлек жинақ болып жарық көруін (Л.Н.Толстой. Избранные философские произведения. М.,1988), бұрын жарияланбаған философиялық ой-толғаныстарының үлкен еңбек болып басылып шығуын (Л.Толстой. Путь жизни. М., 1993) және оның философиялық көзқарастарының көптеген ғылыми зерттеулердің арқауы болып отырғандығын айтуға болады.
Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің-шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе - адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде?Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі - Исповедь (Жан сыры немесе Тәубе, еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Бұл еңбектің ортаға-сырлық ойшыл Августин Аврелийдің Исповедь Блаженного Августина, епископа Гиппонского еңбегінің ізімен жазылғаны күмән тудырмайды.
Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді. Адам зат
тарихынан өшпес орын алған тұлға, керемет классикалық дүниелердің авторы ретінде өзін әлемге танытқан ұлы жазушы Не үшін өмір сүрдім? деп қиналады, сұрағына жауап таба алмай аласұрады, ғылыми-филосо-фиялық тілмен айтсақ, гиперрефлексияға ұшырайды. Өзінің бұл жағдай-
ын жазушы оте дәл суреттейді: ...сұрақтарға жауап бере алмай, қор болдым. Өмірім тоқтады. Мен дем ала алмадым, тамақ іше де, ұйықтай да алмадым. Өмір мені тойдырды - одан құтылғым келді. Өзімді елтіргім келді деп айта алмаймын, бірақ мен өмірден қаштым.
Жазушыны таңдандырған бір нәрсе - осы мазасыз өмірмәндік қина-лыстын оның бақытты өмір сүруіне қажетті нәрсенің бәрі жеткілікті кезенде
- сүйікті әйелі, тамаша балалары, бай имениесі бар, ортасына сыйлы, рухани күшті, дені сау. әлі 50 жасқа да,толмаған кезенде мазалауы, философиялық тұрғыдан талдасақ, Толстойдың осындай мазасыз, қазақша айтсақ, жанын қоярға жер таба алмай қиналуы заңды құбылыс. Гиперрефлексия ой еңбегімен айналысушы адамдарға көбірек тән, сондықтан да Толстой секілді ғұламаның жан күйзелісі түсінікті. Бұл жазушынын рухани дүниесінің терендігін көрсететін өзін-өзі танып-білу қызметінің ерекшелігіңің дәлелі. Мұндай адам өмірінің мәні мәселесінің тұңғиығына бойлаған сайын өзіне кеңілі толмаушылық пен мазасыздық күшейе түседі, шым-шытырық ойлар мен түсініктер әлемінде шарқ ұрған жан тығырыққа тіреліп, өмірдің шекаралық жағдайына душар болады. Ол адам үшін қауіпті, себебі тұлға қалыптасқан құндылықтар бағытынан адаса бастайды, күнделікті практикалық қызметке деген қабілеті төмендейді. Осы кезде адамға даналыққа. парасатқа негізделген философия ғылымының кемегі қажет. Әрине, философия өмірдің моні мәселесін түбегейлі шешіп береді деуге болмайды, бірақ философия құбылысты түсінуге, оған белгілі бір көзқарас қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген жаңа талпыныс, күш береді.
Л.Толстой да езін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін философияға жүгінеді, Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты ойшылдардың өмір туралы ойларын қорытады. Бұл мәселе олардың да тынышын кетірген мәңгілік сұрақ екендігіне кез жеткізіп, бірте-бірте осы тығырықтан шығу жолдары туралы салмақты кезқарас қалыптастыра бастайды. Өзін қоршаған адамдардың өмір сүру салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін асықпай бақылаған жазушы оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай торт топқа беледі:
1) Ештеңе білмеу жолы - өмірдің зұлымдыққа толы және мәнсіз екендігін білмей де, түсінбей де өмір кешетіндер. Осылайша жайбарақат, Қаннен-қаперсіз өмір сүретіндердің қатарында, Л.Толстойдың ойынша, өте топас, өте жас адамдар және әйелдердің көпшілігі.
103
2) Эпикур жолы - өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.
3) Күш пен энергия жолы - өмірдің мәні жоқтығына, сондықтан оны жою керектігіне көзі жетіп, өзін-өзі өлтірушілер. Жазушы бұл топты ерекше бөліп атап, өзін өлімге қиюдың оңай еместігін, оған үлкен жігер мол қуат иелері ғана бара алатындығын ескертеді.
4) Әлсіздік жолы - өмірдің мәні жоқ екендігін біле тұра, өмір ағыны на еріп өмір сүру.
Жазушы жүргізген бұл философиялық сараптауда үлкен мән бар деп ойлаймыз. Оның кейбір пікірлерімен келіспеуге де болады, бірақ бұл жікте- удің өмірмәндік мәселені шешуге ұмтылған қазіргі заманғы адамға ой тас- тары анық.
Л.Толстойдың өзі өмірмәндік мәселені сенім категориясы арқылы ше- шеді: Менің ойымша, өмірдің мәні - сенім. Сенім адамға күш береді. Сенім категориясын қалыптасқан пікір бойынша діни сеніммен шектеуге болмайды. Толстой өз шығармаларында сенім категориясының бай мазмұнын көрсетеді, өмірмәндік мәселені дін, руханилық, адамгершілік мәселелерімен байланысты қарастырады. Жазушы туындыларының негізгі желісі де осы, яғни Л.Толстой үшін өмірдің мәні сенімде. Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінінн біле алады. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты болады. Біріншіден, бұл діни сенім: оның пікірінше, құдайдың жарығы адам жанында жанбағанша, адам әлсіз, бақытсыз жануар. Жарық жанғанда ғана адам дүниедегі ең күшті мақұлыққа айнала ды. Бірақ Толстой адам өмірін тек құдайға сеніммен шектеп қана қоймайды. Жануарларға құдай қажет
нәрсенің бәрін бере салған, ал ада көп нәрсеге өз еңбегімен жетуі тиіс деп есептеген ойшыл адамды талпынбай еңбектенуге шақырады және адамгершілік қасиеттерін күшейтуге бағытталған еңбекті жоғары бағалайды. Яғни, адам ең әуелі өзіне сенгені дұрыс, себебі бұл сенім өз бастауын ізгіліктен алады. Сенімнің тағ бір түрі - махаббатқа деген сенім: Адам өмірінің барлық қайшылықтарын шеше алатын сезім - махаббат, оны адамдардың бәрі біледі. Махаббатты ол абсолюттік дәрежеге дейін көтереді: ...адам жанының ең басты қасиеті - сүю, басқа адамдардың бәріне бірдей жақсы болу үші сүю. Осындай махаббат - адам өмірінің мәні.
Бұл көзқарас адамдарды жақсы көру, олардың арман-мақсаттарын түсіне білу, өмірлерінің бақытты болып, армандарына жетуіне іспен, не болмаса сөзбен кемектесуді адам өмірінің мәні ретінде түсінген ежелгі Конфуций мен қазіргі заманғы Камюдің ойларымен үндес, бірақ Л.Толстойдың пікірі тереңдеу. Әрине, әрбір адам әуелі өз өмірінің жақсы болғанын қалайды. Адамның биологиялық табиғатынан туындайтын бұл құбылысқа Толстой түсінушілікпен қарайды, бірақ өзінің ғана өмірінің жақсы болуына ұмтылған адамның өмірін зұлымдыққа толы мәнсіз бір нәрсе, нағыз өмір мұндай болуы тиіс емес деп есептейді. Өмірдің мәнінің басқа жолын көрсететін адамның санасы, ақыл-ойы, парасаты екендігін де жазушы дәл атап көрсетеді. Адам санасы оған жеке бастың ғана жақсылығы жалған екендігін көрсетіп, бір ғана жол қалдырады, ол - махаббат. Толстой адам қоғамынын өзі адамдардың бірін-бірі сүюіне, сыйлауына негізделуі тиіс екендігін дәлелдеп, махаббат күшін зұлымдыққа қарсы қоюға шақырады. Осы пікірден мейірімділікке деген сенім туындайды. Мейірімділікті ұлы ойшыл адамның адамшылығын көрсететін бірден-бір қасиеті ретінде түсінеді, басқаға мейірімсіздік көрсеткен жанды бұл өмірдегі басты міндетін атқармаған деп есептейді.
Л.Толстой адам өмірінің мәнін руханилықпен тығыз байланысты түсінеді,
көп адамдардың бойында табиғат берген руханилықтың жануарлық өмір сатысында қалып қойғандығына өкініш білдіреді. Күйбең тіршілік ағымына ермей, материалдық байлықтан рухани байлықты жоғары қоя білген адам ғана мәнді өмір сүруге ұмтылады, ақыл-ой, парасат биіктігіне жетеді, өмірден өз орнын таба алады. Рухани дүниесі мықты адамның өмірі де жақсы өтеді, сондықтан ол өлімнен де қорықпайды. Осының бәрін Толстой санадагы өзгерістермен түсіндіреді. Оның өмірдегі өзгерістердің ешқайсысы санадағы өзгерістермен теңдесе алмайтындығы туралы ойы аса құнды. Ұзақ жылдар бойы Тұрмыс сананы билейді қағидасымен өмір сүрген біздің қоғамға бұл пікір таңсық керінуі де мүмкін, бірақ қоғамды, адамды өзгерту үшін сананы торбиелеудің маңызы зор екендігін мойындау қажет. Белгілі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов. А,Байтұрсынов, М.Дулатовтар да ғасыр басында осыны қайта-қайта ескертіп, қоғамды төңкеріс жолымен емес, адамдардың санасына ықпал ету арқылы өзгерту жолын ұстануға ұмтылған екен.
Л.Толстойдың өмірдің мәнін адамгершіліктен іздеуін өз замандаста-рының көбі бағалай білмеді, бірақ оның ізденістері сол кездегі қоғамдық ойға. кейінгі Батыс экзистенциализміне мықты әсер етті. Жазушымен
хат алысып тұрған қазақ ойшылы Шәкәрімнің көзқарастарына да орыс жа-зушысының өмірмәндік толғаныстары әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы ретте Л.Толстойдың езі өмірдің мәнін тапты ма? деген сұрақ туындайды. Өмірмәндік мәселе философияда мәңгілік, шексіз мәселелер қатарында аталады. Себебі, ол адамды өмір бойы мазалап, бір кезеңдерде күшейіп, енді бірде бәсеңдеп отырады, оның нақты, түпкілікті шешімін табу мүмкін емес. Ұлы жазушының бүкіл өмірі мәнді өмірдің үлгісі десек те, өз өмірі оны қанағаттандырмады. Өмірдің қиын кезеңдерін бірге өткізген жүбайы
Софья Андреевнаға да, балаларына да көңілі толмалды. Өмірін сараптай келіп, алаңсыз балалық шағынан басқа сәттерінен басқа мән таба алмай, өмірінің босқа өткеніне өкінеді. Бұл пікірімізге оның өмірінің соңғы кезеңдерінің оқиғалары дәлел бола алады. Өлімі жақын даған сайын өмірден түңіліп, көзі тірісінде бүкіл әлем мойындаса да, қоғам, дос-бауыр, жақын-жұрағат тарапынан түсіністік таба алмаған Толсой өзінің Иван Ильичтің өлімі әңгімесінің кейіпкері Иван Ильич сияқты тән ауруынан жан ауруы басымырақ болып, Осы мен қалай өмір сүрдім? деп қиналды Оның өз отбасынан безіп, алыс бір станицаға сапар шегіп, бейтаныс адамдардың арасында өмірмен қоштасуы да соның айғағы. Өмірінің соңына дейін адамдарды жақсылыққа тәрбиелеуден танбаған ойшыл (оның соңғы туындысы Өмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Экзистенциализм және өмір философиясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы
Фейербах және антропологиялык материализм
Антика мәдениетіндегі философия
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері
Қазіргі замандағы қазақ философиясы
Өнер философиясы туралы
Лев Толстой философиясы
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Пәндер