Татарстан Республикасы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Татар халқының тарихы
  2. Татарстан саясаты
  3. Татарстан - индустриалды-аграрлы ел.
  4. Татарстан мәдениеті

Пайдаланылған әдебиеттер

ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Татарстан Республикасы
Татарстан Республикасы: Республика Татарстан (Russian)
Татарстан Республикасы (Татар)
Татарстан Республикасы: - Республика -
Татарстан Республикасы:
http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/28/Flag_of_Tatarstan.svg/115px-Flag_of_Tatarstan.svg.png
Flag
http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8d/Coat_of_Arms_of_Tatarstan.svg/70px-Coat_of_Arms_of_Tatarstan.svg.png
Coat of arms
Татарстан Республикасы:
Татарстан Республикасы: Anthem: National Anthem of the Republic of Tatarstan
Татарстан Республикасы: http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/cb/Tatarstan_in_Russia.svg/300px-Tatarstan_in_Russia.svg.png
Татарстан Республикасы: Coordinates: Координаттар: http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/55/WMA_button2b.png/17px-WMA_button2b.png 55°33′ с. е. 50°56′ ш. б. (G) (O) http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/55/WMA_button2b.png/17px-WMA_button2b.png 55°33′ с. е. 50°56′ ш. б. (G) (O)
Татарстан Республикасы: Саяси мәртебесі
Татарстан Республикасы: Ел
Russia
Татарстан Республикасы: Федералдық округтары
Волга федералды ауданы
Татарстан Республикасы: Экономикалық аймақ
Волга экономикалық облысы
Татарстан Республикасы: Құрылды
May 27, 1920
Татарстан Республикасы: Астанасы
Қазан
Татарстан Республикасы: Үкіметі (as of August 2010)
Татарстан Республикасы: - Президент
Rustam Minnikhanov
Татарстан Республикасы: - Legislature
State Council
Татарстан Республикасы:
Татарстан Республикасы: Статистика
Татарстан Республикасы: Аумақ Үлгі:Small
Татарстан Республикасы: - Барлығы
68 000 km2 (Үлгі:Convert/LoffAoffDoutput number onlySoff sq mi)
Татарстан Республикасы: Аймақ орны
44th
Татарстан Республикасы: Жұрты (2010 Census)
Татарстан Республикасы: - Барлығы
3 786 358
Татарстан Республикасы: - Орны
8th
Татарстан Республикасы: - Density
Үлгі:Convert/PD/km2
Татарстан Республикасы: - Қалада
75. 4%
Татарстан Республикасы: - Ауылды
24. 6%
Татарстан Республикасы: Population (2002 Census)
Татарстан Республикасы: - Барлығы
3 779 265
Татарстан Республикасы: - Орны
8th
Татарстан Республикасы: - Тығыздығы
Үлгі:Convert/PD/km2
Татарстан Республикасы: - Қалада
73. 8%
Татарстан Республикасы: - Ауылда
26. 2%
Татарстан Республикасы: Уақыт белдеулері(s)
Үлгі:RussiaTimeZone
Татарстан Республикасы:
RU-TA
Татарстан Республикасы: License plates
16, 116
Татарстан Республикасы: Ресми тілдер
Russian; Татар
Татарстан Республикасы: http://tatarstan. ru

Tatar03.png

Татарста́н Республикасы (тат. Татарстан Республикасы, Tatarstan Respublikası) - Ресей Федерацииясының субъекті.

Көлемі 67836, 2 шаршы шақырым (км²) .

Халық саны 3768, 5 мың адам ( 2005 жылының мәліметтері, қалада - 74, 5 % (2005) тұрады. Жұрт тығыздығы: 55, 4 адам/шақырымға (2005) .
Жұрттың көбі татарлар (52, 92 %) менен орыстар (39, 49 %) . Республиканың құрамында 43 аудан, 20 қала (солардың 14 - республикаға қарайды), 21 қала сияқты елді мекен, 897 ауыл кеңес бар.

Орталығы - Қазан қаласы.

Татар халқының тарихы

Татарлар - түркі тілдес ұлт, Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан Республикасының байырғы тұрғындары. Татарлардың жалпы саны жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар оларды бөліп (Қазан Татарлары, Қырым Татарлары, Сібір Татарлары, ноғайбақтар, т. б. ) қарастырса, қалғандары оларды біртұтас ұлт санайды. Дүние жүзіндегі Татарлардың жалпы саны 8 млн. шамасында, ал кейбір татар ғалымдарының пікірінше (акад. А. Каримуллин және И. Тагиров) 15 млн-ға жуық. 2002 жылғы санақ бойынша Ресейде 5, 6 млн., оның ішінде Татарстанда 1, 9 млн-нан астам, Башқортостанда 1, 2 млн. Татарлар тұрады. Бұған қоса татар диаспорасы Орталық Азияда (Қазақстан, Өзбекстан), Түркияда, Батыс Еуропаелдерінде, т. б. жерлерде тұрады. Татар этнонимі Байкалдың оңт. -шығыс жағын мекендеген көшпелі түркі-моңғол тайпаларының арасында 5 - 9 ғ-ларда белгілі болған. 13 ғ-да моңғол шапқыншылығы кезінде Татарлар Еуропаға еніп, 13 - 14 ғ-ларда олардың шағын тобы Алтын Орда құрамындағы түркі халықтарына сіңіп кетті. 16 - 19 ғ-лардағы орыс жазбаларында Кавказды, Еділ менОрал өңірін, Орт. Азияны мекендеген түркі тайпалары Татарлар деп жалпылама аталып келген. Ертеректе Еділ бойы Татарлары өздерін болгәр, қазан кешесе, қазанлы деп әрқалай атаған. 20 ғ-ға дейін марилер Қазан Татарларын сюас деп, удмурттар бигер деп, қазақтар ноғай деп атаған. Татарлар ислам дінінің сүннит тармағын, аз бөлігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Антропол. жағынан Татарлар еур. нәсілге жатады. Сібір Т-ы ғана (15 мың адам) тұран аралас нәсілге жатады. Татар фольклорында батырлар жыры елеулі орын алады. Көне жазба әдебиеті бар. Ұлттық музыкасы башқұрт, қазақ, ноғай халықтары музыкасымен сарындас. Ертеректе татар музыкасы аспапсыз орындалатын бір дауысты ән негізінде дамыған. Әнмен, бимен, өлең-тақпақ араластырып орындалатын әзіл-сықақ әндер көбірек шырқалады. Музыка аспабына қурай аталатын сыбызғы немесе флейта тектес үрлемелі аспап, қазақтың шаңқобызы іспетті қобыз аспабы, гармонь, мандолина, добра, гусли, скрипка жатады. Татарлар ерте кезден-ақ көп салалы шаруашылықпен: бидай, арпа, тары, сұлы, бұршақ, қарақұмық, зығыр, сора егумен айналысты. Сауда-саттықпен де шұғылданды. Халық отырықшы болып, қой, ешкі, сиырды қорада ұстады. Үйқұстарын көбірек өсірді. Еділ бойы мен Орал өңірі орман-тоғайлы, шалғын-шөпті болғандықтан омарташылық дамыды. Татарлардың тағамында нан, картоп, көкөніс басым болады. Татарлар шеберлерінің тіккен әшекейлі етігі, бас киімі, аяқ киімі, кестелі шашақты шәлі орамалы, тоқыма бұйымдары, күмістен, алтыннан істеген зергерлік бұйымдары Ресей империясынан тыс жерлерде де жоғары бағаланып, сұранысқа ие болды. Тері, жүн өңдеу кәсібі дамыды. Мәрмәрдан, тастан, ағаштан, теріден өрнектеп, оюлап жасаған мозаикалары көз тартады. Авыл юрт немесе ил дейтін татар елді мекені шағындау, көбінесе өзен жағасына таяу орналасады. Үйлері биік дуалмен қоршалып, ағаштан оюлап әшекейленген. Ұлттық мейрамның ең көрнектісі - сабантуй. Мұнда ұлттық спорт түрлері - күрес, жаяу жарыс, ат жарысы өткізіледі.

Татар ұлт, қазіргі Татарстан Республикасының негізгі халқы. Т-лар қазақтармен ерте араласқан, сауда-саттық жасап, ислам дінін таратқан. Олар, әсіресе, Семей, Верный, Қапал қалаларына, Жетісу, Семей облыстарының аймақтарына көбірек тараған, бала оқытып, ақын-жазушылары қазақ тілінде шығармалар жазған. Абай шығармаларында татар тіліндегі сөздері жиі ұшырасады. Ақынның татар халқы хақындағы пікірі де көңіл аударарлық. Ғақлияларының Екінші сөзінде ноғай ұлтын Т. мағынасында қолданған ақын олар: «солдатқа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат әсем де соларда» деп жазады. Оның оқыған баласы Әбдірахманға «ноғай ауылының» қызы Мағышты (Мағрипа) айттырып, алып беруі осы құрметтің бір көрінісі іспетті. Ал, «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны турапы» деген тарихи еңбегінде: «Есте жоқ ескі мезгілде, монғолдан бір татар аталған халық бөлінген екен. Қытайлар «татан» деп жазады. Асыл түбі қазақтың сол татар. Осы күнде қазақтың төре нәсілдері өзін, біз татармыз деп айтысады» деген қызықты деректер келтіреді. Ақын Монғол татары мен Еділ бойы татарларының ара-жігін анық ажыратады және сонау көне замандағы монғол татарларының тарихын жетік білген. т. Барак ұлы.

Татарстан саясаты

Татарстан жерін адамзат палеолит дәуірінен қоныстанған. Ерте орта ғасыр дәуірінде Түрік қағандығы құрамында болды.

9 - 10 ғ-ларда бұлғарлардың бір бөлігі Еділ өз-нің орта ағысына қарай ығысып, мұнда Еділ Бұлғариясы атты мемлекет құрды. Ол кейіннен Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы нәтижесінде Алтын Орда құрамына енді. 15 ғ-дың 1-жартысында Татарстан жерінде Қазан хандығы бой көтерді. Орыс патшалығының 1545 - 52 жылдардағы басқыншылығынан кейін Қазан хандығыРесейге бағынды. 1708 ж. Қазан губ-сы құрылды.

Патшалық Ресейдіңотаршылдық саясаты Татарстан халқына ауыр зардаптар әкелді. Мұнда орыстандыру, шоқындыру саясаты қарқын алды. Халықтың сана-сезімін ояту бағытында татар зиялылары ағартушылық бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыруға талпыныс жасады. Каюм Насыри, Маржани секілді көрнекті ағартушылардың атқарған қызметі өзіндік маңызға ие болды. Қазан қ-ндағы “Мухаммадия” медресесі Ресейдегі түркі-мұсылман жұртшылығы арасындағы ең танымал оқу орнына айналды. 19 ғ-да Қазанда баспа ісі дамып, татар, башқұрт және қазақтілдеріндегі кітап шығару ісі қанат жайды. 20 ғ-дың бас кезіндеРесейде өрбіген азаттық қозғалысы барысында тек татар ғана емес, отарлық езгідегі барлық түркі-мұсылман халықтарының мүддесін қорғауға Ю. Акчурин, С. Мақсұдов, Ә. Ибрагимов секілді қайраткерлер белсенділік танытты. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан саяси ахуал жағдайында Татарстан жерінде ұлттық-мәдени автономия құруға қадам жасалып, бұл құрылымның Миллет меджлиси (Ұлттық жиналыс) атты парламенті мен Милли идаре (Ұлттық басқарма) деген жоғары атқару органы құрылды. Алайда ұлттық-мәдени автономияның аяғынан нық тұруына кеңес өкіметінің орнығуы кедергі келтірді.

Кеңес өкіметі өңірде орнағаннан соң татар және башқұрт интеллигенциясының өкілдері 1918 ж. 1 наурызда РКФСР құрамындағы Орал-Еділ штатын құру идеясын көтерді. Онда Қазан мен Уфа губернияларын толықтай және Вятка, Орынбор, Пермь, Самара, Симбирск губернияларының біраз бөлігін қамтыған татар-башқұрт халықтарының ұлттық автономиясы етіп жариялау көзделді. Бірақ бұл ұсынысқа жергілікті большевиктік билік ашық қарсылық танытты. БОАК пен РКФСР ХКК-нің 1918 жылғы 26 тамыздағы декреті бойынша РКФСР құрамында Татар АКСР-і құрылды. Кейін ол Украина, Беларусь және Ресей құрамындағы республикаларымен бірге Кеңестер Одағының құрылтайшысы болды. Бірақ Орталық Азиядағы автоном. республикалар одақтас республикалар мәртебесіне ие болған кезде Татарстан автономия күйінде қала берді. Кеңестер Одағы кезінде Татарстанның экономикасында ірі алға басушылықтар жүргенімен рухани саланы, ұлттық тіл мен мәдениетті дамыту кенжелеп қалды. Татар халқы да басқа түркі-мұсылман халықтары секілді екі рет әліпби өзгертуді бастан кешірді. Ұлттық интеллигенция сталиндік қуғын-сүргінді бастан кешті. М. Сұлтанғалиев секілді ұлт зиялылары тоталитарлық режимнің құрбаны болды. 1988 ж. Татар қоғамдық орт. мемл. егемендігін алу жолында қозғалыс бастады. Бұл іс бұқаралық сипат алып, республика жұртшылығы ұлттық тәуелсіздік идеясын жаппай қолдады. 1990 ж. 30 тамызда Татарстан Жоғ. Кеңесінің сессиясы Татарстанның мемл. егемендігі туралы декларация жариялады. 1991 ж. көктем және жаз айларында Ново-Огоревада одақтық келісімшартты әзірлеу барысында Татарстан автономиялардың мүддесін жүйелі қорғап шығып, олардың Одақтық федерациясының дербес субъектісі ретінде мойындалуына қол жеткізді. 1991 ж. 12 маусымда Татарстан президенті сайланды. Татарстанның тұңғыш президенті М. Шәймиев болды. 1992 ж. 21 наурызда өткенреферендум негізінде Татарстанның мемл. мәртебесі айқындалды. Осы жылы 6 қарашада Татарстан Конституциясы қабылданды.

Татарстан - индустриалды-аграрлы ел.

Экономикалық құрылымының 50%-ы өнеркәсіптің, 15%-ы а. ш-ның, 10%-ы құрылыстың, 25%-ы байланыс пен көлік қатынасының, т. б. үлесіне тиеді. Өнеркәсіптің жетекші салалары - машина жасау, мұнай-газ өндіру, өңдеу және мұнай химиясы. Қрі кәсіпорындары - “КамАЗ” жүк автомоб. з-ты, Нижнекамск мұнай-химия комб., “Нижнекамскшина”, Қазан авиац. өндірістік бірлестігі, “Татмұнай” бірлестігі. Ауыл шаруашылығы негізінен ет-сүт өндіретін малшаруашылығына мамандырылған. Сонымен қатар аң өсіру, бақша дақылдарын егу, құс және ара ш. жақсы дамыған.

Татарстан мәдениеті

Татарстан мәдениеті дәстүрлі ұлттық мәдениет арнасында қалыптасты. Жазба мәдениеті ежелгі дәуірден бастау алады. Ең көне үлгілері - “Жүсіп - Зылиха” (13 ғ. ) дастаны мен авторы белгісіз “Кесікбас” (“Кисекбаш”) жыры, “Сопыларға өсиет” атты дидакт. шығарма, т. б. Кейінгі орта ғасырларда татар әдебиетінде Мауля Кули (17 ғ-дың 2-жартысы), Утыз Имяын (1754 - 1834), Шамсетдин Заки (1825 - 65), т. б. сопылық-дидакикалық. ағым өкілдері көптеген шығармалар қалдырды. 19 ғ. әдебиетінде ағартушылық бағыт ұстанған Әбунасыр Курсави (1776 - 1902), Маржани (1813 - 89), Каюм Насыри (1825 - 1902) әдеби, ғыл. -танымдық еңбектерімен татардың қазіргі әдеби тілінің негізін қалыптастырды. Ғабдолла Тоқай (1886 - 1913), Ғалымжан Ибрагимов (1887 - 1938), Мәжит Ғафури (1880 - 1934), т. б. шығармаларында

дәуір тынысы, ел басындағы тарихи-әлеум. ахуал шынайы бейнеленді. Мұса Жәлелдің (1906 - 44) “Моабит дәптері” атты өлеңдер жинағы адамзат баласының фашизмге қарсы күресінің рухани туы ретінде бағаланып, әлемге даңқы жайылды. Татарстанда қазіргі кезде 12 кәсіби театр, филормония, мемл. симфон. оркестр, 300-ден аса музей, кітап қоры 28 млн. том құрайтын кітапханалар жұмыс істейді. Тарихи-сәулет ескерткіштерінен 16 - 19 ғ-ларда салынған Қазан кремлінің орны ерекше.

Татарстанда жазушылар, журналистер, композиторлар, кинематографтар, сәулетшілер одағы сияқты шығарм. ұйымдар бар. Татарстан Президенті жанынан Мәдениетті қолдау және дамыту қоры құрылған. Сондай-ақ “Бұлғар” қоры, т. б. қоғамдық ұйымдар мәдени мұраларды сақтаумен айналысады. 1 мыңнан астам көне мәдениет ескерткіштері мемл. қамқорлығына алынған. Республикада “Мирас” бағдарламасының шеңберінде ескерткіштердің ерекше каталогы - “Татарстан Республикасы: тарих пен мәдениет ескерткіштері”, “Татар халқының 18 - 20 ғасырлар басындағы ескерткіштер” жинағы, т. б. анықтамалар жарық көрді. 6 қорық: Кремль, Булгар, Елабуж, Биляр, т. б. музейлері мемлекеттің ерекше қамқорлығында.

Республикада фольклорлық ансамбльдердің саны өсіп, Сабантуй, Нардгун, Наурыз, “Қаз эмесі” сияқты дәстүрлі ұлттық мерекелері қайта дамытылған.

Дәстүрлі тағамдары

Татарлардың дәстүрлі ас үйінде ұн, жарма, картоп үлкен орын алады. Жылқы және қой етін басым пайдаланған. Жазғы уақытта қақталған және тұздалған ет, сонымен бірге құс етін әсіресе қаз етін дайындаған. Сүт өнімдері қосылған тағамдар ерекше орын алады. Қызанақ пен пияздан, саңырауқұлақтан, қымыздықтан, қалақайдан, бақбақ жапырағынан, жолжелкеннен, картоптан, сәбізден жасалған салаттар және т. б. қолданылады. Еттен, балықтан суық жеңіл тамақтар дайындаған. Жеңіл тамақ ретінде қуырылып, суытылған, қамыр қосылған ет, үйде жылқының немесе сиырдың етінен жасалатын шұжық түрі қазы, қарта дайындайды. Қақталған, тұздалған, сонымен қатар кептірілген қазы еті татарлардың сүйікті тағамы болып табылады. Кейбір жеңіл тағамдарды ыстық күйінде ұсынады. Мысалы, қалжа - бұл жеңіл қуырылып, кейін пісірілген ет орамасы. Сорпалар (ет, балық және т. б. ) кеңінен мәлім. Кең таралған тағам кеспе көже (аш) болып табылады. Ет сорпасынан клецк қосылған көже (сал-ма), куллама-аш (клецк қосылған пісірлген ет) .

Тағы да бір кеңінен таралған тағам - ол бәліш болып табылады. Қышқыл қамырдан бүктеменің бір түрі самса дайындалады. Тұзы жоқ қамырдан жасалған жұқа екі наннан кыстыбый, ет қосылған қабатталған бәліш - катлама, түшпара жасаған. Қамырдан түрлі қалаш, шелпек, тоқаш, бауырсақ, құймақ, жұқа құймақ және т. б. пісіреді. Қаймақты буландыру арқылы дайындалатын піскен қаймақ деп аталатын бірегей тағам жасаған.

Шайдан басқа түрлі компоттар, қою жидек және сүт киселдерін, сонымен қатар әр түрлі жеміс-жидектерден тәтті сусын - шербет дайындаған. Ашытылған жармадан боза деп аталатын тәтті сусын дайындаған. Кеңінен таралған әлсіз алкогольды сусын ачы бал деп аталған.

Ұлттық мейрамдары

Татарларда ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі мерекелер аз емес. Көптеген мерекелер халықтың өмірінен ұмытылып кетіп, кейбіреулері басқа халықтардан алынып, ұлттық ерекшеліктермен байытылған. Көптеген мерекелердің өзіндік белгіленген мерзімі бар. Ең алғашқы көктем мерекесі Наурыз. Шөп шабу, егін жинаудың басталуы мен аяқталуы көңілді мерекеге айналып отырған. Шамамен қыркүйек айының соңында Сембелэ ("масақ, дән") мерекесі тойланған. Бұрынғы уақытта татарларда дәстүрлі мереке жиын деген болған. Бұл мерекеде достар мен туыстардың кездесуі болған. Қазіргі уақытта бұл мереке сабантой деп аталатын басқа мерекемен ұштасып кеткен. Сабан тойда түрлі спорттық жарыстар: кір көтеру, бағанаға өрмелеу, су тасу, аяқты байлап қаппен секіру және т. б. өткізілген. Татарлардың кейбір ғұрыптық мерекелері сақталып қалған. Оның ішіндегі «жаңбыр тілеу» жазда құрғақшылық болғанда өткізілген. Бұнда балалар жаңбыр тілеп ән айтып, бір-біріне су құйған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтар жайлы
АЛТЫН ОРДА МЕН ТАТАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
Ресей Федерациясының конституциялық соты
Ибрагим Салаховтың өмірі мен шығармашылығы
Адвокаттың сот процесіне қатысуы
Қазақтың тұңғыш білімді ханы-Жәңгір
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
Қазіргі таңдағы ресей
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Сібір жарасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz