Қазақстан социолистік қоғамды нығайту дәуірінде (1938-1941 жыл)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Қазақстан социолистік қоғамды нығайту дәуірінде (1938-1941 жыл) .

Жоспар

Кіріспе

І тарау. Қазақстанда Социалистік құрылыстың жаңа белестері.

1. 1. Еліміздің Социалистік құрылыстың жаңа кезеңіне аяқ басуы.

1. 2. Жұмысшы табы және өнеркәсіп пен транспорттың дамуы

ІІ тарау. Социалистік құрылыс кезеңіндегі қоғамдық - саяси

және мәдени табыстар.

2. 1. Еңбекшілердің материалдық жағдайының жақсаруы.

2. 2. 1938 - 1941 жылдардағы мәдени құрылыстағы табыстар.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе.

Тарих ғылымына идеологиялық ықпал жасап келген Коммунистік партияның уақыт сынына төтеп бере алмай тарауы және республикамыздың өз тәуелсіздігіне қол жеткізу бір кездегі Қазақстаңдағы шаруаларды меншігінен айыру және олардың қожалықтарын ұжымдастыру мәселесін жан-жақты зерттеп, зерделеуге жол ашты. 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардағы Қазақстан ауыл шаруашылығын сталиндік күштеу әдістерімен қайта құрудың өзіндік өкінішті тәжірибесінің ауыр зардаптары объективті зерттеулерді қажет етеді.

Тарих тағылымы мынаны үйретеді: кез келген мәдениетті халық өзінің ұлттық тәуелсіздігін алып, басқа мемлекеттің саяси ықпалынан босанған сәтте бұрын отаршылдық бұғауыңда бұрмаланған тарихын қайта қарауға және ұлт тарихының назардан тыс қалған мәселелерін толық қамтып жазу мәселесін жедел қолға алуға ұмтылады.

Өйткені төл тарихтың жаңа егемен ел азаматтарын саяси-рухани жағынан патриоттық рухта тәрбиелеуде орасан зор маңызы бар, мысалы орыс мемлекетін алайықшы. XIV ғасырдың соңында XV ғасырдың басында орыс жылнамаларында бұрынғы ұсақ княздіктерді құрғақ баяндау тәсілінен арылып орыс жерінің тұтастығын насихаттау белең алып, тәуелсіздік идеясы басты мақсат етіп қойылды. Мұндай идея Ресей болашағына жол көрсетті. Осы кезеңде мәскеулік жылнамалардың сипаты да өзгереді. Ол белгілі ғалым А. Шахматов айтқандай орыс халқын ұлттық топтастыру идеясы тарихи оқиғалардың алғы шебіне шығып орыстық мүдденің бар екеңдігін, орыс жерінің тұтастығын дәлелдеуге тырысты.

Еліміздің тәуелсіз мемлекет құру жолында да осығаң ұқсас салыстыра қарайтын мәселелер баршылық. Біздің тарихымыз бүгінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін идеялық жағынан негіздеп, Республика азаматтарының санасына оның жерінің бөлінбес, біртұтастығы туралы идеяны сіңіруге қызмет етуге тиіс. Сондықтан қазақ жерінің байырғы тұрғыңдарының басым көпшілігі қазақтар болғанын, коммунистік тоталитаризмнің зорлау, күштеу және мәңгүрттендіру әдістерінің бұл халықты өз жерінде жаппай қырғынға, қуғын-сүргінге ұшыратып үлес салмағы жағынан ежелгі ата қонысында азшылыққа айналуға әкеп соқтырғанын айтқан жөн. Біздің тарих ғылымымыз - ұлттық сананы сілкіңдірген қоғамымызда болып жатқан сан-алуан өзгерістерді, қоғамдық процестерді талдап, түсіндіріп, бұқараға насихаттап отыруға тиіс. Міне, сонда Қазақстан азаматтары отаншыл, саналы патриоттық рухта тәрбиеленбек.

Мұндай игі мақсаттарға тарихымызда орын алған «ақтаңдақтарды» толық жойып, сәтсіздіктеріміз бен қасіреттеріміздің себеп-салдарларын дұрыс талдап, қажетті қорытындылар шығарған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. Міне, соңдықтан 20-30-жылдардағы қазақ шаруаларын күштеп меншігінен айыру және күштеп ұжымдастыру процесі жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеліп, зерделенуге мұқтаж.

Бұл жылдары республикада өмір сүрген басқа ұлттар да сталиндік қуғын-сүргін азабын қазақтармен бірге тартқаны белгілі. Солай бола тұрса да қазақ шаруаларының тағдыры арнайы назар аударуды қажет етеді.

Өйткені кеңестік Шығыста, соның ішінде Қазақстанда осы жылдары жүргізілген аграрлық өзгерістер КСРО-ның басқа республикаларындағы және аудандарындағы осындай қайта құрулардан өзгешелеу болған еді.

Ресейлік тарихшы А. И. Яковлев бұл өзгешелікті төмендегідей түсіндіреді. «Қазақстан үшін бұл (ұжымдастыру - Т. О. ) ерекше қиын міндет болды. Өйткені байырғы халықтың (қазақтардың-Т. О. ) төрттен үші көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрді. Өлке халқы орналасқан сол кездегі табиғи-тарихи жағдайда көшпелі мал шаруашылығы толығымен ұтымды шаруашылық болып табылды. Ол жақсы тұрмыстың және халықтың өзінің өмір сүруінің негізі еді. Осыдан жоғарырақ тұрғыдағы шаруашылықты жүргізуге өту үшін қоныстануды ұйымдастыру, суармалы жерлерді өлшеп кесіп беру, кооперацияны, малдәрігерлік және дәрігерлік қызмет көрсетуді өркендету, мектептер ашу және т. с. с. болған жағдайда ғана мүмкін еді. Мұндай жағдайлар жасағанда көшпеліге артта қалған қожайын ретінде қарау мүмкін болмайды.

Бірақ дәл қазақтардың - дәстүрлі көшпелілердің қысқа мерзімде отырықшылыққа көшу мандайларына жазылған екен. Мұны қаламаушылық сыннан өткен әрі сенімді әдіске - күштеуге жол ашты».

Шет елдік тарихшының бұл пікірі толық қолдауға тұрарлық. Шындығында да Қазақстандағы ұжымдастыру шаралары бүкіл елдегі науқанның құрамдас бөлігі бола тұрса да олардан, әсіресе, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының ауыр азап шеккенін, «қазақ этносының аяусыз қырғынға ұшырағанын, сөйтіп аса ауыр шығынды басынан кешкенін көрсетіп берді». Тарих ақиқаты осылай бола тұрса да «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген тәрізді айыптаулардан аулақ болу үшін Қазақстан тарихшылары кезінде көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының осы жылдардағы қасіретін арнайы зерттеуді қолға ала алмады. Коммунистіік идеология мұндай жұмысты мақұлдамақ түгіл зерттеуге де рұқсат етпеді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана бұл тақырыпты терең зерттеуге жол ашылды. Осы тарихи мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы комиссиясы құрылып, құрамына тарихшылар, заңгерлер, халық депутаттары енді. Комиссияның 1992 жылғы баспасөзде жарияланған қорытындысында «Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарына 20 - 30-жылдардағы күрделі оқиғаларға талдау жасауды енгізе отырып, зерттеу мәселелерін кеңейту» ұсынылды. Сонымен қатар тарихшылар алдында «жаңа теориялық - тұғырнамалык, және зерттеушілік көзқарастар негізінде оқулықтар, бағдарламалар және басқа да әдістемелік әдебиеттер дайындауды жүзеге асыру» міндеті тұрғанын да комиссия атап көрсетті.

Бұл мәселенің маңыздылығы Р. Конвест, М. Олкотт тәрізді шетелдік әріптестеріміздің назар аударуларынан да көрінеді. Оның үстіне көшпелілерді отырықшыландыру дегеніміздің өзі жалпы адамзаттық процесс. Ал Қазақстаңда мұның күштеп жүргізілуі өзімізге де, басқаларға да сабақ бола алады. Яғни бұл тақырыптың тарих қойнауындағы құпияларын білу - тәуелсіз елімізде өткеннің қателіктері енді қайтып қайталанбауы үшін де қажет. Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы қасіреттің тарихы империялық мемлекеттерге бодан болудың тұтас ұлтқа қандай әлеуметтік-демографиялық қасірет әкелетінін дәлелдеп қана қоймайды, сонымен қатар қазақ халқының табиғи-тарихи дәстүрлі даму жолын елемеудің, мемлекетті басқарудың экономикалық тұтқаларынан бас тартудың, нарықтық қатынастарды әкімшіл-әміршіл әдістермен күштеп алмастырудың әлеуметтік-экономикалық және саяси салдарларының аса ауыр болатынын да нақты көрсетіп береді.

Оның үстіне бұрынғы тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы әлеуметтік-саяси процестер тәжірибесінен жақсы хабардар болу әкімшіл-шаруашылықтық жүйенің ішкі қалыптасу механизмдерін, ішкі қайшылықтарын айқындай түсуге көмектеседі. Ал бұл Қазақстан тарихынан алда жазылатын жаңа, іргелі жұмыстарға жол ашып, ғылыми негіз қалайды.

Тағы бір ескерер нәрсе, шаруаларды күштеп меншігінен айырудың, зорлап ұжымдастырудың қазақ ұлтының дәстүрлі тарихи-табиғи, эволюциялық дамуға негізделген тағдырына еріксіз таңылған қиянат болғаны белгілі.

Күштеп ұжымдастыру да, тіптен социализмнің сталиндік тоталитарлық үлгісі де процестің объективті заңдылықтарға негізделген, яғни болмай қоймайтын құбылысы емес.

Осы орайда марксизмнен әлдеқайда бұрын өмірге келген немесе онымен замандас болған ойшылдардың маркстік көзқарасқа балама пікірлері бүгінгі жаңа жағдайда көңіл аударуға әбден тұрарлықтай екенін де ұмытуға болмас. XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген белгілі орыс тарихшысы С. Е. Десницкийдің кезінде бүкіл адамзат тарихын марксизм үлгісімен бес әлеуметтік-экономикалық формацияға емес, мүлде басқаша нақты төрт кезеңге бөлгені белгілі.

І тарау. Қазақстанда Социалистік құрылыстың

жаңа белестері.

1. 1. Еліміздің Социалистік құрылыстың жаңа кезеңіне аяқ басуы.

Жаңа кезеңде еліміздің алдында тұрған тарихи міндеттерді шешуде Коммунистік партия мен Совет үкіметі бірыңғай жоспар бойынша дамитын социалистік шаруашылық системасының артықшылықтарына, еліміздің аса бай табиғи ресурстарына, алдыңғы қатарлы совет ғылымы мен техникасының жетістіктеріне, еңбекшілердің жоғары творчестволық белсенділігіне, совет қоғамының моральдық-саяси бірлігіне және еліміздің көп ұлтты халықтары арласындағы мызғымас достыққа сүйенді.

Жаңа жағдайда Коммунистік партияның басшылық ролі бұрынғыдан да гөрі арта түсті, советтік демократия одан әрі дамыды.

Совет Одағының жаңа қоғамды дұшпан капиталистік қоршау жағдайында, шиеленіскен халықаралық жағдайда орнатуына тура келді. Ең агрессияшыл империалистік мемлекеттер - Германия, Италия, Жапония - дүние жүзін қайта бөлісу үшін соғысқа ашықтан-ашық әзірленіп жатты.

1937 жылдың екінші жартысында капиталистік дүниеде жаңа экономикалық дағдарыс бұрқ ете түсті. Ол капитализмнің қайшылықтарын онан сайын шиеленістірді; өнім өткізетін рыноктар үшін күрес күшейді. Германия, Италия және Жапония Орталық Европада, Азия мен Африкада, Қиыр Шығыста бірқатар агрессиялық әрекеттер жасады. Германия мен Жапония Совет Одағына тікелей қатер төндірді. Осындай күрделі жағдайда Коммунистік партия мен Совет мемлекеті бейбітшілік жолында, қарусыздану жолында, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы әр түрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі жолында күрес жүргізумен болды. СССР-дің Англиямен және Франциямен ынтымақтастық және өзара көмек туралы бірнеше ай бойы (1939 жылғы марттан августқа дейін) жүргізген келіссөздері француз және ағылшын үкіметтерінің бұл келіссездерді Совет мемлекетін Германиямен соғысқа киліктіруге пайдалануға тырысатынын, ал өздерінің СССР-мен ынтымақтасқысы келмейтінін және шын мәнінде агрессорларды қолпаштап отырғанын көрсетті. Англия мен Францияның келіссөз жүргізуден іс жүзінде бас тартуына байланысты Совет Одағы жұмысшылар мен шаруалардың дүние жүзіндегі тұңғыш мемлекетіне қарсы империалистік арандатуды іске асыртпай тастау үшін 1939 жылғы 23 августа Германиямен шабуыл жасаспау туралы шарт жасасты.

4939 жылғы 1 сентябрьде фашистік Германия Польшаға шабуыл жасады, 3 сентябрьде Англия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Екінші дүние жүзілік соғыс басталды.

Совет Одағы фашистік Германия мен милитаристік Жапония қатер төндірген халықтарды қорғауды көздеген белсенді саясат жүргізді. Ол қытай халқының азаттық күресіне зор көмек көрсетті және Батыс Украина мен Батыс Белоруссия халықтарын өз қорғауына алды. Осы мақсатпен 1939 жылғы 17 сентябрьде совет әскерлері совет-поляк шекарасынан өтіп, Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны поляк капиталистерінің езгісінен азат етті. 1939 жылғы 1 ноябрьде Батыс Украина Советтік Украинамен, ал 2 ноябрьде Батыс Белоруссия - Советтік Белоруссиямен қайта қосылды. 1940 жылдың жазында Прибалтика халықтары өздерінің реакцияшыл үкіметтерін құлатып, Совет өкіметін қалпына келтірді, сөйтіп СССР құрамына кірген советтік республикалар құрды.

1939 жылдың аяғында империалистер фин реакционерлерін СССР-ге қарсы соғыс жанжалына айдап салды. Фин әскерлері талқандалды. 1940 жылғы 12 мартта СССР мен Финляндия арасында бітім шартына қол қойылды. Осынық бәрі СССР-дің солтүстік-батыс шекараларын нығайтуға жәрдемдесті.

Корольдік Румыния өктемдігінен Бессарабияның азат етілуі және Молдаван ССР-інің құрылуы еліміздің оңтүстік-батыс шекараларын нығайтуға себепші болған саяси зор маңызы бар оқиға болды.

1940 жылғы августың бас кезінде Прибалтиканың советтік республикаларын СССР құрамына қабылдау және Карело-Фин ССР-і мен Молдаван ССР-інің құрылуы көп ұлтты Совет мемлекетінің күш-қуатын нығайтты.

1941 жылғы апрельде жасалған бейтараптылық туралы совет-жапон шарты советтік сыртқы саясаттың зор табысы болды.

Алайда екінші дүние жүзілік соғыстың жалыны барған сайын күшейе түсті. 1941 жылдың жазына қарай фашистік Германия бүкіл дерлік Батыс Европаны басып алды. Соғыс Совет Одағының шекарасына әбден жақындап келді.

Соғыс қатерінің күшейе түскен жағдайында Коммунистік партия мен Совет үкіметі армия мен флоттың жауынгерлік қабілетін нығайту, совет адамдарының саяси қырағылығы мен саналылығын арттыру жөнінде шаралар қолданды. 1940 жылдың орта шеніне қарай СССР Қарулы Күштері сан және сапа жағынан өсіп, олардың ұйымдық құрылымы өзгерді, армияның, флоттық және авиацияның техникамен жарақтануы жақсара түсті. Әскери-мобилизациялық шаралар жүргізілді. СССР Конституциясының 132-статьясына сәйкес СССР Жоғарғы Советінің кезектен тыс төртінші сессиясы 1939 жылғы сентябрьде «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы» жаңа заң қабылдады; бұл заң әскерлердің кейбір түрлерінде қатардағы және сержанттық құрамның әскери қызметте болу мерзімін ұзартты және армия қатарына шақырылатындардың жас мөлшерін 21 жастан 19 жасқа дейін кемітті.

ВҚП(б) XVIII съезі. Үшінші бесжылдықтың негізгі міндеттері. Өзінің қорғаныс қабілетін нығайта отырып, СССР бейбіт шаруашылық құрылысын жалғастыра берді. Үшінші бесжылдық жоспарды жасау жұмысы қызу жүргізіліп жатты, бұл жұмысқа партия және совет органдары, барлық халық комиссариаттары мен ведомстволары, СССР Ғылым академиясы қатысты. 1939 жылғы 30 январьда және 1 февральда баспасөзде партияның алда болатын XVIII съезінің СССР халық шаруашылығын өркендетудің 1938-1942 жылдарға арналған үшінші бесжылдық жоспары туралы және ВКП(б) Уставына енгізілетін өзгерістер туралы баяндамалардың тезистері жарияланды.

Бүкіл совет халқы сияқты, Қазақстаннын, еңбекшілері үшінші бесжылдықтың жобасын бірауыздан мақұлдап, оған жекелеген-түзетулер мен толықтырулар енгізді. СССР халық шаруашылығын өркендетудің үшінші бесжылдық жоспарының жобасы республиканын, 54 мыңнан астам коммунист қатысқан 4549 бастауыш партия ұйымының жиналыстарында, 24 мыңнан астам коммунист қатысқан 203 аудандық, облыстық партия конференциялары мен аудандық партия жиналыстарында талқыланды. Жоспарды талқылау партияның XVIII съезінде (1939 жылғы март) аяқталды.

Съезд ВКП(б) Орталық Комитетінің, Орталық тексеру комиссиясының, ВКП(б) Орталық Комитетінің Коммунистік Интернационалдың Атқару Комитетіндегі делегациясының есепті баяндамаларын тыңдап, талқылады, СССР халық шаруашылығын өркендетудің үшінші бесжылдық жоспарын қарап, оны бекітті, ВКП(б) Уставына өзгерістер енгізді. Съезд еліміздің еткен бес жыл ішіндегі дамуының қорытындыларын шығарып, халықаралық жағдайға терең талдау жасады, СССР-дің ішкі және сыртқы саясатының міндеттерін тұжырымдап берді.

Съезд партия мен бүкіл совет халқын социалистік құрылыстың жаңа кезеңіндегі зор шаруашылық-саяси міндеттерді іске асыруға бағыттады. Партияның XVIII съезі бекіткен халық шаруашылығын өркендетудің үшінші бесжылдық жоспары СССР-дің экономикасын одан әрі өрге бастыруды көздеді. Бесжылдық кезінде өнеркәсіп өнімінің жалпы өсімі 92 процент болып, өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру 107 процентке артуға тиіс болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді 1, 5 еседен астам арттыру көзделді. Ұлттық республикалар дамуының экономикалық дәрежесін теңестіру және өндіргіш күштерді ұтымды орналастыру үшін үшінші бесжылдықта, бұдан бұрынғыдай, Советтік Шығыс республикаларының экономикалық дамуының неғұрлым жоғары қарқындары белгіленді.

Қазақ ССР-інің халық шаруашылығына бөлінетін күрделі қаржы бірінші және екінші бесжылдықты қоса алғанда бөлінген күрделі қаржыдан төрттен бір есе дерлік көбейтілді, әсіресе республика өнеркәсібінің жетекші саласы - түсті металлургияға жұмсалған қаржы айрықша өсті. Алтай өнеркәсіп комплексі түсті металлургияның ірі объектісіне айналды. Балқаш мыс қорыту заводын салып бітіріп, оның қуатын толық игеру, Жезқазған мыс қорыту заводының құрылысын аяқтау, Қарсақпай мыс қорыту заводын, Риддер полиметалл комбинатын, Ертіс мыс заводын және басқа кәсіпорындарды қайта құру міндеті тұрды. Қазақстан хромиттер, вольфрам, молибден шығару жәнінде еліміздегі жетекші базалардың біріне айналуға тиіс болды. Тас көмір шығару 2 есе дерлік, мұнай шығару 4 еседен астам артуға тиіс болды. Ақтөбе химия комбинатын ұлғайту, Ақтөбе және Қаратау фосфорит кен орындары негізінде фосфор заводтарын салу белгіленді.

Қарағандыда қара металлургияның негіздерін қалау, Алматыда кен және тоңазытқыш жабдықтар заводтарының құрылысын аяқтау көзделді.

Өскемен су электр станциясы үшінші бесжылдықтың аса ірі құрылысы болды. Қарағанды ГРЭС-ін, Алматы, Шымкент және басқа жылу электр станцияларын, ондаған колхоз және аудандық электр станцияларын салу көзделді. Энергетикалық қуаттарды екі жарым еседен астам, электр энергиясын өндіруді екі еседен астам ұлғайту белгіленді.

Жергілікті, жеділ және тамақ өнеркәсібі жедел қарқынмен дамуға тиіс болды.

Жоспар Қазақстанда ұзындығы 3, 5 мың километрге жуық жаңа темір жол линияларын, соның ішінде ірі шаруашылық және қорғаныстық маңызы бар Ақмола - Қарталы темір жолын салуды көздеді. Бұл жол Қарағанды көмірін Уралға жеткізетін төте жол еді.

Үшінші бесжылдықта Қазақстанның ауыл шаруашылығы алдына зор міндеттер қойылды. Астық өндіруді екі есе, мақта өндіруді үш есе, қант қызылшасын өндіруді төрт есе арттыру белгіленді. Жылқы, ірі қара, қой мен ешкі санын көбейту көзделді. Ауыл шаруашылығын механикаландыру ісі одан әрі арттырылатын болды.

Өндіргіш күштерді ұтымды орналастырудың және оларды еліміздің шығысына көшірудің қорғаныстық зор маңызы болып, ол Советтік Шығыстағы ұлттық республикалардың, соның ішінде Казақ ССР-інің экономикасын одан әрі өрге бастыруды қамтамасыз етті.

Халық шаруашылығын жоспарда көзделгендегідей үздіксіз өрге бастыру еңбекшілердің мәдениетін дамытып, материалдық әл-ауқатын арттыруға жағдай жасады. Бесжылдық кезінде жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы 37 процент, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар 1, 7 есе артуға тиіс болды.

1. 2. Жұмысшы табы және өнеркәсіп пен транспорттың дамуы

Жұмысшы табы қатарының өсуі. Үшінші бесжылдық жоспардың тапсырмаларын орындау жолындағы күрестің көш басында жұмысшы табы жүрді. 1940 жылы республикада жұмысшы кадрларының саны 634 мыңға жетті. Өнеркәсіпте, құрылыста, транспортта және байланыста 391 мың жұмысшы мен қызметші, немесе халық шаруашылығындағы барлық жұмысшылар мен қызметшілердің 42, 6 проценті еңбек етті. Жұмысшы табының негізгі ұйытқысы тұрақты болды, жетік маман жұмысшылардың үлес салмағының өсу тенденциясы аңғарылды.

Жұмысшы табының кадрлары, бұрынғысынша, колхозшы шаруалар мен қала жастары есебінен толықтырылып отырды. Қазақ ауылына түбегейлі өзгерістер әкелген социализм ауыл-село тұрғындарының қалаларға келуін күшейтті. 1939 жылы қалаларда қазақ халқының 16 проценті тұрды, 1926 жылы ол 2 процент болған еді, ал бүкіл қала халқының үлес салмағы 1926 жылғы 8, 6 процент орнына 27, 7 процентке жетті. Еңбекке жарамды қала тұрғындарының ішінде жұмысшылар мен қызметшілер 90 процент дерлік болды.

Бұдан бұрынғы жылдарға қарағанда, ауыл-село тұрғындарын өнеркәсіп өндірісіне тарту жоспарлы сипатта болды. Мемлекет колхоздармен шарттар жасасу арқылы жұмыс күшін ұйымдасқан түрде жинайтын болды. 1938-1940 жылдары өнеркәсіпке, құрылысқа, транспортқа 119 мың адам осындай әдіспен тартылды.

Өндіріске жаңадан келгендердің арасында әйелдердің саны көбейді. Бұрын еркектердің кәсібі деп есептеліп келген мамандықтарды игеру жолындағы қозғалыс басталды. Колхоздар мен совхоздарда әйелдер тракторлар мен комбайндардың руліне отырды, темір жолдарда олар еркектермен қатар паровоздар жүргізе бастады. 1938 жылғы октябрьде Алматыда болған қыздардың республикалық съезі қыздарды, әсіресе қазақ қыздарын патриот әйелдердің бағалы инициативасын қолдап, техниканы меңгеруге шақырды.

СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1940 жылғы 2 октябрьдегі «СССР-дегі мемлекеттік еңбек резервтері туралы» Указы негізінде қолөнер және темір жол училищелері арқылы, сондай-ақ фабрика-завод оқыту мектептері (ФЗО) арқылы жастардан маман жұмысшылар даярлаудың жаңа формасы енгізілді. Осы жылдың аяғында республикада 5830 оқушы контингенті бар 22 ФЗО мектебі мен қолөнер училищесі ашылды. Еңбек резервтері жүйесіне негізінен алғанда қала жастары келлі. Алғашқы қабылданғандар қатарында олар Қазақстанның қолөнер және темір жол училищелері оқушыларының 82 проценті болды. 1941 жылғы июньде бұл училищелерді 3400 жас кенші, металлург, мұнайшы, тамақ өнеркәсібі мамандары, темір жолшы, құрылысшы тұңғыш рет бітіріп шықты.

Қолөнер училищелері мен ФЗО мектептері жұмысшы табы қатарын толықтыру кездері ғана емес, сонымен бірге жастарды жұмысшы қатарында шынықтырудың және саяси тәрбие берудің мектебі де болды. Олар жұмысшы табының лайықты ізбасарларын даярлады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашаршылық
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Қазақстан 1941-1945 ж. Ұлы отан соғысы дәуірінде
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры
Кеңес әскерлері
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы туралы ақпарат
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің өзекті мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz