Қазақстанның археологиялық мәдениеті



І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Археологиялық мәдениет
2. Мәдени саяхат
3. Батыс Қазақстандағы мәдени.тарихи ескерткіштер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Археологиялық мәдениет — бір уақытқа жататын, жергілікті өзгешеліктерімен ерекшеленетін және белгілі бір аймақта шоғырланған археол. ескерткіштерді атау үшін пайдаланылатын ұғым. Археол. ескерткіштер еңбек құралдарының, тұрмыстық заттардың, әшекейлер мен қарулардың, сондай-ақ жерлеу және басқа да құрылыстар мен әдет-ғұрпының ұқсастығына қарай біріктіріледі. Археол. мәдениет аты ескерткіштердің көп шоғырланған жерінің немесе ең алғаш зерттелген жердің атымен аталады. Мыс., Ақмолаобл-ның Атбасар ауд-да шоғырланған б. з. б. 6-5 ғ. тұрақтары аудан атымен Атбасар мәдениеті деп аталса, Торғай обл-дағы неолит дәуірінің Маханжар, Жүзбай, Сор, Бестамақ, Амангелді секілді тұрақтары алғаш зерттелген жердің атымен — Маханжы мәдениеті деп аталады. Археол. мәдениеттер Қазақстан тарихында өте көп. Олардың ең ірілері Ботай, Андронов, Беғазы-Дәндібай, Тасмола, Келтеминар, Жетіасар, Қауыншы, Отырар, Қаратау мәдениеттері. Археол. мәдениеттің қалыптасуын, таралуын және жойылуын зерттеу жазба деректер пайда болғанға дейінгі тайпалар мен халықтардың этник. тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Археологиялық мәдениет 
2. Мәдени саяхат

Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Археологиялық мәдениет 
Археологиялық мәдениет — бір уақытқа жататын, жергілікті
өзгешеліктерімен ерекшеленетін және белгілі бір аймақта шоғырланған археол.
ескерткіштерді атау үшін пайдаланылатын ұғым. Археол. ескерткіштер еңбек
құралдарының, тұрмыстық заттардың, әшекейлер мен қарулардың, сондай-ақ
жерлеу және басқа да құрылыстар мен әдет-ғұрпының ұқсастығына қарай
біріктіріледі. Археол. мәдениет аты ескерткіштердің көп шоғырланған жерінің
немесе ең алғаш зерттелген жердің атымен аталады. Мыс., Ақмолаобл-ның
Атбасар ауд-да шоғырланған б. з. б. 6-5 ғ. тұрақтары аудан
атымен Атбасар мәдениеті деп аталса, Торғай обл-дағы неолит дәуірінің
Маханжар, Жүзбай, Сор, Бестамақ, Амангелді секілді тұрақтары алғаш
зерттелген жердің атымен — Маханжы мәдениеті деп аталады. Археол.
мәдениеттер Қазақстан тарихында өте көп. Олардың ең ірілері
Ботай, Андронов, Беғазы-Дәндібай, Т асмола, Келтеминар, Жетіасар, Қауыншы,
Отырар, Қаратау мәдениеттері. Археол. мәдениеттің қалыптасуын, таралуын
және жойылуын зерттеу жазба деректер пайда болғанға дейінгі тайпалар мен
халықтардың этник. тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Мәдени саяхат
Мәдени туризм ең әйгілі және бұқаралы туризм түрі болып келеді. Әлемде
мәдени туризм бөлек бағытпен ерекшеленген және Қазақстанда жыл сайын үлкен
даму қарқынын алуда.

Қазақстан – тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет. Еуразияның
орталығында орналасқан, Қазақстан әлемнің көне өркениеті торабында Батыс
пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті әлеуметтік және экономикалық, мәдени
және идеологиялық тұрғыда байланыстырған. Ежелгі қазақ даласында Ұлы Жібек
жолы өтетін. Әр түрлі тарихи кезеңдерде қазіргі Қазақстан территориясында
өзіндік мәдениетті мемлекеттер пайда болып дамыған.

Сол дәуірдің мұрасы ретінде көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер
болуда.
Ескерткіштердің саны және әр түрлілігімен Қазақстан Индия, Қытай,
Жерортатеңізі мен Таяу Шығыс мемлекеттерінен қалыспайды және өзінше ашық
аспандағы мұражай болып келеді.
Көптеген ескерткіштерді бүкіл әлемдік маңызы бар деп ЮНЕСКО мойындаған.
Қазақстанның мәдени құндылықтарының әр алуандығы – 25 мыңнан аса
қозғалмайтын тарихи, археологиялық, сәулетті және монументальді
ескерткіштер, экспозицияларда және 89 мемлекеттік мұражай қорларында 2 млн.
56 мыңға жуық мәдени құндылықтар, 66 млн. 840 мың том кітаптар, сирек
қолжазбалар мен басылымдар 3495 мемлекеттік кітапханаларда сақталуда.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен құрастырылған және
іске асырылушы Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы туристік кластерді
(қажылық туризм, тарихи-археологиялық туризм) дамытуға үлкен ықпалын
тигізді. Бағдарламаның іске асырылуы 2004 жылы басталған, кейін тағы
бағдарламаның екі кезеңі құрастырылды: 2007 мен 2009 жж. және 2009 бен 2011
жылдар аралығында.
Туристік бағыттарды құру және өңдеу барысында Мәдени мұра Мемлекеттік
бағдарламасы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеумен және жаңғыртумен
айналысатын ғылыми ашылулар мен археологтар кепілдемелері қолданылды.
Мәдени туризм бөлімінде қолайлы үлгіде Қазақстанның қонақжайлылығы
туралы толық мәлімет ала аласыз – туристік бағыттар георграфиялық орналасу
бойынша 16 облысқа байланысты құрастырылған

Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер

Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм
керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан
қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік.
Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін
есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген
қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті
тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен
сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт
тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі
жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы
етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт
қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз
тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.
Қараман – Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден
тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп
тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады.
Аңыз бойынша Қараман – Ата Шопан – Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі
мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап
қалған. М.Мендіқұлов Қараман – Ата мешітінің салыну кезеңін 13 ғасырға
жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман – Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға
бастап келген бектердің бірі дейді.
Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне
археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас
жыныстары қазындылардан табылды. Бұлар - шель-ашель құралдары мен оларды
дайындауға пайдаланылған заттар ұшырасатын тұрақтар. Аймақтың ежелден-ақ
қоныс орны болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә.
Кейінгі палеолит кезеңінде қазіргі Батыс Қазақстан аумағының табиғат
жағдайы құбылмалы болды. Мұз қабатының еруі мен Кавказ жотасының солтүстік
сілемдерінің жаңадан тектоникалық түзілуі Каспий маңы деңгейін жоғарылатты,
сөйтіп бүкіл бүкіл Каспий маңы ойпатын тегіс су басты (“Қазақ ССР тарихы”,
1 –том, Алматы, 1980,81 – бет). Осындай елеулі жергілікті өзгерістер
климаттың құрғап, шөлейттеуіне әкелді. Ірі – ірі шөп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуiрі ескерткіштері
Қола дәуірінің тарихнамасы
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Сармат мәдениеті
ТМД елдерінің қола дәуірі
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының қола дәуірін зерттеу тарихы
ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен 1945 жылға дейінгі зерттеулер
Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Пәндер